Главная страница
Навигация по странице:

  • 25 лекция

  • КӨПАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ

  • Құрылысы мен физиологиясы.

  • Ас қорыту жүйесі.

  • Тыныс алу жүйесі.

  • Нерв жүйесі

  • Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі


    Скачать 2.15 Mb.
    НазваниеЛекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
    АнкорЗоология
    Дата21.10.2022
    Размер2.15 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия.doc
    ТипЛекция
    #747356
    страница30 из 42
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42

    Кенеяер отряды - Асагі

    Ұсақ мөлшерлі, ұзындығы 0,1-15 мм-ге дейін, денесі сегменттелмеген (тек Opliocaridae тұқымдастарында ғана сегменттері сақталып қалған) және басқа өрмекшітәрізділердей баскеуде және құрсақ бөлімдеріне бөлінбеген, суда, топырақ арасында, жер бетінде өз бетімен тіршілік етеді, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері болып келеді.

    Хелицералары мен педипальпалары (тұмсықша немесе гнатосома деп аталатын) дененің алдыңғы бөлімінде орналасқан. Хелицералардың ұшында иілген, хитинделген тырнақшалары көп. Хелицералар созылуға және жиырылуға қабілетті. Түрі өзгерген педипальпалары гипостоманың және пальпаның жағасына айналған, 6 бунақты. Вентральды жағынан тікенектермен қапталған өсіндісі -хелицералармен бірге шаншып соратын аппаратын құрайды. Жырткыш кенелердің хелицералары қысқышқа айналып, кеміргіш-сорғыш ауыз аппаратын түзейді. Паразиттік тіршілік ететін түрлерінде ауыз аппараты - тесіп-сорғыш.

    Тыныс алу мүшелері - трахеялар, кейбіреулерінде газ алмасуы жұқа сыртқы жабыны арқылы жүреді. Кенелер дара жыныстылар. Кейбір түрлерінің аталығы аналығынан біршама ерекше, яғни жыныс диморфизмі бар. Мысалы, өрмекші кенелердің аталықтары аналықтарынан ұсақ және денесі жіңішке болады. Көбісі жұмыртқа салушылар, тірілей туатын түрлері де бар.

    Кенелердің дамуында жұмыртқа, личинка, нимфа және ересек сатылары бар. Личинкаларында жүру аяқтарының төртінші жұбы болмайды, яғни олар үш жұп жүргіш аяқтарымен ерекше және тыныс алу, жыныс тесіктері болмайды. Келесі сатысы нимфа. Онда 4 жұп аяғы мен тыныс алу тесіктері бар, ересек түріне ұқсас, тек жыныс мүшесі толық, дамымаған. Нимфалық жасы 1-3-кедейін. Оларды протонимфа, дейтонимфа және тритонимфа деп атайды. Нимфалық жасында тыныштық сатысы - гипосусы (hypopus) болуы мүмкін.

    300-ге жуық, тұқымдастары және 20000-ға жуық түрі бар. Өте кең тараған.

    Кенелердің арасында құрлықта және суда (мысалы, Hydrachna cruenta), еркін өмір сүретін және паразиттік тіршілік ететіндері бар, сондай-ақ топырақ арасында, кейбір түрлері ұнда, ірімшік, құрғақ жемістерде (Tyroglyphus, Aleurobius) және т. б. жерлерде өмір сүреді.

    Ұн кенелері тұқымдасы - Tyroglyphidae, ұзындығы 0,5-1 мм, сопақша, жылтыр түсті. Астық, ұн сақталатын қоймаларда жиі кездесіп көп зиян келтіреді (қойма кенесі деп те аталады). Астық пен ұнды зақымдағанда оларды қоңыр ұнтаққа айналдырып және иісі шіріген заттың иісіндей, қышқыл дәмі пайда болады. Күн сайын аналығы 3-4 (кейде 60-қа дейін) жұмыртқа салады. Аса қауіпті түрлері: ұн кенесі - Acarus siro, ұзынша кене - Tyrophagus putuscentiae. Kүpecy шаралары: астықты немесе ұнды салқындатып, ылғалдылығын кемітіп, қоймада ауаның құрғақ болуына жағдай жасау қажет.

    Ұн кенесі табиғи жағдайда орман төсеніші, құс ұясы, кеміргіштердің іні сияқты орындарда мекендейді.

    Өрмекші кенелер тұқымдасы - Tetranychidae, ұзындығы 0,3-0,5 мм, қоңыр, ашық-қызыл түсті. Өрмек жібін шығарады. Өсімдіктердің жапырағын өрмек жібімен шырмап колония құрып тіршілік етеді. Қауіпті зиянкестері: кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urtica, жемістің қызыл кенесі - Panonychus ulmi, бактың өрмекші кенесі - Schyzotetranychus pruni.

    Сауытты кенелер тұқымдасы - Oribatidae, ұзындығы 0,2-1,5 мм, топырақта тіршілік ететін кенелер, топырақ түзілу процесінде үлкен роль атқарады. Негізгі туыстары - Oribatula, Zygoribatula.

    Су кенелері - Hydrachnellidae, ұзындығы 0,3-0,5 мм, денесі дөңгелек, ашық түсті. Жыртқыштар, ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Личинкалары судағы насекомдардың паразиттері.

    Кенелердің көбісі адамның, жануарлардың және өсімдіктердің паразиттері. Ең қауіпті тұқымдастары: Ixodidae, Aigasidae, Larcoptidae, Demodicidae, Gamasidae.

    Иксодалық кенелер - Ixodidae, ұзындығы 1-10 мм, қанға тойғандарының мөлшері 15-20 мм-ге дейін.

    Денесі сегментгелмеген. Аналықтарының арқа жағында қысқа, аталықтарында ұзын, денесін жауып тұратын қалқаны болады .

    Иксодалық кенелер бруцеллез, туляремия, пироплазмоз, қайталама сүзек, энце­фалит, чума ауруларын таратушылар. Олар аурулардың қоздырғыштарын (спирохеталарды, бактерияларды, вирустарды) кемірушілерден, насеком қоректілерден, құстардан, жабайы жануарлардан өздеріне жұқтырып алып, бірнеше жыл бойы сақтап, адамды шаққаңда адамға жұқтырады. Адам мен малдар көп зиян шегеді.

    Иксодалық кенелердің личинкалары ұсақ омыртқалы жануарлардың (кесірткелердің, құстардың, сүтқоректілердің) қанын сорады, ал нимфалары ірілерге шабуыл жасайды (қояндарға, тиіндерге, борша тышқандарға). Ересек түрлері адамның, ірі жануарлардың қанын сорады. Ең қауіпті өкілдері Ixodes persulcatus және I.ricinus көктем - жаз кене энцефалит ауруларын таратушылар. Табиғатта энцефалит вирусы ала тышқанда, кірпіде, cұp тышқанда, көр тышқанда және құстарда кездеседі.

    Dermacentor pictus және Hyalomma туысының өкілдері туляремия, энцефалит, қырым геморрагиялық ауруларын таратушылары.

    Ауру тудыратын бактерияларды, вирустарды бір жануардан екінші жануарға таратушылар жұқтырады. Таратушылар қызметін кенелер, масалар, битгер, бүргелер, шіркейлер атқарады. Тасымалдаушылар арқылы тарайтын ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды. Оны 1936 жылы Е. Н. Павловский ашқан. Трансмиссивті аурулар қатарына кене энцефалиті, қырым қанды безгегі, бөртпе сүзек т. б. жатады.

    Энцефалит, қырым геморрагиялық аурулардың табиғи ошақтары Қазақстанда - Алматы, Шығыс-Қазақстандағы орман даласы мен тау бөктеріңде кездеседі.

    Аргазид кенелері - Aigasidae, ұзындығы 2-13 мм, адамның және омыртқалы жануарлардың паразиттері және ауру (спирохетоздарды кене қайталама сүзекті) таратушылары. Негізгі өкілдері Ornithodoms papillipes адамға, Argas persicus құстарға шабуыл жасайды.

    Саркоптид кенелері немесе қышыма қотыр кенелері - Sarcoptidae, ұзындығы 0,1 -0,3 мм, адамның және жануарлардың терісінің астында тіршілік етіп, қышыма ауруына шалдықтырады. Негізгі өкілі қышыма кенесі - Sarcoptes scabiei . Ұрықтанған аналығы адамның тері қабатына өтіп, ұзындығы 3 мм-ден 2 см-ге дейін қуыс жол жасап, соған жұмыртқаларын салады. Личинкалары нимфаға айналып, теріні тесіп, бетіне шығады да, сол жерде қоректеніп, ересек түріне айналады. Ауру адамда қышыма пайда болып, денесі бөрітіп, қотыр болып, тері қабынады. Қышыма-қотыр ауру адамнан сау адамға жұғады.

    Демодицид кенелері - Demodicidae, ұзындығы 0,1-0,7 мм, денесі ұзарған, адамның май бездерінде, терінің астында паразиттік тіршілік етеді, теріні қабындырып, беттің безеулігін қоздырады. Негізгі өкілі - безеу кенесі - Demodex folliculorum .

    Бұзғынша кенелер - Tetrapodidae, ұзындығы 0,1-0,6 мм, денесі құрт тәрізді, қалқаншамен жабылған алдыңғы және ұзарған артқы бөлімнен тұрады. 1500-ге жуық түрі бар. Өсімдіктердің шырынымен қоректеніп, бұзғыншаның пайда болуына әкеліп соғады (атауы осыдан). Көпшілігі ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері, өсімдіктің вирус ауруларының қоздырғыштарын тасымалдаушылар - бидай жолақ, мозаикасын, сарымсақ мозаикасын.

    Гамазид кенелері - Gamosidae, ұзындығы 0,2-2 мм, 4000 түрі бар. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалары да бар. Топырақта, орман төсенішінде тіршілік ететін жыртқыштар, ұсақ омырткасыздармен қоректенеді. Көптеген түрлері омыртқалылардың эктопаразиттері, қанмен қоректенеді. Мысалы, тышқан кенесі (Allodermanyssus sanguieneus). Кейбіреулері инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар. Жыртқыш түрлерін өсімдік қоректі кенелермен күресуде қолданады.

    25 лекция

    КЕҢІРДЕКТЫНЫСТЫЛАР ТИП ТАРМАҒЫ НЕМЕСЕ ҚОСМҰРТШАЛЫЛАР - TRACHEATA, S.ANTENNA

    1.Кеңірдектыныстылар тип тармағының жалпы сипаттамасы.

    2.Кеңірдектыныстылар тип тармағының систематикасы.

    3. Көпаяқтылар класы – Мyriapodа, құрылыс ерекшеліктері, негізгі өкілдері

    Тип тармағына құрлықта тіршілік ететін, кеңірдек (трахея) арқылы тыныс алатын буынаяқтылар жатады. Бұлардың бас бөлімі денеден айқын ерекшеленіп акрон және төрт сегменттен құралған. Акронда жұп күрделі (фасеттік) көздері, бірнеше қарапайым көзшелері және жұп мұртшалары немесе антенналары орналасқан (қос мұртшалылар деп аталуы да осыдан). Акронға қосылған төрт сегменттерінің бірінші - интеркалярлы (латынша inter - аралық) немесе ендірме сегменті көп жағдайда редукцияға ұшырап дамымаған, аяқтары жоқ (шаянтәрізділерде интеркалярлы сегменттің жұп аяғы мұртшаға немесе антенна II айналған), екінші - мандибулярлы сегменттің жұп аяқтары жоғарғы жақ немесе мандибулаға, үшінші максилярлы сегменттің жұп аяқтары төменгі жақ немесе максилла I, ал төртінші лабиальды (labelum-ерін) сегменттің жұп аяқтары төменгі ерінге немесе максилла ІІ-ге айналған. Бас сегментгерінің бірігіп кетуіне байланысты жоғарыда көрсетілген жақ тақталары қосылып ауыз аппаратын құрайды.

    Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың сыртқы тері жамылғысы, яғни хитинді кутикуласы өте жақсы дамыған, әсіресе іштегі ылғады сыртқа шығармауға бейімделгені - эпикутикула қабаты. Сондай-ақ, бұлар тек қана кеңірдек не­месе трахея арқылы тыныс алады (класс тармағының да аты осыдан). Трахеялары эктодермальды. Сыртқы хитинді кутикула жабыны ішкі жағына қарай ығысып, тереңдеп трахея жүйесін құрайды. Трахея жүйесі денесінің екі бүйірінде орналасқан стигмалар деп аталатын бірнеше трахея тесігінен басталады. Стигмалар 2-3 камера түзеп, әрі қарай ұзына бойы және көлденең орналасқан трахея түтіктеріне өтеді, олардан тарамдалып кеткен өте жіңішке трахеолалар әрбір клеткаға жанасып, оны оттегімен қамтамасыз етеді. Трахея жүйесінің ішкі керегелері спираль тәрізді оралған, хитинді қабықпен астарланған, сол себептен бұл жануарлардың трахеялары ешуақытта қабысып қалмайды және ауа трахея арқылы еркін өтіп тұрады. Камералардың іші кірпікшелі эпителиальды клеткаларымен астарланған, бұл жерде ауа жылынады, шаң-тозаң және микробтардан тазарады. Трахея тесігін ашып-жауып тұратын бұлшықеттері болады.

    Кеңірдек тыныстылар тек қана жыныстық жолымен дамиды, жыныс диморфизмі айқын, ұрықтануы іштей, постэмбриональды дамуы көп жағдайда метаморфоз (фекше metamorphosis - кенет өзгеруі) жолымен жүреді, ол әр алуан.

    Кеңірдектыныстылар тип тармағы екі класқа бөлінеді: көпаяқтылар - Myriapoda және насекомдар - Insecta немесе алтыаяқтылар - Hexapoda.

    КӨПАЯҚТЫЛАР КЛАСЫ - MYRIAPODA

    Көпаяқтылардың 53000-нан астам түрі бар, басым көпшілігі құрлықта (ағаштардың, тастардың астында) тіршілік етеді, ұзындығы 1-3 мм-ден 28 см-ге дейін (тропикалық Graphidostreptus gigas), дене сегменттерінің әрқайсысында жұп немесе екі жұп аяқтары орналасқан, олардың саны әр алуан, кейде 177 жұпқа дейін (кластың аты да осыдан).

    Көпаяқтылар класы төрт класс тармағына бөлінеді: симфилалар - Symphyla, пауроподалар - Pauropoda, ерінаяқтылар - Chilopoda, қосжұпаяқтылар - Diplopoda.

    Құрылысы мен физиологиясы. Көпаяқтылардың құрт тәрізді созылған денесі екі бөлімді: бас және тұлға. Бас бөлімі тұлғасынан айқын ажыраған, оның құрамында акрон және оған біріккен 4 сегмент (симфилаларда - Symphyla, ерінаяқтыларда - Chilopoda) немесе 3 сегменті (пауроподалыларда - Pauropoda, қосжұпаяқтыларда - Diplopoda) бар. Кейде соңғы сегменті "мойын" сегменті деп аталады. Бас құрылысының бұл ерекшелігі көпаяқтылардың белгілі бір қарапайымдылығының көрінісі. Акронда бір жұп мұртшалары немесе антенналары және жұп фасеттік көздері орналасқан. Мұртшалары кейбір шаянтәрізділердің антеннулаларына сәйкес ұзын, көп буынды, бір бұтақты, басым көпшілігінде жіп тәріздес, иіс және сипап сезу қызметін атқарады.

    Акронға бірігіп қосылған 3 немесе 4 сегменттердің аяқтары, қорегін ұстау, ұсақтау, шайнау қызметіне байланысты ауыз-жақ аппаратына айналған. Бірінші интеркалярлы (ендірме) деп аталатын сегментінің аяқтары жойылған, екінші мандибулярлы сегменттің аяқтары үстіңгі жақ немесе мандибула, ішкі жағы тісшеленіп келген, қатты тақта тәрізді үшінші және төртінші сегменттерінің аяқтары астыңғы жақ және астыңғы ерін тақталарын немесе максилла I, максилла ІІ-ні түзейді. Максиллалар үш буынды: негізгі, қалақша бөлігі және буындалған жақ қалақшалары, кейбір жағдайда қалақша бөлігі және жақ қалақшалары редукцияға ұшырауы мүмкін.

    Көпаяқтылардың ауыз аппаратының құрылысы әр класс тармағының өкілдерінде әр түрлі. Symphyla және Chilopoda класс тармағы өкілдерінде ауызы алдыңғы жағынан хитинделген үстіңгі ерінмен жабылған, ол түрі өзгерген аяқ емес, бастың хитин қабатының есіндісі, оның астында жоғарғы жақ - мандибула, төменгі жақ - максилла I және максилла II жатады. Diplopoda және Pauropoda класс тармағының өкілдерінде үстіңгі ерін мен күшті дамыған мандибуланың астында жалғыз жұпсыз күрделі құрылысты гнатохилярий (gnathochilarium) деп аталатын тақтасы бар. Ол төменгі жақ - максилла І-шінің өзгерген түрі. Бұларда максилла ІІ-ші дамымаған. Мойын сегментінің аяқтары редукцияланған.

    Бас бөлімінен кейінгі дене немесе тұлға бөлімінің сегменттері айқын бөлінген.

    Олардың саны әр түрлі: пауроподаларда - 14, симфилаларда - 18, ерінаяқтыларда - 181. Тұлғаның бір қалыпты немесе гомономды сегменттелуі тек ең қарапайым түрлерінде болады, мысалы, Chilopoda класс тармағының Pachimerium ferrugineum өкілінде, ал қалғандарының сегменттері эволюция барысында өзгеріске ұшырап саны жағынан азайған және біразының көлемі кішірейген. Бұл жағдайда, кішірейген және қалпында қалған сегменттер кезектесіп орналасады, мысалы, Diplopoda класс тармағының өкілдерінде, ал Lithobius forficatus-тың бірінші және соңғы үш сегменттері басқаларынан айрықша. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде сегменттерінің басым көпшілігі (алғашқы төрт және "мойын" сегментінен басқа) жұптасып қосылады. Жұптасқан сегментінің әрқайсысында екі жұп аяқтары болады (класс тармақтың қосжұпаяқтылар деп аталатыны осыдан).

    Көпаяқтылардың тұлға сегменттерінің біркелкі болуымен қатар, олардың аяқтарының құрылысы да ұқсас, бірнеше буыннан (6-8) тұратын және тырнақпен бітетін жүру аяқтары болады. Олардың морфологиялық және функциональдық дифференциациялануы өте сирек.

    Ерінаяқтылардың бірінші сегментінің аяқтары жақаяққа айналған, олар қорегін ұстап, өлтіру қызметін атқарады. Бұл жұп аяқтардың көлемі үлкейген және біршама жуандаған негізгі буыннан тұрады, буын ұшы үшкірленіп, ілгек сияқты иіліп біткен. Аяқтың түбінде улы безі бар, оның тесігі аяқтың ұшында ашылады. Бөлінген у буынаяқтылар мен омыртқалыларға күшті әсер етеді. Мысалы, сколопендраның (Scolopendra) уы адамның қолын ісіріп жібереді. Кейбір жұп аяқтары копуляцияға қатысып, құрылысы жағынан біраз өзгерген де, олар гоноподий деп аталады.

    Денесі бір қабатты гиподермальды клеткаларынан бөлінген хитинді немесе ізбест сіңген кутикуламен қапталған. Гиподермальды эпителий қабаты бір және көп клеткалы тері бездеріне бай, солардың арасында қорғаныш қызметін атқаратын бездері де бар. Олар тұлға сегменттерінің арқа жағында орналасып, әр түрлі секреттерді сыртқа бөліп шашады. Секреттердің химиялық құрамы да әр түрлі, мысалы, Spirobolus туысының шығарған секреті улы және адамның терісін күңгірт түске бояйды, Polyzonium rosalbum - камфордың күйдіргіш дәмі мен иісі болатын сүт тәрізді сұйық шығарады, тропикалық Fontaria-ның шығаратын секретіне миндальдің ащы иісі тән және бос күйінде синиль қышқылына бай.

    Ас қорыту жүйесі. Көпаяқтылардың ас қорыту жүйесі түтік тәрізді, тек артқы ішегі имек болып келеді. Аузы басының төменгі жағында, өңеш деп аталатын алдыңғы ішекке жалғасады. Ас қорыту жүйесінің алдыңғы бөлігі сілекей бездерімен байланысты. Кивсяктардың үш жұп сілекей бездері бар, олардың әрқайсысы жеке тесікпен ашылады: екі жұбы ауыз қуысына, үшіншісі гнатохилярияға. Ерінаяқтыларда эктодермальды жолмен пайда болған 3-5 жұп сілекей бездері болады. Олар да ауыз қуысына жеке тесіктер арқылы ашылады. Екінші жұп жақтарының түбіне ашылатын сілекей бездері насекомдар личинкаларының жібек беретін бездеріне ұқсайды.

    Ортаңғы ішек коректі корыту және сіңіру қызметін атқарады. Артқы ішегі қысқа Diplopoda класс тармағының өкілдері өсімдікқоректі және негізінен шіріген жапырақтарымен, өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Ерінаяқтылар - жыртқыштар, насекомдармен қоректенеді.

    Зәр шығару жүйесі. Ортаңғы және артқы ішектің арасында ішекке бір немесе екі жұп тұйықталған ұзын мальпиги түтігі жалғасқан. Түтік эпителиінде және оның қуысында несеп қышқылы жиналады, көпаяқтыларда да насекомдардағы сияқты олар зат алмасудың қалдық өнімі болып табылады. Мальпиги түтігімен қатар зәр шығару қызметін басқа да мүшелер, мысалы, лимфа бездері атқарады. Олар мальпиги түтігінің немесе құрсақ қан тамырының не­месе құрсақ нерв тізбегінің бойында орналасқан. Бұл бездер ерімейтін заттарды ұстап және жинап, дене қуысында қалған қатты бөлшектерді сіңіреді (фагоциттейді).

    Сонымен қатар, зәр шығаруға "майлы дене" деп аталатын мүше де қатысады. Көпаяқтылардың миксоцель қуысының көптеген жерлерінде клеткалардың шоғыры кездеседі. Бұл шоғырлар жұқа арнайы қабатпен қапталған. Осындай шоғырлардың жинағын "майлы дене" деп атайды. Оның клеткаларында көптеген май тамшылары және зәр қышқылының конкрециясы бар. "Майлы дене" тек қор заттарын жинаушы емес, сонымен қатар қалдық өнімдерді де (мысалы, зәр қышқылын) жинайды.

    Тыныс алу жүйесі. Барлық Tracheata сияқты, көпаяқтылар тек трахея арқылы тыныс алады. Жоғарыда көрсетілгендей, трахея эктодермальды, сыртқы хитиңді кутикула жабыны дененің ішкі жағына қарай ығысып, трахея түтікшесінің шоғырын құрайды. Олар ұзына бойы және көлденең орналасқан трахея түтіктеріне айналып, олардан тарамдалған жіңішке трахеолалар әрбір клетканы, мүшені орап, оларды оттегімен қамтамасыз етеді. Трахея жүйесінің ішкі қабырғалары хитинді сақиналарымен астарлаған, сол себептен олар қабыспайды, ауа еркін өтеді. Трахея жүйесі жұп стигмалардан немесе тыныс алу тесігінен басталады. Олар тұлға сегменттерінің бүйір жағында орналасқан. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде сегменттері жұптасып қосылғандықтан стигмалары да екі жұпты. Бұлардың сегментгерінде бір-біріне қатыссыз және тармақталмаған трахея шоғыры жұбымен жатады.

    Chilopoda класс тармағының көптеген түрлерінде жұп стигмалары сегмент сайын емес, кезектесіп орналасқан, ал Scutigera туысының өкілдерінде тек 7 жұп стигмасы болады.

    Трахеядағы газ алмасу процесі бұлшықеттердің жиырылып, босаңсуы арқылы дене көлемінің өзгеруі нәтижесінде жүреді.

    Қан айналу жүйесі. Көпаяқтылардың жақсы дамыған жүрегімен қоса, перифериялық қан тамырлары да бар. Жүрегі нәзік, мөлдір түтік, ішектің үстіңде тұлғаның бойымен бүкіл денесінде созылып жатады. Артқы жағы тұйық немесе екі қысқа түтікшеге жалғасқан. Жүрек, дене сегменттеріне сәйкес, камераларға бөлінген, әрбір камерада остия деп аталатын екі тесігі болады (қақпақшамен ашылып жабылатын). Diplopoda класс тармағыңда, сегменттері қосарланғандықтан жүректің бір камерасында екі жұп остиясы болады.

    Жүрегі миға бағытталған бас аортасына жалғасады. Ерінаяқтылардың (Chilopoda) қан айналу жүйесі өте жақсы дамыған, миға бағытталған бас аортасынан артерия сақинасы шығып, ол ішекті айналып өтіп, құрсақ нерв тізбегінің үстінде ұзына бойы орналасқан құрсақ қан тамырына жалғасады, сондай-ақ жүректің әр камерасынан екі бүйірлік артерия шығады. Жүрек ерекше қанат тәрізді бұлшықеттердің көмегімен дененің қабырғасына бекіп тұрады. Жүректен шыққан қан тамырлары (бас аортасы, бүйірлік артериялар, қосымша артериялар) денеге тарап, кейін үзіледі де, гемолимфа (қан) дене қуысына немесе миксоцель (аралас) қуысына құйылады, яғни қан айналу жүйесі ашық. Дене қуысынан гемолимфа жүрек маңы (перикардия) қуысына өтіп, одан остия арқылы жүрекке барады. Қанаттәрізді бұлшықеттерінің жиырылу нәтижесінде жүрек камералары да жиырылып, гемолимфаны артқы жақтан алдына қарай айдайды. Құрсақ қан тамырында гемолимфа қарама-қарсы бағытта (алдыңғы жақтан артқа қарай) жылжиды.

    Нерв жүйесі. Көпаяқтылардың нерв жүйесі барлық буынаяқтыларға тән жұп жұтқыншақ үсті немесе ми ганглиясынан, жұтқыншақ асты ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина-коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Жұтқыншақ асты ганглиясы - құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні. Құрсақ нерв тізбегі метамерлі (әрбір сегментінде) орналасқан нерв ганглияларынан тұрады.

    Миының гистологиялық құрылысы күрделі, сондағы антенналарға және дененің мүшелеріне нервтерді беретін ганглия жұптары күштірек дамып, оқшаулануымен ерекше, сондай-ақ интеркалярлы сегментті иннервация жасайтын нерв клеткасының жұбы бар.

    Құрсақ нерв тізбегінің бірінші нерв түйіні - жұтқыншақ асты ганглия - ауыз аппаратын нервтендіреді, ал әрбір сегментінде орналасқан жұп нерв ганглиялары сол сегменттің қайсыбір нүктесіне нервтерді таратады да, сондағы пайда болған тітіркенуді қабылдап, кейін миына коннективалар арқылы жеткізеді. Diplopoda класс тармағының өкілдерінде мұндай құрылыс тек алдыңғы төрт сегментіне тән, қалған сегменттерінде бірінен соң бірі орналасқан екі жұп ганглиясы болады, бүл осы сегменттердің бір-бірімен қосылып кеткенін көрсетеді.

    Сезім мүшелері. Көпаяқтылардың сезгіш түкшелеріне бай, жұп мұртшалары иіс және дәм сезу қызметін атқарады. Сонымен қатар, басының бүйір жағында антенна мен көздердің аралығында, таға тәріздес ойықтың ішінде сезгіш клеткаларының шоғыры орналасқан, олар Темешваров сезім мүшесі, атқаратын қызметі белгісіз, болжам бойынша бұлар хеморецепторлар. Бұл мүшені ми нервтендіреді.

    Көптеген көпаяқтылардың көздері екі, төрт және одан да көп болуы мүмкін. Көздері басының бүйір жағында орналасқан және жай, қарапайым құрылысты. Тек, шыбынжегілерде ғана (Scutigera) басында көздерінің екі үлкен шоғыры болады, олар өте тығыз, бір-бірімен жанасып, насекомдардың күрделі фасетті көздеріне ұқсайды. Көпаяқтылардың көру қабілеті онша күшті дамымаған. Олар көлеңкелі, қараңғы жерлерді қалайды.

    Жыныс жүйесі. Дара жынысты. Аталық және аналық жыныс бездері тек сирек жағдайда өзінің бастапқы жұп күйін сақтаған (кейбір пауроподаларда), көбінесе жұп емес бір ғана без түрінде. Мысалы, аталық жыныс безі қалақша, немесе жұқа ұзын түтікше түрінде, немесе 11-12 жұп кішкене бөлшектерден тұрады; бұлар бір ортақ жыныс түтікшесіне жалғасады. Кивсяктардың жұмыртқа жолы мен ұрық жолының бастапқы бөлігі жұпсыз түтік тәрізді. Олар алға бағытталып, екіге айырылады да, екінші тұлға сегментінің құрсақ жағына ашылады. Симфилалар мен пауроподалардың жыныс тесігі де екінші тұлға сегментінде ашылады.

    Chilopoda класс тармағының өкілдерінде жыныс түтігі бастапқы бөлігінде жұпсыз, кейін екі бұтаққа бөлінеді де, олар міндетті түрде қайтадан бірігеді. Жыныс тесігі денесінің соңғы сегментінің алдындағы жағында ашылады.

    Көпаяқтылардың жыныс жүйесінде қосымша мүшелері болады, мысалы, аталық ұрық жолы қапшық тәрізді ұрық көпіршігімен және қосалқы бездерімен, ал аналық жұмыртқа жолы - тұқым қабылдағыш қапшығымен және бірнеше қосалкы бездермен жалғасқан.

    Көпаяқтылардың ұрықтану әдістері сан алуан. Қарапайым жағдайда аталық өзі бөліп шығаратын торға ұрық сұйықтығының тамшысын немесе сперматофораны іліп қояды, кейін оны аналық алады. Кейде копуляциялану орны болады, мұндай жағдайда ұрық сұйықтығы аналықтың жыныс тесігіне аталықтың арнайы аяқтары - гоноподиялардың көмегімен құйылады.

    Дамуы. Көпаяқтылардың жұмыртқалары ірі және сарыуызға бай, сондықтан бұлардың ұрықтары жұмыртқаның беткейлі бөліну нәтижесінде пайда болады.

    Постэмбриональды дамуы екі түрлі жолмен жүруі мүмкін (постэмбриональды даму - бұл организмнің жұмыртқадан шыққаннан бастап жыныстық күйіне жетілгенге дейінгі даму кезеңі).

    Бірінші жол, нағыз тура даму жолы, Chilopoda класс тармағының кейбір өкілдерінде кездеседі; жұмыртқадан шыққан жас жануардың тұлға сегменттері мен аяқтарының саны толық, яғни аналық организмге ұқсас болып келеді. Екінші жол - яғни анаморфозды даму жолы - ерінаяқтылар мен қосжұпаяқтыларда кездеседі. Бұл жағдайда жас жануарлардың тұлғасындағы сегменттері мен аяқтар саны толық болмайды, сегменттері мен аяқтары түлеу нәтижесінде түгел пайда болады. Олардың түзілуі тельсонның алдында жатқан өсу зонасының есебінен жүреді. Chilopoda класс тармағының анаморфозды түрлерінің ұрықтарында 12 жұп тұлға аяқтары, ал Diplopoda класс тармағының ұрықтарында үш алдыңғы жұп жүргіш аяқтары болады да, одан кейін аяқсыз сегменттер жалғасады. Бұл алтыаяқты личинка сатысы толық түрленіп дамитын насекомдардың личинкасына ұқсас.
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42


    написать администратору сайта