Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
Скачать 2.15 Mb.
|
БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OSTRACODA Бұлар тұщы суларда және теңіздерде, планктон қабатында жүзіп, су түбінде жорғалап, не шөгіндіде көміліп тіршілік ететін өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін шаянтәрізділер. Ұзындығы 0,2-23 мм-ге дейін теңіз формаларында, ал тұщы судағылардікі - 0,3-7,3 мм. Негізгі ерекшеліктері: карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшақ түрінде дамыған (класс тармақтың аты да осыдан), дене сегменттерінің саны азайып, сегменттелу іздері жоғалған. Басында науплиальды көзі (күрделі көздері жоқ), сонымен қатар антеннулалары, антенналары, мандибулалары және максилла I, максилла ІІ-шісі орналасады. Екі жұп кеуде аяқтары және бір жұп "тазартқышы" (түрі өзгерген аяғы) болады. Антенналарымен жүзеді, кейде оған антеннулалары да қатысады. Кеуде аяқтары арқылы жорғалап жылжиды. Аяғында желбезек өсінділері дамымаған, бүкіл денесімен тыныс алады. Жүрегі де жоқ. Жұмыртқадан қосжақтаулы бақалшағы бар науплиус личинкасы дамиды. Науплиустың және ересек түрлерінің бақалшағының ішкі қабаты хитиннен, сыртқысы - ізбестен тұрады. Екі жақтауы арқа жағында иілімді буда немесе тісшелерінің көмегімен бір-біріне ұласады. Дененің ортаңғы жағында екі жақтауын мықтап ұстайтын күшті тұйықтағыш бұлшықеті бар. Ostracoda - класс тармағында дәл осы атты бір ғана отряд бар. Түрлері 2000-ға жуық. Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, ал оңтүстік африкалық Mesocypris terrestris ылғалды тропикалық ормандарында топырақ бетіне түскен жапырақ астында тіршілік етеді. Негізгі өкілдері: Cypris pubera және Heterocypris reptans, шалшық суларда, қоймаларда жиі кездеседі. Ұсақ өсімдік және жануарлармен қоректенеді. Өздері де балықтар үшін қорек бола алады. Бақалшақты шаяндар кембрий қазбаларынан табылған. Бұлардың белгілі бір түрлері бойынша геологтар мұнай қабаттарын анықтайды. 22 лекция Моллюскалар типі-Mollusca 1.Моллюскалар типіне жалпы сипаттама 2.Бауыраяқтылар класы 3.Тақтажелбезектілер класы Моллюскалар (латынша mollus--жұмсақ, былқылдақ) немесе жұмсақ денелілер, олигомерлы көпқылтанды буылтық құрттардан (Polychaeta) тараған, өз алдына жеке оқшауланған тип. 130 000-нан аса түрі бар. Мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында және құрлықта тіршілік етеді. Моллюскалар мынандай белгілермен ерекшеленеді: денесі сигменттерге бөлінбеген, тек кейбір төменгі сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгілері байқалады; целом қуысы личинка сатысында жақсы дамып ересек түрлерінде ол жүрек айналасындағы қапшық (перикардия), гонада қуысы (жыныс клеткалары орналасатын қапшық) және саңылаулар немесе синус, лакуналар түрінде қалған; ішкі мүшелерінің арасындағы бос қуыстар дәнекер тканімен (ұлпалармен) толған; екі жақты симметриялы жануарлар, бірақ бауыр аяқты моллюскалар (Gastropoda) өкілдерінің бақалшағы оралуына (бұралуына), соған сәкес дене мүшелерінің де орлуына байланысты, олардың денесі бас, тұлға, аяқ немесе тек тұлға және аяқ (қосжақтаулылар класы) бөлімдерінен тұрады. Көбінесе тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі немесе висцеральді қапшық деп те атайды. Аяқ—бұлшықетті, бауыр жағына қарай жалпиып орналасқан, тұлға бөлімінің өсіндісі. Бұлшықеттерінің жиырылып созылып тұруы салдарынан моллюскалар субстрат бойымен баяу жылжиды. Моллюскалардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, ал оның сыртын тек моллюскаларға тән, бірқабатты эпителиден құралған, мантия (византиялық тілде mantion--жабын, шапшанша) деп аталатын үлкен тері қатпаршағы жауып тұрады. Мантия мен дененің аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері, кейбір сезім мүшелері (осфрадиялар) орналасады және бүйрекпен жыныс бездерінің, артқы ішектің тесіктері ашылады. Осы құрылымдар, (жүрек пен бүйректердi қоса) мантия жинағы немесе мантия кoмплексі деп аталады. Моллюскалардың тағы бір ерекшелгі—бақалшақтың болуы. Ол мантия жабынында орналасқан көптеген түрлі бездердің шығарған секреттерінен түзіледі. Дененің сыртқы жағында орналасып, қорғаныш қызметін атқарады. Бақалшақ үш қабаттан құралады: органикалық заттардан тұратын сыртқы қабат немесе конхиолин қабаты; ізбесті—ортаңғы қалың қабат және жұқа, жылтыр түсті—ішкі інжу немесе перламутр қабаты. Мантия жабыны бақалшақты астарлап жатады. Басқа омыртқасыздардан ерекшеліктері—ас қорту жүйесіндегі, жұтқыншақ бөлімінде, қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат—радула деп аталатын үккіштің болуы тән. Қан айналу жүйесі жүрекшелер мен қарыншадан тұратын жүрегінің болуымен ерекшеленеді, қан айналу жүйесі ашық, яғни қан өз жолында лакуна мен синус түтіктерінің жүйесінен өтеді. Тыныс алу жүйесі--әдетте алғашқы желбезектер—ктенидиялар түрінде болады, бірақ кейбір түрлерінде олар жойылып, тыныс алу қызметін мантияның жұқа қабаты--өкпе атқарады. Зәр шығару жүйесінің қызметін жүрек маңы қапшығымен (перикардиямен) байланысқан түрі өзгерген целомодукталар немесе бүйректер атқарады. Нерв жүйесі шашыранды-түйінді. Төменгі сатыдағы моллюскалардың нерв жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақина—коннективадан және төрт ұзына бойлық бағаналардан тұрады, ал жоғарғы сатыдағы моллюскалардың нерв клеткалары шoғырланып дененің әрбір бөлімінде жұп жүйке түйіндерін (ганглияларды) құрайды, олар: жұп бас ганглиясы—церебральді, аяқ—педальді, тұлға—висцеральді, өкпе—плевральді, аралық—париетальді. Ганглиялардың өзара жалғасуынан жүйке бағаналары түзіледі де бүкіл мүшелерге тарамдалады. Бағаналардың атауы түйіндердің (ганглиялардың) жалғасуына байланысты, мысалы, плевро—висцеральді бағана, церебропедальді т.б. Моллюскалрдың көпшілігі дара жыныстылар, гермафродиттер де кездеседі. Жыныс деморфизмі байқалмайды. Дамуы көпқылтанды буылтық құрттарға (Polychaeta) ұқсас, яғни жұмыртқаның бөлшектенуі спиральді, детерминативті жолымен жүреді. Төмендегі сатыдағы өкілдерінің жұмыртқасынан трохофора личинкасы, ал көпшілігінде түрі өзгерген трохофоралық личинка-велигер (латынша velum желкен) шығады. Моллюскалар типі екі тип тармағына бөлінеді:бүйіржүйкелілер—Amphineura және бақалшақтылар—Conchifera. БҮЙІРЖҮЙКЕЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ--AMPHINEURA САУЫТТЫЛАР немесе ХИТОНДАР КЛАСЫ--LORICATA, немесе POLYPLACOPHORA САУЫТСЫЗДАР немесе ЖЫЛҒАҚҰРСАҚТЛАР КЛАСЫ APLACOPHORA немесе SOLENOGASTRES БАҚАЛШАҚТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ—CONCHIFERA МОНОПЛАКОФОРАЛАР КЛАСЫ--MONOPLACOPHORA БАУЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ--GASTROPODA АЛДЫҢҒЫЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--PROSOBRANCHIA Екіжүрекшелілер немесе ежелгі бауыраяқтылар отряды--Diotocardia немесе Archaeogastropoda Біржүрекшелілер отряды—Monotocaria АРТҚЫЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--OPISTHOBRANCHIA Жабықжелбезектілер отряды--Tectibranchia Жалаңашжелбезектілер отряды--Nudibranchia ӨКПЕЛІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--PULMONATA Орнықтыкөзділер отряды--Basommatophora Сабақшакөзділер отряды—Stylommatophora ТАҚТАЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР немесе ҚОСЖАҚТАУЛЫЛАР КЛАСЫ--LAMELLIRANCHIA немесе BIVALVIA Алғашқыжелбезектілер отряды--Protobranchia Жіпжелбезектілер отряды--Filibranchia Нағыз тақтажелбезектілер отряды--Eulamellibranchia Қалқажелбезектілер отряды--Septibranchia КҮРЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ--SCAPHOPODA БАСАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ--CEPHALOPODA ТӨРТЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--TETRABRANCHIA Наутилоидтер отряд үсті--Nautiloidea Аммониттер отряд үсті--Ammonoidea ҚОСЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ--DIBRANCHIA Онаяқтылар отряды--Decapoda Сегізаяқтылар отряды--Octopoda БАҚАЛШАҚТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ—CONCHIFERA Ізбесті бақалшағы бар, күрделі құрылысты моллюскалар. Нерв жүйесі шашыранды—түйінді, бүйір жүйке бағаналары артқы ішектің астында бір-біріне ауысады. Ішкі қапшығы (тұлға), көздері, қармалауыштары, тепе-теңдік (статоцистері) мүшелері жақсы дамыған. Дене жабыны кутикуласыз. Теңіздерде, мұхиттарда, тұщы суларда және құрлықта мекендейді. Тип тармағы бес класқа бөлінеді: моноплакофоралар—Monoplacophora, бауыраяқтылар—Gastropoda,күркеаяқтылар—Scaphopoda, тақтажелбезектілер--Lamellibranchia, басаяқтылар—Cephalopoda. БАУЫРАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ--GASTROPODA Бауыраяқтылардың немесе ұлулардың 90000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде, сондай-ақ тұщы сулар мен құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Бауыраяқтылардың дене тұрқы 2-3 мм-ден бірнеше сантиметрге дейін барады. Ең ірісі Hemifusus proboscidiferus, оның ұзындығы бақалшағымен қоса 60 см. Сол сияқты теңіз қояны Aplysia-ның ұзындығы—25 см, Африкада мекендейтін құрлық ұлулары Achatina да ірі ұлулар қатарына жатады. Бауыраяқтылардың денесі үш бөліге бөлінген: бас, аяқ, тұлға. Басы тұлға бөлімінен айқын бөлініп тұрады. Тіл пішінді жақсы жетілген аяғында кең жорғалағыш табаны болады. Тұлғасы дененің жоғарға жағына қарай қап тәрізді өсіндіні түзеді, бұны ішкі қапшық деп те атайды. Барлық бауыраяқтыларға тән ерекшелік, ол құрылысының асимметриялы болуы. Бұлардың бақалшағы жақсы дамыған, кейбір кезде редукцияға ұшырауы мүмкін. Бауыраяқты моллюскалардың асимметриясы келесі белгілермен сипатталады: оң жақ мантия комплексінің мүшелері жойылып сол жағы мүшелерінің күшті дамуы; ішкі қапшықтың немесе тұлғаның спираль тәрізді оралуы, бұл ерекшеліктері бақалшақтың спираль тәрізді оралуына байланысты. Құрылысы мен физиологиясы. Бауыраяқтылардың дене пішіні алуан түрлі, көпшілігінің денесі ұзынша және арқа жағы томпайып шығыңқы болып келеді. Жақсы жетілген басының бауыр жағында аузы, артқы жағында 1-2 жұп қармалауышы мен жұп көздері орналасқан. Екі жұп қармалауыштың бірінші жұбы сипап сезу қызметін атқарады, ал артқы қармалауыштың үстінде көзі орналасады. Басының алдыңғы бөлігі анда-санда ұзын тұмсықша ретінде созылып тұрады. Аяғы бұлшықетті және жорғалаушы табаны бар, ол дененің бауыр бөлімінің өсіндісі. Сондықтан да бұл ұлуларды бауыраяқтылар деп атайды, аяғының жиырылуының нәтижесінде жануар субстрат бетінде баяу қозғалып жүреді. Әр алуан тіршілік етуіне байланысты аяғы да алуан түрлі модификацияға ұшыраған. Ең күшті өзгеріске ұшырыған жүзіп тіршілік ететін Gastropoda класының кейбір өкілдерінің аяқтары. Мысалы, қырлыаяқтылардың (Prosobranchia клас тармағы) аяғы бүйірлерінен қабысып жіңішке вертикальді жүзгіш қанатқа айналған, кейде бүйірлерінен қабысып жіңішке вертикальді жүзгіш қанатқа айналған, кейде бүйір жиектерінде екі жағына есетін табанының кішкене ридументі болады. Аяқтың артқы бөлігі ұзын құйрық тәрізді тұтқаға созылады. Ал, қанатаяқтылардың (Opisthobranchia клас тармағы) аяғының бүйірлік бөлігі күшті өсіп кетеді де, қанат тәрізді қалақша түзеді. Тұлғасы немесе ішкі қапшығы, төменгі сатыдағы бауыраяқтыларда симметриялы және жалаңашжелбезектілердікі, өкпелілердікі сияқты аяқтан айқын бөлінбеген. Ал, Gastropoda класының көпшілік түрлерінде керісінше, тұлғасы аяғының үстіне спиральді оралған қапшық түрінде бөлінген. Тұлғаның төменгі жерінде жабын қатпары немесе мантия қатпары, ал оның астында мантия комплексінің мүшелері бар мантия қуысы түзіледі. Қатпар да, мантия қуысы да тұлғаның алдыңғы және оң жағында дамыған, мантия бақалшақты бөліп шығарады, көбінесе спиральді оралған бақалшақты түзейді. Бақалшақтың төбе жағы тұйық біткен—ол оның төбесі деп аталады, ал оған қарама-қарсы екінші ұшында тесігі (устье) орналасқан. Тесігі арқылы жануардың басы мен аяғы сыртқа шығып тұрады. Тек сирек жағдайда ғана бақалшақтардың бұрамдары бір жазықтықта жатады. Бақалшақтың спираль бұрамдары конус тәрізді (турбо спиральді). Бұрамдарының диаметрі жануарлардың өсуіне сәкес төбесінен қарама-қарсы тесіне дейін үлкейеді. әрбір жаңа түзілген ірілеу бұрамдары бұрынғыларды орап көрсетпей басады. Бұндай бақалшақтар инволютті деп аталады. Көбінесе соңғы орамдар алғашқысына жақын тұратындықтан олардың барлығы көрініп тұрады. Бауыраяқтылардың арасында бақалшақтың спиральді оралуының бағыты бойынша бақалшағы екі типті болады: үстінен қарағанда спираль, сағат тілінің бағытымен бұралса онда мұндай бақалшақты оңға бұралған немесе дексиотропты деп атайды. Бұндай бақалшақ көпшілгінде бар. Егер, бақалшақ солға қара бұралса, онда оны солға қарай бұралған немесе лейотропты бақалшақ деп атайды. Осьтің айналасында спираль тәрізді бұрамдары болса оны тығыз бағана немесе колонка деп атайды. Ал, бұрандалары ішкі қабырғалары арқылы бір-біріне жанаспаса, онда колонканың орнына кішкене қуыстар немесе кіндік түзіледі. Спиральді бақалшақтың кендігі сонша, ұлулар қауіпті жағдайда барлық денесін соған жинап алады. Бауыраяқтылардың бақалшағы сыртқы жұқа органикалық қабаттан (periostracum) тұрады, оның астында бақалшақ бетіне перпидикуляр орналасқан, әкті тақталардан түзілген фарфор тәрізді қабат (ostracum) жатады. Кейбір бауыраяқтыларда, мысалы Haliotis, Turbo-да жылтыр перламутр қабаты бар. Бауыраяқтылардың барлық класс тармақтарында бақалшақтың редукциясы байқалады. Редукция мынандай кезеңдер арқылы жүреді: бақалшағы жақсы жетілген, бірақ жануардың денесі жиырғанда бақалшаққа толығымен симайды; бақалшақ одан әрі кішірейе береді де екі мантиялы қатпарлармен көмкеріледі;. Ас қорту жүйесі. Аузы басының алдыңғы ұшының төменгі жағында орналасқан, кейбір түрлерінде аузы ұзарып тұмсық түзеді. Ал, жыртқыш түрлерінде басының алдыңғы ұшы одан да бетер ұзарып жиырылатын және қорегін астауда атыла алатын бұлшықеті тұмсықшаға айналған. Зәр шығару жүйесі. Бауыраяқты моллюскаладың бір жұп бүйрегінен көп жағдайда тек сол жақ бүйрегі жақсы дамып сақталады. Екі бүйрегі алдыңғыжелбезектілер класс тармағының төменгі сатыдағы түрлерінде бар, бірақ оның біреуі екіншісіне қарағанда нашар дамыған. Бүйрек, ол түрі өзгерген целомодукт, оның бір ұшы кірпікшелі воронка түрінде перикардия немесе целом қуысымен жалғасады да соңғы ұшымен мантия қуысына ашылады. Тыныс алу жүйесі. Бауыраяқтылардың көпшілігі желбезекпен тыныс алады. Алғашқы немесе нағыз желбезектер—ктенидиялар жұп мүше ретінде мантия қуысында орналасады. Құрылысы бүйіржүйкелілердікі сияқты. Көптеген түрлерінде ол бос ұшына қарай сүйірленген созыңқы қос қауырсынды өсінді түрінде болады. әрбір ктенияда екі қатар күлтелі осьтік жалпайған бағанадан тұрады. Сонымен қатар, ктенидияда ерекше сезім мүшесі—осфрадиялары бар. Алғашқысында ктенидиялар бір жұп болады, бірақ бауыраяқтылар денесінің оң жағы дамымай қалуына байланысты оң жақ ктенидия семіп, жансызданып қалады. Қан айналу жүйесі. Бауыраяқтылардың жақсы дамыған жүрегі артқы ішектің үстінде орналасып перикардия (целомның қалдығы) қуысында жатады. Бауыраяқты моллюскалардың алуан түрлі жүйелік топтарында орталық мүшенің, яғни жүректің құрылысы әр түрлі болады. Мысалы, Prosobranchia класс тармағының төменгі сатыдағы түрлерінде жүрегі симметриялы болып, қарыншадан және екі жүрекшеден тұрады. Бірақ, олардың оң жақ желбезектері жансызданып қалуына байланысты жүректе оң жақ жүрекшенің жойылуын білдіреді. Алдыңғыжелбектілердің (Prosobranchia) кейбір түрлерінде оң жақ жүрекшелері кішірейіп, тұйық біткен. Сонымен қатар, жүректің орналасуы да біршама өзгереді, яғни қызмет атқаратын жүрекше қарыншаның алдында орналасады. Жоғарғы сатыдағы бауыраяқтыларда тек сол жақ жүрекшесі сақталып, оң жақ жүрекшесі толығымен жойылған. Алдыңғыжелбезектілер мен өкпелілерде сол жақ жүрекше қарыншаның алдыңғы, ал артқыжелбезектілерде қарыншаның артқы жағында орналасқан күйінде қалады, осы екі жағдайда да жүрек артқы ішектің үстінде жатады. Жүректің негізгі қызметі қан тамырлар жүйесіне қанды айдау. Қан тамырлары құрлысы мен қызметіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Бауыраяқты моллюскалардың қан айналу жүйесі ашық типті, яғни қан тамырлары үзіліп қан дене қуысына құйылады. Қан айналымын қарастырсақ, жүректің қарынша бөлімінен ірі қолқа басталып ол кейін екіге—дененің алдыңғы жағына бағытталған бас қолқасына және артқы жағына бағытталған—ішкі қолқасына бөлінеді. Қолқадан артериялар тарайды. Өкпелі моллюскалардың артериялары бірте-бірте капилярларға ауысады. Соңында, қан тамырлары үзіліп, қан дәнекер клеткаларынан құралған ішкі орта тканьның ұсақ түтікшелеріне немесе лакуналарына құйылады да, оттегінен айырылып біртіндеп ірі венозды лакунаға жиналады. Осыдан, қан желбезекке немесе өкпеге өтіп, онда тотығып, енді оттектенген артериальді қан жүрекке құйылады. Бауыраяқтылардың қаны түссіз, құрамында амебоцит қан түйіршіктері бар. Кейде қанда гемоглобинге ұқсас заттар болады, ал кейбір түрлерінде қанда белок қосылыстарының болатындығы анықталған. Нерв жүйесі. Бауыраяқтылардың нерв жүйесі шашыранды—түйінді (ганглияды) түрінде жақсы дамыған, тек төменгі сатыдағы түрлерінде ганглияларынашар жетілген немесе мүлде болмайды. Мұндай жағдайда нерв клеткалары нерв бағаналар бойымен орналасады. Эволюция барысында нерв клеткалары біртіндеп жиналып дене бойында түйіндерді немесе ганглияларды құрайды. Сезім мүшелері. Бауыраяқтылардың сезім мүшелеріне—сипап сезу, химиялық сезім (осфрадиялар), тепе-теңдік (статоцист), көздері тағы басқа мүшелері жатады. Сипап сезу қызметін бас қармалауыштары, мантия жиектері және де басқа мүшелері атқарады. Химиялық сезімі-осфрадиялар. Олар желбезектердің түбінде орналасып, жетілген күйінде, екі жағында 100-150 жапрақшалары бар ұзын қалақша тәрізді болады, сондықтан да желбезектерге бір шама ұқсас. Қалақшаның іші ганглиозды клеткаларға тола, олардың нерв талшықтары жапырақшаларға қарай бағытталып жатады. Статоцист немесе тепе-теңдікті сақтау мүшесі барлық бауыраяқтыларда бар. Статоцист—екі жабық көбікше пішіндес болып педальді ганглиялардың қатарында орналасады. Олардың ішкі эпителий қабаты тербелмелі және сезгіш клеткалардан түзілген, кейде сезім клеткаларынан ерекше қатпар немесе «есту дағы» оқшауланады. Көпіршік ішіндегі сұйықтықта 1-ден 100-ге дейін статолиттер деп аталатын ұсақ көмір қышқыл ізбестті тасшалар (есту қызметін атқаратын) жүзіп жүреді. Моллюскалардың денесі ауытқан кезде, статолиттер өз қалпын өзгертіп сезім клеткаларына әсер етеді де, олар нерв клеткаларын қоздырып, сол сәтте моллюска кеңістікке бағатын бағдарлайды. Жыныс жүйесі. Бауыраяқтылардың жыныс жүйесі гермафродитті, тек алдыңғыжелбезектілер класс тармағының түрлері дара жыныстылар. Соңғыларының жыныс деморфизмі байқалмайды, жынысы бездері (аналық пен аталық) әрқашан да біреу. Аналығының жұмыртқа безі аналық жолына ауысады да, оның шеті жуандап жатынға, кейде тұқым қабылдағыш қапшығына айналады. Аталығының тұқым безі тұқым шығарғыш жолына ауысып, ол денесінің алдығы ұшында, оң жағында жыныс тесігімен аяқталады. Жыныс тесігінің жанында бұлшықетті өскін—шағылысу мүшесі жатады. |