Главная страница
Навигация по странице:

  • МОЛЛЮСКАЛАР ( MOLLUSCA ) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ

  • Өзіндік сұрақтар

  • 23 лекция

  • Жұқасауытты шаяндар отряды - Leptostraca

  • Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі


    Скачать 2.15 Mb.
    НазваниеЛекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
    АнкорЗоология
    Дата21.10.2022
    Размер2.15 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия.doc
    ТипЛекция
    #747356
    страница26 из 42
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42

    Классификациясы. Бауыраяқтылар класы үш класс тармағына бөлінеді: алдыңғыжелбезектілер—Prosobranchia, артқыжелбезектілер—Opisthobranchia, өкпелілер—Pulmonata.

    ТАҚТАЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР немесе ҚОСЖАҚТАУЛЫ МОЛЛЮСКАЛАР КЛАСЫ – LAMELLIBRANCHIA немесе BIVALVIA

    Тақтажелбезектілер теңіздерде, тұщы суларда, судың түбіне көміліп, жай жылжитын, 20000-ға жуық түрі бар, билатеральді симметриялы жануарлар. Бұл кластың ең басты ерекшеліктері: басы жоқ, денесі тұлға және аяқ бөлімінен тұрады; денесі бүйір жағынан қосжақтаулы бақалшақпен қапталған, оның оң жақ және сол жақ жақтаулары дененің арқа жағында лигамент немесе тістері арқылы өзара байланысады; жұп ктендиялары көпшілігінде үлкен тақталы желбезекке айналған (кластың атауы да осыдан). Ұзындығы бірнеше милиметрден 1,5 метрге дейін, мысалы, Тынық және Үнді мұхиттарында кездесетін Tridacna gigas бақалшағы 1,35 м, ал оның салмағы 250 кг-нан көп болуы мүмкін.

    Құрылысы мен физиологиясы. Денесі сопақша кедген, бүйір жағынан қабысқан, басы жоқ, тұлға және бұлшықетті аяқтан тұрады. Тіршілік етуіне және қозғалуына байланысты аяқтарының пішіні әр түрлі. Төменгі сатыдағы түрлерінің аяғы, бауыраяқтылардікідей (Gastropoda класы) тегіс жорғалауышы жалпақ табанымен жабдықталған, ал қалған тақтажелбезектілерде аяқтары бүйірінен қабысқан, шет жағына қарай үшкірленген. Мұндай аяқ жорғалаумен бірге, су түбі топырағын, құм және шөгінді лайды қазуға бейімделген. Субстратқа бекініп жылжымай тіршілік ететін түрлерінде аяқтары толық дамымаған. Мысалы, мидияларда - Mytilus немесе мүлдем жоқ болады – устрицаларда – Ostrea. Ал, бұрғылаушыларда ол бекінетін сорғышқа айналған, мысалы, Teredo, Pholas туысында.

    Көптеген тақтажелбезектілердің аяғының төменгі жағында, ерекше ойықта биссус (грекше – жіңішке иірілген жіп) деп аталатын безі орналасқан. Ол, суда тез қатаятын созылмалы жіпше – биссус сөлін бөледі. Жібек тәрізді жіптің көмегімен моллюскалар су түбіндегі затқа жабыса алады. Жерорта теңізіндегі Pinna туысына жататын моллюскалардың биссус безі болмайды (Solemya, Leda, Malletia, Yoldia). Nucula – да биссус нашар дамыған.

    Тақтажелбезектілердің денесі кутикула, ал оның сыртын мантия деп аталатын үлкен тері қатпары жауып тұрады. Мантия мен дене аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері мен аяғы орналасқан және оған аналь, зәр шығару, тыныс тесігі ашылады. Денесінің арқа жағында мантия қатпарлары бір-біріне алмасып, ал алдыңғы, төменгі және артқы шеттері бір-біріне қосылмай шет қалады, осылайша мантия қуысы сыртқы ортамен еркін қатысады да қорек заттарды, суды оңай қабылдайды. Мантияның бұндай құрылысы ашық типті деп аталады. Бұларға Anomiidae, Arcidae, Trigonidae тұқымдасының өкілдері атады. Бірақ көпшілігінде мантияның бос шеттері бір-бірімен, әсіресе артқы шетіндегі аймақтарында, бірігіп, бірнеше тесіктер немесе созылып сифондар құруы мүмкін. Сол арқылы мантия қуысы сыртқы ортамен байланысады. Мысалы, артқы екі тесіктің астыңғысы мантия қуысына қоректік заттары бар және тыныс алуға қажетті судың кіруін қамтамасыз етеді. Яғни бұл әкелуші сифон болып саналады, жоғарғысы керісінше мантия қуысынан көмірқышқыл газына бай суды және нәжістерді сыртқа шығарады – бұл шығарған сифон. Бірікпеген алдыңғы және құрсақ тесігі мантиялық қуыстан аяқтың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Осындай мантия құрылысы Malletia, Yoldia туысының өкілдерінде айқын байқалады. Құм мен шөгінді лайға көміліп тіршілік ететін түрлерінде әкелуші және шығарушы сифондарының шеттері ұзын бұлшықетті түтікшеге созылады да шөгіннің бетіне шығып мантия қуысына таза судың кіруін қамтамасыз етеді. Мантияның бос шеттерінде қысқа қармалауыштарымен қоса көздері де орналасқан.

    Тақтажелбезектілердің сыртқы тері жабыны үш түрлі эпителиден құралған: мантиялық, жалпақ және желбезек. Мантиялық эпителий мантияның сыртқы жағын, жалпақ эпителий мантияның ішкі жағын, аяқты және тұлғаны, ал желбезек эпителий желбезекті жауып тұрады.

    Бақалшақтың жақтаулары арқа жағында өзара лигамент немесе құлып арқылы байланысады. Созылғыш келген органикалық заттан тұратын лигамент екі жақтауды қысқа, көлденең лента түрінде жалғастырады. Оның сыртқы қабаты жақтаулардың сыртқы жұқа қабатымен тікелей жалғасады да, ішкісі екі жақтаудың арқа бөлімінің жиектеріндегі оймақшаларына еніп тұрады.

    Құлып деп жақтаулардың тіс тәрізді өсінділерін атайды. Бұл жағдайда жақтаулардың арқа жағындағы жиектері қалыңдап тістері орналасқан бақалшақ тақтасын немесе құлпын құрайды. Құлыптың негізгі екі түрін аыратуға болады: теңтісті немесе таксодонтты – тістерінің саны көп, мөлшері мен пішіні бірдей: әр түрлі тісті немесе гетеродонтты – тістердің саны аз, ал мөлшері мен тістері әр түрлі. Сирек кездесетін схизодонтты құлыптың оң жақ жақтауында алға қарай бағытталған бір орталық және созылыңқы келген артқы тісі, ал сол жақ жақтауында жай тіс пен екі бөлікке бөлінген артқы тіс дамыған. Spondylus туысының өкілдерінде жақтаудың әр қайсысында Vulsellidae, Pteridae, Pinnidae, Annomidae тұқымдастарының тістері жойылып, құлыптың қызметін тегіс тақта өсіндісі атқарады. Тістердің орналасуы, саны мен пішіні тақтажелбезектілердің систематикасы үшін өте маңызды.

    Бақалшақтың ашылып-жабылуына бір немесе екі тұйықтауышы бұлшықеттер қатысады. олар моллюсканың денесінде көлденең, бір жақтаудан екіншісіне өтетін жуан бұлшықетті буда түрінде орналасқан. Олардың жақтауға бекінген орындарында таңбалар қалады. Қазбадан табылған бақалшақтарда таңбалар жақсы сақталған.

    Моллюскалардың бақалшағы үш қабаттан тұрады: периострукум деп аталатын сыртқы жұқа қабаты, ол негізінен органикалық зат – конхиолиннен құралған; біршама келетін ортаңғы ізбесті немесе призмалы қабат – остракум. Бұндағы бірнеше тығыз жабысқан көмірқышқыл ізбесттен тұратын призмашықтар бақалшақтың бетіне перпендикуляр ретінде орналасады; ішкі жұқа маржан қабаты немесе гипостракум бірнеше қабат болып жататын ізбестті апырақшаларынан құрылған. Олардың арасында органикалық зат – конхиолин жатады. Осыған байланысты сәуле толқындары бір-бірімен түйіскенде , бір-біріне өзара әсер етіпинтерференцияланады, яғни жарқырап құбылмалы түрлі-түсті береді.

    Маржан (перламутр) қабаты бақалшақты бөлетін мантия эпителимен астарланған. Осы эпителий кейбір түрлерінде інжуді қалыптастырады, яни бақалшақ пен мантия эпителиінің арасына түскен өте ұсақ бөгде заттар мантия эпителиімен қапталып, інжуге айналады.

    Ас қорыту жүйесі. Тақтажелбезектілердің басының жойылуы олардың басында орналасатын ауыз қуысының, жұтқыншағының, үккі, жақ аппараты мен сілекей бездерінің семіп қалуына алып келді. Сондықтан дененің алдыңғы бөлігінде орналасқан ауыз тесігі тікелей қысқа өңешке жалғасып қалта тәрізді қарынға өтеді. Ауыз тесігінің айналасында екі жұп ұзын үш бұрышты ауыз қалақшасы болады, олар ауыз тесігіне қоректік заттарды айдаушы кірпікшелерімен жабылған. Қарынның бүйірінде көптеген майда бөліктерден тұратын және өзектерімен қарынға ашылатын жақсы дамыған қосарлы бауыры орналасқан. Қарынның артқы бөлігіне қап тәрізді өсіндінің тесігі ашылады. Оның эпителийі мукопротеидтерден және амилаза, гликогеназа ферменттерден тұратыг, мөлддір қоймалжың кристалды бағананы бөледі. Бағана бір шетімен қарынның қуысына батып тұрады да, қарындағы сілтілік ортада біртіндеп еріп сонымен қатар ас қорыту ферменттерін бөледі. Қарыннан кейінгі ортаңғы ішек аяқ бөлімінде бірнеше иін жасап, содан кейін артқа қарай бағытталып, артқы ішекке жалғасады. Ол жүректің қарынша бөлімін тесіп өтіп аналь тесігімен аяқталады. Жәй қозғалып немесе қозғалмай бекініп тіршілік ететіндіктен тақтажелбезектілердің қоректенуі де баяу. Олар мантия қуысы арқылы көп мөлшерде өткізген судан өз қорек заттарын жинап алады. Суды мантияның кірпікшелі эпителиі, желбезегі және ауыз қалақшалары үнемі ағызып отырады. Сумен бірге көптеген майда қорек заттар кіреді. Тақтажелбезектілер көп болған жерде су таза болады. сондықтан оларды «биофильтраторлар» (биосүзектер) деп атайды. Мысалы , 1 м2 жерде орныққан мидиялар, бір тәулікте 280 м3 суды тазартатыны байқалады.

    Зәр шығару жүйесі. Денесінің артқы бөлігінде түтікті қалтаға ұқсас - тәрізді жұп бүйрек орналасқан. Бүйректің бір ұшы варонка түрінде кеңейіп ( нефростом) перикартия қуысына екіншісі (нефропор) мантия қуысына ашылады. Тақтажелбезектілердің бүйрегі мезодермаден пайда болуына байланысты олар нағыз целомодуктылар болып келеді. төменгі сатыдағы тақтажелбезектілердің бүйректері қарапайым құрылысты. Мысалы, Leda, Malletia, Yoldia туыстарының бүйректері жәй түтік тәрізді және көп жағдайда жыныс бездерінің өзектерімен байланысқан. Зәр шығару қызметін, бүйректен басқа кеберов мүшесі деп аталатын перикардильді бездер де орындайды. Олар перикардиальдің алдыңғы бөлігіндегі безді клеткалар, яғни екі без немесе кеберов мүше түрінде дамиды. Осы бездердің өнімдері перикардия қуысына түсіп, оған жалғасқан бүйрек түтікшесі арқылы сыртқа шығарылады.

    Тыныс алу мүшесі – алғашқы желбезектер немесе ктенидиялар. Ктенидиялардың құрылым ереклешіктері тақтажелбезектілер системасының негізі. Ең қарапайым құрылысты ктенидиялар алғашқы желбезектілер отриядының өкілдерінде кездеседі. Бұлардың ктенидиялары негізгі біліктен және екі қатар орналасқан қысқа және жалпақ желбезек апырақшалардан тұрады. Яғни ктенидиялар қосарлы қауырсын түрінде дамыған. Негізгі білік мантия қабатына жалғасады да, апырақшалары мантия қуысына шығып тұрады. Жіпжелбезектілер отриядының өкілдерінде ктенидиялардың жапырақшалары ұзарып, желбезек жіпшелеріне айналған. Олардың ұзындығы сонша, әрбір жіп төмен түсетін иін сонан соң иіліп жоғары көтерілетін иін түзейді. Ішкі қатарындағы жоғары көтерілген иін, аяғына қарай, ал сыртқы қатарындағы иін – мантия қатарына бағытталған. көпшілігінде желбезек жіпшелері дәнекер тканьді көпіршелерімен байланысқан, қалғандарында жіпшелері бос. Ең күрделі құрылысты ктендиялар нағыз тақтажелбезектілер отриядының өкілдерінде кездеседі. Олардың желбезек жіпшелері (төмен түсетін және жоғары көтерілетін иін) бір-бірімен толық байланысады да нәтижесінде әрбір желбезектің жартысы қос қабатты торлы тақтаға айналады. Осылайша, әрбір желбезек нағыз ктендиялардың бір ғана жартысына сай. Моллюскалардың желбезегі кірпікшелі эпителимен қапталған. Олар ретімен жиырылады да, мантия қуысындағы суды бір бағытта ағызады.

    Қалқажелбезектілер отрядының өкілдерінде ктендиялар редукцияға ұшырап, оның орнына көлденең орналасқан бұлшықетті қалқа дамып, мантия қуысын екіге бөледі: төменгі және жоғарғы аймағына. Соңғысында газ алмасу процесі жүреді.

    Қан айналу жүйесі. Ашық типті, яғни қан тамырлары үзіліп, қан арнайы қабырғалармен шектелмеген дене қуысының бөлімдері – лакуналарға құйылады.

    Екі жүрекшеден және қарыншадан тұратын үш камералы жүрегі денесінің үстіңгі жағында орналасып перикардия қуысында жатады.

    Эволюция барысында жүректің алғашқы бастамасы жұп болып қалыптасады да, эволюциялық процесінде олар бірігіп сыңар жүрекке айналады. Төменгі сатыдағы тақтажелбезектілердің екі жүрегінің бірігуі ішектің үстінде өтеді, ал қалғандарында сол және оң жүрек ұрықшалары артқы ішектің үсті мен астында бірігеді, яғни артқы ішектің айналасында қосылады. Соған байланысты артқы ішек қарыншаны тесіп өтеді, бұл тек қана тақтажелбезектілерге тән. Кейбір төменгі сатыдағы өкілдерінде жүрек ұрықшалары қосылмай, екі жүрегі сақталады.

    Қан айналымы, жүректің қарынша бөлімінен шығатын екі үлкен – алдыңғы және артқы қолқадан басталады. Алдыңғы қолқа ішектің үстімен алға қарай бағытталып ішкі мүшелерге, аяққа және мантияның алдыңғы бөліміне артерияларды тартады, артқы қолқа ішек астымен артқа қарай бағытталып екі мантия артериясына бөлініп кетеді. Осы артериялар үзіліпішіндегі қан лакуна жүйесіне құйылады да ішкі мүшелерінің арасымен өтіп, оттегін таратады. Сонан соң көмір қышқыл газына бай қан перикардияның астында жатқан, ұзын салалы үлкен веналық лакунаға жиналады. Лакуна желбезектерге қарай бағытталыпәкелгіш желбезек қан тамырларына өтеді. Осы жерде қан тотығып, енді оттегіне қаныққан қан шығарғыш (алып кететін) қан тамырлары арқылы жүректің жүрекше бөлімдеріне, одан қарыншаға құйылады. Қарыншадан қан алдыңғы және артқы қолқаға өтіп, қан айналымы жалғасады.

    Нерв жүйесі шашыранды – түйінді. Нерв клеткалары шоғырланып дененің алдыңғы бөлімінде, тұлғасында және аяғында үш жұп жүйке түрінде түйіндерді (ганглияларды) құрайды: цереброплевральді, висцеропариетальді және педальді. Бұл түйіндер бір-бірімен ұзын коннективлар арқылы жалғасады

    Цереброплевральді ганглиялар екі жұп ганглиялардың қосылуынан пайда болған: церебральді және плевральді. Оның дәлелі, қарапайым түрлерінде жұп церебральді және плевральді ганглиялар бір-бірінен алшақтау орналасқан. Leda, Malletia, Solemonya туысының өкілдерінде церебральді әне превральді ганглиялар бір-біріне жақын, ал Yoldia және қалған барлық түрлерінде ганглиялар өзара қосылып кеткен. Цереброплевральді ганглиялар дененің алдыңғы бөлімінде орналасып, ауыз қалақшаларын, алдыңғы тұйықтағыш бұлшықет пен мантияның алдыңғы бөлімін нервтендіреді. Педальді ганглиялар аяқ бөлімінде орналасып соны нервтендіреді. Висцеропариетальді ганглиялар артқы ішектің астында орналасып, ктенидияларды, мантияның артқы бөлімін, артқы тұйықтағыш бұлшықет пен барлық ішкі мүшелерді нервтендіреді.

    Сезім мүшелері нашар дамыған, ол моллюскалардың жәй қозғалып тіршілік етуіне байланысты болу керек. Сезім мүшелеріне: сипап сезу, химиялық сезу (осфрадиялар), тепе-теңдік (статоцисталар) және көздері жатады. Сипап сезу мүшелері ауыз қалақшалар мен сифондардың жиектерінде сезгіш төмпешіктер түрінде шоғырланған. Осфрадиялар – желбезектердің түбінде, ал екі статоцистасы – педальді түйіндерімен көршілес. Бұл мүшелердің құрылысы бауыраяқты моллюскалардың сезім мүшесіне ұқсас.

    Жыныс жүйесі бұтақталған түтіктер немесе қалқаншалар түрінде дамыған, жұп гонадалар немесе жыныс бездерінен тұрады. Тақтажелбезектілер – дара жыныстылар, тек Tridacnidae, Poromidae тұқымдастары, Entovlva, Scioberetia туыстары гермафродитті. Жыныс бездерінің арнайы тұқым шығару жолдары зәр шығару тесігінің жанында сыртқа ашылады немесе бүйректің өзегімен байланысып тұрады, ал Pecten, Ostrea туысының өкілдерінде гонадалар тікелей бүйрекке ашылады.

    МОЛЛЮСКАЛАР (MOLLUSCA) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ

    Моллюскалардың шығу тегі жөнінде және олардың арасындағы филогенетикалық байланыстар туралы әртүрлі көзқарастар бар. Ғалымдардың біреулері (Пельзенер, Нэф, Седерштерм, Ламер) моллюскалардың арғы тегі буылтық құрттар (Annelida)6 солардың ішінде көпқылтандылар (Polychaeta) болуы мүмкін десе, екіншілері (Тиле, Плате, Нирштрасс, Однер, Сарвас) кірпікшелі құрттар – турбелляриялар ( Turbellaria) дейді. Ал Иеринг эклектикалық (әртүрлі көзқарастарды қалай болса, солай дәйексіз қоса салу) тұрғыдан хитондар (Loricata) мен жылғақұрсақтылар (Solenogastres) жалпақ құрттардан (Plathelminthes), қалған моллюскалар буылтық құрттардан (Annelida) шыққан деп болжау айтады.

    Өзіндік сұрақтар:

    1.Жұмсақ денелілер немесе моллюскалар типі (Mollusca). Сегменттелмеген жұмсақ денелерінің бөлінуі, жыныс жүйесі, көбею әдістері.

    2.Моллюскалардың құрылысы мен дамуындағы буылтық құрттармен жақындасатын белгілері. Классификация

    3.Бақалшақтылар тип тармағы (Conchifera).

    4.Айқұлақ және тіссіз моллюска. Бақалшағының құрылысы. Бұлшық еттері және мантия қуысындағы мүшелер.

    5.Бауыр аяқтылар класы (Castropoda). Құрылысының негізгі ерекшеліктері және мүшелерінің орналасуы.

    6.Жүзім ұлуы (немесе басқа ірі түрлері). Ұлудың қозғалуы және қоректенуі.

    7.Тұщы су ұлуларының тыныс алуы мен қозғалысы.
    23 лекция

    ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – MALACOSTRAC

    1.Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы – Мalacostraca

    2. Жұқасауытты шаяндар отряды – Leptostraca

    3. Мизидалар отряды - Мysidacea

    4.Теңаяқты шаяндар отряды – Isopoda

    5.Онаяқты шаяндар отряды - Decapoda

    6.Трилобиттәрізділер тип тармағы - Тrilobitomorpha

    Теңіздерде, тұщы суларда кең тараған, сонымен қатар құрлықта және паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Басқа класс тармақтарына қарағанда құрылыс деңгейі жоғары, сезім мүшелері күшті дамыған және соған сай іс-әрекетгері де күрделі, ірі шаяндар. Бұлардың басты ерекшелігі: дене сегменттерінің саны тұрақты, басы (акрон және 4 сегмент), 8 кеуде және 6 құрсақ сегмештері болады (Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана өзгеше). Кейде бас капсуласының құрамына акрон және 4 сегменттен басқа, кеуденің І-ші сегменті кіреді (Amphipoda және Isopoda отрядында) немесе басы протоцефалон (акрон және антенна сегменті) түрінде қалады. Соңғы жағдайда бастың жақ сегменттері кеуденің бірнеше немесе барлық сегменттерімен қосылып жақкеудені (гнатоторакс) түзейді. Дене сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады, тек құрсақтың соңғы сегментінде аяғы жок, ол тельсон (telson) деп аталатын тақтаға айналған (Leptostraca отрядының өкілдерінде ғана айыршасы (furca) бар). Ересек түрлерінде антеннальды бездер зәр шығарады. Жыныс тесіктері аналығының 6-шы, аталығының 8-ші кеуде сегментерінде ашылады. Дамуы метаморфоз жолымен немесе тура (эпиморфоз). 19000-нан аса түрі бар.

    Жоғарғы сатыдағы шаяндар класс тармағы 14 отрядқа бөлінеді, солардың ішінде ең көп тараған әрі маңызды отрядтарды қарастырамыз: жұқасауытгы шаяндар - Leptostraca, ауызаяқты шаяндар - Stomatopoda, мизидалар - Mysidacea, эуфаузиялар - Euphausiacea, теңаяқты шаяндар - Isopoda, бүйірімен жүзуші шаяндар немесе амфиподалар - Amphipoda, онаяқты шаяндар - Decapoda.

    Жұқасауытты шаяндар отряды - Leptostraca

    8 түрі бар, ұсақ теңіз шаяндары. Жоғарғы сатыдағы шаяндардан төменгі деңгейлі белгілерімен көзге түседі: жұқа, қосжақтаулы пішінді карапаксы баскеуде бөлімін түгел жапқан (отрядтың аты да осыдан); 8 жұп кеуде аяқтары екі бұтақты, жапырақаяқты (Phyllopoda) шаяндардың аяқтарына ұқсас; құрсағы 7 сегментті және соңғысының ұшы ашалы; ересек түрлерінде тек антеннальды бездері ғана емес, аздап редукцияға ұшыраған максиллярлы бездері де зәр шығарады. Осындай бірқатар белгілерімен Leptostraca төменгі мен жоғарғы сатыдағы шаяндар аралығындағы байланыстырушы буын деп болжайды. Негізгі өкілдері: Nebalia bipes, Nebaliopsis typica. Nebalia туысы Силур дәуірінен белгілі.
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42


    написать администратору сайта