Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
Скачать 419.33 Kb.
|
{@А@} Обструктивті бронхитке тән емес симптом: =көбіне құрғақ жөтел =қораптық дыбыс =инспирациялық ентікпе =тыныс шығарудың ұзаруы =тыныс шығару кезінде құрғақ сырылдар {@А@} Түберкүлез кавернасын өкпе абсцессінен ажырататын белгіні көрсетіңіз: =ішінде сұйықтығы бар тегіс қабырғалы қуыс =диссеминация ошақтары бар қуыс =қан қақыру =интоксикация белгілері =ЭТЖ жылдамдауы {@А@} Бронх демікпесін емдеуге аталғандардың барлығы қолданылады, тек мынадан басқа: =трипсин =сальбутамол =беротек =беклазон эко жеңіл тыныс =Преднизолон {@А@} Өкпе тіннің деструкциясын нақты білдіретін қақырық элементі: =эластикалық талшықтар =Шарко-Лейден кристалдары =лейкоциттер =Куршман спиралдері =Эритроциттер {@А@} Салқын тигеннен кейін амбулаториялық жағдайда дамыған, пенициллин әсерсіз пневмониясы бар 30 жастағы науқасқа тағайындалатын антибиотик: =азитромицин =стрептомицин =тетрациклин =гентамицин =Карбенициллин {@А@} Легионелламен шақырылған пневмонияның емінде қолданады: =эритромицин =пенициллин =кефзол =тетрациклин =Гентамицин {@А@} Жанұялық амбулаторияға 16 жастағы техникум оқушысы келесі шағымдармен қаралды: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеудедегі күю сезімі, сары-жасыл түсті қақырықпен қатты ұстама тәрізді шаршататын жөтел, бас ауыруы, бұлшық еттерінің ауыруы, суыққа төмен төзімділік (суыққа шыққанда аяқ-қолдың саусақ ұштары қатты ауырады). Ауруы салқын тигеннен кейін жедел басталған. Бірге оқитын топ оқушыларының да бірнешеуі осылай ауырып жатқанын айтады. Оның себебі қатты аяздан техникумдағы құбырлар жарылып, оқу бөлмелеріне жылу келмейді. Физикальді зерттегенде қатаң тыныс, сырыл жоқ. Сіз қолданатын шара: / =диагнозы «Пневмония», пневмококкты этиологиялы болуы мүмкін; рентгенологиялық зерттеу, қақырықты арнайы ортаға себу және Грамм бойынша бояу; феноксиметилпенициллин (оспен) 1 таб. 4 рет күніне 2 апта бойы эмпириялық ем, төсек тәртібіі, көп мөлшерде сұйықтық ішу, қақырық түсіргіш дәрілерді тағайындау =диагнозы «Пневмония»; гентамицин 80 мг 3 рет күніне, бронхолитин 1 ас.қ х 3 рет, 5 күн төсек тәртібін тағайындау =диагнозы «Пневмония», микоплазмалы этиологиялы болуы мүмкін. «Рейно синдромы»; рентгенологиялық зерттеу, қақырықты арнайы ортаға себу және Грамм бойынша бояу; эритромицинмен күніне 0,5 г 4 реттен 10 күн бойы эмпириялық ем, төсек тәртібі, көп мөлшерде сұйықтық ішуді тағайындау =диагнозы «Пневмония», хламидиялы этиологиялы болуы мүмкін; амоксициллин 500 мг 3 рет/тәул, бромгексин 1 таб. 3 рет күніне тағайындау =диагнозы «Пневмония», белгісіз этиологиялы; рифампицин 300 мг күніне 3 рет тағайындау {@А@} Дәрігерге 67 жастағы науқас келесі шағымдармен қаралды: қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелу, физикалық күштемеде күшейетін ентігу, дене қызуының 380С дейін көтерілуі. Анамнезінде: ӨСОА-мен 20 жылдан бері науқастанады. Күніне 20 темекі шегеді. Суық тигеннен кейін ауруы жедел басталған. Аускультацияда шығаруы ұзарған әлсіз тыныс фонында екі өкпесінен де құрғақ сырылдар, оң жауырын астынан майда көпіршікті сырылдар естіледі. Сол жерде перкуторлы дыбыс тұйықталған. Рентгенологияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде көлемі 1-2 см дейін бірнеше инфильтрациялық көлеңкелер анықталады. ЭТЖ - 22 мм/сағ, лейкоцитоз. Диагноз қойып, науқасқа ем беріңіз: =диагнозы «Пневмония», қосымша диагноз «ӨСОА»; цефуроксим 0,75 г әр 8 сағат сайын б/е, бромгексин 2 таб. х 3 рет, ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет күніне тағайындау =диагнозы «Пневмония», қосымша диагноз «ӨСОА»; кларитромицмн 0,5 г әр 12 сағат сайын, теофиллин 300 мг х 2 рет күніне, бромгексин 1 таб. х 3 рет күніне тағайындау =диагнозы «Пневмония», қосымша диагноз «ӨСОА»; метрогил к/т тамш., тетрациклин 250 000 Б х 4 рет, теофиллин 300 мг х 2 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет тағайындау =диагнозы «ӨСОА»; гентамицин 80 мг х 3 рет, бромгексин 2 таб. х 3 рет, теофиллин 300мг х 2 рет тағайындау =диагнозы «Пневмония»; амоксиклав 625 г х 3 рет, бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау {@А@} Жанұялық дәрігерді науқас қалтырау, жалпы әлсіздік, тершеңдік, өң жақ кеудесінің ауыруы, жағымсыз иісті, қоңыр түсті қақырықпен жөтел, ентігуге шағымданып үйіне шақырды. Анамнезінде: мас күйінде далада ұйықтап қалғаннан кейін ауруы жедел басталған; күніне 1,5 қорап темекі шегеді; жалғыз тұрады. Қарап тексергенде: науқастың жалпы жағдайы ауыр, акроцианоз, ентігеді, жүдеу, күтімсіз, оң өкпенің жоғарғы бөлігінде орта және майда көпіршікті ылғал сырылдар, құрғақ сырылдар естіледі, перкуссияда сол жердегі дыбыс тұйықталған. АҚ 80/60 мм сын. бағ. Ps 122 рет/мин. Сіздің шараңыз: =жедел жәрдем көлігін щұғыл түрде шақыртып, науқасты госпитализациялау =үйде стационар ұйымдастырып, күнде мейірбикені жіберіп емдету; кефзол 1 г/тәул б/е, гентамицин б/е, гемодез к/т тамш., қақырық түсіргіштер және дене қызуын басатын дәрілер беру =ампициллин күніне 2 г-нан, кордиамин және сульфокамфокаин инъекциялары; аймақтық терапевт үйіне келіп қарап тұру =метрогил инъекцияда амбулаториялық жағдайда тағайындау =азитромицин 500мг/тәул 3 күн бойы, преднизолон 30 мг күніне, қақырық түсіргіш дәрілер тағайындау {@А@} Жанұялық дәрігерге 40 жастағы науқас әйел келесі шағымдармен қаралды: жалпы әлсіздік, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтел, кеуденің ауыруы, дене қызуының 380С дейін көтерілуі, физикалық күштемеде ентігудің күшеюі. Анамнезінде 15 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді, жиі салқын тиіп ауырады, таңертеңгі уақытта іріңді қақырықпен жөтел мазалайды, шет ел компаниясының офисінде қызмет атқарады. Сіздің қолданатын шараңыз және болжам диагнозыңыз: =созылмалы бронхиттің өршуі мен пневмонияның ажырату диагностикасын жүргізу үшін өкпе рентгенографиясын, қақырықтың бактериологиялық зерттеуін, қақырық жағындысын Грамм бойынша бояп зерттеу жүргізу; 2 апта бойы 500 мг х 3 рет/тәул, амоксициллин, бромгексин 2 др күніне 4 рет 2 апта бойы, 2 дозадан күніне 4 рет атровент, 600 мг күніне 2 рет теотард тағайындау = «Созылмалы бронхиттің өршуі»; науқасқа 500000 Б пенициллин б/е, бромгексин 2 др күніне 4 рет, көп мөлшерде сұйықтық ішу, аспирин 500 мг х 3 рет, С витамині 500 мг х 2 рет тағайындау = «Пневмония», микоплазмалы этиологиялы болуы мүмкін; 250000 Б тетрациклин күніне 4 рет, қақырық түсіруші заттар, 500мг аспирин күніне 3 рет беру = «Пневмония», пневмококкты этиологиялы болуы мүмкін; 80 мг гентамицин күніне 3 рет б/е, бромгексин 1 таб. х 3 рет, парацетамол 500 мг х 2 рет тағайындау = «ЖРВИ»; парацетамол 500 мг х 3 рет, эритромицин 250 мг х 4 рет, бронхолитин 1 ас қасықтан х 3 рет беру {@А@} 950 Жанұялық дәрігерге 25 жастағы науқас әйел қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып қаралды. Анамнезінде: суық тигеннен кейін ауруы жедел басталды. Аускультацияда сол жауырын астынан майда көпіршікті сырылдар естіледі. Сол жерде бронхофония күшейген және перкуторлы дыбыс тұйықталған. ҚЖА: лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдаған. Науқас жүкті, 8 -10 аптасында. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз: = «Пневмония»; ципролет-500 1 таб. х 2 рет, қақырық түсіруші дәрілер, аспирин 0,5 г х 2 - 3 рет күніне тағайындау = «Жедел трахеобронхит»; бромгексин 1 таб. х 3 рет, тетрациклин 250 000 Б х 4 рет, аспирин 500 мг х 2-3 рет беру = «ЖРВИ. Пневмония (?)»; диагнозды растау үшін өкпе рентгенографиясын жүргізу; амоксиклав 625 г х 3 рет, бронхолитин 1 ас қасық х 3 рет тағайындау = «Пневмония»; метрогил к/т тамш., гентамицин 80 мг х 3 рет б/е тағайындау = «Пневмония»; спирамицин 3 млн. Б әр 12 сағат сайын тағайындау, жылы сұйықтық қабылдау {@А@} Науқас әйел, 47 жаста, бронх демікпесімен жас кезінен ауырады және үнемі бронх кеңейткіш дәрілер қабылдайды (ингалятор). Оны бақылап жүрген дәрігер сирек болатын тұншығу ұстамаларын жақсы қайтаратын сальбутамол (альбутерол) берген. Соңғы жылдары сальбутамолды күндіз әрдайым және түнде 2-3 рет қабылдауға мәжбүр болып жүр. Дәрігер қабылдауында тыныс шығарудың щыңы қалыптан 85%. Физикалды зерттеуде еш өзгеріс жоқ, ішкі ағзаларды тексеру барысында да айтарлықтай өзгерістер анықталмады, симптомдар күшеюінің қандай да бір себебі анықталған жоқ. Науқас басы ауырғанда ацетоминофеннен басқа дәрілер қабылдамайды. Емді төмендегі кестелер бойынша өзгерту керек: =ингаляциялық кортикостероид, мысалы, беклазон эко жеңіл тыныс 250 мкг х 3 рет күніне қосу =сальбутамол ингаляциясын күніне 4 ретке дейін көбейту =әсері ұзартылған теофиллинді 300 мг х 2 рет күніне қосу =натрий недокромилын 2 дозадан х 4 рет қосу =өзгертулерге орын жоқ {@А@} 68 жастағы ер кісі, демікпемен көп жылдан бері науқастанады. Соңғы жылдары бірнеше рет стационарлы ем қабылдады. Қысқа курсты преднизолонмен ем демікпе симптомдарына көмек беріп жүрген, сонымен қатар ингаляциялық беклометазон мөлшері 50 мкг 2 ингаляциядан күніне 4 ретке дейін өсті. Науқас беклометазон ингаляциясының маңызын түсінгенімен, күніне 2-3 рет қана қабылдайды. Тыныс шығару жылдамдығының шыңы 65 тен 85 %-ға дейін. Сальбутамол ингаляциясын күніне 1-2 реттен қабылдауды жалғасырып жүр. Сіз қолданатын шара: =науқасқа беклометазонды ретті түрде үнемі қабылдап жүру, ауруды басқаруда науқастың қатысуы керектігін және аурудың ауырлық дәрежесін түсіндіру бойынша тәрбие жұмысын бастау =беклометазон мөлшері күніне 5 ретке дейін 2 ингаляциядан (50 мкг) беру =сальбутамол ингаляциясын 4 ретке дейін көбейту =беклометазонды тоқтатып, пролонгирленген жергілікті кортикостероид флутиказон пропионатын (фликсотид) 250 мкг (1 ингаляцялық доза) 2 реттен күніне беру =өзгертулерге орын жоқ {@А@} Жанұялық емханаға 7 жастағы қыздың шешесі келді, қызы 4 айдан бері жөтеліп жүр, ол қыста суық тигеннен кейін басталған. Түнде қызы жөтелгенде ысқырықты сырылдар естіледі, дене қызуы қалыпты, қызы белсенді, бірақ жүгіргенде жөтел және ысқырықты сырылдар пайда болады, сол себепті тоқтап қалады. Жиі мұрны бітіп, ауырады, дене қызуы көтерілмейді. Шешесі поллинозбен ауырады. Сіздің диагнозыңыз бен қолданатын шараңыз: / = «Орташа ауырлықтағы бронх демікпесі»; спирография жүргізу, қақырықты эозинофилдер және басқа жасушаларға тексеру керек; шешесіне тұрмыс гигиенасының принциптерін, гипоаллергиялық ем-дәм маңызын түсіндіріп, шағын небулайзер сатып алуды ұсыну; қызына сальбутамолдың жылы-ылғал ингаляциясын күніне 3 рет және беклазон эко жеңіл тыныс ингаляциясын 100 мкг х 2 реттен тағайындау; риниттің еміне бекламетазон (насобек) 1 доза (50 мкг) әр мұрнына күніне 3 реттен тағайындау = «Созылмалы бронхит»; бисептол 240 мг 1 таб. х 2 рет, мукалтин 1 таб. х 3 рет, бронхолитин 1 шәй қасық х 4 рет тағайындау; өкпе рентгенографиясына жіберу = «Қайталанбалы бронхит»; бронхолитин 1 дозалы қасықпен 3 рет күніне, амоксиклав 325 мг х 3 рет күніне тағайындау = «Созылмалы бронхит астмалық компонентпен»; бромгексин 1 таб. х 3 рет, эуфиллин 0,15 мг х 2 рет, азитромицин 250 мг х 1 рет 3 күн қатарынан тағайындау =диагнозын анықтау үшін педиатриялық ғылыми-зерттеу институтына жолдау {@А@} Жанұялық дәрігерге 52 жастағы науқас келесі шағымдармен қаралды: қиын бөлінетін қақырықпен жөтел, тыныш күйде ентігу және физикалық күштемеде оның күшеюі. Анамнезінде: 30 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді. Соңғы 20 жылда күнде таңертең жөтеліп, қақырық тастайды. Қарап тексергенде: кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуссияда өкпелік дыбыс қорапты. Аускультацияда тынысы әлсіз, тыныс шығаруы ұзарған, екі өкпесінен де құрғақ шашыраңқы сырылдар естіледі. Рентгенологияда өкпе суреті мен мөлдірлігі күшейген. ТШТК1 45%. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз: = «ӨСОА, ІV сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет тағайындау; шылым шегуді тастауды ұсыну; оксигенотерапия = «ӨСОА, І сатысы»; қақырық түсіргіштер, амоксиклав 625 г х 3 рет, теотард 200 мг х 2 рет күніне тағайындау = «Созылмалы обструктивті бронхит»; эуфиллин 2,4% - 10 мл физиологиялық ерітіндіде к/т тамш., бромгексин 2 таб. х 3 рет күніне тағайындау = «ӨСОА, ІІ сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет күніне тағайындау = «ӨСОА, ІV сатысы»; ипратропиум бромиді 3 инг. х 4 рет, бромгексин 1 таб. х 3 рет, ингаляциялық кортикостероидтармен ұзақ емдеу, оксигенотерапия тағайындау; шылым шегуді тастауды ұсыну {@А@} 72 жастағы науқас ӨСОА-мен ауырады, ентігу, жүрек тұсында соғудың бұзылуына, аяқтарының ісінуіне шағымданып, дәрігерге қаралды. ЭКГ: жүрекшелер фибрилляциясы. Осы жағдайда қолдануға тиімсіз препарат: =Хновокаинамид =конкор =нифедипин =пропранолол =Дигоксин {@А@} Соңғы айларда 47 жасар науқастың ентігуі күшейіп барады. Анамнезінде айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Объективті: акроцианоз, саусақтары дабыл таяқшалары түрінде. Өкпесінде әлсіз тыныс үстінде сықырларға ұқсайтын дауыссыз сырылдар. Өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Рентгенологияда өкпе суреті торланған, әсіресе төменгі бөліктерінде, жүрек көлемі өзгеріссіз, өкпе артериясының конусы бұлтиып тұр. ЭКГ: оң қарынша гипертрофиясының белгілері. Сәйкес келетін диагноз: =ӨСОА =митральді тарылу =фиброздаушы альвеолит (идиопатиялық) =пневмония =гематогенді-диссеминирленген өкпе түберкүлезі {@А@} 49 жастағы науқасқа бронхтық демікпесінің өршуіне байланысты 20 мг/тәүл ішке қабылдауға преднизолон тағайындалған. 1 аптадан соң бронхтық обструкция белгілері жойылып, эпигастрий аймағында ауырсыну, қыжылдау, «қышқыл кекіру» пайда болған. Емді түзетіңіз: =омепразол тағайындау; біртіндеп преднизолонды алып, ингаляциялық кортикостероидтарға көшіру =шұғыл түрде преднизолонды алып тастау =преднизолонның тәүліктік мөлшерін 2 есе азайту =препаратты сол мөлшерде, бірақ бірнеше күндік үзілістермен тағайындау =преднизолонды парентеральді жолмен енгізуді тағайындау {@А@} |