Главная страница
Навигация по странице:

  • ПАРАЗИТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

  • 17 лекция

  • Құрылысы мен физиологиясы.

  • КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ

  • Құрылысы мен физиологиясы.

  • Нерв жүйесі

  • ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ

  • КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ

  • Seisonidea отряды.

  • Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі


    Скачать 2.15 Mb.
    НазваниеЛекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
    АнкорЗоология
    Дата21.10.2022
    Размер2.15 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия.doc
    ТипЛекция
    #747356
    страница17 из 42
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42

    Банкрофт жіпшесі - Wuchereria bancrofti адамда "піл ауруын" - элефантиазис ауруын тудырады. Дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері адамның лимфа бездерінде және лимфа капиллярларында тіршілік етеді. Сол жерде аналығы көптеген личинкаларды тірідей туады. Оларды "түнгі микрофиляриялар" деп атайды, өйткені түнде личинкалар дене сыртына жақын лимфа капиллярларында болса, күндіз дененің терең орналасқан лимфа бездерінде, өкпе, жүрек, бүйрек тамырларында болады. Бұл паразиттің аралық иесі қансорғыш масалар (Culicidae тұқымдасы). Маса ауру адамның қанын сорған кезде, оның ішегіне қанмен бірге личинкалар -микрофиляриялар да түседі. Олар ішектің қабырғасын тесіп, дене қуысына өтеді де, сол жерде өсіп, дамып гемолимфа ағынымен масаның тұмсығына жиналады. Кейін, маса сау адамның қанын сорғанда личинка адамның терісіне, одан лимфа тамырларына өтіп, ересек формасына айналады. Лимфа тамырлары зақымдалып, тамырлардың бітеліп қалуына және қоймалжың лимфа жиналуына байланысты, жарақаттанған жер қатты ісініп "піл ауруы" пайда болады. Элефантиазис ауруы тропикалық және субтропикалық елдерде кең таралған.

    ПАРАЗИТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

    Зоология ғылымының паразитті құрттарды зерттейтін саласы - гельминтология деп аталады. Паразитті құрттар арқылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмінде пайда болатын аурулар - іш-құрт немесе гельминтоз ауруы деп аталады. Сорғыш құрттардың салдарынан - трематодоз, таспа құрттардан - цестодоз, жұмыр құрттардан - нематодоз аурулары пайда болады. Осылардың ішінде әрбір түрдің тудыратын ауруы туыс атымен аталады. Мысалы: Fasciola hepatica - бауыр сорғыштың тудыратын ауруы - фасциолез; Echinococcus granulosus - эхинококкоз; Ascaris lumbricoides - аскаридоз; Trichinella spiralis - трихинеллез, т.б.

    Паразит деген ұғымның өзі гректің "para"- жанында, "sitos"- қоректену деген сөзінен шыққан. Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (1879). Лейкарттың анықтамасы бойынша паразит дегеніміз - бұл бір организмнің екінші бір организмде тіршілік етіп және сол иесін қорек ретінде де, мекен ретінде де пайдаланатын жануар. Паразиттер өз иесінен кіші болады.

    Паразитизм табиғатта өздігінен туа пайда болатын процесс емес. Тірі организмдердің бірімен-бірі тығыз байланысты тіршілік етуінен немесе селбесіп өзара қарым-қатынастық жасауынан, эволюциялық даму барысында өздері мекендейтін ортаның сан алуан әсерлеріне бейімделуден болатын процесс. Мысалы, судың ішіндегі (немесе теңіздің) өз бетінше тіршілік етіп жүрген ба­лық пен майда құрттарды алатын болсақ, қандай бір жағдайлармен жаңағы құрт балық денесіне жабысты. Бұл жерде ол өзінің әдетте қоректенуі бойынша, майда жәндіктерді қармап қоректене береді. Бір мезгілде ол балық денесіндегі сілекейдің дәмін татып, енді сол сілекеймен қоректенеді. Сілекей - бұл нағыз дайын органикалық зат. Сондай-ақ балық денесі қандай да бір әрекеттермен жараланып, ол жерден шықкан қан құрттың аузына құйылады. Бұл қанмен қоректенген құрт оған да бейімделе бастайды. Енді, құрт осылай қоректенуге бейімделгенде, балық денесі жазылып, құрт өзінің әдеттенгендік қорегін іздеп, жорғалап балықтың желбезегіне келеді, оны жарақаттап, қанымен қоректенеді. Одан кейін құрт жұтқыншаққа, өңешке және тағы бір кезеңде ішекке өтеді. Міне осылай, құрт еркін тіршілік етуден, дайын қоректік затпен қоректеніп, өзінің иесін пайдаланып паразиттік тіршілік етуге көшеді. Паразитизмге өтуге көптеген басқа жолдар да бар.

