Главная страница
Навигация по странице:

  • СИМФИЛАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SYMPHYLA

  • ПАУРОПОДАЛАР

  • ЕРІНАЯҚТЫЛАР

  • ҚОСЖҰПАЯҚТЫЛАР

  • 26 лекция

  • Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі


    Скачать 2.15 Mb.
    НазваниеЛекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
    АнкорЗоология
    Дата21.10.2022
    Размер2.15 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия.doc
    ТипЛекция
    #747356
    страница31 из 42
    1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42

    Экологиясы. Көпаяқтылар күндізгі жарықты қаламайтын, бұтақтардың, тастардың астында тығылып түнде тіршілік ететін жануарлар. Кивсяктар өте баяу қозғалады, ал ерінаяқтылар, керісінше, шапшаң, ширақ болып келеді.

    Көптеген көпаяқтылар ұрпағын сақтауға бейім. Олар жұмыртқаларын арнайы жерге немесе басқа материалдардан жасалған арнайы ұяшықтарға салады, немесе шығарған жұмыртқаларының үстінде спиралына оралып ұрық шыққанша қоректенбестен жатады.

    Көпаяқтылар Қырымда, Кавказда, Орталық Азияда кең тараған. Ең ірі, ұзындығы 28 см-ге дейін, жуандығы саусақтай болатын сколопендралар мен кивсяктар тропикалық елдерде көп кездеседі.

    Chilopoda класс тармағының өкілдерінен басқа барлық көпаяқтылар зиянсыз. Ірі ерінаяқтылардың, мысалы Scolopendra-ның шағуы аса ауыр болуы мүмкін.

    Классификациясы. Көпаяқтылар класы 4 класс тармағына бөлінеді: симфилалар - Symphyla, пауроподалар - Pauropoda, ерінаяқтылар - Chilopoda және қосжұпаяқтылар немесе кивсяктар - Diplopoda.
    СИМФИЛАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SYMPHYLA
    Ақ түсті немесе сарғыштау болып келген, ұзындығы 1 см-ге дейін ұсақ көпаяқтылар, топырақ арасында, түсіп қалған жапырақтардың, тастардың астында тіршілік етеді, шапшаң қозғалады. Мұртшалары жіп тәрізді ұзын, көпбуынды, үш жұп ауыз аяқтары бар, көздері болмайды. Трахея арқылы тыныс алады, бір жұп стигмалары бас бөлімінде орналасқан. Жүру аяқтары 12 жұп, ал дене сегменттерінің саны 15-тен 22-ге дейін. Аяқтарының түбінде өте ұсақ өскіндер (грифелькалар) және томпайып тұратын дорбалары бар. Осы белгілерімен және ауыз аппараттарының құрылысымен симфилалар алғашқы қанатсыз насекомдарға ұқсас. Соңғы тұлға сегментінде жұп церкалары орналасқан, оның түбінде өрмек безінің тесігі ашылады. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы бөлімінде орналасып, тесігі тұлғаның үшінші сегментінде ашылады, тек Polyxenellidae тұқымдасында - жыныс жүйесі артқы бөлімінде. Даму жолы анаморфоз ұрықтану кезінде аталықтары сперматофораларын топыраққа жабыстырып қояды. Аналықтары сперматофораны аузымен алып, айрықша жақ қалташығына салады да, жыныс тесігінен шыққан жұмыртқаларын аузында сақтап, сол жерде оларды ұрықтандырып, содан кейін топыраққа түсіреді. 10 күннен кейін жұмыртқадан личинка шығады, Scutigerella туысының личинкалары 6 жұп, ал Hanseniella - 7 жұп аяқты. Ересек түрлері 6 жыл өмір сүреді.

    150-ге жуық түрі бар, барлық аймақтарда (Антарктидадан басқа) кең тараған. Негізгі өкілі Scolopendrella immaculata, ұзындығы 8 мм, мекені орталық, және оңтүстік Еуропаның орманды аймағы. Шіріген өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Кейбір түрлері өсімдіктерге зиян келтіреді. Негізгі туыстары: Scolopendrella, Scutigerella, Hanseniella.
    ПАУРОПОДАЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - PAUROPODA
    350-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1 -2 мм, өте ұсақ көпаяқтылар. Денесі 10 сегментті, жақсы дамыған 9 жұп жүру аяқтары бар, Соңғы сегменті аяқсыз. Мұртшасының (антеннасының) ұшы үш тармақты, ауыз аппараты екі жұп жақ тақтасынан тұрады: үстіңгі жақ - мандибула және жұпсыз гнатохилярий (бірігіп кеткен төменгі жақ). Бас бөлімінен кейінгі "мойын" сегменті - ол максилла II. Пауроподалардың денесі жұмсақ хитинді кутикуламен қапталынған, тыныс мүшесі дамымай, бүкіл денесімен тыныс алады. Тұлға бөлімінің арқа жағында, бүйірлерінде 5 жұп ұзын сезгіш қылтанаяқтары бар. Даму жолы анаморфоз. Жұмыртқаларын топыраққа топтастырып салады, 12-14 күннен кейін алты аяқты личинкалары шығады. Даму кезеңі 3-4 ай.

    Пауроподалар ылғалды жерлерде кең тараған, көбінесе шіріген өсімдік қалдықтарының арасында, топырақта, жапырақтардың астында, шіріген ағаштардың ішінде. Ұсақ кенелерді және детритті қорек етеді. Негізгі туыстары: Pauropus, Eurypauropus. Pauropus туысының өкілдері ұзындау, жылдам қозғалады, ал Eurypauropus жалпақтау, өте жай қозғалады. Негізгі өкілі Pauropus silvaticus, ұзындығы 1 мм. Еуропада кең тараған .
    ЕРІНАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - CHILOPODA
    3000-ға жуық түрі бар, ұзындығы 23 см-ге дейін ірі көпаяқтылар. Денесі дорзовентральді бағытта жалпайып ұзарған. Мұртшалары (антенналары) жіп тәрізді, ұзын, көпбуынды. Мұртшаларының түбінде қарапайым көзшелер шоғырланған, кейбіреулерінде көздері жоқ. Ауыз аппараты үстіңгі жақ - мандибуладан және екі жұп астыңғы жақтан (максилла I, максилла II) құрылған. Тұлға бөлімінің бірінші жұп аяқтары ауызаяғына айналған (класс тармағының аты да осыдан), оларды жақаяқтары деп те атайды. Жақаяқтары алты буынды болып, ұштары сүйірленіп, өткір тырнаққа айналған. Бұлардың негізгі буыны өзінің жұбымен түйісіп тақтаны құрайды, олардың алдыңғы жағында тістері бар. Жақаяқтарының тырнақ ұшына улы бездерінің өзектері ашылған.

    Тұлға бөлімі сегменттелген, әрбір сегментінде жұп жүргіш аяқтары бар. Соңғы жұп аяқтары басқасынан ұзын, артқа қарай бағытталып дәм сезу, иіс сезу, қорғаныш, ұстағыш қызметін атқарады. Соңғы жұп аяқтың түбінде орналасқан коксальды бездері өрмек жіпті бөледі, оны жемтігін орау үшін қолданады, ал ұрықтанғанда оған сперматофораларын салады. Даму жолы анаморфоз. Көбінесе тропикалық және субтропикалық елдерде тараған, түнде белсенді өмір сүретін жыртқыштар, топырақта, ағаштардың, жапырақтардың, тастардың астында тығылып жатады.

    Ерінаяқтылар класс тармағы төрт отрядқа бөлінеді: геофилалар - Geophilo-morpha, сколопендралар - Scolopendromorpha, костянкалар - Lithobiomorpha, скутигералар - Scutigeromorpha.

    Геофилалар топырақтың әр түрлі жарықшақтарында, қуыстарында мекендейді, сондықтан денелері ұзын, жіңішке, лента тәрізді. Жүру аяқтарының саны 31-ден 177-ге дейін. Мұртшаларының буыны - 14, көздері жоқ, соңғы жұп аяқтары құрылысымен, атқаратын қызметімен мұртшаларға ұқсас. Геофилалар жыртқыштар, насекомдармен қоректенеді, кейде жауын құртына шабуыл жасайды. Өсімдік қоректілері де бар. Ұрықтану кезінде аталықтары топырақтың жарықшақтарына өрмек жіптерін керіп, соған сперматофораларын жапсырады. Аналықтары гоноподия аяқтарымен сперматофораларды іліп алып, жыныс тесігіне енгізіп, жұмыртқаларын ұрықтандырады. Шығарған жұмыртқаларын денесімен орап алып, ұрықтары шыққанша қоректенбей жатады. Негізгі өкілдері: Escaryus retusidens, Pachymerium ferrugineum, Mixophilus indicus. Орталық Азияда геофилалардың ұсақ (3-4 см-ге дейін) түрлері жиі кездеседі (Geophilus туысынан).

