Главная страница

Математика. МАТЕМАТИКА. ыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы


Скачать 1.83 Mb.
Названиеыса мерзімді жоспар Білім беру йымыны атауы
АнкорМатематика
Дата03.05.2022
Размер1.83 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМАТЕМАТИКА.docx
ТипДокументы
#508865
страница4 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



  
 
 

Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні:

Математика негіздері

Бөлімі

«Менің айналамды не қоршап тұр?»

Педагогтің аты-жөні:

Утешова А

Күні :




Сынып: Мад «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Біз өнім жинадық. Ұзындықты өлшеймін. Заттарды ұзындығы бойынша салыстырамын.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы бойынша салыстыру.

ҰОҚ-ның мақсаты

Барлық тəрбиеленушілер:

-бір-біріне тұстастыру немесе бір-біріне беттестіру арқылы заттарды ұзындығы бойынша салыстырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы бойынша салыстырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-ұзындықты өлшеу үшін өлшемді таңдайды.

Барысы

Кезеңі

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ҰОҚ-ның басы

5 мин

Ынталандыру.

Педагог көгөністер бейнеленген суретті көрсетіп, былай деп сұрайды:

– Көгөністердің атауларын білесіңдер ме?

Содан кейін көгөністердің пайдасы туралы білуді жəне ұзындықты өлшеп үйренуді ұсынады.

Өзектендіру.

Педагог жидектер, жемістер мен көгөністер қандай фигураға ұқсайтынын салыстыруды ұсынады. Мысалы: Құлпынай – үшбұрыш, қарбыз – шар, қияр – сопақ, қызанақ – шар, дөңгелек.



Көкөністерді атайды
жидектер, жемістер мен көгөністер қандай фигураға ұқсайтынын салыстырады





Көгөністер мен жемістер бейнеленген сурет.

 

Ұзындығы əртүрлі заттар – көгөністер

ҰОҚ-ның ортасы

30 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Т) 1- тапсырманы орындауды ұсынады, онда көгөністерді ұзындығы бойынша салыстыру керек.

Осыған ұқсас тəжірибелік жұмыс ұйымдастыруға болады.

1- тапсырманың екінші бөлігін орындауды ұсынады, онда көгөністерді салыстырып, өзінің жұмбақтарын ойлап табуы керек.

Педагог жиынтық полотнода заттарды бір-бірінен алыс қояды немесе көгөністерді, ойыншықтарды бөлменің əртүрлі жағына орналастырады.

– Не ұзынырақ?

Жаңалық ашу.

(Ө) Жеке жұмыс істеу үшін 2 -тапсырманы орындауды ұсынады, онда ең ұзын бұрышты қызылмен, ал ең қысқасын жасылмен бояу керек. Қызылдан қысқарақ, бірақ жасылдан ұзынырақ бұрышты сарымен бояу керек (түстерді мəтінде қарындашпен көрсету керек), өлшем

ретінде қағаз жолақты алуға болады.

Сергіту сәті

Жаңаны қолдану.

(Ұ) 3-тапсырманы орындауды ұсынады, онда көгөністердің ұзындығын салыстыру керек.

Əртүрлі қорытынды шығуы мүмкін.

Балалар ҰОҚ-де қолданатын өлшем ретінде жолақшаларды немесе бұршақтарды (тең) үлестіріп беруге болады.

Бірдей өлшемдермен өлшеу керек екенін көрсету керек. Егер өлшемдер əртүрлі болса, əртүрлі нəтиже шығуы мүмкін.


Балалар заттарды қатар қойып салыстырады немесе бір- біріне беттестіреді жəне ұзындық туралы қорытынды жасайды.


Балалар қателесуге болады деген қорытынды жасайды.


Көкөністердің ұзындықтарын салыстырады Мысалы:

Əлия мен Сырым көгөністердің ұзындығын өлшемдермен өлшейді. Сырым жержаңғақпен, ал Əлия грек жаңғағымен өлшейді.




Бағалау:

Смайликтер арқылы



Əліппе-дəптер

 

Ұзындығы əртүрлі заттар – көгөністер (ойыншық көгөністер).


Əліппе-дəптер.

Əліппе-дəптер Үлестірмелі материалдар.

IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы.

Рефлексия.

5 мин


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.







