воп. Красным берилгени бирдей жауабы артурли надо посмотреть поискать
Скачать 2.53 Mb.
|
***45 жастағы әйел, күндізгі дене жүктемесінен соң пайда болған қарқынды бас ауруымен, жүрек айну және қайталама құсумен ауруханаға жеткізілді. Ауырғанға дейін өзін сап-саумын деп есептеген. Қарап тексеру кезінде: санасы айқын, артериалды қысымы – 160/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 70, ырғағы дұрыс, көзі қарығады, мойын бұлшықеттерінің сіреспелілігі, жартылай салдану және басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ. Ең ықтимал қандай диагноз?// Ми инфаркты// Субарахноидалды қан құйылу// +Жедел менингит// Транзиторлы-ишемиялық шабуыл// Дискогенді радикулопатия *** 20 жастағы ер адамда, соңғы 5 жол бойы бірнеше секунд ішінде жағымсыз иіс сезімінен басталатын есінен танып қалу ұстамасы пайда болды. Есінен танып қалу, аяқ-қолдарындағы үндескен және клонусты құрысу, тіл тістемі және зәрі тоқтамау. Ұстама бірнеше минут бойына жалғасады, ұстамадан кейін әдетте бас ауруы мазалайды, талма кезіндегі оқиғалар науқастың есінде жоқ. Бастапқыда талмалар жарты жылда бір рет болса, соңғы жылы олар айына бір ретке дейін жиілеп кетті. Қарап тексеру кезінде неврологиялық статуста өзгерістер байқалмады.// +Генерализацияланған қояншық талма// Идиопатиялық эпилепсия// Қамығулар// Қояншық ұстамасы// Кіші құрысу талмасы ***36 жастағы пациент түнгі уақытта күшейетін үдемелі бас ауруына, сондай-ақ жүрек айну, ауырсынумен құсуларға шағымдарымен келді. Анамнезінде – 4 жыл бұрын сифилис бойынша ем қабылдаған. Неврологиялық статусында нағыз Аргайл Робертсон белгілерінің кешені, сол жақ бетінің асимметриясы, орталық тип бойынша жеңіл сол жақтың гемипарезі, гемигипестезия. Бас миының МРТ- сы жасалды, ми оң жақ жарты шарлардың конвекцитальды бетінің (сурет) көлемді құрылымы. Қанында оң Вассерман реакциясы. Ең ықтимал қандай диагноз?// Нейробруцеллез// Созылмалы серозды менингит// +Нейросифилис// Ишемиялық инфаркт// Бет жүйкесінің невриті ***42 жастағы пациент, оң қолындағы ұдайы құрысуларға шағымданып келді, құрысулар оқтын-оқтын күшейіп тұрады және науқас есінен танып қалады. Анамнезінен: тайгада болған кезінен кейін дене қызуының көтерілуі және қол бұлшық еттерінің әлсіреуі дамуымен жедел инфекцияға шалдыққан. Қарап тексеру кезінде: бас сүйек жүйкесі жағынан IX, X, XI және XII бас сүйек жүйкелерінің перифериялық жартылай салдану белгілері. Қолдарының күші 3 баллға дейін төмендеген, олардың айқын солуы. D>S тізе рефлекстерінің анизорефлексиясы, 2 жақтан патологиялық табан рефлекстері. Тексеріп қарау кезінде оң қолында үздіксіз бұлшық еттің құрысуымен гиперкинезі байқалды. Ең ықтимал қандай диагноз?// Менингоэнцефалит// +Кене энцефалиті// Нейроревматизм// Паркинсонизм синдромы// Ұмытшақтық склерозы ***52 жастағы әйел адам, миастениямен азап шегеді, аяқ-қолдары бұлшық еттерінің әлсіреуінің үдеуіне байланысты, дәрігердің кеңесінсіз калимин мөлшерін тәулігіне 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін көбейткен. Осның салдарынан ішінде ауырсынулар және күшті сілекейдің бөлінуі пайда болған, аяқ- қолдарындағы әлсіздік үдеген. Тексеріп қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, артериалды қысым 80/40 мм сын. бағ., тамыр соғысы – минутына 42, тыныс алуы минутына 25-ке дейін жиілеген, қарашықтары қысаң,симметриялы, аяқ-қолдарының күші 4 баллға дейін төмендеген, сіңір рефлекстері төмен.// +Миастениялық криз// Тимома// Холинэргиялық криз// Ишемиялық инсульт// Субарахноидалды қан құйылу *** Науқас оң білегіндегі әлсіздікке шағымданады. Бақылаған кезде: білезік пен саусақ бүгушілердің күші нольге тең, бұлшық ет тонусы түскен, оң жақтағы карпорадиальды және шынтақ-бүгу рефлекстері жоқ. Білезік пен саусақтарды бүгу мүмкіндігі бар. Топикалық диагноз қойыңыз:// Оң жақтағы кеуде бөлігіндегі жұлынның жарты бөлігінің зақымдануы// +Оң жақтағы перифериялық нервтің зақымдануы// Оң иық өрімінің зақымдануы// Оң жақтағы алдыңғы орталық қатпардың зақымдануы// Сол жақтағы ішкі капсуланың зақымдануы *** Науқаста келесі симптомдар анықталған: бұлшық ет сіреспелігі, брадикинезия, ахейрокинезия, пропульсия, брадилалия, парадоксальды кинезия, білезік пен бастағы ұсақ ритмді діріл, брадипсихия. Бұл синдром қалай аталады:// Мишық атаксиясы// Джексон синдромы// +Акинетикалық-сіреспелі синдром// Гиперкинетикалық-гипотоникалық// Тетраплегия *** Науқаста екі жақ бойынша ДIV-ДVII дерматомдары шегінде ауырсыну және температуралық сезімталдық бұзылуы байқалады. Науқаста сезімталдық бұзылуының қай түрі көрсетілген:// Перифериялық// Артқы мүйізді-сегментарлы// +Комиссуральды-сегментарлы// Өткізгіштік// Полиневритикалық *** Науқаста тетрапарез анықталған: қолда тонус төмендеген, аяқта жоғарылаған, қолдағы рефлекстер төмендеген, аяқта жоғарылаған, бұғана деңгейінен бастап сезімталдықтың барлық түрі төмендеген. Топикалық ошақты анықтаңыз:// Жоғарғы мойын бөлігіндегі жұлынның зақымдануы// +Мойынның жуан бөлігіндегі жұлынның зақымдануы// Кеуде бөлігіндегі жұлынның зақымдануы// Бел-сегіз көз аймағындағы жұлынның зақымдануы// Жұлынның жартылай зақымдану синдромы *** Науқаста тілдің оң бөлігіндегі атрофия, тілдің оң жақтағы бұлшық еттерінің фасцикулярлы жыбырлауы, тілді шығарғанда оңға қарай қисаюы байқалады. Қандай нерв зақымданған:// Тіл-жұтқыншақ// Кезбе// Үшкіл// +Оң жақтағы тіл асты// Сол жақтағы тіл асты *** Орталық жүйке жүйесінің қай бөлігі ішімдікпен зақымдағанды?// Супраорбиталық бұралаң// Вернике зона// Бұрыштық бұралаң// Фоллуккулюс// +Мишық құрты *** Жұмсақ таңдай доғасы шырышы көгеріңкі реңкпен гиперемияланған, бірлі-жарым петехиялар. Жұтқыншақтағы осындай өзгерістер қандай ауруға тән?// Аденовирусты ауру// Энтеровирусты ауру// Парагрипп// +Грипп// Риновирусты инфекция *** 39 жастағы вирусты В гепатитімен науқас, сарғаю кезеңінің 10-шы күні бастығырылып түс көрулерге, бас айналуға, «құлау» сезіміне шағымданды. Объективті: уақыт және кеңістіктегі бағдарының бұзылысы, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі», тері жабындылары, көздің ағы қарқынды сарғайған, бауыры жұмсақ-эластикалық консистенциялы. Ауру ағымын бағалаңыз:// Вирусты В гепатитінің ауыр ағымы// IV дәрежелі жедел бауыр энцефалопатиясы (ЖБЭ)// ІІІ дәрежелі ЖБЭ// ІІ дәрежелі ЖБЭ// + І дәрежелі ЖБЭ *** 20 жастағы науаста жиі, жеткілікті мол, «күріш суы» түріндегі суы көп, мол қайта-қайта құсу, бұлшық еттің әлсіздігі, шөл, ауыздағы құрғақтық, балтыр бұлшық етінде қысқа мерзімді дірілдер. Дене температурасы қалыпты. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, шырышты қабықтары құрғақ, дауысының қарлығуы. Науқастың жағдайы құрғаудың қандай дәрежесіне сәйкес келеді?// І дәрежесіне// +ІІ дәрежесіне// ІІІ дәрежесіне// IV дәрежесіне// Құрғау белгілері жоқ *** 35 жастағы әйел 40°С дейін қызуының көтерілуіне, әлсіздікке, басының ауруына шағымданып ауылдық учаскелік ауруханаға келді. 3 күн бойына ауыру. Эпиданамнезінен белгілі болғандай, науқас ветеринарлық дәрігер болып жұмыс жасайды. Отбасында барлығы сау. Объективті: оң жақ қол буынының сыртқы бетінде серозды-геморрагиялық құраммен мөлшері 3 мм пастула бар. Бүкіл оң қолының ісінуі байқалады. Оң Стефанский симптомы. Оң жағынан қолтық астылық лимфаденит. Қандай ауру туралы ойлауға болады?// +Қарасан, карбункулезді түрі// Қарасан, терідегі түрінің эдематозды бір түрі// Қарасан, сепсистік түрі// Оба, терідегі түрі// Оба, лимфа түйіндерінің шошыну түрі *** 21 жастағы ер адам, әлсіздік, оң жақ қабырға асты ауыруларына, бас ауыруына, тәбеттің болмауына, жүрек айнуға, несептің күңгірттенуіне, тері жабындыларының сарғаюына шағымдарымен ауырған соң 6-шы күні жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне келіп түсті. Несептің күңгірттенуі ауруының 3-ші күні, сарғаю төртінші күні пайда болған. Отбасында барлығы сау. Қарап тексергенде науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары, көзінің ағы аздап сарғайған. Бауыры қабырға доғасының шегі астынан 3 см-ге шығып тұр, көкбауыр – оның шегі бойымен. Перифериялық қанда: лейкоцит – 6700, таяқша/яд – 6%, сегмент/яд – 40%, лимфоциттер – 42%, моноциттер – 12%. Жалпы билирубин – 137 ммоль/л, тура – 97 мкмоль/л, АлАТ – 1,1 мккат/л. сіздің диагнозыңыз?// Лептоспироз// Описторхоз// +Вирусты гепатит, орташа ауырлықта// Вирусты гепатит, ауыр ағымы// Вирусты гепатит, жеңіл ағымы *** 25 жастағы әйел емханадағы учаскелік дәрігерге дене қызуының 38,5 – 39°С-қа дейін көтерілуіне, толғақ тәрізді сипаттағы іш ауыруларына, тәулігіне 20 ретке дейінгі сұйық көп емес дәретке шағымданып келді. Кенеттен ауырған, екі күн бұрын қалыпты температура фонында іш ауырулары, жиі сұйық дәрет пайда болды, кешке таман дене қызуы 38,5°С-қа, содан кейін 39°С-қа дейін көтерілді. Үйінде барлығы сау. Объективті: температурасы – 38,2°С. Тері жабындылары қалыпты реңкте, ылғалды. Тілі ақ өңезбен өңезделген. Іші сол жақ мықын тұсыаймағында ауырсынулы, сигма тәріздес ішек спазмдалған. Дәреті мардымсыз, жалқық және қан жолақтарымен. Сіздің диагнозыңыз?// +Жедел дизентерия, орташа ауырлықта// Жедел дизентерия, жеңіл ағымы// Жедел дизентерия, ауыр ағымы// Жедел дизентерия, гастроэнтероколиттік варианты// Сальмонеллез, гастроэнтероколиттік варианты *** АИВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?// ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) зақымдалуы// Перифериялық жүйке жүйенің зақымдалуы// Тыныс алу жүйенің зақымдалуы// +Полилимфоаденопатия// Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы *** 30 жасар науқастың диагнозы: Вирусты гепатит В. Келесі белгілер байқалады: тамаққа тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, тәулігіне 2 рет құсу, әлсіздік, үш аптадан бері айқын сарғайю. Жалпы билирубин 200мкмоль/л, АлАТ активтілігі жоғары, диспротеинемия, тимол сынамасы жоғары.Инфекциялық процестің қай ағымына осы өзгерістер тән?// Жеңіл ағымы// Ауыр түрі// +Орташа ауырлық// Көмескі түрі// Холестатикалық түрі *** Ауру жедел басталған. Дәретке шығу сезімі байқалған, науқаста жиі сулы нәжіс болған. Екінші күні көп реттік құсу, тәулігіне 20 ретке дейін сұйық нәжіс болған, түрі ақшыл; аяқтары құрысқан. Дене қызуы қалыпты. Қай ауру туралы ойлауға болады?// +Тырысқақ// Тағамдық токсикоинфекция// Эшерихиоз// Амебиаз// Сальмонеллёз *** 17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.Объективті: Т = 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.Сіздің болжам диагнозыңыз?// Иерсиниоз// Созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 1// +Созылмалы бруцеллёз, локомоторлы түрі, активтілігі 2// Жеделдеу (баяу) бруцеллёз// Жедел бруцеллёз *** 45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрии ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған. Консервіні тек өзі жеген. Жанүйясында барлығы сау.Объективті: дене қызуы 36,6° С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ = 40/10 мм. с/б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД = 38 / мин.Сіздің алғашқы қойған диагнозыңыз?// Тағамдық токсикоинфекция, ауыр түрі, ИТШ – 2 дәреже// Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр жетіспеушілігі// Ботулизм, ауыр түрі, тыныс алу жетіспеушілігі// +Ботулизм, ауыр түрі, жүрек- қантамыр және тыныс алу жетіспеушілігі// Сальмонеллёз, гастроинтестиналды түрі, ауыр ағымы, инфекциялық-токсикалық және гиповолемиялық шок *** 32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады, тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз// Скарлатина// +Псевдотуберкулёз// Лептоспироз// Қырым геморрагиялық қызбасы// Токсоплазмоз *** Ересектерде туберкулез диагнозын қойған кезде ең маңызды болып табылады:// +Қақырықтың туберкулез микобактерияларына тексерісі// Көкірек қуысын рентгенологиялық тексеру// Манту сынамасы// Жалпы қан және несеп талдауы// Көкірек қуысының перкуссиясы және аускультациясы *** Аталған аурулардың қайсысы ересектердегі ателектаздың жиі себебі болып табылады:// Көкірек ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі// +Өкпенің орталық обыры// Бронхоэктаздық ауру// Обструктивті бронхит// Жедел пневмония *** |