Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
Скачать 2.15 Mb.
|
Тыныс алу жүйесi. Таракан денесiн бойлай тармақталған тыныс алу мүшесi кеңiрдектер алып жатады, бұлар көкiрек және құрсақ бөлiмдерiнiң бүйiрлерiнен тыныс тесiктерi арқылы сыртқа ашылады. Ауа осы тесiктерден бүкiл iшкi мүшелерге өтiп, тыныс алу жүзеге асады. Құрсақ бұлшық еттерi жиырылған кезде кеңiрдектердегi ауа сыртқа шығарылып, құрсақ кеңейгенде тыныс тесiктерi арқылы енген ауа кеңiрдектердi таза ауамен қамтамасыз етедi. Қан айналу жүйесi. Тараканның қан айналымы – ашық, денесiнiң арқа жағында мөлдiр түтiк тәрiздi жүрек жатады. Түтiктiң iшiнде қанды бiр бағытқа қарай айдайтын қақпақшалар (клапандар) болады. Қан дененiң артқы бөлiгiнен басына қарай ағады. Жүректiң алдыңғы жағында созындысы ұсақ тамырларға тармақталмастан тiкелей басына барып бiтедi. Ондағы қан дене қуысына құйылып бас бөлiгiндегi мүшелермен жалғасады да, әр түрлi iшкi мүшелерден өтiп, бiртiндеп дененiң артына қарай ағады. Жүрек қабырғасындағы қосарланған ұсақ тесiктерi (остиялар) арқылы қан жүрекке қайта сорылып, тағы да бас жаққа қарай ағады. Қаны гемолимфа деп аталып, мөлдiр аздап сары түстi болады. Нерв жүйесi және сезiм мүшелерi. Нерв жүйесi жұтқыншақ үстi және жұтқыншақ асты түйiндерден тұратын бас миы өте жақсы жетiлген. Жұтқыншақ үстi түйiннен көздер мен мұртшаларға ол жұтқыншақ асты нерв түйiнiнен ауыз қосалқыларына нервтер таралады. Бас мидан көкiрек және құрсақ түйiндерiнен тұратын құрсақ нерв тiзбектерi кетедi. Тараканның сипап сезу және иiс сезу мүшесi – жақсы қимылдайтын екi мұртшасы (антеннасы) оның басының екi жағында екi күрделi көзi, ол көздерiнiң алдыңғы жағында, мұртшалардың түбiн ала өте кiшкене екi жай көзi болады. Зәр шығару жүйесi. Зәр шығару мүшесi – мальпигий түтiкшелерi дененiң әр бөлiгiндегi сұйық қалдықтар сонда жиналып артқы iшекке құйылады. Сонымен қатар iшкi мүшелерiнiң аралығын толтыратын ақ түйiршiктер майлы дене де, қосымша зәр шығару мүшесi болып табылады. Бұған дененi қоректендiруге қажеттi май қоры жиналады. Көбею мүшелерi. Аналық тараканда екi жұмыртқа безi, екi жұмыртқа жолы болады. Екi жұмыртқа жол өзара қосыла келiп тақ қынапқа, қосымша бездерге және тұқым қабылдағышқа жалғасқан. Аталық жыныс мүшелерi екi тұқым бездерiнен, екi тұқым жолдарынан, екi тұқым көпiршiктерiнен, екi қосымша бездерден және шағылыс мүшесiне байланысқан бiр тұқым шашатын каналдан тұрады. Қара таракан – дара жыныстылар, шала түрленiп дамиды. Насекомдар тіршілік әрекетінің артуына байланысты қоректі көп керек етеді, қорегі көбіне өсімдік текті заттар, әртүрлі жануарлардың өлекселерімен және түрлі органикалық заттардың қалдықтарымен қоректенеді. Барлық насекомдар үшін алдыңғы аяқтары ауыз мүшелеріне айналып кеткен. Олар қорегін ұстап тұруға, аулауға, ал көптеген түрлерінде қорегін ұстауға қызмет етеді. Осыған байланысты ауыздарының құрылысы әртүрлі болып келеді. Кеміргіш ауыз аппараты. Бұндай ауыз аппараты таракандарда, тік қанаттыларда, қоңыздарда және т.