Жалпы Тәжірибиелік дәрігер тест. Тест ЖДП ответ. Жалпы дрігерлік практика (ждп) пнінен тест сратары Есегіреу кезінде брінен брын пайда болады
Скачать 419.33 Kb.
|
=эхокардиография =артерия қанындағы газдарды зерттеу Науқас әйел, 35 жаста, темекі шегеді, дене салмағының индексі 32, бір жылдан аса уақыт ішінде оральді контрацептивтер қабылдайды, ентігу, дене қызуының 37,50С дейін көтерілуі, жөтелгенде қан жолақтарымен қақыру, жалпы әлсіздік, кеуде сарайының сол жартысында ауырсынуға шағымданады. Ауырып жүргеніне 3 күн болды. Диагнозы: =бронхоэктаз ауруы =созылмалы бронхиттің өршуі =бронх аденокарциномасы =тұрақсыз стенокардия =өкпе артериясының тромбоэмболиясы Науқас, 50 жаста, әдеттегі медициналық тексерілуге келді. Шағымдары жоқ. Қарап тексергенде: АҚ 160/100 мм сын. бағ., ЖСЖ 72 рет/мин, ырғақты. Көз түбінің қан тамырларын зерттегенде артериолалардың тарылуы мен иректелуі байқалады. Кеуде қуысында айтарлықтай өзгерістер жоқ. Жүрек ұшы түрткісінің күшеюі. Басқа физикальді зерттеулерде ауытқулар жоқ. ЭКГ: сол қарынша гипертрофиясы. ҚЖА мен НЖА өзгеріссіз. Сіз қолданатын шара: =эссенциальді гипертензия диагнозын қойып, гипотензивті ем тағайында =ауруханаға тексерілуге жіберу =шұғыл түрде гипотензиялық дәрілерді енгізу =үш күн бойы АҚ-ды өлшеп, науқасты бақылау =гипотензивті ем тағайындап, нысана ағзаларының зақымдануы мен қауіп факторларының бар-жоқтығын анықтау үшін науқасты әрі қарай тексеру Науқас әйел жедел жәрдем көлігімен басының қатты ауыруы, қан қысымы 240/140 мм сын. бағ. дейін жоғарылауына шағымдарымен жеткізілді. Көз түбінің қан тамырларын зерттегенде: көз нервтері дискілерінің ісінуі. Зәр анализі: микрогематурия. АҚ бұрын да жоғарлап жүрген. Ұзақ уақыт қанағаттанарлық нәтижемен клофелин қабылдаған. Соңғы 3 күнде қабылдауды тоқтатқан. Гипертониялық криздің себебі: =гипотензивті дәрілерді қабылдаудан бас тарту =бастың ауыруы =өкпе артерияларының обструкциясы =Иценко-Кушинг синдромы =церебралді қан тамырлардың тарылуы Науқас, 73 жаста, ентігу, жүрек аймағында жағымсыз сезім, жүректің шалыс соғуы, қағуына шағымданады. АҚ 154/80 мм сын. бағ. ЖСЖ 82 рет/мин. ЭКГ - сол қарынша гипертрофиясы. ЭКГ тәуліктік мониторлауында: орташа ЖСС 78 рет/мин, (минималді - 58, максималді - 147). ST сегментінің нақты ишемиялық өзгерістері жоқ. Мониторлау кезінде үнемі қарыншаүстілік эктрасистолалар тіркелді, мезгіл-мезгілде жиі, топтасқан. Сол кезде 4 рет жүрекшелер жыбыры пароксизмінің қысқа эпизодтары байқалды. Емдеу кестесін таңадаңыз: =5 мг эналаприл мен 25 мг гипотиазидке 200 мг/тәул кордарон қосу =эналаприл мөлшерін 10 мг-ға дейін көбейту + 25 мг гипотиазид =5 мг эналаприл және 25 мг гипотиазидке метопралол ( 25 мг 2 рет күніне =5 мг эналаприл мен 25 мг гипотиазидпен ем өзгеріссіз қалдырылады =эналаприл 5 мг мен 25 мг гипотиазидке седативті заттар (назепам) қосу Науқас, 55 жаста, физикалық жүктемемен байланысы жоқ, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын жүрек тұсының қысып ауыруына шағымданады. Аяқ көктамырларының варикозды кеңеюімен науқастанады. АҚ 160/90 мм сын. бағ. дейін көтерілді. ЭКГ-ның 12 тіркемесінде айтарлықтай өзгерістер жоқ. Диагнозды дәлелдеу үшін тағайындалатын диагностикалық зерттеу: =тәуліктік мониторлау =велоэргометрия =обзиданмен сынама =коронароангиография =қан ферменттерінің деңгейін анықтау Науқас, 75 жаста, бірнеше ай бұрын болған миокард инфарктынан кейін ентігу, балтыр мен тобықтарының ісінуі, әлсіздік пайда болған. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Қан анализінде: Hb 155 г/л. ЭКГ: синусты тахикардия және алдыңғы қабырға мен қарынша аралық пердеде ошақты өзгерістер бар. Науқастың диагнозы: =жүректің іркілістік жетіспеушілігі =ошақты пневмония =созылмалы обструктивті бронхиттің өршуі =өкпе артериясының тромбоэмболиясы =миокардиодистрофия Ауруханаға жатқызылған алғаш дамыған күштемелі стенокардия диагнозымен науқаста бастың қатты ауыруы пайда болғаннан барлық дәрмектерді қабылдаудан бас тартады. Науқаста бас ауруының пайда болу себебі: =Нитраттар =β-блокаторлар =кальций антагонистері =ацетилсалицил қышқылы =стрептокиназа 44 жастағы науқас әйел кенет пайда болған тынысының қиындауына шағымданып ауруханаға түсті. Жүрек ауруы және өкпе эмфиземасымен науқастанады. Түнгі сағат 3-ке дейін өзін жақсы сезінген, кенет ентігуден оянған. Кеудесінде ауыру сезімі жоқ, бірақ қызғылт қақырықпен жөтел пайда болды. Қарап тексергенде: ТЖ 36 рет/мин, АҚ 200/110 мм сын. бағ., пульсі 110 рет/мин, дене қызуы 380С. Екі өкпесінің төменгі бөліктерінен жауырын деңгейіне дейін ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тарапынан - ат шабысының дүбіріндегі ырғақ. ЭКГ - тахикардия. Рентгенология -жүректің ұлғаюы және екі жақтан да альвеолярлық суреттің күшеюі. Сіздің диагнозыңыз: =пневмониямен асқынған эмфизема =өкпе артериясының эмболиясы =ересектердегі респираторлық дистресс-синдром =сол қарыншаның жедел жетіспеушілігі =гипертониялық криз 58 жастағы ер кісі 4 сағат бұрын басталған жедел миокард инфарктымен жатқызылды. ЭКГ-да қысқа жылдамдақтағы қарыншалық экстрасистолалардың жиілігі көбейіп барады. Тиімді дәрі тағайындаңыз: =амиодарон =флеканид =лидокаин =хинидин =верапамил Науқас, 15 жас, АҚ 200/120 мм сын. бағ. Аяқтарының жансыздануына шағымданады. Қарап тексергенде өте жақсы дамыған кеуде сарайы, кішкене жамбас сүйегі, жіңішке аяқтары назар аудартады. Кеуде сарайының R-графиясында қабырғалардан оюлар көруге болады. Сіздің болжам диагнозыңыз: =қолқа коарктациясы =арнайы емес аортоартериит =Иценко-Кушинг ауруы =саркоидоз =Такаясу ауруы Науқас, 62 жаста, 8 жылдан бері жүрек тұсының ауыруы мазалайды. 400-500 м жүргеннен, 1 қабатқа көтерілгеннен кейін ауыру сезімдері пайда болады және бірнеше минутқа созылып, тыныш күйде және нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылады. Стенокардыяның түрі мен ФК-ын анықтаңыз: =тұрақты стенокардия. ФK II =тұрақсыз стенокардия =тұрақты стенокардия. ФК I =тұрақты стенокардия. ФК III =тұрақты стенокардия. ФК IV Науқас, 53 жаста, 3 айдан бері көбінесе түнде таң алдында пайда болатын, 10-15 минутқа созылатын төс артының ауыру ұстамаларына шағымданады. Физикалық жүктемелерді жақсы көтереді. Науқаста стенокардияның түрі: =тұрақты стенокардия. ФК III =тұрақты стенокардия. ФK II =тұрақты стенокардия. ФК IV =вазоспастикалық стенокардия =алғаш пайда болған стенокардия Науқас, 63 жаста, бір жылдан бері орташа ауырлықтағы физикалық күштемеден кейін жүрек тұсының ауратынын байқаған, соңғы 2 аптада ауыру сезімдері аздаған күштемеден кейін пайда болған. Бүгін ауыру сезімі тыныш күйде пайда болып, 1,5 сағатқа дейін созылды. Нитроглицерин көмектеспеген, салқын тер шығып, жалпы әлсіздік басты. Ұстама басталғаннан 4 сағаттан кейін аймақтық дәрігерді үйіне шақыртты. Сіздің диагнозыңыз: =миокард инфаркты =тұрақты стенокардия. ФK II =тұрақты стенокардия. ФК III =алғаш пайда болған стенокардия =кардиалгия Науқас, 57 жаста, инженер, төс артының бір сағаттан бері қатты ауырып тұрғанына шағымданады. Ауыру сезімі төс артында, қысып және басып тұрғандай сипатта, мойны, төменгі жақ, сол иыққа беріледі, отырған күйде және нитроглицерин қабылдағаннан кейін тоқтамайды, тыныс алумен байланысы жоқ. 10 жылдан бері АҚ 190/110 мм сын. бағ.-на дейін көтеріледі. Объективті: ТЖ 20 рет/мин, өкпесінде сырылдар жоқ. Пульс 80 рет/мин, ырғақты. АҚ-150/90. Басқа өзгерістер жоқ. Осы жағдайда негізсіз тағайындалған зерттеу: =АСТ мен АЛТ зерттеу =12 тіркемедегі ЭКГ =кеуде қуысының рентгенографиясы =қандағы тропонинді зерттеу =ЭхоКГ Науқас 45 жаста, сол қолға берілетін, ұзақтығы 30 минут, нитроглицерин қайта қабылдағаннан кейін басылған төс артының қатты ауыру сезімі пайда болды. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Пульс - 82 рет/мин, АҚ - 130/80 мм сын. бағ. ЭКГ: ырғағы синусты. аVL, V3-5 тіркемелерінде SТ сегменті жоғарылаған, келесі күні - SТ изосызықта. ЖҚА: лейкоцит - 6,8х109/л, ЭТЖ – 12 мм/сағ, АСТ - 0,28, АЛТ - 0,35 ммоль/л. Болжауға болатын ангинозды ұстаманың түрі: =Принцметалл стенокардиясы =тұрақты стенокардия ФK II =тұрақты стенокардия ФК III =инфаркттан кейінгі стенокардия =алғаш пайда болған стенокардия 19 жастағы ер кісі автокөліктің рулінен алған соққысынан алған "Кеуде қуысының жабық жарақаты" диагнозымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Ауруханаға дейінгі кезеңде гипотензиямен тұрақсыз гемодинамика, кеудедегі ауыруы мен ентігу байқалған. Жалпы жағдайы өте ауыр, артериялық гипертензия, аяқ-қолдарының мұздауы, тахикардиясы бар. Науқаста төмендегі асқынулардың дамуын күмәндануға болады, біреуінен басқа: =миокард инфаркты =жүрек тампонадасы =жүрек соғылуы =перикард гематомасы =қолқа қабырғасының ыдырауы АГ бар 49 жасар ер кісі шұғыл терапия бөлімшесіне тыныш күйде кеудесінің қысып ауыруы мен ЭКГ-ның төменгі тіркемелерінде ST сегментінің 4 мм-ге жоғарлауына шағымданды. Бұл белгілер нитроглицерин қабылдағаннан кейін азайды. Жүрек катетеризациясы қалыпты тәж артерияларын көрсеткен, эргоновинмен сынама жасағанда оң жақ тәж артериясының тарылыуы шақырылған. Қазіргі кезде артериялық гипертензия бойынша надолол мен диуретикті қабылдап жүр. Емге енгізілетін өзгерту: =ұзақ әсерлі нитраттар қосу =β-блокаторды алып тастап, кальций антагонистін тағайындау =β-блокатор мөлшерін көбейту =β-блокаторды алып тастап, нитраттарды тағайындау =емді өзгертпей, ұстамалар кезінде нитроглицерин қабылдау Ауыр АГ-ны емдеу үшін қаралған 43 жастағы ер кісіні алғаш қарағанда АҚ 190/120 мм сын. бағ. және тахикардия анықталған. Бірнеше жылдардан бері қайталамалы қорқыныш ұстамаларымен мазалану эпизодтары, терлегіштік, жүрек айну және басының ауруына байланысты психиатрға қаралып жүрген. Бета-блокаторлармен гипотензивті терапия басталды. Бірнеше күннен кейін науқас өкпе ісінуімен, есі кіресілі-шығасылы және АҚ 260/140 мм сын. бағ. ауруханаға түсті. Едәуір болуы мүмкін диагноз: =Феохромоцитома =ауыр дәрежелі эссенциалді гипертония =Кон синдромы =реноваскулярлы гипертония =қолқа коарктациясы Ұзақ уақыттан бері артериялық гипертензиясы бар орта жастағы науқас әйел қазіргі таңда клонидин мен пропранололмен антигипертензиялық ем қабылдап жүр. Клонодиннің жанама әсерлеріне байланысты шағымдар айтады. Дұрыс шара қолданыңыз: =клонидинді диуретикке алмастыру =клонидинді тоқтату және оны кальций каналдарының блокаторына ауыстыру =клонидин мөлшерін біртіндеп азайту немесе β-блокаторды біртіндеп азайтып, оны тоқтату =β-блокатордың мөлшерін көбейту фонында клонидин мөлшерін біртіндеп азайту =клонидинді тоқтату Дилатациялық кардиомиопатияның салдарынан жүректің іркілістік жетіспеушілігі бар науқас АПФ ингибиторларымен ем бастағаннан бір айдан кейін қайтадан қаралуға келді және құрғақ жөтел мазалайды. Сіздің қолданатын шараңыз: =ААФ ингибиторын тоқтату =басқа ААФ ингибиторына ауыстыру =жөтелге қарсы ем тағайындау =ААФ ингибиторын беруді әрі қарай жалғастыру =ААФ ингибиторын АТ II рецепторларының блокаторына ауыстыру Тұрақты күштемелі стенокардиясы бар 64 жастағы науқас изосорбид динитратын 20 мг күніне 2 реттен қабылдағаннан өзін жақсы сезінеді. Жақында ол дәрісінің мөлшерін күніне 4 ретке дейін көбейтті. Артынша стенокардияның күшейгенін байқады. Дәрігер нитраттарға толеранттылық тууы туралы ойлады. Осы жағдайда сіздің қолданатын шараңыз: =тәулігіне 10-12 сағат ұзақтығында нитраттардан бос кезеңді сақтау =нитраттарды кальций каналдарының блокаторларына ауыстыру =нитраттарды тоқтату және β-блокаторларды тағайындау =нитраттар мөлшерін көбейту =нитраттарға β-блокатор қосу Гипертензиясы бар науқас қолқаның жедел ыдырауымен ауруханаға түсті. Қолданылатын шұғыл ем: =натрий нитропруссидін енгізу =ганглиоблокатор енгізу =β-блокаторды көктамырға енгізу =жүрек гликозидтерін енгізу =клонидинді көктамырға енгізу 50 жаста науқаста стенокардия, ФК ІІІ. ЭКГ-да ырғағы синусты, РQ интервалы біртіндеп ұзарып, келесі QRS комплексі түсіп қалады. Науқасқа антиаритмиялық дәрі ретінде қолдануға болмайды: =изосорбид динитраты =верапамил =дилтиазем =нифедипин =пропранолол Сіз таңертеңгі жүгіруден кейін есінен танған 32 жастағы науқасқа қабылдау бөліміне шақырылдыңыз. Осындай талмалар науқаста бұрын болған. ЭКГ-да I, AVL, V2-V6 тіркемелерінде Т сермесі терең инверсияланған. Анамнезінде төс артының ауыруы мен ентігу ешқашан мазаламаған. Ойлауға болатын ауру: =гипертрофиялық кардиомиопатия =дилатациялық кардиомиопатия =миокардит =тұрақты стенокардия =миокард инфаркты Сіз таңертеңгі жүгіруден кейін есінен танған 32 жастағы науқасқа қабылдау бөліміне шақырылдыңыз. Осындай талмалар науқаста бұрын болған. ЭКГ-да I, AVL, V2-V6 тіркемелерінде Т сермесі терең инверсияланған. Анамнезінде төс артының ауыруы мен ентігу ешқашан мазаламаған. Сіздің болжам диагнозыңыз – «Гипертрофиялық кардиомиопатия». Жоғарыда суреттелген науқасқа тағайындалатын қосымша зерттеу әдісі: =допплер-эхокардиография =холтерлік мониторлау =стресс-эхокардиография =коронарография =велоэргометрия Алғаш рет анықталған АГ-мен (150/90 мм сын. бағ. деңгейінде) науқас А., 52 жаста, диагностикалық зерттеу жасалған. Нысана ағзалардың зақымдануын көрсететін белгі: =креатинин 120 ммоль/л =тор қабықтың артерияларының диффузды тарылуы =аш қарынға қант 5,5 ммоль/л =қандағы холестерин 5,9 ммоль/л =ЖТЛП > 1,2 ммоль/л Науқас С., 50 жаста, ұзақ уақыт бронхтық демікпемен ауырады. 3 жыл бойы АҚ-ң жоғарлауына байланысты каптоприл 150 мг/тәул қабылдайды. Соңғы жылы АҚ деңгейі 130/90-140/90 мм сын. бағ. Бұдан басқа төс артындағы ауру сезімдері қосылды, ол стенокардия ретінде қабылданған. Қосымша терапия ретінде тағайындалатын дәрілік препарат: =кальций антагонисті =диуретик =β-адреноблокатор =нитраттар =α-адреноблокатор Науқас, 56 жаста, 2 ай бұрын асқынусыз миокард инфарктіне шалдыққан, физикалық жүктемемен сынама жасалынған. Гемодинамиканың алғашқы көрсеткіштері келесідей болған: АҚ 115/80 мм сын. бағ., ЖСС 74 рет/мин. Сынаманы өткізу барысында оны тоқтатуға негізделген көрсеткіштер пайда болды. Сол белгілердің біреуін көрсетіңіз: =ST сегментінің > 2 мм депрессиясы =АҚ-ның 140/95 мм сын. бағ. дейін көтерілуі =ЖСС-ң 115 рет/мин жоғарылауы =бірлі-жарым қарыншаүстілік экстрасистолалар =Т тісшесінің тегістелуі ААФ ингибиторларымен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң, анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста селқостық, үдемелі ісіну, зәр мөлшерінің азаюы мен дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Науқаста дамыған жағдай: =бүйрек артерияларының тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі =жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясы =несеп шығару жолдары инфекциясының қосылуы =амилоидоз =созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің үдеуі ААФ ингибиторларымен терапияны бастағаннан кейін 10 күннен соң, анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы бар 71 жасар науқаста селқостық, үдемелі ісіну, зәр мөлшерінің азаюы мен дене салмағының 5,5 кг-ға артуына шағымданды. Қан сарысуындағы креатинин мөлшері 480 ммоль/л. Бұл жағдай бүйрек артерияларының тарылуының себебінен жедел бүйрек жетіспеушілігі дамыған деп анықталған. Бұндай жағдайда тағайындалатын ем: =ААФ ингибиторын АТ ІІ рецепторларының блокаторына ауыстыру =кальций антагонистін тағайындау =нитраттардың үлкен дозасын тағайындау =гидралазинді изосорбид динитратымен бірге тағайындау =гемодиализ жүргізу Науқас, 53 жаста, стенокардия клиникасы байқалған, коронарографиялық зерттеу жасалынған. Тәж артерияларында өзгерістер анықталмаған. Сіздің болжамалы клиникалық тұжырымыңыз: =кардиальді Х синдром =науқаста жүректің ишемиялық ауруы жоқ =ЖИA. Варианттық стенокардия =ЖИA. Күштемелі стенокардия. ФК I =кардиальді типтегі нейроциркуляторлы дистония WPW синдромы бар науқас бөлімшеге жүрекшелер жыбыры мен жиіленген қарыншалық ырғағымен түскен. Тұрақты гемодинамика кезінде жедел түрде енгізу қажет препарат: =Прокаинамид =кальций антагонисті =АТФ =дигоксин =β-блокатор 52 жасар науқас трансмуральды миокард инфарктімен ауырған. 2 аптадан кейін субфебрильді дене қызуы, ентігу, буындарының ауруы пайда болған. Қарап тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталған. Аускультативті перикардтің үйкеліс шуылы анықталған. Жағдайының нашарлау себебі: =Дресслер синдромы =созылмалы жүрек жетіспеушілігінің дамуы =плевритпен асқынған пневмония =жүйелі қызыл жегі =бактериялық эндокардит 52 жасар науқас трансмуральды миокард инфарктімен ауырған. 2 аптадан кейін субфебрильді дене қызуы, ентігу, буындарының ауруы пайда болған. Қарап тексергенде плевра қуысында сұйықтық анықталған. Аускультативті перикардтің үйкеліс шуылы анықталған. Инфаркттан кейінгі асқыну - Дресслер синдромы анықталған . Ең тиімді ем: =жоғары дозадағы аспирин немесе преднизолон =ААФ ингибиторлары =антибиотиктер =диуретиктер =диуретиктермен қосарласқан жүрек гликoзидтері |