    Паразиттер өздерінің тіршілік ету циклында екі иені пайдаланады: негізгі және аралық. Денесінде паразит ересек түрінде дамитын (жыныстық жетілген кезеңінде) болса, онда жануарлар паразиттердің негізгі (тұрақты) иесі, ал личинкасы да­митын болса, ол аралық иесі. Бұлардан басқа екінші (қосымша) және резервуарлық иелері де болады. Мысалы, жалпақ таспа құрттың (Diphyllobothrium latum) негізгі иесі адам, аралығы - циклоп (шаянтәрізділер), екінші (қосымша) аралығы - балық.

    Паразиттер факультативті (жалған) және облигатты (нағыз) болып бөлінеді. Мысалы, Aloinema туысына жататын құрттың кейбір түрлері бір себеппен жануардың ішегіне түскенде, онда өсіп, паразиттік тіршілікке көшеді, ал ішекке түспеген жағдайда олар топырақта еркін тіршілік ете алады. Сонымен бұл жерде паразитизм тек факультативті түрде болады.

    Жоғарыда көрсетілген паразиттердің барлығы облигатты паразиттер. Солардың ішінде толық даму үшін аралық иені қажет ететін паразит құрттар - биогельминттер, ал топырақты қажет ететін - геогельминттер.

    Гельминтоз аурулары адамдар, жануарлар, өсімдіктер үшін өте қауіпті. Сондықтан елімізде гельминтозға қарсы күрес жүргізу шаралары қолға алынған. Бұл салада атақты ғалым академик К. И. Скрябин және оның шәкірттері ғылымда және іс жүзінде пайдалануға болатын өте маңызды нәтижелерге ие болды, гельминтоз ауруларына қарсы күрес жүргізудің көптеген шараларын ұсынып, аурудың алдын алу тәсілдерін белгілеп берген. К. И. Скрябиннің бастауымен жүргізіліп жүрген денсаулықты жақсартатын жоспарлы шаралар дұрыс жолға қойылған.

    К. И. Скрябин 1905 жылы Юрьев қаласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген соң еңбек жолын Шымкент пен Әулиеатада бастады (1905-1911 жылдары). Жамбыл қаласында К. И. Скрябин атындағы Қазақстанның алғаш өлкелік гельминтологиялық, лаборатория мен музей ашылған және мемориал тақтасы орнатылған.

    К. И. Скрябиннің трематодтар, цестодтар, нематодтар туралы бірнеше томдық ғылыми еңбектері гельминтологияның дамуында маңызды рөл атқарады.
    17 лекция

    Құрсак кірпікшелілер класы – Gastrotricha

    1.Құрылысы мен физиологиясы

    2.Киноринхалар класы – kinorhyncha

    3. Түкті құрттар класы – nematomorpha

    4. Коловраткалар класы – rotatoria

    5. Жұмыр құрттар (nематнеlminthes) типінің филогениясы

    Тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, өте ұсақ, 1-1,5 мм-ге жететін, құрт тәрізді жануарлар. Негізгі ерекшелігі - денесінің құрсақ, жағында кірпікшелері бар, ол құрттың субстратта қозғалып жүруіне мүмкіндік жасайды. Бұл белгі құрсақ кірпікшелілердің турбеллярияларға ұқсас екенін көрсетеді. Қазіргі кезде құрсақ кірпікшелілердің 160-тан астам түрі бар.

    Құрылысы мен физиологиясы. Құрсақ кірпікшелі құрттардың құрылысы өте қарапайым, бүл олардың төменгі сатыдағы құрттарға жататынын көрсетеді. Тұщы суларда тіршілік ететін түрлерінде денесінің алдыңғы жағында бас бөлімі аздап бөлініп, ал артқы ұшы кішкене екі айыр (аша) тәрізденіп бітеді, оларда кілегейлі жабысқақ бездер орналасқан.

    Құрсақ және алдыңғы бөлімін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап тұрады, ал денесінің басқа бөліктері жұқа кутикуламен жабылған. Кірпікшелер құрсағында жаппай тұтас, не сирек, не қатарласып орналасқан.

    Құрсақ кірпікшелілердің тері-бұлшықет қапшығы болмайды, тек ұзына бойы созылып орналасқан тегіс бұлшықеттері бар. Алғашқы қуысы (схизоцель) жақсы дамыған.

    Ac қорыту жүйесі алдыңғы жағында аузынан басталып, артқы жағында аналь тесігімен аяқталады. Үш қырлы жұтқыншағы энтодермальды ортаңғы ішекке және эктодермальды артқы ішекке жалғасады .

    Зәр шығару жуйесі протонефридиальды. Ол сыртқа ашылатын екі түтікшеден құралған, үштары жалын немесе жұлдызша тәрізді клеткамен аяқталады.

    Қан айналу, тыныс алу жүйесі жоқ.

    Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үстіндегі ганглиядан және екі бүйірінде ұзына бойы орналасқан нерв бағанасынан тұрады.

    Сезім мүшесінің қызметін дене жабынында сирек орналасқан қылтандар және басының бүйіріндегі кірпікшелі шұңқырлар атқарады. Кірпікшелі шұңқырлар - хеморецепторлары.

    Құрсақ кірпікшелілер дара жыныстылар немесе гермафродиттер. Жыныс бездері көбіне жұп болады. Жыныс тесігі аналь тесігінің алдында орналасады. Ұрықтануы іштей өтеді.

    Құрсақ кірпікшелілер класы екі отрядқа бөлінеді: Chaetonotoidea - тұщы суларда кең тараған; Macrodasioidea - теңіз жануарлары. Су түбінде тұнбаның ішінде қорегін (ұсак. жәндіктерді) іздеуде шапшаң қозғалады, кейде субстратқа бекініп тіршілік етеді.

    Құрсақ, кірпікшелілердің турбеллярияларға, соның ішінде Rhabdocoela-ға жақындастыратын ұқсастық белгілері бар. Екеуінде де бір қабатты эпителий және кірпікшелері бар, тері бездерінің, протонефридияның, жыныс жүйесінің құрылысы ұқсас. Сонымен қатар, денесіндегі кутикула қабаты, алғашкы дене қуысы, ас қорыту жүйесіндегі аналь тесігі, кейбір түрлерінің дара жынысты болуы құрсақ кірпікшелілерді нематодтарға жақындатады. Бұлардың бүкіл жұмыр құрттар типінің филогениясын түсінуге қажетті маңызы бар.

    КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA

    Теңіз түбіндегі құмдарда немесе балдырларда тіршілік ететін, ұсақ құрт пішінді жануарлар. Ұзындығы 0,8-1 мм. 100-ге жуық түрлері бар.

    Құрылысы мен физиологиясы. Денесі кішірек бас бөлімінен, қысқа мойын және ұзын дене бөлімінен тұрады. Денесі қалың хитинді тақталармен қапталған. Олар біріне-бірі тығыз үй шатыры (черепица) сияқты жанасып орналасуының нәтижесінде, құрттың денесі буынды сияқты болады.

    Тақталар құрт денесін 13 буынға бөліп тұрады: бірінші - бас буыны, екіншісі - плакида деп аталатын мойын, қалғандары зонит деп аталатын - дене буындары. Киноринхалардың буындарын, буылтық құрттардағы буындармен шатастыруға болмайды, өйткені киноринхалардың сыртқы буындарының ішкі мүшелерге қатысы жоқ.

    Сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетка қабатынан тұрады. Денесінің басындағы кутикулярлы өсінділер ұзынша тікенек, ал қалғандары майда қылтаншалар түрде түзілген.

    Киноринхалардың бұлшықеттері бөлек-бөлек түйіндерге бөлініп, тұтас тері -бұлшықет қапшығын жасамайды. Бұлшықеттері көлденең салалы жолақ. Киноринхалар барлық төменгі сатыдағы құрттардан осы белгісімен ерекше. Дене қуысы - схизоцель.

    Ac қорыту жүйесі түтік түрінде ауыз тесігінен басталып, артқы жағында анальтесігімен аяқталады.

    Зәр шығару жүйесі, құрсақ кірпікшелілердікі сияқты протонефридиальды. Жұп түтіктері қысқа, ұштары жұлдызша клеткамен аяқталады.

    Нерв жүйесі жұтқыншақ айналасындағы нерв сақинасынан және құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Денесінің буынына сәйкес, әрбір зонитта да ганглия клеткаларының жиынтығы байқалады. Сезім мүшелері қылшықтардан және жұптасқан қарапайым көзшелерден тұрады.

    Киноринхалар дара жынысты. Жыныс бездері жұп, жыныс жолдары дененің артқы бөлімінде ашылады. Жұмыртқаларынан личинкалар шығып, бірнеше рет түлеп, ересек түрлеріне айналады. Түлеген уақытта денесіндегі тақталары жаңадан түзіледі.

    Киноринхалардың шығу тегі толық зерттелмеген. Денесінің құрылысына қарап оларды жұмыр құрттар типіне жатқызады. Кутикуланың болуы, личинкаларының түлеу арқылы өсуі, дара жыныстылығы оларды нематодтармен, ал протонефридияның құрылысы - құрсақ кірпікшелілермен жақындастырады. Кейбір ғалымдар киноринхаларды скребнилерге және түкті құрттардың личинкаларына ұқсатады.

    ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA

    Бұл класқа буынаяқтылардың, әсіресе, насекомдардың дене қуысында паразиттік тіршілік ететін құрттар жатады. Денесі өте жіңішке, цилиндр немесе шаш тәрізді, ұзындығы бірнеше сантиметрден 1-1,5 метрге дейін болады. 225-ге жуық түрлері бар.

    Құрылысы мен физиологиясы. Денесі тығыз тері жамылғы - кутикуламен қапталған, оның астында бір қабатты эпителий және ұзына бойы бұлшықеттерден тұратын тері-бұлшықет қапшығы орналасқан.

    Ac қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Көптеген түрлерінде алдыңғы ішегі редукцияға ұшырайды немесе мүлде дамымайды.

    Тері-бұлшықет қапшығы мен ішектің арасындағы ішкі мүшелер аралығы паренхимамен толтырылған, сонымен қатар, ішек айналасында ұзынынан созылып жатқан алғашқы дене қуысы (схизоцель) бар.

    Зәр шығару, тыныс алу, қан айналу жүйесі болмайды.

    Нерв жүйесі тері эпителиінде орналасып, жұтқыншақ айналасындағы нерв сақинасынан және құрсақ нерв бағанасынан түзілген. Сезім мүшелері нашар жетілген.

    Түкті құрттар дара жынысты. Жыныс бездері жұп, денесінің алдыңғы бөлігінен басталып жыныс жолдарына жалғасады, ал олар артқы ішектің кеңейген бөлігі - клоакаға ашылады. Аналықтарының жатыны болады.

    Gordius туысының аталықтарының аналықтарынан ерекшелігі - денесінің артқы ұшы екі айырлы және клоаканың артында кутикула екі жарты айшық тәрізді қатпарланған Дамуы метаморфоз (кенет өзгеруі) жолымен жүреді. Ересек түкті құрттардың денесі ұзын, қоңыртүсті, су түбінде еркін жылжып немесе су астындағы өсімдіктердің төңірегінде оралып жатады. Жыныстық жағынан жетілген аналықтары ұрықтанып жұмыртқаларын салады да, содан кейін өздері өледі. Жұмыртқадан шыққан личинка ересек түрінен өзгеше. Денесі ақ түсті, сырты көлденең сақина тәрізді буындалған кутикуламен қапталған, қылтанақты қозғалмалы тұмсығы болады. Личинканың ұзындығы 0,1-0,4 мм. Олар біраз уақыт суда немесе ылғал жерде өмір сүріп, кейін қылтанақты тұмсығы арқылы аралық иесінің (насекомдардың судағы личинкаларына) терісін тесіп, дене қуысына енеді. Енді, ары қарай даму үшін, личинкалар негізгі иесі құрлықта тіршілік ететін насекомдардың денесіне енуі қажет. Насекомдарға судағы инвазиялы личинкаларды жеу арқылы жүғады. Оның ішегіне түскен құртгың личинкасы ішекті тесіп дене қуысына өтеді де, өсе бастайды. Есейіп үлкен күйге жеткен соң олар иесінің денесінен шығып суға түседі. Суда ересек түріне айналып, жоғарыдағы айтылған даму циклін қайталайды.

    Түкті құрттар класы екі отрядқа бөлінеді: Gordioidea және Nectonematoidea. Gordioidea отрядының негізгі өкілі - Gordius aquaticus тұщы суларда кең тараған, насекомдардың паразиттері. Nectonematoidea отрядының, Nectonema туысының өкілдері теңізде кездеседі, шаянтәрізділердің паразиттері.

    Түкті құрттардың филогениясы нашар зерттелген. Жалпы түрі, кутикуласының, тері-бұлшықет қапшығының, жыныс бездерінің құрылысы жағынан нематодтарға ұқсас.

    КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ - ROTATORIA

    Бұлар көбінесе тұщы суларда мекендейтін жануарлар, теңіздерде тіршілік ететін түрлері де аз емес, сонымен қатар ылғалды топырақта да кездеседі. Көпшілігі еркін қозғалады, аздаған түрлері бекініп тіршілік етеді. Олардың 1500-ден астам түрі бар.

    Құрылысы мен физиологиясы. Өте ұсақ, микроскопиялық құрттар, ұзындығы 0,04 мм-ден (Ascomorpha minima) 2,5 мм-ге дейін (Asplanchna brightwelli). Дене пішіні созыңқы болып келеді, кейде ғана шар тәрізді немесе домалақ (Trochsphaera туысынан). Басым көпшілігінің денесі үш бөлімнен тұрады: кірпікшелі аппараты бар бас, дене және аяқ. Аяғы болмауы да мүмкін.

    Бас бөлімі денеден аз ғана бөлініп тұрады, оның алдыңғы ұшында екі қатар шеңбер жасай орналасқан, күрделі кірпікшелерден құралған айналмалы (бұрғы) аппараты бар. Кірпікшелер көбінесе бірінің ішіне бірі кигізілген қос дөңгелек сияқты орналасады да, қозғалған кезде айналып тұрған дөңгелектің сым шабағы (спица) сияқты көрінеді. Латынша "rota" - дөңгелек, "fera", "toria" кию, тасу (rotifera, rotatoria - дөңгелек тасушы). Кластың аты осыған сәйкес қойылған және бұлар басқа кластардан осы айналмалы аппаратымен ерекше. Айналмалы аппаратының кірпікшелері үнемі козғалыста болып, жәндіктің суда қозғалуын және суда толқын туғызып ауызына ұсақ жәндіктерді әкелуіне қызмет етеді. Айналым аппаратының формасы өзгергіш. Кейбір коловраткаларда екі шеңберлі кірпікшелерінің орнына ауызды айнала қоршаған кірпікшелі алаң (Notommatidae тұқымдасында) немесе қалақты доңғалақ (Floscularia туысында), немесе созылыңқы қармалауыштар шоғыры (Stephanoceros туысында) орналасады.

    Арнайы бұлшықеттер - ретракторлардың көмегімен бас бөлімі қозғала алады, яғни дене (қуысының) ішіне тартылып, қайтадан сыртқа созылып шығады.

    Дене бөлімі созылыңқы, цилиндр, қапшық тәрізді немесе жалпақ (арқа -құрсақ, немесе екі бүйірі жағынан қабысқан), сыртынан сауытпен немесе қабықты түтікпен қапталған.

    Аяқ бөлімі дененің бұлшықетгі өсіндісі. Ол буынды қабықшамен қапталып, жылжымалы екі саусақтан тұрады. Саусақтың ұшында кілегейлі заттар шығаратын цементті бездері орналасқан. Осының көмегімен көптеген коловраткалар уақытша, кейбіреулері тұрақты түрде су асты заттарына бекініп тұрады. Аяғында ұзына бойы және сақина тәрізді бұлшықеттері жақсы дамыған.

    Коловраткаларда нағыз кутикула және тері-бұлшықет қапшығы болмайды. Тері жамылғысы синцитиялы бір қабат эпителиден (гиподермадан) және тығыз орналасқан талшықты заттардан құралады. Коловраткалардың дене формасын сақтауы және сауыттарының, түтікшелерінің түзілуі осы қабатқа байланысты. Көлденең бұлшықеттері тұтас қабат жасамай денеде топтасып орналасады да, оның қозғалуын қамтамасыз етеді. Ішкі мүшелері алғашқы қуыстың (схизоцель) ішінде орналасқан.

    Ас қорыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы жағындағы кірпікшелі айналым аппаратының ортасында ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысына және кеңейген бұлшықетті жұтқыншақтың шайнағыш - мастаке (mastax) деп аталатын бөліміне жалғасады. Мастакстың ішкі бетін хитин қабаты жапқан және осыған қатты хитинді тақталар түзіледі, олар төс пен балғашық. Бұлар диірмен тасы сияқты үйлесімді қозғалып қорек заттарды ұнтап, өңеш арқылы үлкен энтодермальды қарынға бағыттап отырады. Қарынның ішіндегі қорытылған заттар денеге тарап, қалдықтары артқы ішекке өтеді. Оның артқы ұшы кеңейіп клоакаға айналады. Ac қорыту жүйесінде жұтқыншаққа ашылатын сілекей безі және қарынға ашылатын ас қорыту безі жақсы жетілген . Кейбір түрлерінде (Asplanchna, Ascomorpha, Chromogaster туысынан) артқы ішегі жойылып, тұйық бітетін қарынның ішіндегі қорытылмаған қалдық заттар ауыз арқылы сыртқа шығарылады.

    Коловраткалардың қорегі: бактериялар, көк-жасыл балдырлар, детрит. Жыртқыш түрлері ұсақ қарапайымдыларға, басқа коловраткаларға шабуыл жасайды.

    Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Ұштарында кірпікшелер шоғыры бар, дененің бүйірі арқылы өтетін екі негізгі түтіктердің артқы ұшы қуыққа айналып, ол клоакаға ашылады.

    Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды.

    Нерв жүйесі қарапайым құрылысты, жұтқыншақ үсті ганглиядан және одан жан-жағына тараған нерв талшықтарынан тұрады. Солардың ішінде екі бүйір нерв талшығы ғана дененің аяқ бөліміне дейін жетеді.

    Сезім мүшелері - қарапайым көздер және шоғырланып орналасқан қылтанақтар. Көздері - қызыл пигмент бокалдың ішінде орналасқан жарық сәуле өткізгіш көз жанары түрінде.

    Коловраткалар дара жыныстылар, жыныстық диморфизмі байқалады. Аналықтары ірі, аталықтары өте ұсақ, ергежейлі.

    Денесінің артқы бөлімінде орналасқан аналық безі сарыуыз безіне жалғасып, одан шыққан аналық жолы клоакаға ашылады. Аталық безі де аталық жолы арқылы клоакаға ашылады. Шағылыс мүшесі (cirrus) бар.

    Коловраткалардың көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де бар. Жұмыртқалары қабыршақпен қапталған, көп жағдайда жұмыртқалар сабақшасы арқылы анасының денесіне (аяғына) жабысып тұрады.

    Дамуы және тіршілік циклі басқа жұмыр құрттардан ерекше. Даму жолында екі түрлі ұрпақтың алмасуы немесе гетерогония байқалады: партеногенетикалық және қос жынысты. Бұл жағдайда партеногенетикалық ұрпақтар амиктикалық жұмыртқа (хромосомалары диплоидты) және миктикалық (хромосомалары гаплоидты) деп аталатын екі түрлі жұмыртқа салады.

    Әдетте көктемде қыстап шыққан жұмыртқадан аналық коловратка шығып, ол ұрықтанбай партеногенетикалық жолмен амиктикалық жұмыртқаларды салады. Олардан партеногенетикалық аналықтары шығып, амиктикалық жұмыртқаларды салады да, осындай даму гтроцесі көктем, жаз бойы жүреді де, партеногенетикалық аналықтарының бірнеше ұрпақтары пайда болады. Бұдан кейін күз айында амиктикалық жұмыртқадан шыққан аналығы бұрынғыдан 2-3 есе кіші амиктикалық жұмыртқаларды салады, олардан өте ұсақ аталықтары шығады да, аналықтарымен шағылысып, содан кейін өздері өледі. Осыған байланысты ас қорыту және зәр шығару мүшелері аталықтарында нашар дамыған. Ұрықтанған аналықтары енді тыныштық күйдегі жұмыртқаларды салады. Олар ірі, қалың қабыршақтармен қапталған, дамуына бірнеше айдан бір жылға дейін уақыт қажет. Тыныштық күйдегі жұмыртқалар қыстап шығады да, көктемде олардан тек аналықтары шығып, партеногенетикалық жолымен амиктикалық жұмыртқаларды салады да, тіршілік циклі қайтадан басталады . Сөйтіп бір циклдін ішінде екі түрлі ұрпақтың кезектесіп отыруы байқалады. Амиктикалық жұмыртқаларының дамуы өте жылдам, 3-4 күн ғана.

    Тіршілік циклінің ұзақтығына қарай коловраткалар формалары - моноциклді, дициклді, полициклді. Егерде, бір жьгл бойына бір ғана даму циклі болса, олар моноциклді (Anuraea cochlearis), екі - дициклді, көп - полициклді (Polyarthra trigla). Бірақ сыртқы ортаның (судың физикалық, химиялық жағдайлардың) өзгергіштігіне қарай әрбір түр бір жылдың ішінде тіршілік циклін өзгертіп тұруы және бір түрдің бір аймақтағы әр түрлі су қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі болуы мүмкін.

    Коловраткалардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай сыртқы құрылысы да (дене пішіні, мөлшері, өсінділері, тікенектері ұзарып, қысқаруы) өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе цикломорфоз деп атайды. Мысалы, Anuraea cochlearis денесінің артқы бөліміндегі тікенектері көктемде ұзын болса, жазға қарай қысқарып, күзде жойылып кетеді .

    Коловраткалардың тағы бір ерекшелігі - жеке мүшелер құрамындағы клеткалар санының тұрақтылығы. Мысалы, Epiphanes senta-нын, жабыны 301 клеткадан, жұтқыншағы 165, ортаңғьг ішегі - 76, жыныс жүйесі - 19, бұлшықеттері - 122, жүйке жүйесі - 247, зәр шығару жүйесі - 24, ал жануардың барлық деңесі - 959 клеткалардан тұратындығы дәлелденген. Осыған байланысты коловраткалар регенерациялық қабілетінен айрылған. Осындай белгісімен коловраткалар нематодтарға ұқсас.

    Коловраткалар класы үш отрядқа бөлінеді: Seisonidea, Bdelloidea, Monogononta.

    Seisonidea отряды. Өкілдері теңіз шаяндарының (Nebalia) желбезектерінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді, мойыны және аяғы ұзын, айналмалы кірпікшелі аппараты жойылған.
    1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42


    написать администратору сайта