Главная страница
Навигация по странице:

  • КӨЗГЕ ДӘРІЛІК ТАМШЫ ТАМЫЗУ Мақсаты

  • КӨЗ МАЙЫН АСТЫҢҒЫ ҚАБАҚҚА САЛУ (әйнек таяқшамен,тюбиктен) Мақсаты

  • ҚҰЛАҚҚА ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТАМЫЗУ Мақсаты

  • МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТАМЫЗУ Мақсаты

  • Мақсаты

  • Дайындаңыз

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница31 из 64
    1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64

    ТҰНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ ҚОЛДАНУ

    Мақсаты: емдік.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз:дәрілік препаратты, бөлшек белгісі салынған мензурканы немесе или шәй, бас, ас қасықтарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағы (ф. 004-1/е).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    3. Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см).

    4. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    5. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    6. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    7. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    8. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    9. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.Дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

    10. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын,дәрігердің ем тағайындайтын парағымен сәйкестігін тексеріңіз,(атын дозасын,жарамдылық мерзімін оқыңыз,ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

    11. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    12. Мензуркаға немесе қасыққа, дәрілік заттың дәрігер тағайындаған дозасын құйыңыз:

      • 1 шәй қасық - 5 мл;

      • 1 бал қасық - 7,5 мл - 10 мл;

      • 1 ас қасық - 15 мл.

    13. Пациентен дайындалған ерітіндіні ішуін сұраңыз, артынан аздаған су ішкізіңіз.

    14. Қолданылған мензурканы немесе қасықты ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа толық батырып салыңыз.

    КӨЗГЕ ДӘРІЛІК ТАМШЫ ТАМЫЗУ

    Мақсаты: емдік.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз:стерилді: лотокты, көз тамызғыштарын, дәке тампондарын, дәрілік заттарды, қолғаптарды, қайнатуға арналған сыйымдылықты,су моншасын, «Б», классына жататын медициналық қалдықтарды жинайтын ҚЖЖК, дәрігердің ем тағайындайтын парағы (ф. 004-1/е).

    .

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    3. Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см).

    4. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    5. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    6. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    7. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    8. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    9. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    10. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын,дәрігердің ем тағайындайтын парағымен сәйкестігін тексеріңіз,(атын дозасын,жарамдылық мерзімін оқыңыз,ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).Дәрілік ерітіндіні су моншасында Т - 36- 37С-қа дейін жылытыңыз.

    11. Пациентті жарыққа қаратып, басын сәл артқа шалқайтып отырғызыңыз немесе арқасымен жастықсыз төсекке жатқызыңыз.

    12. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    14. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз,ал пластиктан жасалған флакондағы стерилді көз тамшыларын қолданғанда оны түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызу үшін оның қабырғаларын аздап қысыңыз.

    15. Тамызғышты оң қолыңызға ұстаңыз, дәрілік ерітіндіні екі көзге жететіндей мөлшерлеп сорғызып алыңыз.

    16. Сол қолыңызға дәке тампонын ұстаңыз және астыңғы қабағын төмен тартыңыз,пациенттен жоғары қарауын сұраңыз.

    17. Дәрілік заттың бір тамшысын астыңғы конъюнктивалды мөшекке тамызғышты көзден1,0 - 1,5 см қашықтықта ұстап,кірпіктеріне және қабағына тигізбей,көздің ішкі бұрышына жақын ұстап, тамызыңыз.

    18. Пациенттен көзін жұмуын сұраңыз, және көз алмаларын айналдыруын сұраңыз,(дәрілік ерітінді ағып кетпеуі керек), біраз секундтан кейін осы көзге екінші тамшыны тамызып, манипуляцияны қайталаңыз.

    19. Тампонмен тамшының қалдығын көздің ішкі бұрышынан сүртіп алыңыз.

    20. Екінші көзге де тамшыны дәл осындай реттілікпен тамызыңыз.

    21. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз, қолданылған дәке тампондарын ҚЖЖК тастаңыз.

    22. Қолғаптарды шешіңіз, қолыңызды жуып кептіріңіз және құрғатыңыз.

    Ескерту:

      • бір көзге бірден екі тамшы тамызылса оның бір тамшысы ағып кетеді;

      • бір пациентке арналған тамызғыштардың саны дәрілік ерітіндінің санына байланысты болады, әрбір препарат үшін бөлек тамызғыш қолданылады;

      • көзден іріңді бөлінулер болғанда, алдымен оны тазалап жуып алады, дәрілік ерітінді содан кейін тамызылады;

      • көз– инфекцияға және жарақаттануларға өте сезімтал орган.

    КӨЗ МАЙЫН АСТЫҢҒЫ ҚАБАҚҚА САЛУ

    (әйнек таяқшамен,тюбиктен)

    Мақсаты: емдік.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз:стерилді: лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдар үшін),көз майын (дәрігердің тағайындамасы бойынша), әйнек көз таяқшаларын, дәке тампондарын, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды; ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысты, «Б», классына жататын медициналық қалдықтарды жинайтын ҚЖЖК, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (ф. 004-1/е).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    3. Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см).

    4. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    5. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    6. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    7. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    8. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    9. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    10. Көз майының атын,жарамдылығын,концентрациясын, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен сәйкестігін тексеріңіз,( дозасын,жарамдылық мерзімін оқыңыз,тюбиктің сыртқы түрін бүтіндігін бағалаңыз).

    11. Әйнек таяқташаның бүтіндігін тексеріз.

    12. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    14. Пациентті ыңғайлы қалыпта басын артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе жатқызыңыз,пациент жоғары қарап жатуы керек.

    15. Лотоктарды дайындаңыз (стерилдісін және қолданылған материалға арналғанын).Стерилді лотокқа пицетпен алып дәке тампондарын, мақта түйіршіктерін салыңыз.

    16. Оң қолыңызға әйнек таяқшаны ұстаңыз және оның жалпақ жағына майды оны толық жабатындай қылып,салып алыңыз.

    17. Таяқшаны самай жағынан бастап, көз ұясына қарай жылжытыңыз. (оң-көзге сол қолмен, ал сол көзге- оң қолмен, (таяқшаны май бар жағын төмен қаратып ұстайды).

    18. Таяқшаны көз алдында горизонталды қалапта,жалпақ шетін мұрын аралығына қаратып ұстайды.

    19. Сол қолға дәке тампонын ұстаңыз және астыңғы қабағын төмен қарай тартыңыз да әйнек таяқшаны майы бар жағын көз алмасына қаратып, бос жағын жоғары қаратып тығыз енгізіңіз, майды салыңыз.

    20. Астыңғы қабағын жіберіңіз және пациенттен көзін аздап жұмуын сұраңыз.

    21. Жұмылған көз қабақтары арасынан таяқшаны самай жаққа бағыттап,жылжытып, шығарып алыңыз.Салынған май көздің сілемейлі қабатына толық таралуы үшін,стерилді мақта түйіршігімен көз алмасын жұмылған қабағының үстінен аздап басып,уқалаңыз

    22. Екінші көзге майды дәл осындай реттілікпен салыңыз.

    23. Көз майын жағуды бірден тюбиктен жағу әдісімен де орындауға болады.

    24. Сол қолға дәке тампонын ұстаңыз және астыңғы қабағын төмен қарай тартыңыз.

    25. Тюбикті көздің ішкі бұрышына жақын ұстаңыз және майды тюбиктен астыңғы конъюнктивалды қатпарға астыңғы қабақтың бойынмен жылжып, сығып салып шығыңыз.

    26. Әйнек таяқшаларды ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа батырып, салыңыз, тампондармен түйіршіктерді ҚЖЖК-ге салыңыз.

    27. Қолғаптарды шешіңіз, оларды ҚЖЖК-ге салыңыз.

    28. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ҚҰЛАҚҚА ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТАМЫЗУ

    Мақсаты:емдік.

    Көрсетілімі:дәрігердің тағайындамасы–құлақ ауруы сезімінің болуы және құлақтың қабыну процестері.

    Дайындаңыз: стерилді: лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдар үшін), тамызғыштарды, мақта түйіршіктерін, мақта турундаларын, дәрілік заттарды(дәрігердің тағайындамасы бойынша), қолғаптарды, қайнатуға арналған сыйымдылықты, су моншасын,ҚЖЖК-ді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (ф. 004-1/е).

    .

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    3. Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см).

    4. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    5. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    6. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    7. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    8. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    9. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    10. Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын,дәрігердің ем тағайындайтын парағымен сәйкестігін тексеріңіз,(атын концентрациясын, дозасын,жарамдылық мерзімін оқыңыз,флаконның, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

    11. Дәрілік ерітіндіні су моншасында 36-37ºС температураға дейін жылытыңыз.

    12. Пациентті отырғызыңыз немесе бір жамбасына жатқызыңыз.

    13. Пациенттің басын құлағы сау жағына қарай қисайтыңыз.

    14. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    15. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    16. Лотоктарды дайындаңыз (стерилдісін және қолданылған материалға арналғанын).Стерилді лотокқа дәке тампондарын, мақта түйіршіктерін пицетпен алып салыңыз.

    17. Есту жолында құлақ бөлінділері болса, оны мақта турундасымен тазалап алыңыз,оларды қолданылған материалдар салатын лотокқа салыңыз.

    18. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз,ал пластиктан жасалған флакондағы стерилді көз тамшыларын қолданғанда оны түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызу үшін оның қабырғаларын аздап қысыңыз.

    19. Тамызғышты оң қолға ұстап, дәрілік ерітіндіні сорғызып алыңыз.

    20. Сол қолыңызбен пациенттің құлағын сырғалығынан ұстап, артқа және жоғары қарай тартыңыз (сыртқы есту жолын түзулеу үшін), тамызғышты оң қолмен ұстаңыз және есту жолына 2-3 тамшы тамызыңыз.

    21. Тамшыларды құлақтың ішіне қарай бағыттау үшін аздап құлақ көзелегін басыңыз.

    22. Пациенттің сыртқы құлағына мақта түйіршігін енгізіңіз және пациенттен басын белгілі бір уақытқа дейін қисайтқан қалыпта ұстап тұруын өтініңіз, содан кейін осы құлақты стерилді мақтамен құрғатыңыз.

    23. Қолданылған турундаларды, мақта түйіршіктерін ҚЖЖК-ке тастаңыз, тамызғыштарды қайнататын ыдысқа салыңыз.

    24. Қолғаптарды шешіңіз, оларды ҚЖЖК-ге салыңыз.

    25. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ЕРІТІНДІНІ ТАМЫЗУ

    Мақсаты: емдік.

    Көрсетілімі: дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз: стерилді: лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдар үшін), көз тамызғыштарын, мақта түйіршіктерін, мақта турундаларын, дәрілік заттарды, қолғаптарды, вазелин майын; қайнатуға арналған сыйымдылықты, су моншасын, «Б» тобының медициналық қалдықтарын салатын ҚЖЖК-ді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (ф. 004-1/е).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    3. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    4. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    5. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    6. Дәрілік заттың жарамдылығын, дәрігердің ем тағайындамасымен сәйкестігін тексеріңіз(атын, концентрациясын, дозасын, жарамдылық мерзімін,флаконның бүтіндігін тексеріңіз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).Дәрілік затты су моншасында Т - 36-37С дейін жылытыңыз.

    7. Пациентті басын аздап артқа қарай шалқайтқан және тамшы тамызылатын мұрын қуысына қарама-қарсы жағына қарай қисайтқан қалпында отырғызыңыз немесе арқасымен жастықсыз төсекке жатқызыңыз.

    8. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    9. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    10. Лотоктарды дайындаңыз (стерилдісін және қолданылған материалға арналғанын).Стерилді лотокқа дәке тампондарын, мақта түйіршіктерін пицетпен алып салыңыз.

    11. Мұрын қуысын қарап тексеріңіз, мұрын бөлінділері немесе қабыршықтар бар болса, мұрын қуысына күтім жүргізіңіз.(стандартын қара).

    12. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз,ал пластиктен жасалған флакондағы стерилді мұрын тамшыларын қолданғанда оны түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызу үшін оның қабырғаларын аздап қысыңыз.

    13. Мақта түйіршіктерін оң қолға алақанға V саусақпен қысып ұстаңыз.

    14. Тамызғышты оң қолмен алыңыз, оған дәрілік ерітіндіні екі мұрын қуысына жететіндей мөлшерде сорғызып алыңыз.

    15. Сол қолдың 4 саусағын пациенттің маңдайына қойыңыз,ал үлкен саусақпен пациенттің мұрын ұшын жоғары қарай көтеріңіз.

    16. Тамызғышты мұрын қуысына, оның қабырғаларына тигізіп алмай 1-1,5 см тереңдікке енгізіңіз.

    17. Мұрынның сілемейлі қабығына 3-4 тамшы ерітінді тамызыңыз.

    18. Мұрын қанатын мұрын аралығына қарай мақта түйіршігімен қысыңыз және жеңіл айналмалы қимылдармен уқалаңыз.

    19. Басын дәрілік ерітінді тамызылған жаққа қарай қисайтыңыз.

    20. 2 минуттан кейін екінші мұрын қуысына дәрілік ерітіндіні дәл осындай реттілікпен тамызыңыз. Пациенттен өзін қалай сезінетінін сұраңыз.

    21. Тамызғыштарды қайнататын ыдысқа салыңыз, қолданылған мақта түйіршіктерін ҚЖЖК- тастаңыз.

    22. Қолғаптарды шешіңіз, оларды ҚЖЖК-ге салыңыз.Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту:-мұрынға майлы ерітінділерді тамызғанда, пациент аузына тамшының дәмі келгенін сезуі қажет және тамызылғаннан соң пациент тамшылар жұтқыншақтың артқы қабырғасымен ағуы үшін, бірнеше минут жата тұруы керек. (мұрын қанатын мұрын аралығына қарай қыспаңыз);

    - тығынында тамызғыш орнатылған пластиктен жасалған флаконшалардағы дәрілік заттар тек бір пациентке ғана қолданылады.

    ЖЕКЕ БАС ИНГАЛЯТОРДЫ ҚОЛДАНУ

    (пациентті дәрілік затты ауыз арқылы ингаляцииялауға үйрету)

    Мақсаты: емдік,оқыту:пациентті инголяторды өз бетімен қолдануға үйрету.

    Көрсетілімі: қан айналымы және тыныс алу жүйелерінің ауруларындағы дәрігердің тағайындамасы.

    Дайындаңыз: қолданыста болған екі қалта ингаляторын, үшіншісі– дәрілік затымен, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (ф. 004-1/е).

    .

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.

    3. Тұлға аралық ара-қашықтықты сақтаңыз (45-120см).

    4. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    5. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз

    6. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    7. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    8. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    9. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз

    10. Дәрілік заттың жарамдылығын, дәрігердің ем тағайындамасымен сәйкестігін тексеріңіз(атын, концентрациясын, дозасын, жарамдылық мерзімін оқыңыз).

    11. Пациенттке жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе егер пациенттің жағдайы көтерсе, осы ем шараны түрегеп тұру қалпында орындау дұрысырақ, себебі: өкпелердің тыныс алудағы экскурсиясы жоғарырақ болады.

    12. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    13. Екі бос ингалятордың біреуін пациентке беріңіз, біреуін өзіңіз алыңыз.

    14. Дәрісі жоқ ингаляторды қолданып пациентке ем-шараның орындалу реттілігін жасап көрсетіңіз.

    15. Ингалятордың мундштугынан қорғаныс қалпағын шешіңіз.

    16. Ингаляторды аэрозолдің түбін жоғары қаратып, үлкен саусақпен мундштук жағын ұстап төңкеріңіз,2-ші саусақпен ингалятордың түбін қамтып ұстаңыз, бірнеше рет жігерлі сілкіңіз.

    17. Пациенттен асықпай ауыз арқылы тынысын терең сыртқа шығаруын сұраңыз.

    18. Аэрозолді ингаляторды қолыңызға алыңыз, аузына жақындатыңыз, пациенттен ингалятордың мундштугын еріндерімен қамтып алуын және басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.

    19. Пациенттен терең тыныс алуын сұраңыз және дәл осы мезетте ингалятордың түбін басып қалыңыз– осы кезде аэрозол түріндегі дәрілік зат организмге түседі.

    20. Пациенттен аэрозолді демді ішке тартып, тыныс алуды 10-12 секундқа дейін ұстап тұруын сұраңыз, ингалятордың мундштугын ауызынан шығарып алыңыз,содан кейін пациент ақырындап мұрын арқылы демді сыртқа шығарыды.

    21. Ингалятордың мундштугына қорғаныс қалпағын кигізіңіз.

    22. Пациенттен осы ем шараны өз бетінше сіздің көз алдыңызда, бос ингалятормен жасап көрсетуін сүраңыз.Содан кейін дәрісі бар ингаляторды қолданып көрсетуі керек.

    23. Пациенттің дәрісі бар ингалятормен ем-шараны орындауын бақылаңыз.
    1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   64


    написать администратору сайта