Главная страница
Навигация по странице:

  • Антибиотиктердің әсер етуінің екі түрлі негізгі механизмі болады: 1) Бактерицидтік механизмі

  • Бактериостатикалық механизмі

  • Қандай антибиотиктер болуы мүмкін I. Әсер ету механизміне байланысты

  • Әсер ету спектріне байланысты

  • Ұрпақтарына байланысты

  • ТЕСУЛЕР-пункциялар ТЕСУЛЕР (сұғып алу)

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница39 из 64
    1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64

    АНТИБИОТИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    Барлық антибиотиктер келесі топтарға бөлінеді:

    Пенициллиндер.

    Цефалоспориндер.

    Макролидтер.

    Фторхинолондер.

    Пенициллиндер өз табиғатында болуы мүмкін: табиғи – бензилпенициллин, немесе синтетикалық – оксациллин, ампициллин. Бұндай препараттар бактериялармен күрескенде өте тиімді болады, олардың қабырғаларын бүліндіреді, патогенді микроорганизмнің өлімін тудырады. Осы топтың препаратарымен емдегенде ешқашан аллергия немесе дене температурасының көтерілуі сияқты кері әсерлері болмайды.Пенициллиндердің негізі ерекшеліктері олардың токсикалық әсерінің төмен болуы, олар жоғары дозада қолданыла береді, ал емдеу көптеген жағдайларда ұзаққа созылады.

    Цефалоспориндер –өте жоғары белсенді антибактериалды препараттардың тобына жатады.Олар инфекция ошағына енгенде бактерияның мембранасы бүлінеді. Бұл заттар бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіледі, пероралды әдіспен беріледі.

    Кейбір жағдайларда онша ауыр емес аллергиялық реакциялар және бүйрек функциясының бұзылуы болуы мүмкін.

    Макролидтер бұрын пенициллинге аллергиялық реакциялары бар пациенттерге кең қолданылатын. Бұл препараттар токсикалық әсер көрсетпейді және аллергия тудырмайды.

    Фторхинолиндер грамтеріс бактерияларға қарсы өте жоғары белсенді қасиеттері бар. Қысқа уақытта жасушаның ішіне ене алады және жасауша ішіндегі микробтарды зақымдайды. Бұл ең қауіпсіз және усыз антибиотиктердің бірі, себебі олармен емдегенде асқазан –ішек жолдарының жұмысы да бұзылмайды.

    Тыныс алу жолдары

    Тыныс алу жолдарының ауруларының қатарына жататындары:трахеит, бронхит, плеврит, өкпе қабынуы.Осы кеселдердің барлығына тән екі негізгі ауру белгісі болады олар— дене температурасының көтерілуі және жөтел. Осы ауру белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу керек, ол дұрыс ем тағайындайды. Осылай жасалған әрекеттер арқасында көптеген асқынулардың алдын-алуға болады.

    Тыныс алу жолдарын зақымдайтын бактериялармен күресуде, тиімділігі жоғары препараттар ішінен Амоксиклавты, Амоксициллинді, Аугментинді ерекше атауға болады. Осы антибиотиктер пенициллин қатарына жатады. Кейбір респираторлық ауруларды тудыратын бактериялар пенициллин қатарындағы антибиотиктерге төзімді болады. Бұндай жағдайларда Авелокс, Левофлоксацин – трифторхинолон және фторхинолон тағайындалады.

    Цефалоспориндер өкпе қабынуы, плеврит және бронхит ауруларында тиімді болады. Осы ауруларды емдеу үшін Цинацеф, Зиннат, Супракс кең қолданылады.Қоздырғыштары микоплазмалар мен хламидиялар болатын атипті өкпе қабынуын Хемоцин және Сумамед қолданып, айықтырып алуға болады. Осы препараттардың әрқайсысы – суық тигенде қолдануға болатын әсері ең күшті антибиотиктер.

    Антибиотиктер –биологиялық заттар, немесе олар жартылай синтетикалық жолмен алынған заттар,олар көптеген ауру тудыратын әртүрлі микроорганизмдерге кері әсерлер көрсетеді (тіршілік етуін ауырлатады немесе толық өлімін тудырады). (көптеген бактерияларға, кейбір кездерде қапайымдарға және т.б.).

    Антибиотиктер түзілетін немесе олар алынатын негізгі табиғи көздер: көгеретін саңырауқұлақтар - пеницилиум, цефалоспориум және басқалары (пенициллин, цефалоспорин); актиномицеттер (тетрациклин, стрептомицин), кейбір бактериялар (грамицидин), жоғары сатыдағы өсімдіктер (фитонцидтер) болып табылады.

    Антибиотиктердің әсер етуінің екі түрлі негізгі механизмі болады:

    1) Бактерицидтік механизмі -бактериялардың олардың тіршілік етуіне өте маңызды жасушалық құрылымына әсер ету арқылы өсуін толық тоқтату, салдарынан микроорганизмдердің өлімін толтыру. Осы әсері бактерицидті деп аталады,микробтарды өлтіреді деген ұғым. Мысалы пенициллин, цефалексин, гентамицин осындай әсер көрсете алады.Бактерицидтік препараттардың тиімділігі тез басталады.

    2) Бактериостатикалық механизмі - бактериялардың көбейуін тежеумен көрсетіледі, микробтардың тізбегінің өсуі тежеледі,сөйтіп микробтарға, оларды қыратын әсерді организмнің өзі, нақтырақ айтылғанда иммундық жүйенің жасушалары – лейкоциттер көрсетеді. Осындай әсерді эритромицин, тетрациклин, левомицетин көрсетеді. Егер емдеудің толық курсы алынбаса және бактериостатикалық әсер көрсететін антибиотиктерді қабылдау уақыты тағайындалғанынан ерте аяқталса,ауру белгілері қайлануы мүмкін.

    Қандай антибиотиктер болуы мүмкін?

    I. Әсер ету механизміне байланысты:
    - Бактерицидтік антибиотиктер (пенициллин, стрептомицин топтары, цефалоспориндер, аминогликозидтер, полимиксин, грамицидин, рифампицин, ристомицин)
    - Бактериостатикалық антибиотиктер (макролидтер,тетрациклин, левомицетин, линкомицин топтары).

    II. Әсер ету спектріне байланысты:
    - Кең спектрлі әсер ететін (қоздырғыш анықталмаған кезде тағайындалады, көптеген патогендерге кең антибактериалды әсер көрсетеді,бірақ қолданғанда организмнің әртүрлі жүйесіндегі қалыпты микрофлораның да жойылып кетуі болатындығын да ескеру керек.Мысалы: ампициллин, цефалоспориндер, аминогликозидтер, тетрациклин, левомицетин, макролидтер, карбапенемдер.
    - Тар спектрлі әсер ететін:
    1) Басымдылық әсері қарсы көрсетіледі:гр+ бактериялар және кокктар - стафилококктер, стрептококктер (пенициллиндер, I-II буынды цефалоспориндер, линкомицин, фузидин, ванкомицин);
    2) Басымдылық әсері қарсы көрсетіледі: гр- бактериялар, мысалы:ішек таяқшасы және басқалары (III буынды цефалоспориндер, аминогликозидтер, азтреонам, полимиксиндер).
    - Тар спектрлі әсер ететін басқа да антибиотиктер:
    1) Туберкулезге қарсы әсер ететін препараттар (стрептомицин, рифампицин, флоримицин)
    2) Саңырауқұлақтарға қарсы әсер ететін препараттар (нистатин, леворин, амфортерицин В, батрафен)
    3) Қарапайыдыларға қарсы (мономицин)
    4) Ісіктерге қарсы (актиномициндер)

    III. Ұрпақтарына байланысты: Бүгінгі күнде антибиотиктердің 1, 2, 3, 4 буындары қолданылады.
    Мысалы:цефалоспориндердің препараттары 1, 2, 3, 4 буынды болады және осыларға жататындары:
    - 1-ші буынға жататындары: цефалексин, цепорин, цефалотин;
    - 2-ші буынға жататындары: цефамезин, цефазолин (кефзол), цефамандол (мандол);
    - 3-ші буынға жататындары: цефотаксим (клафоран), цефуроксим (кетоцеф), цефтриаксон (лонгацеф), цефуроксим аксетил (зиннат), цефтазидим (фортум);
    - 4-ші буынға жататындары: цефепим, цефпиром (цефром, кейтен)ж/е т.б.

    Антибиотиктердің жаңа ұрпақтары бұрынғыларымен салыстырғанда микроорганизмдерге тигізетін кеңірек спектрлі әсерімен,адам организмі үшін қауіпті емес болмауымен ерекшеленеді,(демек кері әсерлері сирек тіркеледі), оларды қабылдау оңай болады, (егербірінші ұопақтың препаратын күніне 4 мәрте енгізу керек болса, 3 және 4 ұрпақтыларды–тәулігіне 1-2 мәрте ғана енгізеді), бұрынғыларынан «сенімдірек» деп саналады, (себебі бактериалдық ошақтардағы олардың тиімділіктері өте жоғары болады,сонымен қатар терапиялық әсері ерте басталады.Сонымен қатар соңғы ұрпақты заманауи препараттардың пероралдық формалары болады (таблеткалары, сироптары) олар тәулігіне бір мәрте ішіледі, көптеген пациенттер үшін өте қолайлы деп саналады.

    Антибиотиктер организмге қалай түсірілуі мүмкін?

    1) Ауыз арқылы немесе пероралды (таблеткалар, капсулалар, тамшылар, сироптар).Біліп жүретін бір жайт ол кейбір препараттардың асқазанда нашар сіңуі немесе асқазанда толық ыдырап, жойылып кетуі,(пенициллин, аминогликозидтер, карбапинемдер).
    2) Организмнің ішкі ортасына немесе парентералды (бұлшық етке, көк тамырға, жұлын қуысына).
    3) Тік ішекке немесе ректалды ( клизмалар жасау).
    Антибиотиктерді ауыз арқылы (пероралды) қабылдағанда оның әсерін ұзақ уақыт күтуге тура келеді, ал парентералдық жолмен енгізгенде әсері тез болады.Демек аурулардың ауыр түрлерінде препараттарды парентералды әдіспен енгізу басымдырақ болады.

    Қабылдағаннан кейін антибиотик қанға түседі,содан кейін белгілі органға немесе жүйеге түседі.Белгілі бір препараттар,тек белгілі бір органға ғана жиналады, әсер етеді.Сондықтан әртүрлі ауруларда препараттарды тағайындауды антибиотиктің осы қасиеттерін ескере отырып жасайды. Мысалы, сүйек тіндерінің патологиясында линкомицин, есту жүйелерінің ауруларында- жартылайсинтетикалық пенициллинді және т.б. Азитромицин көптеген жүйелерге тез тарай алатын препарат: өкпе қабынуында – өкпе тіндерінде жиналады, ал пиелонефритте – бүйректерге жиналады. 

    Антибиотиктер организмнен бірнеше жолдармен шығарылады:зәрмен: өзгерілмеген түрінде– барлық суда еритін антибиотиктер шығарылады (мысалы пенициллиндер, цефалоспориндер); зәрмен өзгерген түрінде: (мысалы: тетрациклиндер, аминогликозидтер); зәрмен және өтпен (мысалы: тетрациклин, рифампицин, левомицетин, эритромицин).

    Антибиотикті қабылдау алдында пациентке берілетін ұсыныстар:

    Дәрігер антибиотикті тағайындамай тұрып сіз оған айтуыңыз керек:
    - дәрілік препараттардың бұрын болған кері әсерлері туралы.
    - дәрілік препараттарға бұрын болған аллергиялық реакциялар туралы
    - дәл қазір басқа ем қабылдап жүргеніңіз туралы және сіз бұрыннан қабылдап жүрген препараттардың қазір қабылдау керек препараттармен қосылатындары туралы.
    - Жүктелік немесе балаға емшек емізетініңіз туралы .

    Сіз білуіңіз керек (дәрігерден сұраңыз немесе препараттың қолдану нұсқаулығынан табыңыз ):
    - Препараттың дозасы қандай екендігін және тәулігіне қанша рет қабылдау керектігін?
    - Емдеу кезінде ерекше тамақтану қажет пе, жоқ па?
    - Емдеу курсы қандай (антибиотикті қаншалықты ұзақ қабылдау керек)?
    - Препараттың мүмкін болатын кері әсерлері бар ма?
    - Пероралды формалары үшін – дәріні қабылдаудың тамақ ішумен байланысы.
    - Кері әсерлерінің алдын алу керек пе (мысалы, ішек дисбактериозы оның алдын –алу мақсатымен пробиотиктер беріледі).

    Антибиотиктерді қабылдағанда дәрігердің кеңесін қашан алу керек: 
    - Аллергиялық реакцияның белгісі пайда болғанда (теріде бөртпенің болуы, терінің қышуы, еентігк, тамақтың ісінулері горла және т.б.
    - Егер қабылдағаннан 3-күн өткенде, өзін жақсы сезіну байқалмаса, керісінше қосымша белгілер пайда болса.

    Антибиотиктерді қабылдау ерекшкліктері:

    Препаратты пероралды әдіспен қабылдағанда ішу уақыты маңызды болады (антибиотиктер ас қорыту жолында тағаммен араласуы мүмкін және салдарынан ерімейтін және нашар еритін қосындылардың түзілуі туындайды, олар жалпы қан ағымына нашар сіңеді, сондықтан препараттың тиімділігі де төмен болады).

    Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін қан құрамындағы антибиотиктің орташа терапевтік концентрациясын жасау өте маңызды жағдай болып табылады. Сондықтан дәрігер тағайындаған дозаны және тәулікте қабылдау санын сақтау өте маңызды болады.

    Қазіргі кезде микроорганизмдердің антибиотикке резистенттің проблемасы өте өткір болып тұр (микроорганизмдердің антибактериалдық препараттардың әсеріне төзімді болуы). Антибиотикке резистенттіктің негізгі себебі: дәрігерге бармай өз бетінше емделуі; емделу курсының үзілуі (осылар сөзсіз толық тиімділіктің болмауына әкеп соқтырады және микробты «шынықтырады»); вирустық жұқпаларды емдеу үшін антибиотиктерді қолдану (осы топтағы препараттаржасуша ішілік микроорганизмдерге демек, вирустарға әсер етпейді. Сондықтан вирустық ауруларды антибиотикпен емдеу дұрыс емес, себебі осы жағдай тек иммунитет тапшылығын тудырады.

    Екінші маңызды проблема ол антибиотикотерапияда дамитын кері әсерлер реакцияларының болуы (ас қорытудың бұзылуы, дисбактериоз, жеке бас қабылдамаушылығы және басқалары).

    Осы проблемаларды тек рационалды антибиотикотерапияны жасаумен ғана шешуге болады (препаратты сауатты түрде тағайындау,нақты бір ауруда, антибиотиктің қай органдажәне жүйеде жақсы жиналатынын, қандай қоюлықта әсерінің жақсы болатынын білгеннен кейін сонымен қатар терепевтік дозасын кәсіптік түрде тағайындау керек).Антибактериалды препараттардың жаңа түрлері жасалып шығарылуда.

    Антибиотиктерді қабылдаудың жалпы ережелері:

    1) Кез-келген антибиотикті тек дәрігер тағайындауы қажет!

    2) вирустық инфекциялар болғанда антибиотиктермен дәрігерсіз өз бетінше емделуге тиым салынады (асқынуының алдын аламын деген сеніммен).Сіз вирустық инфекцияның барсысын ауырлатып жііберуіңіз мүмкін. Қабылдау туралы сұрақты тек 3 күн ұдайы сақталған безгекте немесе соэылмалы бактериалды ошақ қайта өршігенде қоюға болады. Нақты көрсетілімдерін дәрігер анықтайды!

    3) Антибиотикпен емделу керек деп анықталған курсын қатаң сақтау қажет.Өзін жақсы сезіне бастағаннан кейін дәріні қабылдауды тоқтатпау керек. Ауру қайтадан асқынып басталуы мүмкін.

    4) Емделу барысында препараттың дозасын түзетпеу керек.

    5) Антибиотикті 0,5-1 стакан сумен жұтып қабылдайды. Оларды шәймен, шырынмен, сүтпен бірге ішкізбеңіз.Олар «бос» түрінде, әсерсіз болады.Сүтті және сүт өнімдерін антибиотикті қабылдағаннан кейін 4 сағат өткенде ішеді немесе емделу терапия курсында мүлдем бас тартады.

    6) Препаратты қабылдау мен тамақ ішу жиілігін, реттілігін және кезектігін сақтаңыз (әртүрлі препараттар әртүрлі қабылданады:тамақ ішуге дейін, ішкенде, соңынан).

    7) Антибиотикті қабылдау уақытын қатаң сақтаңыз. Егер күніне 1 рет болса, онда нақты бір уақытта,егер күніне 2 рет болса онда, қатаң12 сағат өткенде, егер 3 рет болса –онда 8 сағат өткеннен кейін, егер 4 рет болса –6 сағаттан кейін және т.с.с.Бұл препараттың организмде қажетті қоюлығын жасау үшін өте маңызды.Егер қабылдау уақытын өткізіп алсаңыз пациентке дәріні дереу қабылдату керек.

    8) Антибиотиктерді қабылдау физикалық күш түсуді төмендетуді және спортпен шұғылдануды толық тоқтатуды талап етеді.

    9)Кейбір препараттар бір-бірімен әсерлеседі. Мысалы,гормоналды контрацептивтердің әсрі антибиотиктерді қабылдағанда төмендейді.Антацидтерді қабылдау (маалокс, ренни, алмагель және басқалары), сонымен қатарэнтеросорбенттерді (белсендірілген көмір, ақ көмір, энтеросгель, полифепам және басқалары) антибиотиктің сіңірілуіне әсер етуі мүмкін, поэтому не рекомендуется одновременный прием данныхСондықтан осы препараттарды бірге қабылдауғаболмайды.

    10) Антибиотиктермен емдеу курсында спиртті ішімдікті (алкогөл) ішуге болмайды.

    Антибиотиктерді жүкті және емшекпен емізетіндердің қабылдау мүмкіндіктері

    Көрсетімі болса қауіпсіз(демек, пайдасы тисе,минималды кері әсері болады): пенициллиндерді, цефалоспориндерді жүктіліктің және емізудің барлық кезеңінде қабылдай береді (бірақ балада ішек дисбактериоз дамуы мүмкін). Жүктіліктің 12-ші аптасынан кейін макролидтердің препараттарын тағайындауға болады.Жүктілік кезеңінде аминогликозидтерді, тетрациклиндерді, левомицетин, рифампицин, фторхинолонді қабылдауғ болмайды.

    Жас балаларды антибиотиктермен емдеу мүмкіндіктері

    Науқас жас баланы антибиотиктермен емдеу көрсетілімдерін дәрігер және тек қана анықтайды, тағайындау себебі: созылмалы бронхиттің,отиттің гаймориттің және синуситтің асқынуы, дамып келе жатқан өкпе қабынуы және оған ұқсас жағдайлар. Микобактериялық инфекцияда (туберкулез), антибиотиктерді тағайындауды кешіктіруге болмайды, себебі арнайы антибактериялық препараттар емдеу сызбасының негізгі тірегі болып тбылады.

    Антибиотиктердің кері әсерлері

    1.Аллергиялық реакциялар(анафилактикалық шүк, аллергодерматоздар, Квинке ісігі,астматикалықбронхит)
    2. Бауырға тигізетін токсикалық әсерлері (тетрациклиндер, рифампицин, эритромицин,сульфаниламидтер)
    3.Қан жүйелеріне токсикалық әсерлері(левомицетин,рифампицин, стрептомицин)
    4. Ас қорыту жүйесіне тигізетін токсикалық әсерлері(тетрациклин, эритромицин).
    5.Кешенді токсикалық–есту жүйкесінің невриті,көру жүйкесінің зақымдануы, вестибулярлы бұзылулар,полиневриттің даму мүмкіндігі,бүйректерге тигізетін токсикалық әсерлері (аминогликозидтер).
    6.Яриша—Гейцгеймер реакциясы (эндотоксиндік шүк) – бактерицидті антибиотикті тағайындағанда,«эндотоксиндік соққы»дамиды, бактериялардың мыңдаған санының бірден жойылуы салдарынан дамиды.Келесі инфекцияларда дамиды: (менингококцемия, іш сүзегі, лептоспироз және т.б.).
    7.Ішек дисбактериозы – ішек микрофлорасының тепе-теңдігінің бұзылуы.

    Антибиотиктер патогендік микробтармен қатар қалыпты,жағдайлы микрофлораны да жояды. Иммундық жүйе бұрын осы затпен "таныс" болған. Антибиотиктермен емдегенде организмге белсенді түрде жаңа микроорганизмдер түседі, оларды тану үшін уақыт керек, сондықтан антибиотик әсер етпейтін микробтар саны өсіп кетеді.Осы себептен иммунитеттің төмендеуі белгілері дамиды.

    Антибиотикотерапия курсы аяқталғанда пациенттерге берілетін кеңестер:

    Антибиотиктермен емделген кез-келген курстардан кейін қайтадан қалапқа келу қажет.Бұл кез-келген препараттың бәрі бір бәрінде болатын кері әсерлерімен байланысты болады.

    Диета аяп-ашатын болуы керек,тағам құрамынан тұзы мен дәмі ашты, қуырылған тағамдар шығарылып тасталады, тамақты аз мөлшермен жиі-жиі (күніне 5 мәрте) 14 күн бойы ішкізеді.
    2. Ас қорыту жүйесінің бұзылған функцияларын қалпына келтіру үшін, ферментттік препараттар тағайындалады.(креон, микразим, эрмиталь, панцитрат).
    3.Ішек дисбиозын қалпына келтіру үшін( қалыпты ішек микрофлорасының тепе-теңдігінің бұзылуы)пробиотиктерді қабылдауға кеңес беріледі.
    - Бактисубтил1 капсуладан күніне 3 рет 7-10күн,
    - Бифиформ 1 таб. күніне 2 рет 10 күн,
    - Линнекс1 капсуладан күніне 2-3 рет 7-10 күн,
    - Бифидумбактерин форте 5-10 дозасын 2 рет 10 күн,
    - Аципол1 капсуладан 3-4 р/сут 10-14 күн.
    4. Гепатотоксикалық әсері бар препараттарды қолданғаннан кейін (мысалы: тетрациклин, эритромицин, сульфаниламидтер, рифампицин) өсімдік негізіндегі гепатопротекторларды қабылдауға кеңес беріледі: гепатрин, овесол (1 капс немесе табл күніне 2-3 рет), карсил (2 табл. күніне 3 рет) 14-21 күн бойы.
    5. Антибиотиктердің курсын ішкеннен кейін өсімдіктен жасалған иммуномодуляторларды қабылдауға (иммунал) кеңес беріледі.

    ТЕСУЛЕР-пункциялар

    ТЕСУЛЕР (сұғып алу) - организмнің қуысын немесе органның қабырғасын іші қуыс инемен немесе троакармен емдік немесе диагностикалық мақсатпен тесу.

    Плевра қуысын тесу (плевроцентез) қуысында ауаның, ылғалдың, жиналып қалған сұйықтықтың түрін (қан, ірің, экссудат, транссудат) анықтау үшін жасалады.Плевралды тесу плевра қуысынан жиналып қалған сұйықтықтықты шығаруға мүмкіндік береді.Қуыстан ауа мен судың ұзақ аспирациясына дайындайды.

    Егер плевра қуысында қою экссудат жиналып қалса, тесуді троакармен оның ішіндегі стилетпен жасайды.Плевра қуысында көп мөлшерлі сұйықтық жиналғанда ол жерде оң қысым пайда болады да,торакоцентез жасағанда өз ағымымен шығады.Сұйықтықты үлкен шприцпен (Жане) немесе арнайы сорғышпен шығаруға болады.Белсенді түрде сорғызу, ем шараны тездетеді,бірақ сұйықтықтың көп мөлшерін эвакуациялау,кеуде ішіндегі қысымның шұғыл өзгеруін және қан айналымының өзгеруін тудырады. Сондықтан сұйықтықты шығаруді біртіндеп, пациенттің жалпы жағдайын қадағалаумен жүргізу қажет.

    Перикард қуысын тесу ол жерде жиналып қалған, жүректі қысып жіберетін сұйықтықты шығару және іріңді экссудативті перикардиттік қуысқа антибиотик енгізу мақсатымен жүргізіледі.

    Тесуді жүректің кеуде торына жақын келмеген және перикард қабығы ең үстіртін орналасқан жерден жасайды.Төс сүйегінің семсерше тәрізді өскінінің негізіне сол VII қабырғаның бірігіп, тірелуінен пайда болатын бұрыш ең ыңғайлы жер деп саналады.Анестезиядан кейін ұзын инені төменнен жоғары қарай 450 бұрышпен тері, тері асты шел май қабаты, сіңірлері арқылы енгізеді. Содан кейін инені төс сүйегіне қатарластыра жоғары қарай бағыттайды. Көкеттің сіңірлерінің түйіндерін тесіп өткеннен кейін перикард қуысына түседі. Сұйықтық жүрек аймағындағы сөмкенің төменгі жағына жиналып қалады, сондықтан жүректі жарақаттап алу қаупі онша үлкен емес.

    Іш қуысын тесу(лапароцентез) ішінде жиналып қалған сұйықтықтың бар,жоқтығын анықтау және сұйықтықтың түрін білу, асциттік сұйықтықты шығару және дәрілік затты енгізу үшін жасалады.Тесуді іш қуысындағы органдарға эндоскопиялық зерттеулерді,лапароскопия (перитонеоскопия) жасау үшін оған ауаны немесе басқа да газды енгізу мақсатымен жүргізіледі.

    Іш қуысының ішіне ауа толған бос жері жоқ. Ішкі органдар бір-біріне өты тығыз орналасады.Сондықтан тесуді өте абайлап, байқап жасайды.

    Операция п асептика ережесінің қатаң сақталуымен жүргізіледі.

    Сұйықтық сыртқа тез арада ағып шығатын болса, іш қуысының және кеуде ішіндегі қысымның төмендеп кетуі және айналымдағы сұйықтықтың таралуының бұзылуы салдарынан коллапс пен естен тану жағдайы болуы мүмкін.Сұйықтықтың ағу жылдамдығын арнайы қондырғымен немесе түтікті қысып қоюмен реттейді.Ағу жылдамдығын ішті сүлгімен қатты тартып байлау арқылы немесе ішті қолмен басу арқылы реттеуге болады.

    Буынды тесуді қуыстағы сұйықтықты шығару және оны зерттеу, буын қуысын жуу,дәрілік затты енгізу мақсатымен жасайды.Тесуге қарсы көрсетілім,тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы болады.Тесуді операция немесе таңу жасалатын орындарда асептика ережесін қатаң сақтау жағдайында жүргізеді, себебі іріңді-қабыну үрдістері тез дамиды.

    Төс сүйегін тесуді (стерналды пункцияны)сүйек майын алу мақсатымен және содан кейін оны микроскоппен зерттеу үшін жасалады.Бұл қан жасайтын жүйенің әртүрлі ауруларын анықтау мақсатымен жасалады.

    Стерналды тесуді жасау үшін арнайы Кассирски инесі қолданылады. Ол ине жуан түтік ішіне стилет орнатылған сияқты құрал.Түтікке сүйекті тескенде иненің оған енуін шектейтін (сүйекті тесіп кетпейтіндей) қондырғы орнатылған болады.

    Плевраны тесу торакалды хирургияда кең тараған ем шараның бірі. Бұл кеуде торын және плевраны диагностикалау,аурудың ауырлық деңгейін білу мақсатымен сәйкес келетін ем жасау үшін жүргізіледі.

    Осы ем шараны орындаудың көрсетілімі өкпеге жақын орналасқан плевра қуысында ауаның, сұйықтықтың жиналып қалуы.Салдарынан өкпе қысылады да тыныс алу қиындайды.Плевраны тесу жасалатын ауруларға жатады: экссудативті плеврит, гидроторакс, пневмоторакс, подозрение на опухоль плевраның қатерлі ісігі деген күдік болғанда, туберкулез және басқалары.
    1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64


    написать администратору сайта