Главная страница
Навигация по странице:

  • Тыныс алудың тереңдігі.

  • ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ҚОЛТЫҚ АСТЫ ОЙЫСЫНАН ӨЛШЕУ (термометрия) Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімі

  • КӘРЖІЛІК АРТЕРИЯСЫНАН ПУЛЬСТІ АНЫҚТАУ Мақсаты

  • Пульсті зерттейтін жерлер

  • Дайындаңыз

  • пульстің толтырылуын бағалыңыз

  • АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ ӨЛШЕУ Мақсаты

  • Көрсетілімі

  • ТЫНЫС АЛУ ЖИІЛІГІН САНАУ Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница24 из 64
    1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64

    Тыныс алу қозғалысының санын аықтау

    Тыныс алуды бақылағанда, кейбір жағдайларда оның жиілігін анықтау керек болады.

    Қалыпты жағдайларда тыныс алу қозғалыстары ретті болады. ал әйелдерде 2—4 тыныс алу қозғалысына көбірек болады.«Жату» қалпындағы тыныс алу саны аздап азаяды (минутына 14—16 –ке дейін) вертикалды дене қалпында (минутына18—20-дейін артады).

    Шыныққан адамдарда және спортсмендерде тыныс алу жиілігі біртіндеп сиректеп,минутына 6—8 дейін болуы мүмкін.

    Демді ішке тарту мен оның артынан бірден болатын демді сыртқа шығарудың жиынтығы бір тыныс алу қозғалысы деп аталады.

    1 минутта болатын тыныс алудың саны тыныс алу қозғалысының жиілігі деп аталады.(ТҚЖ)немесе тыныс алу саны.

    Жүрек жиырылуының жиілігінің артуына әсер ететін факторлар, тыныс алудың жиілеуін және оның тереңдігінің артуын тудыруы мүмкін. Бұл - физикалық күш түсу, дене қызуының көтерілуі,қатты эмоциялық күйзелістер, ауру сезімі, қан жоғалтулар және т.б.

    Тыныс алуын бақылауды пациентке білдірмей жасау қажет, себебі:ол ырықсыз түрде тыныс алу түрін,жиілігі мен тереңдігін, реттілігін өзгертіп алуы мүмкін. Сіз пациентке оның пульсін санап отырмын деп айтуыңызға болады.

    Тыныс алу – организге оттегінің толассыз түсуі мен көмірқышқыл газінің және ылғалды булардың шығарылып тұрауын қамтамасыз ететін тіршілік етудің негізгі процессі. Демді ішке тарту кезінде кеуде торының мөлшері қай бағытқа қарай өзгеретіне байланысты тыныс алу түрлері бөлінеді: кеудемен (көбінесе әйелдерде), ішпен (көбінесе еркектерде) және тыныс алудың аралас типтері. Тыныс алудың аралас типтерінде өкпенің барлық бөліктері бір мезгілде бірдей желдетіледі. Тыныс алудың түрі адамға өмірінің және қоршаған ортаның әртүрлі факторларының тигізетін әсері нәтижесінде болады.

    Тыныс алудың типі, реттілігі, жиілігі және тереңдігі бір бірімен тығыз байланысты, әрі біріккенде олар организмді жеткілікті газ алмасумен қамтамасыз етеді. Тыныс алу жиіленген және үстүртін болса газ алмасу нашарлайды, ал сирек, бірақ әрі терең болса өкпеде шамадан тыс желденуі болады.Тыныс алу орталық жүйке жүйесімен реттеледі. Бас миының функциясы бұзылғанда тыныс алу тоқтап қалуы мүмкін және жедел араласуларды талап етеді.

    Қалыпты жағдайларда тыныс алу қозғалысы ретті болады. Тыныс алу қозғалысының реттілігінің, жиілігінің және тереңдігінің бұзылуы енгігуге әкеп соқтырады. Тыныштық жағдайдағы ересек ер адамның 1 минуттағы тыныс алу жиілігі (ТҚЖ) 12-14 құрайды. Тыныштық жағдайдағы ересек әйелдің 1 минуттағы тыныс алу жиілігі – 14-16 рет болады. Қалыпты жағдайдағы тыныс алу жиілігі минутына 16-20 рет болуы керек. Физикалық күш түскенде ТҚЖ үлкейеді, жату қалпында ТҚЖ минутына -12-16, ал түрегеп тұрғанда – 18-20 болады, терең дем алғанда ТҚЖ азаяды, ал үстүртін тыныс алғанда – жиілейді.

    Жұқпалы аурулар болғанда, темекі түтіні жиі әсер еткенде, атмосфераның пайдаланған газдармен ластануында, төмен температура болғанда тыныс алу бұзылады. Жұқпалы аурулар тыныс алу жолдарының және өкпе тінінің қабынуына әкеп соқтырады. Бұл аурулар мұрынмен тыныс алудың тыныс алу жолдарынан ауаның өтуінің бұзылуына, кеуде мен тамақтың ауруына әкеледі,жөтел болыптыныс алу жолдарында қақырық пен сілемейдің көптеп бөлінуін шақырады. Тыныс алу жүйесінің ауыр зақымдануы ентігу мен тұншығуды тудырады.

    Тыныс алудың тереңдігі. Тыныштық жағдайда жұтқан және бөліп шығарған ауаның көлемімен анықталады. Ересек адамдарда физиологиялық жағдайларда тыныс алатын ауаның көлемі 300-ден 900 мл аралағында болуы мүмкін, орташа есеппен– 500 мл.Тыныс алу тереңдігінің өзгеруіне байланысты тыныс алу терең немесе үстүртін болуы мүмкін.Үстүртін тыныс алу патологиялық болады, бұл демді сыртқа шығару мен ішке тартудың қысқаруымен сипатталады. Терең тыныс алу көптеген жағдайларда керісінше тыныс алудың сирек болуымен ұласады.

    Тыныс алудың реттілігі. Дені сау адамның тыныс алуы ретті, демді ішке тартуы мен сыртқа шығаруы фазаларының ұзақтығы бірдей боладыЕнтігудің кейбір түрлерінде тыныс алудың реттілігі бұзылады.

    ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ҚОЛТЫҚ АСТЫ ОЙЫСЫНАН ӨЛШЕУ

    (термометрия)

    Мақсаты: диагностикалық: ересек пациенттің дене температурасын анықтау.

    Көрсетілімі:организмнің функциялық жағдайын бақылау,аурухана ішілік инфекцияның алдын алу.

    Қарсы көрсетілімі: баздану, қолтық асты аймағының қабыну процесстері, қолтық асты аймағының гиперемиясы.

    Дене температурасын өлшейтін жерлер: қолтық асты ойыстары, ауыз қуысы, шат қыртыстары (жас балаларда), тік ішек.

    Дайындаңыз: медициналық немесе электрондық термометрді, лотокты, сүрткілерді, температура парағын, қара сиялы қаламды,сағатты, температура журналын, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, таза термометрлерді сақтайтын ыдысты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    10. Пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

    11. Термометрдің бүтіндігін тексеріңіз,оны қарап көріңіз де қаттырақ, сынап бағанасы резервуарына немесе 35С дейін түсетіндей қылып.сілкіңіз.

    12. Қолтық асты аймағын қарап көріңіз, ол жерде:жергілікті қабыну процессі бар болса, дене қызуын өлшеуге болмайды (термометрдің көрсеткіші дене температурасынан жоғары болады).

    13. Қолтық асты ойысының терісін жеке бас сүрткісімен құрғатып сүртіңіз, (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібреді).

    14. Термометрді сынап жинағы бар жағымен қолтық астына ол теріге толық тиетіндей қылып, қойыңыз (пациенттен иығын кеуде торына қысып ұстай тұруын сұраңыз).

    15. Дене температурасын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

    16. Термометрді 10 минут кейін шығарып алыңыз және оның көрсеткішін сынап бағанасының ең жоғары тұрған жерінен анықтаңыз, ал электронды термометрде өлшеу аяқталғанда берілетін дыбыстан кейін цифрлық көрсеткішті оқиды.

    17. Термометрдің көрсеткішін температура журналына цифрлық түрде жазыңыз және температура парағына сызбалық қисық түрінде түрінде енгізіңіз. (қара түсті қаламмен).

    18. Өлшеу нәтижесін пациентке айтыңыз.

    19. Қолданылған термометрді сілкіңіз және сынаптың жиналу жеріне түскеніне көз жеткізіңіз.

    20. Қолданылған термометрді дезинфекциялаңыз.

    21. Термометрді ағынды су астында дезинфекциялайтын ерітіндінің иісі кеткенше жуыңыз,сүрткімен құрғатып сүртіңіз, лотокқа немессе арнайы ыдысқа салып құрғақ түрінде сақтаңыз.

    22. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    КӘРЖІЛІК АРТЕРИЯСЫНАН ПУЛЬСТІ АНЫҚТАУ

    Мақсаты: пульстің негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек қан тамырлардың жағдайын бағалау.

    Көрсетілімі: пациенттің жағдайын бақылау.

    Пульсті зерттейтін жерлер: кәржілік шынтақ,ұйқы, самай, тізе асты, сан, табан үстіндегі артериялар.

    Пульстің қасиеттері (параметрлері):реттілігі, жиілігі, толтырылуы, кернеу күші,көлемі.

    Дайындаңыз: сағатты(секундомер), қағазды,қызыл сиялы қаламды, температура парағын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    10. Пациентке ыңғайлы дене қалпын беріңіз–отырғызыңыз немесе босаңсыған ыңғайлы тыныштық жағдайда жатқызыңыз.

    11. Пациенттің білегін (кәржілік буын аймағын) қолыңыздың саусақтарымен қамтып төмендегідей қылып ұстаңыз: 2,3,4 саусақтардың жұмсақ жастықша жағы білектің алақан (ішкі) жағында дәл кәржілік артериясының проекциясында болатындай болып қойылады,немесе пациенттің (үлкен саусағының түбіне жақындау орналастырылады), 1 саусағыңыз білектің сыртқы жағына орналастырыңыз.Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірінің арасынан пальпацияланады.

    12. Кәржілік артерия аймағын сезіп алып, аздап оны сүйекке қарай қысыңыз да, тамыр соғу бүлкілін табыңыз;қанның тамыр бойымен жылжуына байланысты болатын бүлкілдеп тұрған майысқақ толқындарды сезіңіз.

    13. Пациенттің оң және сол қолдарынан артерия қабырғаларының тербелуі реттілігін салыстырыңыз.Пульстің симметриялылығын анықтаңыз. Симметриялығы – бұл екі қолдағы пульстік соққылардың бір бірімен тура сәйкес келуі. (егер пульсі симметриялы болса ары қарай пульстің қасиеттерін бір қолдан бағалайды).

    14. Тамыр соғуының реттілігін анықтаңыз.

    15. Тамыр соғуының жиілігін анықтаңыз.

    16. Тамыр соғуының толтырылуын анықтаңыз.

    17. Тамыр соғуының кернеу күшін анықтаңыз.

    18. Зерттеу мәліметтерін температура парағына сызба түрінде – (қызыл түспен), ал бақылау парағына – цифрлық түрде жазыңыз.

    19. Зерттеу нәтижесін пациентке айтыңыз.

    20. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту:

      • Қалыпты жағдайда пульс ретті болады, екі қолынан бірдей болып, пальпацияланады, ересек адамда тыныштық жағдайда оның жиілігі бір минутта 60-80 соққыны құрайды;

      • пульстің реттілігі пульстік толқындардың арасындағы уақытпен анықталады. Егер артерия қабырғаларының пульстік тоқындармен тербелуі бірдей уақыт аралығында пайда болатын болса,пульс ретті деп анықталады. Реттілігінің бұзылуы болғанда пульстік тоқындардың реттілігі де дұрыс–пульс ретті емес.

      • пульстің реттілігін анықтау (егер пульс ретті болса) 1 минуттағы пульстік толқындарды санайды (соққы санын), уақытты сағат секундомеріне қарап отырып тексереді.

      • PS қалыпты –бір минутытта 60 – 80 рет соғады.

    PS > соққы саны минутынан 80 –нен асып кетсе– жиілеген – тахикардия.

    PS < соққы саны минутынан 60-қа жетпесе– сиреген – брадикардия.

      • Артерияның қанмен толу деңгейі бойынша пульстің толтырылуын бағалыңыз,ол жүректің систолиялық көлеміне байанысты болады. Тамыр соғу түрлері болады: пульсі толық, бос, жіп тәрізді.

      • пульстің кернеу күші –кәржілік артериясын соққысы жойылып кеткенше, кәржілік сүйегіне қысу керекті күш бойынша анықталады.

    Тамыр соғу түрлері болады: пульстің кернеу күші қанағаттанарлық, тамыр соғуы қатты, тамыр соғуы жұмсақ.

    АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМДЫ ӨЛШЕУ

    Мақсаты: артериялық қысымның көрсеткіштерін анықтау және зерттеу, нәтижелеріне баға беру, жүрек-қан тамырлар жүйесінің функциялық ерекшеліктерін анықтау.

    Көрсетілімі:пациенттің жағдайын бағалау.

    Мүмкін болатын асқынулар:артерияны ұзақ уақыт қысқанда болатын аяқ пен қолда болатын ауру сезімдері.

    Дайындаңыз: тонометрді (механикалық немесе электрондық), фонендоскопты, қағазды, қаламды, температура парағын.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсатын түсіндіріңіз,бұрын-соңды осындай тексерулер қашан жасалғанын, нәтижелері қандай болғандығын сұрап, біліңіз және осы ем шара жасалғанда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.

    9. Пациентті отырғызып немесе тыныштықта, босаңсыған қалыпта жатқызып ыңғайлы дене қалпын беріңіз, пациенттің қолы жазылған қалпында алақанын жоғары қаратып, аппаратпен бір деңгейде жатады.

    Қалыпты жағдайда артериялық қысымды арасына2 – 4 минут салып, 1 – 2 мәрте өлшейді.

    1. Тонометрдің манжетасын пациенттің жалаңаш иығына шынтақ буынынан 2-3 см.жоғары қылып, жүрек тұсына қатарлап,дене мен манжет арасына бір саусақ енетіндей қылып салыңыз; манжетаны иыққа жұмсақ тінді қысып тұрмайтындай қылып, жабысқақ жолағымен бекітіңіз.

    2. Манометрді манжетамен біріктіріңіз және бекітіңіз,шкаланың нөл белгісіне қатысты тілінің қалай тұрғанын тексеріңіз (сынап бағанасының).

    3. Шынтақ шұңқыры аймағынан шынтақ артериясының соғуын анықтаңыз,дәл осы жерге фонендоскопты қойыңыз (фонендоскоптың басы денені қатты қыспауы керек, ол түсіретін күш орташадан төмендеу болуы керек, себебі: көрсеткіші дұрыс болмайды).

    4. Алмұрт тәрізді баллоншаның вентилін жабыңыз және баллоншамен манжетаға шынтақ артериясының соғуы білінбей қалғанша және манометрдің көрсеткішін қалыпты көрсеткіштен 20 – 30 мм.сын.бағ. жоғары қылып ауа толтырыңыз,(немесе осы пациенттің көрсеткішінен)

    5. Вентилді ақырындап бұрап ашып,манжетадағы ауаны өте баяу ағыммен шығарыңыз, осы кезде сынап бағанасының төмен қарай жылжуын немесе тілінің қозғалысын қадағалаңыз– олардың көрсеткіштері 2 мм.сын.бағ./с жылдамдықпен өзгеруі мүмкін;бір мезетте зейін қойып артерияның соғуын тыңдаңыз да монометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

    6. Манометрдегі алғашқы дыбыстың (тонның) пайда болған кездегі көрсеткішін белгілеп алыңыз,( артериялық қысымның жүрек жиырылуы кезіндегі қысымының көлемі -систолиялық АҚ) және дыбыс немесе тоны жойылып кеткендегі көрсеткішін есте сақтап қалыңыз (артериялық қысымның жүректің босаңсыған кезіндегі қысымы – диастолиялық АҚ); манжетадағы ауаны толық шығарып тастаңыз.

    7. Пациенттің қолынан тонометрдің манжетасын шешіп алып, қабына салыңыз.

    8. Алынған көрсеткіштерді пациентті бақылау парағына цифрлік бөлшек түрінде (алымына-систолиялық қысымды,бөліміне-диастолиялық қысымды)жазыңыз. Және температура парағына бағана түрінде енгізеді.

    9. Осы ем-шараны қайталаңыз, алынған көрсеткіштерді салыстырыңыз.

    10. Фонендоскоптың басын 70% антисептикпен сүрту әдісімен 2-мәрте өңдеп дезинфекциялаңыз.

    11. Пациентке өлшенген АҚ-ның нәтижесін айтыңыз.

    Ескерту:

      • Артериялық қысымды екі қолдан бірдей өлшейді, алынған көрсеткіштерді салыстырады.

      • Артериялық қысымды пациенттің өзі де өлшей алады,оны қысымды өлшеу ережелеріне және алынған көрсеткіштерді талдауға үйретіңіз.

      • Қалыпты АҚ 120/80 мм.сын.бағ., 110/70 мм.сын.бағ.

      • Артериялық гипотензия 90/60 мм.сын.бағ.

      • Артериялық гипертензия 140/90 мм. сын.бағ.



    ТЫНЫС АЛУ ЖИІЛІГІН САНАУ

    Мақсаты: пациенттің жағдайын бағалау.

    Көрсетілімі:тыныс алу органдарының функциялық жағдайын бағалау.

    Дайындаңыз:секундтық тілі бар сағатты, температура парағын, көк сиялы қаламды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    9. Пациентке ыңғайлы дене қалпын беріңіз(жату). Сізге оның кеуде торы мен ішін көру керек.

    10. Бір қолыңызбен пациенттің көңілін аудару мақсатымен қолын кәржілік артериясынан пулсін санайтындай қылып алыңыз.

    11. Өзіңіздің және пациенттің қолын пациенттің кеудесіне қойыңыз (тыныс алудың кеуделік типі болғанда) немесе эпигастрия аймағына (тыныс алудың іштік типі болғанда).

    12. Секундомердің көмегімен бір минутта болатын тыныс алу жиілігін санаңыз, (демді ішке тарту мен демді сыртқа шығару– бір тыныс алу қозғалысы деп саналады.

    13. Тыныс алу жиілігіне баға беріңіз.

    14. Пациентке тыныс алу жиілігінің саналғанын түсіндіріңіз, нәтижесін жеткізіңіз.

    15. Қолыңызды жуып кепттіріңіз.

    16. Көрсеткішті температура парағына енгізіңіз.
    1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64


    написать администратору сайта