Главная страница
Навигация по странице:

  • ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - BRANCHIOPODA

  • ЖЕЛБЕЗЕКАЯ

  • Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca

  • Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda

  • Қалқанды шаяндар отряд тармаеы - Notostraca

  • Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы -Conchostraca

  • Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы -Cladocem

  • ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР

  • МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР

  • Мистакокаридалар отряды - Mystacocarida

  • Ескекаяқты шаяндар отряды - Copepoda

  • Тұқы балық биттер отряды - Branchiura

  • Мұртаяқты шаяндар отряды - Cirripedia

  • Қапкеуделі шаяндар отряды - Ascothoracida

  • Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі


    Скачать 2.15 Mb.
    НазваниеЛекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
    АнкорЗоология
    Дата21.10.2022
    Размер2.15 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия.doc
    ТипЛекция
    #747356
    страница24 из 42
    1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42

    Классификациясы. Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді: желбезекаяқтылар - Branchiopoda, цефалокаридалар - Cephalocarida, максиллоподалар - Maxillopoda, бақалшақты шаяндар - Ostracoda, жоғарғы сатыдағы шаяндар - Malacostraca.

    ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - BRANCHIOPODA

    • Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca

    • Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda

    • Қалқанды шаяндар отряд тармағы - Notostraca

    • Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы - Conchostraca

    • Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы - Cladocera

    • ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA

    • МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MAXILLOPODA

    • Мистакокаридалар отряды - Mystacocarida

    • Ескекаяқты шаяндар отряды - Copepoda

    • Тұқы балық биттер отряды - Branchiura

    • Мұртаяқты шаяндар отряды - Cirripedia

    • Қапкеуделі шаяндар отряды - Ascothoracida

    • БАҚАЛШАҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - OSTRACODA

    • ЖОҒАРҒЫ САТЫДАҒЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MALACOSTRACA

    • Жұқасауытты шаяндар отряды - Leptostraca

    • Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda

    • Мизидалар отряды - Mysidacea

    • Эуфаузиялар отряды - Euphausiacea

    • Теңаяқты шаяндар отряды - Isopoda

    • Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды - Amphipoda

    • Онаяқты шаяндар отряды - Decapoda

    ЖЕЛБЕЗЕКАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - BRANCHIOPODA

    700-ге жуық түрі бар. Дене сегменттерінің саны тұрақсыз. Бас бөлімі (протоцефалон) және кеуде бөлімдерінің сегменттері тұтасып бірікпеген, фасеттік және науплиус көздері бар. Жапырақтәрізді кеуде аяқтарымен жылжиды, тыныс алады әрі қорегін аузына жеткізеді. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы бөлігі ашалы (furca). Дамуы метаморфоз жолымен өтеді, личинкалары - науплиус, метанауплиус.

    Екі отрядқа бөлінеді: желбезекаяқтылар - Anostraca және жапырақаяқтылар -Phyllopoda.

    Желбезекаяқты шаяндар отряды - Anostraca

    Денелері ұзын, гомономды сегменттелген, басы - протоцефалон құрылысты (акрон және антеннальді сегмент), жак сегменттері тұтас бірікпеген, науплиальді және фасеттік көздері бар қарапайым шаянтәрізділер, 11-19 сегментті кеудесінің әрқайсысында орналасқан екі тарамды жапырақтәрізді аяқтарымен қозғалады, тыныс алады және қорегін аузына жеткізеді. Құрсағы 8 - сегментті, аяқтары жоқ, жақсы дамыған айыршамен (furca) аяқталады.

    Жүрегі ұзын, көп камералы. Желбезекаяқтылардың 180-ге жуық түрлерінің басым көпшілігі тұщы суларда мекендейді. Негізгі туыстары: Branchipus, Pristocephalus, егістік алқаптарда қар ерігеннен кейін қалатын уакытша су қоймаларында жиі кездеседі. Тек Artemia salina ғана дала және шөлейіт зоналарының ащыланған түзды су қоймалары - лиман, ащы көлдерде мекендейді. Жұмыртқалары сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді келеді, сол арқылы кең таралады. Олар Каспий теңізінде, Еуропа, Азия және Американың теңіз суларында кездеседі. Артемияны адам тамақ үшін және көбінесе балықтардың (бекіре тұқымдастардың шабағына) жемі үшін пайдаланады.

    Желбезекаяқтылардың жұмыртқалары арнайы жұмыртқа қапшығына түсіп, кейін суға тасталынады. Олар қолайсыз жағдайларға төзімді және су ағынымен аса қашық жерлерге таралады.

    Жапырақаяқты шаяндар отряды - Phyllopoda

    Жалпы құрылысы жағынан желбезекаяқты шаяндарға ұқсас, тек бас сегменттері тұтасып біріккен және денесін түгел, не жартылай жауып жатқан жалпақ шатыр немесе қосжақтаулы берік бас қалқаншасы - карапакстың дамуымен ерекше. Кеуде бөлімі көп сегментті, жапырақтәрізді екі тарамды аяқтары тек кеудесінде дамыған, солармен жүзеді, тыныс алады, қорегін аузына қарай жылжытады. Құрсақ сегменттері редукцияға бағытталған, науплиус және фасеттік көздері болады.

    Phyllopoda отряды үш отряд тармағына бөлінеді: қалқанды шаяндар Notostraca, бақалшақты жапырақаяқты шаяндар - Conchostraca және бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері - Cladocera.

    Қалқанды шаяндар отряд тармаеы - Notostraca

    Карапаксы жалпақ шатыртәрізді қалқанша түрінде дамып, баскеуде бөлімін түгел жапқан. Антеннула мен антенналары өте қысқа, мандибулалары айырықша үшкірленген. Кеудесі көп (40-қа дейін) сегментті, алдыңғы 10 сегменттерінің әрқайсысында жұп аяқтары болады және олардың бірінші және екінші жұбының сезімтал қызметін атқаратын ұзын жіптәрізді өсінділері бар. Қалған кеуде сегменттерінің (11-шіден бастап) әрқайсысында 4-6 жұп аяқтары бо­лады. Бұндай таңқалдырарлық ерекшелік басқа буынаяқтыларда кездеспейді. Сонымен, кеуде аяқтарының жалпы саны 70-ке дейін. Құрсағында аяқтары жоқ, соңғы сегменті жақсы дамыған екі ұзын сезімтал талшықтары бар айыршамен аяқталады.

    Қалқандылар су түбін қопарып, су ластанған кезде, оның ішіндегі детрит кесектерімен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Қорек барлық аяқтарының шайнағыш өсінділерінің көмегімен ұсталынып, аяқтарының арасындағы құрсақ ойысшасы бойымен ауызға қарай тасымалданады. Қалқандылар партеногенез жолымен көбейеді: популяциядағы 1000 аналығына ең көп дегенде 10 аталығы сәйкес келеді. Қалқандылар ұсақ, жақсы жылынатын тұщы су қоймаларында мекендейді және жиі аяқ астынан көп мөлшерде қатты жаңбырлардан кейін жиналған суларда дамып шығады. Жұмыртқалары желбезекаяқтылардікіндей, кебуге, тоңазуға төзімді және желмен ұшып таралады.

    Notostraca-ның 9 туысы белгілі. Негізгі өкілі: көктемгі щитень - (Lepiduras apus), 12 мм-re дейін өседі, өмір бойы жануар 17 рет түлейді. Кәдімгі щитень -(Triops cancrifomis), ipi - 7,5 см-ге дейін жетеді .

    Бақалшақты жапырақаяқты шаяндар отряд тармағы -Conchostraca

    Ұзындығы 30 мм-ге дейін, ұсақ шаянтәрізділер. Карапаксы денесін толық жауып тұратын қосжақтаулы бақалшағы түрінде дамыған. Бақалшақтың жақтауы жануар денесімен ІІ-ші максилла сегментінің аймағында жалғасады және тұйықтағыш бұлшықеттері де дәл осы жерде орналасқан. Антеннулалары қысқа, антенналалары ұзын, екі бұтақты. Кеудесі 10-32 сегментті, әрқайсысында екі бұтақты аяқтары бар. Құрсағы рудиментті, екі тырнақшаларымен аяқталады.

    Conchostraca-ның 150-ге жуық түрі бар, көбінесе ұсақ тұщы су, кеуіп бара жатқан су қоймаларында мекендейді. Нашар жүзеді, сондықтан шөгінділерде көміліп тіршілік етеді. Негізінен табиғатта аналықтары да, аталықтары да кездеседі, бірақ Limnadiidae тұқымдасының барлық түрлерінде, мысалы Limnadia lacustris-тің тек партеногенетикалық аналықтары ғана белгілі. Жұмыртқалары аналығының арқа жағында, бақалшақтың арасында орналасады, қалың қабықпен қапталынған, кеуіп кету мен тоңазуға төзімді.

    Бұтақмұртты шаяндар немесе су бүргелері отряд тармағы -Cladocem

    400-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1-5 мм, шалшықтардан бастап ірі көлдерге шейін барлық суларда және кейбіреулері теңіздерде тіршілік ететін планктонды ұсақ шаянтәрізділер. Басым көпшілігінің денесі қосжақтаулы, мөлдір, жұқа карапакс қабатымен (бақалшақпен) жабылған. Антеннулалары қысқа, ал антенналалары ұзын, екі бұтақты, көптеген қылқандармен жабдықталған, жылжу мүшенің қызметін атқарады, осылар арқылы суда секіріп қозғалады (су бүргелері деп атауы да осыдан). Басында науплиус көзі мен күрделі көздерінің қосылуы нәтижесінде пайда болған үлкен фасеттік көзі болады. Кеудесі қатты қысқарған 4-6 сегменттерден ғана тұрады. Кеуде аяқтары жапырақ тәрізді, көптеген қылқандармен жабдықталған, олар сүзгінің ең басты бөлімі (қорегін судан сүзіп алатын), әрбір аяқтарында арнайы тыныс алу мүшелері - желбезек қалақшалары бар. Daphnia туысына жататын түрлерінің аяқтары бір минутта 300-ге дейін ырғақты тербеліс жасайды және жануар сол аяқтарымен тыныс алады және ұсақ қорегін ұстап алады. Құрсағы буындалмаған, алға қарай бүгілген 2 тырнақша тәрізді тікенекпен көмкерілген. Детритпен, бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен қоректенеді.

    Негізгі туыстары: Daphnia, Bosmina, Diaphanosoma, Leptodora т.б. Daphnia туысының 26 түрі бар, негізгі түрлері кәдімгі дафния - Daphnia pulex, D.longispina.

    Дафнияның басқа бұтақмұртты шаяндардан ерекшелігі даму жолында екі түрлі ұрпақтың алмасуы немесе гетерогония байқалады: партеногенетикалық және қос жынысты. Әдетте, көктемде қыстап шыққан жұмыртқадан партеногенетикалық аналықтары шығып, олар ұрықтанбай келесі партеногенетикалық аналықтарының бірнеше ұрпақтарын бере бастайды. Соңғы партеногенетикалық аналықтары ұрықтануға дайын, кейін жаңа партеногенетикалық ұрпақтарды шығаратын жұмыртқаларды салады. Ұрықтанбаған, тек қана аналықтарды беретін жұмыртқалар нәзік қабықпен қапталынған және оларды аналығы денесінің арқа жағында бақалшақтың арасында орналасқан арнайы ұрпақ шығару камерасында сақтап, сыртқа шығарады. Жұмыртқадан шыққан аналықтары аталықтарымен шағылысып енді тыныштық күйдегі жұмыртқаларды салады. Олар алдымен ұрпақ шығару камерасында орналасады да, кейін бір немесе екі қабатты, қатты - эфиппиум деп аталатын қалың қабыршақтармен қапталынады. Эфиппиум күйінде жұмыртқалар қыстап шығады да, көктемде даму процесі қайтадан басталады. Сөйтіп, бір циклдің ішінде екі түрлі ұрпақтың кездесіп отыруы байқалады. Тіршілік циклінің ұзақтығына қарай мұртаяқтылар формалары - моноциклді, дициклді, полициклді. Егерде, бір жыл бойына бір ғана даму циклі болса, олар моноциклді, екідициклді (Daphnia pulex). Бірақ сыртқы ортаның өзгергіштігіне қарай әрбір түр бір жылдың ішінде тіршілік циклін өзгертіп тұруы мүмкін және бір түрдің бір аймақтағы әр түрлі су қоймаларында тіршілік циклі де әр түрлі.

    Бұтақмұртты шаяндардың тіршілік циклінде жыл мезгіліне қарай сыртқы құрылысы да өзгермелі. Бұны маусымдық өзгерістер немесе цикломорфоз деп атайды. Мысалы, Daphnia-ның түрлі температура жағдайларына қарай басының пішіні не "сүйір", не "домалақ" түрге айналып өзгеріп отырады: басының домалақ болуы төмен температураға, ал сүйір болуы - жоғары температураға байланысты.

    Бұтақмұртты шаяндардың тәжірибелік маңызы зор. Олар тек омыртқасыздарға ғана емес, барлық балық шабақтарына да қорек бола алады.

    ЦЕФАЛОКАРИДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CEPHALOCARIDA

    Цефалокаридалар шаянтәрізділердің ерекше алғашқы қарапайы тобын құрайтын, теңіз түбіндегі шөгіндіде тіршілік ететін жануарлар. Ұзындығы 2,8-3 мм., созылыңқы денесі бас бөлімінен, аяқтары бар 10 сегментті кеудесінен және аяқтары жоқ 9 сегментті құрсағынан тұрады. Құрсағының соңында 2 ұзын қылтандардан құралған айыршасы бар. Шөгіндіде көміліп тіршілік етуіне байланысты көздері жоқ. Ең негізгі қарапайым белгілері: антенналары ауыздың артқы жағында орналасқан (бұл белгі шаянтәрізділердің науплиус личинкаларына тән); мандибулалары дамымаған, ал келесі бас аяқтары - максилла I және максилла II құрылысы және атқаратын қызметі жағынан кеуде аяқтарына өте ұқсас, яғни олар протоподиттен, екі бұтақ экзоподит пен эндоподиттен және желбезекгі өсінді эпиподит буындардан тұрады, сондай-ақ кәдімгі екі бұтақты кеуде аяқтарынан ерекшеленбеген және сол аяқтарымен қозғалады, тыныс алады, әрі қоректік бөлшектерді аузына жеткізеді. Аналығы жұмыртқаларын кеуде сегменттерінің ең соңғысындағы жұмыртқа қапшығына салады.

    Жұмыртқалардан науплиус личинкалары шығып, тек 18 рет түлеуден кейін ересек түріне айналады.

    Цефалокаридалар 1957 жылы ғана ашылған, қазіргі кезде 3 туысқа жататын 9 түрі белгілі. Ең бірінші өкілі Hutchinsoniella macracantha Атлант мұхитының АҚШ-тың жағалау бөлігінде, қалған түрлері Солтүстік Американың шығыс және батыс жағалауларынан, Жапон аралдарынан, Барбадос, Пуэрто-Рико, Бразилия, Перу, Жаңа Зеландия жағалауларынан табылған.

    Цефалокаридаларда барлық шаянтәрізділердің арғы тегіне тән бірқатар белгілері сақталған: антенналары ауыздың артқы жағында орналасуы; бас бөліміндегі екі соңғы сегментінің аяқтары - максилла I және максилла II ауыз мүшелеріне айналмай, құрсақ аяқтарының құрылысын сақтап қалуы. Цефалокаридалардың аяқ құрылысы Anostraca және Phyllopoda өкілдерінің аяқтарына ұқсас.

    МАКСИЛЛОПОДАЛАР НЕМЕСЕ ЖАҚАЯҚТЫ ШАЯНДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - MAXILLOPODA

    Бұлар еркін немесе субстратқа бекініп және паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. Ауыз аяқтары жақсы жетілген, қорегін судан сүзіп алуына бейімделген. Кеуде бөлімі 6, кейде 5 не 4 сегментті. Кеуде аяқтары қозғалу немесе қорек заттарды ауыз тесігіне апару және су ағындарының қозғалысын реттеу қызметін атқарады. Олар ешқашан тыныс алуға қатыспайды және де шайнағыш өсінділері болмайды. Құрсақ аяқтары жоқ.

    Максиллоподалар класс тармағы 5 отрядқа бөлінеді: миста-кокаридалар - Mystacocarida, ескекаяқты шаяндар - Copepoda, тұқы балық биттер - Branchiura, мұртаяқты шаяндар - Cirripedia, қапкеуделі шаяндар - Ascothoracida.

    Мистакокаридалар отряды - Mystacocarida

    Мистакокаридалар да цефалокаридалар сияқты шаянтәрізділердің қарапайым құрылысты тобын құрайтын, теңіз құмайт жағажайында, теңіз суы сіңірілген құм түйіршіктерінің арасындағы жіңішке кеңістіктерде мекендейтін псаммофил (грекше psammos - құм, fileo - сүйіспеншілік) жануарлары. Ұзындығы 0,5 мм-ге дейін, созылыңқы, цилиндр тәрізді. Денесі: басы - протоцефалоннан; буындалмаған жақкеудеден (мандибула, максилла I, максилла II және екі алдыңғы кеуде сегменттерінен құралған); буындалған 4 кеуде және 6 құрсақ сегменттерінен тұрады. Құрсағының соңы айыршамен біткен. Протоцефалонда антеннула және антенна мұртшалары, жақкеуде бөлімінде - үш жұп ауыз және екі жұп жақаяқтары, кеуде сегменттерінің әрқайсысында буындалмаған, рудиментті аяқтары орналасқан, ал құрсақ сегментінде аяқтары жоқ.

    Мистакокаридалардың негізгі ерекшелігі - антенналары, мандибулалары, I-ІІ-ші максиллалары ұзын, екі бұтақты, олар жақаяқтарымен қосыла қозғалыста болады, субстраттан итерілетіндей етіп барлық аяқтарын жұмсайды. Бұтақталмаған антеннулалары қозғалысқа қатыспай, ылғи алға қарай бағытталып, жолыңдағы құм түйіршіктерін сипап сезеді.

    Ұсақ органикалық бөлшектермен қоректенеді, оларды ауыз және жақаяқтарының ішкі шеттеріндегі қылтандарының көмегімен ауыз тесігіне жеткізеді.

    Жұмыртқадан науплиус личинкасы шығып, 9 рет түлеуден кейін ересек түріне айналады.

    Мистакокаридалар 1943 жылы ашылған, қазіргі кезде Derocheilocaris туысына жататын 7 түрі белгілі. Атлант мүхитының Америка, Африка, Еуропа және Жерорта теңіздік құмайт жағажайынан табылған.

    Ескекаяқты шаяндар отряды - Copepoda

    Бұлар тұщы суларда және теңіздерде тіршілік ететін, планктонның және су түбі фаунасының ең маңызды және тұрақты құрамы. Паразитгік түрлері де бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 3 см-ге дейін, кейбір паразит түрлері 30 см-ге дейін. Денелері жақсы сегменттелген: басы кеудесінің бірінші сегментімен бірігіп біткен; кеудесі 5, құрсағы 4 сегментті, ұшы айырша аналь қалақшасымен аяқталады. Тек науплиус көзі дамыған, күрделі көздері жоқ. Антеннулалары ұзын, кейде денесінен де ұзын (Diaptomus туысында), планктонды тіршілік етуіне байланысты, суда қалқып жүзіп жүреді. Антенналары қысқа.

    Кеуде аяқтары екі бұтақты, жалпақ (қалақты), ескекпен ескен сияқты қозғалыс жасайды (отрядтың аталуы да осыдан).

    Аналығы жұмыртқаларын құрсақ сегментінде, аналь тесігіне жабыстырылған екі жұмыртқа қапшығында сақтайды .

    Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкалары: науплиус, метанауплиус және копеподид.

    6000-нан аса түрі бар. Негізгі туыстары: Cyclops, Diaptomus, Calanus - тұщы суларда, теңіздерде планктонның тұрақты құрамы; Canthocamptus туысының өкілдері су түбіңде, балшық арасында кездеседі. Тұщы суларда ең кең тарағаны - Cyclops туысының өкілдері, олар көптеген су жануарларына, балық шабақтарына қорек бола тұрып, сондай-ақ жалпақ таспа құрттардың, риштаның аралық иесі болып табылады. Ескекаяқты шаяндардың Lamproglena, Lernacocera, Achteres, Tracheliaster туыстарының өкілдері балықтардың аса көп тараған паразиттері. Олардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты дене пішіні де үлкен өзгерістерге ұшыраған - не қапшық тәрізді, не өте созылып, ұзарып келген, сегментациясын жоғалтқан, тек екі жұмыртқа қапшығының болуы, оларды Copepoda-ның өкілі екендігін дәлелдейді .

    Ескекаяқты шаяндардың басқа су жануарлары үшін азық қоры есебінде аса үлкен маңызы бар және кәсіптік мәні бар бірқатар балықтардың, ал Calanus finmarchicus балықтардың және мұртты киттердің негізгі қорегі. Сонымен қатар, балықтардың желбезектерінде паразиттік тіршілік етіп, балық шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

    Тұқы балық биттер отряды - Branchiura

    Балықтардың терісінде тіршілік ететін эктопаразитті шаянтәрізділердің шағын ғана отряды. Денесі дорзовентральды бағытта жалпайып, құрсағы ішке қарай иілген, карапаксы баскеуде бөлімін жауып тұрады. Басы кеудесінің бірінші сегментмен бірігіп біткен, кеудесі 4 сегментті, құрсағы қысқа, сегменттелген ұшы екі қалақты.

    Паразиттік тіршілік етуіне байланысты антеннулалары мен антенналары ұсақ ілмек тәрізді өсінділер. Мандибулалары жіңішке тескіш тұмсыққа, ал астыңғы жақтарының бірінші жұбы екі күшті сорғышқа айналған. Басында үш науплиальды көзшелерімен қоса күрделі жұп көздері бар. Тұқы балық биттер кейде өз иелерін тастап еркін жүзуге қабілеті бар, оған жұп бұтақты кеуде аяқтары жәрдем береді. 60 түрі бар. Тұқы биті - (Argulus foliaceus) тұқы және басқа тұщы су балықтардың паразиттері, кейде балық өсіретін шаруашылықтарында балықтардың жаппай қырылуына душар етеді.

    Мұртаяқты шаяндар отряды - Cirripedia

    Бұлар бекініп тіршілік ететін теңіз шаяндары, паразит формалары да бар. Өзінің тіршілік циклін еркін жүзетін науплиустан бастап, кейін циприс деп аталатын келесі личинкалық сатысына айналады. Циприс - бақалшақты шаяндар (Ostracoda) класс тармағы Cypris туысының өкілдеріне ұқсастығына қарай аталған. Оның қосжақтаулы бақалшағы болады. Личинка алғашқыда жүзіп жүреді, кейін су түбіне шөгіп, антеннуласындағы цементгі бездері арқылы субстратқа бекінеді. Антеннулалары мен басының алдыңғы бөлімі түгелімен бекіну мүшесіне айналады, бір түрлерінде олар ұзын бұлшықетті сабақша, ал басқаларында жалпақ табан түрінде болады, қалған дене бөлімдері суда бос жатады. Бекініп тіршілік етуіне байланысты денесінде біраз өзгерістер байқалады: антенналары мен күрделі көздері дамымаған; кеуде аяқтарының 6 жұбы қоректі аузына қарай әкелуші, екі бұтақты ұзын "мұртшаларға" айналған (отрядтың аты да осыдан); құрсағы жетілмеген; бүкіл денесі (сабақшадан басқа) тері немесе мантия (rp.mantion - жамылғы, шапанша) қатпарларымен қапталған, ол көмірқышқыл ізбесті бөліп шығарып, күрделі бақалшақты құрайды. Сонымен, мұртаяқты шаяндардың ересек түрлері бақалшақпен қапталған, бекініп тіршілік ететін жануарлар, олар шаянтәрізділерді, қарапайымдыларды және басқа суда қалқып жүретін организмдерді қорек етеді. Мұртаяқтарының қозғалуының арқасында судың ағысымен келген қорек заттар ауызына барып түседі.

    Мұртаяқты шаяндардың көбісі - гермафродиттер. Гермафродитке айналуы олардың бекініп тіршілік етуіне байланысты деп болжайды. Екі особьтің арасындағы ұрықтану процесі құрсақ соңындағы ұзын талшық тәрізді шағылыс мүшесінің көмегімен өтеді. Дара жынысты түрлері де бар, ол Аісірре туысының A. lampas түрі. Аталығы өте ұсақ, аналығының мантия қуысында жатады. Jbla және Scalpellum туысының кейбір түрлерінің ірі гермафродит особьтарымен қатар ергежейлі "қосымша" аталықтары да болады. Олар қатты регреске ұшыраған (қаңқасы, аяқтары болмайды), гермафродитті особьтардың мантия қуысында жатады. Осылардың барлығы мұртаяқтылардың дара жынысты формасынан гермафродиттерге айналуына дәлел бола алады.

    Мұртаяқты шаяндардың 1000-нан аса түрі бар. Негізгі туыстары: теңіз үйрекшесі - Lepas және теңіз жаңғағы Balanus. Теңіз үйрекшесі етті сабақшасымен субстратқа бекініп отырады, 5-6 тақталардан тұратын бақалшағы екі бүйірінде қысыңқы. Теңіз жаңғағы субстратқа жалпақ табаншасымен бекініп, ізбестті тақталармен қапталған аласа мұнара түрінде болады. Бұлар теңіздердің тасты жағаларында көп кездеседі, ондай жерлерде теңіздегі әр түрлі қатты заттар жарай береді, тіпті теңіз кемелерінің суға батып тұратын бөліміне де жабысады, кейбір түрлері (Coronula туысынан) акула және киттердің терісіне бекінеді.

    Мұртаяқты шаяндардың ішінде паразиттік тіршілік ететін тобын құрайтын тамырбасты шаяндар да кездеседі. Олар саккулина (Sacculina) және пельтогастер (Peltogaster) туысының өкілдері. Бұлар, онаяқты шаяндардың паразиттері, паразиттілігіне байланысты дене сегменттері, аяқтары, сезім мүшелері, ішегі жойылған.

    Ересек саккулина крабтың құрсағының төменгі жағында сабақшасы арқылы жабысып отырады. Денесі қап тәрізді, сабақшасының ұшынан тамыр сияқты бұтақтанып кететін жіңішке тармақтар тарайды, олар крабтың барлық бөлімдеріне және мүшелеріне еніп кетеді де, солар арқылы паразит иесінің сөлін сорады. Жыныс жүйесі гермафродитті. Жұмыртқаларынан науплиус, ал одан циприс личинкасы дамып шығады. Циприс личинкасы крабтың денесіне жабысып, кеуде мен құрсақ бөлімдерін тастайды да, крабтың ішкі қуысына енеді. Иесінің сөлімен қоректеніп өсе бастайды, кейін крабтың нәзік құрсақ жабындарын жарып, сыртқа қапшық тәрізді денесін шығарады.

    Қапкеуделі шаяндар отряды - Ascothoracida

    Маржан полиптердің (Anthozoa) және тікентерілілердің (Echinodermata) денесінде паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділердің шағын ғана отряды. 40-тан астам түрі бар, бұлар паразиттіліктің әсерінен көп өзгерістерге ұшырамаған. Мысалы, Sinagoga туысының өкілдері жорғалап немесе жүзіп жүру қабілетін жоймаған, бұлардын құрылымы еркін тіршілік ететін шаяндарға едәуір ұқсас, тек антеннулалары қысқаштәрізді, ауыз аяқтары бірігіп сорғыш ауыз конусын түзейді. Кеудесі, екі бұтақты жұп аяқтары бар, 6 сегменттен тұрады. Sinagoga туысының өкілдері Antipates маржан полиптердің колониясында және теңіз лилиялардың (Crinoidea) денесінде кездеседі.

    Ascothorax туысының өкілдеріңде барлық аяқтары және денесінің сегментациясы сақталған. Олар офиуралардың (Ophiuroidea) жыныс қапшығында тіршілік етеді. Керісінше, Denarogaster туысының өкілдері қатты өзгерістерге ұшыраған. Ірі (10 см-ге дейін) аналығының денесі екі жағына қарай бұғы мүйізі сияқты бұтақталған мантия қуысынан тұрады. Кеуде аяқтары жоқ. Мантия қуысында ергежейлі аталықтары орналасқан. Denarogaster-лер теңіз жұлдыздардың (Asteroidea) эндопаразиттері. Науплиус личинкасы аналығының мантия қуысында дамып, сыртқа ересек түріне ұқсас личинка шығады.
    1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42


    написать администратору сайта