Білім беру ұйымының атауы:
| №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
|
Пәні:
| Математика негіздері
|
Бөлімі
| «Жолдар бізді қайда бастайды?»
|
Педагогтің аты-жөні:
| Утешова А
|
Күні :
|
|
Сынып: Мад «б»
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
| Астанаға саяхат. Атам мен əжемнің ауылына барамын. Бөліктерден фигура құрастырамын.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| Үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыру.
|
ҰОҚ-ның мақсаты
| Барлық тəрбиеленушілер:
-үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастырады.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-суреттің қандай бөліктерден құралғанын атау (өрнек, фигура, аппликация).
Кейбір тəрбиеленушілер:
-тапсырылған жəне өз бетінше дайындалған бөліктерден заттарды
(суреттер, аппликациялар жəне т.б.) өз бетінше жинайды.
|
Барысы
|
Кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
ҰОҚ-ның басы
5 мин
| Ынталандыру.
Педагог Қазақстанның бас қаласы – Астана туралы əңгімеге тартады. Астана көріністерін көрсетеді.
Өзектендіру
Тапсырмаларға кіріспес бұрын екі бөліктен шеңберлер
(шаршылар) жинауды ұсынады.
| Ғимараттар мен алаңдардың пішіндерін атайды.
| Бағалау. Басбармақ арқылы
| Үлестірмелі материал.
|
ҰОҚ-ның ортасы
30 мин
| Мақсат қою (проблемалық жағдай)
Бүгін біз фигураларды бөліктерге бөліп жəне бөліктерден фигуралар жинап жаттығамыз.
Жаңалық ашу.
(Т) Қала көріністері бейнеленген кесілген ашықхат немесе сурет бөліктерін таратады. Олардан бүтін сурет құрауды сұрайды.
(Ө) 1-тапсырманы орындауды ұсынады, онда суретті жинау қажет.
– Шаршы неше бөлікке бөлінген?
– Бөліктерді қалай жапсыру керек? (тапсырылған деректер бойынша).
– Не шықты?
Жаңаны қолдану.
(Т)Геометриялық конструктормен тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады.
2-тапсырма өз бетінше орындалады. Оны баланың өз бағытын салуы мүмкін екендігімен толықтыруға болады.
Сергіту сәті
(Ө) Бұдан əрі 3- тапсырма өз бетінше орындалады. Балалар суреттердің бөліктерін біріктіріп, бояйды (түсінік беруін – бөліктерін атауын ұсынуға болады).
- Сурет қандай бөліктерден тұрады?
- Екі жартыны қатар қойса, не болады? Төрт төрттен бір бөлікті қойса не болады?
Т) Балаларға шаршы бөліктерінен геометриялық құрастырмалар таратылады. Бөліктер мен фигураларды атай отырып, топ бір ойыншық құрастыруы тиіс.
| Сурет бөліктерінен сурет құрайды
Балалар топтарға бөлініп, тəжірибелік жұмысты орындайды.
Бөліктер мен фигураларды атай отырып, топ бір ойыншық құрастырады
|
Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
|
Əліппе-дəптер
Үлестірмелі материал.
Жиынтық полотно
|
IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы.
Рефлексия.
5 мин
| Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
| Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
|
| Əліппе-дəптер
|
Білім беру ұйымының атауы:
| №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
|
Пәні:
| Математика негіздері
|
Бөлімі
| «Жолдар бізді қайда бастайды?»
|
Педагогтің аты-жөні:
| Утешова А
|
Күні :
|
|
Сынып: Мад «б»
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
| Велосипед тебеміз. Фигураларды таңдаймын жəне құрастырамын.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| Объектілерді бірден бірнеше белгісіне сүйене отырып, үлгі бойынша таңдай алу.
Фигураларды (шаршы, тіктөртбұрыш) екі қасиеті бойынша жіктеу.
|
ҰОҚ-ның мақсаты
| Барлық тəрбиеленушілер:
-фигураларды топтастырады, нысандарды үлгі бойынша таңдай алады.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-нысандарды бірден бірнеше белгісіне сүйене отырып, үлгі бойынша таңдайды.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-фигураларды бірнеше қасиеті бойынша топтастырады, нысандарды үлгі бойынша таңдай алады.
|
Барысы
|
Кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
ҰОҚ-ның басы
5 мин
| Ынталандыру.
Педагог велосипедпен серуендеудің пайдасы туралы əңгімеге тартады.
Өзектендіру
Жиынтық полотнода фигуралардан құрылған жолды қарау ұсынылады:
Сонымен қатар тоғызыншы фигураны іздеуді ұсынуға болады.
– Қандай фигура қалдырылған?
| Балалар өз болжамдарын әңгімелейді
| Бағалау. Басбармақ арқылы
| Үлестірмелі материал.
Жиынтық полотно
|
ҰОҚ-ның ортасы
30 мин
| Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Бүгін біз қалып қойған фигураларды тауып, қатарларды жалғастырып, фигураларды салыстырып жəне таңдап жаттығамыз.
Жаңалық ашу.
(Ө) 1-тапсырманы орындауды ұсынады, онда жолдағы заңдылықты жалғастыру қажет.
(Ж) Екінші жолды балалар жұппен талдайды жəне өз бетінше бояйды.
Үстел үстінде фигуралардан өз нұсқаларын құрып, ұсынады.
Жаңаны қолдану.
(Т) Заңдылықты құрастыру жəне жалғастыру бойынша тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады.
Заттар мен фигуралар беріледі.
(Ө) 2- тапсырманы өз бетінше орындайды.
Оны орындау үшін алдын ала түрлі түсті қағаздан пойыздың бөлшектерін жасау қажет. Шаршылар мен дөңгелектерді бөліктерге бөлмеуге болады. Мұны балалар жасасын. Бұл тапсырманы топтарда орындауға болады.
Онда бөлшектер ірілеу болуы тиіс. Топқа бір ортақ қағаз парағы беріледі.
Сергіту сәті
(Т) 3-тапсырма
Педагог «Фигура қайда тығылды?» ойынын ұсынады. Үйлерді текшелерден жасауға болады. Олардың ішіне фигуралардың бірін – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы, сопақша немесе тікбұрышты жасыруға болады. Балалар бір-біріне сұрақтар қояды:
- Бұл фигура үшбұрышты шатыры бар үйде ме?
- Бұл фигура сол жақтағы үйде ме?
- Бұл фигура үлкен терезесі бар үйде ме? Жəне т.б.
|
№1 тапсырмадағы жолды талдап, заңдылық бойынша оны аяқтайды.
Екінші жолды балалар жұппен талдайды жəне өз бетінше бояйды.
Үстел үстінде фигуралардан өз нұсқаларын құрып, ұсынады.
түрлі түсті қағаздан пойыздың бөлшектерін жасайды
балалар топпен талқылайды жəне фигуралар мен үйлерді өз бетінше біріктіреді.
| Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
| Əліппе-дəптер
Əліппе-дəптер
|
IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы
Рефлексия.
5 мин
| Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
| Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
|
| Əліппе-дəптер
|