Главная страница
Навигация по странице:

  • ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕНТІГУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ Түрлері

  • Тыныс алу фазалары

  • Оксигенотерапия

  • ЫЛҒАЛДАНҒАН ОТТЕГІН МҰРЫН КАНЮЛЯСЫ НЕМЕСЕ МАСКА АРҚЫЛЫ БЕРУ Мақсаты

  • Көрсетілімі

  • Іс-әрекет алгоритмі: Пациентке ем-шараның барысын түсіндіріңіз.Егер бұл мүмкін болса.

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница46 из 64
    1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64

    Асфиксия (тыныс алудың тоқтап қалуы) – өмірге қауіп төндіретін жағдай, организмде оттегі жетіспеушілігі себебінен дамиды.


    ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЕНТІГУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

    Түрлері:

    Инспираторлық





    Экспираторлық




    Аралас



    Тыныс алу фазалары:

    Демді ішке алудың қиындауы




    Демді сыртқа шығарудың қиындауы




    Бір мезетте демді ішке алудың да сыртқа шығарудың қиындауы



    Себептері :

    • тыныс алу жодарына бөгде заттың түсіп кетуі – жұтқыншақ стенозы;

    • ларингит;

    • жүрек демікпесі




    • бронхтардың және бронхиолалардың тарылуы;

    • бронх демікпесі




    • жүрек ауруларында;

    • бронх демікпесі ұстамасының өрістеуі

    Байланысты дамыған ентікпе___________

    Мақсаты : Пациент жағдайының жақсарғанын өткенде .....айтады__________

    Мейіргерлік араласулардың жоспары:

      1. Дәрігерді шақырту

      2. Пациентті қолдарын тізелеріне тірейтіндей қылып орындыққа, немесе кереуеттің шетіне таман отырғызу.

      3. Қысып тұратын киімдерін шешу.

      4. Таза ауамен қамтамасыз ету.

      5. Пациенттке оттегін беру.

    Астма, немесе тұншығу (греч. astma – қысқарған қысқа тыныс алу), - әртүрлі себептерден болатын, жедел дамитын жалпы ентігулер осылай аталады. Өкпелік себебтен дамитын тұншығу бронхтардың тарылуынан болады-бронх демікпесі. Қан айналымының кіші шеңберде кідіріп қалуынан жүрек демікпесі дамиды.

    ДЕМІКПЕ – аяқ астынан басталатын тұншығу ұстамасы.

    Тұншығу

    Мақсаты: тыныс алу функциясы қалпына келгенше науқастың организміне оттегі түсуін қамтамасыз ету.  

    Мейіргерлік араласулардың жоспары:

          1. Таза ауамен қамтамасыз ету.

          2. .Дереу дәрігерді шақырту

          3. Қысып тұратын киімдерін шешу,функциялы кереуеттің бас жағын аздап көтеру немесе басына бірнеше жастықты жастау.

          4. Бронхолитик бар жеке бас ингаляторын қолдану.

          5. Дәрігердің тағайындамаларын орындау.

          6. Ылғалданған, көбік басушыдан өткізілген (96% этил спиртінен) оттегімен ингаляция жасау.

          7. Пациенттің жағдайын бақылау, бронхтардың бөліп шығару функциясын қадағалау.

          8. Пациентке жеке бас ингаляторды қолдану әдісіне үйрету.  

          9.  Пациентті зерттеуге қақырық жинау ережелеріне үйрету.

          10. Е.Д.Ж. физиотерапиялық ем шаралар.      

    Оксигенотерапия

    Тыныс алудың анық көрінетін кезеңінде оксигенотерапия (лат. oxygenium - оттегі, therapeia – емдеу) жүргізіледі – оттегін емдік мақсатта қолдану. Ентігудің ауыр формасынан зардап шегетін пациенттер үшін,әсіресе тыныштық жағдайда болатын ентігулерде оттегін қолдану өте жақсы көмек көрсетеді.

    Оттегін қолданар алдында тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көз жеткізіп алу керек.

    Көрсетілімдері:цианозбен (тері мен сілемейлі қабаттардың көкшіл тартып тұруы), тахикардиямен (жүрек қағуы жиі), қан құрамындағы оттегінің парциалды құрамының төмендеуімен қосарласатын жедел немесе созылмалы тыныс алу жетіспеушіліктері.

    Таза оттегін қолдануға болмайды, себебі ол тыныс алу орталығының жұмысын тежеуі мүмкін, сонымен қатар ол адам организміне токсикалық әсер тигізеді, бұл әсері:ауыз қуысының құрғауымен, кеуде торының ауыруымен, құрысып-тырысумен, ес түсін жоғалтуымен көрінеді.

    Оттегімен емдеуді (оксигенотерапия)тыныс алу мен қан айналымы органдарының көптеген ауруларында дәрігердің тағайындамасымен жүргізеді.

    Оксигенотерапияның кез-келген әдісін қолдану кезінде,ол пациент үшін ыңғайсыз жағдайды тудырмағандығын бақылау керек,оттегінің өте оптималд, максималды емес құрамын қарастыру керек және осы әдістің тыныс жолдарынемдейтін басқа әдістерменбіріктіруге болатындығын ескерген жөн.(мысалы: тыныс алу жаттығулары).

    Құрамында 50 % оттегі бар қоспалы газбен тыныс алуды бірнеше тәулік бойы қолдануға болады,себебі ол физиологиялық кері әсер тигізбейді.

    Ингаляциялық әдіс

    Бұл кең тараған жасанды оксигенотерапия әдісі.Көрсетіліміне байланысты оттегінің әртүрлі құрамды бөлігінде қолданады— 30% дан бастап 1 0 0 % дейін. Оксигенотерапияны жүргізуге арналған заманауи қондырғылардың дозиметрлері бар, сонымен қатар, араласқан ауамен байытылған, арнайы ауа сорғыш қондырғылары болады, сондықтан 100% таза оттегі ешқашан қолданылмайды.

    Есіңізде б о л с ы н ! Ингаляцияның барлық әдістерінде организмге енгізілетін оттекті қоспа міндетті түрде ылғалды болуы керек, ал егер оттегі интубациялық түтік немесе трахеостомиялық канюля арқылы ингаляциаланатын болса, оны жылытып қолдануға кеңес беріледі.Оттегімен ингаляциялауды арнайы оттегі қондырғыларымен мұрын канюлясы,бет бердесі, интубациялық түтік немесе трахеостомиялық канюля арқылы жүргізеді.Жас балалар үшін оттекті тенттер-палаталар қолданылады.

    Пациенттер үшін ең жайлы әдіс— мұрын арқылы берілетін шанышқы тәрізді канюлямен ингаляциялау.

    Ингаляцияның осы түрі жасалған кезде пациенттің сөйлесуге, жөтелуге, су ішуге және тамақ жеуге мүмкіндіктері болады.Оттегімен емдегенде арнайы ылғалдау әдісін қолданбаса пациентте мұрын қуысында қатты құрғау мен кеуіп кету болады,бұл осы әдістің кемшіліктері деп саналады.Сонымен қатар осы әдісте оттегінің құрамын 40 % арттыруға мүмкіндік болмайды.

    Бүгінгі күнде де оттегін мұрын катетері арқылы беру оксигенотерапия қолданылады, оның артықшылығы да мұрын канюлясыныкі сияқты болады, бірақ пациентке ыңғайсыздық тудырады.

    Бет әлпетті жауып тұратын перде сияқты қондырғы, тыныс алатын қоспаны жақсы ылғалдатады, бірақ кемшіліктері болады, (кекіру) және тамақ ішкенде, сөйлегенде, қақырық шыққанда өте қолайсыз болады.

    Оксигенотерапия кезінде құсудың болуы,бұл өте қауіпті асқыну деп аталады. Бет әлпетті жауып тұратын перде асфиксия тудыруы мүмкін. Егер бет оттекті маскасы жұмсалатын мөшек арқылы берілетін болса, оның мүмкіндігі едәуір артады.

    Бет әлпет маскасын қолданғанда,ол пациентке қолайсыздық тудырмайтынына сенімді болу керек.Оны жылжытпай тұратын белбеуше басты айналдыра байланады,құлақ қалқанынан төменірек өтуі керек.Оттегі терапиясының арнайы маска арқылы жасалатын түрі кең қолданыс тапты, ол алдын ала дайындалып қойған оттегінің қоспасын қолдану әдісі. 24, 28, 3 5 % -осындай оттегінің мөлшері аз қоспалар созылмалы тыныс алу жетіспеушіліктерінде қолданылады, үй жағдайын да да қолданыла береді.

    Трахеяны интубациялағанда және и трахеостомияны қойғанда қоспадағы оттегінің мөлшері жоғары болуы мүмкін, бірақ ішке енетін қоспа судың майда тамшыларынан тұратын бу жасалатын аэрозольды ингалятордың көмегімен қажетті деңгейге дейін ылғалданады.

    Есіңізде б о л с ы н ! Режим ингаляциялау ережесін және оның қоспадағы мөлшерін дәрігер анықтайды.

    Для ингаляция үшін ММ-ге стандартты баллондарда немесе ыдыстарда келетін оттегін қолданады. Соңғы кездерде оттегін алудың басқа да принципі кең тарала бастады:электр торабынан жұмыс жасайтын кәдімгі ауадан оттегін бөліп алатын концентраторды қолдану әдісі.Көбінесе үй жағдайында қолданылады.

    Оттегі жастықшасы оксигенотерапия әдісі ретінде тиімді емес екен.

    Ірі ММ-де оттегін пациенттің кереуетінің қасында орнатылған тіршілік етуді қамтамасыз ету құралына орталықтандырған жерден беру әдісі қолданады.Онша үлкен емес ММ-де ингаляцияны оттегін бірден оттегі баллонынан редуктор мен ылғалдатқыштан канюля арқылы (катетермен, маскамен) беріледі.

    Оттегі көгілдір түсті баллондарда тасымалданады және сақталады, оның қысымы 150 атм.болады.

    Әрбір баллонда оның заттаңбасы,дайындаған-заводтың заттаңбасы, номері, баллонның салмағы, жасалған жылы, техникалық расталған уақыты және басқа да заттық сипаттары толық жазылады.

    Мұрынға енгізілетін оттектік масканың және канюляның,қолдану артықшылықтары мен кемшіліктері




    Артықшылықтары

    Кемшіліктері

    Маска

    Жедел

    Оксигенотерапия жасау мүмкіншіліктері

    Оксигенотерапияны тамақ және су ішерде тоқтату керектігі, дәріні энтералды жолмен қабылдағанда, қақырықты жөтеліп шығарғанда,ауыз қуысының гигиенасында, құсқанда.

    дискомфорт жағдайында, масканың иісі.

    Ыстықтау сезімі, мұрын аймағы мен құлаққа батуы, қысуы.

    Сөйлесу мүмкін емес.

    масканы дұрыс тақпаса оттегінің мөлшері азайып қалады.


    Канюля

    тамақ, су ішу, ауыз арқылы дәрілік препаратты қабылдау,жөтелу, қақырықты түкіру мүмкіндігі, құсықты шығаруға болады.

    Сөйлесуге болады.

    Ауыз қуысының гигиенасын жасау мүмкіндігі.

    Маскадан арзандау.

    Шұғыл жағдайларда қолдану мүмкін емес.Оттегінің үлкен дозасын беру мүмкін еместігі.

    Бекітуінің сенімділігі (бетке жабысқақ пластырмен).

    Түшкіргенде түсіп қалуы мүмкін.

    Қауіпсіздік шаралары.

    Есіңізде б о л с ы н ! Қысылған оттегі жарылып кетуі мүмкін, ол өте қауіпті. Оттегі баллондарын тасымалдағанда,қолданғанда төмендегі ережелерді қатаң сақтау қажет:

    1. Баллон металдан жасалған ұяшықта орналасқан және белдікпен немесе шынжырмен байланып бекітілген болуы керек.

    2. Баллон жылыту қондырғыларынан 1метр қашықтықта және ашық от көзінен 5 метр қашықтықта орнатылуы керек.

    3. Баллон тік түскен күн сәулесінен қорғалған болуы керек.

    4. Баллонның штуцеріне май түсіп кетпеуін қадағалау керек.

    5. Баллоннан газды басқа жүйеге шығаруды тек қана манометр орнатылған редуктордың көмегімен жасау керек.

    6. Газды шығару кезінде баллонды штуцердің шығатын тесігі жұмыс жасап жатқан адамнан абасқа жаққа қарай бағытталған болуы керек.

    7. Қолдану мерзімі,техникалық расталуы өтіп кеткен,корпусында немесе бұрандасында сызат бар,сырлануы мен сыртындағы жазуы ережеге сәйкес келмейтін баллондарды қолдануға болмайды.

    8. Оттегі баллонымен жұмыс жағанда қолды майлы сықпа креммен майлауға болмайды.

    Ингаляциялық емес әдіс

    Қазіргі кезеңде ішкі мүшелердің гипоксиямен қосарласатын демек тіндердегі оттегінің құрамды бөлігінің төмендеуімен көрінетін, көптеген ауруларында (соның ішінде тыныс алу жетіспеушіліктерінде емдік гипербариялық оксигенация — қолданады немесе арнайы барокамерада оттегінің жоғары қысымымен емдейді.

    Осы әдісті қолдану организмдегі оттегінің сіңуін едәуір жақсартады.

    ЫЛҒАЛДАНҒАН ОТТЕГІН МҰРЫН КАНЮЛЯСЫ НЕМЕСЕ МАСКА АРҚЫЛЫ БЕРУ

    Мақсаты:тіндердің гипоксиясын азайту,жүрек-өкпе реанимациясынан,ауыр оталардан кейінгі және жедел немесе созылмалы тыныс алу жетіспеушіліктерінде қанның оттегімен қанығуын арттыру.

    Көрсетілімі:қан айналымы және тыныс алу жүйелерінің ауруларында, критикалық жағдайларда дәрігердің тағайындауымен қолданылады.

    Дайындаңыз:ылғалдандырғыш,дистилденген су, стерилді: бір мәрте қолданылатын мұрын канюлясын немесе масканы, оттегін беретін түтікті;қолғаптарды, масканы, жабысқақ пластырды,«Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентке ем-шараның барысын түсіндіріңіз.Егер бұл мүмкін болса.

    2. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз, бет пердені тағыңыз.

    4. Пациентке Фаулер қалпын беріңіз.

    5. Оттегі баллонынан қорғаныс қалпақшасын көмекші қондырғыларсыз, өз қолыңызбен алып тастаңыз.

    6. Прикрутить редукторды оттегі баллонына бұрап бекітіңіз.

    7. Пациенттен жату қалпы ыңғайлы ма екенін сұраңыз,(егер оның ес-түсі бар болса).

    8. Мұрын канюлясының орамасын ашыңыз (алдын ала ораманың саңылаусыздығын және жарамдылық мерзімін тексеріп алып)

    9. Мұрын канюлясының немесе маскасының түтігін баллонның редукторына жалғаңыз.

    10. Баллонның бұрандасын баяу және абайлап ашыңыз.Сыртқа кетіп жатпағандығын тексеріңіз.

    11. Канюляны мұрын қуыстарына енгізіңіз немесе масканы кигізіңіз. Оларды бекітіңіз.

    12. Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз. (манометрде анықталып тұрады).

    13. Ем-шара кезінде пациенттің жағдайын қадағалап тұрыңыз,жалпы жағдайын (тыныс алу түрін,терісінің және сілемейлі қабатының түсін), өзін сезінуін бақылаңыз.

    14. Ем-шара аяқталғанда канюлясыны немесе масканы шешіңіз және ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    15. Бет пердені, қолғаптарды шешіңіз ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    16. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    2. Жөтел – тыныс алу жолдары мен плевра рецепторларының тітіркенуінен пайда болатын күрделі рефлекторлық процесс.Жөтел рефлексі тыныс алу жолдарының рецепторларының әртүрлі факторлармен- сілекеймен,бөгде затпен,бронхоспазмамен,сілемейлі қабықтың құрғауымен немесе тыныс алу жолдарының құрылымдық өзгерулерімен тітіркенуінде дамиды.Жөтелдің физиологиялық рөлі тыныс алу жолдарын өзінің шамадан тыс бөлінген сұйықтығынан және сырттан түскен заттардан босатумен тұжырымдалады. Жөтелді итерілу дауыс қуысының жабық тұру қалпында, аяқ астынан басталатын қатты және тез демді ішке тарту мен қуыстың жылдам ашылуы кезінде ауаның қақырықпен және басқа да бөгде заттармен бірге қатты күшпен ауыз арқылы лақтырылғандай шығуы.Аурудың ағымы сияқты жөтел де адамды қинайды,тұрақты әрі ұдайы болады,ауру сезімін шақырады, қақырық шығуымен және оның құрамында әртүрлі заттардың болуымен байқалады.Жөтел құрғақ (қақырық шықпайды) және немесе ылғалды (қақырық бөлініп шығады) болады.

    Құрғақ жөтел

    Мақсаты:5-7 күн ішінде қақырықтың бөлініп шығуына қол жеткізу.

    Мейіргерлік араласулардың жоспары:

    1. Көп мөлшерде жылы,сілтілік сұйықтық ішкізу.

    2. Дәрігердің тағайындамасымен ингаляциялар және жөтелге қарсы препараттар беру.

    3. Пациенттің жалпы жағдайын бақылау.

    4. Дәрігердің тағайындамасымен физиотерапиялық ем-шаралар жасау.

     

    Ылғалды жөтел

    Мақсаты: Пациент өзінің жалпы жағдайының жақсарғанын 5-7 күннен кейін жөтелінің тоқтағанын айтады.

    Мейіргерлік араласулардың жоспары:

    1. Көп мөлшерде жылы,сілтілік сұйықтық ішкізу.

    2. Дәрігердің тағайындамасымен физиотерапиялық ем-шаралар жасау.

    3. Кеуде торын сылап сипап уқалау.

    4. Пациентті тыныс алуды жақсартатын жаттығуларды жасауға үйрету.

    5.Қақырықтың сыртқы түрін тексеру.

    6. Дәрігердің тағайындамаларын орындау.

    7. Пациентті позициялық дренаж жасауға үйрету.

    8. Дәрігердің тағайындамасымен бронхолитиктермен, қақырық шығаратын заттар беру.

    9. Бөлмені желдету ережесін сақтау.

    10. Пациенттің жағдайына мониторинг жасау.

    3. Қақырық.Қақырық (лат. sputum) деп қақырынғанда бөлініп шығатын патологиялық түрде өзгерген трахеяның,бронхтардың және өкпенің сілекейі және мұрын мен мұрын қосалқыларының сілемейлі қабатының бөлінділерімен араласқан қоймалжың сұйықтықты айтады.

    Қақырықтың сипаттамасы–мөлшері,түрі,консистенциясы (сұйық, қою, созылғыш),құрамды араласпалары (қан, ірің және басқа қоспалары) – ауруының түріне және лабораториялық және құралдық зерттеулердің нәтижесіне байланысты болады және тыныс алу мен басқа да органдардың ауруларының диагностикасында үлкен рөл атқарады.

    Қақырықтың тәуліктік мөлшері бірнеше миллилитрден басталады, ал созылмалы бронх қабынуларында,бронхоэктазды ауруларда, өкпе мен бронх абцессінде,өкпе гангренасында мөлшері 1-1,5 литрге дейін жетеді.

    Құрамы мен сыртқы түріне байланысты қақырықтың келесідегідей түрлері болады:

    Сілекейлі қақырық (sputum mucosum) – қақырық түссіз,мөлдір,созылмалы, құрамында жасушалық элементтер мүлдем болмайды.

    Сірлі қақырық (sputum serosum) – қақырықсұйық,көбікті,өкпе ісінуінде бөлініп шығады.

    Іріңді қақырық (sputum purulentum) – қақырықтың құрамында ірің болады,(өкпе іріңдігінің бронх қуысына қарай жарылып кетуіне тән болады).

    Шірікті қақырық (sputum putridum) –іріңді қақырықтың шіріген иісі болады.

    Қан аралас қақырық (sputum sanguinolentum) – қақырықтың құрамында қан жолақтары болады (тыныс алу жолдарының қабырғаларының қанап тұруында болады мысалы,өкпе рагінде).

    «Тот басқан» қақырық (sputum rubiginosum) – қақырық қан аралас, түсі құрамында тоттың қалдықтары араласқан болады, ол гемоглабиннің ыдырауында пайда болады, (мысалы, өкпе қабынуында, туберкулезде пайда болады).

    Маржандай қақырық–қақырықтың құрамында домалақ формалы жалтырайтын құрамды бөлшектер болады,бұл атиптік жасушалар және детриттар. (көбінесе бронхтың жалпақ жасушалы рагінде болады).

    Үш қабатты қақырық - қақырық көп мөлшерлі, іріңді, ұзақ тұрғанда өз бетінше үш қабатқа бөлініп қалады: үстіңгі қабаты –көбікті сұр түсті, ортаңғысы– сулы мөлдір, астыңғысы – лайлы сұр-жасылдау түсті, құрамында ірің және некрозданған тіннің қалдықтары болады.(өкпе гангренасында болады).

    Қақырық бөлінетін кездерде мейіргер тазалықты қамтамасыз етуі және түкіргішті дер кезінде босатып, тазалап отыруы керек. Пациент жүйелі түрде дренажды дене қалпында күніне 20-30 минуттай болуы керек .Осы ем-шара постуралды дене қалпы деп аталады. Постдуралды дренаж (лат. positura – дене қалпы, франц. Drainage – құрғату) – пациентке дене қалпын бергенде сұйықтық ағым салмағының күшімен ағып шығады.
    1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   64


    написать администратору сайта