Главная страница

Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады


Скачать 419.33 Kb.
НазваниеЖалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
АнкорЖалпы Тәжірибиелік дәрігер тест
Дата06.08.2022
Размер419.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТест ЖДП ответ.docx
ТипДокументы
#641555
страница19 из 24
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
1-V4 шықпаларында теріс Т сермесі. Жоғарыда берілген мәліметтерге қарап науқасқа миокардит диагнозы қойылған. Неғұрлым дұрыс болып табылатын ем:
=глюкокортикостероидтарды тағайындау

=тыныштық, төсектік тәртібі, симптомдық ем

=антибиотиктерді тағайындау

=СЕҚҚП тағайындау

=ААФ ингибиторларын, рибоксинді тағайындау
ААФ ингибиторларынмен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста жалпы әлсіреу, үдемелі ісінулер, зәр мөлшерінің азаюы және дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Науқаста болған жағдай:
=бүйрек артериялары тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған

=жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы дамыған

=зәр шығару жолдарының инфекциясы қосылған

=амилоидоз дамыған

=науқаста созылмалы бүйрек жетіспеушілігі үдеген
ААФ ингибиторларынмен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста жалпы әлсіреу, үдемелі ісінулер, зәр мөлшерінің азаюы және дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Бұл жағдай бүйрек артерияларының тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған деп анықталған. Бұндай жағдайда тағайындауға қажет ем:

=ААФ ингибиторларын АТ ІІ рецепторларының блокаторларына ауыстыру

=кальций антагонисттерін тағайындау

=нитраттардың үлкен дозаларын тағайындау

=гидралазинді изосорбид динитратымен біріктіріп тағайындау

=гемодиализ жүргізу
Стенокардия клиникасы байқалған 53 жастағы науқасқа коронарографиялық зерттеу жасалған. Тәж қантамырларында өзгерістер анықталмаған. Сіздің болжамалы клиникалық тұжырымыңыз:
=кардиальді Х синдром

=науқаста жүректің ишемиялық ауруы жоқ

=ЖИA. Варианттық стенокарди

=ЖИA. Зорығу стенокардиясы. ФК I

=кардиальді типтегі нейроциркуляторлы дистония
WPW синдромы бар науқас бөлімшеге жүрекшелер жыбыры және жиіленген қарыншалық ырғақпен түскен. Тұрақты гемодинамика бола тұра жедел түрде енгізу қажет препарат:
=Прокаинамид

=кальций антагонисті

=АТ

=дигоксин

=β-блокатор
52 жасар науқас әйел трансмуральды миокард инфарктімен ауырған. 2 аптадан кейін субфебрильді қызба, ентігу, буындарының ауыруы пайда болған. Қарап тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталған. Аускультативті перикардтің үйкеліс шуылы анықталған. Жағдайының нашарлау себебі:
=Дресслер синдромы

=созылмалы жүрек жетіспеушілігінің дамуы

=плевритпен асқынған пневмония

=жүйелі қызыл жегі

=бактериялық эндокардит
52 жасар науқас әйел трансмуральды миокард инфарктімен ауырған. 2 аптадан кейін субфебрильді қызба, ентігу, буындарының ауыруы пайда болған. Қарап тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталған. Аускультативті перикардтің үйкеліс шуылы анықталған. Инфаркттан кейінгі асқыну Дресслер синдромы анықталған. Ең тиімді ем:
=жоғары дозадағы аспирин немесе преднизолон

=ААФ ингибиторлары

=антибиотиктер

=диуретиктер

=диуретиктермен қосарласқан жүрек гликазидтері
27 жасар науқасқа жүректің ревматикалық ауруымен қосарласқан митральді ақауға байланысты операция жасалған (митральі қақпақшаны протездеу). Қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шыққан кезде тікелей емес антикоагулянттар (варфарин) тағайындалған. Препараттың дұрыс мөлшерін анықтау үшін арналған көрсеткіш:
=протромбин деңгейі

=белсендірілгін жартылай тромбопластинді уақыт (АЧТВ)

=фибриноген деңгейі

=Ха факторының активтілігі

=халықаралық қалыптандырылған арақатынас (ХҚА)
Жүректің ревматикалық ауруымен қосарласқан митральді ақауға байланысты операция жасалған (митральі қақпақшаның протездеу) 27 жасар науқас әйелге 5 мг/тәул мөлшерде варфарин тағайындалған. Варфариннің адекватты дозасын тағайындау үшін ұстап тұратын ХҚА-ң мөлшері:
=1,0-2,0 шамасында

=1,0 аз

=2,0-3,0 шамасында

=3,5-4,5 шамасында

=4,5 көп
34 жасар науқаста тұмаудың эпидемиясы кезінде дене қызуы 390С көтеріліп, тәулік бойы сақталған, шамалы катаральді белгілер пайда болғпн. Ауру басталғаннан кейін бір аптадан соң жүрек тұсындағы ауыру сезімдер, жүрек қағу, айқын ентігу, аяқтарының ісінуі байқалған. ЭКГ-да Гисс шоғырының сол жақ тармағының блокадасы белгіленген. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлерінің бұзылу белгілері, жүректің ұлғаюымен ауыр жағдайда жатқызылған. Қанда лейкоциттер 8200, ЭТЖ 9 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз:
=дилятациялық кардиомиопатия

=миокардит

=гипертрофиялық кардиомиопатия

=рестриктивті кардиомиопатия

=жүректің ишемиялық ауруы
Науқас 34 жаста, ауруханаға физикалық жүктемеге байланыссыз жүрек аймағындағы ауыру, ентігу, жүрегіндегі ырғақтың бұзылуы, аяқтарындағы ісінулерге шағымданып келіп түсті. Анамнезінде ұзақ уақыт бойы ішімдік қабылдағын. Аптасына 2-3 рет 500-700 г арақ ішеді. Әсіресе, соңғы жыл ішінде ішімдікке беріліп кеткен. Зерттеу кезінде жүрегінде өзгерістер анықталған. Жүректің шекаралары солға қарай кеңейген, ЭКГ-да электр осі өзгеріссіз, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулануы (РQ - 0,28 с) , кеуде шықпаларында SТ сегменті төмендеген, V4-V6 шықпаларында Т тісшесі екіфазалы. ЭхоКГ-да сол қарыншаның жиырылу қызметінің төмендеуі. Сіздің диагнозыңыз:
=алкогольді кардиомиопатия

=миокардит

=идиопатиялық гипертропиялық кардиомиопатия

=жүректің ишемия ауруы

=жүрек ақауы
26 жасар науқаста екі рет босанудан кейін АГ-ң тұрақсыздығы байқалған. Жағдайының нашарлауына ұзақ жүрумен ұзақ уақыт бойы вертикальді қалыпта болу алып келеді. Шамалы уақыт горизонтальді жағдайда демалғаннан кейін АҚ қалыптасады. Диагностикалық әдістерді жоспарлағанда бірінші кезекте науқаста ойлайтыныңыз:
=нейроциркуляторлы дистония

=созылмалы пиелонефрит

=нефроптоз

=феохромоцитома

=эссенциальді гипертония
АҚ 140/90 мм сын. бағ. және қант диабетінің ІІ типімен науқас жататын қауіп-қатер тобы:
=өте жоғары

=төменгі

=орташа

=жоғары

=ешқандай
.Климактериялық кезеңдегі әйелде остеопороз белгілері бар АГ-ны емдегенде тағайындау керек:
=ААФ ингибиторларын

=орталық әсерлі дәрілерді

=тиазидті диуретиктерді

=β-блокаторларын

=α-адреноблокаторларын
Трансмуральді миокард инфарктының ерте электрокардиографиялық белгісі болып табылады:
=Q сермесінің пайда болуы

=QRS комплексінің өзгеруі

=Т сермесінің инверсиясы

=жүрек ырғағының бұзылысы

=ST сегментінің жоғарылауы


Нитроглицериннің қолайлы әсері:
=күштеменің азаюы (жүрек алды жүктеме)

=вена қанының жүрекке ағып келуінің көбеюі

=шеткі кернеудің ұлғаюын және АҚ-ның төмендеуі

=соңғы диастолалық қысымның ұлғаюы

=жүрек жұмысының күшеюі
Жүректің ишемиялық ауруында пропранолол қолдану себебі:
=миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетеді

=тәж тәрізді қан тамырларын кеңейтеді

=шеткі қан тамырларының тарылуын шақырады

=миокардың оттегіге қажеттігін жоғарлатады

=миокардтың жиырылу қабілетін жоғарлатады
Миокард инфарктының жедел кезеңінде пайда болатын қарыншалық экстрасистолияда қолдану керек:
=Лидокаинды

=жүрек гликозидтері

=алупентті

=реланиумды

=верапамилді
Жүректің ишемиялық ауруында гемостаз өзгерістеріне тән:
=аталғандардың барлығы

=тромбоциттер агрегациясының күшеюіне бейімділік

=қан ұю жүйесінің плазмалық факторларының белсенуі

=қанның фибринолиздік бейімділігінің жоғарылауы

=қан тамыр қабырғаларының тромборезистенттілігінің төмендеуі
Синусты ырғақпен митралды тарылуда өкпе ісінуінің шұғыл емінде қолданады:

1.дигиталисті

2.нитроглицеринді

3.лазиксті көктамырға

4.коргликон немесе строфантин аз мөлшерде

5.строфантин толық мөлшерде
=1, 3, 4

=1, 3, 5

=2, 3

=1, 2, 3

=2, 3, 5
Феохромоцитома болжам диагнозын дәлелдейтін зерттеу әдістері:

1.зәрде ванилил-миндаль қышқылын анықтау

2.зәрде альдостеронды анықтау

3.131J белгіленген холестеринмен бүйрек үсті безінің сцинтиграфиясы

4.аортография

5.гистамин және фентоламинмен фармакологиялық сынамалар
=1, 3, 5

=1, 2, 3

=1, 3, 4

=2, 3, 4

=3, 4, 5
Иценко - Кушинг ауруы мен Иценко - Кушинг синдромының (бүйрек үсті безінің кортикостеромасы) ажырату диагностикасында маңызды болып табылады:
=дексаметазон сынамасы

=бас сүйегінің рентгенографиясы

=бүйрек үсті безінің УДЗ

=қандағы кортизол мөлшерін анықтау

=верошпирон сынамасы
Артериялық гипертензияда ишемиялық инсульттердің дамуына әкеледі:
=аталғандардың барлығы

=ишемиялық гипертониялық криз

=қан тамырларының тромборезистенттілігінің бұзылысы

=гипертониялық кризде АҚ-ды тез төмендететін дәрілер қабылдау

=атеросклероз
Церебралді ишемиялық гипертониялық криздің клиникалық ерекшеліктеріне аталғандардың барлығы жатады, біреуінен басқасы:
=криз басталғанда жұмыс қабілетінің сақталуы

=жоғары АҚ

=диффузді бас ауыру

=ұсақ ошақты неврологиялық бұзылыстар

=зәр айдағыштардың жылдам оң әсері
Миокардиттердің негізгі электрокардиографиялық белгілеріне жатады:
=аталғандардың барлығы

=Т сермесі амплитудасының төмендеуі

=Т сермесінің инверсиясы

=өткізгіштік бұзылуы

=қозу бұзылуы
Алкоголді миокардиодистрофия аталған синдромдардың әр біреуімен көрінуі мүмкін, мынадан басқасы:
=Тромбоэмболия

=кардиалгиялық

=аритмиялық

=жүрек жетіспеушілігі

=гипертония
Инфекциялық эндокардиттің негізгі патогенездік тізбегіне аталғандардың барлығы жатады, біреуінен басқасы:
=стерилді иммунитет

=бактеремиясы тұрақсыз инфекциялық ошақтың болуы

=организмнің сенсибилизациясы

=сыртқы немесе ішкі факторлардың әсерінен иммунитеттің әлсіреуі және тұрақты бактериемияның пайда болуы

=инфекция қоздырғыштарының жүрек қақпақшаларына орналасып, екіншілік бактериялық ошақтың пайда болуы
Төменде аталғандардың барлығы бактериялық эндокардиттің едәуір тән клиникалық симптомдары болып табылады, біреуінен басқасы:
=көкбауырдың ұлғаюы

=қызба, қалтырау

=бауырдың ұлғаюы

=жүрек ақауының дамуы (жиі қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі)

=терідегі петехиялар, көздің төменгі қабағындағы шырыш қабатына қан құйылулар, Лукин - Либман симптомы
Миокард инфарктының едәуір нақты серологиялық маркері болып табылады:
=алғашқы тәулікте Tn I және/немесе Tn T деңгейінің жоғарылауы

=алғашқы тәулікте АЛТ деңгейінің жоғарылауы

=оң С-реактивті белок

=алғашқы 3-4 сағатта ЛДГ деңгейінің жоғарылауы

=алғашқы 3 тәулікте АСТ деңгейінің жоғарылауы
Қолқа жетіспеушілігінің физикалық белгісін едәуір сипаттайтын тұжырым:
=сол қарыншаның концентриялық гипертрофиясы негізгі компенсаторлық механизм болып табылады

=қолқа қақпақшасының жедел жетіспеушілігінде соққы көлемі ұлғаяды, соның себебінен көптеген физикалық белгілер пайда болады

=диастолалық үрлеуші шу науқас горизонталді жағдайда жатқанда жақсы естіледі

=Флинт шуы орташа немесе ауыр дәрежедегі жетіспеушілікті білдіреді, жүрек ұшындағы – мезо- немесе пресистолалық шу – жеңіл дәрежедегі жетіспеушілікті білдіреді

=Квинке пульс ең жақсы анықталатын жері сан артериясы.
Жасы 40-тан асқан науқастарда жүрек жетіспеушілігін едәуір нақты белгісі:
=Ісінулер

=жүректің III тоны

=жүректің IV тоны

=өкпедегі сырылдар

=асцит
Сол қарынша жетіспеушілігіне тән физикалық белгі:
=Ортопное

=мойын көк тамырларының ісінуі

=асцит

=анорексия

=бауыр көлемінің ұлғаюы
Инфарктан кейінгі кардиосклерозы және I-II сатылы жүрек жетіспеушілігі бар 68 жастағы науқастың жыбыр аритмиясына (соңғы 4 жыл бойы тұрақты түрде) байланысты дұрыс ем шара таңдаңыз:
=бұндай науқасқа үнемі ем қолдану қажет емес

=ырғақты қалпына келтіру үшін ритмилен немесе изоптинмен алдын алу емін жүргізу

=стационарлық ем арқылы жыбыр аритмиясын синусты ырғаққа келтіру (хинидин немесе ЭИТ арқылы)

=жүрек гликозидтерінің көмегімен жыбыр аритмиясының нормосистолалақ түрде ұстау, ал егер әсері жеткіліксіз болса - емге β-блокаторды қосу

=үнемі электрокардиостимуляциялық емге көшіру тиімді
Инфарктан кейінгі кардиосклерозы және I-II сатылы жүрек жетіспеушілігі бар 68 жастағы науқастың жыбыр аритмиясы (соңғы 4 жыл бойы тұрақты түрде) кезіндегі едәуір тиімді диагностикалық зерттеу:
=ЭКГ

=трансторокалді ЭхоКГ

=өңеш арқылы ЭхоКГ

=кеуде қуысының рентгенографиясы

=кеуде қуысының компьютерлік томографиясы
Науқас ірі ошақты миокард инфарктының 36-шы тәулігінде ауруханадан шығарылды. Әдеттегі физикалық күштемеде (1-ші қабатқа көтерілгенде, 100 м жүргеннен кейін) төс артының 5-10 минут ауыруына шағымданады. Тиімді ем әдісін таңдаңыз:
=антиангинальді дәрілермен комбинирленген ем

=антиангинальді дәрілермен монотерапия

=аспирин, статиндер, ААФ ингибиторлары, антиангинальді дәрілер

=статиндер, антиангинальді дәрілер

=аспирин, статиндер, антиангинальді дәрілер
Науқас, 72 жаста, 7 ай бұрын болған инфаркт миокардынан кейін жүрек жетіспеушілігінің белгілері пайда болды: аздаған физикалық күштемеде ентігу, әлсіздік, үнемі тахикардия, 1 апта бұрын аяқтарының ісінуі, іштің кебуі қосылды. Фуросемидті 3 күн қабылдағаннан кейін ісінулері және ентігу азайды, бірақ тахикардия сақталған. Ауруханадан шыққалы бері аспирин және атенолол қабылдайды. ЭКГ-да алдыңғы қабырғаның трансмуралді миокард инфаркты, тыртықтану кезеңі. Жыбыр тахиаритмия. Стенокардияның ФК-ын анықтаңыз:
=ФК III

= ФК I

=ФК II

=ФК IV

=жүрек жетіспеушілігі жоқ
.Науқас, 72 жаста, 7 ай бұрын болған инфаркт миокардынан кейін жүрек жетіспеушілігінің белгілері пайда болды: аздаған физикалық күштемеде ентігу, әлсіздік, үнемі тахикардия, 1 апта бұрын аяқтарының ісінуі, іштің кебуі қосылды. Фуросемидті 3 күн қабылдағаннан кейін ісінулері және ентігу азайды, бірақ тахикардия сақталған. Ауруханадан шыққалы бері аспирин және атенолол қабылдайды. ЭКГ-да алдыңғы қабырғаның трансмуралді миокард инфаркты, тыртықтану кезеңі. Жыбыр тахиаритмия. Дұрыс емдеу кестесін таңдаңыз:
=атенолол+аспирин + ААФ ингибитор + диуретик

=дигоксин+ аспирин

=атенолол+аспирин + ААФ ингибитор

=дигоксин+ атенолол+диуретик

=дигоксин+ атенолол+аспирин + ААФ ингибитор + диуретик
I дәрежелі артериялық гипертензияны өте жоғары қауіп қатер тобына жатқызу үшін керекті көресткішті анықтаңыз:
=қолқаның сылыну аневризмасы

=шылым шегу

=жасы 55-тен асқан ер кісі

=сол қарынша гипертрофиясы

=жасы 65-тен асқан әйел
Жоғары деңгейлі артериялық гипертензиямен өтетін және шөлдеу, полиурия, зәрдің меншікті салмағының төмендеуі, бұлшық еттердің әлсіреуі, ауруы мен тырысуы, қан сарысуында калийдің төмендеуімен сипатталатын ауру:
=Кон синдромы

=қант диабеті

=феохромацитома

=созылмалы гломерулонефрит

=вазоренальді гипертония
Үлкен пульстік қысыммен систолалық гипертензия кездеседі:

1.қолқа атеросклерозында

2.феохромацитомада

3.гломерулонефритте

4.қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде

5.тиреотоксикозда
=1, 4, 5

=1, 2

=1, 3

=3, 4

=2, 5
.Науқас К., 60 жаста, келесі симптомдар анықталады: жоғары тұрақты систолалық гипертензия, таңертеңгі уақытта басының шүйде тұсының ауыруы, жүрек қағуы, көз көруінің нашарлауы (көз түбінде ангиоретинопатияның IV дәрежесі), эпигастрий аймағында естілетін систолалық шу. Бұл ауруды атаңыз:
=құрсақ қолқасының атеросклерозы

=біріншілік альдостеронизм

=феохромацитома

=созылмалы гломерулонефрит

=созылмалы пиелонефрит
Дилятациялық кардиомиопатияға тән белгілерді көрсетіңіз:

1.қарынша аралық перденің асимметриялық гипертрофиясы

2.созылмалы жүрек жетіспеушілігі

3.үлкен және кіші қан айналу шеңберлеріндегі тромбоэмболия

4.жүрек ырғағының бұзылуы

5.алғашқы және негізгі симптомдарының бірі стенокардия ұстамалары болып табылады
=2, 3, 4

=1, 2, 3

=2, 4, 5

=3, 4, 5

=1, 4, 5

45 жастағы науқаста 400 м қашықтыққа жүгенде төс артының жаншып ауыру ұстамалары мазалайды. Бұл ауруды көрсетіңіз:
=тұрақты күштемелі стенокардия. ФК ІІІ

=тұрақты күштемелі стенокардия. ФК І

=тұрақты күштемелі стенокардия. ФК ІІ

=тұрақты күштемелі стенокардия. ФК ІV

=Принцметал стенокардиясы
Өкпе артериясы тромбоэмболиясының нақты белгілері болып табылады:

1.жедел жүрек жетіспеушілігінің дамуы

2.рентгенограммада өкпе түбірінің деформациясы, қан тамырлық суретінің жоғалуы

3.миоглобин, АСТ, ЛДГ жоғарылауы

4.ЭКГ-да сол қарыншаға күш түсу белгілері

5.аяқ қан тамырлары тромбофлебитінің болуы
=1, 2, 5

=1, 3, 4

=1, 3, 5

=1, 2, 3

=1, 4, 5
Кардиогенді шоктың диагностикалық белгілері:

1.АҚ және пульстік қысымның төмендеуі

2.бүлкілді тыныс

3.олигоурияның ануриямен ұласуы

4.III-IV қабырға аралықтарында прекардиалді пульсация

5.терінің бозаруы және көкшілденуі, акроцианоз
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24


написать администратору сайта