Қысқа мерзімді жоспар
Білім беру ұйымының атауы:
| №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
| Пәні:
| Математика негіздері
| Бөлімі
| «Жолдар бізді қайда бастайды?»
| Педагогтің аты-жөні:
| Утешова А
| Күні :
|
| Сынып: Мад «б»
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы
| Мен жол саламын. Көліктер. Фигуралар мен заттардың пішінін атаймын.
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| Геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) ажыратып, дұрыс атау.
| ҰОҚ-ның мақсаты
| Барлық тəрбиеленушілер:
-геометриялық фигуралар (шеңбер, сопақ, үшбұрыш, шаршы, тік- төртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) атайды.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-үлгі бойынша шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектер құрастырады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-шеңберлерден, үшбұрыштар мен шаршылардан өрнектерді өз бетінше құрастырады.
| Барысы
| Кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| ҰОҚ-ның басы
5 мин
| Ынталандыру.
Педагог біздің айналамыздағы көп затқа геометриялық пішін тəн екені туралы əңгімеге тартады.
«Сиқырлы дорба» ойыны
Педагог мөлдір емес дорбаға ағаш немесе картоннан жасалған фигураларды (сопақша, текше, цилиндр) салады. Одан кейін педагог фигураны шығарып, үстелге қояды.
Өзектендіру.
– Фигуралар қалай аталады? Кеспе материал немесе жиынтық полотно пайдаланылады (балалар оларға белгілі фигураларды атайды, педагог нақтылайды жəне ықтимал қателерді түзетеді).
Жиынтық полотнодағы фигураларды көрсетеді.
«Не қандай нəрсеге ұқсайды?» ойыны
|
Балалар әңгімелейді
Балаларды дорбадағы фигураны қолмен ұстап немесе көздерін жұмған күйде көреді. Топтағы балалар көмектеседі. Оның атауын айтады.
| Бағалау. Пішіндер әдісі
| Жиынтық полотно
| ҰОҚ-ның ортасы
30 мин
| Мақсат қою (проблемалық жағдай).
Бүгін біз фигуралар мен заттардың пішіндерін ажыратып, олардың кейбіреуін құрастырып жаттығамыз.
Жаңалық ашу.
(Ұ) Сендер əртүрлі геометриялық фигураларды тауып, оларды атауды үйрендіңдер.
– Ал сендер мынандай фигураларды құрай аласыңдар ма? Суреттерге қараңдар, ұл балалар жолдарды салып жатыр.
–Олардың пішіні қандай?
(Т) Əрі қарай педагог
1- тапсырманы орындауды ұсынады, онда қолда бар материалдардан көрсетілген фигураларды құрау керек.
Топта тəжірибелік жұмыс ұйымдастырады.
Фигуралар үстелге қойылғаннан кейін педагог фигуралар туралы жұмбақтар оқиды.
Жаңаны қолдану.
(Ө) 2-тапсырманы орындау ұсынылады.
Сергіту сәті
3-тапсырма геометриялық фигуралардан мəшиненің суретін салады.
Педагог фигураларды сабаққа дейін дайындауы тиіс. Фигураларды (сопақша, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш) фигуралар реттілігін құрған кезде пайдалануға болады. Екі өлшем бойынша түрлі түсті фигураларды əзірлеп, педагог балалардан фигуралар тізбектерін құрып, осы фигуралардың қасиеттерін атауды сұрайды.
|
балалар санау таяқшаларын, арқандарды, кесектерді, жолақтарды жəне басқаларын пайдаланады.
мəшиненің суретін салады.
|
Бағалау. Пішіндер өзәдісі
Бағалау. Пішіндер әдісі
| Санау таяқшалары, арқандар, кесектер, жолақтар.
Əліппе-дəптер.
Фигуралар туралы білетін жұмбақтарын айтады.
Əліппе-дəптер. Геометриялық фигуралар, геометриялық конструктор.
.
| IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы.
Рефлексия.
