Главная страница

Математика. МАТЕМАТИКА. ыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы


Скачать 1.83 Mb.
Названиеыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы
АнкорМатематика
Дата03.05.2022
Размер1.83 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМАТЕМАТИКА.docx
ТипДокументы
#508865
страница3 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



 

 


Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні:

Математика негіздері

Бөлімі

«Менің айналамды не қоршап тұр?»

Педагогтің аты-жөні:

Утешова А

Күні :




Сынып: Мад «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қай уақытта болады? Бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; таңертең, кешке, күндіз, түнде. Апта күндері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру.

Уақыт туралы түсінікті білу: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері.

ҰОҚ-ның мақсаты

Барлық тəрбиеленушілер:

-уақыт бөлігіне (күн, апта, ай, жыл) байланысты түрлі оқиғалардың бірізділігін түсіндіреді;

-түрлі фигуралардың бірізділігін жалғастырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-фигуралардың, заттардың, оқиғалардың бірізділігін құрастырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-өз бетінше заттардың, фигуралардың, оқиғалардың бірізділігін құрастырады, бірізділіктегі қателерді атайды.

Барысы

Кезеңі

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ҰОҚ-ның басы

5 мин

Ынталандыру.

Педагог балалардан сұрайды:

–    Қазір қай жыл мезгілі?

–    Қазір қандай тəулік уақыты? (содан кейін қандай, бұған дейін қандай тəулік уақыты болды жəне т.б.).

Өзектендіру.

(Ұ)Педагог балаларға күн тəртібі туралы айтуды ұсынады.

–  Күн тəртібі деген не?

–  Күн тəртібі не үшін қажет?

Педагог түн, уақыт, апта күндері туралы жұмбақтар жасырады.


Балалар өз болжамдарын айтады
Жұмбақ шешеді




«Күн тəртібі» плакат.

ҰОҚ-ның ортасы

30 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ)

–  Біз бүгін күн тəртібі, тəулік уақыты, жыл мезгілдері туралы білімімізді нақтылаймыз.

(Ұ) 1-тапсырма

–  Суретте бейнеленген оқиғалар тəуліктің қай уақытында болып жатыр?

Педагог балалардан «таңертең», «күндіз», «кеш», «түн»,

«алдымен», «содан кейін» деген сөздерді пайдаланып, жауап беруді сұрайды.

Педагог балаларға «Бұл қашан болады?» деген ойын түрінде жұмбақтар шешуді ұсынады. Жиынтық полотномен жұмыс жасайды.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Педагог балаларға «Бұл қашан болады?» ойынын ойнауды ұсынады (жыл мезгілдері туралы тақпақтарды, жұмбақтарды оқиды).

Педагог жиынтық полотномен жұмыс істеуді жалғастырады.

–  Суреттерді қарап шығыңдар.

–  Олар өз арасында қалай байланысқан? (Жыл мезгілдері, ауа райы, киім).

–  Карточкаларды қалай біріктіру керек?

Жаңаны қолдану.

(Ж) Жыл мезгілдерін бекіту үшін балаларға №21-22 кестелердің қималы суреттерін өздігінен жалғауды ұсынады.

Жұптық жұмыс ұсынуға болады.

2-тапсырманы орындау ұсынылады.

Сергіту сәті

(Т) 3-тапсырма – «реттілік» ұғымын бекітуге арналған. Педагог алдымен не болатынын, содан кейін не болатынын айтып беруді сұрайды.



Балалар күн тəртібін қарайды.

Жауап береді

Тапсырмаларды орындайды
Талқылаудан кейін балалар өз бетінше карточкаларды біріктіреді, тексеру кезінде өздерінің жауаптарын дəлелдейді (Қыста ауа райы суық жəне қарлы, адамдар жылы киім киеді.)

Бір бала жыл мезгілдерін реттілігі бойынша атайды, екінші бала орналастырады, одан кейін балалар рөльдерімен алмасады. Талқылаудан кейін балалар тапсырманы өз бетінше орындайды.

Бағалау:

Смайликтер арқылы



Əліппе-дəптер.

 

Кеспе материал.

 

Жиынтық полотно,

№11 кесте

Электрондық жиынтық полотно.

№21-22

үлестірмелі материалдар.

Кеспе материалдар.

IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы

Рефлексия.

5 мин


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.







Əліппе-дəптер



Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні:

Математика негіздері

Бөлімі

«Менің айналамды не қоршап тұр?»

Педагогтің аты-жөні:

Утешова А.

Күні :




Сынып: Мад «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Маған ұнайтын жыл мезгілі. Оқиғаның ретін белгілеймін. Ай атаулары, апта күндері, тəулік бөліктері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру.

Уақыт туралы түсінікті білу: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері.

Аптадағы күндердің/жылдағы айлардың санын білу.

ҰОҚ-ның мақсаты

Барлық тəрбиеленушілер:

-уақыт туралы түсінікті біледі: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тəулік бөліктері деген сөздерді өмірдегі жəне оқудағы жағдайларда қолданады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-тəулік уақытына, жыл мезгілдеріне, апта күндеріне арналған сөздерді пайдалана отырып, өз бетінше əңгіме құрастырады.

Барысы

Кезеңі

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ҰОҚ-ның басы

5 мин

Ынталандыру

Балалардың зейінін сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері.

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасайып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Өзектендіру.

«Бұл қашан болады?» ойыны

Ойын барысы:Барлық ойыншыларға педагог əртүрлі түсті

4 шаршыдан үлестіріп береді.

Əр түс белгілі бір жыл мезгілін білдіреді, мысалы: сары –

күз, көк – қыс, жасыл – көктем, қызыл – жаз.

Педагог (немесе бала) қандай да бір мезгілдегі құбылыстың (мысалы, жапырақтардың түсуі). Балалар шапшаң сəйкес түсті (сары) шаршыны көтеруі керек.

Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Дидактикалық ойынның шартын орындайды




 

«Жыл мезгілдері», плакат

 

Кеспе материал

ҰОҚ-ның ортасы

30 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ)Табиғатты бақылай отырып, халық жыл мезгіліне байланысты көптеген жұмбақтар шығарды. Бір-бірлеріне жұмбақ жасыру ұсынылады.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Педагог 1-тапсырмадағы «Жыл маусымдары» деген суретке қарауды ұсынады. Балалар маусымдарды жəне олардың белгісін атайды.

Əрі қарай балалар өзінің таңдауын түсіндіре отырып, маусымдар мен сюжеттік суреттерді өз бетінше біріктіреді.

Жаңаны қолдану.

(Ұ) «Болады, болмайды» дидактикалық ойыныПедагог белгілі бір жыл мезгілінің белгісін атап, допты лақтырады. Егер бұл белгі сəйкес келсе, бала допты тосып алады, егер сəйкес келмесе, допты тосып алмайды.

(Ө) 2-тапсырманы өз беттерінше орындайды.

Сергіту сәті

(Ж) 3-тапсырма жұппен орындалады. Балалар маусым бойынша сəйкес келетін заттарды таңдап, суреттерді біріктіреді.


Тапсырмаларды орындайды



Бағалау:

Смайликтер арқылы



 

Əліппе-дəптер

 

Жиынтық полотно

 

Əліппе-дəптер

IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы

Рефлексия.

5 мин


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.







Əліппе-дəптер
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта