Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
Скачать 2.15 Mb.
|
Эхинококк (Echinococcus granulosus). Денесі 3-4 буыннан тұрады, ұзындығы 2-6 мм. Басында төрт сорғышы және ұзарған тұмсығында ілмешектері дамыған. Алдыңғы буындары гермафродитті, ал соңғы жетілген буыны ұрықтанған жұмыртқаға толы болып келеді . Ересек түрлері иттердің, қасқырлардың ішегінде тіршілік етеді, ал эхинококк типті личинкалары аралық иесі: үй қояндары, тышқандар, мысық, қой, ешкі, ірі қараның, шошқаның ішкі мүшелерінде, әсіресе бауырында, өкпесінде мекендейді. Адам да аралық иесі бола алады. Өте қауіпті кеселге ұшыратады. Эхинококктың жұмыртқалары итгің қиымен араласып сыртқа тарайды, көп жағдайда олардың жүніне жабысып тұрады. Адам итті қолымен сипап, қолын жумай тамақ ішсе, жұмыртқалары аспен бірге ішке кетеді. Ішекке түскен жұмыртқалардан алты ілмекті онкосфералар дамып, олар қан арқылы ішкі мүшелерге жетіп мекендейді (бауырға, өкпеге, жүрекке, миға). Осы мүшелерде эхинококк көпіршігі үлкен көлемде өсіп, мүшелерді ісіндіріп қатты зақымдайды. Эхинококк көпіршігін тек қана операция арқылы алып тастауға болады. Эхинококк көпіршігі өте жай өседі. Бір айдан кейін оның диаметрі 1 мм-ге жетеді, 5 айдан кейін - 1 см. Көпіршік жылдар бойы өседі (20-30 жыл). Адамға эхинококкоз ауруы өте қауіпті. Альвеококктың (Alveococcus multilocularis) дене пішіні, дене бөлімдері, құрылысы, даму циклі эхинококқа өте ұқсас. Түпкі иесі түлкі, сонымен қатар ит, қасқыр, басқа да жыртқыштар. Аралық иесі - кемірушілер. Адам да аралық иесі бола алады. Альвеококк көпіршігі бір шоқ болып орналасады және көпіршіктер жайылып өсуі нәтижесінде бір мүше емес, басқа да мүшелер зақымдалады. Көпіршіктерді тек қана операция арқылы алып тастауға болады. Эхинококка қарағанда, альвекокктар өте қауіпті құрттар. Қой мишығы (Multiceps multiceps). Денесі 200-250 буындарынан тұрады, ұзындығы 40-80 см. Басында төрт сорғышы және екі қатарлы орналасқан ілмешектері болады. Пісіп жетілген буындарындағы жатын тармақтарының саны 9-26. Личинкалары ценур типті. Ересек түрлері негізгі иесінің - иттің, қасқырдың, түлкінің ішегінде тіршілік етеді, ал ценур деп аталатын личинкалары аралық иесінің - қойдың, ешкінің, тағы басқа жұп тұяқтылардың миында дамиды. Адам да аралық иесі бола алады. Шөп арқылы қойдың ішегіне түскен жұмыртқалардан онкосфера ұрығы дамып, олар қан тамырлары арқылы миға жетіп ценур личинкасына айналады. Көпіршікті сатысында көлемі жаңғақтай болады. Олар қойды айналма ауруына ұшыратады. Қой жүре алмай, орнында айнала береді. Бұл ауру жануарларды өлімге соқтырады. Anoplocephalidae тұқымдасына жататын мониезия - (Moniezia expansa) солитері ересек түрінде қойлардың, ешкілердің, ірі қара малдың ішегінде паразиттік тіршілік етеді, ал цистицеркоид деп аталатын личинкалары аралық иесінде, топырақта тіршілік ететін ұсақ кенелер - орибатидалардың (Oribatoidea) денесінде дамиды. Шөппен бірге орибатидалар малдың ішегіне түсіп, цистицеркоид личинкалары құйрық тәрізді өсіндісін тастап ересек түріне айналады. Құрттың ұзындығы 1-5 м-ге дейін жетеді. Басында тек төрт сорғышы болады. Жатыны қапшық тәрізді. Мониезиоз іш ауруын туғызады. Hymenolepididae тұқымдасына жататын қортық (ергежейлі) солитері (Hymenolepis nanaның) денесі 100-200-дей ұсақ буыннан тұрады, ұзындығы 1,0-4,5 см. Басқа солитерлерден айырмашылығы даму циклі бір ғана иесінің ішінде өтеді - адамның ортаңғы ішегінде. Ұрықтанған жұмыртқалардан онкосфералар дамып, олар ащы ішектің өте ұсақ өсінділеріне - бүрлеріне еніп цистицеркоид личинкасына айналады. Кейін олар ішек арасына түсіп, сорғыштары арқылы ішекке бекініп, ересек түрі жұмыртқаларын бөліп шығарады. Жұмыртқалардың біразы адамның нәжісімен бірге сыртқа тарайды, ал қалғандарынан онкосфералар дамып, даму циклі қайталанады. Сонымен, адам құрттың негізгі және аралық иесі болып келеді. Хименолепис ауруымен көбінесе балалар ауырады. Адамның ішегіне солитердің жұмыртқалары жуылмаған жеміс, көкөніс, су арқылы өтеді. Таспа құрттар отряды - Pseudophyllidea Бұл отрядтың негізгі ерекшеліктері: басында (сколексте) сорып қадалатын екі саңылауы - ботриясы немесе ерекше ұзын қысқыш ойығы - ботридиясы немесе тіркелгіш шұңқыры болады; денесі көп бунақты; жатыны тұйық болмай, жұмыртқаны сыртқа шығаратын тесігі болады; дамуы түпкі (негізгі) иесінен екі аралық иесіне көшу арқылы өтеді; личинкалары - процеркоид, плероцеркоид. Негізгі тұқымдастары: Diphyllobothriidae, өкілі Diphyllobothrium latum - жалпақ таспа құрт; Ligulidae, өкілі Ligula intestinalis - лигула немесе белдік құрт. Жалпақ таспа құрт (Diphyllobothrium latum). Басында екі саңылауы - ботриясы болады, денесі 3000-4000-нан аса буыннан тұрады, ұзындығы 9-10 м. Пісіп жетілген буындарының ені 1,5 см, жатыны жапырақ тәрізді. Жалпақ таспа құрттың дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрі адамның, иттің, мысықтың, түлкінің ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің ішегінен нәжіспен араласып сыртқа шығарылады. Әрі қарай даму үшін жұмыртқалар суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған алты ілмекті ұрық корацидий шығып, суда еркін жүзіп жүреді де, өзінің ары қарай дамуы үшін ол бірінші аралық иесінің денесіне түсуі керек. Аралық иесі шаянтәрізділер (Cyclops, Diaptomus туыстастарынан). Циклопка жұтылып, ішегіне түскен корацидий кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, циклоптың дене қуысына түседі және осында процеркоид деп аталатын құрттәрізді личинкасына ауысады. Процеркоидтың ұзындығы 0,5 мм, денесінің, соңында алты ілмешекті тасымалдайтын қосымша мүшесі болады, ол моногенея личинкаларының церкомер бөліміне ұқсас. Процеркоид үш апта уақытта дамып, келесі сатысына өту үшін екінші аралық иесіне - балықтың денесіне түсуі керек. Егерде балықтар (шортан, нәлім, алабұға, таутан, албырт) ішінде процеркоиды бар циклоптарды жұтса, онда процеркоид балықтың ішегін тесіп балықтың бұлшыкеттеріне, жыныс бездеріне, басқа да мүшелеріне өтіп, осы мүшелерінде церкомер бөлігін тастап, келесі плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 1-1,5 см, алдыңғы бөлігінде екі сорғыш саңылауы жақсы дамыған. Плероцеркоид ересек формасына өту үшін енді негізгі (түпкілі) иесі - адамның, иттің, мысықтың ішегіне түсуі қажет. Толық қуырылмаған немесе пісірілмеген балықтың етімен бірге ішекке түскен плероцеркоид, басын шығарып, сорғыш саңылаулары арқылы ішекке жабысып, мойыны жаңа буындарды түзіп, ересек формасына айналады. Жалпақ таспа құртпен ауыруы - дифиллоботриоз деп аталады. Адам үшін бұл өте қауіпті ауру. Ligulidae туқымдасына жататын лигула немесе белдік курт (LJgula intestinalis) кұстардың және балыктардың паразиті болып келеді. Денесі сыртынан бунақталмаған, бірак ішкі мүшелері, жыныс жүйесі метамерлы қайталанып орналасқан, ұзындығы 1 м-ге дейін жетеді. Басында екі саңылауы - ботриясы болады. Лигуланың даму циклі дифиллоботриумнің дамуына ұқсас. Лигуланың ересек түрі су құстарының (шағала, қасқалдақ, құтан) ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалар иесінің ішегінен нәжіспен араласып суға түседі. Жүмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған алты ілмекті ұрық корацидий шығып, әрі қарай дамуы үшін аралық иесінің - циклоптың немесе диаптомус шаянның денесіне түсуі керек. Циклопқа жұтылып ішегіне түскен корацидий, кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, дене қуысына түседі де, процеркоид личинкасына айналады. Балықтар (тұқы тәрізділер) процеркоиды бар циклоптарды жұтқан кезде олардың ішегінде процеркоидтар босап, ішегін тесіп балықтың ішкі қуысына түсіп плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 60-80 см-ге дейін жетеді. Балықтар лигулез ауруымен ауырады. Қүстар плероцеркоиды бар балықтарды жұтқанда өзіне жұқтырады. Олардың ішегінде плероцеркоид ересек құртқа айналып, зақымдай бастайды. Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea Бұл отрядтың негізгі өкілі Caryophyllaeus laticeps - қалампыршы. Денесі буындалмаған, бір ғана жыныс жүйесі болады, сколексі дамымаған. Ли-чинкасы - процеркоид. Ересек формасы тұқы балықтардың ішегінде, ал процеркоид личинкасы азқылтанды буылтық құрттың қуысыңца тіршілік етеді. Тетрафилидеа отряды – Tetraphyllidea Сколексі күшті дамыған, төрт күрделі келген ботридиялары қысқа сабақшаларда орналасқан. Денесінің ұзындығы 10-30 см. Ересек түрлері жайын балықтарының, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың ішегінде тіршілік етеді. Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea Сколексіңде сорғыш ойығы мен төрт ұзын тұмсығы болады. Тұмсықтары ерекше қуыс қалтаның ішіне тартылып тұрады. Ересек формалары селахидің (жайын балыктар) ішегінде, ал личинкалары теңіз омыртқасыздарының мүшелерінде тіршілік етеді. Жоғарыда сипатталған жалпақ құрттардың көптеген түрлері адам өмірі үшін, балық, үй жануарларының және кәсіптік (ауланатын) аңдардың тіршілігі үшін аса қауіпті паразиттері болып келеді. Құрттармен ауырған ауруларды - гельминтозды аурулар деп атайды, солардың ішінде трематодоз, цестодоз, нематодоз аурулары кең тараған. Олармен күресу шаралары әрбір жеке паразиттің өзіне тән ерекшеліктерімен байланысты болу керек. Гельминтоз аурулары Қиыр Шығыста, Сібірде, Қазақстанда, Қырғызстанда, Башқұртстанда, Азербайжанда, Украинада, Молдавияда т.б. кездеседі. Гельминтоздан сақтанудың жолы - гигиеналық шараларды мүлтіксіз орындау болып табылады: жеміс-жидектер мен көкөністерді міндетті түрде жуып жеу; балық пен ірі қараның етін толық пісіріп, қуырып жеу; кез келген ағын суды ішпеу; үнемі тазалықты сақтау; тағамдарды дұрыс дайындау; су қоймаларын, мал-қораларын, әжетханаларды таза ұстау, т. б. Халық арасында осы ауру туралы санитарлық-ағарту насихатын жолға қою - міндетті іс. ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA Дене құрылысы жағынан таспа құрттарға өте ұқсас. Негізгі ерекшеліктері: денесі буындалмаған; жыныс жүйесі қайталанбай бір комплексті болып келеді; ұрығының онкосфера сияқты алты емес, он ілмешегі болады, сондықтан ол ликофора деп аталады. Класс екі отрядқа бөлінеді: Gyrocotylidea және Amphilinidea. Гирокотилида - Gyrocotylidea отрядының өкілдері химер балықтардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесінің артқы жағында қатпарланған жапырақ тәрізді тіркелгіш дискісі бар, алдыңғы жағында сорғышы. Амфилинида - Amphilinidea отрядының негізгі өкілі - Amphilina foliacea. Бекіре балықтарының дене қуысында тіршілік ететін паразит, ұзындығы 5 см, жапырақ тәрізді. Ликофора ұрығы аралық иесінің (шаянтәрізділердің) ішінде процеркоид личинкасына дейін дамиды. Аралық иесін жұту арқылы процеркоид бекіренің дене қуысына өтіп, ересек формасына айналады. Амфилина, Еділ-Каспий бассейнінде және Сібір өзендерінде кең тараған. ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР (PLATHELMINTHES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ Жоғарыда сипатталғандай жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар (Turbellaria), сорғыштар (Trematoda), моногенетикалық сорғыштар (Monogenoidea), таспа құрттар (Cestoda), цестодатәрізділер (Cestodaria). Соңғы 4 класс өкілдері нағыз паразиттер. Жалпақ құрттардың филогенетикалық негізін кірпікшелі құрттар (Turbellaria), оның ішінде тік ішекті (Rhabdocoela) турбеллярилер құрайды деп ғалымдар жорамалдайды. Осылардан жалпақ құрттардың эволюциялық дамуы бірнеше бағытта жүрген болуы мұмкін. Сірә қазіргі уақыттағы паразиттік тіршілік ететін жалпақ құрттар мен тік ішекті турбелляриялар ортақ бір арғы тектен, морфологиялык жағынан жақын еркін қозғалатын формалардан бастама алған болар. Бұларда эволюциялық даму үш бағытта жүрген: бір бұтағы қазіргі кездегі кірпікшелілерге алып келген, қалған екеуі - паразиттік тіршілік етуге бейімделу бағытында болған (сорғыштар мен таспа құрттар). Еркін қозғалатын жануарлардың паразиттік тіршілікке ауысуы бірнеше бағытта өтуі мүмкін. Бұл жерде симбиоз түрі маңызды орын алады. Мысалы, суда (немесе теңізде) өз бетінше тіршілік етіп жүрген кішкене құрттар белгілі бір жағдайлармен өзінен ірі жануардың (балықтың) денесін паналайды. Алғашқы кезде сол жерлерде жиналған ұсақ омыртқасыздармен, балық денесіндегі сілекеймен қоректенеді. Қоректің үнемі жетіспеушілігінен, олар балық денесін жарақаттап, ондағы таусылмас қорек қорын пайдалана бастайды. Иесінің қанымен, тканьдерімен қоректенуге көшіп, олар нағыз паразиттерге айналады. Ертедегі моногенейдің паразитизмге көшуі шеміршекті балықтардың (химер және акула) шығуымен байланысты, яғни силур мен девон дәуіріне сәйкес келеді. Monogenoidea класының эволюциясының негізгі бағыты иесінің денесіне бекінуін қамтамасыз ететін мүшесінің дамуымен анықталады. Эволюция барысында балықтардың желбезектерінде паразиттік тіршілік еткен құрттар иесінің ауыз қуысы мен ас қорыту жолына біртіндеп көшу процесі де болған. Филогенездегі - бүл эктопаразитизмнен иесінің ішегіне, ішкі мүшелеріне паразиттік тіршілікке көшудің негізгі жолы. Тек осындай жолмен ғана ертедегі моногенея тәрізді арғы тектерден цестода мен цестодатәрізділер пайда бола алады. Соңғысының маңызы ерекше, себебі химердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін Gyrocotyle-нің құрылысындағы моногенетикалық сорғыштар мен таспа құрттардың құрылысына ұқсастық белгілерінің болуы таң қалдырады. Gyrocotyle екі класс - Monogenoidea мен Cestoda-нын, арасындағы сатысы деп қарастыруға болады. Сорғыштар (Trematoda) класының өкілдері құрылысы жағынан және еркін өмір сүретін личинкаларының (мираиидий) эпителиінде кірпікшелі түкшесінің болуы, олардың кірпікшелі құрттармен филогенетикалық бай-ланыстары бар екендігін де дәлелдейді. Бұл ұқсастықтарына қарағанда сорғыштардың кірпікшелі құрттардан шыққаны, оның ішінде тік ішекті (Rhabdocoela) турбелляриялардан шыққаны анық. Бірақ трематодтардың тіршілік циклі паразитизмге бейімделушілік бағытына қарай жүрген. Алғашқы кезде дигенетикалық сорғыштардың турбелляриге ұқсас личинкалары қорғаныш ретінде моллюскалардың сауыттарын қолданып, симбиоз ретінде тіршілік еткен болуы мүмкін. Соның нәтижесінде олар моллюскалар желбезегіне тіркеліп, сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғана отырып, иесінің мүшелерін қорек қоры ретінде пайдалану бағытына қарай жүрген. Бұл трематодтарды эволюциялық жаңа бағытпен дамытты. Трематодтардың алғашқы филогенетикалық иесі моллюскалар болуы тиіс. Трематодтардың арғы тектерінде еркін қозғалатын ұрпақ сақталатындықтан, тіршілік циклінде екі жыныс ұрпақтарының алмасуы болады (моллюскалар мен омыртқалылар). Гермафродитті ұрпақтың паразиттік тіршілікке кеш көшуі - жалпақ құрттарға тән құрылыс ерекшеліктерін сақтап қалуына әсер етті (ас қорыту, зәр шығару, жыныс, нерв жүйесін). 14 лекция НЕМЕРТИНДЕР ТИПІ - NEMERTINI Немертиндер типі – Nemertini 1.Немертиндер класы – Nemertini 2.Қаруланбаған немертиндер класс тармағы-Anopia 3.Қаруланған немертиндер класс тармағы – Еnopla 4.Немертиндер (nemertini) типінің филогениясы Басым көпшілігі теңіз жағалауларында еркін тіршілік ететін жануарлар, тек кейбір өкілдері тұщы суларда және паразиттік тіршілік етуге бейім. Топырақ арасында мекендейтін түрлері де кездеседі. Денесі құрт тәрізді созылыңқы, аздап арқа-құрсақ бағытында сығылған немесе цилиндр пішіндес, денесінің алдыңғы ұшында қозғалмалы ұзын тұмсығы бар. Сол арқылы өзінің қорегін аулап ұстайды. Ол қарулы болуы да мүмкін. Ішкі құрылысы турбеллярияларға ұқсас: дене қуысы жоқ, ішкі мүшелер арасындағы кеңістікті паренхима толтырып жатады; зәр шығару жүйесі протонефридиялы; нерв жүйесі ортогон құрылысты; тыныс алу жүйесі дамымаған. Сонымен қатар, ерекше күрделі белгілері де бар: ас қорыту жүйесінде артқы ішек пен аналь тесігі және алғашқы рет жақсы жетілген қан айналу жүйесі пайда болған. Бұл типке бір ғана класс жатады - немертиндер класы - Nemertini. Олардың 750-ден аса түрі белгілі. НЕМЕРТИНДЕР КЛАСЫ - NEMERTINI Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, ұзарып қысқаруға қабілетті, ұзындығы 1-2 см-ден 2 м-ге дейін, кейде тіпті 30 м-ге де жететін түрлері кездеседі (Lineus longissimus). Көпшілігінің түсі қаралау, сонымен қатар жасыл, ала, алқызыл, ашық қызыл, сұрғылт түсті де болады. Денесін турбелляриялардай сияқты цилиндр тәрізді клеткалардан тұратын бір қабатты кірпікшелі эпителий жауып жатады. Мұнда көптеген кілегейлі без клеткалары орналасқан. Эпителидің астыңғы жағында денеге белгілі тірек болатын және бұлшықеттерді бекітетін жұқа базальды мембранасы және бұлшықет талшықтарынан құралған тері-бұлшықет қапшығы орналасқан. Бұлшықеттерінің орналасуы - маңызды жүйелік белгісі. Қапшықтың ең жоғарғы беттерінде сақина тәрізді, одан ішкері ұзына бойы созылған бұлшықеттер орналасқан. Кейбір немертиндерде сыртқы эпителий мен сақина тәрізді бұлшықет қабатының арасында тағы бір ұзына бойы созылған, сонымен қатар арқа-құрсақ (дорзо-вентральды) бұлшықеттер түйіні болады. Ішкі мүшелер араларын паренхима толтырып жатады. Ас қорыту жүйесі. Немертиндердің ішегі ауыз тесігінен басталып аналь тесігіне дейін ұзына бойы созылып жатады. Ауызынан кейін қысқа эктодермальды алдыңғы ішек өтіп, ол ұзын энтодермальды ортаңғы ішекке жалғасады. Оның екі жағында метамерлы қайталанып тұратын жұп қалташа тәрізді өсінділері болады. Ортаңғы ішек эктодермальды артқы ішекке айналып, ол аналь тесігімен аяқталады. Ac ішектің қуысында және клетка ішіңде қорытылады. Артқы ішектің және аналь тесігінің пайда болуы - немертиндердің ерекше белгісі. Немертиндер жыртқыш жануарлар. Ұсақ құрттармен, шаянтәрізділермен, моллюскалармен қоректенеді. Өз қорегін тұмсығы арқылы ұстап, оларды тұмсығының эпителий бездерінен бөлінетін улы сөлдерімен жансыздаңдырады немесе үшкір ине тәрізді стилеттері арқылы өлтіреді. Тұмсығы сонымен қатар қорғаныш қызметін де атқарады. Ол денесінің алдыңғы ұшында арнайы тұмсық қынабы - ринхоцелом деп аталатын қуыстың ішінде имек тәрізді оралып жатады. Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсығы теріс аударылған қолғап саусағы тәрізді сыртқа созылып шығады. Созылған күйінде ұзын түтікшеге ұқсас. Тұмсық ринхоцелом қуысына ретрактор деп аталатын бұлшықеттің көмегімен қайта тартылады. |