Главная страница
Навигация по странице:

  • Өңештің төменгі 1/3 бөлігінде вена кеңеюі, қуысқа шығып тұратын +++

  • Фиброзды-кавернозды туберкулез +++

  • Туберкулзді дакроциоцистит +++

  • Лимфоцитер-100 % , Белок -3,5 % +++

  • Өкпенің орталық қатерлі ісігі +++

  • Үлкен көлемдегі кавернамен+++

  • Нейроревматизм +++ Шашыранды склероз 91. 25 жасар әйел аяқтарының жансыздануы

  • Тағамдық токсикоинфекция +++

  • Жатыр мойны радикуломиелопатиясы+++

  • Бүйректік синдроммен геморрагиялық қызба

  • Қапшағай көлінде шомылған

  • Қынаптан алынған L.monocytogenes культурасы +++

  • Антифосфолипидті синдром, венозды вариант +++

  • гос жинак. гос жинак жана 236 сурак. Жедел респираторлы ддистресссиндромы


    Скачать 3.24 Mb.
    НазваниеЖедел респираторлы ддистресссиндромы
    Анкоргос жинак
    Дата11.06.2022
    Размер3.24 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагос жинак жана 236 сурак.docx
    ТипДокументы
    #585163
    страница4 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    Оң жақ төменгі бөліктік абсцедирленген пневмониясы +++

    81. Ұсынылған кеуде торы ағзаларының шолу рентгенограммасы мен томограммасындағы рентгенологиялық көрініс оң жақ өкпенің қандай патологиясына БАРЫНША тән:



    1. Пневмония

    2. Туберкулез

    3. Саркоидоз

    4. Эхинококкты киста

    5. Жоғары бөліктік ателектаз

    82. Ер адам 46 жаста, әлсіздікке, ұйқының бұзылуына, есте сақтаудың төмендеуі, соңғы кезде жазуы өзгеруіне, мұрыннан қан ағуына, көгерулерге шағымданады. Терісі құрғақ, гипо- және гиперпигментация ошақтары, тырнақтары ақ, кеудеде және бетінде телеангиоэктазиялар. Бауыр қабырға доғасы қырынан 1 см шығып тұр. Көкбауыр – 15х8 см. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталады. АЛТ- 28 МЕ/мл, АСТ – 24 МЕ/мл, билирубин 143 мкмоль/л, ПТИ – 45%, жалпы белок – 57 г/л, альбумин – 32 г/л. бауыр эластографиясы– 43 кПа. ФЭГДС қандай нәтиже анықталуы БАРЫНША ықтимал?

    1. Өңештің төменгі 1/3 бөлігінде гиперемия

    2. Өңештің төменгі 1/3 бөлігінде вена кеңеюі, қуысқа шығып тұратын +++

    3. Айқын венозды суретпен асқан шырышты қабатының атрофиясы

    4. кардияға бағытталған, асқазан шырышты қабатындағы гиперемиялық сызықтар

    5. Асқазанның үлкен иінде жаралық дефект

    83. Ер адам 50 жаста, дене температурасының t 37,4°С жоғарлауына, әлсіздікке,тәбетінің төмендеуіне,салмақ жоғалуына,іріңді қақырықты жөтелге.ентігуге шағымданып келді.Инфильтратты туберкулезбен 5 жыл бұрын ауырды.Р-граммада оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде интенсивті күнгірттену,оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің көлемі кішірейген,медиастинадағы мүшелер оңға ығысқан,оң өкпенің тамырлары жоғарыға көтерілген,ошақтар төмен бөлікте орналасқан. Төмендегі диагноздардың қайсысы сайкес келеді?

    1. Инфильтративті өкпе туберкулезі

    2. Фиброзды-кавернозды туберкулез +++

    3. Өкпенің жеделдеу диссеминирлі туберкулезі

    4. Өкпе ұшылық плеврит

    5. Посттуберкулезді цирроз

    84. 28 жастағы әйел терісінің гиперемиясына және оң көзінің ауру сезіміне серозды бөліндіге шағымданды. Өз бетінше емделді. Соңғы 2 аптада жағдайы нашарлады,бас ауру,жас ағу қосылды. Қарап тексергенде:жас агу жолы өтімділігі бұзылмаған,оң көз қапшығы аналасында теріде гиперемирленген инфильтрат және серезды бөліндімен жарық анықталды. төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

    1. Конъюнктивит

    2. Кератоконъюнктивит

    3. Перифериялық увеит

    4. Туберкулзді дакроциоцистит +++

    5. Вирусты кератоконъюнктивит

    85. Әйел 35 жаста, әлсіздікке, дене температурасы t 38,5°С дейін жоғарлауына, кеуденің сол бөлігінің ауру сезіміне, ентігуге бір апта бойы шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын жұбайымен қатынас болған. Қарап тексергенде: кеуденің сол жағы тыныс алуда қалып қояды, жауырын бұрышынан төмен дауыс дірілі естілмейді, перкуторлы дыбыс қысқарған, тыныс алуы әлсіз. Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында- сол өкпенің 4 қабырғасынан диафрагма күмбезіне дейін жоғарғы бояу қанықтығы біртекті күңгірттену көлеңкесі көрінеді, жүрек көлеңкесі оңға ығысқан. Болжамалы диагноз: «туберкулез этиологиялы экссудатты плеврит». Плевральді сұйықтықты зерттегенде нені анықтау ең ықтимал?

    1. Нейтрофильдер-80%, лимфоцитер-20%

    2. Нейтрофильдер-50%, лимфоцитер-50%

    3. Лимфоцитер-100%, Белок -3,5%+++

    4. Нейтрофильдер-50%, Белок-0,33%

    5. Лимфоцитер-50%, Белок -0,25%

    86. Ер адам 60 жаста, жағдайының нашарлауын байқаған, қан түкіру, ентігу, кеуденің оң бөлігінде ауырсыну пайда болған. Анамнезінде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ диагнозымен бұрын ем қабылдаған. Қарап тексергенде: оң бұғана астында үлкейген тығыз лимфа бездері пальпацияланады. Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында: оң өкпенің жоғарғы бөлігі көлемді күңгірттенген. ЭТЖ 65 мм/сағ. 2 ТБ манту сынамасына реакция теріс. Пациентте ең ықтимал қандай диагнозды болжамдайсыз?

    1. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ателектазы

    2. Эозинофильді инфильтрат

    3. Өкпенің орталық қатерлі ісігі +++

    4. Плевропневмония

    5. Оспергиллема

    87. Ер адам 57 жаста, үш жыл бойы өкпе туберкулезімен ауырады. Қақырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке, физикалық жүктемеде ентігудің пайда болуына шағымданады. Аускультацияда оң өкпенің бұғана асты аймағында амфорикалық тыныс естіледі. Туберкулезде кездесетін осындай өкпедегі аускультативті феномен немен байланысты?

    1. Цирроздық өзгерістермен

    2. Үлкен көлемдегі кавернамен+++

    3. Кіші көлемдегі кавернамен

    4. Өкпенің ателектазымен

    5. Экссудатпен

    88. Әйел 46 жаста, іштің оң жағындағы мықын аймағында ауырмсынуға,лоқсуға, іштің қатуына шағымданып келді. Созылмалы колитпен гастроэнторологта қаралып тұрады. ЖҚА: ЭТЖ 32 мм/сағ, басқа көрсеткіштер қалыпты. Кеуде қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенограммасында- өкпенің түбірлерінде пертификат және оң жақ төменгі бөлігінде Гон ошағы көрінеді. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ажырату диагностикасына ең ықтимал?

    1. асқазан-ішек жолдарының ренгенологиялық зерттеу

    2. колоноскопия биопсиясымен +++

    3. шолу рентгенограммасы

    4. фиброгастроскопия

    5. дуаденоскопия

    89. 19 жасар жігітте тұмаудан кейін оң жақ төменгі жағында 2-3 секундқа созылатын ұстама тәрізді ауру сезімі пайда болды. Ұстама сөйлеген, шайнаған, жуынған кезде пайда болады. Неврологиялық статусында: оң жақ V нервтің III тармағының шығатын жерінде, оң жақ ауыз бұрышының шақпақты аймағында ауру сезімі бар. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз. Қай клиникалық диагноз БАРЫНША мүмкін?

    1. оң жақ үшкіл нервінің III тармағының невралгиясы +++

    2. оң жақ жедел бет нервінің невропатиясы

    3. оң жақ үшкіл нервінің I тармағының невралгиясы

    4. оң жақ үшкіл нервінің II тармағының невралгиясы

    5. оң жақ жедел тіласты нервісінің невропатиясы

    90. 16 жасар жасөспірім дене қызуының жоғарлауы, бас ауру, жүрек айнумен бірге бас айналу, эмоционалды өзгергіштікке, кейде галлюцинациялардың болуына шағымданады. Осы жағдай 3 күн бойы мазалайды. Объективті: аяқ-қолдарындағы гиперкинездер, қауысу қитарлық, диплопия, гипергидроз, бұлшықет тонусының төмендеуімен жүретін жеңіл пирамидті жеткіліксіздік. Анамнезінде жиі баспа ауруы. АСЛ-О-220 МЕ/мл. Алдын-ала қойылатын диагноз БАРЫНША қандай?

    1. Нейросифилис

    2. Нейробруцеллез

    3. Гентингтон хореясы

    4. Нейроревматизм +++

    5. Шашыранды склероз

    91. 25 жасар әйел аяқтарының жансыздануына және әлсіздігіне, жүрісінің шайқалуына, 3 күнге созылған жиіленген зәр шығуына шағымданады. Үш жыл көлемінде ауырады, ең бірінші күйзелістен кейін аяғында жансыздану болып 3аптаға созылып кейін өздігінен қайтқан. Бір жылдан кейін аяғында әлсіздік , жүрісінде шайқалу пайда болып гормональды терапиядан соң жазылған. Екі жылдан кейін аяқтарында қайта әлсіздік байқалып, императивтік шақырулар түрінде жамбас мүшелері бұзылыстары пайда болды. Қарағанда: горизонтальды нистагм, төменгі спастикалық парез, мишықтық атаксия, зәр шығаруда императивтік шақырулар. Бас миы МРТ: Бас миының ақ затында көптеген демиелиназацияланған гиперинтенсивті ошақтар. Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?

    1. Бүйірлік амиотрофиялық склероз

    2. Жедел миелит

    3. Сирингомиелия

    4. Шашырнады склероз +++

    5. Гийена-Барре синдромы

    92. 31 жастағы ер адам 9-10 айдан бері жалпы әлсіздік, орнынан жылдам тұрғанда аздап бас айналуына шағымданады. Ер адам 3-4 кг салмағын жоғалтты. Анамнезінде- өкпенің инфильтративті туберкулезі. Дене температурасы 37,0 °С, пульс 86 рет минутына, АҚҚ 100/70 мм.рт.ст. Жалпы қарап тексергенде тері жамылғысы күңгірт, терісінде және алақан терісінде қатпарлар көрінеді. Тексеріс барысында Калий деңгейі жоғарлауы. Диагнозды нақтылау үшін қандай тексеріс маңызды?

    1. Өкпенің КТ зерттеуі

    2. Бүйрек үсті безінің КТ

    3. Бас миының МРТ контрастпен зерттеу

    4. Бүйрек үсті безінің УДЗ???

    5. M.tuberculosis-ке Genexpert

    93. 65 жастағы әйел, АҚ 195/110 мм.сб.б. жарылауы кезінде сөйлеу қабілетінің бұзылуы пайда болып- бірден сөйлемей қалды. Неврологиялық статуста: есі анық, қарашықтары D=S, оң мұрын еріндік қатапры тегімтелген, моторлы афазия, Бабинский симптомы мен бұлшық еттік тонус және сіңірлік рефлекс жоғарлауымен оң жақты гемипарез. Төмендегі диагноздардың қайсысы Барынша мүмкін болып табылады?

    1. Жедел гипертониялық энцефалопатия

    2. Ишемиялық инсульт +++

    3. Транзиторлы ишемиялық шабуыл

    4. Серозды менингит

    5. Геморрагиялық инсульт

    94. 54 жасар әйел оң аяғына берілетін беліндегі ауру сезіміне шағымданады. Айтуы бойынша ауру сезімі ауыр көтергеннен кейін пайда болып, қозғалыс кезінде және бір қалыпта ұзақ уақыт тұрғанда күшейеді. Оң жақ аяған жамбас сан және тізе буындарында бүгіп, сол жағында жатқанда жеңілдік алып келеді. Объективті: арқасы аздап бүгілген қалыпта фиксацияланған, ауру жағына еңкейсе ауырады, паравертебралды бұлшықеттердің айқын кернелуі. Ауру сезімі оң аяғының артқы бетінде табанның 5 саусағына дейін орналасқан. Табанның сыртқы бетінеде сезімталдық төмендеген. Ласег симптома оң жақта оң, Ахилл рефлексі оң жағынан жоқ. Омыртқа бағанының қай бөлігінде патология орналасқан?

    1. Th 12- L1

    2. L1-L2

    3. L5-S1+++

    4. L3-L4

    5. L2-L3

    95. 23 жастағы әйел эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен,лоқсу, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: базардағы асханадан тамақтанған соң 4 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда ішіндегі ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 90̸ 60сын.бағ.бой., пульсі 120 соқ/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».Қай диагноз ең ықтимал?

    1. Амебиаз

    2. Сальмонеллез

    3. Жедел дизентерия

    4. Тағамдық токсикоинфекция +++

    5. Жедел гастроэнтероколит

    96. Ер адам 47 жаста, мойын омыртқасындағы ауру сезімі, қол саусақтарының ауыруы сол жақта көбірек, аяқтарының тырысуы, жүрген кездегі сенімсіздік, зәрінің ұстай алмауына шағымданып келді. Анамнезінде: 1 апта алдын ДТП әсерінен мойын омыртқа жарақатын алған, медициналық көмекке жүгінбеген.Объективті қарап тексергенде : мойын бұлшық еттерінің кернеуі және ауырсынуы. Төменгі аяқтардағы бұлшықет тонусы пирамида түрінде жоғарылаған. Қолдарындағы сіңір рефлекстері төмендеген, аяқтарында жоғары, Бабинский симптомы 2 жағынан да оң. С6, С7 деңгейінен сезімталдықтың өткізгіштік бұзылыстары. Жамбас мүшелерінің қызметі бұзылған. ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

    1. Бүйірлік амиотрофты склероз

    2. Сирингомиелия

    3. Жұлын ісігі

    4. Жатыр мойны радикуломиелопатиясы+++

    5. Жұлын амиотрофиясы

    97. 40 жасар ер адам ауруының 3 күні орташа ауыр жағдайда пневмонияға күдіктеніп түсті. Жедел ауырды, t 38,5°-39°С. Пневмония рентгенологиялық анықталмады. Ауруының 5-ші дене қызуы түсе бастады, бел аймағында ауоһру сезімі, бұғана аймағында бірен-сараң геморрагиялар пайда болды. Бір рет мұрыннан қан кету болды. 4-5 күні кіші дәреті сирек бола бастады, жалпы жағдайы нашарлады. БҚО Теректі ауданында ағаш дйаындаушы болып жұмыс жасайды. Қандай диаггноз барынша болуы мүмкін:

    1. Тұмау

    2. Бүйректік синдроммен геморрагиялық қызба +++

    3. Лептоспероз

    4. Іш сүзегі

    5. Жедел пиелонефрит

    98. 48 жастағы әйел адам, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына , аяқ бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы – 38,9ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, көз склералары субиктериялы. Денесі мен қолдарында петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері улкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары. Ең ықтимал диагноз кандай?

    1. Иерсиниоз

    2. Бруцеллез

    3. Лептоспироз +++

    4. Вирусты гепатит

    5. Геморрагиялық васкулит

    99. 22 жасар ер адам ауыр жағдайда t 40°С, бас ауруға, көп реттік құсуға, әлсіздікке, денесінің ауыруына шағымданып түсті. Жедел ауырды, ауруының бірінші күнінде табаны, балтыры, санында айқын, бір-біріне бірігетін геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм.сб.б., пульс 100 рет минутына. ЖҚА: лейкоциттер 20*10/л, т/я 9%, жас 3%, миелоциттер 2%,ЭТЖ 40 мм/сағ. Кезекші дәрігермен тағайындалған емнен кейін жағдайы нашарлады. Дәрігерлік тағайындауда қандай қателік барынша жіберілуі мүмкін?

    1. Баралгин б/і

    2. Пенициллин б/і +++

    3. Трисоль тамшылатып т/і

    4. Глюкоза 5% тамшылатып т/і

    5. Аскорбин қышқылы 5% т/і

    100. 26 жастағы әйел, жүктілік 20-21 апта, ауырланған акушерлік анамнез (өз бетінше 2 рет жүктіліктің үзілуі). Жоспарлы УДЗ скринингте-қағанақ суының көптігі. ЖҚА: эритроциттер 4,5*1012/л, Hb 123 г/л, лейкоциттер 5,6*109/л, ЭТЖ 17 мм/сағ. Қынап жақпасында- лейкоциттер 15-16 к/а. Листериозға ИФТ- IgG. РПГА – листериозға қарсы антидене титрі 1:100. Қынаптың шырышты бактериологиялық анализінде- L.monocytogenes. Диагнозы бойынша қандай мәліметтер барынша диагностикалық құндылығы бар?

