Главная страница

Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады


Скачать 419.33 Kb.
НазваниеЖалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
АнкорЖалпы Тәжірибиелік дәрігер тест
Дата06.08.2022
Размер419.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТест ЖДП ответ.docx
ТипДокументы
#641555
страница21 из 24
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

=ЖИА, сол қарынша бүйір қабырғаларының ірі ошақты миокард инфаркты

=ЖИА, сол қарыншаның алдыңғы және бүйір қабырғаларының трансмуралды миокард инфаркты

{@А@}

Науқас, 34 жаста, ауруханаға ауыр халде аз мөлшерде бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелу, кеудесіндегі "ысқырықпен" тыныс жетпеу ұстамалары, физикалық күш түскенде ентігуге шағымданып түсті. Бұдан 2 жыл бұрын науқаста жыбыр аритмиясының тұрақты түрі анықталған. Анамнезінде: жиі баспа, созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, жүрек аускультациясында: жыбыр аритмиясы, жүрек ұшында I тон қатайған және диастолалық шу бар, науқас сол қырымен жатқанда жақсы естіледі, митралды қақпақшаның ашылу тоны. Бауыр кіндікке дейін ұлғайған, тығыздалған, пальпацияда ауырады, аяқтары ісінген. Ойға келетін патология:

=жүректің ревматикалық ауруы, ревматикалық жүрек ақауы: сол атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы, жыбыр аритмиясы. СЖЖ IIІ

=ЖИА, инфарктан кейінгі кардиосклероз, жыбыр аритмиясы. СЖЖ ФК ІІ

=дилятациялық кардиомиопатия, митральды қақпашаның салыстырмалы жетіспеушілігі, жыбыр аритмиясы. СЖЖ ФК ІІ

=гипертрофиялық кардиомиопатия, жыбыр аритмиясы. СЖЖ IІІ

=жүрек амилоидозы. СЖЖ IV

{@А@}


Науқас, 34 жаста, ауруханаға ауыр халде аз мөлшерде бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелу, кеудесіндегі "ысқырықпен" тыныс жетпеу ұстамалары, физикалық күш түскенде ентігуге шағымданып түсті. Бұдан 2 жыл бұрын науқаста жыбыр аритмиясының тұрақты түрі анықталған. Анамнезінде: жиі баспа, созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, жүрек аускультациясында: жыбыр аритмиясы, жүрек ұшында I тон қатайған және диастолалық шу бар, науқас сол қырымен жатқанда жақсы естіледі, митралды қақпақшаның ашылу тоны. Бауыр кіндікке дейін ұлғайған, тығыздалған, пальпацияда ауырады, аяқтары ісінген. Сіздің ойлаған даигнозыңызды дәлелдейтін зерттеу:

1.жүрек рентгенографиясында жүректің "мықыны" тегістелген және жүректің оң контуры оңға қарай ығысқан

2.жүрек рентгенографиясында жүректің сол контуры үлкейген, жүректің "мықыны" айқындала түскен

3.ЭхоКГ-да митралды қақпақшаның алдыңғы және артқы жармаларының бір бағытта қимылдауы

4.ЭхоКГ-да митралды қақпақшаның алдыңғы жармасының диастолалық жабылу жылдамдығының төмендеуі

5.ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясының белгілері

=3, 4, 5

=1, 2, 3

=1, 3, 4

=1, 3, 5

=1, 4, 5

{@А@}

Науқас, 44 жаста, ұзақ уақыттан бері жүрек гликозидтерін және зәр айдағыш дәрілерді (салуретиктер) қабылдап жүрген. Сол кезде түйін тахикардиясының пароксизмы дамыды. Осы науқасқа көрсетілетін көмек:

1.шұғыл электроимпульсті терапия жүргізу керек

2.жүрек гликозидтерімен емді тоқтату керек

3.бұл жағдайдың себебі - салуретиктер қабылдағаннан кейін гипокалиемияның дамуы

4.лидокаинмен инъекциялы терапия курсын тағайындау

5.көктамыр арқылы верапамил тағайындау

=1, 4, 5

=1, 2, 3

=2, 3, 5

=2, 3, 4

=1, 3, 5

{@А@}

Науқас, 28 жаста, аздаған физикалық күштемеде жүрек тұсының ауыруына, жүрек қағуына, 3 айдан бері мазалайтын ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек шекарасы солға ығысқан; тондары күшейген, қатаң систолалық шу төстің сол жағында. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы, сол жүрекшенің гипертрофиясы мен күштену белгілері. ЭхоКГ: қарынша аралық перде қалыңдаған және қимылы шектелген, сол қарынша қуысы кішірейген, қолқа қақпақшасының систолалық жабылуы. Ойға келетін патология:

=гипертрофиялық кардиомиопатия

=қолқа коарктациясы

=артериялық гипертензия

=инфекциялық эндокардит, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

=жүректің ревматикалық ақауы - митралды қақпақша жетіспеушілігі

{@А@}


Науқас, 70 жаста, бас ауыруы, бас айналуы, ұйқының бұзылуы, жүрек тұсының шаншып ауыруына шағымданады. Бұл шағымдардың пайда болуын соңғы 3 жылдан бері АҚ 180/60 мм сын. бағ. көтерілуімен байланыстырады. Бұрын ешқашан емделмеген, өзінің денсаулығына шағымданбаған. Осы патологияға сәйкес келетін тұжырым:

1.арнайы емес аортоартериит

2.қолқа мен артериялар серпінділігінің төмендеуімен байланысты

3.әсері ұзартылған кальций антагонистерін қолдануға болады

4.тиазидті диуретиктерді аз мөлшерде қолдануға болады

5.орталық әсерлі антиадренергиялық дәрілерді қолданған дұрыс

=2, 3, 4

=1, 2, 3

=2, 3, 5

=1, 3, 5

=1, 4, 5

{@А@}

Науқас 35 жаста, ауруханаға ентігу, жүрек қағуы, оң қабырға астындағы ауырлық сезімге шағымданып түсті. Бұрын ешқашан ауырмаған, тек 1 жыл бұрын ми қан айналымының жедел бұзылысы болған. Қарап тексергенде: ортопноэ, еріндері көгеріңкі. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар бар. Жүрек шекаралары кеңейген. Тондары бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалық шу. ЖСС - 100 рет/мин. АҚ 110/70 мм сын. бағ. Бауыр қабырға доғасынан 5 см төмен жатыр. Аяқтарында массивті ісінулер бар. ЭхоКГ - екі қарыншаның да қуысы кеңейген. Жиырылу қабілеті төмендеген. ЛФ (ФВ)- 28 %. Сіздің диагнозыңыз:

=дилятациялық кардиомиопатия. ЖЖ ФК IІІ

=жүректің ревматикалық ауруы, жүректің ревматикалық ақауы: қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі. ЖЖ ФК IІІ

=ЖИА, инфаркттан кейінгі кардиосклероз. ЖЖ ФК IІІ

=гипертрофиялық кардиомиопатия. ЖЖ ФК IІІ

=ЖИА, күштену стенокардиясы. ЖЖ ФК IІІ

{@А@}

Науқас 35 жаста, ауруханаға ентігу, жүрек қағуы, оң қабырға астындағы ауырлық сезімге шағымданып түсті. Бұрын ешқашан ауырмаған, тек 1 жыл бұрын ми қан айналымының жедел бұзылысы болған. Қарап тексергенде: ортопноэ, еріндері көгеріңкі. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар бар. Жүрек шекаралары кеңейген. Тондары бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалық шу. ЖСС - 100 рет/мин. АҚ 110/70 мм сын. бағ. Бауыр қабырға доғасынан 5 см төмен жатыр. Аяқтарында массивті ісінулер бар. ЭхоКГ - екі қарыншаның да қуысы кеңейген. Жиырылу қабілеті төмендеген. ЛФ (ФВ)- 28 %. Науқасқа тағайындалатын дәрілер:

1.капотен

2.фуросемид

3.верошпирон

4.дигоксин

5.диклофенак

=1, 3, 4, 5

=1, 2, 3, 4

=2, 3, 4, 5

=1, 2, 4, 5

=1, 2, 3, 5

{@А@}


Жүректің ревматикалық ауруы бар 30 жастағы науқаста жүрек қағуы, ентігу, жүрек тұсының тұйық ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде – еріндерінің цианозы. Жүрек ұшында I тон күшейген, II тон екі бөлікті естіледі, диастолалық шу бар. Өкпе артериясында II тонның акценті. Жүрек ырғағы дұрыс емес, ЖСС 100 рет/мин. АҚ 110/70 мм сын. бағ. Осы науқаста болуы мүмкін жүрек ырғағының бұзылыстары:

1.жүрекшелердің тыпырлауы, дұрыс емес түрі

2.жүрекшелердің жыпылықтауы

3.жиі жүрекшелік экстрасистолалар

4.қарыншалық тахикардия

5.суправентрикулярлы пароксизмдік тахикардия

=3, 4, 5

=1, 2, 3

=2, 3, 4

=1, 3, 5

=1, 4, 5

{@А@}

Жүректің ревматикалық ауруы бар 30 жастағы науқаста жүрек қағуы, ентігу, жүрек тұсының тұйық ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде – еріндерінің цианозы. Жүрек ұшында I тон күшейген, II тон екі бөлікті естіледі, диастолалық шу бар. Өкпе артериясында II тонның акценті. Жүрек ырғағы дұрыс емес, ЖСС 100 рет/мин. АҚ 110/70 мм сын. бағ. Ырғақ бұзылысына қолдануға болатын дәрілер:

1.финоптин

2.дигоксин

3.нифедипин

4.мекситил

5.лидокаин

=4, 5

=1, 2

=3, 4

=2, 3

=1, 5

{@А@}
Науқас, 60 жаста, реанимация бөліміне жеткізілгенде ауа жетіспеу, тұншығу, көпіршікті қақырықпен жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде: ортопноэ, дүрілдеп тыныс алу. ТЖ - 30 рет/мин. Әр түрлі көлемді ылғал сырылдар өкпесін түгел басқан. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты, ЖСС 100 рет/мин, АҚ 110/80 мм сын. бағ. ЭКГ-да V1-V4 тіркемелерінде QR, ST сегменті доға тәрізді жоғары көтерілген және Т сермесімен ұласқан. Сіздің диагнозыңыз:

=сол қарыншаның алдыңғы және жүрек ұшы маңының ірі ошақты миокард инфаркты, өкпе ісінуімен асқынған

=сол қарыншаның артқы-диафрагмалды қабырғасының ірі ошақты жедел миокард инфаркты

=сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының жедел трансмуралды миокард инфаркты, кардиогенді шок

=жедел майда ошақты миокард инфаркты

=өкпе артериясының тромбоэмболиясы

{@А@}

Науқас, 60 жаста, реанимация бөліміне жеткізілгенде ауа жетіспеу, тұншығу, көпіршікті қақырықпен жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде: ортопноэ, дүрілдеп тыныс алу. ТЖ - 30 рет/мин. Әр түрлі көлемді ылғал сырылдар өкпесін түгел басқан. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты, ЖСС 100 рет/мин, АҚ 110/80 мм сын. бағ. ЭКГ-да V1-V4 тіркемелерінде QR, ST сегменті доға тәрізді жоғары көтерілген және Т сермесімен ұласқан. Сіз бірінші кезекте қоланатын ем шара:

1.тіл астына нитроглицерин

2.морфин енгізу

3.фуросемид

4.өкпедегі көпіршікті басу үшін оттегі беру

5.допамин - 5 мкг/кг/мин
=1, 2, 4, 5

=2, 3, 4, 5

=1, 3, 4, 5

=1, 2, 3, 5

=1, 2, 3, 4

{@А@}

Науқас К., 34 жаста, ауруханаға түскендегі шағымдары: жүрек тұсының ауыруы, жүрек қағуы, бас айналуы, жалпы әлсіздік. Тұмаумен ауырғаннан кейін осы шағымдардың пайда болғанын айтады, t0-37,40С. Перкуторлы: жүрек шекаралары солға ығысқан. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия 120 рет/мин, систолалық шу жүрек ұшында. АҚ 100/70 мм сын. бағ. АСТ - 0,96 ммоль/л, КФК- 30 Б/л. ЭКГ - жүрек тыпырлауының белгілері бар 2:1. Сіздің негізгі диагнозыңыз:

=ревматизмдік емес миокардит

=ЖИА, күштену стенокардиясы

=нейроциркуляторлы дистония

=ЖИА, миокард инфаркты

=ЖИА, тұрақсыз стенокардия

{@А@}

Науқас К., 34 жаста, ауруханаға түскендегі шағымдары: жүрек тұсының ауыруы, жүрек қағуы, бас айналуы, жалпы әлсіздік. Тұмаумен ауырғаннан кейін осы шағымдардың пайда болғанын айтады, t0-37,40С. Перкуторлы: жүрек шекаралары солға ығысқан. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия 120 рет/мин, систолалық шу жүрек ұшында. АҚ 100/70 мм сын. бағ. АСТ - 0,96 ммоль/л, КФК- 30 Б/л. ЭКГ - жүрек тыпырлауының белгілері бар 2:1. Осы ырғақ бұзылысын емдеу тәсілдерін көрсетіңіз:

1.изоптин

2.лидокаин

3.мекситил

4.атропин

5.негізгі ауруды емдеу керек

=1, 5

=1, 2

=2, 3

=1, 4

=1, 3

{@А@}

Науқас 70 жаста, аздаған физикалық күштемеде ентікпе пайда болды, түнде тұншығу ұстамалары, жүрек қағу мазалайды. Анамнезінде - миокард инфаркты болған. Қарап тексергенде: ортопноэ, еріндері көгеріңкі. Өкпесінде - екі жағының да төменгі бөліктерінен ылғал сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. ЖСС 100 рет/мин. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры ұлғайған. Аяқтарында массивті ісінулер бар. Диурезі азайған. Жүрек жетіспеушілігінің сатысын көрсетіңіз:

=ЖЖ ФК IIІ

=ЖЖ ФК I

=ЖЖ ФК II

=ЖЖ ФК IV

=ЖЖ ФК 0

{@А@}
Науқас 70 жаста, аздаған физикалық күштемеде ентікпе пайда болды, түнде тұншығу ұстамалары, жүрек қағу мазалайды. Анамнезінде - миокард инфаркты болған. Қарап тексергенде: ортопноэ, еріндері көгеріңкі. Өкпесінде - екі жағының да төменгі бөліктерінен ылғал сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. ЖСС 100 рет/мин. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры ұлғайған. Аяқтарында массивті ісінулер бар. Диурезі азайған. Осы науқастың зерттеуіне қолданасыз:

1.ЭКГ

2.ЭхоКГ

3.кеуде ағзаларының рентгенографиясы

4.көз түбін тексеру

5.Реберг сынағын

=1, 3, 5

=1, 4, 5

=1, 2, 3

=3, 4, 5

=2, 4, 5

{@А@}


Науқас 70 жаста, аздаған физикалық күштемеде ентікпе пайда болды, түнде тұншығу ұстамалары, жүрек қағу мазалайды. Анамнезінде - миокард инфаркты болған. Қарап тексергенде: ортопноэ, еріндері көгеріңкі. Өкпесінде - екі жағының да төменгі бөліктерінен ылғал сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. ЖСС 100 рет/мин. АҚ 130/70 мм сын. бағ. Бауыры ұлғайған. Аяқтарында массивті ісінулер бар. Диурезі азайған. Осы науқастың еміне қолданасыз:

1.ААФ ингибиторларын

2.диуретиктерді

3.альдостерон антагонистерін

4.нитраттарды

5.гипотензивті дәрілерді

=1, 3, 4, 5

=1, 2, 3, 4

=2, 3, 4, 5

=1, 2, 4, 5

=1, 2, 3, 5

{@А@}

Бір жылдан бері тұрақты ІІ ФК стенокардиямен ауыратын науқаста соңғы 5 күнде ауыру ұстамалары жиіледі, физикалық күштемелерге төзімділігі төмендеді, тыныштық күйде ауыру ұстамалары пайда болатын болды, нитроглицеринге қажеттілік көбейді. Сіздің диагнозыңыз:

=ЖИА, үдемелі стенокардия

=ЖИА, алғаш пайда болған стенокардия

=ЖИА, тұрақты стенокардия. ФК ІІІ

=нейроциркуляторлы дистония

=ЖИА, майда ошақты миокард инфаркты

{@А@}

Науқас, 50 жаста, жүрек тұсының шаншып және сыздап ауыруы, "денесіне қан құйылғандай сезімдер", күніне 20 ретке дейін ысуы, тершеңдікке шағымданады. 4 ай шамасында аменорея. Қарап тексергенде: терісі ылғалды, гиперемияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген, дұрыс ырғақты. ЖСС 92 рет/мин, АҚ 140/80 мм сын. бағ. ЭКГ - синусты ырғақ, V1-V5 тіркемелерінде Т сермесі теріс. Науқасқа қолдануға болатын дәрілер:

1.конкор

2.дигоксин

3.климонорм

4.пустырник тұнбасы

5.атропин

=1, 3, 4

=1, 2, 4

=2, 3, 4

=2, 3, 5

=1, 4, 5

{@А@}

Ер кісі, 57 жаста, өзін жағымсыз сезініп, эпигастрий аймағында ауыру сезімі мазалады. Екі рет ішкен тамақтарын құсып тастады. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, асқазаны жуылды. Осы кезде ауыру сезімі төс артына және оның сол жағына қарай ығысты, экстрасистолия пайда болды. ЭКГ: II, III, AVF тіркемелерінде - QS, ST сегменті доға тәрізді жоғары көтерілген және Т сермесімен ұласқан. Сіздің диагнозыңыз:

=ЖИА, артқы-диафрагмалық қабырғаның трансмуралды миокард инфаркты

=жедел тағаммен улану

=ЖИА, үдемелі стенокардия

=ЖИА, алдыңғы және жүрек ұшы маңының трансмуралды миокард инфаркты

=жедел гастрит

{@А@}

Науқас, 30 жаста, тұмаумен ауырғаннан кейін жүрек маңының қысып ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде: t 37,20С. Жүректің сол жақ шекарасы - бұғана орта сызығында. Жүрек тондары тұйық, жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: ЖЭО солға ығысқан, АV-өткізгіштіктің бұзылысы. Қарыншалар миокардында диффузды өзгерістер, барлық тіркемелердегі сермелердің вольтажы төмендеген. Сіздің диагнозыңыз:

=ревматикалық емес миокардит

=ЖИА, алғаш пайда болған стенокардия

=ЖИА, үдемелі стенокардия

=нейроциркуляторлы дистония

=ЖИА, вазоспастикалық стенокардия

{@А@}
Науқас, 30 жаста, тұмаумен ауырғаннан кейін жүрек маңының қысып ауыру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде: t 37,20С. Жүректің сол жақ шекарасы - бұғана орта сызығында. Жүрек тондары тұйық, жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: ЖЭО солға ығысқан, АV-өткізгіштіктің бұзылысы. Қарыншалар миокардында диффузды өзгерістер, барлық тіркемелердегі сермелердің вольтажы төмендеген. Осы науқасты емдеу үшін қолданылатын дәрілер:

1.индометацин

2.предуктал

3.триампур

4.финоптин

5.дигоксин

=1, 2, 3

=2, 3, 4

=3, 4, 5

=1, 3, 5

=1, 4, 5

{@А@}

Науқас С., 22 жаста, жүрек тұсының үнемі тұйық ауыруына, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: жүректің сол жақ шекарасы бұғана орта сызығынан 1,5 см солға ығысқан. Жүрек ұшында I тон бәсеңдеген, систолалық шу, өкпе артериясында II тон акценті. ЭКГ: ырғақ синусты, сол қарынша гипертрофиясы. ФКГ - І тон амплитудасы төмендеген, систолалық шу, III тон. Диагнозды нақтылау үшін тағайындалатын зерттеу әдістері:

1.АЛТ

2.креатинин

3.СРБ

4.антистрептококты антиденелер

5.ЭхоКГ

=3, 4, 5

=1, 2, 3

=2, 3, 4

=1, 2, 5

=1, 4, 5

{@А@}

Науқас Л., 36 жаста. Шағымдары: жүргенде ентігуі, жүрек қағуы. Аускультативті: жүрек ұшында I тон шапалақты, систолалық және диастолалық шу, өкпе артериясында II тон акценті. Өкпесінде бірең-сараң майда көпіршікті сырылдар естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см сыртқа шығып тұр. Аяқтары ісінген. Сіздің диагнозыңыз:

=жүректің ревматикалық ауруы, жүрек ақауы: сол атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы. ЖЖ ФК II

=ревматизмдік емес миокардит, ауыр дәрежес

жүректің ревматикалық ауруы, жүрек ақауы: митралды қақпақшаның жетіспеушілігі. ЖЖ ФК II

=жүректің ревматикалық ауруы, үйлескен жүрек ақауы: митралды қақпақшаның жетіспеушілігі, сол атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы. ЖЖ ФК IIІ

=жүректің ревматикалық ауруы, жүрек ақауы: қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі. ЖЖ ФК IIІ

{@А@}


Науқас В., 44 жаста, осыдан 3 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған. Соңғы кездері баспалдақпен көтерілгенде ентігудің пайда болуы мазалайды. Қарап тексергенде: өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Аяқ басы мен тобық маңы ісінген. Науқасқа берілетін дәрілер:

1.моноприл

2.фуросемид

3.конкор

4.финоптин

5.верошпирон

=1, 3, 4, 5

=1, 2, 3, 4

=1, 2, 3, 5

=2, 3, 4, 5

=1, 2, 4, 5

{@А@}

Науқас A., 62 жаста, сол жауырынға таралуымен, ұзақтығы 20 минуттай, аздаған физикалық күштемеде төс артының қысып ауыруына, физикалық күштемеде ентігу, аяқ басының ісінуі, әлсіздікке шағымданады. Соңғы 1 ай ішінде ұстамалар жиіледі. 10 жылдан бері артериялық гипертензиямен ауырады, 7 жыл бұрын майда ошақты миокард инфарктымен ауырған. Қарап тексергенде: склерасы субиктериялы, еріндері көгеріңкі, аяқ басы мен тобық маңы ісінген. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана орта сызығынан 1,5 см солға ығысқан, жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульс 100 рет/мин, қолқада II тон акценті, АҚ 180/100 мм сын. бағ. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 5 см сыртқа шығып тұр, тығыздалған. ЖҚА - белок 0,1 г/л, эр- 2-3 к/а. ЭКГ: синусты тахикардия, ЖЭО солға ығысқан. Сол қарынша гипертрофиясы. Сол қарыншаның артқы қабырғасының тыртықтық өзгерістері. Сол қарыншаның алдыңғы қабырғасында ишемия белгілері. Негізгі ауруды емдеу үшін қолданатын дәрілерді көрсетіңіз:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


написать администратору сайта