Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
Скачать 2.15 Mb.
|
Жұмыртқаларында сарыуызы көп түрлерінде (Saccoglossus kowalevskii, Dolichoglossus) дамуы қысқарған. Жұмыртқа қабықшасынан 3 сегменттен тұратын дайын личинка шағады. Оның әр сигменті ересек формасына:тұмсыққа, жағаға, тұлғаға сәйкес келеді. Мұндай икемсіз личинканың суда жүзіп жүруі қиын. Ол бірден су түбіне шөгіп, құмды қазып жүреді. Кірпікшелерінің көмегімен ол су түбіндегі аймақта тек баяу ғана жүзе алады. Бұл личинка жас жануарға айналуы негізінен 3-ші сегменттің созылуы, жағанын пайда болуы және ішкі мүшелерінің қалыптасу нәтижесінде жүреді. Нотохорд түзіледі, желбезек саңылаулары пайда болады, нерв жүйесі қалыптасады. Экологиясы. Ішектыныстылардың 60% түрлері жылы теңіздерде, 30 %–і қоңырсалқан аймақтарда тіршілік етеді. Ішектыныстылармен тропикалық аймақтар өте бай және олар сол жерде кең таралған. Бірақ кейбіреулерінің ареалы шектеулі. Біреулері тек Үнді мұхитында және Малай архипелагы теңіздерінде кездеседі. Ла-Манштың, Канада, Оңтүстік Африканың да өз түрлері белгілі. Saccoglossus(Dolichoglossus)туыстары-Ақ және Баренц теңіздерінде, Harrimania maculosa Balanoglossus proterogonia-тар Жапон теңіздерінде кездеседі. Олардың ішінде S.mereschkowskii циркумполярлық форма болуы мүмкін. Enteropneusta-ныңбір де бір түрі Антрактидада табылмаған. Тек Saccoglossus otagoensis Жаңа Зеландияның солтүстік-шығыс жағалауында табылған. Ішектыныстылардың көпшілік түрлері литоральді аймақтың (судың көтеріліп-қайтадан теңіз жағасындағы бөлік) жоғарғы жылы суларында,жұмсақ тұнбада,құмда, лай жиналатын жерлерде тіршілік етеді. Мұндай жерлер көбінесе күкіртті сутекпен ластанып, қара түсті, жағымсыз иісты болып келеді. Бірақ сонда да жануарлар сол жерде мекендейді. Кейбір түрлері су ағысына шайылмайтын құмдарды қалайды, ал Ptychodera-лар коралл рифтерінде кездеседі. Бірақ түрлері тайыз сулы жерлерде көп кездеседі, бірақ тұрақсыз. Мысалы, Ақ және Баренц теңіздерінің литоралінде тіршілік ететін Dolichoglossus mereschkowskii кейде 1 дм топырақта көлемдері 20см-ге жететін 15-20 особьтар мекендейді. Мүмкін олардың шексіз көбеюі қолайлы жағдайларға, қоршаған ортаға –температураға, тұздығына байланысты болатын шығар. Тұрақты ін қазбайтындар-Ptychodera, Spengelia, Glandiceps, Glossobalanus. Бұлардың бәрі тастың, кораллдардың сынығының, балдырлардың, су өсімдіктерінің тамырларының астында жасырынып тіршілік етеді. Оларды қосжақтаулы моллюскалардың бос бақалшақтарынан да тапқан. Бұл түрлердің бәрі өздерінің шығарған шырыштарынана уақытша түтікше түзіп, сонда өмір сүреді. Enteropneusta-ның көпшілік түрі құмда U-тәрізді ұзын тұрақты індер қазады. Әдетте мұндай ін тігінен тереңдікке кетеді. Balanoglossus және Willeya туысының осындай індер 60-80 см-ге дейін жетеді. Содан кейін ін иіліп қайтадан құм бетіне шығарады. Індер тез кебетін кілегеймен төселінеді. Бұл кілегей іннің қабырғаларын түзейтін материалдарды біріктіреді. Ішектыныстылар ешқашан індерін тастамайды. Су ағыны болғанда жануар інінен денесінің алдыңғы немесе артқы ұшын шығарып, жиналған нәжітерін сыртқа лақтырып тастайды. Тұнбаның кішкентай сілкінісі болса жануар өз ініне кіреді де, тереңдікке кетеді. Осындай жолмен олар жауларынан, ең алдымен жыртқыш балықтардан қорғанады. Көптеген түрлерінің тері бездері қоғаныш ретінде йодталған кілегейлі заттарды шағарадды. Мысалы, Balanoglossus clavigerus йодоформаның өткір иісін шығарады. Осы иіс арқылы оларды табуға болады. Ішектыныстылардың шығарған кілегейлі кейде жылтырайды. Ол көбінесе су түбі сілкінгенде болады.Glossobalanus minutus күндіз күгі бойы жарқырап тұрады, ал Ptychodera-да 8 тәулікке жететін тәуліктік ритмі бар. Жарқыраудың биологиялық мағынасы әлі белгісіз. Қазып тіршілік етуіне байланысты ішектыныстыларыдң регенирациясы жақсы дамыған, яғни кез-келген жері жараланса оның қайта қалыптасуы жүреді. Мысалы Prychodera-ның үзілген құйрығы қайтадан өсуі мүмкін. Бірақ, алдыңғы бөліктері артқы бөлігін жасай алмайды, ал бөліктері алдыңғы бөлігін оңай қалыптастырады. Ішектыныстылардың арнай сезім мүшесі жоқ. Бірақ денесінің барлық бөлімдері тітіркену мен жарақатты жақсы сезеді. Жарық және азғана тітіркеністі тұмсығы жақсы сезеді, ондай жағдай болса жануар қашып, тығылып жиырылады. Жоғарыда көрсетілгендей ішектыныстылар негізінен литоральді аймақта тіршілік етеді. Оған көп түрлері бейімделген. Бірақ кейбіреулері үлкен тереңдікте де кездеседі. Мысалы, Glandiceps abyssicola 4500 м тереңдікте табылған. Тынық мұхитында ішектыныстылардың 8100-7246 метр тереңдікте табылғаны туралы мәліметтер бар. Enteropneusta-ның мөлшері әртүрлі, ұзындығының орташа өлшемі 10-15 см, ең ұзақтары 3-5 см. Бірақ өте ұзын ішектыныстылар да белгілі. Олар Balanoglossus cornosus, B.clavigerus-1,5-м, ал ең ірісі B.gigas-2,5 метр. Оның денесінің диаметрі 2 см. Enteropneusta-ның осы ірі өкілі алғашқы Оңтүстік Американың Атлантикалық жағалауында, ал кейін көп мөлшерде Бразилияда табылған.1642 жылы сол аймақтарда басқа ірі өкілі табылған. Ұзындығы 2 м болған бұл жануарлар сирек кездесетін Willeya туысының жаңа бір түрі. Ішектыныстылардың түсі де әртүрлі, көбінесе ақшыл-сұр түстен ашық сарыға дейін өзгеріп отырады. Сарғыш-қоңыр,қоңыр түрлерң де жиі кездеседі. Арасында ашық түстілері де бар, ашық-қызыл Saccoglossus pusillus, қызғылт-сары-Ptychodera flava, қара-қоңыр-Glandiceps, қара-күлгін- Ptychodera erythraea. Кейде жануардың денесінің әр бөлігі әртүрлі түсті болуы мүмкін. Мысалы, Солтүстік Saccoglossus mereschkowskii-дің тұмсығы ашық қоңыр-қызыл түсті, жағасы және тұлғасының алдыңғы жағы тұмсығына қарағанда қоюлау қызғылт түсті. Артқы ұшында түсі нашарлай бастайды да денесі мөлдір, сары немесе жасыл түсті болады. Терең мұхиттардан табылған жануардың түсі сарғыш-қызыл, ұзындығы 10-15см болған. Ішектыныстылар құм жегіш жануарлар, олар құмды көп мөлшерде жұтып, оның арасындағы ұсақ жәндіктер мен өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Тұмсықтың кірпікшелері кілегейге жабысқан құмдарды, тағы басқа заттарды ауызына жібереді. Ас қорыту жолымен олар бауыр бөліміне жетіп, сонда қорытылады. Ішектыныстылардың