Əліппе-дəптер


Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

№62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Пәні:

Математика негіздері

Бөлімі

«Менің айналамды не қоршап тұр?»

Педагогтің аты-жөні:

Утешова А

Күні :




Сынып: Мад «б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Фермада. Заттың салмағын анықтаймын. Заттарды салмағы бойынша салыстырамын.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

Шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы бойынша салыстыру.

ҰОҚ-ның мақсаты

Барлық тəрбиеленушілер:

-бір-біріне қатар қойып немесе бір-біріне беттестіру арқылы заттарды ұзындығы бойынша салыстырады.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы бойынша салыстырады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-ұзындықты өлшеу үшін өлшемді таңдайды.

Барысы

Кезеңі

Педагогтің әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

ҰОҚ-ның басы

5 мин

Ынталандыру.

Педагог «Фермада» топтамасынан жұмбақтар жасырады. Бүгін біз сендермен фермада не болатынын жəне көгөністер мен жемістердің пайдасы туралы білеміз жəне олардың ұзындығын білуді үйренеміз.

Өзектендіру.

ҰОҚ-ін ойын түрінде өткізеді.

Кейіпкер тапсырмаларды орындауды ұсынады:

Екі түсті бұршақтардан заңдылық құрыңдар.

Бұршақты біреуден аттап қойыңдар. Бұршақтарды бір-бірден кезекпен орналастырыңдар.

Бұршақтарды солдан оңға қарай жəне оңнан солға қарай санаңдар.

Енді бұршақтарды басқаша орналастырыңдар.

–  Қандай жануарлар көгөністерді жақсы көреді жəне қандайын?

–  Қоян мен мысықтың құлақтары мен құйрықтарының ұзындығы туралы не айтуға болады?

Қоянның құлағы ұзын, ал мысықтікі – қысқа, қоянның құйрығы қысқа, ал мысықтікі – ұзын.

Жаңғақты немесе бұршақты өлшем ретінде пайдалануға болады

Жұмбақтар шешеді

Көкөністің рөлін сомдайтын кейіпкерді таңдайды

Тапсырмаларды орындайды


Оның заңдылықтағы реттік нөмірін атайды





Көгөністер мен жемістер туралы жұмбақтар.

ҰОҚ-ның ортасы

30 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ж) Педагог сəбіздің (суреттегі немесе шынайы) бойына бұршақтарды қоюды ұсынады. Олардың санын санауды ұсынады.

–  Сəбіздің ұзындығы бұршақпен неге тең?

–  Сəбіздерді қатар жəне бір-бірінің қасына қоймай, қай сəбіз ұзын екенін салыстыра аласыңдар ма?

Педагог көгөніс пен жеміс өсетін бақшаға көз салуды ұсынады.

Жаңалық ашу.

Əліппе-дəптермен жұмыс.

(Т) 1-тапсырманың суретін қарауды жəне қашаларды ұзындығы бойынша салыстыру ұсынылады.

–  Екі затты ұзындығы бойынша қалай салыстыруға болады?

Жаңаны қолдану.

(Ө) 2- тапсырманы орындауды ұсынады, онда суреттерді қарап, ұзындығы бойынша заттарды қалай салыстыру керектігін түсіндіре білу керек.

Сергіту сәті

(Ө) 3-тапсырманы өз бетінше орындау ұсынылады.

4-тапсырманы орындауды ұсынады, онда ұзындықтың (биіктіктің) арту тəртібімен 1-ден 9-ға дейінгі нөмірлерді қойып шығу керек. Өзінің көзбен өлшеуін жолақтан жасалған өлшеммен тексеру керек.

Қосымша тапсырмалар:

Көгөністерді ұзындығы бойынша салыстыруға болады.

Жиынтық полотномен жұмыс.


Сәбіз мен бұршақтың санын санайды

Заттарды салыстырады

Тапсырмаларады орындайды

Балалар екі топқа бөлініп, көкөністерді ұзындығының арту тəртібімен орналастырады


Бағалау:

Смайликтер арқылы



Бағалау:

Смайликтер арқылы


Бағалау:

Смайликтер арқылы


Бағалау:

С майликтер арқылы


Əліппе-дəптер.
Ойыншық көгөністер.

Əліппе-дəптер. Ойыншық көгөністер.

 

Жиынтық полотно.



IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы.

Рефлексия.

5 мин


Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.

Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.







Əліппе-дəптер
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта