Главная страница
Навигация по странице:

  • Жедел респираторлы ддистресс-синдромы+++

  • Категория D +++

  • Экссудативті плеврит +++

  • Pneumocystis carini +++

  • Тромболитикалық терапия жасау+++

  • Офлоксацин +++ Ровамицин Азитромицин+++

  • Инфекциялық-токсикалық +++

  • Метилпреднизолон+++ Сальбутамол +++

  • Кортикостероидтаарды пневмонияны емдегенше енгізуге болмайды+++

  • Жедел аллергиялық реакцияның кеш фазасы+++

  • Тұрақты кардиостимуляция +++

  • Сол қарыншаның аневризмасы +++

  • P тісшесі жоқ, II, III. аvF шықпаларында f толқындары, R-R аралығы әртүрлі +++

  • Жедел миокардит, ҚЖ2А +++

  • Инфекционды эндокардит +++

  • Біріншілік тері арқылы араласу +++

  • гос жинак. гос жинак жана 236 сурак. Жедел респираторлы ддистресссиндромы


    Скачать 3.24 Mb.
    НазваниеЖедел респираторлы ддистресссиндромы
    Анкоргос жинак
    Дата11.06.2022
    Размер3.24 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлагос жинак жана 236 сурак.docx
    ТипДокументы
    #585163
    страница1 из 9
      1   2   3   4   5   6   7   8   9

    1. Ер адам 67 жаста қызба 39,2 С, ауруының 5 ші күнінде ентігумен түсті, сатурация -72%. Қанда- тромбоцитопения және лимфопения. Биохимиялық талдауда- АЛТ – 48МЕ, АСТ 122 МЕ, ЛДГ -1800, мочевина- 12ммоль/л. Фибриноген – 6,2 г/л. ПТР бронхиальды лаважда SARS-CoV-2 анықталды. COVID-19 қандай асқынуы науқаста жоғары болуы мүмкін?

    1. Жедел респираторлы ддистресс-синдромы+++

    2. Инфекциялық-токсикалық шок

    3. Сепсис

    4. Жедел миокардит

    5. Жедел бүйрек зақымдануы

    2. Ер адам С. 65 жаста, экспираторлық сипаттағы ентікпеге, таңғы мезгілде көбірек болатын қақырықты жөтелге шағымданады. 50 жылдан бері тәулігіне 2 қорап темекі шегеді. Жер астындағы жұмыс өтілі 40 жыл. ӨСОА жылына 3 рет қайталанады. Обьективті тексеруде: өкпеде әлсіреген везикулалық тыныс, тыныс шығаруы ұзарған, жылдамдатылған тыныс шығаруда жекелеген құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 24 рет. SaO2 89%, ЖЖЖ минутына 102 рет, АҚ 110/60 мм сынап бағаны. ҚЖТ: гемоглобин 168 г/л, эритроциттер 5,8*1012 /л, тромбоциттер 320,0*109/л, лейкоциттер 10,8*109/л. Спирография: ЖТК1 (ОФВ1) 35%, ЖТК1/ЖӨТС(ФЖЕЛ) 60%. CAT 12 балл, mMRC 3 балл. Кеуде қуысы ағзаларының КТ: өкпе түбірінің деформациясы, өкпе суретінің әлсіреуі. Науқаста ӨСОА-ның қандай категориясы?

    1. Категория A

    2. Категория B

    3. Категория C

    4. Категория D+++

    5. Категорияны бағалау үшін өкпе гипертензиясы дәрежесін анықтау қажет

    3. 52 жасар ер адам сары түсті көп емес мөлшердегі тұтқыр қақырығы бар жөтелге, инспираторлы сипаттағы ентігу, t 39 °C, терең тыныс алғанда және жөтелгенде күшейетін кеуде торының оң жақ бөлімінің ауру сезіміне, жалпы әлсіздік, тәбетінің жоғалуына шағымданып келді. 6 күн ауырып келеді, үйде Аспирин және Бисептол қабылдаған. Өкпеде қатаң тыныс, айқын ұсақ-көпіршікті сырылдар, жауырын бұрышынан төмен оң жақтан тыныс естілмейді. Жүрек үндері тұйықталған, ТАЖ 24 рет мин., пульс 98 рет мин., АҚ 110/70 мм.сб.б. Науқаста БАРЫНША қандай асқыну дамыды?



    1. Құрғақ плеврит

    2. Плевра эмпиемасы

    3. Бауырастылық абсцесс

    4. Экссудативті плеврит +++

    5. Кенеттен дамыған пневмоторакс

    4. 26 жасар ер адамды бір жыл көлемінде жиі тұмаурату, 3-4 эпизодты ернінде ұшық шығу, жиі іс сапарға шығып, жалпы тамақтану орындарында тамақтану мен байланыстырып отырған кезеңді түрдегі диарея мазалайды. 1 ай ішінде t 38 °С, құрғақ жөтел және үдейе түскен ентігу. Обьективті: ерін цианозы. ТАЖ 34 рет мин., ЖСЖ 122 рет мин., pO2 70 мм.сб.б. Өкпеде қатаң тыныс, бірлі-жарымды құрғақ сырылдар. Анамнезінен: үйленбеген, жыныс серіктесін жиі ауыстырады, темекі шегеді, ішімдік, есірткі қолданбайды. Төменде аталған қоздырғыштардың қайсысы БАРЫНША науқас жағдайының нашарлауына алып келген?



    1. Pneumocystis carini+++

    2. Klebsiella pneumonia

    3. Staphylococcus aureus

    4. Legionella pneumophilla

    5. Streptococcus pneumonia

    5. Пневмонияға байланысты ем қабылдаған 72 жастағы науқаста динамикада жалпы жағдайы жақсармаған, әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, кеуде аймағындағы ауру сезімі үдеп келеді. Бақылау компьютерлік томографиясында жоғары тығыздықты біркелкі емес жиекті, сәулелік контурлы ошақ анықталды. Қандай қақырық цитологиясы БАРЫНША тән?



    1. Грам-теріс қышқылға тұрақты бациллалар

    2. Асбестік денешіктер

    3. Атипті жасушалар +++

    4. Нейтрофилдер

    5. Кандидалар

    6. 77 жастағы ер адам шырышты іріңді қақырығы бар жөтел, тыныштықтағы айқын ентігу, қызба 37,8 °С, әлсіздік, айқын терлегіштікке шағымданады. Анамнезінде: СОӨА, ЖИА. Өкпенің жағарғы бөлігінде қатаң дыбыс фонында аздаған шашыраңқы құрғақ сырылдар, екі өкпенің төменгі бөлімінде ылғалды майда көпіршікті сырылдар есіледі. Пульсоксиметрия- 78%. ЭКГ – қиғаш қисықты депрессия ST V3-6. Қарқынды терапия бөлімшесіне госпитализацияяланды. Науқастың жағдайын күрт төмендететін асқынуды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

    1. Қанның газдық құрамын

    2. Креатинин және мочевина деңгейін тропонин деңгейін

    3. Тропонин деңгейін +++

    4. Гликемия деңгейін

    5. АЛТ және АСТ деңгейін

    7. Әйел адам 56 жаста, ӨОСА бойынша стационарлық ем алып жатып, кенет ентігу, әлсіздік, жүрек айну шағымдарымен кезекші дәрігерге барды. Кезекші дәрігер АҚ өлшеді – 150/95 мм.рт.ст., жағдайын астмалық ұстама деп бағалап, Эуфиллин тағайындады. Алайда науқастың жағдайы нашарлап, мойын тамырлары ісінді. Бір күн бұрын науқас аяқ бұлшық етінің тартылуы мен ауруын байқаған. Науқастың жағдайын жақсарту мақсатында қандай ісшара жасау қажет?

    1. Бронхолитикалық терапия

    2. Гипотензивті препараттарды енгізу

    3. Тромболитикалық терапия жасау+++

    4. Кортикостероидты үлкен дозада енгізу

    5. Ұзақ әсерлі бета-миметиктерді енгізу

    8. 74 жастағы ер кісі жан сақтау бөліміне ұласқан төс артындағы ұстамамен,айқын ентігумен, ауа жетпеу сезімімен жеткізілді. Объективті: ортопное қалпы, ауаны ауызбен «ұстау», сықырлы тыныс,қызғылт көпіршікті қақырық анықталды. Жүрек тондары тұйық, галоп ритмі, ЖСЖ 110 рет мин. АҚҚ 180/110 мм.с.б. Өкпенің барлық алаңында ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ЭКГ: Қандай асқыну дамыды?



    1. Демікпелік статус

    2. Жүректік астма

    3. Жедел респираторлы Дистресс-синдромы

    4. Өкпе ісінуі +++

    5. Екі жақты пневмония

    9. Әйел адам 63 жаста, суықтаған соң жедел ауырды, ҚД 2 типімен ауырады, Глюкофаж қабылдайды, 4 күн ештеңе ішпеді, бұлшық, іштің ауруына шағымданады, АҚ 130/90 мм.рт.ст., ЖСЖ -88 рет мин., ТАЖ-18 рет мин. Тынысы Куссмауля, әлсіреген тыныс фонындаекі өкпенің төменгі бөлігінде майды көпіршікті сырылдар естіледі. Пульсоксиметрия-88%. Рентгенограммада: фиброзды және тамырлы компонентінің есебінен өкпе суретінің қатаюы, өкпенің төменгі бөлігінде инфильтратты көлеңкелер мен диструкциялық өзгерістер. Емдеу тактикаңыз?

    1. Офлоксацин +++

    2. Ровамицин

    3. Азитромицин+++

    4. Метронидазол

    5. Гентамицин

    10. 60 жастағы әйел бүйрек тас ауруына байланысты ем қабылдаған. Анамнезінде қант диабеті 2 тип, ЖИА, АГ, новокаинға есекжем. Бір күн бұрын бүйректегі тасты алып тастау және оң жақ несеп ағарды стенттеу операциясы жасалған. Операциядан кейінгі стандартты антибактериялды терапия тағайындалған. Таңертең медбике препаратты б/е енгізді, алайда дәрігердің тағайындауында препараатты т/і енгізу керек еді. 30 минуттан соң айқын ентігу, ортопноэ, дистантты құрғақ сырылдар. АҚ – 160/95 мм.сб.б. 60 мг преднизолон және 5 мл эуфиллин ерітіндісі еенгізілді. Бір сағаттан соң науқас жүрек қантамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Науқасқа ұандай антибиотик енгізілген?

    1. Цефтриаксон+++

    2. Ампициллин

    3. Ципрофлоксацин

    4. Гентамиццин

    5. Доксициклин

    11. Әйел 40 жаста. Ибупрофинмен инъекциядан соң 10 мин кейін жедел әлсіздік, бас айналу, тері жабындысының бозаруы пайда болды. Дем алудың қиындауы және арқа мен кеуденің тері жабындысында уртикарлы бөрітпелер пайда болды. АҚҚ -70/55мм.сб.б. Жедел көмекті қандай препаратттан бастау қажет?

    1. Допамин

    2. Эпинефрин +++

    3. Преднизолон

    4. Супрастин

    5. Эуфиллин

    12. Әйел 32 жаста, бір апта бұрын ет кескенде саусағын кесіп алған, кейін жарасы іріңдеген, қызба пайда болып, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Температурасының жоғарлауы және қалтырауына байланысты жедел жәрдем шақырған, оған Ибупрофен берген, бір сағат көлемінде дене қызуы түскен. Тағы да бір сағаттан соң әйелде қатты әлсіздік және жүрек айну, бас айналу пайда болды. Қайтадан жедел жәрдем шақырылды, АҚ - 70/50 мм.сб.б., преднизолон, димедрол, адреналин және физ.раствор қойылды. Науқасты стационарға жатқызған. Науқас бір аптадан соң сепсистен қайтыс болды. Науқаста шоктың қай түрі дамып, стационарға жатқызуға себееп болды?

    1. Анафилактикалыық

    2. Инфекциялық-токсикалық +++

    3. Гиповолемиялық

    4. Септикалық

    5. Кардиогенді

    13. 45 жастағы әйел ентігудің өршуіне шағымданып, шұғыл жағдайда түсті. Обьективті: ортопноэ, тыныс алу актісіне қосымша бұлшық еттер қатысады, тыныс шығарудың ұзаруы мен қашықтықты құрғақ сырылдар естіледі. Парциальді қысым О2- 66 мм.сб.б. кислородотерапия бастаған. Осы жағдайда шұғыл терапияның келесі қадамы қандай?

    1. Метилпреднизолон+++

    2. Сальбутамол +++

    3. Салметерол т/і

    4. Эуфиллин т/і

    5. флюнисолидты ингаляционды

    14. Әйел адам 44 жаста терапия бөлімшесіне 38 °С қызбамен, экспираторлы ентігумен, шырышты-іріңді қақырықты жөтелмен түсті. Обьективті: ортопноэ, тыныс алу актісіне қосымша көмекші бұлшық еттер қатысады, барлық алаңдар үстінде ысқырықты сырылдар. Кеуде қуысы мүшелері Р-граммасында: оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде инфильтративті қараю. Осы жағдайда кортикостероидтар жағынан қандай тактика қолданған жөн?

    1. Тез арада кортикостероидтарды т/і құю

    2. Будесонид және флюнисолидпен ингаляция тағайындауға болады

    3. Дипроспан б/і енгізу, ары қарай будесонид ингаляциялық

    4. Кортикостероидтаарды пневмонияны емдегенше енгізуге болмайды+++

    5. Антибиотиктарды бастау, преднизолон т/і тәулігіне 2-3 рет қосу

    15. Қыз бала 29 жаста. Кетональды қабылдау кезінде тыныс алудың қиындауы, айқын әлсіздік және бас айналу пайда болды. Оқиға кезінде келген жедел жәрдем бригадасы 120 мг преднизолон мен NaCL ерітіндісін көктамыр ішіне енгізді. Екінші күні-тағы тыныс алу қиындауы пайда болып, ауруханаға жатқыздырылды. Науқаста аллергиялық реакцияның екінші рет қайталану себебін көрсетіңіз?

    1. Паникалық атака

    2. Истерия

    3. Жедел аллергиялық реакцияның кеш фазасы+++

    4. Баяу түрі бойынша аллергиялық реакция

    5. Бронхиальды астманың созылмалы ауру түрінде болуы

    16. Ер кісі 67 жаста. Тыныштықта (үйінде теледидар алдында) 20-30 секундқа (әйелінің айтуы бойынша) есін жоғалтқан. Естен тану ешқандай құрысуларсыз және алдын ала белгілерінсіз болды.

    Анамнезінде - 2 рет миокард инфарктын өткерген, 180 м жүргнеде ентігу пайда болады, қант диабеті 2 типті. Объективті: АҚҚ 128/70мм.с.б, ЖСЖ 72 рет мин, ортоклиностатикалық сынама теріс,тобықтары ісінген. Глюкоза деңгейі – 4,8 ммоль/мл. Холтерлік мониторлеуде анықталды (фото): Қандай тактика?



    1. Уақытша кардиостимуляция

    2. Тұрақты кардиостимуляция +++

    3. Кардиовертер-дефибриллятор

    4. Амиодарон

    5. Аденозин

    17. Әйел адам 64 жаста тыныс алу қиындауы және жүрек тұсындағы ауру сезімімен жедел түрде келіп түсті. Науқас мәжбүрлі қалыпта-алдына қарай еңкейіп отырған науқасқа жеңілдік алып келеді. Анамнезінде – созылмалы бүйрек ауруы, қантты диабет 2 тип, диабеттік нефропатия. ЖСЖ- 135 рет минутына, АҚҚ 80/55 мм.рт.ст. Жармалық көк тамырлардың ісінуі, дем алғанда кәрі жілік артериясынан пульстің жоғалуы, ісіктер. Аускультативті- өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар, жүрек тондарының естілмеуі. Дамыған асқынуды тексеру үшін қандай зерттеу қажет?

    1. Эхокардиограмма+++

    2. Орталық венозды қысымды өлшеу

    3. Электрокардиография

    4. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

    5. Пульсоксиметрия

    18. Ер адам 66 жаста. Жағдайы ауыр халде, қалтырау, қызба 38,7 °С, ентігумен ауруханаға түсті. Өзін 1 аптадан бері науқаспын деп есептейді. Анамнезінде қантты диабет 2 тип, гипотиреоз. АҚҚ- 150/80 мм.рт.ст. ЖСЖ-136 рет минутына. Коньюктивада, тырнақ төсемелерінде майда геморрагиялар. Өкпенің төменгі аймағында сықырлар естіледі. 2 есту нүктесінде диастолалық шу естіледі. Көкбауыр- 15*9 см. Қандай зерттеу диагнозды айқындайды?

    1. Эхокардиография+++

    2. Кеуде қуысы ағзаларының КТ

    3. Электрокардиография

    4. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

    5. Гликирленген гемоглобин

    19. 38 жасар әйел, жүректің шалыс қағуы, жиі соғуы, ауа жетпеу сезімі, айқын тершеңдік, салмақ тастау шағымдарымен келіп түсті. Тексергенде Ұстама кезінде ЭКГ: қандай зерттеу басынша оңтайлы?

    1. ТТГ, Т3 және Т4 +++

    2. Қалқанша без УДЗ

    3. ЭхоКГ

    4. ЛГ және ФСГ деңгейі

    5. ТПО және ТГ антиденелер деңгейі

    20. 63 жастағы ер кісі трансмуральды миокард инфарктысымен стоционарда ем қабылдап жатыр. Ауру басталғаннан кейін 2 аптадан соң мына симптомдар пайда болды: жүрек шекарасы солға кеңеюі, сол жақта 3-4 қабырға аралықта прекардиальды пульсация, жүрек ұшында систолалық шум. Қайталап түсірген ЭКГ- да динамика жоқ. АҚҚ 130/90, пульс 80 рет минутына.

    Қандай асқыну дамыды?