б. болады. Кеміргіш ауыз аппаратының жоғарғы және төменгі жағынан жалпақ кутикулды пластинка жауып тұрады, бұл жоғарғы ерін болып табылады. Жоғарғы еріннің астында қатты пластинка – күйсегіштері немесе жоғарғы жағы деп аталатын мүшелері болады, бұның ішкі жағында тісшелері орналасқан. Күйсегіштерін еттер қозғалтып тұрады, сол себепті қорегін кеміреді және ұсақтайды. Насекомдардың күйсегіштері бунақты аяқтарынан пайда болған. Үстіңгі жақтың астында күрделі құрылысты төменгі жақтары болады. Төменгі жақ негізгі екі бөліктен тұрады: ілгіш (кардо) және біліктен (стволик-стинес) Білігіне бес бунақты қармалауыштары және ішкі қалақтары бекінеді. Сыртқы қалағының пластинкасында қалың түктері болады, ал ішкі қалағының пластинкасында жуан қатты түктері және иілген ілмектері болады. Сыртқы қалақтары ауыз аппаратының бүйір жағынан жауып тұрады, ішкі қалақтары қосымша роль атқарып қоректі ұстауға, ұсақтауға көмектеседі. Ауыз аппаратының төменгі жағында төменгі ерні болады. Төменгі ерін негізгі екі бөліктен тұрады – иек алды және иек асты, бұдан басқа екі бөлікті қармалауыштардан, екі сыртқы, екі ішкі қалақтардан тұрады. Қалақтар мен қармалауыштардың екі еселенген санына қарағанда, төменгі ерін, төменгі жақ иек алды және иек асты ауыз мүшелері үш жұп аяқтардан пайда болған. Төменгі жақтың түктерінде, төменгі ерінде, сонымен қатар ауыз аппаратының басқа бөлімдерінде ауыз қуысында көптеген дәм сезу мүшелері болады. Ауыз мүшелерінде көптеген сезгіш нерв тармақтары болады. Кеміргіш-сорғыш және жалағыш ауыз аппараты. Мұндай ауыз аппараты араларда, бал арасында, гүлдерден шірнеліктер жинайтын жарғаққанаттыларда болады. Бұл ауыз аппараты кеміргіш ауыз аппаратына жақын, дегенмен біраз айырмашылықтары да бар. Күйсегіштері үлкен, тісшелері болмайды, олар қызмет атқарады: ұя жасаған кезде балауызды илеп, өңдейді, ал гүлдерге қонғанда аталықтардан тозаң жинап алады. Төменгі жағы, төменгі ерінмен қосылып ұзын тұмсыққа (хоботқа) айналған, осы тұмсықтарымен гүлдердің шірнеліктерін сорып алады. Сыртқы қалақтары қатты ұзарған, оған қарапайымдалынған ішкі қалақтары жанасып тұрады, түктері көп емес. Төменгі еріннің ұзын тілі болады, бұл ішкі қалақтардан пайда болған, буынның көптеген қысқа түктері және шырын ағатын науасы болады. Сыртқы қалақтары немесе қосымша тілі, өте кішкентай, ал түктері ұзын болып келеді. Шаншып-сорғыш ауыз аппараты – бұндай ауыз аппараты қандала және асаларда үлкен өзгеріске ұшыраған. Үстіңгі және астыңғы жақтары ұзын ауыз қылдарына айналған, олар төменгі еріннен пайда болған тұмсыққа (хоботқа) орналасқан, масаларда жұтқыншақ астында пайда болған тағы бір қылы болады – бұл ауыз қуысының алға шығып тұрған түбі қылдары ұлпаны тесу және сору қызметін атқарады. Масалардың төменгі жағындағы түктері жақсы дамыған, қандалаларда бұл жоқ. Жоғарғы еріні ауыз аппаратын үстіңгі жағынан жауып тұрады. Ересек масаларда, қанмен қоректенбейтіндерінде гүлдердің шырынын соратындарда, ауыз аппараты қарапайым болады. Күйсегіштері және төменгі жағы болмайды, яғни шаншып алатын түгі жоқ. Көбелектердің сорғыш ауыз аппараты екі ұзын төменгі жақтан тұрады, бір-бірімен қосылмаған және спираль тәрізді бұратылған тұмсықтары болады, шірнеліктерді сору үшін керек. Ауыз аппаратының қалған бөлігі қарапайымдалғанын, тек төменгі ерінде қысқа қалдықтары сақталған. Насекомдарда басқа да ауыз аппараты бар. Мысалы кейбір масаларда төменгі еріні шірінді заттарды жасауға бейімделген, төменгі жақтары жоқ. Насекомдардың ауыз аппаратының құрылыстары атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі болып келеді. Осылай бола тұра барлық ауыз аппаратында жоғарғы жоқ, төменгі жақ және төменгі ерін болады. Бұндай ұқсастықтың болуы шығу тегінде кеміргіш ауыз аппаратының болғандығын дәлелдейді. Насекомдардың ұрықтанған жұмыртқаларының дамуы екі стадияда өтеді. Эмбриональдық және постэмбриональдық даму. Эмбриональдық даму кезеңі бірнеше клеткаларға бөлінуінен бастап сыртқы және ішкі қабаттардың түзілуі мен дернәсіл қалыптасқанға дейінгі барлық өзгерістерді қамтуы. Постэмбриональдық даму насекомдардың әр түрлі отрядтарында бірін-бірі ұқсамай түрленіп дамиды. Постэмбриональдық дамудың сипатына қарай, насекомдарды екі үлкен топқа бөлуге болады. Кейбір насекомдарда, мысалы обыр шегірткеде (саранча) қара күйе (тля), қандалаларда (клопы) биттерде (вши) т.б. үш кезеңді: жұмыртқа дернәсіл, ересек организм дамуымен сипатталады. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл ересек организмге ұқсайды, бірақ өзіне тән ерекшелігі болады. Дернәсілде қанат болмайды, реңі бөлек, жыныс мүшелері жетілмеген және т.б. Мұндай насекомдар бірнеше рет түлейді, өседі, ересектерге айналады. Түлеген кезде қанат бастамасы пайда болып жыныс мүшесі жетілмеген дернәсіл нимфа деп аталады, ал суда дамитын болса наяда дейді. Дернәсілден ересек насеком пайда болу сатысы имаго деп аталады. Насекомдардың осылай дамуы шала түрленіп даму дейді. Сонымен насекомдарда тіршілік айналамындағы шала түрленіп даму үш сатыда өтеді; оны сызба нұсқа түрінде былай жазуға болады: Жұмыртқа – дернәсіл – имаго. Екінші бір насекомдарда (мысалы, қоңыздарда, бүргелерде, араларда, көбелектерде, шыбындарда және т.б.) төрт саты: жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек организм кезеңдерін өту арқылы жүзеге асырылады. Жұмыртқалардан ерекшеліктеріне мүлдем ұқсамайтын тіршілік ету тәсілі де басқаша құрт тәрізді дернәсіл дамиды. Дернәсіл өсіп, қозғалмайтын тыныштық сатысына – қуыршаққа айналады. (қуыршақ негізінде қозғалмайды және еш уақытта қоректенбейді) қуыршақтың даму кезінде оның морфологиялық, анатомиялық құрылысында күрделі өзгерістер болып., организм қайта қалыптасады. Бұндай жолмен дамуды толық түрленіп даму дейді. Сызба нұсқасы: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – ересек насеком (имаго). Дернәсілдердің және қуыршақтардың құрылыстары әртүрлі болып келеді: толық түрленіп даму кезіндегі дернәсілдердің бірнеше түрлері бар: а) дернәсілдің жақсы дамыған басы және көкірегінде үш жұп аяқтары болады, мысалы, көпшілік қоңыздардың дернәсілдері. б) дернәсілдің басы болады және көкірегінде, құрсағында аяқтары болады, мысалы, аралардың дернәсілдері г) дернәсілдердің басы және аяқтары болмайды, шыбындарда. Қуыршақтардың үш түрі бар. а) Ашық қуыршақтар (аралар, қоңыздар және т.