5 мин
| Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
| Б алалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
| Бағалау. Басбармақ арқылы
| Əліппе-дəптер
|
Қысқа мерзімді жоспар
Білім беру ұйымының атауы:
| А. Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп
| Пәні:
| Математика негіздері
| Бөлімі
| «Жолдар бізді қайда бастайды?»
| Педагогтің аты-жөні:
| Калыкова А.
| Күні :
|
| Сынып: 0 Б
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы
| Ұшақпен ұшамыз. Бүтінді жəне бөлікті салыстырамын. Бүтін жəне бөліктер
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлу, бүтін мен бөлшектерді салыстыру.
| ҰОҚ-ның мақсаты
| Барлық тəрбиеленушілер:
-фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-фигуралардың бөліктерін атайды: бүтін, жарты, ширек;
-үлгі бойынша шеңбердің бөліктерінен өрнектер құрастырады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-фигуралардың бөліктерінен өрнектерді өз бетінше құрастырады.
| Барысы
| Кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| ҰОҚ-ның басы
5 мин
| Ынталандыру.
Педагог балаларды əңгімеге тартады. Балалардан сұрайды:
– Саяхат несімен қызық? (көптеген жаңа əрі қызықты нəрсе білуге болады).
Өзектендіру.
Біздің кейіпкерлеріміз ұшақпен саяхат жасайды. Балаларды топтарға бөліп, топтардың əрқайсысына 19.1-кестеден- қималы тарату материалынан ұшақ беруге болады.
Педагог ғимараттың суретін, мысалы, фигурасы бар суретті (шатыр – шаршы, тіктөртбұрыш; айналма жол – шеңбер немесе сопақ жəне т.с.с.) көрсетеді.
(Т) Топтардың əрқайсысы ұшақпен ұшу кезінде жерден көруге болатын үйлерді немесе гүлзарларды, көлдерді жəне т.б. елестете отырып, қағазда фигуралардың суретін (сопақша, үшбұрыш, шаршы, тікбұрыш) сала алады.
| Балалар өз болжамдарын әңгімелейді
Жолға шығар алдында олар ғимараттардың шатырын, иллюминатордан жолдарды қандай пішімде көретінін елестетуге тырысады.
| Бағалау. Басбармақ арқылы
| Суреттер
| ҰОҚ-ның ортасы
30 мин
| Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ө) 1-тапсырма – тəжірибелік жұмыс.
Педагог мұны балаларға көрсетеді. Қағазды жазған кезде жарты парақ, парақтың төрттен бір бөлігі шығады.
Жаңалық ашу.
Жұмыс аяқталған соң алынған бөліктердің атауларын педагог айтады.
(Ж) ойын ұйымдастыруға болады. Саяхат барысында жолда балалар бəлішті (шаршы) немесе пиццаны (дөңгелек) екіге, төртке бөледі.
Жаңаны қолдану.
2-тапсырманы орындауды ұсынады, онда торкөздер бойынша ұшақты қайталап салу.
Балалардан сұрайды:
– Ұшақпен қайда саяхат жасауға болады?
Сергіту сәті
(Ж) Педагог 3-тапсырмаға берілген суретке қарауды ұсынады, онда аппликация жасалған бөліктерді атау қажет.
Бекіту үшін шығармашылық тапсырма ұсынылады. Электрондық жəне қарапайым жиынтық полотнода фигуралардың бөліктерінен өрнектер ойлап табу.
| Балалардың əрқайсысы қағаз парағын суретте көрсетілгендей етіп бүктейді.
Жұмыс аяқталған соң балалар алынған бөліктердің санын есептейді
Саяхат барысында жолда балалар бəлішті (шаршы) немесе пиццаны (дөңгелек) екіге, төртке бөледі.
Балалар осындай шаршыны бөліктерге бөледі. Одан кейін үлгі бойынша аппликация жасайды.
|
Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
| Қағаздың беті шаршы пішімді. Əліппе-дəптер. Жиынтық полотно
Əліппе-дəптер.
Түрлі түсті қағаздан жасалған шаршы.
Электрондық жиынтық полотно.
| IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы.
Рефлексия.
5 мин
| Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
| Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
|
| Əліппе-дəптер
| |