Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарапайым физиотерапия Физиотерапия деп

  • ҚЫША ҚАҒАЗДАРЫН ҚОЮ Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Асқынулары

  • ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты

  • МҰЗДЫ МҰЙЫҚТЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница25 из 64
    1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64

    Ескерту:

      • тыныс алу жиілігін санауды пациентке білдірмей жасау керек;

      • 1 минут ішінде болған тыныс алу саны тыныс алу жиілігі деп аталады (ТАЖ);

      • Қалапты жағдайдағы дені сау ересек адамның тыныштықтағы тыныс алу жиілігі минутына 16-20 рет болады;

      • ТАЖ ЖСС орташа есеппен алғанда 1:4 қатынаста болады;

      • Дене қызуы Т 1С көтерілгенде ТАЖ кемінде 4 қозғалысқа жиілейді;

      • брадипноэ – сирек тыныс алу жиілігі 1 минутта16-дан аз болады;

      • тахипноэ – жиі тыныс алу с частотой более 20 в 1 минуту.

    Бақылау сұрақтары

    1. Қызба дегеніміз не?

    2. Жылуды реттеу процессі немен жүзеге асырылады ?

    3. Температураның өлшенетін жерлері мен өлшейтін уақыттары.

    4. Температураны тәулігіне қанша рет және қашан өлшейді?

    5. Пульс дегеніміз не?

    6. Артериялық қан қысым дегеніміз не?

    7. Тахикардия және брадикардия дегеніміз не?

    8. Асистолия дегеніміз не?

    9. Пульстің тапшылығы деген түсінік нені білдіреді?

    10. Гипертензия және гипотензия терминдеріне түсінік беріңіз?

    11. Пульстік қысым қалай есептеледі?

    12. Брадипноэ және тахипноэ терминдеріне түсінік беріңіз?

    13. АҚ, ТАЖ,Пульстің қалыпты көрсеткіштерін атаңыз.

    Қарапайым физиотерапия

    Физиотерапия деп-( грек.physis- табиғат және therapeia-емдеу) адам организміне емдік мақсатпен тікелей бағытталған табиғаттың әртүрлі физикалық факторларымен : сумен, жылумен, суықпен, жарықпен, электр тогымен, электрмагниттік өріспен ультрадыбыспен және т. б әсер етуді айтады.

    Физиотерапиялық ем-шаралар қан айналымына әсер ететін емдік шараларға жатады.

    Тері жамылғысында көптеген жүйкелік талшықтардың болатыны белгілі, сондықтан қан айналымына терінің ішкі органдарға рефлекторлық реакция жасау принціпімен әсер етуге болады.

    Жүйкелік рецепторларды жылумен тітіркендіргенде–қан тамырлары кеңейеді, ал қысқа уақытқа болса да суықпен әсер еткенде қан тамырлары тарылады.

    Жылылық ем шаралар қабынуға қарсы және ауру сезімін бәсеңдететін әсер көрсетеді.Жылу ұзақ уақыт әсер еткенде бұлшық еттер босаңсиды, шиыршықтығы төмендейді және шаршау сезімі үдей береді. Жылуға берілетін реакция толық организмге тарай алмайды, жылу өз әсерін тек тікелей тиетін тіндерге ғана көрсетеді.

    Организмнің суыққа беретін реакциясы үш фазадан тұрады:

    - бірінші фазада тамырлардың тарылуы, терінің бозаруы болады,ұстап көргенде суық болып тұрады, қан ішкі органдарға көптеп құйылады, ауру сезімі бәсеңдейді;

    - екінші фазаға1 минуттан кейін немесе одан да қысқа уақытта өтеді, қан тамырларының кеңейюі болып, тері күлгін-қызыл түске боялады да, ұстап көргенде жылы екендігі байқалады;

    - егер суықтың әсер етуі доғарылмаса, үшінші фазасы басталады, тері қызыл-қошқыл түске боялады, көкшіл тартып, суық болады, жүйкелердің тітіркенуі төмендейді, «қаз терісі» белгісі пайда болады.

    Суық ем шараларға берілетін реакция денеге толық үстіртін әсерін тигізеді.

    Қарапайым физиотерапияның емдік әдістері бүкіл организмге және ішкі органдарға толық рефлекторлық әсерін тигізеді. Қышаны, суықты, жылуды, жарықты және сумен емдеуді қолдануда осыған негізделген.

    Қыша қағазы.
    Қыша ұнтағын қолдану одан сумен араласқанда бөлініп шығатын эфир (аллилді) майының тері рецепторларын тітіркендіріп және оның гиперемиясын туғызатына, сөйтіп ішкі ағзалардың қан тамырларының рефлекторлы кеңеуіне әкелетін әсеріне негізделген. Осының есебінен ауру сезімін басуға, кейбір қабыну процесстерінің жойылып кетуінің жеделдетілуіне қол жетеді.

    Қышаның екінші құрамы – фитонциттер. Судың әсерінен олар мирозин ферментінен бөлініп шығады. Эфир майы мен фитонциттер қышаның емдік қасиеттері болып табылады.

    Қыша тұрған жердегі терінің қызарып кетуі және ауру сезімінің болуының бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылатынын пациенттке

    ескертіп қою қажет.Кейде қышаны жиі қолданғанда теріде дақтар пайда болуы мүмкін.

    Қышаны қолдануға болатын көрсетілімдерді дәрігер анықтайды. Көптеген жағдайларда оларды дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ қолдана береді, сондықтан осы бір зиянсыз ем шараның қарсы көрсетілімдерін білу қажет.

    Есіңде сақта! Қыша қағазын тері аураларында, дене қызуы жоғары болғанда (38®С жоғары), өкпеден қан кеткенде, тері сезімталдығы жойылғанда немесе төмендегенде, қатерлі ісікте қоюға болмайды.

    Жылытқыш

    Жылытқыш (құрақ жылу) жылтыр бұлшық еттердің рефлекторлық түрде босаңсуын шақырады, ішкі органдарға қан құйылуын арттырады, ауру сезімінің басылуына және қабынудың таралуына септігін тигізеді.Жылытқышты қолданудың тиімділігі тек қана жылытқыштың температурасына ғана емес, оның әсерін тигізу ұзақтығына да байланысты екендігін есте сақтау қажет.

    Көптеген жағдайларда әртүрлі формадағы және сыйымдылықтары 1литрден бастап, 3 литрге дейін болатын резеңке жылытқыштар қолданылады, кейбір кездерде электржүйесінен жұмыс жасайтын электротермиялық (термофорлар) қолданылады. Стандартты жылытқыш жоқ болған жағдайларда ыстық с құйылған бөтелкелерді қолдануға болады.

    Жадыңызда сақтаңыз! Қолдануға тиым салынатын жағдайлар — іштің себебі анықталмаған аурулары, іш қуысының жедел қабынулы аурулары (жедел соқыр ішек,жедел холецистит және т.б.), соққыдан кейінгі алғашқы тәуліктер, терінің зақымданулары, қан кетулер, инфекцияланған жаралар, қатерлі ісіктер.

    Мұзды мұйық

    Суық (мұзды мұйық)терінің және терең жатқан органдар мен тіндердің қан тамырларын тарылтады, жүйке рецепторларының сезімталдығын бәсеңдетеді. Мұзды мұйықты қан кеткенде, іш қуысының жедел қабыну процесстері болғанда, соққы алғанда (алғашқы тәуліктерінде),өте жоғары қызбада, ота жасалғаннан кейінгі кезеңде қолданады.

    Жадыңызда сақтаңыз! Су толтырылған мұйықты тоңазытқыштың мұздатқышында мұздатуға болмайды, себебі: пайда болатын мұздық конгломератының беткейі өте үлкен болады. Бұл дененің осы аймағын қатты мұздатып, ал кейбір кездерде үсіп қалуды тудыруы мүмкін.

    Компрестер

    Компресс ( лат. Comprressio- басу) –емдік көп қабатты таңғыш. Олар құрғақ және ылғалды, жергілікті және жалпы болады. Ылғалды компрестер салқын, ыстық, жылытатын, дәрілік болуы мүмкін.

    Суық компресс

    Суық компресс, мұзды мұйық сияқты терінің салқындауын және қан тамырларының тарылуын тудырады. Оны соққы алғаннан кейінгі алғашқы тәуліктерде, мұрыннан қан кетткенде, қызбаның екінші кезеңінде және т.б. қолданады. Ем шараның ұзақтығы 5- минуттан 60 минутқа дейін.

    Суық компресстер және осы аймақ астындағы ішкі мүшелердің қан тамырларының тарылуын тудырады, бұл қабынуды басады және жарақантанған тіннің ісігін шектейді, қан кетуді азайтады.

    Жылытатын компрессті қолдануға болатын көрсетілімдері - терідегі, тері асты шел май қабатындағы, буындардағы, ортаңғы құлақтағы жергілікті қабыну урдістері және соққы алғанда (жарақат алғаннан соң алғашқы тәуліктен кейін).

    Ем шара қан тамырларының кеңеюіне,тіндердегі қан айналымының жақсаруына септігін тигізеді, бұл ауру сезімін басатын және қабынуды тарататын әсер етеді.

    Жылытатын компресс құрғақ және ылғалды болуы мүмкін.

    Құрғақ компресс (кәдімгі мақта-дәке таңғышы) қайсы бір дене аймағын суықтан қорғауға арналған мысалы: мойынды, құлақты.Оны әшейінде ыстық компрестен соң немесе жылытатын компрестен кейін қояды.

    Горячий компресс

    Ыстық компресс

    Ыстық компресс жергілікті жердің қан айналамын интенсивті жақсартады бұл қабынудың таралып кетуін жақсартады және ауру сезімін өте жақсы басады.

    Горячий компрессвызывает интенсивное местное усиление кровообращения, что оказывает выраженное рассасывающее и болеутоляющее действие.

    Согревающий компресс

    Показания к применению согревающего компресса — местные воспалительные процессы на коже, в подкожном жировом слое, суставах, среднем ухе, а также ушибы (через сутки после травмы).

    Процедура позволяет расширить кровеносные сосуды и увеличить кровообращение в тканях, что оказывает болеутоляющее и рассасывающее действие.

    Согревающий компресс может быть сухим и влажным.

    Сухой компресс (обычная ватно-марлевая повязка) чаще предназначен для защиты тех или иных участков тела, например, шеи, уха от воздействия холода. Его ставят, как правило, после горячего или согревающего компресса.

    Жадыңызда болсын!

    Жадыңызда болсын!

    Жылытатын компресстерді қызба жоғары болғанда, әртүрлі аллергиялық реакцияларда,және терідегі іріңді бөртпелерде сонымен қатар тері бүтіндігі бұзылғанда жасауға тиым салынады.

    Для рассасывания воспалительных инфильтратов применяют полуспиртовой согревающий компресс: внутренний слой смачивают разведенным водой (45°) этиловым

    спиртом.

    Жадыңызда болсын!

    Спирпен жасалатын компресс тез кеуіп кетеді, сондықтан оларды қажеттігіліне қарай әрбір 4—6 сағат сайын ауыстырып отырады.

    Компрессті йод жағылған теріге жасауға болмайды, теріде терең күюлер болуы мүмкін.

    ҚЫША ҚАҒАЗДАРЫН ҚОЮ

    Мақсаты:дененің жылытылатын аймағының қанмен қамтамасыз етілуін арттыру.Қабынуды тарататын, қабынуға қарсы және ауру сезімін бәсеңдететін әсер ету.

    Көрсетілімі:тыныс алу жолдарының қабынбалы аурулары, (фарингит, трахеит, бронхит, өкпе қабынуы), гипертониялық криз, миозиттер, невралгиялар, оталық араласулардан кейінгі қанның іркіліп қалуының алдын алу.

    Қарсы көрсетілімдері:тері аурулары, жоғары қызбаның болуы, өкпеден қан кетуі, өкпе туберкулезі,тері сезімталдығының төмендеуі немесе болмауы, қатерлі ісіктер.

    Қоятын жерлері:шүйде аймағы, балтыр бұлшық еттерінің аймағы,жүрек тұсы, көкіректің жоғары бөлігі, жауырын аралықтары мен жауырын асты аймақтары.

    Асқынулары: терінің күлбіреуікті күюлері, терінің дақтануы.

    Дайындаңыз: қыша қағаздарын,T – 40º-45С су құйылған лотокты, сүлгіні, көрпені, сүрткіні, жылы қалың жаялықты.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты-жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Медициналық ем-шараның қажеттілігіне және оның зиянсыздығына сендіріңіз.

    9. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    10. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    11. Қыша қағаздарының жарамдық мерзімін және жарамдылығын тексеріңіз, (қыша қағаздан үгітіліп, түсіп тұрмауы және қышаның арнайы иісі сақталған болуы керек,).

    12. Пациентті ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қышаны қоятын жерін анықтаңыз және теріні мұқият қарап шығыңыз.

    13. Қыша қағазын 5-10 секунтқа (Т - 40-45С) суға малыңыз, шығарып аздап сілкіңіз және теріге қыша жағылған жағымен тығыз қылып жабыстырыңыз,(терінің көтеріңкі сезімталдығы болғанда,қышаның астына дәке сүрткісі қойылады).

    14. Арқасын сүлгімен, пациентті көрпесімен жылы жауып қойыңыз.

    15. Қыздыру сезімі басталғаннан 5-10 минут өткеннен соң, қыша қағаздарын алып тастаңыз,(тері қызарған болуы керек).

    16. Теріден қыша ұнтағының қалдықтарын кетіру үшін, теріні жылы сумен ылғалданған сүрткімен сүртіп шығыңыз.

    17. Пациенттің терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

    18. Ем-шара аяқталғаннан соң,пациентке төсегінде 30-40 минуттай жата тұру керектігі айтылады.

    19. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту:

      • Қыша қағаздары тек бүтіндігі бұзылмаған теріге қойылады;

      • Қыша қағаздарын сүт бездеріне, емшек ұшына, омыртқа бағанасы аймақтарына,туа біткен қалдың үстіне қоюдан аулақ болу керек;

      • Емшектегі нәрестелерге жасалатын ем-шараның ұзақтығы 5-7 мин, терісі қызарғанша болады.

    ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ

    Мақсаты: дененің жылытылатын аймағының қанмен қамтамасыз етілуін арттыру, жергілікті жылыту әсерін жасау.

    Көрсетілімі:қызбаның I және III кезеңдері,инъекциядан кейінгі инфильтраттар,бел құяңы, соққы алудан кейін екі тәулік өткенде, невриттер, невралгиялар.

    Қарсы көрсетілімдері: жедел қабыну процесстері және іштің аурулары, қатерлі жаңа өсінділер, қан кетулер,соққыдан кейінгі алғашқы тәуліктер,тері бүтіндігінің бұзылулары, инфицияланған жаралар.

    Асқынулары: күюлер, терідегі дақтар.

    Қоятын жерлері:зона инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық еттері.

    Дайындаңыз: (1,5-2 литрлік), резеңке жылытқышты, Т – 60 - 70ºС суды, сүлгіні (жаялықты), ішінде дезинфекциялайтын ертінді бар ыдысты, шүберекті, су термометрін.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. (60-70ºС) ыстық суды жылытқыштың 2/3 көлеміне дейін құйыңыз.

    10. Ішіндегі ауаны жылытқыштың мойнынан су көрінгенше қысып ығыстырып шығарыңыз, тығынын бұрап жабыңыз.

    11. Жылытқышты мойнын төмен қаратып төңкеріңіз, оның су өткізбейтінін көз жеткізіңіз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

    12. Жылытқышты сүлгімен ораңыз.(жаялықпен).

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    14. Жылытқышты дененің қажетті жеріне қойыңыз және суығанша ұстаңыз.

    15. Жылытқышты алыңыз, тығынын ашып, суын төгіңіз.

    16. Пациенттің терісін қарап, тексеріңіз(жылытқыш тұрған жердің терісінде аздаған қызару болуы керек).

    17. Пациентке ыңғайлы дене қалпын алуға көмектесіңіз, көрпесін жабыңыз.

    18. Жылытқышты дезинфекциялайтын ерітіндімен ылғалданған шүберекпен, арасына 15 минут салып, 2-мәрте өңдеңіз.

    19. Жылытқышты сумен жуыңыз, кептіріңіз және арнайы бөлінген жерде сақтаңыз.

    20. Қолыңызды жуып кепттіріңіз.

    МҰЗДЫ МҰЙЫҚТЫ ҚОЛДАНУ

    Мақсаты: қан тамырларын тарылту, ұзақ жергілікті салқындату.

    Көрсетілімі:ішкі қан кетулер, іш қуысының жедел қабыну аурулары, соққылар,жарақаттардың болуы (алғашқы тәуліктер), қызбаның жоғары болуы, ота жасалудан кейінгі кезең.

    Қарсы көрсетілімдері коллапс, шүк, іштің бүріп ауыруы.

    Асқынулары: местное переохлаждение.

    Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз түйіршіктерін, сүлгіні (жаялықты), ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, шүберекті.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Мұз салынатын мұйықтың (мөшектің) тығынын ашыңыз,оның сыйымдылығын уатылған мұзбен толтырыңыз.

    10. Мұзы бар мұйықты тегіс жерге қойыңыз, ауасын ығыстырып шығарыңыз және тығынын бұрап бекітіңіз.

    11. Мұзды мұйықты (мөшекті) сүлгімен (жаялықпен) ораңыз.

    12. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    13. Мұзды мұйықты дененің қажетті жеріне қойыңыз немесе бас жағына 5-7 см.қашықтықта, арасына 15 минут салып,10 минуттай уақытқа іліп қойыңыз немесе мұзды мұйықты қажетті жерге арасына 30 минут салып, 15-20 минутқа басып,қойыңыз. Ем шара жасағанда уақыттарын белгілеп отырыңыз.

    14. Мұздың еруіне байланысты суын төгіп, орнына жаңа мұз түйіршіктерін салыңыз.

    15. Мұзды мұйықты (мөшекті) алыңыз,суын төгіңіз және мұз қалдықтарын алып тастаңыз.

    16. Пациентке ыңғайлы дене қалпы мен тыныштық беріңіз.

    17. Мұзды мұйықты дезинфекциялайтын ерітіндіде ылғалданған шүберекпен арасына 15 минут, 2-мәрте өңдеңіз.

    18. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
    1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64


    написать администратору сайта