Главная страница
Навигация по странице:

  • Ескерту

  • Ем-шара кабинетінің жұмысын ұйымдастыру Ем-шара кабинетінің құрылымы

  • Ем-шара кабинетінің құжаттары

  • БӨЛІМШЕНІҢ ЕМ-ШАРА КАБИНЕТІНІҢ МЕЙІРГЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ Жалпы бөлімі.

  • Мейіргерді және ем-шара кабинетіндегі жұмыс орнын дайындау

  • Қолыңызды деконтаминациялау, арнайы киімді кию.

  • Мейіргердің қолын деконтаминациялау.

  • Кабинеттің жұмысқа дайындығын тексеру

  • Жұмыс үстелінің дайындығын тексеру

  • Дәрілік заттардың дәрігердің ем тағайыдамаларын тіркейтін журналмен сәйкестігін салыстыру, тексеру

  • Мейіргердің құралдарды өңдеу кезеңдеріндегі және жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздігі. Қауіпсіздік техникасы

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница33 из 64
    1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64

    ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТЕРІГЕ СЫЛАП ЖАҒУ

    Мақсаты: емдік.

    Көрсетілімі: тері аурулары.

    Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні,стерилді дәке тампондарын, пинцетті, лотокты, «Б» тобының медициналық қалдықтарын салатын ҚЖЖК-ді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (ф. 004-1/е).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    3. Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см).

    4. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    5. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    6. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    7. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    8. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    9. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

    10. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес пациентке дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.

    11. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз,(атын, жарамдылық мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.

    12. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз пациентке дәрілік зат туралы мәліметтерді жеткізіңіз.

    13. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    14. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    15. Дәке тампонын қажетті дәрілік ерітіндімен ылғалдаңыз.

    16. Пациенттің терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл ұзынша бағытты қимылдармен сылап жағыңыз.(шаш өсуі бағытына сәйкес).

    17. Қолданылған тампондарды ҚЖЖК-ге салыңыз.

    18. Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту: іріңді аурулар болғанда жрақаттардың айналасындағы теріні шет жағынан ортасына қарай бағыттап майлайды.

    Бақылау сұрақтары

    1. Дәрілік заттарды енгізу жолдарын атаңыздар.

    2. Дәрілік заттарды пероралды әдіспен енгізудің қандай артықшылықтары бар ?

    3. Дәрілік заттарды пероралды әдіспен енгізудің қандай кемшіліктері болады, атаңыздар?

    4. Дәрілік препараттарды тік ішек арқылы енгізудің қандай артықшылықтары болады?

    5. Дәрілік препараттарды тік ішек арқылы енгізудің қандай кемшіліктері бар?

    6. Небулайзерді қолданудың қандай артықшылықтары бар?

    7. Дәрілік препараттарды тері арқылы енгізудің әдістерін атаңыздар?

    8. Дәрілік препараттарды қабылдау ережелерін атаңыздар?

    Ем-шара кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

    Ем-шара кабинетінің құрылымы

    Ем-шара кабинеті – білікті диагностикалық және емдік көмектерді көрсетуге арналған қажетті тармақтың бірі.

    Ем-шара кабинетінің құрал-жабдықтары:

    1. Медициналық кушетка, жұмыс үстелі, медикаменттерге арналған шкаф, тоңазытқыш, медициналық құжаттарға арналған үстел.

    2. Бикстер, тіреуіштер, қолды өңдеуге арналған кіршілер,инфузияға арналған жүйені құрастыратын штативтер,дезинфекциялауға арналған сыйымдылықтар.

    3. Медициналық орындықтар,тумболар.Резеңке бұраулар.

    4. Шұғыл көмек көрсетуге арналған медикаменттер кешені (анафилактикалық шүк, өкпе ісінулері,бронх демікпесінің ұстамасы, гипертониялық криз,стенокардия ұстамасы, миокард инфаркті және т.б.).

    5. Венесекцияға арналған стерилді құралдар жиынтығы, жедел көмек көрсетуге арналған бір мәрте қолданылатын стерилді жүйелер.

    6. Ағымды жұмыста қолданылатын медикаменттер(антибиотиктер ж\е т.б.).

    7. Қан тобын және резус-факторды анықтайтын жиынтық.

    8. Медикаменттерге арналған әйнек шкаф.Әрбір сөресіне белгілер жасайды: «тері астына», «бұлшық етке», «көк тамырлық», «стерилді ерітінділер», « жедел көмекке арналған медикаменттер». Шкафқа медикаменттерді осы жазу белгілерге сәйкес оорналастырады.

    9. Лас материалдарды жинайтын аяқпен басқанда ашылатын шелек.

    10. Жұмыс үстелінде ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар кіші-гірім ыдыс, оған: корнцанг, пинцет, қайшылар салынады,тері антисептиктері бар флакондар,1% йодонат ерітіндісі,мүсәтір спирті тұрады.

    11. Арнайы тіреуіште аяқ тежеуішімен ашылатын бикс тұрады, оның ішінде стерилді мақта (дәке) түйіршіктері мен сүрткілері болады.

    12. Тоңазытқышта қан тобын анықтайтын қан сары сулары, қан плазмасы, тез бұзылатын медикаменттер орналастырылады.

    13. Ем-шара кабинеті жарық, міндетті түрде ыстық және суық су(шүмегі бар қолжуғыш) болуы керек. Бактерицидті шам, дезинфициялайтын ерітінді бар сыйымдылық.

    Ем-шара кабинетінің құжаттары

    Келеси журналдардан тұрады: тағайындамалар, ем-шара кабинетінің жұмысы ның есебі, көк тамырға енгізулерді және көк тамырға тамшылатып құйуларды тіркеу және есептеулер, б/е, т/а жасалған инъекцияларды, антибиотиктерді есептеу, медицинаға бағытталған бұйымдарды орталық залалсыздандыру бөліміне тапсыруды тіркеу,қанды биохимиялық зерттеулерге алуды,кезекшілікті тапсырғанда шприцті санау, қанды және қанды препараттарын тамшылатып құйуды тіркеу,қорытынды жинастырудың жүргізілуін тіркеу, гепатитпен ауырған пациенттерді тіркеу, тоңазытқыштың ішкі температурасын белгілейтін, медициналық манипуляциялардан кейін болған асқынуларды тіркеу.

    БӨЛІМШЕНІҢ ЕМ-ШАРА КАБИНЕТІНІҢ МЕЙІРГЕРІНІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТ НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ

    1. Жалпы бөлімі.

    Ем-шара кабинетінің мейіргерінің міндетін орындауға орта медициналық білімі бар,осы профилдегі жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмайтын маман иесі тағайындалады.

    Қолданыстағы күші бар заңдық құжаттарға сәйкес ем-шара кабинетінің мейіргерін жұмысқа аурухананың бас дәрігері тағайындайды және жұмыстан бас дәрігердің бұйрығымен шығарылады.Мейіргер бөлімшенің бөлім меңгерушісі мен аға мейіргеріне бағынады.

    Өз жұмысы барысында лауазымы жоғары тұрған маман иелерінің бұйрықтарын негізге алып және жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес жұмыс жасайды.

    1. Міндеттері.

    1. Орта буынды медицина персоналы орындауға рұқсат етілген,дәрігер тағайындаған ем-шараларды,дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес орындайды.

    2. Тек дәрігер орындайтын манипуляциялар жүргізілгенде көмектеседі.

    3. Көк тамырдан биохимиялық зерттеулерге қан алады және оны лабораторияға жібереді.

    4. А және Б топтарының дәрілеріне қатаң есеп жүргізу мен шкафтарда сақталуын қамтамасыз етеді.

    5. Ем-шаралар жүргізілгенде кабинетте асептика және антисептика ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.

    6. Құралдарды және материалдарды күші бар нұсқулықтарға сәйкес стерилдейді.

    7. Құралдарға, қондырғыларға, медикаменттерге және таңу материалдарына дер кезінде талап қағаздарын толтырады және қажеттілерін тізімге сәйкес қабылданған ереже бойынша алады.

    8. Кабинеттің қажетті есеп беретін құжаттарын белгіленген формаға сәйкес толтырып,жүргізеді:анализдерді есептейтін,құрамында есірткі бар, және улы препараттарды сандық түрде есеп жүргізетін журналдарды толтырады.

    9. Ем-шара кабинеттің санитарлық-гигиеналық тазалығын қамтамасыз ету.

    10. Кәсіптік біліктілігін жүйелі түрде ауруханада және бөлімшеде орта буынды медициналық персоналдарға арналып өткізілетін, ұйымдастырылатын конференцияларға қатысу арқылы жоғарылату.



    1. Құқығы.



    1. Дәрігер жоқ кездерде бөлімшеде науқастарға шұғыл дәрігерге дейінгікөмекті көрсету.

    2. Кәсіптік біліктілігін қабылданған тәртіпке сәйкес, арнайы курстарды өту арқылы жоғарылату.

    3. Ем-шара кабинетінде жұмыс істегенде бөлімшенің персоналынан асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтауды талап ету.

    4. Өзінің міндеттерін орындау үшін қажетті хабарламаларды ала білуі.



    1. Жауапкершілігі.

    Нақты нұсқаулықтарда және аурухананың ішкі еңбек тәртібінде көрсетілген өз міндеттерін нақты немесе дер кезінде орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

    Мейіргерді және ем-шара кабинетіндегі жұмыс орнын дайындау

    1. Күнде таңертең,кезекшіліктің соңында және жұмыс күні аяқталғанда ем-шара кабинетінде ағымды жинастыруды жүргізу және бактерицидті шамды қосу.



    1. Қолыңызды деконтаминациялау, арнайы киімді кию.

    Ем-шара кабинетінің мейіргері жұмыс істеуге міндетті:

    • Медициналық халатты киім

    • Колпак киіп

    • Теріден тігілген аяқ киімді киіп

    • Бет перде тағып

    • Көзілдірік тағып

    • Қолғаптар киіп

    Қажет болған жағдайларда – алжапқыш тағады және жеңқап киеді.

    Мейіргердің қолын деконтаминациялау.

    Оларды ары қарай жұмыс жасау үшін өңдейді:

    • стерилді материалдармен, құралдармен;

    • стерилді үстелмен, лотоктармен;

    • стерилді бір мәрте қолданылатын шприцтермен;

    • қан құйатын тамшылатқыш жүйелермен.

    Мейіргердің қолын деконтаминациялау ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ МАҚСАТЫМЕН және СТЕРИЛДІ МАТЕРИАЛМЕН ЖҰМЫС ЖАСАҒАНДА СТЕРИЛДІЛІКТІ САҚТАУ үшін ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

    1. Кабинеттің жұмысқа дайындығын тексеру:



      • медицинаға бағытталған бұйымдарды, шүберектерді жууға,батырып салып дезинфекциялауға арналған дезинфекциялайтын заты бар сыйымдылықты атауы с концентрациясы, экспозицияся(батырып ұстау уақыты), дайындалған күні және қолы қойылған;

      • шүберектер салынған ыдысты;

      • стационардың (емхананың) лабораториясына қанды тасымауға арналған ыдысты;

      • стерилді бикстерді: а) олардың санын; б) қолдану бағытын (таңу материалдары, бір түрлі затпен толтырылғандарын жәнет.б.); в) олардың бүтіндігін; г)стерилденген күні көрсетілген, биркасының болуын және стерилдеуді жүргізген мейіргердің қолы қойылғанын; д) мейіргер биксті ашады,бетінде жатқан стерилділік индикаторды тексереді, (егер оның түсі өзгермесе, бисті жабады және қайталап стерилдеуге жібереді, егер индикатордың түсі өзгерсе,бикстің ішіндегісін бір тәулік бойы қолдануға болады течение). Мейіргер биксті жабады және қойылатын жеріне ашқан күнін және өзінің қолын қояды;

      • биоматериалдарды тасымалдайтын контейнерді тексереді (бикстерді, пеналдарды).



    1. Жұмыс үстелінің дайындығын тексеру

    Оның үстінде болуы керек:

    • шокқа қарсы заттардың жиынтығы

    • апат болғанда қолданылатын бұйымдар

    • пинцетке арналған дезинфекциялайтын ерітіндінің біреуі бар сыйымдық (корнцангқа, қайшыға), оның жұмысқа жарамдылық уақыты – 6 сағат.

    • Құрғақ стерилді сыйымдылық – оның жұмыс жасау уақыты 3сағат, содан соң ол ауыстырылады;

    • 70% спир құйылған тығына тығыз жабылатын, қара түсті әйнектен жасалған ыдыс,( спиртті 3 күнде бір рет ауыстырады) –экономия үшін спрт құйылған ыдысқа мақта түйіршіктерін тығыздап салып қоюға болады, бірақ, тек 1 жұмыс тәулігіне арналған

    • стерилді сүрткілер.



    ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

    70%, спиртпен салыстырғанды, 96% спирттің бактерицидтік әсері сәл бәсеңдеу болады,себебі оның құрамында қатайтатын заттар көбірек болады!

    • Пробиркалар салынатын штатив (тығындары бар пробиркалар);

    • к/т инъекция және к/т тамшылатып құюларға арналған бұрау;

    • клееңке валик;

    • лейкопластырь;

    • дәрілік заттарды тамшылатып құюға арналған тірегіш-штатив;

    • бір мәрте қолданылатын тамшылататын жүйе,бір рет қоданылатын шприцтер және тб.;

    • дәрілік заттардың жиынтығы:ампуладағы, флакондағы;

    • «Б» тобының медициналық қалдықтарын салатын ҚЖЖК;

    1. Дәрілік заттардың дәрігердің ем тағайыдамаларын тіркейтін журналмен сәйкестігін салыстыру, тексеру:

    • ашылмағандығын;

    • жарамдылық мерзімін;

    • атын;

    • дозасын және % концентрациясын;

    • жарамсыздық белгілерін (ерітіндінің лайлануын, шөгінділердің болуын және тб.)

    ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

    Аурухананың дәріханасында дайындалған дәрілік заттар қосымша тексеріледі:

    • ерітіндінің дайындалған күнін;

    • ерітіндіні дайындаған жұмысшының аты-жөнін;

    • заттаңбасының түсі қабылдау әдісіне сәйкес келуі керек (СТЕРИЛДІ ерітінділер КӨГІЛДЕР түсті болуы керек).

    Мейіргердің құралдарды өңдеу кезеңдеріндегі және жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздігі.

    Қауіпсіздік техникасы

    Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

    Ем –шара бөлмесіне өз бетінше жасайтын ем-шара мейіргерлік жұмысына жасы 18 –ге толған, арнайы дайындықтын өткен, денсаулық жағдайына байланысты қарсы көрсетілімдері жоқ, орта буынды медициналық персонал жіберіледі.

    Ем –шара мейіргерлері жұмысқа кірерде міндетті түрде жүргізілетін медициналық тексерулерден өтуі керек. Өз жұмысы барысында қанмен және қан компоненттерімен жанасатын ем–шара бөлмесінің мейіргерлері жұмысқа кірерде міндетті түрде HbsAg-не тексеріледі және ары қарай жылына бір реттен сиректетпей тексеріліп тұруы қажет.

    HbsAg табылған жағдайда жұқпалы ауруларды емдейтін дәрігердің нұсқауымен тереңдетілген клинико-лабораториялық тексерулер жүргізіледі. Hbs-антигенемия анықталған және қауіп-қатер тобына жататын мейіргерлер пациенттерге В гепатитін жұқтырып алудың алдын-алуға бағытталған жеке бас гигиена ережелерін қатаң сақтауға міндетті. Барлық парентералдық манипуляциялар қолғап киіп орындалуы керек.

    Терісінің бүтіндігі бұзылған ем-шара бөлмесінің мейіргерлері жұмыстан уақытша оқшауландырылады.

    Келтірілген шектеулер қанды HbsAg-не жоғары деңгейдегі сезімтал тексеру әдісімен тексергенде алынған теріс нәтиже болғанда алынып тасталады.

    Барлық, жұмысқа жаңадан кіретін мейіргерлер еңбекті қорғау жүйесі бойынша кіріспелік нұсқаулықтан өтуі керек. Өткені туралы нәтиже кіріспелік нұсқаулықтан өтуі туралы журналға тіркеледі.

    Әрбір жұмысқа жаңа қабылданған жұмыскер өз жұмыс орнында нұсқаулық журналына тіркелетін алғашқы нұсқаудан өтуге міндетті.

    Ем-шара мейіргерлері нұсқаудан әрбір 6 айда бір рет қайталап өтіп отыруы керек. Нұсқаулықты осындай жұмыстар бөлімінің жетекшісі жүргізеді және арнайы құжатқа тіркейді.

    Тікелей міндеттеріне жатпайтын бір рет жасалатын жұмыстарды орындағанда ем-шара бөлмесінің мейіргерлері осы жұмысқа байланысты, осыған бағытталған нұсқаулықтан өтуі керек.

    Ем-шара мейіргерлері ішкіжұмыс жасау тәртібін, еңбек ету және дем алу ережесін сақтауға міндетті.

    Жұмыс жасау барысында ем-шаралық мейіргерлерге келесі қауіпті және зиянды өнеркәсіптік факторлар әсер етуі мүмкін:

    • Әртүрлі жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жұқтырып алу қаупі ( гепатиттер, АИТВ және т. б.) және қоздырғыштардың қанмен жұмыс жасау барысында басқа адамдарға жұғып таралып кету қаупі;

    • Жұмыс жасайтын аймақтың ауасы құрамында болатын антибиотиктердің, витаминдердің және дезинфекциялайтын заттардың аэрозолдеріне болып қалатын аллергиялық реакциялардың басталу қаупі;

    • шприцтердің инесімен механикалық түрде зақымданып қалу;

    • дезинфекциялайтын заттардың құрамындағы токсикалық заттардың кілегейлі қабықтар мен тері арқылы организмге сіңіп және асқазан-ішек жолдарына түсуі салдарынан жедел және созылмалы түрде уланып қалу қаупі: электрлық тізбектің жоғары күште болуы, олардың тұйықталып қалуында ток адам дене арқылы өтуі мүмкін.

    • Ем-шаралық мейіргерлер санитарлық –гигиеналық және арнайы киім-кешекпен, арнайы аяқ-киіммен және басқа да жеке бас қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілуі керек:

    • халат (көйлек) немесе мақта мата кездемесінен тігілген костюм;

    • колпак немесе мақта мата кездемесінен тігілген орамал;

    • қанмен жұмыс жасағанда қосымша:

    • бет перде;

    • қорғайтын көзілдірік;

    • алшапқыш;

    • резеңке қолғаптар.

    • Арнайы киім-кешектерді арнайы емес кір жуатын жерден басқа үй жағдайында және жұмыс жасайтын жерлерде жууға тиым салынады.

    • Ем-шаралық мейіргерлер жұмыс барысында өзінің мамандығы бойынша нұсқаулықтарды негізге алуға міндетті, осы еңбекті қорғау нұсқаулықтарының талабын, сонымен қатар жұмыс барысында қолданылатын қондырғылар мен аспаптарды қолданғанда жасап шығарған заводтың талаптары мен ережелерін орындауға міндетті.

    • Ем-шаралық мейіргерлер жарақат алғанда, улану болғанда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістерін игерген болуы керек, дәрілік қобдишаның тұратын жерін білуі және оның ішіндегі заттарды қолдана білуі керек.

    • Ем-шаралық мейіргерлер жеке бас гигиенасының талаптарын білуі және сақтауы керек, олар дезинфекциялық жұмыстарды орындап отырды, сондықтан сабынмен, сүлгімен және теріні жұмсартатын заттармен қамтамасыз етілген болуы керек. Шылым шегуге , тамақ ішуге тек арнайы бөлінген жерлерде ғана рұқсат беріледі.

    • Еңбекті қорғау нұсқаулығын бұзған немесе орындамаған ем-шаралық мейіргерлер ішкі еңбек ету тәртібіне сәйкес әкімшілік жолмен жауапқа тартылады немесе қажет болған жағдайларда оның білім деңгейі кезектен тыс қайта тексеріледі.
    1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   64


    написать администратору сайта