    Сколопендралар ең ірі ерінаяқтылар, мысалы, алып сколопендраның (Scolopendra gigantea) ұзындығы 26 см. Бұлар тропиктік және субтропиктік аймақтарда мекендейді. Оңтүстікте аздаған түрлері бар. Тропикалық түрлерінің түсі сары, сарғыш-жасыл, ашық-жасыл, көк. Біреулерінің арқасындағы сарғыш фонында ұзынынан көк немесе қара жолақтары болады. Сколопендралар - жыртқыштар, ұсақ омыртқасыздармен (насекомдар, өрмекшілер, моллюскалар) қоректенеді және де кесіртке, бақа, құрбақа, кішірек құстарға шабуыл жасайды. Өсімдік қоректерінен де бас тартпайды. Сколопендралардың уы адамдарға да әсер етеді, кейде сколопендраның жүріп өткен тері бетінде, оның тырнақтарының іздері қалады (қызылдақтар қатары). Кариб теңізінің жағалауында және Оңтүстік Американың солтүстік батысында кең тараған алып сколопендраның шағуы адамға өте қауіпті.

    Сколопендралар түнгі жануарлар, күндіз ылғалды, қараңғы тасаларда, тастың астында жасырынып жатады. Кейбіреулері тастың астында тереңдігі 2,5 см-дей, диаметрі 10 см-ге дейін тұрғын камерасын қазады. Сколопендралардың 21 жұп жүру аяқтары бар, ең соңғы жұбы ерекше қорғаныш және шабуыл құралына айналған, бұлар ұзарған, ұшы иілген, үшкірленіп бітеді, қылтәрізді аяқтар деп аталады.

    Көбеюі кезінде едәуір ұзақ неке ойындары орындалады. Хорст Фюллердің айтуы бойынша неке ойыны үш фазада жүреді, әрбір фазасы сағаттар бойы созылады. Ойынның соңғы фазасында аталығы жолдың қабырғасына немесе іннің бір жеріне өрмек жіптерінен өрмек шеңберін түзейді де, оның астына ұзындығы 2 мм-дей сперматофораларын салады. Аталығы аналығын соңынан ертіп шеңбер арқылы өтеді, сол кезде аналығы денесінің артқы ұшындағы ерекше жыныс мүшелерімен сперматофораларды жинайды. Ұрықтанған соң аналығы інге немесе басқа бір ыңғайлы жерге 15-20, кейде 33-ке дейін жұмыртқаларын салады, оларды бөліп шығаратын сұйықтықпен біріктіріп орайды да, өзінің ұзын денесімен жабады. Осы күйінде аналығы ештеңе жеместен бірнеше апта бойы жатады, тек анда-санда жұмыртқаларына саңырауқұлақ немесе бактерия инфекциялары жұқпау үшін, оларды жалайды. Жұмыртқадан шыққан "қырықаяқтар" аналығына өте ұқсас, тек әлі аппақ және қозғалмайды, үшінші түлеуден кейін қозғалғыш болып, аналықты тастап, әрқайсысы өз жолымен кетеді.

    Сколопендралардың кейбір түрлері партеногенез жолымен көбейеді. Мысалы, Солтүстік Кавказда, Оңтүстік Украинада сколопендралардың тек аналықтары ғана кездеседі.

    Сколопендралар отрядына екі тұқымдасы жатады: нағыз сколопендралар - Scolopendridae және соқыр сколопендралар - Cryptopidae, 900-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілдері: алып сколопендра (Scolopendra gigantea), сақиналы сколопендра (Scolopendra cingulata), калифорния сколопендрасы (Scolopendra heros), ризида (Rhysida afra), жапырақаяқты сколопендра (Alipes), дала соқыр сколопендрасы (Cryptops anomalans). Соңғысы біздің елімізде жиі кездеседі, ұзыңдығы 4 см, сарғыш түсті, шапшаң қозғалады.

    Костянкалар отрядының өкілдері сколопендраларға ұқсас, тек аяқтары ұзын, дене сегменттері 19 (бас сегменттерін қосқанда), ұзындығы 2-5 см, жүру аяқтарының саны - 15 жұп. Аналықтарында жыныс (гоноподия) аяқтары бар. Мұртшалары ұзын, жіп тәрізді, көпбуынды. Көздері басының бүйірінде орналасып 40-қа жуық қарапайым көзшелерден құралған. Түнгі жануарлар, күндіз бұталардың, жапырақтардың, тастардың астында жасырынып жатады. Ұрықтануы кезінде аталықтары өрмек жіпшелерін керіп, соған сперматофораларын жабыстырады. Аталығының соңынан еріп келген аналығы гоноподия аяқтарының көмегімен сперматофо­раларды жыныс тесігіне ендіреді. Ұрықтанған жұмыртқаларын денесімен орап алып, қоректенбей жұмыртқаларын жауынан және инфекциялық бактериялардан қорғап жатады. Жұмыртқадан шыққан ұрпағының аяқтары 7 жұп, түлеу арқылы өсе келе сегменттері және аяқтары толықтырылады. 800-ге жуық түрі бар, барлық аймақтарда (шөл дала мен солтүстіктегі ормансыз мүк басқан даладан басқа) кездеседі. Негізгі өкілі - кәдімгі костянка (Lithobius forficatus) ұзындығы 25 мм, бұталардың, жапырақтардың, тастардың астында, тұрғын үйлерде де кездеседі (ылғалды жерлерде). Ұсақ насекомдармен, кішірек жауын құрттарымен қоректенеді. Шаққан уы омыртқасыз жануарларға өте қауіпті .

    Скутигера немесе шыбынұстағыштар отрядының өкілдерінің мекені көп жағдайда құрлықта, құрғақ жерлерде. Ұзындығы - 15 мм-ден 35 мм-ге дейін. 15 жұп жүру аяқтары ұзын, жіңішке, табаны көпбуынды келеді. Құрғақ жерлерде тіршілік етуіне байланысты олардың эпикутикула қабаты жақсы дамыған және трахея жүйесіне ауа қапшықтары жалғасады. Көздері көптеген майда көзшелерден құралып, насекомдардың фасеттік көздеріне ұқсас. 300-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілі - Scutigera coleoptrata, ұзындығы 16-26 мм, Кавказда, Қырымда, Жерорта теңіз аймақтарында кең тараған, біздің елімізде де кездеседі. Жапырақтардың арасында, тастардың астында, тұрғын үйлерде мекендейді. Кешкірім шыбындарды, масаларды ұстауға шығады (осыдан да шыбынұстағыш деп атаған). Көбею кезінде аталықтары сперматофораларын жерге жабыстырады, аналықтары оларды жыныс тесігімен жинап жұмыртқаларын ұрықтандырады да бір-бірден сыртқа шығарады. Личинкалары ересек формаларына ұқсас, тек соңғы сегменттері (аяқтарымен) жетіспеген. Бірнеше түлеу арқылы сегменттерін жетілдіріп, ересек түрлеріне айналады.

    ҚОСЖҰПАЯҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ НЕМЕСЕ КИВСЯҚТАР - DIPLOPODA

    50000-ғa жуық түрі бар. Антарктидадан басқа барлық континенттерде таралған ылғалды, жабық жерлерде мекендейді. Шіріген органикалық қалдықтармен және детритпен қоректенеді, орманның топырақ түзілісі мен минерализациясына қатысады. Кейбіреулері өсімдіктердің зиянкестері (тамырды зақымдайды).

    Цилиндр тәрізді, дөңесшығыңқы немесе шар тәрізді денесі қалың хитинді кутикуламен қапталынған. Басы денесінен айқын (мойын арқылы) бөлінген, мұртшалары қысқа, қарапайым құрылысты, ауыз қуысында тек жұп жоғарғы жақ - мандибула және жұпсыз гнатохилярий бар. Мойын сегментінің аяқтары жоқ Тұлға бөлімі біршама ұзын және бірдей сегменттелген. Аяғы 12 жұптан (шыбыққұйрықтыларда) 375 жұпқа дейін (тропикалық кивсяктарда). Алдыңғы I, 2, 4 сегменттерінде аяқтары бір жұптан, ал қалғандарында 2 жұптан (осыдан да атауы қосжұпаяқтылар), тек соңғы 1-3 сегменттері аяқсыз .

    Сегменттерінің әрқайсысында екі жұп аяқтарының болуы, екі сегменттің бір-бірімен қосылғандығын көрсетеді, яғни денесінің төменгі жағында әрбір сегментінің екі стерниті айқын көрінеді, осылармен бірге екі жұп аяқтары бар. Көпшілігінде денесінің әрбір сегментінде 1-2 улы қорғаныш бездері бар, шығарған секреттерінің сұйықтығында синиль қышқылы көп. Дамуы анаморфоз немесе гемианаморфоз жолымен өтеді. 13 отряды бар. Соның ішінде кивсяктар - Juliformia, шыбыққұйрықтылар - Pselaphognatha, көпбайланыстылар - Polydesmoidea, сауытты көпаяқтылар - Oniscomorpha.

    Кивсяктар үш отрядының біріктірілген атауы (Julida, Spirobolida, Spirostreptida). Ұзындығы 1-30 см. Қорғаныш бездерінен шығатын секреті улы болып келеді.

    Дамуы анаморфозды, кейбір түрлеріне периодоморфозы тән, яғни ересек аталық түрі түлеудің нәтижесінде личинкаға айналады, ол одан кейін тағы да түлеп ересек түріне айналуы немесе солай личинка түрінде қалып қоюы мүмкін.

    30000-нан аса түрі бар, негізінен тропикалық және субтропикалық және қоңыржай белдеулерде кездеседі. Негізгі өкілдері: құм кивсягі (Schizophyllum sabulosum), сұр кивсягі (Sannatoiulus kessleri), теңбіл кивсягі (Blaniulus guttulatus), қырым кивсягі (Pachyiulus flavipes), бұлар ормандар мен далаларда мекендейді, топырақтүзушілер, кейбіреулері өсімдікке зиян келтіреді.

    Шыбыққүйрықтылар отрядының өкілдері шіріген ағашта, құмырсқа ұясында, тастардың астында үлкен колония құрып тіршілік етеді. Ұзындығы 2-5 мм. Жабыны жұмсақ. Трахея және терісі арқылы тыныс алады. Денесі тікенекті қылтаншалар қатарымен жабылған, құйрықтың ұшыңда бір шоқ ұзыншашты шашақшасы бар (атауы осыдан). 100-ге жуық түрі бар. Бір тұқымдасы бар - поликсенидтер - Polyxenidae. Негізгі өкілдері: кәдімгі шыбыққүйрық (Polyxenus lagurus) партеногенез жолымен көбейеді, соқыр шыбыққүйрық (Lophoproctus lucidus) Жерорта теңізінде кең тараған, жүзім филоксерасымен (Viteus vitifolii) қоректеніп, пайда келтіреді.

    Көпбайланыстылар отрядының өкілдері жапырақты орманның ылғалды жерлерінде, жапырақтардың астында мекендейді. Денесі таспық тәрізді, 19-20 сегменттен құралған, ұзындығы 0,5-20 см. Анаморфоз жолымен дамиды. 15000-ға жуық түрі бар. Негізгі тұқымдастары: нағыз көпбайланыстылар - Polydesmidae, стронгилозомдар - Strongylosomidae. Өкілдері: қара стронгилозома (Strongylosoma pallipes), парник көпбайланысы (Oxidus gracilis) оранжерея өсімдіктеріне зақым келтіреді.

    Сауытты көпаяқтылар отрядтарының өкілдері жапырақты және аралас орманның ылғалды жерлерінде, орман төсеніші аймағында тіршілік етеді. Ұзындығы 0,3-10 см-ге дейін.

    Дене сегменттері арқа жағынан ұзын және жалпақ қалқаншалармен жабылған, аяқтары сырттай көрінбейді. Мазасызданған кезде басын қалқаншаларының астына тығып, бүрісіп жатады. Жүру аяқтарының саны 17 жұп (аналықтарында), 19 жұп (аталықтарында). Аталықтарының соңғы үш жұп аяқтары гоноподия аяқтарына айналған. Гемианаморфоз жолымен дамиды. Жұмыртқаларын бір-бірлеп топырақ және ағаш жарықтарына салады. 500-ге жуық түрі бар, барлық континенттерде (Оңтүстік Америка мен Антарктидадан баска) кездеседі.

    Негізгі тұқымдастары: гломеристер - Glomeridae, өкілі алты жолақты гломерис (Glomeris hexasticha) және жервезиялар - Gervaisiidae, денелері пигменттелмеген, көздері жоқ, топырақтың арасында тіршілік етеді.

    Палеонтологиясы. Diplopoda класс тармағы өкілдерінің хитинді кутикуласы ізбестке бай болғандықтан кейбіреулері қазба түріңде сақталып қалған. Мысалы, Arcidesmus силур, девон, Euphoberia, Amynilispes тас көмір кезеңінің қалдықтары. Euphoberia туысының өкілдерінде күрделі көздері, жүру және жүзгіш аяқтары, денесінде тақта тәрізді желбезектері болған, соған қарағанда көпаяқтылар теңізде де тіршілік еткен болар деп болжамдайды.

    Ертедегі ерінаяқтылар, мысалы, Eoscolopendridae және Gerascutigeridae тұқымдастарының өкілдері жоғарғы тас көмір қабаттарынан табылған. Қазіргі кезде кездесетін Cermantia, Scolopendra, Lithobius, Geophilus туыстастары кайнозой эрасының олигоцен дәуірінен табылған.
    26 лекция
    Насекомдар класы – Insecta

    1.Насекомдар класының құрылыс ерекшеліктері

    2. Насекомдардың систематикасы

    3. Насекомдар класының негізгі отрядтары

    4. Насекомдар класының суда және топырақта тіршілік ететін отрядтары, құрылыс ерекшеліктері

    5.Қауым құрайтын насекомдар, олардың практикалық маңызы

    Насекомдар жануарлар дүниесінің ең көп тараған түрі. Насекомдар класына 2 миллионнан аса түрлер жатады. Ғылыми әдебиеттерде жыл сайын жаңа түрлер сипатталуда. Насекомдардың зерттелген түрлерінің саны басқа барлық жануарлардың белгілі түрлерінің санынан көп, ал кейбір түрлерінің, мысалы, үй шыбынының, кәдімгі масаның, көк қасқа шегірткенің т.б. особтарының санын анықтау мүмкін емес. Насекомдардың жер шарында кез келген жерлерінен кездестіруге болады. Олар негізінде құрлықта тіршілік ететін буынаяқтылар, сонымен қатар теңіз сулары мен тұщы су қоймаларында, тоғандарда, топырақ қабаттарында, ауада кең тараған. Насекомдардың арасында адамға, жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтіретін түрлері де көп. Ыстық су қай нарларында, қарлы жерлер мен мұздарда да насекомдарды табуға болады. Ең басты ерекшелігі: денесі айқын бөлінген, бас, кеуде, құрсақ, үш жұп немесе алты аяғы бар, тек қана трахея арқылы тыныс алады және көпшілігі ұшуға бейімделген. Басы акроннан және бірігіп кеткен сегменттен тұрады. Ауыз аппараттары жақсы жетілген: кеміргіш, үгіткіш, сорғыш, жалағыш, тістеп-сорғыш т.б. Бұлшық жүйесі күрделі көлденең жолақты еттерден тұрады. Ас қорыту жүйесі толық жіктелген. Зәр шығару жүйесі – мальпиги түтікшелері, май денелері, фагоцитарлық мүшелер. Тыныс алуы кеңірдек немесе трахея арқылы. Қан айналу жүйесі жүрек және арқа қолқасынан тұрады. Нерв жүйесі туылтық құрттардіңкіндей. Миы үш бөлімнен тұрады. Дамуы екі кезеңге бөлінеді. Толық түрленіп дамитын насекомдар, Шала түрленіп дамитын насекомдар. Насекомдар класын екі класс тармағына және 33 одан да көп отрядтарға бөлінеді. Насекомдардың басы мойын бунағы арқылы кеудесін анық бөлінген. Басы акроннан және бірігіп кеткен төрт сегменттен құралады. Бірінші-интреркалярлы сегменті редукцияға ұшыраған, аяқтары жоқ. Екінші-мандибулярлы сегменттің жұп аяғы бір буынды жоғарғы жақ аппартына немесе мантибулярларға айналған, үшінші-максиллярлы сегметтің жұп аяғы буынды төменгі жақ немесе максилла-1, ал төртінші-лабильды сегменттің жұп аяғы буынды төменгі ерін немесе максилла-2 ауыз аппараттарына айнылған

    Насекомдардың ішінде тараканға тоқталайын:

    Қара тараканның денесi үш бөлiмнен: бас, көкiрек және құрсақтан тұрады Басында екi жұп көзi, бiр жұп мұртшалары және аузы болады, ал көкiрегiнде үш жұп аяқ және екi жұп қанат орналасады, денесiнiң ең соңғы бөлiгi – бунақталған құрсақ.

    Тараканның ауыз бөлiгi кемiруге бейiмделген. Аузын үстiңгi жағынан жоғарғы ерiндi түзетiн дара қатпарлы хитин жауып тұрады. Осы қатпардың алдыңғы жағында екi күйсеуiк болады.

    Таракан қорегiн тiсшелерi бар қатты хитиндi тақташа-күйсеуiкпен кемiредi. Бұдан әрi тұтқы аяқтары бар бунақтанған екi астыңғы жақ, одан соң екi жұп қармалауыштары бар астыңғы ерiн жалғасады. Тараканның дәм сезу мүшесi астыңғы жақ пен астыңғы ерiнде орналасады.

    Тараканның көкiрек бөлiмiнде үш бунақтары және әр бунаққа бөлiнген бiр жұп аяқтары болады. Қара тараканның аралығында қанат болмайды, ал аталығында көкiректiң екiншi және үшiншi бунақтарынан шығатын екi жұп қанат болады. Бiрақ таракан басқа насекомдар тәрiздi қанатымен ұша алмайды, тек биiктен құлап түскен кезде жерге жайлы түсу үшiн мүмкiндiк жасайды.

    Тараканның аяқтары жүгiргiш аяқтарға жатады. Аяғының негiзгi бөлiгi-жақсы дамыған. Жамбас жамбас ұршықпен (ортан жiлiктiң басы) ол ұзындау келген санмен, сан сирақпен, сирақ табанмен жалғасады. Табан бес бунақтан тұрады, соңғы бунағында екi тырнақшасы болады.

    Таракан денесiнiң үшiншi бөлiгi құрсақ. Тараканның құрсағы бiркелкi бунақтардан құралады. құрсақтың артқы ұшында аналь тесiгi болады. Тараканның көкiрек және құрсақ бөлiмдерiнiң екi бүйiрлерiн бойлай ұсақ тесiктер – тыныс тесiктерi көрiнiп тұрады. Таракан құрсағының ең соңынан түрi өзгерген аяқтарда-бунақталған екi кiшкене өскiндердi-церкаларды көруге болады, ал аталық тараканда қосымша өскiндерi – грифелькалары болады.

    Ас қорыту жүйесi таракан тамақ қалдықтарын үгiндiлерiн қорек етiп, жеуге жарамды азық-түлiктердi кемiредi. Аузы кемiргiш ауыз аппаратына жатады. Ас қорыту жүйесi ауыздан басталып, оған жұтқыншақ, өңеш көлемдiлеу келген жемсау, едәуiр бұлшықеттi қарынша, тұйықталған бiрнеше тармақтары бар ортаңғы iшекке жалғасады да, артқы iшекпен аяқталады.

    Ауыз қуысында сiлекей бездерi болады. Ауызға түскен қорегi қысқа жұтқыншақ арқылы өңешке өтедi де, жемсауға түседi. Қорек түйiрi жемсаудан қабырғасы қатпарланған, күйiс қарынға яғни бұлшықеттi қарынға барады, қарынның iшкi жағында хитиндi тiсшелерi болады. Тараканның күйiс қарнының екi бөлiгi бар: алдыңғы бөлiгi – күйiс қарынша, соңғы бөлiгi сүзгi қызметiн атқаратын бекiтпе қарыннан, қорек ортаңғы iшекте қорытылып, денеге сiңiрiледi.

    Ішекке мальпигий түтiкшелерi ашылатын жерден артқы iшек басталады, бұның соңғы бөлiгi кеңейiп, клоакаға айналады.
    1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42


    написать администратору сайта