Главная страница
Навигация по странице:

  • БӨЛІМШЕДЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САҚТАУ

  • стерилді ерітінділардің сақталу мерзімдері - 3 күн.

  • Тік түскен күн сәулесінен бұзылатын заттар

  • Қайнатпалардың және микстуралардың тоңазытқышта сақталу

  • ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЕСЕПТЕУ

  • ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАРАТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Дәрілік заттарды энтералды және сыртқа қолдану әдістері Дәрілік заттарды қолдану жолдары мен әдістері

  • Дәрілік заттарды қолдану ережелері

  • Дәрілік заттарды сыртқа қолдану

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница29 из 64
    1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64

    Улы,құрамында есірткі бар препараттарға және этил спиртіне талап қағаздары латын тілінде толтырады,сандарын цифрлық түрде де, жазбаша түрде де жазады,әрбір бланкіде штампі бар, мөр қойылған 4-х данадан қылып толтырады және әрбір бланкіге бөлек ММ-нің жетекшісі немесе оның орынбасары қолын қояды.Ал улы,құрамында есірткі бар препараттарға және есептеліп отыруға талап қойылатын барлық заттарды жазғанда талап қағазына медициналық картаның нөмірі, пациенттің аты-жөні, тегі,диагнозы және дәрілік затты енгізу әдісі көрсетіледі.

    Дәріханада бар дайын дәрілік формаларды, аға мейіргер күнде алады,ал дайындалатын дәрілік формаларды тапсырыс брілген күннің ертесінде алады. Шұғыл қажет болып қалған, кез-келген дәрілік формаларды дәріхана сол күнде дайындап береді.

    Дәріханадан дәрілік заттарды алғанда аға мейіргер олардың тапсырыс қағазына сәйкестігін тексереді.Дәріханада дайындалған дәрілердің сыртындағы заттаңбада өзіне ғана тән түсті белгі болуы керек. Препараттардың нақты аты,дозасы,дайындалған күні, осы дәрілік формаларды дайындаған фармацевтің қолы көрсетілген болады.

    БӨЛІМШЕДЕ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САҚТАУ

    Бөлімшедегі дәрілік заттарды сақтау тәртібіне, жұмсалуына,тарату ережесінің сақталуына және дәрілік препараттардың тағайындалуына жауапты тұлға бөлімше меңгерушісі болады.

    Дәрілік заттарды сақтау принципі оларды енгізу жолдары мен қолдану әдістеріне байланысты топтарға бөліп алудан басталады.Дәрілік топтар: «сыртқа қолданатын», «ішке қолданатын», «парентералды енгізілетін» болады.

    Дәріханада дайындалған ампуладағы және флакондағы барлық стерилді ерітінділер (дәріханада дайындалған препараттары бар флакондардың заттаңбалық түсі көгілдір түсті заттаңба болады) олар ем-шара кабининетінде: әйнектен жасалған шкафта сақталады, бірінші сөреде – анафилактикалық шүкке қарсы дәрілік жиынтық, екінші сөреде антибиотиктер мен олардың ерітінділері, ал үшінші сөреде–ампулалары бар қораптар,А (улы) немесе Б (қатты әсер ететін) топтарына жатпайтын дәрілік заттар орналастырылады, демек олар для тері астына, бұлшық етке және көк тамырға енгізуге арналған дәрілік топтар:витаминдер, дибазол, папаверин, магния сульфат және басқа да ерітінділер, төртінші сөреде – көк тамырға тамшылатып енгізуге арналған сыйымдылығы 200 және 500 мл. флакондар.

    Дәріханада дайындалған стерилді ерітінділардің сақталу мерзімдері- 3 күн. Егер осы уақыт аралығында қолданылмай қалса,бұзылып кеткен белгілері байқалмаса да (түсінің өзгеруі, тұнықтығының төмендеуі) бәрібір оларды төгіп тастау керек.

    Бөлімшенің постында мейіргерлер арнайы, кілтпен жабылатын шкафтардың әрбір сөрелерінде сыртқа қолданылатын және ішке қолданылытын дәрілік заттарды сақтайды.Тез тұтанатын заттар,таңу материалдары, пациентті күтуге қолданылатын бұйымдар, иісі қатты шығатын дәрілер және дезинфекциялайтын заттар бөлек сақталады.

    Дәрілік заттар шкаф пен сөрелерде керектісі тез табылатындай қылып орналастырылады.Ол үшін дәрілерді қолданылу түрі бойынша жүйелейді және бөлек ыдыстарға салады.Мысалы, барлық қаптамадағы антибиотиктерді бір сыйымдылыққа салады және «Антибиотиктер» деп белгі салып қояды, артериялық қысымды төмендететін заттарды басқа ыдысқа салады, «Гипотензивті дәрілер», немесе «Қақырық шығаратын», «Зәр айдайтын», «Спазмолитиктер» және т.б.

    Тік түскен күн сәулесінен бұзылатын заттар, қара түсті флакондарда шығарылады және қараңғы жерлерде сақталады.

    Иісі қатты шығатын дәрілер бөлек сақталады.

    Тез бұзылатын дәрілер (тұндырма, қайнатпа, микстура), сықпа майлар, вакциналар, қан сары сулары дәрілік препараттарды сақтауға арналған тоңазытқышта (t° от +2°С до +10°С) сақталады.Қайнатпалардың және микстуралардың тоңазытқышта сақталу мерзімі –3 тәуліктен аспауы керек.

    Лайлануы, түсінің өзгеруі, ақ көпіршіктердің пайда болуы, жағымсыз иістің шығуы осындай дәрілік формалардың бұзылып кеткендігінің белгісі болып табылады.Түсі өзгерсе, арасы ашылып қатпарланса, ащып кеткен иіс шықса сықпа майлар жарамсыз деп саналады.

    Тұндырындылар,ерітінділер, спиртте жасалған экстрактілер, уақыт өте келе қоюлана бастайтынын есте сақтау қажет,себебі спирт буланып кетеді, сондықтан олар концентратталған болады да сақтағанда тығыны тығыз жабылатын флаконда сақтау қажет немесе тығыны жақсы бұралып жабылуы керек.

    Заттаңбасында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, түсі өзгерген дәрілік заттарды қолдануға болмайды.

    ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Дәрілік заттар сақталатын тоңазытқыш пен шкафтар құлпымен, кілтпен жабылуы тиіс.

    Мейіргердің құқығы жоқ :

    • Дәрілік заттың формасын және орамасын өзгертуге

    • Әртүрлі орамадағы бірдей дәрілік заттарды бір орамаға жинауға

    • Дәрілік заттардың заттаңбасын өзгертуге және өшіруге, ауыстыруға

    • Дәрілік заттарды заттаңбасыз сақтауға.

    ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ЕСЕПТЕУ

    Құрамында есірткелік заттары бар дәрілік препараттарды сақтаудың және есептеудің ерекшеліктері болады.

    Құрамында есірткелік заттар бар, психотропты заттармен прекурсорлармен,дәрілік заттармен, жұмыс жасауға, медициналық мекеменің әрбір жылда шығарылатын ішкі бұйрығымен бекітілген тұлғалар жіберіледі. Құрамында есірткелік заттар бар прекурсорлар,дәрілік препараттар, психотропты дәрілер және прекурсорлар сақталатын бөлмеге кіруге рұқсат тек осы заттармен жұмыс істейтіндерге ғана беріледі. Осы бөлмедегі сейфтер және шкафтар жұмыс күні аяқталғанда мөрленіп жабылады немесе пломба салынады.Кілттер, мөрлер немесе пломбалар жауапты адамда сақталады.Сейфтің немесе шкафтың есігінің ішкі жағында осында сақталатын дәрілік заттардың тізімі бір мәртелік жоғарғы және тәуліктік дозалары көрсетіліп ілінеді.Құрамында есірткелік заттар бар прекурсорлар, дәрілік препараттар, психотропты дәрілер және прекурсорларды тарату оларды сақтайтын бөлмеден тек жауапты адаммен, жауапты тұлғаға ғана беріледі. Құрамында есірткелік заттар бар препараттар мен психотропты дәрілерді алу және жұмсау туралы құжаттар ағымды жылды санамағанда бес жыл бойы сақталады. Медициналық мекемелердегі бөлімшелерде норкотикалық және психотропты заттардың үш күнге жететін санынан артық болмауы керек. Медициналық мекемелердегі прекурсорлар,құрамында есірткелік заттар бар прекурсорлар,дәрілік препараттар,психотропты дәрілер және прекурсорлар, заттық-сандық есепке алынады, оның әрбір жұмсалуы арнайы журналға тіркеледі,ол заңды құжат-журнал нөмірленген,тігілген, мөрмен және медициалық мекеменің жетекшісінің, сонымен қатар ҚР ДСМ аймақтық фармация Комитетінің өкілінің қолымен бекітілген болады.Аталған заттар сақталатын медициналық меемелердің барлық бөлімшелерінде осындай журналдар толтырылады.Бірінші парағында барлық заттардың тізімі жазылады: құрамында есірткелік заттар бар препараттар мен психотропты дәрілер, заттық-сандық есепке алынатын прекурсорлар.Әрбір түріне мөлшер бірлігі көрсетілген бөлек парақ бөлінеді.Жаңадан келіп түсулері келген құжаттарда саны мен қабылданған күні көрсетіліп жазылады. Жұмсалуы күнде тәртіппен жүргізіледі тіркеледі.Жауапты тұлға әр айдың бірінші жұлдызында қолда бар нақты құрамында есірткелік заттар бар препараттар мен психотропты дәрілерді және прекурсорлардың,санын журналда жазылған санынмен фактілеп тексереді,, тексеру актісі толтырылады.Үш адамнан тұратын комиссия (медициналық мекеменің өкілі,ішкі істер ұйымының өкілі,санитарлық-эпидемиологиялық ұйымның өкілі бірігіп наркотикалық және психотропты заттар болған ампулаларды жою туралы акт құрастырады.Актіде ампулалардың саны,(данасы) жазбаша түрде, қай уақыт кезеңі қамтылғаны,наркотикалық заттар қабылдаған пациенттердің аты-жөні және ауру тарихының № көрсетіледі.Ампулалар басып сындыру әдісімен жойылады.

    ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

    1. Мейіргерге пациентке наркотикалық анальгетик беруге (енгізуге) тек дәрігер медициналық картасына тағайындама жасағаннан кейін ғана рұқсат етіледі,енгізгенде қасында дәрігер болуы міндетті (жасалған иньекция туралы белгі медициналық картаға және ем тағайындайтын параққа жазылады,қолдары қойылады).

    2. Наркотикалық анальгетиктерден босаған ампулаларды мейіргер тастамайды, басқа да босаған бос ампулалармен бірге кезекшілікті қабылдайтын мейіргерге санап өткізеді.

    3. Есептейтін журналға мәліметтерді енгізеді,(қолданған ампулалардың санын және қалғандарының санын) ішінде дәрісі бар және қолданған, бос ампулалардың нақты санын көрсетеді.

    4. Наркотикалық анальгетиктердің барлығы таусылғаннан кейін бос ампулалар бөлімшенің аға мейіргеріне санап өткізіледі және орнына басқалары санап алынады.

    Сақталу тәртібін бұзғаны үшін және прекурсорларды,құрамында есірткелік заттары бар,психотропты дәрілерді және прекурсорларды дәрілік заттарды ұрлағаны үшін мейіргерге қылмыстық іс қозғалып жауапқа тартылады.

    ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАРАТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

    Барлық іс әрекеттерді жасағандағы сияқты, дәрі-дәрмектерді де таратқанда мейіргер гигиенаны сақтауы керек.Дәрілік заттарды таратарда мейіргер мұқият қолын жуады.Жылжымалы үстелге сыйымдылықтарды, сұйық дәрілік формалар құйылған флакондарды, тамызғыштарды (әрбір флаконға бөлек), дәрі ішуге арналған стаканшаларды,су құйылған ыдысты, таблеткларды таратуға арналған пинцетті, қайшыны салады. Алдын ала дәрігердің ем тағайындайтын парағымен танысады.Ол құжатта пациенттің аты, тегі, әкесінің аты, дәрінің толық атауы, дозасы,енгізізу уақыты мен енгізу әдісі анық жазылады. Мейіргер пациенттің алдында қайта тексереді.Егер бір пациентке бір мәрте қабылдауға бірнеше дәрәләк препарат жазылса, олардың бір-біріне үйлестітін, бірге беруге болатындығын және ішкізу реттілігін тексереді. Дәрілерді таратуға дайындап жатқанда, таратқанда жан-жағына алаңдауға болмайды.Заттаңбасындағы және дәрігердің ем тағайындайтын парағындағы жазуды мұқият оқып шығу керек(дәрілік заттаң атын, дозасын, жарамдылық мерзімін).Флаконда сақталатын дәрілік затты арнайы қасықпен немесе пинцетпен алу керек. Таблеткаларды конвалютаны кесіп, орамасын және дәрілік форманың атын сақтап шығарып алады.Сұйық дәрілік формалардың дозасын мұқият сақтау қажет,дәріні қабылдайтын тамызғыш, стақан қолдану керек.

    Егер дәрілік препаратты оның қандағы концентрациясын ұстау мақсатымен тәулігіне бірнеше рет қабылдау керек болса,қабылдау уақыты аралықтарын дұрыс сақтау қажет.Пациентке дәрілерлерді тарату кезінде енгізу әдісімен қабылдау уақытын ескеру керек.

    Дәрілік заттарды пациенттің қасында тұрып, психотерапияны қолданып. таратуға кеңес беріледі.Пациенттің дәрі оны ауруларынан айықтыратынына сенуі, оның тиімділігін арттырады. Дәрілік заттарды таратқанда жазуы бар (таңертең,күндіз, кешке, түнде), ыдыстарды қолданады, тек бір жетіспеушілігі пациент дайындап қойған дәрілерді қабылдамай қоюы.Сондықтан мейіргер пациенттің дәрілік препараттарды қаблдағанын қадағалап тұрады.

    ДӘРІЛІК ПРЕПАРАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ:

    Көк тамырға енгізу

    Артықшылықтары - терапиялық тиімділігінің тез болуы,қандағы препараттың дозасын нақты есептеу,басқа жолдармен енгізгенде бөшектеніп кететін препараттарды енгізу мүмкіндігі.

    Кемшіліктері- науқас үшін эмоциялық стресс, ауыртатыны, білікті медициналық персоналдың қажет болуы,пациенттің жұқпа жұқтырып алу қаупі, кейбір асқынуларының дамуы(тромбоз, эмболия және тб.).

    Бұлшық етке енгізу

    Артықшылықтары  - терапиялық тиімділігінің тез басталуы, басқа жолдармен енгізгенде бөшектеніп кететін препараттарды енгізу мүмкіндігі, енгізілген орнында осы препараттың "депосын" жасау мүмкіндігі.

    Кемшіліктері - науқас үшін эмоциялық стресс, ауыртатыны, білікті медициналық персоналдың қажет болуы, пациенттің жұқпа жұқтырып алу қаупі,қан тамырларының немесе жүйкесінің зақымдану қатері,таралуының капиллярлық қан айналымына байланысты болуы.

    Тері астына енгізу

    Артықшылықтары –баяу сорылуы, басқа жолдармен енгізгенде бөшектеніп кететін препараттарды енгізу мүмкіндігі, енгізілген орнында осы препараттың "депосын" жасау мүмкіндігі.

    Кемшіліктері - науқас үшін эмоциялық стресс, ауыртатыны, білікті медициналық персоналдың қажет болуы, пациенттің жұқпа жұқтырып алу қаупі, жергілікті қан айналымының қатты бұзылуларында (шүк, қаныт диабеті, артериялық қысымның төмен болуы) тиімсіз болуы.

    Интраназалды енгізу

    Артықшылықтары  - препараттың бас миына тез түсуі, тиімділігінің тез дамуы, білікті медициналық персоналды қажет етпейді, басқа жолдармен енгізгенде бөшектеніп кететін препараттарды енгізу мүмкіндігі, қолданылуының жеңілділігі және ыңғайлылығы.

    Кемшіліктері – мұрынның сілемейлі қабықтарының тітіркенуі,жергілікті аллергиялық реакциялар, қанға препараттың аз бөлігі түседі, препараттардың түрінің аз болуы, препараттың қандағы тұрақты концентрациясын қамтамасыз ету мүмкін болмайды.

    Пероральное енгізу

    Артықшылықтары  - пациент үшін ыңғайлылығы, білікті медициналық персоналды қажет етпеуі,терапияны ұзақ уақыт жалғастыру мүмкіндігі.

    Бақылау сұрақтары:

      1. Посттық мейіргер әрбір пациентке арналған тағайындамаларды күнде жазып алатын құжатты атаңыз?

      2. Дәріханадан дәрі-дәрмектерді алатын талап қағазына кімдер қол қояды?

      3. Бөлімшеде қажетті дәрі-дәрмектердің қанша күнге жететін саны сақталған болуы керек.

      4. Улы, есірткелік препараттарға және этил спиртіне талап қағаздар қай тілде және қанша данадан жазылады?

      5. Бөлімшені аға мейіргерінің кабинетінде дәрі-дәрмектер қалай сақталады?

      6. Процедуралық кабинетте және постта дәрі-дәрмектер қалай сақталады?

      7. «А» және «Б» тізімдеріне жататын дәрілік заттардың жұмсалуына есеп қалай жүргізіледі ?

      8. Бөлімшеде улы, есірткелік препараттардың және қатты әсер ететін заттардың қанша күнге жететін саны болуы керек?

      9. Улы, есірткелік препараттарды және қатты әсер ететін заттарды сақтаудың және есептеудің қатаң тәртібі немен түсіндіріледі?

      10. Пациенттерге дәрі-дәрмектерді таратқанда мейіргер сақтауға міндетті ережелер мен тәртіптерді айтып шығыңыздар.

    Дәрілік заттарды энтералды және сыртқа қолдану әдістері

    Дәрілік заттарды қолдану жолдары мен әдістері

    Дәрілік заттарды енгізу түрлерінің келесі жолдары мен әдістерін бөлуге болады:

    I. Сыртқа қолдану жолы:

    - теріге,

    - құлаққа,

    - көз конъюктивасына, мұрын қуысының,қынаптың сілемейлі қабығына.

    II. Энтералды жол:

    - ауыз арқылы ішке (per os),

    - тіл астына (sub lingua),

    - ұртқа салу (trans bucca),

    - тік ішек арқылы (per rectum).

    III. Ингаляциялық жол – тыныс алу жолдары арқылы.

    IV. Парентералды жол:

    - тері ішіне,

    - тері астына,

    - бұлшық етке,

    - көк тамырға,

    - артерия ішіне,

    - қуыстарға,

    - сүйек ішіне,

    - жұлынға,субарахноидалды кеңістікке.

    Дәрілік заттарды қолдану ережелері

    Дәрігердің рұқсатынсыз мейіргер дәрілік заттарды өзі тағайындауға немесе бір дәріні екінші дәрімен ауыстыруға құқығы жоқ. Дәрілік препарат пациентке қателесіп таратылған немесе дозасы жоғарылап кеткен болса,мейіргер бірден дәрігерге мәлімдеуге міндетті.

    Пациенттерге дәрілік препаттарды таратудың (енгізудің) қабылданған белгілі тәртібі болады:

    - Пациентке дәрілік затты бермей тұрып, қолды мұқият жуу керек, заттаңбасы сыртындағы жазуды зейін қойып оқиды,жарамдылық мерзімін, тағайындалған дозасын тексереді, содан кейін пациенттің дәріні ішкенін қадағалайды, (пациент дәріні мейіргердің көзінше ішуі керек).Пациент дәріні қабылдағаннан соң ем тағайындау парағына белгі салады, ол жерде күні және уақыты, дәрінің аты оның дозасы және енгізу әдісі анық жазылады.

    - Аш қарында қабылданатын дәрілік препараттарды, таңғы асқа 30-40 минут қалғанда беру керек.Егер дәрігер дәрілік препараттарды тамақ ішуге дейін қабылдау керек деп белгілесе, пациент ол препараттарды тамақ ішуден 15-30 минут бұрын ішкізуі керек.Тамақпен бірге қабылданатын дәрілерді пациент тамақ ішіп отырып қабылдайды.Тамақтан кейін ішілетін заттарды пациент тамақ ішіп болғаннан соң 15-20 минут өткенде ішеді.Ұйықтататын дәрілік препараттарды пациентке ұйықтауға 30 минут қалғанда қабылдайды. Кейбір препараттар (мысалы: нитроглицерин таблеткалары) үнемі пациенттің қолында болуы керек.

    -иньекция жасағанда қолды мұқият жууады және антисептикпен өңдейді, асептика ережесін қатаң сақтайды, (стерилді қолғаптар киеді және бет перде тағады),заттаңбадағы жазуды,жарамдылық мерзімін зейін қойып оқиды, стерилді флаконға ашылған күнді белгілейді.Препаратты енгізгеннен кейін ем тағайындау парағына күні мен уақытын, дәрінің атын,оның дозасын және енгізу әдісін жазады.

    - Дәрілерді тек қана дәріханада жасылған орамасында сақтау керек.Ерітінділерді бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға,таблеткаларды,ұнтақтарды басқа пакеттерге ауыстырып салуға, дәрінің орамасына жазуға тиым салынады, дәрілік заттарды бөлек сөрелерде сақтау керек (стерилді, ішке қабылдайтын, сыртқа).

    Мейіргер дәрілік терапияның тиімділігінің әртүрлі факторлардың әсерінен өзгеріп отыратынын пациентке түсіндіре алуы және түсіндіре білуі керек – белгілі бір ережені, диетаны сақтауы,ішімдік ішу және т.б. Дәрілік препараттарды алкогольдік ішімдікпен араластыру көптеген теріс әсерлерге әкеп соқтыруы мүмкін.

    Дәрілік заттарды сыртқа қолдану

    Дәрілік препараттарды сыртқа қолдану олардың жергілікті әсер етуіне негізделген.Бүтіндігі бұзылмаған тері арқылы тек майда еритін заттар сіңеді, сіңірілуі май бездерінің және шаш фолликулаларының сыртқа шағарылатын түтіктері арқылы жүзеге асады.

    Теріге сықпа май, эмульсия,ерітінділер,тұндырма, араласпа, сеппелер, паста түрінде жағылады. Дәрілік препараттарды теріге жағудың бірнеше әдісі бар:

    - Майлау(тері ауруларында өте кең қолданылады). Дәке тампонын препараттың қажетті мөлшерінде сулап алады және пациенттің денесіне шаш өсуінің бағытында ұзынынан жағады.

    - ысқылау (сұйықтықтар мен сықпа майларды тері арқылы енгізу). Бұл әдіс терісі жұқа және шаш аз өсетін тері аймақтарына( білектің бүгілетін аймақтары, санның артқы жағы, кеуде торының екі шеті) жағылады. Дәрілік препараттың қажетті мөлшерін теріге жағып алады, содан кейін жеңіл,шеңбер сызатын қимылдармен тері құрғап еткенше ысқылайды.

    - Жабысқақ пластырді (негізінде қою консистенциялы,құрамында дәрілік препараттартар бар, су өткізбейтін матамен жабылған) теріге жабыстыру. Жабысқақ пластырді дененің қажеті аймағына жабыстырмай тұрып, алдымен сол жердің шашын қырып тастайды, ал теріні 70 % этил спитрімен сүртіп майсыздандырады.

    - Опалауды және сеппе себуді баздану болғанда, қатты терлегенде құрғату сақсатымен қолданады.

    Дәрілерді таза теріге, таза құралдармен таза жуылған қолмен жағады. Дезинфекциялау үшін немесе рефлекторлы әсер ету үшін,(мысалы,йодпен тор жасағанда) теріні йод тұндырмасымен немесе 70 % спирт ерітіндісімен өңдейді. Ол үшін стерилді ұшында дәке тампоны бар таяқшаны ішінде иод бар флаконға малады да теріге жағады. Мақтаны ылғалдандырғанда таяқшаны йоды бар флаконға батыруға болмайды, таяз ыдысқа аздаған ерітінді құйып алып, мақтаны ғана ылғалдайды, себебі мақта қалдықтары бүкіл флаконға тарап кетуі мүмкін. Тұндырындыны қақпағы тығыз жабылмайтын ыдыста ұзақ сақтауға болмайды, себебі осындай жолмен сақталғанда құрамындағы спирттің ұшып кетуі себебінен йодттың қоюлығы жоғарылап кетеді, ал қоюлығы жоғары йод ерітіндісін теріге жаққанда теріні күйдіріп кетуі мүмкін.
    1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64


    написать администратору сайта