Главная страница
Навигация по странице:

  • ЖҰМЫР ҚҰРТТАР (NЕМАТНЕLMINTHES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ

  • 18 лекция

  • СКРЕБНИЛЕР КЛАСЫ - ACANTHOCEPHALA.

  • Құрылысы мен физиологиясы.

  • Тыныс алу және қан айналу жүйесі

  • Сезім мүшелерінен

  • СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ

  • 19 лекция

  • БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA

  • КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA

  • Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі


    Скачать 2.15 Mb.
    НазваниеЛекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
    АнкорЗоология
    Дата21.10.2022
    Размер2.15 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия.doc
    ТипЛекция
    #747356
    страница18 из 42
    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42

    Bdelloidea отряды. Өкілдері су түбінде, қара шірік топырақтарда, мүктерде тіршілік етеді. Денесі құрт тәрізді ұзын, жер бауырлап жай қозғалады. Негізгі өкілі Rotifer neptimunus су түбінде мекендейді.

    Monogononta отряды коловраткалардың негізгі отряды. Көбісі тұщы суларда, теңіздерде кездеседі, топырақта да тіршілік етуге бейімделген. Бұлар түрлер саны жағынан да артады.

    Суда мекендейтін түрлері - планктон және бентос формалары. Планктонды формалар су айдындарының әр түрлі тереңдігінде қалқып тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың дене өсінділері, үскі (сверло) тәрізді айналмалы аппараты жақсы дамыған және қосалқы мүшелері болады. Бұл топқа Notholca, Polyarthra, Pedalion, Triarthra тағы басқа туыстарының өкілдері жатады. Жиі кездесетін түрлері: Notholca longispina, Polyarthra platyptera.

    Бентосты формалары су түбінде еркін қозғалып немесе су астындағы заттарға бекініп тіршілік етеді. Еркін қозғалатын коловраткалар - Brachionis, Synchaeta, Conochilus, Rattulus туыстарының өкілдері. Бекініп тіршілік ететін түрлерінің көпшілігі кілегей қабықты түтіктерді жасап, соның ішінде отырады. Бұлар - Stephanoceras, Floscularia, Melicerto туыстарының өкілдері.

    Топырақтарда, мүктерде, ал кейбір түрлері паразитгік тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, Diglena volvocicola вольвокс колониясында мекендейді.

    Коловраткалар кеуіп, құрғап қалған жағдайда анабиоз күйіне ауысады да, бірнеше жыл бойы өмір сүреді және осы күйде кең таралады.

    Коловраткалардың басқа организмдерге қорек ретінде маңызы зор.

    Коловраткалар кірпікшелі айналмалы аппаратымен, протонефридияның құрылысымен, жер бауырлап қозғалатынымен турбеллярилерге ұқсас. Кейбір авторлар коловраткалар турбелляриялардан, соның ішінде тік ішектілерден - Rhabdocoelaлардан пайда болды деп санайды.

    Коловраткалар құрылысы жағынан (схизоцель қуысы, тері-бұлшықет қапшығының жоқтығы, кірпікшелерінің болуы, протонефридияның құрылысы) құрсақ кірпікшелілер класына жақын. Негізгі белгілерімен коловраткалар жұмыр құрттар типіне жатады.

    ЖҰМЫР ҚҰРТТАР (NЕМАТНЕLMINTHES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ

    Ұзақ уақыт бойы жұмыр құрттар типінің шығу тегі белгісіз болып келді. Тек, соңғы кезде, негізгі кластарын нақтылы зерттегеннен кейін, бұл типтің шығу тегі кірпікшелі құрттармен (Turbellaria) байланысты екені байқалды. Шынында да, кірпікшелі құрттармен ұқсастық белгілері жұмыр құрттардың әрбір кластарында байқалады. Коловраткалар мен құрсақ кірпікшелілерде денесінің кейбір жерлерінде кірпікшелері сақталған. Бұл кластарда зәр шығару жүйесі протонефридиялы түрінде. Нағыз жұмыр құрттар және құрсақ кірпікшелілер класы нерв жүйесінің құрылысы жағынан кірпікшелі құрттарға ұқсас. Қүрсақ кірпікшелілер, нематодтар және киноринхалар класының жұтқыншақ құрылысы тік ішекті турбелляриялардың жұтқыншағына ұқсас. Жыныс жүйесі, дара жыныстылығы болмаса, басқа жағынан турбелляриялардың жыныс жүйесімен бірдей. Коловраткалардың аналық жүйесінде сарыуыз безі бар. Осылардың барлығы жұмыр құрттар типінің арғы тегі кірпікшелі құрттар деуге толық негіз береді.

    Жұмыр құртгар типінің кірпікшелі құрттардан айырмашылығы - бірінші дене қуысының (схизоцель) және аналь тесігінің болуы. Бірақ бұл белгілер типтің прогрессивті дамуы нәтижесінде өзгерген. Жұмыр құрттардың әрбір кластарының өзінің құрылысы жағынан турбелляриялардан ерекше: кутикуланың болуы (нематодтарда); жеке мүшелер құрамындағы клеткалар санының тұрақтылығы (нематодтар, коловраткаларда); сақина тәрізді бұлшықеттерінің жоқтығы, жұтқыншақ айнала нерв сақинасының болуы (нематодтарда); айналмалы аппаратының, жұтқыншақтың шайнағыш - мастаке бөлімінің түзілуі (коловраткаларда) т. б. Бірақ бұл ерекшеліктердің барлығы жекелеген мүшелер мен тканьдерінде болады, ал денелерінің жалпы құрылысындағы негізгі белгілері арғы тектерінің және кластар арасындағы филогенездік сабақтастықты көрсетеді.
    18 лекция

    СКРЕБНИЛЕР ТИПІ - ACANTHOCEPHALES

    1.Скребнилер класы – Аcanthocephala

    2. Скребнилер (Аcanthocephales) типінің филогениясы

    Ересек күйінде балықтардың, құстардың, сүткоректілердің ащы ішегінде паразиттік тіршілік ететін құрттар. Денесінің алдыңғы ұшы ішке қарай тартыла алатын имек тұмсыққа өзгерген, онда бірнеше қатар, артқа қарай қайырылған кутикулалы ілмешектер орналасқан. Осы ілмешектерінің болуына байланысты типті акантоцефалес немесе тікенекбас құрттар деп атайды (acanthor - ілмешек тасушы, серһаіа - бас).

    Дара жыныстылар, дамуы метаморфоз арқылы жүреді. 500-ден аса түрі бар. Скребнилер типіне осы аттас бір ғана класс жатады - скребнилер - Acanthocephala.

    СКРЕБНИЛЕР КЛАСЫ - ACANTHOCEPHALA.

    Скребнилер цилиндр немесе ұршық тәрізді, ұзындығы 1,5 мм-ден 40 мм-ге дейін, ал алып скребнидің (Macracanthorhynchus hirudinaceus) аталығының ұзындығы 70-150 мм, аналығы - 300-650 мм.

    Құрылысы мен физиологиясы. Денесі тұмсық пен тұлға бөлімдерге бөлінген. Тұмсығы бірнеше қатар, артқа қарай қайырылған кутикулярлы ілмешектермен қаруланған. Ілмешектері сүйір болып радиальды қатармен (Palaeacanthocephala отрядында) немесе спиральды (Archiacanthocephala отрядында) орналасқан. Осы ілмешектерімен иесінің ішегіне қадалып бекінеді. Сондықтан скребнилердің тұмсығы - арнайы бекіну мүшесі. Тұмсығы дөңгелектенген (Filicollis туысында) немесе ұзарған цилиндр (Rhadinorhynchus туысында) пішінді, іші қуыс.

    Бұлшықет - ретракторларының көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің алдыңғы ұшында орналасқан тұмсық қынабы ішіне қарай тартылады. Қуыстың бұлшықеттері жиырылғанда, тұмсық теріс аударылған қолғап саусағы сияқты сыртқа созылып шығады.

    Денесі жұқа кутикуламен қапталған, оның астында синцитий түріндегі - гипо­дерма қабаты болады. Гиподерманы тесіп өтетін түтікшелер немесе лакуналар жүйесі болады. Гиподерманың қалың жерлерінде ірі ядролары бар және бұл жерде скребнилердің негізгі энергия көзі болып табылатын гликогеннің қоры жиналады.

    Тұлға мен тұмсықтың біріккен жерінде гиподермадан пайда болған лемнискалар деп аталатын, лента тәрізді өсінділер тұмсық қынабының екі жағында орналасқан. Лемнискалардың атқаратын қызметі толық анықталмаған. Болжам бойынша тұмсықтың қынап қуысына тартылып және сыртқа созылып шығуына қатысатын болуы керек.

    Тері-бұлшықет қапшығы сыртқы сақина тәрізді және ішкі ұзына бойы созылған бұлшықет талшықтарынан құралған. Алғашқы дене қуысы (схизоцель) жақсы дамыған.

    Иесінің ішегінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Қорытылған қорек затты паразит дене жабыны арқылы сіңіреді. Бұған қосымша гиподерманы тесіп өтетін түтікшелер немесе лакуналар жүйесі де қорытылған заттарды өткізіп маңызды рөл атқарады.

    Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Кейбір түрлерінде ғана дамыған. Мысалы, алып скребнилерде (Macracanthorhynchus hirudinaceus) ұштарында колба тәрізді кірпікшелі клеткалары бар тарамдалған түтікшелер екі негізгі жинағыш түтікке өтеді де, олар жыныс жүйесінің тұқым шығару жолына ашылады. Сонымен скребнилердің ерекшелігі - зәр шығару мен тұқым шығару жолдары қосылған.

    Тыныс алу және қан айналу жүйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады.

    Нерв жүйесі қарапайым құрылысты. Ми ганглиясы тұмсық қынабына еніп жатады, одан жұқа нерв талшықтары алға тұмсыққа карай және екі бүйір нерв бағанасы дененің артқы бөліміне қарай бағытталған.

    Сезім мүшелерінен тек екі кішкене сезгіш бүртіктері бар, олар тұмсықтың ұшында және жыныс тесігінің жанында орналасқан.

    Скребнилер дара жынысты. Жыныс мүшелері жұп, олардың түзілуі ерекше жалғастырушы буынымен немесе лигаментпен байланысты. Лигамент жануардың тұмсық қынабынан басталып дененің артқы ұшына бағытталып, дене қуысында жатады.

    Аталық жүйесі екі сопақша келген тұқым бездерінен және ұрық жолдарынан тұрады. Екеуі бірігіп тұқым шығаратын түтікке айналады. Түтіктің ұшы сүйірленіп шағылыс мүшемен аяқталады. Ол шағылыс қалтасының ішінде орналасқан. Тұқым шығаратын түтікке арнайы цемент бездері ашылады .

    Аналық жыныс жүйесіндегі екі аналық безі лигаменттің ішкі жағында орналасып, жұмыртқа түйірлеріне бөлінеді. Бұлар лигамештен дене қуысына түсіп, жұмыртқаларды шығара бастайды. Олар дене қуысының сұйық затында жүзіп жүріп, жетіліп, ұрықтанады. Ұрықтанған және бөлшектене бастаған жұмыртқаларының пішіні сопақтау немесе ұршық тәрізді, жіңішке және ұсақ болады. Жұмыртқа сыртқа шығуы үшін аналық жолына түсуі қажет. Аналық жолының құрылысы ерекше. Ол дене қуысына воронка немесе қоңырау тәрізді кеңейген ұшымен ашылады және оның артқы жағында екі жіңішке және бір кеңдеу саңылауы болады. Кеңейген ұшының қозғалысы әсерінен оның ішіне жұмыртқалар келіп түседі. Ұрықтанып, бөлшектене бастаған жұмыртқалар түтіктің жіңішке тесіктері арқылы аналық жолына, одан жатын және қынап арқылы сыртқа шығарылады, ал ұрықтанбаған ірі жұмырткалар аналық жолына өте алмай, қоңырау тәрізді кеңейген тесігінен дене қуысына қайтадан түседі. Сөйтіп, аналық жолы -жұмыртқаларды іріктеу қызметін атқарады.

    Скребнилердің даму циклы әдетте метаморфозбен және иесін алмастыру жолымен өтеді. Ересек түрлері балықтардың, құстардың немесе сүткоректілердің ащы ішегінде тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, одан ары даму үшін аралық иесінің денесіне түсуі керек. Скребнилердің аралық иесі көбінесе шаянтәрізділер немесе насекомдар (зауза және кола қоңыздың личинкалары). Аралық иесінің ішегіне түскен жұмыртқадан тұмсығында ілмешектері бар личинка дамиды. Ол ішекті тесіп, дене қуысына өтеді де, осы жерде өсіп, жыныс жүйесі ғана дамымаған ересек түріне айналады. Осындай метаморфоздан кейін скребнидің тұмсығы тұмсық қынабына тартылып, денесі дөңгелектеніп, сырты қабыршақпен оранып капсулаға айналады. Осы күйінде көп жылдар бойы өмір cүpe алады.

    Негізгі иесінің ішегіне түскен капсула кезеңіндегі скребнилер өзінің капсуласынан босап, тұмсығының жәрдемімен ішекке бекініп жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіспен бірге сыртқа шығарылады да, жоғарыдағы айтылған даму циклі қайталанады.

    Кейбір түрлерінде даму циклі екі аралық иесі қатысуымен өтеді. Мысалы, Corynosoma strumosum - тюленнің (итбалыктың) ішегінде паразитгік тіршілік ететін құрттың бірінші аралық иесі - шаянтәрізділер (Pontoporeia туысынан), екіншісі - балықтар.

    Скребнилер мал, балық және құс шаруашылығына үлкен зиян келтіріп, олардың өнімділігін азайтады. Мысалы, Pomphorhynchus laevis, Neorhynchus rutili, Echinorhynchus gadi, Acanthocephalus anguillae балықтардың паразиттері. Қаяз балықтың ішегінде Pomphorhynchus laevis-тың 300-ге жуық особьтары табылған. Polymorphic туысының өкілдері үйректердің, Prosthorhynchus - құстардың паразиттері. Алып скребни (Macracanthorhynchus hirudinaceus) шошқаның паразиті.

    Скребнилер класы екі отрядқа бөлінеді: Palaeacanthocephala және Archiacanthocephala. Бірінші отрядтың өкілдері балықтардың, екіншісі - құстар мен сүтқоректілердің паразиттері.

    СКРЕБНИЛЕР (ACANTHOCEPHALES) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ

    Скребнилер типінің шығу тегі туралы айтылатын болжамдар әр түрлі. Көбінесе скребнилерді нематодтармен жақындастырады: денесінің цилиндр тәрізділігі, гиподермасының құрылысы, бірінші дене қуысының (схизоцель) болуы, дара жынысты болуы.

    Екінші көзқарасты жақтаушылар (Гексли, Холодковский Н.) скребнилерді жалпақ құрттармен жақындастырады: тұмсық пен сколекстің, кутикуланың, зәр шығару және нерв жүйесінің құрылысы, дамуындағы иесін алмастыруы.

    Кейбір ғалымдар (Раутер) скребнилерді приапулидалармен (Priapulida класы) байланыстырады: бұлшықет - ректрактордың көмегімен тұмсығы тұлға бөлімінің ішіне қарай тартылып, сыртқа созылып шығатындығымен, сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттерінің болуымен, зәр шығару мен тұқым шығару жолдарының бірігу белгісімен.

    Скребнилерді жалпақ құрттармен, нематодтармен, приапулидалармен жақындастыратын ұқсастық белгілеріне қарап, олар ортақ бір тектен шыққан деп ойлауға мүмкіндік береді. Қайткенде де, скребнилер жалпақ құрттардың алшақтап кеткен бір бұтағы болуы керек деп жорамалдайды.

    Жоғарыда сипатталған құрттардың төрт типі: жалпақ құрттар (Plathelminthes), немертиндер (Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер (Acanthocephales) төменгі сатыдағы құрттар тобын (Acoelomata немесе Scolecida) құрайды, себебі бұлардың целом қуысы жоқ, денесі сегменттелмеген, қан айналу жүйесі дамымаған, сондай-ақ зәр шығару мен нерв жүйесі қарапайым.

    Целом қуысты (Coelomata) тобына буылтық құрттардан (Annelida) бастап қалған типтердің барлығы жатады: буынаяқтылар (Arthropoda), моллюскалар (Mollusca), онихофоралар (Опусһорһога), қармалауыштылар (Tentaculata), тікентерілілер (Echinodermata), погонофоралар (Pogonophora), қылтанжақтылар (Chaetognatha), жартылай хордалылар (Hemichordata) және хордалылар (Chordata). Бүларда целом деп аталатын дененің екінші реттік қуысы болады. Целом қуысының бірінші (схизоцель) қуысынан ерекшелігі - целомның перитонеальды эпителиден түзілген арнайы қабаты болуында.
    19 лекция

    БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA

    1.Белдеусіздер тип тармағы – Аclitellata

    2. Көпқылтандылар класы – Рolychaeta

    3. Классификациясы

    Аннелидтер (латынша "annulus" - сақина) немесе буылтық құрттар типі - жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан - морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.

    Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған.

    Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.

    Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.

    Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора.

    Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральді) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.

    Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі.

    Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер - Aclitellata және белдеулілер - Clitellata.

    • БУЫЛТЫҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - ANNELIDA

    • БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA.

    • КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA

    • КЕЗБЕШІЛЕР НЕМЕСЕ ЕРКІН ЖҮЗУШІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ERRANTIA

    • ОТЫРҒЫШТАР НЕМЕСЕ БЕКІНІП ТІРШІЛІК ЕТЕТІНДЕР

    • КЛАСС ТАРМАҒЫ - SEDENTARIA

    • БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELLATA

    • АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA

    • Найдоморфа отряды - Naidomorpha

    • Люмбрикоморфа отряды - Lumbricomorpha

    • СҮЛІКТЕР КЛАСЫ - HIRUDINEA

    • ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ARCHI-HIRUDINEA

    • Қылтанды сүліктер отряды - Acanthobdellida

    • НАҒЫЗ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - EUHIRUDINEA

    • Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida

    • Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida

    БЕЛДЕУСІЗДЕР ТИП ТАРМАҒЫ - ACLITELLATA

    Белдеусіздер тип тармағына - теңіздерде тіршілік ететін, дара жынысты, жыныс сегменттерінде белдеулері болмайтын, дамуында трохофора деп аталатын личинкасы бар құрттар жатады. Бұларға бір класс жатады - көпқылтандылар - Polychaeta.

    КӨПҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - POLYCHAETA

    Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар, көпшілігі теңіздерде тіршілік етеді, тек Manayukia baicalensis тұщы суларда кездеседі. Денелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін (Eunice gigantea). Басым көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік етеді, "үйшіктер", түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі.

    Құрылысы мен физиологиясы. Полихеттердің денесі құрттәрізді, созылыңқы, аздап арқа құрсақ бағытында сопайған немесе цилиндр пішінді. Бас, тұлға, аналь (пигидий) бөлімі бар. Тұлға бөлімі біркелкі бөлшектелген гомономды сегменттерден тұрады, сегменттерінің саны 5-тен 800-ге дейін болады. Сегменттерінің саны аз болса бұларды аз сегментті немесе олигомерлі полихеттер деп атайды (Dinophilus, Myzostomum туысынан), ал көп болса - көп сегментті немесе полимерлі полихеттер.

    Бас бөлімі екі сегменттен құралған: ауыз алды немесе - простомиум және ауыз сегменті - перистомиум. Простомиумда көру мүшелері, қармалағыштары /антенна/ және пальпалары орналасқан, ал перистомиумда - ауыз тесігі және бірнеше мұртшалары - цирралары .

    Тұлға бөлімі біркелкі гомономды сегменттерден тұрады, олардың әрқайсысының бүйірінде метамерлі және жұптасқан өсінділер немесе параподия деп аталатын жалғанаяқтары орналасады. Параподия екі мүшеленбеген бұтақшадан тұрады: арқа /нотоподия/ және құрсақ /нейроподия/. Параподидің арқа және құрсақ бөліктерінде мұртшалары /цирралары/ және қылтандары шоғырланған. Мұртшалары сезу қызметін, ал қылтандары жылжу қызметін атқарады. Қылтандар - жіңішке, хитинге жақын органикалық заттан құралған. Осылардың арасында ацикула деп аталатын қатты, мықты ішкі сүйеніш қылтандары да болады. Қылтандарының көп болатындығынан класс көпқылтанды құрттар деп аталады (грек тілінде poly - көп, chaeta - қылтан).

    Параподиялардың және қылтандарының көлемі, формасы, саны әр түрлі. Кейбір қозғалып өмір сүретін полихеттерде параподияларының үстінде тарамдалған өсінділері бар, олар - желбезектер /Eunice тұсында/. Бекініп тіршілік ететін түрлерінде параподиялар денесінің алдыңғы жағында ғана дамыған, ал денесінің артқы жағында олар жойылып, тек қылтандары ғана сақталған, солар арқылы құмды қазады. Ал Dinophilus - туысының өкілдерінде параподиялары мен қылтандары жоқ.

    Құйрық бөлімінің немесе пигидияның сегменттері 5-6 ғана, олар тұлға сегменттерінен өзгеше, өте жіңішке, целом қуысы және параподиялары жоқ.

    Көпқылтандылардың денесі бір қабатты эпителимен қапталынған. Эпителий өзінің сыртқы жағына жұқа кутикула бөліп шығарады. Эпителиінде без клеткалары көп. Бекініп тіршілік ететін полихеттерде без клеткаларының сыртқа шығарған, қатқан сілекейінен хитин тәрізді түтікше пайда болады, ал Telepus туысының өкілдері шығарған сілекейіне құмның ұнтағын жабыстырып, мықты түтікше немесе "үйшік" жасап алады.

    Эпителидің астында тері-бұлшықет қапшығы орналасқан. Ол сыртқы сақина тәрізді және ішкі ұзына бойы бүлшықеттерден құралған. Тері-бұлшықет қапшығы ішкі жағынан перитонеальды астаршамен (целотелимен) қапталынған.
    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42


    написать администратору сайта