    1. Акушерлік анамнез мәліметтері

    2. Қынаптан алынған L.monocytogenes культурасы +++

    3. Қынаптағы микроскопиялық зерттеудегі қабынулық өзгеріс

    4. ИФТ спецификалық листериозды IgG анықталуы

    5. РПГА- листериозға қарсы антидене титрі 1:100 анықталуы.

    101. 63 жастағы әйел ентігуге, дене қызуының 38.0º дейін жоғарлауына, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып түсті. 2 күн бұрын ЖРВИ фонында ауырған. Объективті: терісі ылғалды,бозғылт, тырнақтары барабан таяқшасы тәрізді.АҚҚ 130/90 мм.с.б., ЖСЖ – 88 рет мин, ТЖ – 18 рет мин. Әлсіз тыныз фонында сол жақтың төменгі бөлігінде ылғалды майды көпіршікті сырылдар естіледі. Пульсоксиметрия – 88%. Рентгенограммада: қабырғалары горизонтальды орналасқан, қабырға аралықтары кеңіген, өкпе түбірі кеңейген, фиброзды және қантамырлық компоненттердің есебінен өкпе суреті күшейген, сол өкпенің төменгі бөлігінде инфильтратты қосылған көлеңкелер бар. Сіздің емдеу тактикаңыз?

    1. Ципрофлоксацин

    2. Клиндамицин

    3. Цефтриаксон +++

    4. Метронидазол

    5. Ампициллин

    102. 47 жастағы ер кісі шырышты іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, дене қызуының 38.6ºдейін жоғарлауына,әлсіздікке,айқын тершеңдікке шағымданып түсті. Анамнезінде:ЖИА, қант диабеті 2 типі. Объективті: терісі ылғалды, бозғылт, балтырда – трофикалық жара. АҚҚ 150/100 мм.с.б., ЖСЖ – 92 рет мин, ТЖ – 20 рет мин. Қатаң тыныс фонында жоғарғы бөліктерінде шашыранды құрғақ сырылдар, оң және сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. Пульсоксиметрия – 88%. ЭКГ: ST V3-6 қиғаш төмендеген депрессиясы. Науқастың жағдайының нашарлауын алдын алу үшін бірінші кезекте нені жасау БАРЫНША маңызды?

    1. Кислородотерапия +++

    2. Инсулинотерапия

    3. Нитроглицеринді т/і енгізу

    4. Антибактериальды терапияны бастау

    5. АҚҚ төмендету – гипотензивті препаратты енгізу

    103. Ер кісі 40 жаста, «Криоглобулинемиялық васкулит» диагнозымен стоционарда ем алуда. 2 сағат бұрын аяқ астынан жедел ентігу, әлсіздік, жүрек айну пайда болды. Езекші дәрігер АҚҚ өлшеді – 150/95 мм. с,б. Эуфиллинмен тамшылатып енгізу тағайындады,осыдан кейін АҚҚ 90/60 мм.с.б дейін төмендеді, 1,5 сағатта ентігуі жойылды. Келесі күні Д-димер жасалды – 1,34 мг/л (қалыптыда 0,5). Науқаста бұрын балтыр бұлшықетінде ауырлық және тартылу сезімі болған. Төмендегі аталғандардың қайсысы дамыған асқынудың себебі болып табылады?

    1. Гипертониялық криз

    2. Бронхиальды демікпенің ұстамасы

    3. Өкпелік васкулитпен шақырылған обструктивті синдром

    4. Антифосфолипидті синдром, венозды вариант +++

    5. Жүйелі васкулит кезіндегі пульмонит

    104. 56 жастағы ер кісі ақшыл сұр түстен сарғыш жасылға дейінгі қақырық түсімен, іріңді шырышты қақырықты жөтелмен шағымданып келді. Жөтел 3жыл көлемінде мазалайды. 35 жыл көлемінде күніне бір қораптан шылым тартады. Спирометрия: ӨӨС (ЖЕЛ) – 78%, ФДШК1 (ОФВ1) – 69%. Сальбутамолмен ингаляциядан кейін – ФДШК1(ОФВ1) – 72%. Базисті препарат?

    1. Будесонид

    2. Фенотерол
    3. 1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта