Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ӘЛЕМІ - PROTOZOA (БІР КЛЕТКАЛЫ ЖӘНДІКТЕР) Қарапайымдылар

  • Қарапайымдылардың систематикасы

  • Өзіндік сұрақтар: Жануарлар дүниесі (Zoo). Бір клеткалы жануарлар (Protozoa). 2 лекция

  • САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ

  • САРКОДИНАЛАР КЛАСЫ – SARCODINA

  • ТАМЫРАЯҚТЫЛАР

  • Амебалар отряды - Amoebina

  • Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі


    Скачать 2.15 Mb.
    НазваниеЛекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
    АнкорЗоология
    Дата21.10.2022
    Размер2.15 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия.doc
    ТипЛекция
    #747356
    страница2 из 42
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

    ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНІҢ ЖҮЙЕСІ
    Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионнан асады және жыл сайын жануарлардың жаңа түрлері сипатталып жазылуда. Жануарларды топқа бөліп жіктемесе, оларды зерттеу қиынға соққан болар еді.

    Жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай систематика жануарларды таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон "түр" (species). Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші сөз зат есімі - туыстың аты, екінші сөз сын есімі - түрдің аты. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе бинарлы номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы Карл Линней "Табиғат системасы" (1735) деген еңбегінде ұсынған. Қазіргі кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақталынып келеді. Мысалы, Euglena viridis - жасыл эвглена, Fasciola hepatica - бауыр сорғыш, Locusta migratoria - көкқасқа шегіртке, Musca domestica - үй шыбыны.

    Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы - туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар тобы - түқымдасқа (familia), жақын келетін тұқымдастар - отрядқа (ordo), отрядтар - класка (classis), кластар - типке (phylum) біріктіріледі.

    Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондар да қосылады.

    Мысалы, типке - тип тармағы, класқа - класс тармағы, отрядқа - отряд тармағы, тұқымдаска - тұқымдас тармағы, туысқа - туыс тармағы және түрге - түр тармағы. Бұдан басқа класс үсті, отряд үсті, тұқымдас үсті, т. б. таксондар қосылады. Жануарлардың ірі классификациялық бірлігі - тип, ғасырлар бойы дамыған филогенетикалық системаның жоғарғы белгісі.

    Қазіргі кезде жануарлар дүниесін мынандай 23 типке бөледі:

    1. Саркомастигофора типі - Sarcomastigophora

    2. Споралылар типі - Sporozoa

    3. Книдоспоридиялар типі - Cnidosporidia

    4. Микроспоридиялар типі - Microsporidia

    5. Кірпікшелілер немесе Инфузориялар типі - Сіііорһога

    6. Тақталылар типі - Placozoa

    7. Губкалар типі - Spongia

    8. Ішекқуыстылар типі - Coelenterata

    9. Ескектілер типі - Ctenophora

    10. Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes

    11. Немертиналар типі - Nemertini

    12. Жүмыр құрттар типі - Nemathelminthes

    13. Скребнилер типі - Acanthocephales

    14. Буылтық құрттар типі - Annelida

    15. Буынаяқтылар типі - Arthropoda

    16. Онихофоралар типі - Опусһорһога

    17. Моллюскалар немесе жұмсақ денелілер типі - Mollusca

    18. Қармалауыштылар типі - Tentaculata

    19. Тікентерілілер типі - Echinodermata

    20. Погонофоралар типі - Pogonophora

    21. Қылтанжақтылар типі - Chaetognatha

    22. Жартылай хордалылар типі - Hemichordata

    23. Хордалылар типі - Chordata

    Жануарлар типтерін даму ерекшеліктеріне, денесінің құрылым айырмашылығына, зерттеу әдістеріне қарай екі бөлімге бөледі. Бірінші типтен бастап 23-ші типке дейінгі - омыртқасыз жануарлар, ал 23-ші хордалылар типі - омыртқалы жануарлар.

    Жануарлар дүниесі типтерден де жоғары ірі топтарға жіктеледі. Типтерді топтастыру - олардың ортақ құрылымын, деңгейін, арасындағы морфофизиологиялық, филогенетикалық байланыстарын көрсетеді.

    Жануарлар дүниесі Zoa (Animalia) екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa -бір клеткалыларға және Metazoa - көп клеткалыларға. Protozoa тармағына қарапайымдылардың бес типі жатады: Sarcomastigophora, Sporozoa, Cnidosporidia, Microsporidia, Ciliophora.

    Қарапайымдылар - бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т. б. қызметтерді атқарады.

    Көп клеткалылар (Metazoa) үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді: фагоцителлозоа - Phagocytellozoa, алғашкы қарапайым көп клеткалылар. Бұл топқа тақталылар - Placozoa типі жатады. Екінші бөлім үсті - төменгі сатыдағы көп клеткалылар - Parazoa. Оларда мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары болмайды. Бұл топқа губкалар - Spongia типі жатады. Үшінші бөлім үсті - нағыз көп клеткалылар - Eumetazoa. Денелері екі немесе үш қабаттан тұрады, мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa тобындағы жануарлар мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуына немесе дене симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі (радиальды) - Radiata және екі жақты немесе билатеральды симметриялы жануарлар - Bilaterata.

    Сәулелілердің (Radiata) - денелері шар, қапшык, циллиндр тәрізді. Жануарлардың отырып тіршілік етуіне және қоршап тұрған ортаның жан-жағынан бір қалыпты әсер етуіне байланысты мүшелері бір орталық төңірегіңде радиальды бағытта орналасады, сөйтіп дененің сәулелі, немесе радиальды симметриясын құрайды. Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі екі қабаттан тұрады: сыртқы - эктодермадан, ішкі - энтодермадан. Осы белгісіне орай олар екі қабаттылар - Diploblastica тобына жатады. Сәулелілерге Ішекқуыстылар - Coelenterata және Ескектілер - Ctenophora типтері жатады.

    Билатеральды симметрия (Bilaterata) немесе екі жақты симметрия жануарлардың үнемі алға қарай жорғалап, жылжып жүруіне байланысты пайда болады. Осындай жануарлардың денесінен тек жалғыз сызықты өткізуге болады, сонда дене бір-біріне ұқсас оң және сол жартыға бөлінеді. Екі жақты симметриялы жануарлардың денесінде арқа (дорза), бауыр (вентра), алдынғы және артқы жағы белгіленіп тұрады. Дененің алдыңғы бөлімінде ми және сезім мүшелері орналасады. Билатеральды симметриялы жануарлар үш қабатты - Triploblastica жануарлар тобын құрайды. Бұлардың эмбриональдық даму кезінде үш ұрық жапырақшалары пайда болады: эктодерма - сыртқы ұрық жапырақшасы, энтодерма - ішкі және мезодерма - аралық. Осы жапырақшалардан мүшелер дамып жетіледі: эктодерма қабатынан тері эпителиі, нерв жүйесі, сезім мүшелері т. б.; энтодерма қабатынан ас қорыту бөлімі - ортаңғы ішек, ал мезодермадан қалған мүшелері дамиды.

    Целом қуыстарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты, билатеральді симметриялы, үш қабатты жануарлар, қуыссыздар немесе бірінші қуыстылар - Acoelomata және целом қуыстыларға - Coelomata-ға бөлінеді. Acoelomata тобына төменгі сатыдағы құрттардың төрт типі жатады: Plathelminthes, Nemertini, Nemathelminthes, Acanthocephales, ал Coelomata тобына қалған типтердің барлығы жатады.

    Ең соңында, билатеральды симметриялы жануарларды - Bilaterata-ны екі үлкен топқа бөледі: алғашқы немесе бірінші реттік ауыздыларға - Protostomia және екінші реттік ауыздыларға - Deuterostomia. Алғашқы реттік ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады және мезодерма қабаты телобластық жолымен дамиды (эктодерма және энтодерма аралығында бласто­пора жанында екі ірі тел облает клеткаларынан мезодерма қабаты дамиды). Алғашқы реттік ауыздыларға: жалпақ құрттар (Plathelminthes), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), немертиндер (Nemertini), скребнилер (Acanthocephales) буылтық құрттар (Annelida), буынаяқтылар (Arthropoda), онихофоралар (Опусһорһога) және моллюскалар (Mollusca) типтері жатады.

    Екінші реттік ауыздылардың даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады, (ауызының пайда болуы гастропораға байланысты емес) және мезодерма энтероцельдік жолымен дамиды (мезодерманың бастамасы энтодерма қабатынан оқшауланып шығады). Екінші реттік ауыздыларға: тікентерілілер (Echinodermata), жартылай хордалылар (Hemichordata), хордалылар (Chordata) типтері жатады. Қармалауыштылар (Tentaculata), погонофоралар (Pogonophora) және қылтанжақтылар (Chaetognatha) типтерінін эмбриологиялык даму жолдары Оеійегойотіаларға ұқсас болғандықтан, оларды шартты түрде ғана Deuterostomia-ларға жатқызып отыр.
    ҚАРАПАЙЫМДЫЛАР ӘЛЕМІ - PROTOZOA (БІР КЛЕТКАЛЫ ЖӘНДІКТЕР)

    Қарапайымдылар - бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады.

    Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм.

    Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клеткасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су клетканың ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде клетка жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.

    Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады.

    Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер.

    Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі - митоз.

    Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған клеткадан - зигота пайда бо­лады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс клеткаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс клеткаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макро­гамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизога­мия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қо­сылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді.

    Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) клетка сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.

    Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, воль­вокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қара­пайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қа­рапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене ала­ды, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена - миксотроф.

    Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.

    Бұлар 5 типке бөлінеді.
    Қарапайымдылардың систематикасы
    САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ - SARCOMASTIGOPHORA

    • Саркодиналар класы – Sarcodina

    • Тамыраяқтылар класс тармағы - Rhizopoda

    • Амебалар отряды - Amoebina

    • Қабыршақты амебалар отряды - Testacea

    • Фораминифералар отряды - Foraminifera

    • Сәулетәрізділер класс тармағы - Radiolaria

    • Күнтәрізділер класс тармағы - Heliozoa

    • Талшықтылар класы - Mastigophora

    • Өсімдіктектес талшықтылар класс тармағы - Phytomastigina

    • Хризомонадалар отряды - Chrysomonadina

    • Сауыттылар отряды - Dinoflagellata

    • Эвгленалар отряды - Euglenoidea

    • Фитомонадалар - Phytomonadina

    • Жануартектес талшықтылар класс тармағы- Zoomastigina

    • Жағалы талшықтылар отряды - Choanoflagellata

    • Тамыраяқты талшықтылар отряды – Rhizomastigina

    • Кинетопластидалар отряды - Kinetoplastida

    • Көпталшықтылар отряды - Polymastigina

    • Гипермастигиналар отряды – Hypermastigina

    • Опалинина отряды - Opalinina

    СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA

    • Грегариналар класы - Gregarinina

    • Нағыз грегариналар отряды – Eugregarinida

    • КокцидиятәрізДілер класы - Coccidiomorpha

    • Кокцидиялар отряды - Coccidiida

    • Қан споралылар отряды – Haemosporidia

    КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - CNIDOSPORIDIA

    • Миксоспоридиялар класы - Myxosporidia

    • Актиномиксидиялар класы – Actinomyxidia

    МИКРОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - MICROSPORIDIA

    • Микроспоридиялар класы - Microsporidia

    • Микроспоридиялар отряды - Microsporidia

    КІРПІКШЕЛІЛЕР немесе ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ – CILIOPHORA

    • Кірпікшелілер инфузориялар класы - Ciliata

    • Кинетофрагминофора отряд үсті – Kinetofragminophora

    • Гимностомата отряды - Gymnostomata

    • Гипостомата отряды - Hypostomata

    • Энтодиниоморфа отряды - Entodiniomorpha

    • Олигохименофора отряд үсті - Oligochimenophora

    • Хименостомата отряды - Hymenostomata

    • Дөңгелек кірпікшелілер отряды – Peritricha

    • Полихименофора отряд үсті - Polyhymenophora

    • Әр түрлі кірпікшелілер отряды – Heterotricha

    • Бауыр кірпікшелілер отряды - Hypotricha

    • Аз кірпікшелілер отряды – Oligotricha

    • Сорғыш инфузориялар класы – Suctoria


    Өзіндік сұрақтар:

    1. Жануарлар дүниесі (Zoo).

    2. Бір клеткалы жануарлар (Protozoa).


    2 лекция

    Саркомастигофора типі –Sarcomastiqophora

    1.Саркомастигофора типінің жалпы сипаттамасы, саркодиналар класы

    2. Тамыраяқтылар класс тармағы

    3.Сәулетәрізділер класс тармағы

    3.Күнтәрізділер класс тармағы

    САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ – SARCOMASTIGOPHORA

    Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойдтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: саркодиналар - Sarcodina және талшықтьшар -Mastigophora.

    САРКОДИНАЛАР КЛАСЫ – SARCODINA

    Саркодиналардың 10 000-нан аса түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда, ылғалды топырақтарда жиі кездеседі.

    Адамның және жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Барлық өкілдері жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары арқылы қозғалады.

    Саркодиналар үш класс тармағына бөлінеді: тамыраяқтылар - Rhizopoda, сәулетәрізділер - Radiolaria, күнтәрізділер - Heliozoa.

    ТАМЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RHIZOPODA

    Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda үш отрядқа бөлінеді: амебалар -Amoebina, қабыршақты амебалар - Testacea және фораминифералар - Foraminifera.

    Амебалар отряды - Amoebina

    Амебалардың негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез келген жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін - жалған аяқтарын шығаратын қасиеттері болады, өкілдерінің жалған аяқтары (псевдоподиялары) әр түрлі пішінді болып келеді: саусақ тәрізді, мысалы, Amoeba proteus, жебе тәрізді - A. cristalica және басқалары.

    Амебалардың мөлшері әр түрлі - 10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. Ядролары біреу немесе көп болуы мұмкін. Мысал ретінде кәдімгі амеба - Amoeba proteus -тың құрылысымен танысамыз.

    A. proteus - тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. Клеткасының көлемі - 0,5 мм. Денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталынған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті, мөлдір сыртқы - экто­плазма, және коңырқай келетін, түйіршікті ішкі - эндоплазма . Цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органойдтар орналасқан.

    Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер ретінде пайда болып, сол өсінділердің бағытына қарай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сондықтан амебаның тұрақты пішіні де болмайды.

    Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдылармен фагоцитоз жолымен қоректенеді. Қорек заттарын жалған аяқтарымен орап алып, цитоплазманың ішіне тартады, содан кейін ас қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның цитоплазмасына өтеді де, қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез келген жерінен сыртқа шығарып отырады.

    Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді.

    Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады: зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға және суға толып жиырылып тұрады.

    Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады.

    Амебалар отрядына еркін өмір сүретін түрлерінен басқа, паразитті өмір сүретін түрлері де жатады. Мысалы, Enthamoeba histolitica - дизентериялық амеба. Денесінің мөлшері 20-30 мкм. Эктоплазма және эндоплазма айқын бір-бірінен ажырап тұрады. Псевдоподиялары қысқа, тек қана эктоплазмадан құралады.

    E.histolitica - адамның тоқ ішегінде өмір сүреді, амебалық дизентерия немесе амебиаза деген ауруын қоздырушы болып табылады. E.histolitica ішектегі бактериялармен қорек ете алады, сол бағытта олар адамға зиян келтірмейді, яғни адам "амебиаза" ауруымен ауырмайды, бірақ ішегінде дизентериялық амебасы бар адамдар маңындағы адамдарға өте қауіпті, өйткені сыртқа дизентериялық амебаның цисталарын көп шығарады. Көп жағдайда E.histolitica адамның тоқ ішегінің қабырғасына еніп, эритроциттермен қоректене отырып тез өседі, және әр түрлі токсиндер шығарады. Тоқ ішекге жаралар пайда болады. Осы жарадан дизенте­риялық амебалар қан жолдарына түсіп қанмен бірге бауырға түседі де, бауырды ісіндіріп, іріңдетіп зақымдайды. Амебалар жараланған ішектің ішінде төрт ядролы домалақ цисталарға айналады. Осы цисталар ішектен сыртқы ортаға шығарылып, қайнатылмаған су, жуылмаған жеміс, қол арқылы сау адамның ішегіне түсіп дамиды. "Амебиаза" ауруында іштен қан өтеді. Науқас адам күніне 300 млн. цистаны сырта шығарады.

    "Амебиаза" дүние жүзінде көп тараған ауру.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42


    написать администратору сайта