Главная страница
Навигация по странице:

  • Интраназалды жолмен жергілікті қолдану

  • Дәрілік заттарды құлаққа енгізу

  • Дәрілік заттарды қынапқа енгізу

  • Дәрілік заттарды энтералды жолмен енгізу

  • Дәрілік заттарды пероралды жолмен енгізу

  • Дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізу

  • Дәрілік заттарды сублингвалды әдіспен қолдану

  • Дәрілік заттарды трансбуккалды әдіспен қолдану

  • Дәрілік заттарды тыныс алу жолдарына ингаляциялық әдіспен енгізу

  • Дозаланған баллондық және аэрозолдық препараттар

  • Бумен ингаляция жасаулар.

  • ТАБЛЕТКАНЫ, КАПСУЛАНЫ, ДРАЖЕНІ, ПИЛЮЛЯНЫ ІШКІЗУ Мақсаты

  • ҰНТАҚТЫ ІШКІЗУ Мақсаты

  • Ескерту: Ұнтақты алдын-ала суға езіп алуға болады, содан кейін пациентке ішкізеді. ПРИМЕНЕНИЕ ТҰНБАНЫ, ЭКСТРАКТЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница30 из 64
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64

    Дәрілік препаратты жергілікті көз конъюнктивасына қолдану

    Көз зақымдануларын емдегенде әртүрлі дәрілік заттардың ерітінділері мен сықпа майлар қолданылады.Қолдану мақсаттары–жергілікті әсер ету. Конъюнктива дәрілік заттарды жақсы сіңіреді, сондықтан дозасын өте абайлап таңдау керек. Көзге дәріні тамызғышпен тамызады.

    Интраназалды жолмен жергілікті қолдану

    Мұрын қуысына (интраназалды) дәрілік заттарды сеппе,бу,сықпа май (амилнитрит, мүсәтір спиртінің буы) түрінде қолданады. Олар жергілікті, резорбтивті және рефлекторлы әсер етеді.мұрынның сілемейлі қабаты арқылы сіңірілу тер арада болады. Сеппелер мұрынға ішке тартылатын ауа ағымымен бірге енгізіледі:бір мұрын тесігін саусақпен жауып тұрып, екіншісімен сеппенң ішек қарай тартады.Тамшыларды пациенттің басын аздап артқа қарай шалқайтады да тамызғышпен енгізеді. Сықпа майды әйнек таяқшамен салады. Интраназалды енгізу жолы үшін арнайы оның ішінде дәрілік заттар ерітінді немесе суспензия түрінде болатын,әрі дәрілердің созылғыштығын жоғарылататын шашырытқыш-дозаторлар қолданылады,бұл әдіс дәрілік заттың мұрын қуысында ұзақтау тұрып қалуына әсер етеді.

    Дәрілік заттарды құлаққа енгізу

    Дәрілік заттарды құлаққа тамызғышпен енгізеді. Дәрілік затардың ерітінділері дене температурасына дейін жылытылады.Оң жақ сыртқы есту жолына тамызғанда пациент сол жамбасына жатады немесе басын сол жаққа қарай бұрады,сол жақ сыртқы есту жолына тамызғанда пациент-керісінше орналасады.Сыртқы есту жолына тамызғанан соң есту жолын мақта тампонымен жауып қояды.

    Дәрілік заттарды қынапқа енгізу

    Әйелдің жыныс мүшесінің ауруларын емдегенде дәрілік заттар қынапқа әртүрлі сұйықтықтармен және майлармен ылғалдандырылған түйіршіктер,мақта-дәке тампондары,ұнтақтар (сеппелер), ерітінділер түрінде майлау, шашырату арқылы енгізіледі.Медикаменттердің әсері жергілікті болады, себебі бүтіндігі бұзылмаған сілемейлі қабық арқылы сіңірілуі онша жоғары емес.Шашыратып, шайқауды Эсмарха крөжкесінің көмегімен (арнайы қынаптық ұштықтың көмегімен) жүргізеді немесе резеңке болланшамен жасайды, ем шара орындалғанда пациенттің жамбастары астына дәрет сауыты қойылады. Шашыратып, шайқауды тек дәрігердің тағайындамасымен жылытылған дәрілік ерітіндімен жасайды.

    Дәрілік заттарды энтералды жолмен енгізу

    Ішке (энтералды жолмен, АІЖ арқылы) дәрілік заттарды ауыз арқылы енгізеді (per os, пероралды), тік ішек арқылы (per rectum, ректалды), ұртқа салу арқылы (trans bucca, трансбукалды) және тіл арқылы (sub lingua, сублингвалды).

    Дәрілік заттарды пероралды жолмен енгізу

    Дәрілік затты ауыз арқылы енгізу(per os) – ең жиі қолданылатын әдіс, бұл әдіс дәрілік заттардың көптеген түрлерін стерилді емес түрінде енгізуге мүмкіндік береді.Ауыз арқылы қабылдағанда дәрілік препарат жіңішке ішекте сіңеді, қақпалы көк тамыр арқылы қара бауырға түседі және жалпы қан ағымына өтеді.Осы әдіспен енгізгенде препараттың құрамына және оның қасиеттеріне байланысты дәрілік заттың терапиялық концентрациясы орташа есеппен алғанда, қабылдағаннан кейін 30-90 минуттан соң болады.

    Дәрілік препаратарды пероралды әдіспен қабылдаудың кемшіліктері келесідегідей болады:

    1. Дәрінің қан ағымы жүйесіне баяу түсуі,(асқазанның толуына, тағамның түріне,дәрілік препараттың сіңірілуіне байланысты); асқазанның сілемейлі қабығы арқылы сіңірілу баяу жүреді, осы жерде тек майда ертін заттар ғана сіңеді, негізінде сорылу, сіңу процессі ішекте жүреді.Сонымен қатар дәрілік заттың жалпы қан ағымына ақырындап түсуі жетіспеушіліктері деп саналмайды: ауыз арқылы бір мәрте қабылдағаннан кейін жалпы жүйелік қан ағымына біртіндеп түсетін кейбір арнайы жасалған дәрілік формалар болады.

    2. Асқазан мен ішек сөлдерінің әсерінен дәрілік заттың толық ыдырауға дейін өзгеруі,сонымен қатар тағамдық заттармен араласу себебінен өзгеруі (адсорбциясы, еруі, химиялық реакциялары) және бауырда химиялық өзгерулерге ұшырауы.Бірақ кейбір дәрілік заттар белсенді емес субстанция түрінде шығарылады, олар тек организмде сәйкес келетін трансформациясы (метаболизмі) болғанда ғана, әсер ететін зат бола алады.

    3. Дәрінің қандағы және тіндердегі концентрациясын сіңу жылдамдығының әртүрлі болуы және сіңетін заттың мөлшерін анықтау қиындығы себебінен алдын ала болжау мүмкін еместігі. АІЖ және қара бауырдың аурулары препараттардың сіңу жылдамдығын және толықтығын қатты өзгертеді.

    Дәрілік заттарды ауыз арқылы ұнтақ, таблетока, пилюля, драже, капсула, ерітінді, тұндырынды және тұрынды, қайнатпа, экстракттілер, микстура (қоспалар) түрінде енгізеді:

    - Таблеткаларды, пилюляларды, дражелерді, капсулаларды сумен ішеді.

    - Ұнтақты мейіргер пациенттің тілінің үстіне шашып салады және су беріп ішкізеді. Жас балалар үшін таблеткаларды және пилюляларды алдымен суда ерітіп алады және осы түрінде ішкізеді.

    - ерітінділерді, тұндырманы, қайнатпаны және микстураны ересектер ас қасықтан (15 мл), жас балалар – шәй қасықтан (5 мл)немесе бал қасықтан (7, 5 мл) қабылдайды.Осы мақсатта мөлшерлемесі бар мензурканы қолданады. Жағымсыз иісі бар сұйық дәрілерді сумен бірге қабылдайды.

    - Спиртті тұндырмалар және кейбір ерітінділерді науқастар тамшы түрінде қабылдайды. Тамшының қажетті санын тамызғыштың көмегімен санап алады, тамызғыштар кейде флаконның аузына орналастырылған болады.Ішкізер алдында тамшыларды алдымен суға араластырып алады немесе тамшылардын кейін су ішеді.

    Дәрілік заттарды тік ішек арқылы енгізу

    Тік ішек арқылы(per rectum) сұйық дәрілерді (қайнатпа, тұндырмалар, созылмалы заттар) алмұрт тәрізді баллоншаны көмегімен (дәрілік клизмалар) және балауыздар (суппозиторийлер) енгізеді.Осы әдіспен енгізілген дәрілік заттар қанға төменгі геморроидалды көк тамырлар арқылы сіңеді және тік ішектің сілемейлі қабығына жергілікті және жалпы резорбтивті әсер көрсетеді.

    Дәрілік затты тік ішек арқылы енгізудің артықшылықтары:

    1. Тез арада сіңуі және дозасының тура нақты болуы.

    2. Дәрі ас қорыту жолдарының ферменттерімен әсерлеспейді,(тік ішекте олар болмайды) және төменгі геморроидалды көк тамырлар арқылы бірден төменгі көк тамырға ( демек жүйелі қан ағымына), бауырға түспей өтеді.

    3. Ректалды әдіс дәрілік заттарды енгізуге мүмкіндік береді:

    - құсудың болуы,өңештің өткізбеушілігі, жұтудың бұзылуы себебтерінен дәрілерді ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға енгізуге,

    - ес-түссіз жағдайда жатқан науқастарға енгізуге,

    - дәрі ішуден бас тартып жатқан жас балаларға енгізуге,

    - дәрі ішуден бас тартып жатқан психикалық ауруларға,

    - жүйкесі қозғанда, (шатасып сөйлегенде), ауыз арқылы дәрі қабылдау мүмкін болмағанда, шашырату қиын немесе өте қауіпті болғанда.Осындай жағдайларда тыныштандыратын дәрілерді дәрілік клизма түрінде енгізу,(мысалы,хлоралгидрат ерітіндісін) қозумен күресуде жақсы әсер өрсетеді.

    Балауыздар (суппозиторилер) фабрикадан шығарылған түрінде немесе дәріханада май негізінде дайындлған түрінде қолданады, оларға ұзыншақ конустың формасын береді және қатты қағазға орайды.Суппозиториді тоңазытқышта сақтайды.Қолданар алдында балауыздың үшкір жаған қағаздан босатады және тік ішекке орама қолда қалатындай қылып енгізеді. .

    Дәрілік заттарды сублингвалды әдіспен қолдану

    Дәрілік заттарды тіл астына салу әдісімен қолданғанда ол тез сіңіп кетеді, ас қорыту ферменттерінің әсерінен бұзылмайды және жалпы қан ағымына бауырға түспей өтеді.Бірақ осы әдісті тек онша үлкен емес дозада қолданылатын дәрілік заттарды енгізу үшін қолданады (изокет, нитроглицерин, «Валидол», жыныстық гормондар осылай қолданылады.)

    Дәрілік заттарды трансбуккалды әдіспен қолдану

    Дәрілік заттардың трансбуккалды формалары ұртпен қызыл иектің жоғарғы жағына жабыстырылатын пластинка және таблетка түрлерінде қолданылады.

    Дәрілік заттарды тыныс алу жолдарына ингаляциялық әдіспен енгізу

    Тыныс алу жолдарының және өкпенің әртүрлі ауруларында дәрілік препараттар бірден тыныс алу жолдарына енгізіледі.Дәрілік заттарды тыныс алу жолдарына деммен ішке тарту әдісімен енгізеді–ингаляция (лат. inhalatum – тынысты ішке алу). Дәрілік заттарды тыныс алу жолдарына енгізгенде олар жергілікті, резорбті және рефлекторлы әсер береді.

    Ингаляциялық әдіспен жергілікті және жалпылай әсер ететін дәрілік заттардың түрін енгізуге болады :

    - газ тәрізді заттарды (оттегі,азоттың шала тотығы),

    - ұшпалы сұйықтықтардың булары (эфир, фторотан),

    - аэрозолдер (ерітінділердің майда бөлшектері).

    Дозаланған баллондық және аэрозолдық препараттар бүгінгі күнде өте жиі қолданылады. Осындай баллондарды қолданғанда науқас ингаляцияны отыру немесе тұру қалпында,тыныс алу жолдары түзуленуі үшін және препарат бронхтарына жетуі үшін, басын сәл артқа қарай шалқайтып жасайды.Аздап жігерлі сілкуден кейін ингаляторды баллонын жоғары қаратып аудару қажет.Тынысты терең ішке тартып,науқас ішке тартудың алдында баллонды басып қалады,( ингалятор ауыз қуысында тұрған қалпында немесе спейсерді қолданып), содан кейін мүмкіндігінше демін сыртқа шығарады. Демді ішке тартқанда бірнеше секунтқа тыныс алуды тоқтатады,(дәрілік заттың майда бөлшектері бронхтың қабырғаларында тұрып қалуы үшін) және содан кейін босаңсыған қалыпта демді мұрын арқылы сыртқа шығару керек.

    Спейсер бұл арнайы камера- ингалятормен ауызға аралығындағы өткізгіш, оның ішіндегі дәрілік заттардың майда бөлшектері ұшпалы түрде 3-10 секундтай уақыт аралығында болады. Спейсердің ең қарапайым түрін пациент ,ұзындығы 7 см. дей болатын қағазды түтік түрінде орау әдісімен өзі қолдан жасап ала алады.

    Спейсерді қолданудың артықшылықтары төмендегідей:

    - жергілікті кері әсер ету қаупін төмендету мысалы, жөтел және глюкокортикоидтарды ингаляциялық әдіспен қолдануда болатын ауыз қуысының кандидозы

    - препараттың бүкіл организмге әсер етуінің алдын алу мүмкіндігі (оның сіңірілуі), себебі:тыныс жолына енбеген бөлшектері спейсердің қабырғаында тұры

    п қалады, ауыз қуысына енбейді.

    - бронх демікпесі ұсмасы кезінде препараттардың жоғары дозасын енгізу мүмкіндігі.

    Небулайзер.Бронх демікпесін және тыныс алу жолдарының созылмалы обструкцияларын емдеу кезінде небулайзер қолданылады (лат. nebula - туман) – дәрілік заттың ерітіндісін аэрозолға ауыстыратын қондырғы, бұл препаратты ауамен немесе оттегімен араластырып пациенттің өкпесіне жеткізеді. Аэрозолдің пайда болуы компрессорда сығылған ауаның (компрессорлы небулайзер сұйық дәрілік форманы тұман тәрізді бұлтқа айналдыратын сосын он ауамен емесе оттегімен бірге берілуі, шығарулуы, кейде ультрадыбыспен (ультрадыбысты небулайзер) жасалады.Аэрозолмен тыныс алу үшін бет перде немесе мундштук қолданылады, науқас ешқандай күш жұмсамайды.

    Небулайзерді қолданудың басымдылықтары:

    • дәрілік препараттарды белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз беріп отыру мүмкіндіктері.

    • Тынысты ішке тартудың аэрозолдің келуімен синхронизациялаудың қажет болмауы, ол небулайзерді жас балаларды және егде тартқан пациенттерді, сонымен қатар дозалы аэрозолді қолдану қиындық болғанда,тұншығудың ауыр ұстамасын емдеуге кең қолдану мүмкіндігі.

    • Препараттардың үлкен дозасын минималды кері әсерлер тигізуімен қолдану мүмкіндігі.

    Бумен ингаляция жасаулар. Жоғарғы тыныс алу жолдарының катаралды қабынуларында және баспаларда бұрыннан келе жатқан ем ол қарапайым ингалятордың көмегімен бу ингаляциясын жасау.Ысытылатын бөшкедегі су буының ағымы, горизонталды түтікке түседі,түтік арқылы шашыратқышқа түседі және вертикалды бүгілістегі ауамен араластырылады, осының салдарынан стакандғы дәрілік пепарат вертикалды түтіктің бойымен жоғары көтеріледі және бу түріндегі бөлшектерге майдаланып кетеді. Дәрілік бөлшектермен араласқан бу әйнек түтікке келіп түседі, оны науқас аузына алып, сол арқылы 5-20 минут бойы тыныс алады, (аузымен демді ішке тартады, мұрнымен тынысты сыртқа шығарады).Үй жағдайларында ингалятордың орнына шәугімді қолдануға болады, шүмегіне қағаз немесе пластмасса түтік жалғастырылады, демді ішке ауыз арқылы алады.Шәугімге шөптердің тұндырындысы,3 % натрий гидрокарбонатының ерітіндісі (ас содасы) немесе «Боржоми» табиғи минералды суы құйылады.

    ТАБЛЕТКАНЫ, КАПСУЛАНЫ, ДРАЖЕНІ, ПИЛЮЛЯНЫ ІШКІЗУ

    Мақсаты: емдік.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз: дәрігермен тағайындалған таблеткаларды, капсулаларды, дражелерді, пилюляларды, қайнаған,салқын су құйылған стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындаған парағын (ф. 004-1/е).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілік препаратты дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес таңдап алыңыз.

    2. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

    3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз.(атын дозасын,жарамдылық мерзімін оқыңыз).

    4. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    5. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    6. Тұлға аралық дистанцияны сақтаңыз (45-120см).

    7. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    8. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    9. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    10. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    11. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    12. Пациентке дәрілік зат туралы қажетті мәліметтерді айтыңыз және ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    14. Капсуланы немесе таблетканы орамасынан пинцетпен алыңыз немесе конвалютадан қаптамасынан босатып қайшымен кесіп алыңыз.

    15. Пациенттің аузын ашуын сұраңыз.

    16. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюляны пациенттің тілінің үстіне қойыңыз.

    17. Пациенттен дәрілік препаратты аздаған сумен жұтуын сұраңыз.

    Ескерту:

    • Пациенттің жұтуы қиындаған болса таблеткаларды сулап, ылғалдап алуға болады

    • Таблетканы бүтіндей жұтуы қиындаған пациенттерге,мейіргер таблетканы ұнтақ қылып үгітіп беруі керек

    • дражені, капсуланы, пилюляны өзгермеген түрінде қабылдауы керек

    • Аш қарында қабылданатын дәрілік препараттарды, таңғы асқа 30-40 минут қалғанда беру керек.

    • дәрілік препараттарды тамақ ішуге дейін қабылдау керек деп белгілесе, пациент ол препараттарды тамақ ішуден 15 минут бұрын ішуі керек.

    • Тамақпен бірге қабылданатын дәрілерді пациент тамақ ішіп отырып қабылдайды.

    • Тамақтан кейін ішілетін заттарды пациент тамақ ішіп болғаннан соң 15-20 минут өткенде ішеді

    Ұйықтататын дәрілік препараттарды пациентке ұйықтауға 30 минут қалғанда қабылдайды.

    ҰНТАҚТЫ ІШКІЗУ

    Мақсаты: емдік.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз:дәрілік затты, қайнаған,салқын су құйылған стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындаған парағын (ф. 004-1/е).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілік препаратты дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес таңдап алыңыз.

    2. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

    3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз.(атын дозасын,жарамдылық мерзімін оқыңыз).

    4. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    5. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    6. Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см).

    7. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    8. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    9. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    10. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    11. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    12. Пациентке дәрілік зат туралы қажетті мәліметтерді айтыңыз және ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    14. Дәрілік ұнтақ оралған қағазды ашып,орамасын ұзынша су ағар тәрізді қылып бүктеңіз.

    15. Пациенттен басын артқа қарай аздап шалқайтып, аузын ашып,тілін шығаруын сұраңыз.

    16. Абайлап ұнтақты пациенттің тілінің үстіне, артына қарай салыңыз (пациенттен тыныс алмай тұра тұруын өтініңіз).

    17. Ұнтақты жұтуы үшін артынан стаканмен су беріңіз.

    Ескерту:

      • Ұнтақты алдын-ала суға езіп алуға болады, содан кейін пациентке ішкізеді.

    ПРИМЕНЕНИЕ ТҰНБАНЫ, ЭКСТРАКТЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

    Мақсаты: емдік.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    .

    Дайындаңыз:дәрілік заттарды, мензурканы, қайнатылған салқын суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағы (ф. 004-1/е).

    .

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілік препаратты дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес таңдап алыңыз.

    2. Дәрілік препаратты қолдану нұсқаулығымен танысыңыз.

    3. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын,дәрігердің ем тағайындайтын парағымен сәйкестігін тексеріңіз,(атын дозасын,жарамдылық мерзімін оқыңыз,ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

    4. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    5. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    6. Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см).

    7. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    8. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    9. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    10. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    11. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    12. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    14. Мензуркаға дәрілік препараттың қажетті тамшы санын санап алыңыз.

    15. Үстіне аздаған су құйыңыз..

    16. Пациентке дайындалған ерітіндіні ішкізіңіз.

    17. Қолданылған мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа толық батырып салыңыз.
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64


    написать администратору сайта