б.) ересектерінде болатындай денесінің бөліктері мұртшалары, аяқ, қанат, көз және кейбір басқа мүшелері сыртынан жақсы көрініп тұрады. б) Жабық қуыршақтарда ересектердің аяқтары мен қанаттарының өсінділері сыртына байқалғанымен денесіне тығыз жабысып тұрады. Мұндай қуыршақтар көбелектерге қоңыздарға, қанқызына тән қуыршақтар. в) кішкене кеспек тәрізді қуыршақтар (шыбындарда) дернәсілінің соңғы сатысындағы қабығы сақталынып, ересектерінің ешқандай белгісі болмайды. Насекомдарда қолайсыз жағдайлар кезінде тыныштық кезеңі немесе диапауза басталады. Диапауза кезінде даму болмайды. Диапауза жұмыртқа дернәсіл, қуыршақ сатысында да болуы мүмкін. Қолайлы жағдай туғанда дамуы басталады. Диапаузаның түрлердің сақталуында маңызы зор. Насекомдардың жіктелуі /Систематикасы/ Метаморфоздың, ауыз аппаратының және қанаттарының құрылымындағы ерекшеліктері – насекомдарды классификациялаудың негізі. Соңғы кезде ғалымдар насекомдарды екі класс тармағына және 33 немесе одан да көп отрядтарға бөліп отыр. Біз лекциямызда ең көп тараған және маңызды отрядтарына тоқталып өтеміз. АЛҒАШҚЫ ҚАНАТСЫЗ НАСЕКОМДАР – APTERYGOTA НЕМЕСЕ ЖАБЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – ENTOGNATHA Протура немесе мұртсыздар отряды - Protura Қосқұйрықтылар отряды – Diplura Аяққұйрықтылар отряды – Collembola ҚАНАТТЫ НАСЕКОМДАР - PTERYGOTA НЕМЕСЕ АШЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – ECTOGNATHA2. Негізгі отрядтары Қылтанқұйрықтылар отряды – Thysanura Бүркүндіктер отряды – Ephemeroptera Инеліктер отряды – Odonata Тікқанаттылар отряды – Orthoptera Термиттер отряды – Isoptera Таракандар отряды – Blattoptera Дәуіттер отряды – Mantoptera Теріқанаттылар отряды – Dermaptera Теңқанаттылар отряды – Homoptera Қандалалар отряды – Hemiptera Биттер отряды – Anoplura Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер отряды – Lepidoptera Қатқылқанаттылар немесе қоңыздар отряды – Coleoptera Жарғаққанаттылар отряды – Hymenoptera Торқанаттылар отряды – Neuroptera Жылғалықтар немесе түкқанаттылар отряды – Trichoptera Бүргелер отряды – Aphaniptera Қосқанаттылар отряды – Diptera АЛҒАШҚЫ ҚАНАТСЫЗ НАСЕКОМДАР – APTERYGOTA НЕМЕСЕ ЖАБЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – ENTOGNATHA Бұлар үш отрядқа бөлінеді. Протура немесе мұртсыздар отряды - Protura Қосқұйрықтылар отряды – Diplura Аяққұйрықтылар отряды – Collembola Бұлардың қанаттары жоқ, тіпті арғы-тектерінің де қанаттары болмаған болуы керек деп болжайды. Ауыз аппараты бастың жоғарғы жағындағы ерекше капсуланың ішінде орналасқан, сыртқа тек шеттері ғана шығып тұрады. Денесеі бас, кеуде, құрсақ бөлімдерге бөлінген. Кеудесінің сегменттеріндегі үш жұп аяқтароының басқа, құрсағында да рудиментті аяқтары болады, бұлар түрі өзгерген секіру айыршасы, сырғақшалар түрінде дамып локомоторлық мүшелер есебінде қызмет атқарады. Күрделі көздері жоқ. Дамуы анаморфоз жолымен өтеді. Көбінесе топырақ арасында, шөп-шаламдар, ағаш түбірінің қабықтарының астында тіршілік ететін ұсақ насекомдар. Саңырауқұлақтарды, балдырларды жеп, көп зиян келтіреді, сонымен қатар торырақтың қалыптасуында да үлкен орны бар. Қазақстанда зерттелмеген. ҚАНАТТЫ НАСЕКОМДАР - PTERYGOTA НЕМЕСЕ АШЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ – ECTOGNATHA Бұл классс тармағына 30-дан астам отрядтар жатады. Қанаттары жақсы жетілген, тек қылтанқұйрықтылар отрядының өкілдерінде қанаттары дамымаған, ал биттер, бүргелер, мамықжегіштер отрядтарының эктопаразиттік тіршілік етуіне байланысты қанаттары екінші реттік түрде жойылып кеткен. Ауыз бөлшектері бастың жоғарғы жағындағы ауыз тесігінің айналасында орналасқан, сырттай жақсы көрінеді. Күрделі фасеттелген көздері бар. Трахея арқылы тыныс алады. Қосымша отрядтарға дайындалып келуді тапсыру. Насекомдардың маңызы Насекомдардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы мен ролі орасан зор. Бұлардың түрлерінің көпшілігі соншалықты, кезкелген жануарлардың түрлерінен асып түседі. Арнайы жүргізілген санақ көрсеткіші бойынша, жер бетінде, төменге есеппен алғанда 108 млрд. Насекомдар түрлері тіршілік етеді, сонымен қатар, көптеген түрлердің есепсіз мөлшерде көбеюге бейімділігі және әр түрлі биологиялық процестерге белсенді түрде қатысуы, оларды күшті биологиялық факторға айналдырады. Насекомдардың пайдалы және зиянды жақтарын айта отырып, осы бағалауымыздың субьективті екендігін естен шығармау қажет. Табиғатта тек зиян немесе тек пайдалы түрлер болмайды, болған емес те. Зиянды насекомдар бір жағынан зиянын тигісіп жатса, екінші жағынан пайдасын тигісіп жатады. Мысалы үй қара шыбыны, це-це шыбыны туыстас масалар, туыстас соналар т.б. бірқатар ауруларды жұқтырушылар, ал олардың өздерін және личинкаларын басқа жануарлар қорек етеді, яғни олар табиғаттағы қоректік тізбектің бір буыны. Соңғы кезде мал шаруашылығында шыбындардың личинкаларын жемдік белок ретінде пайдаланып жүр, бұл биотехнологияның жетістіктерінің бірі. Насекомдардың табиғаттағы маңызды әрекетінің бірі – гүлді өсімдіктерді тозаңдандыру. Гүлді өсімдіктердің шамамен 30-проценттен көбі насекомдар арқылы тозаңданады, солардың ішінде жарғаққанаттылардың, қосқанаттылардың, қабыршаққанаттылардың маңызы үлкен. Топырақ өңдеуде де насекомдардың тигізетін пайдасы өте жоғары, әсіресе қосқұйрықтылар отряды – Diplura, аяққұйрықтылар отряды – Collembola, протура немесе мұртсыздар отряды – Protura өкілдері. Насекомдардың табиғаттағы санитарлық маңызы да зор. Олар өлікселерді, шіріген заттарды, қиды ыдыратып, табиғат тазалығын сақтауға әжептәуір үлес қосады. Насекомдар - әрбір биологиялық бірлестіктің қажетті мүшесі организмдердің қоректік тізбегіндегі негізгі буыны, өйткені оларды басқа жануарлар қорек ретінде пайдавланады, әсіресе сүтқоректілер мен құстар. Насекомдардың беретін өнімдері де адам үшін маңызы зор. Ең алдымен бал арасы, тұт жібек көбелегі жатады. Бұларды адамдар ерте заманнан асырап өсіріп келеді. Насекомдар дәрілік заттарды - кантаридин, апитоксин, бояулар, лак, балауыз т.б береді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық тәсілін қолданудағы пайдалы насекомдардың - энтомофагтардың да маңызы зор. Насекомдардың пайдалы жақтарымен қатар зиянды жақтары да бар. Олардың көпшілігі өсімдіктердің тканьдерімен қоректеніп, аса қауіпті зиян келтіреді, өсімдіктердің тамыр жүйелерін, сабақтарын, жапырақтарын, өркенін, бүршігін, гүлі мен жемісін зақымдайды. Зиянкестердің әсерінен өсімдіктердің зат алмасу процесі бұзылады, өсуі тежеледі, барлық тіршілік әрекеттері нашарлап өсімдік өліп қалады. Насекомдардың адамға және малдарға келтіретін зияны да аз емес. Олар әртүрлі жұқпалы ауыруларды жұқтырады. Личинкалары паразиттік тіршілік етіп, мал шаруашылығына өте үлкен зиян келтіреді. Бунақденелілердің ішкі жүйелері. Насекомдардың ішінде тараканның құрылысы: Қара тараканның денесi үш бөлiмнен: бас, көкiрек және құрсақтан тұрады Басында екi жұп көзi, бiр жұп мұртшалары және аузы болады, ал көкiрегiнде үш жұп аяқ және екi жұп қанат орналасады, денесiнiң ең соңғы бөлiгi – бунақталған құрсақ. Тараканның ауыз бөлiгi кемiруге бейiмделген. Аузын үстiңгi жағынан жоғарғы ерiндi түзетiн дара қатпарлы хитин жауып тұрады. Осы қатпардың алдыңғы жағында екi күйсеуiк болады. Таракан қорегiн тiсшелерi бар қатты хитиндi тақташа-күйсеуiкпен кемiредi. Бұдан әрi тұтқы аяқтары бар бунақтанған екi астыңғы жақ, одан соң екi жұп қармалауыштары бар астыңғы ерiн жалғасады. Тараканның дәм сезу мүшесi астыңғы жақ пен астыңғы ерiнде орналасады. Тараканның көкiрек бөлiмiнде үш бунақтары және әр бунаққа бөлiнген бiр жұп аяқтары болады. Қара тараканның аралығында қанат болмайды, ал аталығында көкiректiң екiншi және үшiншi бунақтарынан шығатын екi жұп қанат болады. Бiрақ таракан басқа насекомдар тәрiздi қанатымен ұша алмайды, тек биiктен құлап түскен кезде жерге жайлы түсу үшiн мүмкiндiк жасайды. Тараканның аяқтары жүгiргiш аяқтарға жатады. Аяғының негiзгi бөлiгi-жақсы дамыған. Жамбас жамбас ұршықпен (ортан жiлiктiң басы) ол ұзындау келген санмен, сан сирақпен, сирақ табанмен жалғасады. Табан бес бунақтан тұрады, соңғы бунағында екi тырнақшасы болады. Таракан денесiнiң үшiншi бөлiгi құрсақ. Тараканның құрсағы бiркелкi бунақтардан құралады. құрсақтың артқы ұшында аналь тесiгi болады. Тараканның көкiрек және құрсақ бөлiмдерiнiң екi бүйiрлерiн бойлай ұсақ тесiктер – тыныс тесiктерi көрiнiп тұрады. Таракан құрсағының ең соңынан түрi өзгерген аяқтарда-бунақталған екi кiшкене өскiндердi-церкаларды көруге болады, ал аталық тараканда қосымша өскiндерi – грифелькалары болады. Ас қорыту жүйесi таракан тамақ қалдықтарын үгiндiлерiн қорек етiп, жеуге жарамды азық-түлiктердi кемiредi. Аузы кемiргiш ауыз аппаратына жатады. Ас қорыту жүйесi ауыздан басталып, оған жұтқыншақ, өңеш көлемдiлеу келген жемсау, едәуiр бұлшықеттi қарынша, тұйықталған бiрнеше тармақтары бар ортаңғы iшекке жалғасады да, артқы iшекпен аяқталады. Ауыз қуысында сiлекей бездерi болады. Ауызға түскен қорегi қысқа жұтқыншақ арқылы өңешке өтедi де, жемсауға түседi. Қорек түйiрi жемсаудан қабырғасы қатпарланған, күйiс қарынға яғни бұлшықеттi қарынға барады, қарынның iшкi жағында хитиндi тiсшелерi болады. Тараканның күйiс қарнының екi бөлiгi бар: алдыңғы бөлiгi – күйiс қарынша, соңғы бөлiгi сүзгi қызметiн атқаратын бекiтпе қарыннан, қорек ортаңғы iшекте қорытылып, денеге сiңiрiледi. Ішекке мальпигий түтiкшелерi ашылатын жерден артқы iшек басталады, бұның соңғы бөлiгi кеңейiп, клоакаға айналады. |