Главная страница

Математика. МАТЕМАТИКА. ыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы


Скачать 1.83 Mb.
Названиеыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы
АнкорМатематика
Дата03.05.2022
Размер1.83 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМАТЕМАТИКА.docx
ТипДокументы
#508865
страница9 из 13
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13



Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні:

Математика негіздері

Бөлімі

«Мен үшін не дəмді жəне пайдалы?»

Педагогтің аты-жөні:

Утешова А

Күні :




Сынып: Мад «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жемістер мен көгөністер. Көгөністер жеймін.

Мысалдар шығарамын. Цифрларды бастырып жазамын.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.

ҰОҚ-ның мақсаты

Барлық тəрбиеленушілер:

-көрнекіліктің негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді оқиды жəне заттар тобын қайта санау арқылы шешеді.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды

шешеді.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-қарапайым мысалдар мен есептерді өз бетінше құрастырады жəне содан кейін көрнекіліктің негізінде оларды шешеді.

Барысы

Кезеңі

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ҰОҚ-ның басы

5 мин

Дұрыс əсерлі көңіл-күй орнату.

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын!

Бейсенбінің күні,

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

Ынталандыру. Педагог балалардан таңғы аста не жегендерін сұрайды.

–Тамақ пайдалы болды ма?

Қандай тамақ пайдалы екенін білуді ұсынады.

Өзектендіру.

«Үндемес» ойыны

Педагог балаларға жауабы бар карточканы көтеруді ұсынады. Өзі болса үнсіз тұрып мысалдары бар карточкаларды көрсетеді

Балалар амандасады
Шаттық шеңберіне тұрады, өлең айтады



Бағалау. Басбармақ арқылы



Көгөністер, жемістер, зиянды жəне пайдалы өнімдер бейнеленген суреттер.

Сандар мен мысалдар бар карточкалар, тұсаукесер

ҰОҚ-ның ортасы

30 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Бүгін біз пайдалы тамақ туралы мысалдар құрастырамыз.

1- Тапсырма

Отбасында неше адам .? Ол жерде әкесі ; 2 шабдалы, 1 алмұрт. Анасы : 3 алхоры,3 шабдалы. Қызы : 2 алмұрт, 2 алма. Үлкен ұлы : 1 шабдалы, 3 алмұрт Кіші ұлы \:4 құлпынай . 2 құлпынай

Өздік жұмыс.

көрнекілік негізінді көрсете отыра жеке жеке тақтаға шығарып жаздыру.

Үйренгенді қолдану жəне іскерлікті түзету.

(Ж) 2-тапсырмада цифрларды бастырып жазу жұмысы

1- қадам. Торшаның жоғарғы оң жартысында дөңгелектей отырып жəне визуальды ортасына дейін сəл жеткізбей шағын жарты сопақша саламыз.

2- қадам. Жазуды жалғастырып, екінші жарты сопақшаға ауысамыз, ол алдыңғыдан сəл үлкенірек болуы тиіс.

Сергіту сәті

3-тапсырма Әліппе дәптердегі алмада тұрған мысалдарды шығару «Кір жайғыш» әдісін пайдалана отырып алмаларды кір жайғышқа іліп артындағы мысалдардын мәнің тауып алмаларды бояу. Жеке жеке балаларды шығарып отыру.

4 тапсырма. Сабақты қорыта келе Жемістер мен көкөністерді пайдалана отырып екі себетке жинастыру. Жинастыру барысында оның не екенің түсініп көлемін айтып жемісін бөлек себетке , көкөністі бөлек себетке жинастыру Мыс :алма қызыл тәтті көлемі домалақ, лимон қышқыл сары сопақша, кортоп қоңыр көкөніс, пияз ащы көкөніс дегендей т ,б өз себеттеріне жинау


Тапсырманы орындайды


цифрларды бастырып жазады


мысалдардын мәнін тауып алмаларды бояйды

жеміс пен көкөністерді түсі, көлемін ажыратып себетке жинайды


Бағалау. Басбармақ арқылы




Бағалау. Басбармақ арқылы



Бағалау. Басбармақ арқылы




Бағалау. Басбармақ арқылы




Əліппе-дəптер, санайтын материал

Əліппе-дəптер, жиынтық полотно.

Үлестірмелі материал

IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы

Рефлексия.

5 мин


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.







Əліппе-дəптер


Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні:

Математика негіздері

Бөлімі

«Мен үшін не дəмді жəне пайдалы?»

Педагогтің аты-жөні:

Утешова А

Күні :




Сынып: Мад «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Пайдалы азық-түлік. Ас атасы – нан.Цифрларды бастырып жазамын. Мысалдар шығарамын.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.

ҰОҚ-ның мақсаты

Барлық тəрбиеленушілер:

-көрнекіліктің негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді оқиды жəне заттар тобын қайта санау арқылы шешеді.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды

шешеді.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-қарапайым мысалдар мен есептерді өз бетінше құрастырады жəне содан кейін көрнекіліктің негізінде оларды шешеді.

Барысы

Кезеңі

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ҰОҚ-ның басы

5 мин

Дұрыс əсерлі көңіл-күй орнату.

Біз, біз біргеміз

Сөгілмесін іргеміз.

Ізденсек бірге бәріміз,

Білім шыңына жетерміз.

Ынталандыру.

«Азық-түлік дүкені» ойыны

Өзектендіру.

Педагог: «Суретте азық-түлік бар ма?» – деп сұрайды. Содан кейін осы заттар тобын жіктеу үшін негізгісін тауып, артығын белгілеуді ұсынады.

Балалар амандасады
Шаттық шеңберіне тұрады, өлең айтады


Белгілі бір азық-түлік өнімдерінде, мысалы, тəттілерде жұмбақтар немесе есептер жазады. Осы азық-түлік түрлерін таңдап, оларды шешеді


Бағалау. Басбармақ арқылы




Азық-түлік муляждары немесе өнімдер бейнеленген суреттер

ҰОҚ-ның ортасы

30 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Бүгін біз пайдалы өнімдерді санаймыз, қосамыз жəне азайтамыз.

Әліппе-дәптермен жұмыс

1-тапсырма

Заттарды ( текшелер, геометриялық фигуралар) сөреге қойып және бұлардың дүкендегі нан немесе тоқаш екенін айтады. Балаларға сөредегі заттар санын 5-ке дейін толықтыруды не артығын алып тастауды ұсынады. Сонымен қатар тақтаға есептер жазылады.

Мысалы: 4+1=5, 7-2=5

2- тапсырма

Не артық, не кем? Тоқаш па, бөлке нан ба?

3- тапсырма

Қаламмен бастырып жазу үшін берілген.

1-қадам. Алдымен визуальды екіге бөлетін сызық бойымен сәл көлбеу кішкене таяқша сызамыз. Ортасына жетпей тоқтаймыз.

2- қадам. Алдымен жоғары, одан кейін оң жаққа дөңгелектей отырып, жарты сопақша сызамыз, бұл ретте ол оң жағымен торшаның сызығымен жанасуы тиіс. Төменгі жиектің ортасынан сәл жоғары көтеріліп, жарты сопақшаны аяқтаймыз.

3- қадам. Қаламды қағаздан ажыратып, жоғарғы құйрықшаны саламыз. Жоғарғы көлбеу нүктеден бастап сызамыз.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Беске бесті қосқанда

Болып шықты сонда он саусақ.

4-тапсырма

-5 санының құрамымен мысалдар құрастыр.

Мысалы: 4+* *+2 2+* *+4

Бес санын қалай құруға болады?

Жауабы бес болатын есептер құру үшін екі дорба қолданылады. 5 зат оларға түрліше салынады. Нәтиже қосуға арналған есептер түрінде жазылады.

Балалар қосу мен азайту амалдарын орындайды


Тапсырмаларды орындайды

Қаламмаен бастырып жазады

Жаттығуды орындайды

Мысалдар құрастырады


Бағалау. Басбармақ арқылы




Бағалау. Басбармақ арқылы



Бағалау. Басбармақ арқылы




Бағалау. Басбармақ арқылы




Əліппе-дəптер, санайтын материал, жиынтық полотно

Əліппе-дəптер, санайтын материал, жиынтық полотно

IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы

Рефлексия.

5 мин


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.







Əліппе-дəптер
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


написать администратору сайта