паразиттері аз, олар негізінде талшықтылар, грегариналар, кокцидялар. Ішектыныстылардың қздері балықтардың қорегі болып саналады. Ішектыныстылар класының тұқымдастары: Harrimaniidae, Spengelidae, Ptychoderidae. Негізгі туыстары: Balanoglossus, Ptychaodera, Saccoglossus, Stereobalanus. ҚАНАТЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР КЛАСЫ-PTEROBRANCHIA Птеробранхиялар-екінші реттік ауызды, ұсақ теңіз организмдері, реликтік топты құрайды. Олардың қазіргі кезде екі тұқымдасы: Cephalodiscidae, Rhabdopleuridae; үш туысы: Cephalodiscus, Atubaria және Rhabdopleura және 17 түрлері бар. Қазба түрлері ордовиктен белгілі. Еркін жылжып тіршілік ететін Atubaria- дан басқа птеробранхиалардың бәрі де эпифаунаның (су түбі) тіркеліп немесе жартылай тіркеліп тіршілік ететіндері. Олардың жеке особьтары немесе зооидтары бір-бірімен байланысып колонияларды құрады (Rhabdopleura- ларда), ал кейде жалған колониялары болады, өйткені олардығ жеке зооидтары колониядан өз бетінше сыртқа шығып, жылжып жүре алады. Rhabdopleura-ларда үш формалы зооидтары бар: аталық, аналық және жыныссыздық, сонымен қатар кейбір бүршіктері дамымай қыстайтын зооидтерге айналады, олар қор бола алатын заттармен толтырылады. Колониялары аталық немесе аналық болады. Жеке особьтары – зооидтары жалпы үйшіктерде немесе ценоциялардың ішінде орналасады. Жеке особьтарын денесі ішектыныстылардағыдай үш бөлімнен тұрады: протозома немес бас қалқанынан, мезосома немесе мойынынан, не жағадан және метосомадан немесе тұлғадан. Даму кезеңіндегі осы айқын көрінетін үш бөлімі ересек кезеңінде денеден бөлінбейді. Жаға бөлімінің арқа жағыдан 2-ден 18-ге дейін қармалауышты қол (лофофор) өсінділері орналасқан. Кірпікшелермен қапталынған қауырсынды қармалауыштары сумен бірге түскен қорек заттарды аузына айдау қызметін атқарады. Тұласы шағын, сопақ, жұмыртқа тәрізді немесе қапшық тәрізді. Оның құрсақ жағынан сабақшасы немесе аяқшасы шығып тұрады. Энтероцельді жолмен пайда болған целом қуысы дененің үш бөлімінде: протосомаға (бас қалқанына), мезосомаға (жағаға), метосомаға (тұлғаға) сәйкес протоцельге, мезоцельге және метоцельге бөлінген. Бас қалқанындағы целомы қосарланбаған, ал жағасымен тұлғасындағы целомдары жұп болып келеді, бір жұп жағалы целомодуктылары бар. Нотохорда бас қалқанының ішіне кіріп тұрады, арқа жағынан оған кардио-перикардиалық жиырылғыш мүше жалғасып, екеуінің аралығында арқа қан синусының орталық лакунасы орналасады. Пртеробранхиалардың бұлшықеттері ішектыныстылардағыдай целомның туындысы, бірақ тіркеліп тіршілік етуіне байланысты олар тері-бұлшықетті қапшықтық белгілерін жоғалтқан. Ас қорыту жүйесі. Ішегі тұзақ тәрізді, ауыз бен аналь тесіктері жақын орналасқан. Ауызы құрсақ жағында бас қалқанымен мезосоманың шекарасында, ал аналь тесігі арқа жағында, артында жатады. Ауызы безді клеткаларға мол ауыз қуысына өтеді. Оның жоғарғы қабырғасы ішектің ауыз алдындағы өсінділерді-буккальді дивертикулдарды және нотохорданы немесе стомохорданы құрйды. Ауыз қуысы жұтқыншаққа ауысады, ал бұл безді клеткалары