    1. Сол қарыншаның аневризмасы +++

    2. Қайталамалы миокард инфарктісі

    3. Дресслер синдромы

    4. Емізікше бұлшық еттің жыртылуы

    5. Дилятационды синдром

    21. Ер кісі 68 жаста. Соңғы 2 жылда жүрек жұмысының ретсіз болуы, жүрек соғысының жиілеуі пайда болды. Анеамнезінде 15 жылдан бері артериальды гипертензия 2 дәрежесі және ЖИА.Жүрек аускультациясында: ритмі дұрыс емес, периодтыыы түрде, жүректің жиырылу жиілігі 100 рет мин, пульс-86 рет мин., тұрақсыз. ЭКГ-ны қарағанда қандай өзгеріс күтуге болады?

    1. P тісшесі жоқ, II, III. аvF шықпаларында f толқындары, R-R аралығы әртүрлі +++

    2. Кезектен тыс QRS комплексі және компенсаторлы пауза

    3. Р тісшесінен кейін QRS комплексінің кезеңді түсіп қалуы

    4. Жіңішке QRS алдында Р тісшесі, R-R аралығы бірдей

    5. QRS алдында Р тісшесі, R-R аралығы бірдей, Т тісшесі теріс

    22. Қыз бала 25 жастағы қыз бала айқын ентігуге,әлсіздікке,аз физикалық жүктемеде болатын ентігуге,тобықтың ісінуіне,жүрек қағуына шағымданады. 2 апта бұрын ЖРВИ ауырған. Объективті:бозарған, тобығында ісіну. Аускультацияда: өкпесінде – төменгі бөлігінде крепитация,жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында басқа жерге таралмайтын систолалық шум естіледі. ЖСЖ 110рет мин, АҚҚ 100/70 мм.с.б. ЭКГ (фото). Қан анализінде – ЭТЖ – 25 мм/сағ. Қандай диагноз?



    1. ЖРЛ(ОРЛ), ревмокардит, ҚЖ1

    2. Дилятационды кардиомиопатия, ҚЖ2А

    3. Жедел миокардит, ҚЖ2А +++

    4. Жүйелі кардит

    5. Созылмалы миокардит, асқынуы

    23. Ер кісі 34 жаста, дене қызуыны 39,0ºС дейін көтеріліп, қалтырап,тер басып ауыр жағдайда түсті. Қарап тексергенде терісі «сүт қосылған кофе» түстес, конъюнктиаваның өтпелі қабатында петехиялар,тырнақ астында сызықты геморрагиялар.Алақанның,саусақтардың,табанның теріс мен тері саты қабатында бұршақ тәрізді ауыратын,қызыл түзілістер. ЖСЖ – 120 рет мин, АҚҚ 105/60 мм.с.б.Аускультацияда жүрек ұшында систолалық шум естіледі. Қандай диагноз?

    1. Инфекционды эндокардит +++

    2. ЖСРА, митральды қақпақшаның жеткіліксіздігі

    3. Жүйелі қызыл жегі, кардит

    4. Түйінді периартриит, коронарит

    5. Стилл синдромы, кардит

    24. 54 жастағы ер кісі шұғыл жағдайда жеткізілді, бір сағат бұрын сол қолға берілетін төс артындағы қарқынды ауру сезімі пайда болып, өрши түскен. Қарап тексергенде: жүрек тндары тұйықталған,ырғағы дұрыс.ЖСЖ – 98рет мин. АҚҚ – 90/60 мм.с.б. ЭКГ: Аталған шаралардың қайсысы БАРЫНША бағытталған?



    1. Тромболизис

    2. Ауру сезімін жою

    3. Дезагрегантты терапия

    4. Антикоагулянтты терапия

    5. Біріншілік тері арқылы араласу +++

    25. 42 жасар ер адам. 15 жыл бұрын ауырып, омыртқаның кеуде бөлімінде, бел-сегізкөз бөлімінде ауру сезімдері пайда болды. Қазіргі уақытта- кеуде торы экскурссиясының шектелуі, Шобер сынамасы – 3см, Форестье сынамасы -3 см. Тексергенде аорта қақпақшасында 2 дәрежелі регургитация анықталды. АҚ- 150/60 мм.сб.б. Қандай диагноз барынша болуы ықтимал?

    1. Бейспецификалық серонегативті спондилоартрит және люпус-мезаортит

    2. Спондилоартрит және аортит белгілерімен созылмалы бруцеллез

    3. Бейспецификалық сероневативті спондилоартрит және ЖСРА, аорта қақпақшасының жетіспеушілігі
    4.   1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта