Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
Скачать 419.33 Kb.
|
=жүрек гликозидтері =β-блокаторлар =верошпирон =нитраттар =гидралазин Жүрек жетіспеушілігінде спиронолактонды қолдануға қарсы көрсеткіш болып табылады: =К деңгейі 5 ммоль/л көп =К деңгейі 5 ммоль/л аз =креатинин деңгейі 200 ммоль/л аз =натрий деңгейі менее 130 ммоль/л аз =натрий деңгейі 130 ммоль/л көп Диастолалық дисфункция кезінде қолдануға болмайды: =жүрек гликозидтері =ілмектік диуретиктер =ААФ ингибиторлары =калийсақтаушы диуретиктер =β-блокаторлар Жыбыр аритмия кезінде жүйелі тромбоэмболиялардың даму қауіпін төмендететін терапия: =төмен мөлшерде аспирин =клопидогрель =варфаринмен монотерапия =фраксипарин =төмен мөлшерде аспирин мен варфаринді біріктіру Тұрақты гемодинамика кезінде қарыншалық тахикардия тоқтатылады: =лидокаинді көктамырға енгізу =АТФ көктамырға енгізу =вагустық сынама =β-блокаторларды көктамырға енгізу =дигоксинді көктамырға енгізу І дәрежелі (ФК І) жүрек жетіспеушлігін емдеудегі тиімді дәрілерді таңдаңыз: =диуретиктер, жүрек гликозидтері және милринон =диуретиктер және ААФ ингибиторлары =β-блокатор және добутамин =β-блокатор, жүрек гликозидтері және лидокаин =кордарон, кальций антагонистері және жүрек гликозидтері Нитраттарға толеранттылық туындамау үшін қолданылатын "интервалдық терапия" мағынасын түсіндіріңіз: =нитраттарды қабылдауда 8-12 сағат бойы үзіліс =нитраттарды қабылдауда 24 сағат бойы үзіліс =нитраттарды қабылдауда 4-6 сағат бойы үзіліс =нитраттарды қабылдауда 3 тәулік бойы үзіліс =жоғарыда аталғандардың барлығы дұрыс Жүректің үйлескен митралдық ақауында митралды стеноз басымдылығының белгілеріне жатады: 1.жүрек ұшындағы айқын систолалық шу 2.жүрек ұшында I тонның бәсеңденуі 3.жүрек ұшында шапалақты I тон 4.ФКГ-да II тон мен митралды жарма ашылуының арасындағы интервал 0,06 с 5.интервал Q - I тон – 0,09 с =1, 3, 5 =1, 2, 3 =2, 3, 4 =3, 4, 5 =1, 4, 5 Жүректің үйлескен митралдық ақауында митралды жетіспеушілік басымдылығының белгілеріне жатады: 1.жүрек ұшында I тонның бәсеңденуі 2.сол қарынша гипертрофиясы 3.жыбыр аритмиясы 4.жүрек ұшындағы ұзақ систолалық шу 5."бөдене" ырғағы =1, 2, 3 =2, 4, 5 =1, 2, 4 =1, 2, 5 =1, 3, 5 Қолқа қақпашасының жетіспеушілігіне тән: 1.жүрек ұшында I тонның бәсеңденуі 2.жүрек негізінде II тонның бәсеңденуі 3.қолқа қақпашасы проекциясында протодиастолалық шу 4.ЭКГ-да оң қарынша гипертрофиясының белгілері 5.ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясының белгілері =2, 3, 5 =1, 4 =1, 2, 4 =2, 4, 5 =1, 2, 3 Идиопатиялық гипертрофиялық субаорталды тарылудың аускультациялық ерекшелігі болып табылады: =аталғандардың барлығы =төстің сол шеті бойымен III-IV қабырға аралықтарында ромб тәрізді систолалық шу =шудың ұйқы артериясына берілмеуі =шу күшінің динамикалық сипаты =кей жағдайда митральды қақпақша үстінде митралды регургитацияның систолалық шудың болуы Үш жармалы қақпақшаның органикалық жетіспеушілігіне аталғандардың барлығы тән, мынадан басқа: ="бөдене" ырғағы =семсер тәрізді өсіндінің үстінде систолалық шу =оң көктамырлық пульс =жүректің оң бөлімдерінің гипертрофиясы =Плеш симптомы Оң көктамырлық пульс тән: =үш жармалы қақпақша жетіспеушілігіне =митралды стенозға =қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне =қолқа өзекшесінің тарылуына =өкпе артериясының тарылуына Қолқа өзекшесінің ауыр дәрежедегі стенозының физикалды белгілерінің бірі: =дөрекі систолалық шу =II тонның айқын қолқалық компоненті =каротидті пульсацияның қалыңқы болуы =диастолалық шу =ашылу тырсылы Гипертрофиялық кардиомиопатияда систолалық шу бәсеңдейді, науқас: =Жатқанда =Вальсальва сынамасын жүргізгенде =амилнитриттпен тыныс алғанда =тұрғанда =жүрек гликозидтерін қабылдағанда Көлемді жедел миокард инфарктымен ауырған 50 жастағы науқастың ЭКГ-да Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы, I дәрежелі және кейбір циклдарда кезеңді түрде II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада (I тип Мобитцу б-ша) пайда болып тұрады. Жасанды ырғақ жетекшісін имплантациялауға көрсеткіш болып табылатын клиникалық симптом: =аталғандардың барлығы =физикалық жүктемеде айқын ентігудің пайда болуы =қысқа уақытқа есін жоғалтулар =әр 50 м жүргеннен кейін стенокардия ұстамаларының болуы =аталғандардың ешқайсы емес .Ер кісі, 47 жаста, соңғы бірнеше айдан бері орташа ырғақта 500 м жүргеннен кейін немесе 2-ші қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артының қысып ауыруына шағымданады. Кейде ауыру сезімдері тыныштық кезінде де пайда болады. Бұл стенокардияның жіктелу тобы: =тұрақты күштемелі стенокардия =тұрақсыз стенокардия =үдемелі стенокардия =вариантты стенокардия =алғаш пайда болған стенокардия Ер кісі, 55 жаста, 2 апта бойы жүрек тұсында ауырсыну, ентігу, ортопноэға шағымданады. Тексергенде жүрек тондарының тұйықталуы, тыныс алғанда пульстік қысымның 25 мм сын. бағ.-ға төмендеуі анықталады. Едәуір болуы мүмкін диагноз: =оң қарыншаның жетіспеушілігімен өкпе эмфиземасы =миокард инфаркты =экссудативті перикардит =жүрекшелер фибрилляциясы =жоғарғы қуыс вена синдромы Науқас ірі ошақты миокард инфарктының 36-шы тәулігінде ауруханадан шығарылды. Жарты жылдан соң физикалық күштемеде (1-ші қабатқа көтерілгенде, 100 м жүргеннен кейін) төс артының 5-10 минут ауыратынына шағымданады. Тиімді ем әдісін таңдаңыз: =антиангинальді дәрілермен комбинирленген ем =антиангинальді дәрілермен емдеу =аспирин, статиндер, ААФ ингибиторлары, антиангинальді дәрілер =статиндер, антиангинальді дәрілер =аспирин, статиндер, антиангинальді дәрілер Науқас, 57 жаста, 3 жылдан бері күштемелі стенокардиямен ауырыды, антиангиналді дәрілер (атенолол 50 мг/тәул, нитраттар) қабылдайды. Физикалық күштің ұлғаюына байланысты стенокардия ұстамалары жиілеп, кешегі кештен бері айқын ауыру синдромымен ұзаққа созылған ұстама пайда болған, АҚ төмендеп, салқын жабысқақ тер басқан. Ауруханаға дейінгі кезеңде осы науқасқа арналған дұрыс ем шарасын таңдаңыз: =аспирин шайнату, ЭКГ-да түсіру, ауруханаға жатқыз =дамыған миокард инфарктына байланысты науқасты шұғыл терапия бөліміне жатқызу =науқасты 8-12 сағат бойы амбулаторлы бақылау =әр 10-15 минут сайын нитроглицеринді тіл астына =антиангинальді емді күшейту Науқас, 64 жаста, бір ай бұрын трансмуралды миокард инфаркты болған. Қазір дәрілер қабылдайды (β-блокаторлар, аспирин, ААФ ингибиторлары, нитраттар). Соған қарамастан, бір айдан кейін қайтадан стенокардия ұстамалары пайда болды, пациент нитраттар дозасын күшейтті (кардикет 60 мг/тәул), бірақ әсері қысқа және жеткіліксіз болған. Науқасты емдеуге дұрыс шара қолданыңыз: =реваскуляризация әдісін қолдану туралы мәселені қарастыру үшін науқасты коронарографияға жолдау =кальций антагонистерін тағайындаумен антиангиналді емді күшейту =нитраттарды уақытша тоқтату (толеранттылық дамуы мүмкін) =емге антиоксидантты әсері бар дәрілерді қосу =емдеу курсын жүргізу үшін науқасты ауруханаға жатқызу (көктамырға глюкоза, антиоксиданттар) Науқас 50 жаста әдеттегі медициналық тексерілуге келді. Шағымдары жоқ. Қарап тексергенде: АҚ 160/100 мм сн. бағ., ЖСС 72 рет/мин, ырғақты. Көз түбінің қан тамырларын зерттегенде артериолалардың тарылуы мен иректелуі байқалады. Кеуде қуысында айтарлықтай өзгерістер жоқ. Жүрек ұшы түрткісінің күшеюі. Басқа физикалық зерттеулерде ауытқулар жоқ. ЭКГ: сол қарынша гипертрофиясы. ҚЖА мен НЖА өзгерістер жоқ. Сіз қолданатын шара: =эссенциальды гипертензия диагнозын қойып, гипотензивті ем тағайындау =ауруханаға тексерілуге жіберу =шұғыл гипотензиялық дәрілер енгізу =үш күн бойы АҚ-ды өлшеп, науқасты бақылау =гипотензивті ем тағайындап, нысана ағзалардың зақымдануы мен қауіп факторларын анықтау үшін науқасты тексеру Науқас, 55 жаста, физикалық күштемемен байланысы жоқ, бірақ нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылатын жүрек тұсының қысып ауыруына шағымданады. Аяқ көктамырларының варикозды кеңеюімен науқастанады. АҚ 160/90 мм сын. бағ-на дейін көтерілді. ЭКГ-ның 12 тіркемесінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Тағайындауға қажет диагностикалық зерттеу: =тәуліктік мониторлау =велоэргометрия =обзиданмен сынама =коронароангиография =қан ферменттерінің деңгейін анықтау 75 жастағы науқаста бірнеше ай бұрын болған миокард инфарктынан кейін ентігу, аяқтарының ісінуі, жалпы әлсіздік пайда болған. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Қан анализінде - Hb 155 г/л. ЭКГ- синусты тахикардия және алдыңғы қабырға мен қарынша аралық пердеде ошақты өзгерістер бар. Науқастың диагнозы: =өкпе артериясының тромбоэмболиясы =ошақты пневмония =жүректің іркілістік жетіспеушілігі =созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі/ =миокардиодистрофия Алғаш дамыған күштемелі стенокардия диагнозымен ауруханаға жатқызылған науқаста басының қатты ауруы пайда болған, сол себепті дәрілер қабылдаудан бас тартады. Науқаста бас ауруының пайда болу себебі: =Нитраттар =β-блокаторлар =кальций антагонистері =ацетилсалицил қышқылы =стрептокиназа Науқас 63 жаста, бір жылдан бері орташа ауырлықтағы физикалық күштемеден кейін жүрек тұсының ауратынын байқаған, 2 апта бұрын ауыру аздаған күштемеден кейін пайда болып жүр. Бүгін ауыру ұстамасы тыныштық күйде пайда болып, 1,5 сағатқа дейін созылды. Нитроглицерин көмектеспеді, салқын тер шығып, жалпы әлсіздік басты. Ұстама басталғаннан 4 сағаттан кейін аймақтық дәрігерді үйіне шақыртты. Сіздің диагнозыңыз: =миокард инфаркты =тұрақты стенокардия ФK II =тұрақты стенокардия ФК III =алғаш пайда болған стенокардия =кардиалгия Науқас, 57 жаста, инженер, бір сағаттан бері төс артының қатты ауырына байланысты көмек сұрады. Ауыру сезімі төс артында, қысып және басып тұрғандай сипатта, мойнына, төменгі жаққа, сол иыққа беріледі, отырған қалыпта және нитроглицерин қабылдаса да тоқтамайды, тыныс алумен байланысы жоқ. 10 жылдан бері АҚ 190/110 мм сын. бағ.-на дейін көтеріледі. Объективті: ТЖ 20 рет/мин, өкпесінде сырылдар жоқ. Пульсі 80 рет/мин, ырғақты. АҚ 150/90 мм сын. бағ. Басқа өзгерістер жоқ. Осы жағдайда негізсіз тағайындалған зерттеу: =АСТ мен АЛТ зерттеу/ =12 тіркемедегі ЭКГ =кеуде қуысының рентгенографиясы =қандағы тропонинді зерттеу =ЭхоКГ 34 жастағы ер кісі, жүрек қағу ұстамаларына шағымданып келді. Холтерлік мониторлауда жүрекшелер жыпылықтауына айналған пароксизмдік тахикардия тіркелді. Эхокардиограмма сол және оң қарыншалар көлемі мен қызметінің өзгермегенін және қақпақшалық ақаулардың жоқ екендігін көрсетті. Сұрап зерттегенде науқас алкоголь ішімдіктерін көп қабылдайтыны анықталды. Едәуір маңызды ұсыныстар: =алкоголь, кофе ішуден, шоколадтан бас тарту, флеканид немесе пропафенон тағайындау =алкоголь ішуден бас тарту, динамикада бақылау =верапамил тағайындау =β-блокаторлар тағайындау =амиодорон тағайындау Алкогольді ішімдектерді көп қабылдайтын 34 жастағы ер кісіде холтерлік мониторлауда жүрекшелер жыпылықтауына айналған пароксизмдік тахикардия тіркелді. Эхокардиограмма сол және оң қарыншалар көлемі мен қызметінің өзгермегенін және қақпақшалық ақаулардың жоқ екендігін көрсетті. Науқасқа алкоголь қабылдаудан бас тартып, флеканид ішу тапсырылған. 5 жылдан бері өзін жақсы сезініп жүрген. Алкогольден бас тартқанына қарамастан жүрекшелер жыпылықтауы қайталанды. АҚ қалыпты. Науқасқа барлық кеңестерді беруге болады, мынадан басқа: =флеканид мөлшерін 150 мг 2 ретке дейін көбейту =ЭхоКГ қайталау =жүктемелі тредмил-сынақты қайталау =қарыншалар ырғағын бақылау үшін верапамил беру =дигоксин қосу Алкогольді ішімдектерді көп қабылдайтын 34 жастағы ер кісіде холтерлік мониторлауда жүрекшелер жыпылықтауына айналған пароксизмдік тахикардия тіркелді. Эхокардиограмма сол және оң қарыншалар көлемі мен қызметінің өзгермегенін және қақпақшалық ақаулардың жоқ екендігін көрсетті. Науқасқа алкоголь қабылдаудан бас тартып, флеканид ішу тапсырылған. 5 жылдан бері өзін жақсы сезініп жүрген. Алкогольден бас тартқанына қарамастан жүрекшелер жыпылықтауы қайталанды. АҚ қалыпты. Флеканид мөлшері 200 мг 2 ретке дейін көбейтілді. Науқаста парастезиялар дамыды. Тағайындауға болатын альтернативті антиаритмиялық дәрі: =Амиодарон =пропранолол =соталол =дигоксин =хинидин Ауыр АГ-н емдеу үшін қаралған 49 жасар ер кісіні алғаш рет қарап тексергенде АҚ 190/120 мм сын. бағ. және тахикардия анықталды. Бірнеше жылдардан бері рецидивтеуші қорқыныш ұстамаларымен қажылу эпизодтары, тершеңдік, жүрек айну, басының ауруына байланысты психиатрға қаралып жүрген. β- блокаторлармен гипотензивті терапия басталды. Бірнеше күннен кейін науқас өкпе ісінуі, есі кіресілі-шығасылы және АҚ-260/140 мм сын. бағ. ауруханаға түсті. Едәуір болуы мүмкін диагноз: =Феохромоцитома =ауыр дәрежелі эссенциалді гипертония =Кон синдромы =реноваскулярлы гипертония =қолқа коарктациясы Ұзақ уақыт бойы артериялық гипертензиямен ауыратын орта жастағы науқас әйел қазір клонидин және пропранололмен антигипертензивті ем қабылдайды. Клонодиннің жанама әсерлеріне байланысты шағымдар айтады. Дұрыс шара қолданыңыз: =клонидинді диуретикке алмастыру =клонидинді тоқтатып, оны кальций каналдарының блокаторларына ауытыру =клонидин мөлшерін біртіндеп азайту немесе β-блокаторды біртіндеп азайтып, тоқтату =бета-блокатордың мөлшерін көбейту үстінде клонидин мөлшерін біртіндеп азайту =клонидинді тоқтату Дилатациялық кардиомиопатияның салдарынан іркілістік жүрек жетіспеушілігі бар науқас ААФ ингибиторларымен ем бастағаннан бір айдан кейін қайтадан қаралуға келгенде үнемі мазалайтын құрғақ жөтелге шағымданды. Сіз қолданатын шараңыз: =ААФ ингибиторын тоқтату =басқа ААФ ингибиторына ауыстыру =жөтелге қарсы ем тағайындау =ААФ ингибиторын беруді әрі қарай жалғастыру =ААФ ингибиторын АТ II рецепторларының блокаторына ауыстыру Тұрақты күштемелі стенокардиясы бар 64 жастағы науқас изосорбид динитратын 20 мг-нан күніне 2 реттен қабылдап, өзін жақсы сезініп жүрген. Жақында ол дәрі мөлшерін күніне 4 ретке дейін көбейткен. Артынша стенокардияның күшейгенін байқаған. Дәрігер нитраттарға толеранттылық тууы туралы ойлады. Осы жағдайда сіз қолданатын шараңыз: =күніне 10-12 сағат ұзақтығында нитраттардан бос кезең сақтау =нитраттарды кальций каналдарының блокаторларына ауыстыру =нитраттарды тоқтатып, β-блокаторларды тағайындау =нитраттар мөлшерін көбейту =нитраттарға β-блокаторлар қосу Гипертензиясы бар науқас қолқаның жедел сылынуымен ауруханаға түсті. Едәуір адекватты шұғыл емдік шара: =натрий нитропруссидін енгізу =ганглиоблокатор енгізу =β-блокаторды көктамырға енгізу =жүрек гликозидтерін енгізу =клонидинді көктамырға енгізу 50 жастағы науқаста – стенокардия, ФК ІІІ. ЭКГ-да ырғағы синусты, РQ аралығы біртіндеп ұзарып, келесі QRS комплексі түсіп қалады. Науқасқа антиаритмиялық дәрі ретінде барлығын қолдануға болады, мынадан басқа: =изосорбид динитраты =верапамил =дилтиазем =нифедипин =пропранолол Сізді таңертең жүгіріп жүргенде есінен танып қалған 32 жастағы науқасқа қабылдау бөліміне шақырып жатыр. Бұрын осындай естен танулар болып тұрған. ЭКГ-да I, аVL, V2-V6 тіркемелерінде Т сермесі терең инверсияланған. Анамнезінде төс артының ауыруы және ентігу ешқашан мазаламаған. Ойлауға болатын ауру: =дилатациялық кардиомиопатия =миокардит =тұрақты стенокардия =гипертрофиялық кардиомиопатия =миокард инфаркты Сізді таңертең жүгіріп жүргенде есінен танып қалған 32 жастағы науқасқа қабылдау бөліміне шақырып жатыр. Бұрын осындай естен танулар болып тұрған. ЭКГ-да I, аVL, V2-V6 тіркемелерінде Т сермесі терең инверсияланған. Анамнезінде төс артының ауыруы және ентігу ешқашан мазаламаған. Сіздің болжам диагнозыңыз – «Гипертрофиялық кардиомиопатия». Жоғарыда суреттелген науқасқа тағайындалатын қосымша зерттеу әдісі: =допплер-эхокардиография =холтерлік мониторлау =стресс-эхокардиография =коронарография =велоэргометрия Науқас, 52 жаста, алғаш рет анықталған АГ-мен (150/90 мм сын. бағ. деңгейінде) диагностикалық зерттеу жасалған. Нысана ағзалардың зақымдалуын көрсететін белгі: =креатинин 120 ммоль/л =тор қабық қантамырларының диффузды тарылуы =аш қарынға қант 5,5 ммоль/л =қанда холестерин 5,9 ммоль/л =ЖТЛП > 1,2 ммоль/л Науқас A., 34 жаста, ауыр вирустық инфекциядан (тұмау) кейін 2 аптадан соң әлсіздік, ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағуы пайда болды. Қарап тексергенде АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖСС 80 рет/мин тыныштық жағдайда, I тон әлсіреген. ЭКГ: Т тісшесі V1-V4 шықпаларында теріс Т сермесі. Ойлауға болатын патология: =Миокардит =пневмония =жүректің ишемия ауруы =дилатациялық кардиомиопатия =кардионевроз Науқас A., 34 жаста, ауыр вирустық инфекциядан (тұмау) кейін 2 аптадан соң әлсіздік, ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағуы пайда болды. Қарап тексергенде АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖСС 80 рет/мин тыныштық жағдайда, I тон әлсіреген. ЭКГ: Т тісшесі V |