бар кірпікшелі эпителиймен төселген. Cephalodiscus пен Atubaria-лардың жұтқаншағында бір жұп желбезек саңылаулары бар, ал Rhabdopleura-да бір жұп терең дорзоматериальді науалары болады. Жұтқаншақ өңешке ал бұл көлемді қапшыққа ұқсас тұлғаны толтыра алатындай қарынға өтеді. Қарын гистологиялық тұрғыда ішектің басқа бөліктерінен өзгеше, оның эпителиі секреттік түйіршіктеріне толы. Қарыннан тар ішек дорсальді түрде иіліп дененің артқа жағында аналь тесігімен сыртқа ашылады. Сондықтан,преробранхиалардың ценоциасы нәжістермен бұлғанбайды. Ішектыныстылардан өзгеше, преробранхиаларда ішектің бауырлық өсінділері жоқ, желбезек саңылауларының тілшелері мен қаңқасы жоқ. Птеробранхиалар қорегін белсенді іздемейді. Ұсақ организмдер-диотомиялар, радиаоляриялар шаянтәрізділердің личинкалары, ауызға қолдарындағы кірпікшелердің қимылымен айналады. Ас қорыту процесі зерттелмеген. Ас қорыту жүйесімен, кірпікшелі эпителиймен жабылған, қолдары тікелей байланысты. Әр қолдың құрсақ жағында ауызға қарай бағытталған кірпікшелермен қапталған жылғасы бар, сол арқылы судың ағысымен ауызға қорек айдалады. Қатты жиырылатын қолдары мен қармалауыштары ценоций түтігінен сыртқа созылып, қайта кіріп кете алады. Олар-әрі сыртқы ортамен қатысудың да мүшелері болып саналады. Олар, сонымен бірге, птеробранхиалардың желбезек аппараты қызметін атқарады. Зәр шығару жүйесі зерттелменген, оларға перитониальді клеткалардың жиынтығы-гломерулустардың (glomerulus) қатысы бар болуы керек. Перитональді клеткалар орталық лакунаға жанасып, қанда жиналған зат алмасу өнімдерін бас қалқанының целомына диффузды өтуіне және одан сыртқа шығуына әсер етеді деп жорамалдайды. Қан айналу жүйесі басқада көптеген ұсақ жануарлардағыдай қарапайымдалған, әсіресе өте ұсақ колонияларды құратын Rhabdopleura-лар да. Қан тамырлары ішектыныстылармен салыстырғанда синустар немесе лакуналар сипатта. Арқа мезентеринде арқа синусы орналасқан, ол арқа ганглияның маңында орталық лакунаға ауысады. Соңғысы бұлшықетті кардиоперикардиалық жиырылғыш мүшенің және нотохорданың аралығында жатады. Орталық лакунадан бір жұп айналасындағы синус түзіледі, одан ұзына бойғы құрсақ синусы басталады да, құрсақ мезинтериден өтіп сабақшаға барады. Нерв жүйесі жаға бөлімінің арқа жағында-арқа ганглия түрінде дамыған, одан жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы мен ұзына бойына созылған арқа және құрсақ нерв бағаналары тараған. Нерв бағаналары дененің эпители қабатында шиеленісіп, тұтасып жатады. Сезім мүшелері жоқ. Жыныс жүйесі дара жынысты, бірақ гермафродиттері де кездеседі. Аналықтарын, аталықтарын сырттай ажырату қиын (Cephalodiscus), кейде айырмашылықтары айқын көрініп тұрады (Rhabdopleura). Cephalodiscus- та тұлға целомының алдыңғы бөлімінде симметриялы орналасқан бір жұп қапшық тәрізді гонадалары бар, әр бір гонада тұлғаның арқа жағында келте жылғамен сыртқа ашылады.Phabdopleura-ларды оң жақ метацелінде жататын, денесінің артқа жағында жыныс тесікпен ашылатын бір ғана гонада (аталық немесе аналық без) болады. Көбеюі жынысты және жыныссыз жолмен өтеді. Ұрықтанған жұмыртқалары түтікшенің қабырғасына бекініп, сонда дамиды. Жұмыртқалары ірі, сарыуызға бай, бөлшектенуі толық, біркелкі. Cephalodiscus-тың жұмыртқасынан кірпікшелермен қапталған личинка шығады. Ол түрдің таралуына мүмкіндік береді. Сыртқы көрінісі ішектыныстылардың личинкасына ұқсас. Ол ұзын және аздап жалпайған. Алдыңғы жағында сезім мүшелері және көптеген безді клеткалары бар. Личинканың ішкі құрылысы күрделі. Оның целомы 3 бөліктен тұрады. Басқа түрлерінде личинканың еркін жүзетін сатысы жоқ, олар тек субстратқа бекініп түтікшені жасайды. Жынысты көбеюден басқа қанатжелбезектілер жыныссыз бүршіктену арқылы да көбейеді. Cephalodiscus-тың құрсақ жағындағы сабақшасында 2-ден 14-ке дейін бүршіктер түзілуі мүмкін. Бүршіктер аналық организмнен тез бөлінеді де, жаңа ересек дараға айналады. Phabdopleura-ның бүршіктенуі эпидермистен және целом қабырғасынан түзілген столонда пайда болады. Олар аналық денеден бөлінбей дамиды және қосымша бүршіктерді түзе алады, қолайсыз жағдайда соған тығылады. Қанатжелбезектілер бүршік шығару арқылы колониялар және жалған колонияларды құрайды. Бүршіктер әуелі көпіршік түрінде пайда болып, кейін көпіршік сақина сияқты оралмамен алдыңғы үлкен бөліміне-бас қалқанының бастамасына және кішілеу артқы бөліміне бөлінеді, соңғысы тағы бір оралмамен кішірек-жаға бөліміне-мезосоманың бастамасына және үлкен бөліміне –тұлғаның бастамасына немесе метосомаға және сабақшасына бөлінеді. Бүршіктің ішіне аналық целомы жалғасады, ал ол кейін екі септамен протоцельге, мезоцельге және метацельге бөлінеді. Сонымен, бүршіктенуде, дамудың белгілі бір сатысында денеің екі жақты симметриясы және целомның үш бөлімге жіктелуі айқын көріне бастайды. Бүршіктену нәтижесінде қалыптасқан жеке особьтары немесе зооидтары арнайы түтікшелердің ішінде өмір сүреді. Оларды бас қалқанындағы без клеткаларының шығарған кілегейлі органикалық заттардан түзейді. Түтікшелер бір-бірімен жанасып колонияларды құрайды. Cephalodiscus-тар жалған колонияларды құрайды. Олардың түтікшелері қарапайым және ценоций деп аталады. Колонияның жеке бөліктері бір-біріне тәуелсіз орналасқан. Колониялары ағаш тәрізді бұтақталған немесе әр зооидтың ұяшығы бар жуан бұтақтардан тұрады. Ұяшықтары бөлектенген немесе бір-бірімен түтік арқылы байланысып, бірнеше қуыс бір ғана саңылауымен сыртқа ашылады. Зооидтар ұяшықтардың ішінде сабақшаларымен жабысып отырады, бірақ ішінде еңбектей де алады. Еңбектегендер бос қалқанымен еңбектейді. Кейбір түрлерінде сабақшалары өте ұзын созылып, жануардың сыртқы ортаға шығуына мүмкіндік береді. Кішкене тітіркеніс болса жануарлар ұясына тіғылады. Басқа түрлері ұясынан шығып алып, ценоцистің маңайында жорғалап жүреді. Phabdopleura-лар нағыз колониалльді жануарлар, олардың колониялары күрделі құрылысты, барлық особьтары (зооидтары) ұзын столонмен (өзгерген өрнек) біріккен. Столондары бұтақталып, олардын ішінде жеке зооидтары бар түтікшелері немесе текалары тігінен көтеріліп тұрады. Столондар жұқа және өте нәзік хитинді қабықшамен қапталып цилиндрлі түтікшенің ішінде орналасады.