Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский
Скачать 1.87 Mb.
|
ПОСТУРАЛДЫ ДРЕНАЖ Мақсаты:пациенттің төсектегі дене қалпын өзгерту арқылы қақырықтың шығуын қамтамасыз ету,постдуралды дренажды қалыпта қақырық ауырлық күшінің әсерінен ағып шығады. Көрсетілімі:тыныс алу жолдарының аурулары (бронх қабынуы, бронхоэктазды ауру,өкпе абсцессі т.б.). Дайындаңыз:¼ бөлігі дезинфекциялайтын ерітіндімен толтырылған түкіргішті,егер қақырық зерттеуге жиналатын болмаса. Іс-әрекет алгоритмі: Пациентке төсекте жатқанда дренажды дене қалпын берудің себебімен маңызын түсіндіріңіз (қақырықтың өз ағыммымен бөлінуін қамтамасыз ету). Ем-шараны орындауға пациенттің келісімін алыңыз. Пациентті постуралды дренажды жасау ережесіне үйретіңіз. Түкіргішті пациенттің қасына, оған қолы оңай жететіндей жерге қойыңыз. Дренажды дене қалпына Квинке әдісімен жатқызыңыз: кереуеттің аяқ жағын,кереуеттің бас жағы деңгейінен 20-30 см биік қылып көтеріңіз; төсекте жатқан пациенттің жалпы жағдайын бақылаңыз.Жөтелгенде қақырықтың көптеп шыға бастағанына көз жеткізіңіз; ем-шараны 20-30 минут ұзақтықта, арасында 10-15 минуттық үзіліс жасап бірнеше рет қайталаңыз; кереуетті қалыпты жағдайға келтіріңіз, (пациент денесінің көтеріңкі қалыпта болуымен байланысты дамыған,жағымсыз сезімдерге шағымданғанда). Пациентті арқасына жатқызыңыз: пациенттің денесін тұлғаның өсі бойынша 360С айналдырыңыз; пациенттің денесін толық 45С бұрыңыз содан кейін демді терең ішке тартуын және тез арада демін сыртқа шығаруын сұраңыз; пациент жөтеле бастағанда, оған жақсылап жөтеліп алуға мүмкіндік беріңіз; ем-шараны күніне 3-6 мәрте, арасында 10-15 минуттық үзіліс жасап бірнеше рет қайталаңыз;. Пациентті оң жамбасымен жатқызыңыз –«кереует астынан аяқ киім іздеу») жағдайында жату түрі. пациенттің басын және қолдарын кереует деңгейінен аласа қылып түсіріңіз; төсекте жатқан пациенттің жалпы жағдайын бақылаңыз.Жөтел пайда болғанда қақырықтың шығуы арта бастағанына көз жеткізіңіз; осы ем-шараны сол жамбасымен жату қалпында қайталаңыз; осы ем-шараны күніне 5-6 рет қайталаңыз. Пациентен тізелер-шынтақтарда тұру дене қалпын алуын сұраңыз– «сыйынған мұсылман» жағдайында жату түрі. пациенттен тізелерімен тұруын және алдығы қарай еңкейуін сұраңыз; пациенттен еңкейуін 6-8 рет орындауын, арасында 1 минут үзіліс жасауын,содан кейін сыйынуды 6-8 рет қайталап жасауын сұраңыз (не бәрі 6 циклдан аспайды); ем-шараны күніне 5-6 мәрте қайталаңыз. Пациентке төсекте ыңғайлы жату қалпын беріңіз. Түкіргішті дезинфекциялаңыз. Ем-шараның орындалғаны және пациенттің ем-шараға берген реакциясы туралы белгі жасаңыз. Ескерту:!Пациент төсекте жатқанда дене қалпын өзгертумен байланысты пайда болған жағымсыз сезімдерге шағымданғанда немесе пациент жөтелмей қалғанда осы ем–шараның орындалуын доғарыңыз. (Дәрігерге хабарлаңыз). 4. Қан түкіру (греч. – haemoptoe) – тыныс алу жолдарынан жөтелгенде қанның немесе қан аралас қақырықтың бөлініп шығуы.Қан қақырық ішінде біркелкі араласқан түрінде болуы (мысалы, өкпе рагінде қақырықтың «таңқурай желесі» түрінде болуы) немесе бөлек-бөлек жолақтар түрінде болуы мүмкін.Крупозды пневмонияда қақырық «тотты» болуы мүмкін.Қан кетудің көзі өкпе артериясының тамырлар жүйесі немесе бронхиалды қан тамырлары болуы мүмкін. Нақты емес қан кету деп аталатын қан түкірудің көзі қанап тұратын қызыл иек, сонымен қатар мұрын қанағанда қанның құйылып кетуі де болуы мүмкін. Қан түкіру–жедел стационарға жатқызудың көрсеткіші, себебі қақырықта қанның болуы өкпеден қан кетудің бастапқы белгісі болуы мүмкін. Қан түкіру Мақсаты: өкпеден қан кетудің профилактикасы Мейіргерлік араласулардың жоспары: 1 .Дәрігерді шақыртыңыз. 2. Пациентті төсегіне бас жағын көтеріңкі қалыпта жатқызыңыз, физикалық және психологиялық тыныштық орнатыңыз. 3.Ыстық тамақ ішкізбеңіз.. 4. Ылғалды сүртуді жасау. 5.Сөйлесуге және қозғалуға тиым салу. 6. Қатаң төсекте жату қалпында, салқын тамақ ішкізіңіз. 5. Өкпеден қан кету.Тыныс алу жолдарынан едәуір мөлшерлі қанның бөлініп шығуы (жөтелгенде немесе үздіксіз ағыммен) өкпеден қан кету деп аталады. Өкпеден массивті қан кетуде шыққан қанның мөлшері 24 – 498 сағаттар аралығында 240 мл-дей болады.Массивті қан кету пациенттің өміріне қауіп төндіреді.Қан кетудің ең жиі кездесетін себептері өкпе туберкулезі, бронхоэктаз ауруы,өкпе абсцессі, муковисцидоз және басқалары болады. Өкпеден қан кету көптеген жағдайларда қанның өкпенің төменгі бөліктерінде жиналып, ұйып қалуын тудырады және аспирациялық өкпе қабынуын тудырады. Өкпеден қан кетуді асқазаннан қан кетуден ажырата білу керек.Өкпеден қан кеткенде қан: ал қызыл түсті, көбікті болады, ұйымайды, сілтілік реакциялы болып,жөтелгенде бөлініп шығады.Асқазаннан қан кеткенде қан: қара қошқыл түсті,реакциясы қышқыл асқазан сөлімен араласудан кейін және тұзқышқылды гематиннің түзілуі себебінен «кофе қоюлығы»сияқты болады, реакциясы қышқыл, тағаммен араласқан, құсқанда бөлініп шығады. Қан түкіру және өкпеден қан кету – өте байсалды қабылданатын симптомдар,бұлар дереу дәрігерлік араласуларды талап етеді, сонымен қатар клиникалық, құралдық: диагностикалық рентгеноскопияны, томографияны, бронхоскопияны тез арада жасауды етеді. ӨКПЕДЕН ҚАН КЕТУ Өкпеден қан кету (гемоптоз) –бұл тыныс алу жолдарынан жөтелгенде қысқа уақыт аралығында үлкен мөлшерлі (10-мл ден асатын) таза қанның бөлініп шығуы. Қан түкіру – бұл жөтелгенде көп мөлшерлі таза қанның немесе қан аралас қақырықтың бөлініп шығуы.Қан түкіру қақырық араласқан ұйыған қан кесектерінің түрінде,қақырықта қан жолақтарының болуымен,кейде «таңқурай желесі»сиякты – өкпе рагында, «тотты»-крупозды пневмонияда болады.Тыныс алу жолдарынан шығатын қан аралас қақырық және таза қан әрдайым көбіктенген,ал қызыл түсті, ұйымайды, құрамында тағам қалдықтары болмайды. Себептері:өкпенің туберкулезі және өкпе рагі,өкпенің абсцесі және гангренасы,кеуде торының жарақаттары,өкпе инфаркты, өкпе қабынулары, бронхоэктазды ауру, жүрек аурулары (ақаулары,аортаның жарылуы, аневризмасы).Осы ауруларда жұтқыншақтың,кеңірдек пен бронхтардың немесе өкпе тіндерінің сілемейлі қабатының бүтіндігі бұзылады (демек капиллярларының жарылуы болады). Симптомдары: Қан түкіру және қан ағу жөтелгенде пайда болады.Терісі бозарған, суық тер, бет әлпетінде қорыққаны көрінеді, ентігу,жалпы әлсіздік, бас айналуы. Тыныс алуы үстіртін, жиіленген.Пульсі – жиіленген, әлсіз. Артериялық қысымы төмендеген. Дәрігерге дейінгі көмегі: Тәуелсіз мейіргерлік араласулар: Пациенттке жартылай отыру немесе толық отыру қалпын беріңіз және тыныштандырыңыз. Толық физикалық (қатаң төсекте жату ережесі) және психикалық тыныштық орнатыңыз. Кеуде торын тыныс алуға кедергі жасайтын киімдерінен босатыңыз. Пациенттен жөтелін тежей тұруын, терең тыныс алуын сұраңыз және сөйлесуіне,(тек дауыстамай ақырын сөйлеуге болады), шылым шегуге,күшейуіне тиым салыңыз (аяқтарын аздап қимылдатуға болады). Пациентті жартылай сұйық салқын тағаммен,аз мөлшермен тамақтандырыңыз,суық дәрумендерге бай сусындар ішкізіңіз. Кеуде торына мұзды мұйық, суық сумен ылғалданған сүлгі басыңыз. Іштің төменгі жағын және аяқтарын жылытыңыз АҚ, пульсін, тыныс алуын бақылаңыз. Дәрігерді шақыртыңыз, тек оның тағайындамаларына сәйкес қана гемостатикалық терапия жүргізіледі. Пациентті тез арада арнайы стационарға зімбілмен жартылай отыру қалпында көтеріп, жеткізіп госпитализациялау керек. ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Қыша қағазын қоюға,компрес жасауға қатаң тиым салынады! 6. Кеуде торының ауруы сезімі. Тыныс алу жолдарының ауруларында ауру сезімі синдромы патологиялық процеске плевраның (плевриттер,плевралық өкпе қабынулары, пневмоторакс,плевраның карциноматозы және т.б.) тартылуымен байланысты болады.Плевралық ауру сезімдері тыныс алу қозғалыстарымен шақырылады, осы себептен пациенттер үстіртіе тыныс алуға тырысады. Плевралық ауру сезімдері бар пациенттерге күтім жүргізу науқасқа ыңғайлы,тыныс алу қозғалыстарын шектейтін дене қалпын берумен (пациент ауру жағының жамбасымен жатады) тұжырымдалады, дәрігердің тағайындамасына сәйкес қарапайым физиотерапиялық ем-шараларды орындау (қыша қағаздарын қою және т.б.) Пациенттің дене температурасы 38 °С асып кеткенде кез-келген физиотерапиялық ем-шараларды жасауға тиым салынады. Дәрігердің тағайындамасымен пациентті ауру сезімін басатын және жөтелге қарсы қолданылатын препараттармен қамтамасыз ету. Пациентте экссудативті плеврит болғанда[плевраның ылғалданып, қуысында сұйықтық жиналып қалуы] осындай пациенттерге дәрігердің тағайындамасымен плевра қуысын тесу(торакоцентез,плевроцентез) жасалады. Осындай жағдайларда пациентті ем-шараға дайындау және дәрігерге қажетті кәсіптік көмек көрсету мен ем-шара жасалғанда ассистент болу керек. Кеуде торының ауруы сезімі. Мақсаты:пациент 3- 5 күн өткенде ауру сезімінің басылғанын айтады. Мейіргерлік араласулардың жоспары: 1. Пациентке төсегінде ауру сезімін бәсеңдететін дене қалпында болуды қамтамасыз ету. 2. Физикалық белсінділікті шектеу,физикалық және психикалық тыныштық орнату. 3. Пациентті релаксация әдістеріне үйрету. 4. Қыша қағаздарын, йодты торларды салуды қолдану. 5. Физиоем-шаралары. 6. Пациенттің жалпы жағдайын бақылау. 7. Дәрігердің тағайындауымен: анальгетиктерді және жөтелді бәсеңдететін препараттарды қолдану. РЕЛАКСАЦИЯ Релаксация – бұл оның көмегімен жартылай немесе толықтай физикалық немесе психикалық ойлап қамығудан арылу әдісі. Релаксация әдістерін алдын-ала меңгеріп алу керек,критикалық мезетте тітіркендірушілерге және психикалық шаршауларға еш қиындықсыз қарсы тұруға болатындай болу үшін.Үйрену сабақтары жүйелі түрде жүргізілетін болса релаксациялық жаттығулар біртіндеп әдет болып кетеді де, жағымды әсерлермен ұласып отырады, бірақ осы әдістерді толық меңгеріп алу үшін табандылық пен шыдамдылық қажет болады.Релаксация әдістемесі қарапайым болғанымен,оның тиімділігі таңқаларлықтай болуы мүмкін.Релаксация болғанда организмнің жүйелері қалыптыға жақын ережеде жұмыс жасай бастайды,сондықтан организмнің көптеген маңызды функциялары қайтадан қалпына келе бастайды. Ауру біртіндеп жеңіле бастайды. Арқасымен жатқызу немесе «ат айдаушының қалпы» деп аталатын дене қалпында отыру керек, көздерді жұму,көкетпен (ішпен) онша терең емес тыныс алу және омыртқа бағаны бойындағы бұлшық еттердің босаңсығанын сезіну. Баста ешқандай ойлардың болмау керек (бұл осы әдістеменің ең қиын тәсілі). Бұл жеңілдіктің жайлы, жылы әсерімен ұласатын тыныштық орнаған осы жағдайда қалағаныңызша болуға болады.Дененің барлық бұлшық еттерін толық босаңсытатын осы дағдыны меңгеріп алғанда, дұрыс тыныс алумен қосарласатын қысқа уақыттық демалыс,күш пен жұмыс істеу қабілетін қайта қалпына келтіреді,ал есте сақтау қабілетімен аяқ пен қолдың жылануын шақыруды жасай білу, қандай да бір жүйеге қанның құйылуын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бақылау сұрақтары Ентігу дегеніміз не? Ентігудің түрлерін атаңыздар. Тахипноэ, брадипноэ терминдеріне түсінік беріңіз. Асфиксия дегеніміз не? Тұншығу дегеніміз не? Демікпе кезінде науқастың жағдайын жеңілдететін шараларды атаңыздар. Жөтел дегеніміз не, оның қандай түрлері болады? Жөтел кезінде науқасқа қандай күтім шаралары орындалады? Қақырық дегеніміз не ? Оның қандай түрлері болады? Қан түкіру дегеніміз не? Қан түкірген кезде және өкпеден қан кеткенде қандай шараларды орындау қажет? Оксигенотерапия, беру әдістері. Жүрек -қан тамырлар жүйесінің қызметі бұзылғандағы мейіргерлік процесс Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларының негізгі проблемалары. Пациенттерді бақылау және күтім жүргізу. Артериялық гипертензия. Артериялық гипертензиядан зардап шегетін пациентке күтім жүргізгенде пациенттің емдік-қорғау ережесінің барлық талаптарын қатаң орындауын ерекше қадағалау керек, себебі:теріс эмоциялар, жүйке-психикалық күштердің түсуі, нашар ұйықтауы аурудың барысын асқындырып жіберуі мүмкін. Гипертониялық криз дереу дәрігерлік араласуларды және тез арада антигипертензивті препараттарды енгізуді талап етеді, себебі ол ми және коронарлық қан айналымының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Гипертониялық аурудағы мейіргерлік процесс. Гипертониялық ауру–бұл артериялық қысымның жоғарылауымен сипатталатын организмнің жалпы ауруы және ол ішкі органдардың қандай да бір белгілі ауруларымен байланысты емес болады.БҰҰ –ның аясындағы дүние жүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы артериялық қысымның (жас мөлшеріне байланысты емес) жоғарылауы деп оның 140/90 мм сын. бғ. биік болуын айтады. Гипертониялық ауруда болатын қатерлі факторлар: 1. Тұқым қуалаушылық. 2. Жиі және ауыр болатын психоэмоциялық күш түсулер. 3. Ас тұзын шамадан тыс қолдану (4 - 6 г/тәу көп болуы). 4. Сезімдік. 5. Темекі тарту. 6. Алкоголді ішімдікті көп жиі ішу. Пациенттің проблемалары: А. Бүгінгі күнде бары (дәл қазіргі): - бас аурулары - бас айналулары - ұйқысының бұзылуы - ашуланшақтық - еңбек ету мен демалудың міндетті түрдегі реттіліктерінің болмауы - тұзы ас аз диетаның сақталмауы - дәрілік препараттарды ұдайы үзбей қабылдамауы - АҚ көтерілуін шақыратын факторлар туралы білімінің тапшы болуы Б. Потенциалды проблемалары: - гипертониялық криздің даму қатері - жедел миокард инфарктінің немесе ми қан айналымының шұғыл бұзылу қауіп-қатері; - көру функциясының ерте төмендеуі - созылмалы бүйрек жұмысының жетіспеушілігінің даму қатері. Алғашқы қарап тексеру кезінде мәліметтерді жинау: 1. Пациенттен кәсіптік жұмыс жасау барысындағы жағдайы туралы, жанұясындағы өзара сыйластық деңгейін, ұжымдастарымен қарым қатынастарын сұрастырып біліп алу керек. 2. Пациенттен оның жақын туыстарында гипертониялық аурудың бар немесе жоқтығын сұрастыру. 3. Пациенттің тамақтану ережелерінің ерекшеліктерін зерттеу. 4. Пациенттен зиянды әдеттері туралы сұрау: - темекі шегу (қандай темекі шегеді, тәулігіне шегетін сигареттерінің немесе папиросының санын); - Алкоголді ішімдікті ішетіні туралы (қандай жиілікте және қанша мөлшерде). 5. Пациенттен дәрілік препараттар туралы сұрау:қандай медикаменттер қабылдайды,қабылдау жиілігін,жүйелігін және қабылдауы мен көтеруін (энап, атенолол. клофелин және т.б.). 6. Пациенттің қарап тексеру кезіндегі шағымдарын білу. 7. Пациентті қарап тексеру: - терісінің түсін - цианоздың белгілерін іздеу - төсектегі дене қалпын - пульсін зерттеу - артериялық қысымды өлшеу. Мейіргерлік араласулар,пациенттің жанұя мүшелерінің жұмысын қоса есептегенде: 1. Пациентпен/жанұясымен ас тұзын (4-6 г/тәул аспауы керек) шектейтін ем-дәмді сақтау қажеттілігі туралы әңгіме өткізу. 2. Пациентті аяп-ашатын күн тәртібінің қажет екендігіне пациентті сендіре білу (жұмыс жасайтын жердегі және үйіндегі жағдайларын жақсарту, мүмкін болса жұмыс істеу тәртібін, дем алу түрін өзгерту 3. Пациентке жеткілікті ұйқыны қамтамасыз ету,жақсы ұйықтауға көмек болатын жағдайларды түсіндіру:бөлмені желдету, тура ұйқыға жатар алдында тамақ ішпеу, мазасыздық тудыратын теле бағдарламаларды қарамау.Қажет болған кездерде тыныштандыратын және ұйықтатын препараттарды тағайындау туралы дәрігермен кеңесіп алу. 4. Тітіркену мен қорқыныш сезімін жою мақсатымен пациентке релаксация әдістерін үйрету. 5. Пациентке темекі шегу мен алкоголдік ішімдіктің артериялық қысымға тигізетін әсері туралы мәліметтерді айту. 6. Пациентке емдейтін дәрігер тағайындаған дәрілік препараттардың тигізетін әсері туралы мәліметтерді айту,оны дәрілік препараттарды тек дәрігер тағайындағын дозада ғана және жүйелі түрде,әрі ұзақ уақыт тамақ ішкен сәттерде қабылдау керектігін түсіндіре білу. 7. Гипертониялық аурудың мүмкін болатын асқынуларын айтып беру, олардың себептерін атап, көрсете білу. 8. Пациенттің дене салмағын қадағалау, күн тәртібі мен ем дәмді сақтау. 9. Стационарлық пациенттердің туысқандары немесе жақындары әкелетін сәлемдемелердегі тағамдарды тексеру. 10. Пациентті үйрету (жанұясын): - пульстың жиілігін анықтауға;артериялық қысымды өлшеуге; - гипертониялық криздің бастапқы белгілерін тани білуге; - осы белгілер болғанда дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу. Артериялық гипотензия. Артериялық гипотензияны денсаулығы жақсы,сау адамдардан да анықтауға болады,әсіресе,астениктерден,бірақ бұл өте байсалды көз қараспен қарайтын аурулардың,жүрек ығыстырып шығаруының, қан тамырлары тонусының төмендеуі,АҚК азаюының( миокард инфаркті,қан кетулер,шүк, коллапс) белгісі болуы мүмкін. Жүрек тұсының ауруы.Жүрек аймағында болатын ауру сезімдері тек жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары себебінен ғана бола бермейді.Ауру сезімдері плевраның (құрғақ плеврит),омыртқаның,қабырға аралық жүйке талшықтарының аурулары миозит салдарынан (омыртқа остеохондрозы қабырға аралық невралгия), көкеттің өңеш тесігінің жарығында және т.б. Осындай аурулар кардиалгиялар деп аталады.Кеуде торындағы ауру сезімдері перикардтың, аортаның, невротикалық жағдайымен байланысты қан айналымы жүйесінің патологиялары салдарынан болады. Стенокардия, немесе «кеуде қыспасы» (лат. angina pectoris), коронарлық артериялардың атеросклероздық зақымдануы себебінен тарылып қалуына қан тамырларының құрысуы қосарласқанда дамиды.Стенокардиялық ауру сезімдерінің ұстамасы миокардтың оттегіне деген сұранысы мен коронарлық қан тамырларының мүмкіндігінің сәйкес келмеуі себебінен болады, бұл өз кезегінде жүрек бұлшық еттерінің ишемиясына, гипоксиясына әкеп соқтырады.Олардағы зат алмасу бұзылады, жеткілікті қышқылданып үлгермеген нашар метаболизденген және организмнен толық шығарылмаған улы заттар миокрдтың сезімтал жүйке талшықтарының ұштарын қатты тітіркендіреді де, ауру сезімін тудырады. Көптеген жағдайларда стенокардия ұстамасын физикалық немесе эмоциялық күш түсулер шақырады.Ауру сезімі төстің артында орналасады, ол қысытын,күйдіретін немесе жаншитын түрде болуы мүмкін және өліп қаламын деген қатты қорқыныш сезімімен қосарласады, сол иыққа,сол қолға, мойынның сол жақ жартысына,астыңғы иегіне (иррадияциаланады) беріледі.Осындай ауру сезімдері 1 минуттан 10 минутқа дейін созылады да, тыныштық жағдайда өз бетінше басылады,немесе тіл астына изокет, нитроглицерин таблеткаларын қабылдағанда1-3 минут аралығында жойылады. СТЕНОКАРДИЯ СТЕНОКАРДИЯ коронарлық қан айналымының тапшылығы нәтижесінде дамиды (миокардтың оттегіне деген сұранысы жоғарылап кеткенде). СЕБЕПТЕРІ:коронарлық артериялардың атеросклерозы, гипертониялық ауру, пароксизмалды тахикардия, жедел қан тамырлары жетіспеушіліктерінде. СЕБЕП БОЛАТЫН ФАКТОРЛАРЫ:гиперкоагуляция,Қан тамырларының микроциркуляцияларының бұзылуы, стресстер, психомоторлы қозулар, жаурау, темекі тарту, алкоголдік ішімдіктен интоксикация, аз қозғалатын өмір салты, семіру, тамақты шамадан көп ішу,физикалық және эмоциялық күш түсулер. Белгілері:стенокардия кезінде жүрек тұсымен, төстің артында орналасатын ұстама тәрізді жаншитын, қысатын аурулардың пайда болуы.Нағыз иррадияциаланатын жерлері– сол иыққа, сол жақ жауырынға және сол қолдың ішкі жағына, мойнына, астыңғы иегіне, тістеріне, кейде ауру сезімі оң жақ иығымен оң жақ жауырынына да беріледі.Ауру сезімі аяқ астынан басталады:толқудан кейін, тамақ ішіп жатқанда немесе тамақ ішіп болғаннан кейін, ішімдік ішкеннен соң,физикалық күш түскенде.Кейде тыныштық жағдайда түнгі уақыттарда басталады.Ұстама кезіндегі пациенттің дене қалпы қимыл-қозғалыссыз,бір қалыпта тұрып, қатып қалғандай болады. Стенокардияда ауру сезімінің ұстамасының ұзақтығы 1 минуттай болады және көбінесе 15 минуттай болуы мүмкін.Ұстама изокетті, нитроглицерині қабылдағаннан кейін басылады.Ұстама жүректің қатты қағуымен, өліп қаламын деген қорқу сезімімен, құсумен, суық тер шығуымен ұласады. ШҰҒЫЛ КӨМЕГІ. Пациентті жатқызыңыз (оған ыңғайлы қылып). Дәрігерді шақыртыңыз. Толық физикалық және психикалық тыныштық орнатыңыз. Тыныштандырыңыз,психотерапия жүргізіңіз. Қысып тұрған киімдерін шешіңіз, киімінің жағаларын ағытыңыз. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз. Тіл астына изокет,нитроглицерин 0,0005 мг таблеткаларын 2-3 мәртеден,арасына 5-10 минут салып беріңіз немесе нитроглицериннің1% спирттік ерітіндісінің 1-2 тамшы беріңіз. Пульсін санаңыз, АҚ -өлшеңіз. Дәрігердің тағайындамасын орындаңыз. Миокард инфарктісін өткізіп алмау үшін тез арада ЭКГ түсіріңіз. Миокард инфарктісі.Осы бір байсалды көз қараспен қарайтын барысы ауыр аурудың негізінде жүрек бұлшық еттерінің некрозы(өлі еттенуі) жатыр. Миокард инфарктісің ең жиі кездесетін типті (ауру сезімі бар, ангинозды түрі) нұсқасы төстің артының ауруымен сипатталады – ауру сезімінің қатты болуы,тыныштық орнатқанда, изокет, нитроглицерин таблеткаларын қабылдағаннан кейін басылмай тұрып алуы, 30 минутқа(бірнеше сағатқа) дейін созылуы.Бұл ауру сезімдері өліп қаламын деген қорқынышпен, тұншығумен,шұғыл болатын әлсіздікпен, АҚ-ның төмендеуімен және т.с.с. ұласады. Осындай пациенттерді аурудың алғашқы сағаттарында дереу стационарға қарқынды терапия палатасына жатқызу керек палату. Осы палатада пациенттің жағдайына мониторинг жасайтын (автоматты түрде, үнемі қадағалап отыратын) барлық қажетті құрал-жабдықтар орнатылған және реанимациялық шараларды жүргізу мүмкіндігі болады. Алғашқы күндерде пациенттерге қатаң төсекте жату тәртібі тағайындалады; осы кезеңдерде көрпе –төсектің, олардың тыстары мен сейсептерінің, іш-киімінің тазалығы және жағдайы қатаң қадағаланады; барлық гигиеналық ем-шаралар, пациентті тамақтандыру,дәрет ыдысын,зәр қабылдағышты беру және т. с. с. орындалады. Жүрек жетіспеушілігі. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің ауруларында болатын ентігу, жүрек жетіспеушілігінің белгісінің бірі болып саналады.Осы ентігу миокардтың жиырылу функциясының прогрессиялық төмендеуі себебінен болады.Жүрек жетіспеушілігі кіші қан айналуы шеңберінде қанның іркіліп қалуымен және сұйықтықтың организмде кідіріп, жиналып қалуымен сипатталады.Жүрек жұмысы себебінен дамыған ентігу болғанда қан кіші қан айналу шеңберінде жиналып қалады және пациент ауаның жетіспеуін сезеді және қатты қиналады, ентігу алдымен физикалық күш түсулерде және толқу сезімдерінде ғана болады,ал кесел дами келе ауа жетіспеуін –тыныштық жағдайда болады. Тұншығу.Жүрек жетіспеушілігіндегі тұншығу (жүрек демікпесі) деп аяқ астынан басталатын шулы тыныс алумен қосарласатын, көбінесе түнгі уақыттарды болатын,(кезбе жүйкесінің жоғарғы тонусымен жалғасатын коронарлық қан тамырларының тарылуынан бастау алады) ентігудің ауыр ұстамасын айтады.Ұстама кезінде пациент мәжбүрлі дене қалпын алады –ортопноэ дене қалпы.Ортопноэ (греч. jrthos – тік, pnoe – тыныс). Ентігудің және тұншығудың пациенттің горизонталды қалпында пайда болуында, ол аяқтарын төмен түсіріп отыруға мәжбүр болады.Осы дене қалпында ентігу кіші қан айналу шеңберіне күш түсудің төмендеуінен азаяды, себебі:қан іш қуысында және аяқтарында іркіліп қалады.Жүрек демікпесінің ұстамасы да, жүрек бұлшық еттерінің шұғыл некрозы (инфаркты), қабынуы(ауыр миокардит) немесе шамадан тыс күш түскенде (гипертониялық криз, ерекше ауыр физикалық күш түскенде) дамиды. Өкпе ісінуі.Жүрек жетіспеушілігінің ауыр көрінісі болып саналады: қанның сұйық бөлігі қан тамырларының қабырғалары арқылы терлеп, тамшылап шығады да, альвеолаларда жинала береді.Сонымен қатар жүрек демікпесінің жоғарыда келтірілген симптомдрына солқылдаған түрде тыныс алу және күлгін түсті, көбікті қақарықтың шығуы қосылады. Ентігу көбінесе жүрек –қан тамырлар және өкпе бронх жүйелерінің ауруларында көрінеді, кейбір жағдайларда — басқа да ауруларда байқалады. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің, жүректің сол жақ қарыншасына үлкен күш түсетін аурулары мысалы:гипертониялық ауру,атеросклеротикалық кардиосклероз,жүректің аорталық ақаулары және т.б.сияқты көптеген аурулары ентігу ұстамасымен асқынады.Осы ауруларда жедел сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі дамуы мүмкін.Ол күш түсумен,коронарлық қан айналудың нашарлауымен,артериялық қан қысымның жоғарылауымен, көк тамырға сұйықтықтың көп мөлшерін құюмен, тахикардиямен, инфекциямен және т.б. күшейеді. Жедел сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі көптеген жағдайларда түнгі уақыттарда және жүрек астмасы, өкпе ісінуі ттүрінде болуы мүмкін. Жүрек астмасы Жүрек астмасы — инспираторлық тұншығудың пароксизмі (демді ішке алудың қиындауы). Белгілері. Пациентте өліп қаламын деген қорқыныш сезімімен қосарласатын, шұғыл ауа жетіспеушілік сезімі, жөтел, суық тер басталады.Бет-әлпеті бозарған, қиналуды білдіретін келбетте болады,еріндері көкшіл тарқан.Мойын тамырлары ісінген.Инспираторлық ентігу, тыныс алуы жиіленген (минутына 30-ға дейін және одан да көп).Жөтелгенде көп мөлшерлі сұйық,көбікті қақырық шығады.Егер ұстама алдында шамадан көп күш түскен болса, пациентке оны тоқтатуға тура келеді.Егер астма түнде басталса, науқас оянып кетеді,қолдарын кереуетке тіреп отырады немесе ашық терезеге жакын баруға тырысады. Кеуде торы кеңейген,бұғана үстіндегі шұңқырлар жойылған.Өкпедегі перкуторлық дыбыс қорап дыбысындай болады.Аускультацияда өкпенің төменгі бөлігіндегі майда және орташа майда көбікті сырылды дыбыстар әлсіз тыныс алу фонында естіледі. Тахикардия болады (минутына120-150 соққыға дейін), кейде — аритмияболады.Ұстаманың алдында жоғары көтерілген артериялық қысым, тамыр жетіспеушілігі дамыған кезде, тез арада төмендеп кетуі мүмкін.Жүрек тондары сырылдардың көп болуы және шулы тыныс алу себебінен қиын естіледі. Аяқтарын салбыратып отыру қалпына(ортопноэ)ауысу кейбір пациенттерде оның жағдайын едәуір жақсартады және ұстаманың тоқтауына септігін тигізеді. Бірақ,көптеген кездерде бұл жеткіліксіз болып жатады— және жүрек астмасының өкпе ісінуіне ауысып кетуінің алдын-алатын қарқынды терапияны талап етеді. Жүрек астмасы және өкпе ісінуінде жүргізілетін көмек көрсету шаралары келесі сатылардан түрады: - Дереу дәрігерді шақырту. - Пациентті аяқтарын салбыратып отыру қалпында отырғызу (ортопноэ). - Пациентке нитроглицерин беру, егернауқастың систолиялық АҚ 100 мм рт.. ст.төмен болса. - көбік сөндіргішпен бірге берілетін оксигенотерапияны маска арқылы немесе мұрын катетері арқылы беруді бастау. - Электросорғышпен көбікті қақырықты белсенді аспирацияны бастау (сорғызу). - Дәрігердің тағайындамасын орындау. Ісінулердің жүрек жұмысының жетіспеушілігінде болатын себептері– қан айналудың үлкен шеңберіндегі қанның іркіліп, кідіріп қалуы және сұйықтықтың организмде кідіріп, жиналып қалуы нәтижесінде.Жүрек жұмысының себебінен дамитын ісінулер,егер пациент жүретін болса, көбінесе аяқтарда болады,егер науқас жату қалпында болса, сегіз көз, бел,жауырындар аймағында болады.Ісінулер аймағындағы тері жылтыр,жалтырап тұратын, тартып қойғандай болады және саусақпен басқанда ұзақ қалпына келмейтін шұңқыр пайда болады. Жүрек жетіспеушілігінің асқынып кеткен жағдайларында сұйықтық (транссудат) қуыстарда жиналып қалуы мүмкін: - Асцит (греч.askites – үрленген теріге ұқсас,ісінген) –сұйықтықтың іш қуысында жиналып қалуы ( іштің «су құйылғандай» болуы). - Гидроторакс (греч. hydor – су,сұйықтық,thorakos – кеуде торы) – сұйықтықтың плевра қуысында жиналып қалуы. - Гидроперикард )гидро + перикард) – сұйықтықтың перикард қуысында жиналып қалуы. - Анасарка (греч. ana – барлық жерде, sarcus – ет) – ісіну дененің барлық тері асты тіндеріне толық таралған. Жүрек жетіспеушілігі бар пациенттерді бақылау және күтім жүргізу. Аурудың бастапқы кезеңдерінде ісінулер жасырын түрде болатыны есте болуы керек.Осындай жағдайларда сұйықтықтың адам организмінде жиналып қалуы,тез арада дене салмағының өсіп кетуімен және диурезінің азайып қалуымен байқалады.Сондықтан осындай пациенттердің су теңгерімін күнде бақылап отыру,демек пациенттің бір тәулікте ішкен және оған парентералды жолмен енгізілген сұйықтарға және бөлініп шыққан зәр мөлшеріне(тәуліктік диурезі) есеп жүргізу өте маңызды.Тәуліктік диурез1,5 – 2 литрді құрауы керек, (тәулік бойы ішілген сұйықтықтың (70-80 % мөлшері). - Егер зәр мөлшері тәулік бойы ішілген сұйықтықтың 70-80 % аз болса,онда теріс диурез деп белгіленеді,(демек сұйықтықтың бір бөлігі организмде кідіріп қалады). - Егер зәр мөлшері тәулік бойы ішілген сұйықтықтың мөлшерінен асып кететін болса,онда диурез оң деп белгіленеді.Оң диурез ісінулер тарай бастағанда, зәр айдайтын дәрілерді қабылдағанда болады. Су теңгерімінің жағдайын пациенттің дене салмағын жиі өлшеу арқылы да бақылауға болады:дене салмағының тез арада өсуі организмде сұйықтықтың жиналып қалуының белгісі.Төсек тартып жатқан пациенттер зәр қабылдағышпен, дәрет сауытымен қамтамасыз етіледі. Асциттің клиникалық белгілері (Асциттің симптомдары ) Жалпы қарап тексеру кезінде ішінің мөлшеріне көңіл аудару керек.Денесі вертикалды қалыпта болғанда іші «алжапқыш» тәрізді салбырап тұрады,денесі жату қалпында болғанда іші «құрбақа іші сияқты» жайылып жатады. Асциттік сұйықтық іш қуысында көп мөлшерде болғанда кіндігінің шығып тұруын, гипертензияда іштің алдыңғы бетінен «Медузаның басын» байқауға болады.Осындай суреттер іштің алдыңғы бетінің кіндік айналасындағы көк тамырларының оралған, бұрылған,бұралған түрде кеңейіп кетуінен болады. ФГДС жасағанда өңеш көк тамырларының да кеңейіп кеткенін көруге болады. Іш қуысында сұйықтықтың көп жиналып қалуында, іш қуысының қысымы да жоғарылап кетеді, көкет кеуде қуысына қарай ығысып кетеді. Осының салдарынан кеуде қуысында тұрған өкпелердің жазылуы шектеледі, ал бұл тыныс алудың жетіспеушілігінің себебі болады.Пациентте анық көрінетін ентігу (тыныс алу жиілігі минутына 20 реттен жоғары болуы мүмкін), терінің цианозы,тахикардия анық байқалады. Асциттің көлемі үлкейген сайын жалпы ақуыз деңгейі төмендей береді. Осы себептен беттіңғ аяқ-қолдың ісінулері болуы мүмкін. Егер асциттің себебі жүрек функциясының жетіспеушілігі болса,онда асциттің белгілеріне қосымша тізелердің ісінуі, акроцианоз,тахикардия болады. Ас қорыту жүйелерінің жағынан тәбеттің төмендеуі, іш қату, жүрек айнуы болады. Асцитті емдеу Асциттің емі оны шақырған негізгі ауру емдеуге бағытталған.Егер негізгі себебі жойылмаса, онда сұйықтық бұрынғыдай іш қуысында жинала береді. Асциттік сұйықтықты толық шығару мақсатында немесе қысылған асцит болғанда іш қуысының қысымын төмендету үшін пациентті және медициналық құралдарды абдоминалды тесуге (лапароцентезге) дайындау қажет. СУ ТЕҢГЕРІМІН АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ Мақсаты:жасырын ісінулерді анықтау,олардың даму динамикасын және қолданылатын диуретиктердің тиімділігіне бақылау жүргізу. Дайындаңыз:әйнектен жасалған,өлшейтін белгілері бедерленіп салынған ыдысты және зәр жинауға арналған сыйымдылығы 3 л., 0,5 л., ыдыстарды,су теңгерімін жазатын парақты,қаламды,температура парағын. Іс- әрекет алгоритмі: Пациентке сұйықтық ішуге және зәрді жинауға арналған өлшейтін белгісі бар ыдыстарды жеке өзіне арнап таратып беріңіз. Пациентке осы ем-шараның орындалу мақсаты мен техникасын түсіндіріңіз.Пациент тәулік бойы зәрін сыйымдылығы 3литр ыдысқа жинауы керек және жинауымен қатар ішкен және енгізілген сұйықтықтарға есеп жүргізеді.(жазып отырады). Пациентке су ішу мен тамақ ішу ережесіне, сонымен қатар қимыл-қозғалыс жасау тәртібіне ешқандай өзгерістер енгізуі қажет болмайтынын түсіндіріңіз. Пациентке су теңгеріміне есеп жүргізетін парақты толтыру тәртібін түсіндіріңіз.Парақты толтыра білетініне көз жеткізіңіз. Пациентке таңғы сағат 6ºº төсектен тұрып, қуығын босату керектігін айтыңыз. Зәрді унитазға жібереді. Содан кейін бөлінген зәрдің барлығы тәулік бойы, өлшеу белгілері бедерленіп салынған 3 л.ыдысқа келесі күннің таңғы сағат 6ºº -на дейін жиналады. Өлшейтін белгілер салынған ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Бұл тәуліктік диурез көрсеткіші. Есептеу парағының арнайы бөліеген бағанасына бөлініп шыққан сұйықтықтың мөлшерін жазыңыз. |