Білім беру ұйымының атауы:
| №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
|
Пәні:
| Математика негіздері
|
Бөлімі
| «Салт-дəстүрді білу не үшін керек?»
|
Педагогтің аты-жөні:
| Утешова А
|
Күні :
|
|
Сынып: Мад «б»
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
| Туған өлке табиғаты. Менің елімнің мерекелері.
Қосуды жəне азайтуды үйренемін.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| «+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу таңбасы ретінде түсіну жəне оларды пайдалану.
|
ҰОҚ-ның мақсаты
| Барлық тəрбиеленушілер:
-«+» таңбасын заттарды қосатын таңба ретінде, «–» таңбасын заттар тобынан алу таңбасы ретінде түсінеді жəне оларды пайдаланады.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-сурет немесе жағдай бойынша қосу мен алуды белгілеу үшін «+»жəне «–» таңбалары бар жазбалар құрастырады.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-«+» жəне «–» таңбалары бар жазбаларды түрліше оқиды.
|
Барысы
|
Кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
ҰОҚ-ның басы
5 мин
| Ынталандыру.
ҰОҚ-нің тақырыбына кіріспе ретінде педагог туған өлкенің табиғаты салынған суретке қарауды ұсынып мынадай сұрақтар қояды.
–Туған өлке не үшін қымбат?
– Адам өзі туған жерін не үшін сағынады?
Педагог балаларға туған өлкеге «серуен» жасауларын ұсынады.
Өзектендіру.
Педагог балалардан:
–Жақсы санай аласыңдар ма? – деп сұрайды.
– «Менің өлкемнің табиғаты» суретінен не құрастыруға болады?–деп сұрайды.
| Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді
балалар туған өлкеге «серуен» жасайды
|
Бағалау. Басбармақ арқылы
| Сүйемелдеуге арналған əуендер жəне
«Менің өлкемнің табиғаты» фотосуреті
|
ҰОҚ-ның ортасы
30 мин
| Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ)Бүгін біз сендердің қаншалықты ұқыпты екендеріңді, қалай қосуды жəне азайтуды үйренгендеріңді білеміз.
Өздік жұмыс.
(Ө)1-тапсырма қосу жазбаларын құрастыруға арналған. Бірақ онда бірнеше тапсырмалар біріктірілген.
Алдымен ағаштардың жалпы санын санау керек. Ағаштарды отырғызу заңдылығын анықтау үшін реттік санауға арналған жаттығу жүргізіңіз (Саны бойынша қайсысы?)
Мысалы: қанша шырша? Солдан оңға қарай саны бойынша қандай ағаш?
Үйренгенді қолдану жəне түзету.
(Ж) жиынтық полотномен жəне үстелде үлестірмелі материалдармен жұптасып жұмыс.. Мысалы, жануарларды, пүліш ойыншықтарды санаңыз. Қосуға жəне азайтуға арналған жазбаларды құрастырып, əртүрлі оқыңыз.
(Ж) Зейінді жəне ұсақ моториканы дамыту үшін 2-тапсырма орындалады.
|
реттік санауға арналған жаттығуды орындайды
Сурет
бойынша балалар оның кескінін құрады
| Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
| Əліппе-дəптер, санайтын материал Əліппе-дəптер, жиынтық полотно, Үлестірме материал, санауға арналған заттар
|
IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы
Рефлексия.
5 мин
| Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
| Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
|
| Əліппе-дəптер
|
Білім беру ұйымының атауы:
| №62 Н.Шойбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
|
Пәні:
| Математика негіздері
|
Бөлімі
| «Салт-дəстүрді білу не үшін керек?»
|
Педагогтің аты-жөні:
| Утешова А
|
Күні :
|
|
Сынып: Мад «б»
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
| Жұмбақтар. Мысалдар шығарамын. Цифрларды бастырып жазамын.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| Көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу.
|
ҰОҚ-ның мақсаты
| Барлық тəрбиеленушілер:
-көрнекіліктің негізінде қарапайым мысалдар мен есептерді оқиды жəне заттар тобын қайта санау арқылы шешеді.
Көптеген тəрбиеленушілер:
-көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды
шешеді.
Кейбір тəрбиеленушілер:
-қарапайым мысалдар мен есептерді өз бетінше құрастырады жəне содан кейін көрнекіліктің негізінде оларды шешеді.
|
Барысы
|
Кезеңі
| Педагогтің әрекеті
| Тәрбиеленушінің іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
ҰОҚ-ның басы
5 мин
| Ынталандыру.
Психологиялық дайындық
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танысты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
Жарайсыңдар! Өзектендіру.
Педагог 1- тапсырманы – жұмбақтарды шешіп, мысалдарды шығаруды ұсынады.
| Балалар амандасады Шаттық шеңберіне тұрады, өлең айтады
|
Бағалау. Басбармақ арқылы
| Жұмбақтардың жауаптары бейнеленген суреттер.
|
ҰОҚ-ның ортасы
30 мин
| Мақсат қою (проблемалық жағдай).
(Ұ) Бүгін біз тек жұмбақтарды ғана шешіп қоймай, өзіміз математикалық мысалдарды құрастырамыз.
Наздың отбасының тапсырмасын видеоролик арқылы көрсету.
Жаңалық ашу.
1-тапсырмада – жұмбақтарды шешіп, мысалдарды шығарады..
Жаңаны қолдану.
(Ж) 2 -тапсырма əліппе-дəптерде жазбаша цифрды бастырып жазуға арналған тапсырма.
1 цифры
1-қадам. Торшаның визуальды орталығынан сəл жоғары, ортасына өте жақын нүкте саламыз. Осы нүктеден жоғарғы оң бұрышқа дейін түзу сызық сызамыз.
2-қадам. Торшаның жоғарғы оң бұрышы мен төменгі сызықтың ортасындағы нүктені түзу сызықпен жалғаймыз.
Сергіту сәті «Көңілді би»
(Ө) 3-тапсырма Мысалдарды құрастыру және оларды оқу.
|
Балалар жаңғақтардың орнына фигураларды немесе кез келген қосалқы материалды қолданып, үстелде санай алады. Одан кейін карточкалардан есеп құрастырады. Балаларды цифрларды нүктеден бастап жазады
тапсырма мысалдарды құрастырып, оларды оқиды
|
Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
Бағалау. Басбармақ арқылы
| Əліппе-дəптер, санайтын материал
видеоролик
Əліппе-дəптер, жиынтық полотно.
Үлестірмелі материал
|
IІІ. ҰОҚ-ның қорытындысы
Рефлексия.
5 мин
| Рефлексия.
Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.
Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликтің суретін салуға болады.
Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.
| Балалар бүгінгі сабақты қай деңгейде меңгергендігін көрсетеді.
|
| Əліппе-дəптер
|