Олардың ұзындығы 10 см-ге дейін болуы мүмкін, тастардың немесе молюскалардың бақалшақтарының үстінде төселіп жатады. Негізгі столонында дамитын жас зооидтар көлденең перделер түзеп столонның әрбір бөлігінде жеке орналасады,кейін түтікшенің сыртқы қабырғасын тесіп, бір-біріне киілген сақина сияқты өз түтікшесін-текасын түзейді. Зооидтар өз ұяқшықтарынан сыртқа бас қалқанын және қолдарын шығарып,қорек заттарын аулайды.Тітіркенгенде жиырылып түтікшенің ішіне кіреді. Atubaria туысының түрлері ұяшықтарымен түтікшелерді түзбей еркін тіршілік етеді. Олар гидроидты полиптердің арасында тұлға өсіндісімен қолдарының көмегімен баяу қозғалып қоғалады. Экологиясы. Қанатжелбезектілер реліктілік топ,сан жағынан да аз, олардың қалдықтары ордовиктен белгілі.Әлемдік мұхиттың тропикалық,жылы және суық суларында кездеседі. Cephalodiscus өкілдерінің таралуы оңтүстік жарты шармен шектелген.Олар көбінесе субантарктикалық аралдарда, Антрактикада кездеседі. Phabdopleura-ның түрлері Арктида мен Антрактиканың барлық климаттық аймақтарында кең таралған, ал Atubaria-лар тек Жапония жағалауынан белгілі. Қанатжелбезектілер теңіздің 50 м-ден 650 м-ге дейін тереңдікте гидроидтар, кораллдар, мшанкалар, губкалар сияқты жануарларға қоныстанып тіршілік етеді. Олардың паразиттері туралы деректер аз. Денелері шағын, Phabdopleura түрлерінің көпшілігінің ұзындығы 0,5 мм-ден аспайды. Cephalodiscus-тарда 4мм-де 7 мм-ге дейін, ең ұзын денелі-14 мм.C.demsis. Қанатжелбезектердің барлығы, Atubaria-лардан басқалары,колония түзеді. Колонияның көлемі бірнеше сантиметр. Олардың ірілері 19 см, биіктігі 25см. Зооидтарының түстері әр-түрлі түсті. Бас қалқаларында пигментті жолақтары бар, кейбір түрлерінің денесі қара, ал қармалауыштары мен сабақшасы ақ түсті. Колониялары ашық түсті. Қанатжелбезектілердің,әсіресе Phabdopleura туысының колониялары ерекше күрделікке жеткен. Кейбір құрылыстары, даму сатылары және бүршіктенудің өзіне тән ерекшеліктері бойынша олар граптолиттердің колониясына ұқсас болып келеді, сондықтан граптолиттердің қанатжелбезектілер класына жатызатындығына күмәндар жоққа шығарылған. Граптолиттер-Graptolithida ертеде өліп кеткен жануарлар. Олар теңіздерде колония құрып тіршілік еткен, ежелгі палеозойда кең тараған, кембрийдің орта шебінен белгілі, ордовикте және орта силурда сан жағынан да, түр жағынан да көп болған және тас көмір дәуірінің соңында құрып кеткен формалар. Олар палезой теңіздерінің, тайыз суларында тіршілік еткен. Қалдықтары кремнилі саздарда сақталған. Олар тасқа бедер болып қалған іздері арқылы және қаңқа түріндегі қалдықтары арқылы белгілі және стратиграфия үшін өте маңызды. Екі жақты симметриялы ұяшықтары немесе текалары бар колониялары сан алуан болған. Ағаш сияқтанып бұтақталған, торланған,кейде көптеген, кейде бір не бірнеше бұтақтардан тұатын, бұтақтары түзу, иілген немесе спираль сияқтанып бұралған колониялары белгілі. Ұяшықтары бұтақтарда кейде белгілі тәртіппен, трияда (үш) түрінде, екі және бір қатарлы болып, кейде ешбір тәртіпсіз орналасқан. |