Главная страница
Навигация по странице:

  • Классификациясы.

  • ҚАРМАЛАУЫШТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - TENTACUIATA

  • ЕСКЕКТІЛЕР (CTENOPHORA) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ

  • 11-лекция

  • Үш қабатты - TRIPLOBLASTICA. Алғашқы реттік ауыздылар - PROTOSTOMIA деңгейіндегі жануарлар

  • ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - PLATHELMINTHES НЕМЕСЕ PIATODES

  • КІРПІКШЕЛІ Қ Ұ РТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA

  • КІРПІКШЕЛІ

  • Құрылысы мен физиологиясы.

  • Зоология. 30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия. Лекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі


    Скачать 2.15 Mb.
    НазваниеЛекция Зоология пні, жануарлар лемі Жануарлар леміні жйесі
    АнкорЗоология
    Дата21.10.2022
    Размер2.15 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла30 ЛЕКЦИЯ омыртқасыздар зоологиясы - копия.doc
    ТипЛекция
    #747356
    страница10 из 42
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42

    Экологиясы. Ескектілер барлық теңіздерде кездеседі, бірақ қоңыржай және жылы теңіздерде көп тараған. Денесі нәзік, мезоглеясы жақсы дамыған, медузалардікі сияқты мөлдір түссіз немесе қызғылт түсті, тек ескек тақталары кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрады. Көбінесе судың үстіңгі қабатыңца тіршілік етеді, ал теңіз қатты толқынданып, нәзік денесіне қауіп төнген кезде су түбіне шөгіп кетеді.

    Дене мөлшері 5 мм-ден (Pleurobrachia pilens) 12-20 см-ге дейін (Bolinopsis infundibulim, Beroe cucumis), ал шолпан белдігінің - Cestus veneris-тің ұзындығы 1,5 метр.

    Классификациясы. Ескектілер класы екі класс тармағына бөлінеді: қармалауышсыздар - Atentaculata және қармалауыштылар - Tentaculata.

    ҚАРМАЛАУЫШСЫЗДАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ATENTACULATA

    Бұларда бір ғана - Beroidea - отряды бар. Тіршілігінің барлық, кезеңінде қармалауыштары болмайды, қорек заттарын кең ашылатын ауызымен ұстап қоректенеді. Солтүстік және Қиыр Шығыс теңіздерінде Beroe cucumis түрі кең тараған. Денесі қап тәрізді. Жыртқыштар, басқа ескектілермен қоректенеді.

    ҚАРМАЛАУЫШТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - TENTACUIATA

    Бес отряды бар, тіршілігінің барлық кезеңінде, ал кейде дамуының алғашқы сатысында ғана қармалауыштары болады. Тіршілік жағдайына бейімделуіне байланысты көптеген өзгерістерге ұшыраған.

    Cestidea отряды өкілдерінің денесі көлденеңінен созылған ұзын лента тәрізді. Басты өкілі - Cestus veneris. Жерорта теңізінде мекен етеді. Кемпірқосақтың түсіндей құбылады.

    Cydippea отряды өкілдерінің денесі шар немесе жұмыртқа тәрізді, қармалауыштары жақсы дамып тармақталған, денесінен ұзын .

    Bolinopsidea отряды өкілдерінің денесі жұмыртқа тәрізді, оральды полюсінде екі жүзгіш қалағы жақсы дамыған. Негізгі туыстары: Belinopsis, Osyropsis, Deiopea.

    Tjalfiellidea отрядының Арктика жағалауында кездесетін жалғыз ғана түрі -Tjalfiella tristome - бекініп тіршілік етуге бейімделген. Бұлардың жаңа дамыған формалары кәдімгі ескектілер сияқты ескек тақталары арқылы суда еркін жүзіп, кейін ауыз жағымен субстратқа бекінеді. Ауызының екі шеткі бөлігі жоғары қарай созылып, ауыз тесігінен қорек затты ұстауға бейімделген екі қармалауышы шығып тұрады .

    Platyctenea отряды мүлде ерекше, өкілдері тек жүзіп қана қоймай, сонымен қатар субстратта жорғалап тіршілік етуге бейімделген. Бұларға 20-ға жуық түрлері жатады, негізгі туыстары: Ctenoplana және Coeloplana.

    Көрнекті ғалым А. О. Ковалевский 1880 жылы Қызыл теңізден жалпақ пішінді жорғалап тіршілік ететін түрді тауып, оны зерттеп Coeloplana metschnikowi деп атады. А. А. Коротнев 1886 жылы Кіші Архипелагтың жағалауларынан Coeloplana-ға ұқсас жорғалауыш ескектіні тауып, оны Ctenoplana kowalevski деп атады.

    Жорғалауыш ескектілердің денесі басты ось бағытына жалпайған (жоғарыдан төменге қарай), астыңғы жағында ауыз тесігі, оральды жорғалауыш табаны, ал жоғарғы жағында абораль мүшесі және қос қармалауыштары орналасқан. Денелері екі жақты симметриялы, мезодерма бастама клеткалары айқын дамыған. Бұларда ескектілердің де, кірпікшелі жалпақ құрттардың да (ТшЪеІІагіа) белгілері байқалады.

    Ctenoplana-ның сегіз қатарлы ескекті тақталарының болуына байланысты, олар жүзе де, жорғалап та жылжи алады.

    Coeloplana-ның ескекті тақталары жойылған, сол себептен олар тек жорғалайды. Бұлардың жас формаларында ескек тақталары болып, даму процесінде жойылып кетеді.

    ЕСКЕКТІЛЕР (CTENOPHORA) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ

    Ескектілердің құрылысындағы белгілеріне (эктодерма, энтодерма қабаты, гастроваскулярлы жүйесі) байланысты оларды ішекқуыстылардың ерекше бір жоғарғы сатыдағы бұтағы деп есептейді. Шығу тегі жөніндегі гипотезалардың көпшілігі ескектілер мен медузалардың өзара байланыстарын көрсетіп, ескектілер гидромедузалардан (Геккель, Кун) немесе сцифоидты медузалардан шыққандығын (Гетге) дәледейді. Басқа авторлар медузалар мен ескектілер "Scyphula" деген бір ортақ тектен пайда болды деп жорамалдайды. Оның денесі гаструла тәрізді, кірпікшелермен қапталған және жақсы дамыған жұтқыншағы болған деп жорамалдайды.

    Эволюция барысында ескектілер көптеген өзгерістерге ұшыраған: өзгерген кірпікшелері арқылы қозғалуы; жүзуден жорғалап жүруге бейімделуі; мезодерма клеткалар бастамасының болуы; екі жақты симметрияның қалыптасуы. Осы белгілерге сүйенсек, жорғалауыш ескектілер кірпікшелі құрттардың (Turbellaria) арғы тегі деген жорамал (Ланг) шындыққа жақын сияқты және екі жақты симметрияның пайда болуын түсіндіруге дәлел болады.
    11-лекция

    ЕКІ ЖАҚТЫ СИММЕТРИЯЛЫ НЕМЕСЕ БИЛАТЕРАЛЬДЫ СИММЕТРИЯЛЫ - BILATERATA
    1.Үш қабатты - Тriploblastica.

    2. Жалпақ құрттар типі - Рlathelminthes немесе Рlatodes

    3. Кірпікшелі құpттap класы – Тurbellaria

    4. Тыныс алу және қан айналу мүшелері

    5. Классификациясы.

    Үш қабатты - TRIPLOBLASTICA.

    Алғашқы реттік ауыздылар - PROTOSTOMIA

    деңгейіндегі жануарлар

    Жануарлардың жалпы құрылымын зерттегенде, дене бөлімдері, не мүшелері бір орталық діңгектің (ось) төңірегін айнала, не бір жазықтық, бағытында белгілі тәртіпте орын алып жататындығы байқалады. Бұл дене симметриясы. Симметрияның қалыптасуы организмнің өмір сүруіне байланысты. Жануарлар дүниесінде бірнеше симметрия типтері кездеседі. Солардың ішінде ең негізгісі - радиальды (сәулелі) - Radiata жәпе билатеральды (екі жакты) - Bilalerala симметрия.

    Сәулелердің (Radiata) денелері шар, цилиндр тәрізді. Жануарлардың бекініп тіршілік етуіне немесе суда қалықтап жүзуіне және қоршаған ортаның оған жан-жағынан бір қалыпты әсер етуіне байланысты мүшелері орталық діңгектің төңірегінде шашыраған сәулелер сияқтанып, радиальды бағытта орналасады да, дененің сәулелі симметриясын құрайды. Бұлардың денесінен осы діңгек арқылы бірнешіе симметрия жазықтығын жүргізуге болалы, бұл жазықтықтардың әрқайсысы денені тең, етіп екі жартыға бөліп тұрады. Сәулелілерге жоғарыда сипатталған ішекқуыстылар - Coelenterata және ескектілер - Ctenophora тинтері жатады.

    Билатеральды немесе екі жақты симметрия - Bilaterata жануарлардың кеңістікге денесінің бір жағымен үнемі алға қарай жорғалап, не белсенді түрде жылжып жүруіне байланысты пайда болады. Осындай жануарлардың денесінің қақ ортасынан ұзына бойы бағытында симметрияның тек жалғыз ғана жазықтығын (сагиталь жазықтығын) жүргізуге болады сонда дене бір-біріне ұқсас оң жақ және жартыға тең бөлінеді. Бұлардың денесінде алдыңғы (ораль) артқы (абораль) бөлімдерін; арқа (дорза), құрсақ (центра); оң және сол жақ бүйірлерін (латераль) ажыратуға болады. Дененің алдыңғы бөлімі сыртқы ортаның тітіркенісін қабылдаушы болғандықтан ми және сезім мүшелері осы бас жағына шоғырланып орналасқан.

    Билатеральді симметриялы жануарлар үш қабатты - Triploblastica жануарлар тобын құрайды. Бұлардың эмбриондық даму кезінде үш ұрық жапырақшалары түзіледі: эктодерма - сыртқы, энтодерма - ішкі және екеуінің аралығында үшінші - мезодерма. Осы жапырақшалардан тканьдер мен мүшелер дамып жетіледі: эктодерма қабатынан - сыртқы тері эпителий, әр түрлі тері бездері, кутикулалық өсінділер, нерв жүйесі мен сезім мүшелері; энтодермадан - ішек түтігінің ортаңғы ішек деп аталатын бөлімі; мезодермадан қалған барлық мүшелер дамиды - бұлшықет тканьдері, қаңқа, қан айналу, зәр шығару, жыныс мүшелері т. б.

    Билатеральды симметриялы, үш қабатты жануарлар тобына келесі типтер жатады: жалпақ құрттар типі (Plathelminthes), немертиндер (Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер (Acanthocephales), буылтық құрттар (Annelida), буынаяқтылар (Arthropoda), онихофоралар (Опусһорһога), моллюскалар немесе жұмсақ денелілер (Mollusca), қармалауыштылар (Tentaculata), тікентерілілер (Есһі-nodermata), погонофоралар (Pogonophora), қылтанжақтылар (Chaetognatha), жартылай хордалылар (Hemichordata) және хордалылар (Chordata).

    Билатеральді симметриялы, үш қабатты жануарларды ұрықтың дамуы барысында дене қуысының және мезодерманың түзілуіндегі ерекшеліктеріне байланысты қуыссыздар немесе бірінші (алғашкы) қуыстылар - Acoelomata немесе Scolecida және целом (екінші) қуыстылар - Coelomata; алғашқы реттік ауыздылар - Protostomia және екінші реттік ауыздылар - Deuterostomia топтарына бөледі.

    Acoelomata немесе Scolecida тобына төменгі сатыдағы құрттардың төрт типі жатады: жалпақ құрттар (Plathelminthes), немертиндер (Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathelminthes), скребнилер (Acanthocephales). Жалпақ құрттарда және немертиндерде дене қуысы болмайды, олардың ішкі мүшелерінің аралығындағы барлық кеңістікті мезодермадан пайда болған дәнекер тканьдер - паренхима толтырып тұрады. Жұмыр құрттарда және скребнилерде дене қуысы бірінші (алғашқы) қуыс - схизоцель. Қуыстың іші сұйық затқа толы болады, арнайы астары жоқ, сол себептен сұйық зат ішкі мүшелерімен, дененің тері қабатымен шектесіп жатады.

    Coelomata тобына буылтық құрттардан (Annelida) бастап қалған типтердің барлығы жатады. Бұларда целом деп аталатын дененің екінші реттік қуысы болады. Бұл қуыс мезодермадан пайда болған ерекше (перитониальді) эпителимен астарланған. Перитониальды эпителий бір жағынан теріге жабысады, бұл соматикалық (париетальдық) перде немесе соматоплевра, екінші жағынан ішекке жабысады - бұл висцеральдық перде немесе спланхноплевра. Соматоплеврадан дене қабатының бұлшықеттері, ал спланхноплеврадан ішекті, ішкі мүшелерді қоршап жатқан бұлшықеттері пайда болады.

    Алғашқы реттік ауыздылар - Protostomia тобындағы жануарлардың эмбриондық даму кезінде ұрықтың бластопора тесігі бірден ауызға айналады және мезодерма қабаты телобластикалық жолымен дамиды, яғни эктодерма және энтодерма қабаттарының аралығында бластопора жанында телобласт деп аталатын екі ірі клетка жекеленіп шығады да, солардың бөлінуі нәтижесінде мезодерма қабаты дамиды. Protostomia тобына жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар типтері жатады. Қалған типтер екінші реттік ауыздылар - Deuterostomia тобын құрайды. Бұларда ұрықтың бластопора тесігі бірден аналь тесігіне айналады да, ауызы кейін пайда болады. Ауызының пайда болуы бластопораға байланысты емес. Мезодерма қабаты энтероцельдік жолымен дамиды, яғни мезодерманың бастамасы гаструланың энтодерма қабатынан домалақтанып, сомиттарға айналып бөлініп шығады. Билатеральды симметрияның және мезодерманың жетілуі жануарлар құрылысының күрделіленуіне, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделуіне және жер бетінін күрделірек жағдайында қаулап дамып кетуіне себеп болды.

    ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - PLATHELMINTHES НЕМЕСЕ PIATODES

    Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметрия жазықтығын жүргізуге болатын екі жақты симметриялы /билатеральды/ жануарлар жатады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес, үш ұрық жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабат түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы /жапырақ, тақта, таспа тәріздес/.

    Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі - терібұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып /сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза-вентральды, қиғаш/эпителий астында жануардың денесін қаптайды. Plathelminthes типінің "құрт тәріздес" қозғалуы тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықет талшықтарының жиырылуы арқасында жүреді.

    Жалпақ құрттардың бәрі де - қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі мүшелері арасындағы кеңістікті мезодермадан пайда болған дәнекер тканьдер немесе көптеген клеткалары бар паренхима толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Паренхима мүшелер аралығындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.

    Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және ерекше аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.

    Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы /зәр шығарушы/ саңылаулармен байланысады.

    Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.

    Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.

    Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады.

    Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар (Turbellaria), дигенетикалық сорғыштар немесе трематодтар (Trematoda), моногенетикалық сорғыштар (Monogenoidea), таспа құрттар (Cestoda) және цестодатәрізділер (Cestodaria). Соңғы 4 класс өкілдері - нағыз паразиттер.

    КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA

    • Ішексіз турбелляриялар отряды - Acoela

    • Макростомидтер отряды - Macrostomida

    • Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida

    • Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida

    • Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Tricladida

    • Тік ішектілер отряды - Rhabdocoela

    • Темноцефалида отряды - Themnocephalida

    • Удонеллидтер отряды - Udonellida

    • СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - TREMATODA

    • Дигенетикалық сорғыштар класс тармағы - Digenea

    • Аспидогастерлер класс тармағы - Aspidogastraea

    • МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - MONOGENOIDEA

    • Төменгі сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Polyonchoinea

    • Жоғарғы сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Olygonchoinea

    • ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA

    • Солитерлер немесе цепеньдер отряды - Cyclophyllidea

    • Таспа құрттар отряды - Pseudophyllidea

    • Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea

    • Тетрафилидеа отряды - TetraphyUidea

    • Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea

    • ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA

    • Гирокотилида отряды - Gyrocotylidea

    • Амфилинида отряды - Amphilinidea

    КІРПІКШЕЛІ ҚҰPTTAP КЛАСЫ - TURBELLARIA

    Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Турбелляридің түр саны 3000-ға жетеді.

    Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы жерлері жоқ. Тек кейбір турбелляриде денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болады. Турбелляридің ұзындығы миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін. Денелері түссіз немесе ақ түсті, тек кейде терісіндегі пигменттерінің әсерінен әр түрлі түсті болады. Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар арасындағы шекаралар жойылып, эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған цитоплазма аймақтары дененің ішіне қарай ығысады. Ткань қабатына тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес және өздерінің жіңішке бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген цитоплазмалық тақтаны түзеді. Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және олар батып кеткен эпителий деп аталады.

    Турбелляридің тері қабаттарында көптеген тері бездері байланыса орналасқан. Олар дененің барлық беткі қабаттарына шашырап орналасқан немесе комплексті жинақталған бокал, алмұрт тәрізді без клеткалары. Бұл бездер эпителиде де, дененің тереңірек жерінде де орналасады. Тері бездерінің бірі болып рабдитті клеткалар да жатады. Олардың құрамында жылтырауық, жарық бағытын өзгертетін таяқшалар - рабдиттер болады. Олар дене бетіне перпендикуляр жатады. Жануарды қатты қоздырғанда олар эпителиден сыртқа атылып шығады да, суда ісініп дене бетінде кілегейдің шоғырын түзіп қорғаныш қызметін атқарады.

    Эпителидің астында базальды мембранасы бар. Оның қызметі - денеге белгілі пішінді беру және бұлшықеттерді бекіту. Базальды мембрананың астында күрделі құрылысты бұлшықеттер орналасқан, ол бұлшықет талшықтарының бірнеше қабатынан құралған. Ең жоғарғы беттерінде сақина тәріздес бұлшықеттер қабаты орна­ласқан, одан ішкері ұзына бойы және диагональды бұлшықеттері орын алады .

    Бұлшықетгердің эпителимен бірігуінен тері-бұлшықет қапшығы түзіледі. Бұдан басқа, турбелляриялардың бәрінде оларға тән дорзовентральды немесе арқа-құрсақ бұлшықеттері бар. Бұл талшықтардың будалары арқа бөлімінен құрсаққа карай созылып және дененің екі жағыңда орналасқан базальды мембранаға бекінеді, соның арқасында жәндіктер денесін арқа-құрсақ жағынан қысыңкы күйге келтіре алады.

    Турбеллярияның қозғалысы бір жағынан - сыртқы эпителий кірпікшелерінің соғуы, екінші жағынан - тері-бұлшықет қапшығының қысқаруы арқылы жүреді. Tuibellaria жүзе де, жорғалай да алады. Ұсақ формалары кірпікшелер арқылы жүзеді. Ірі түрлері денесін созып-қысқарту арқылы жорғалайды.

    Тері-бұлшықет қапшығының астындағы ішкі мүшелер аралығы паренхимамен толтырылған. Паренхима - көп өсінді борпылдақ дәнекер тканьді клеткалардан түзілген. Бұл клеткалар түрлі бағытта айқаса және ұштарымен жабыса бос ор­наласады. Олардың арасын клетка аралық сұйықтық толтырған, сол себептен парен­хима ас қорыту өнімдерін ішектен ішкі мүшелерге тасымалдауын қамтамасыз етеді. Бір жағынан зәр шығару қызметі де атқарылады. Содан басқа, көптеген фибрилды құрамалардың болуы, паренхиманы тірек ткані ретінде қарастыруға да ықпал етеді.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42


    написать администратору сайта