Главная страница
Навигация по странице:

  • Пациенттің проблемалары (мейіргерлік диагноздары)

  • Мейіргерлік араласулардың мақсатын анықтау.

  • Қысқа уақытқа қойылатын мақсат

  • Мақсаттарды белгілеуге қойылатын талаптар

  • Мейіргерлік араласулардың ауқымын жоспарлау. Мейіргерлік араласулардың

  • Мейіргерлік араласуларды анықтауға қойылатын талаптар

  • Мейіргерлік араласулардың құрылған жоспарын орындау

  • 5. Мақсатқа жеткендігіне және күтілген нәтижелерге баға беру. Мақсаты

  • Нәтижесін бағалау – мейіргерлік күтімнің тиімділігі

  • Мейіргерлік процесстің құжаттары.

  • Құжаттарды жүргізу принциптері.

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница44 из 64
    1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64

    Пациенттің басымды проблемалары: алғашқылары – жедел шараларды қажет етеді,өмірге қауіп төндіреді; аралық – жедел шараларды қажет етпейді, өмірге қауіпті емес– бұл мейіргер араласа алатын проблемалары;екінші –ауруына тікелей байланысы жоқ және ауру барысына байланысты емес.

    Пациенттің проблемалары (мейіргерлік диагноздары)

    1. Қауіпті сезу сезіміне, байланысты ... (ауруға берілетін жауап түріндегі реакциясы).

    2. Қауқары жоғын сезінуі және үмітінің үзілуі, байланысты ... (мысалы: ұзаққа созылған ауруына байланысты).

    3. Организмнің талап етуіне сәйкес келмейтін,жеткіліксіз тамақтану.

    4. Организмнің қажет етуінен асып кететін немесе шамадан тыс көп тамақтану.

    5. Организмнің қорғаныс функцияларының төмендеуі, осыған байланысты ...

    6. Мазасыздану,қайғыруы... (денсаулық жағдайына байланысты)

    7. Санитарлық қажетті жағдайлардың жоқ болуы (тұрмысының,жұмысының, стационардың)

    8. Күтім жүргізетін білімінің және дағдыларының тапшылығы (жоқ болуы) … (мысалы:, гигиеналық шараларды орындауды білмеуі).

    9. Шаршағыштық (жалпы әлсіздік).

    10. Қорқынышқа байланысты (стресске және т.б.) эмоциялық (фонның). тонустың төмендеуі.

    11. Физикалық белсенділіктің (қимыл қозғалыстың) төмендеуі,(жоқ болуы).

    12. Дәрі ішуден себепсіз бас тартуы.

    13. Жеке бас гигиенасының жеткіліксіз болуы.

    14. Психологиялық демеу жасаудың қажеттілігі.

    15. Күтім жүргізуге қажеттілігі ...(кім қатынасатынын пациент шешеді)

    16. Жалғыздық

    17. Салауатты өмір салты туралы сауатының жеткіліксіз болуы.

    18. Ем қонбайтын ауруы туралы білуімен байланысты болатын қорқыныш сезімі және үмітінің үзілуі. (СПИД).

    19. Психологиялық бұзылыстар кезіндегі жағдайы: ( өз проблемаларына деген нашар көз қарасы);

    20. Пациент өз жағдайының ауырлығына баға бере алмайды;

    21. Пациент өзінің науқас екенін мойындамайды;

    22. Пациент өз денсаулық жағдайын бекер аса төмен деп бағалайды, бірақ ол күдіктерін өз бетінше жоя алмайды;

    23. Пациент ауруы туралы ойға шомып, батып, «кетіп» қалады;

    24. Ауруы аясында пациентте қатерді сезу сезімі үдей түседі;

    25. Пациент өзінің зардап шегуін, басқа шаруалардан жоғары қояды,ол туысқандарынан ерекше көңіл бөліп қарауды,ерекше күтім жүргізуді талап етеді;

    26. Пациент өз ауруын оған деген біреудің жаман көзқарасынының нәтижесі деп санайды да, дәрі- дәрмек қабылдауға, процедура жасауға келгенде күдікшіл болып алады;

    27. Пациенттің еш нәрсеге көңілі толмайды,ашулы, ызақор болып, қарсы шыға беретін болады;

    28. Эмоциялық тұрақсыздық жағдайында болады (пациенттің көзқарасынан, құндылықтарын бағалау тұрғысынан шығатын).

    29. Танып, білуді таныту функциясының төмендеуі (интеллектісінің, ақыл ойы статусының, қабылдап алу, есте сақтау қабілетінің шектелуі).

    30. Мінез- құлқының өзгеруі (қарым- қатынас құруының, салт дәстүрді сақтауының бұзылуы т.с.с.)

    31. Өзінің болашағын ойлап қорқуы (ота жасалуы алдында).

    32. Мазасыздануы ... туралы (жанұядағы қарым қатынас туралы).

    33. Білімінің тапшылығы ... ауруы туралы.

    34. Пациент өз ауруы себебінен дамыған проблемеларын жеңе алмайды.

    35. Қалыпты жайлы жағдайда болуының бұзылуы (зәрінің, нәжісінің тоқтамауы, жүрек айнуы, құсуы)

    36. Физикалық белсенділігінің төмендеуіне байланысты өзіне- өзі күтім жасауының тапшылығы.

    37. Жанұясындағы конфликті жағдайлар.

    38. Жанұялық проблемалардың пайда болуына ... байланысты (мысалы: ұзақ уақыт стационарда болуымен).

    39. Жанұя мүшелерінің мүгедекке күтім жүргізуді білмеуі.

    40. Жоғалтып аламын деп қорқуы... (жанұясын, жұмысын және т.б.)

    41. Өзіне-өзі күтім жүргізуінің мүмкін болмауын...(әлсіздікке, төмендеген физикалық белсенділігіне және т. б.) байланысты.

    42. Ұйқысыздық.

    43. Ұйқысының бұзылуы.

    44. Жайлы жағдайының бұзылуы…(денесінің бір жері ауруымен байланысты …).

    45. Ішек жұмысының нашарлауы;

    46. Педикулезге байланысты шаш арасының қышуы;

    47. Тері бүтіндігінің бұзылуы (жамбас тесулуі, ойылу);

    48. Пайда болуы мүмкін деп қорқуы (жамбас тесілуі, баздану)

    49. Пациенттің процедура алдындағы қорқынышы… (сүлік қояр, қан алу алдында).

    50. Су процедураларын орындағанда пациенттің мұздап қалу қаупінің болуы.

    51. Безгектің үшінші кезеңі, кризис;

    52. Ішек қуысында шамадан тыс газ пайда болуы (метеоризм);

    53. Клизма жасауға байланысты болатын жасырын ұялу сезімі.

    54. Физикалық жоғалтулар сезімі.

    55. Нашар жүргізілген күтім нәтижесінде колостоманың инфекциялануы.

    56. Құсу рефлексінің тез болуы.

    57. Процедурадан бас тартуы.

    58. Ауруға шалдыққан адамдардың жақындарының өзіне-өзі кінә таққыштығы.

    59. Ем қонбайтын ауруға шалдыққан пациенттердің жақындарының оған күтім жүргізе алмауы.

    60. Пациенттердің алдыда (тұрған жоғалтуларға байланысты) шамадан тыс депрессияда болуы.

    61. Қозғала алмауы.

    62. Жақын адамның өлімі туралы білуіне байланысты болатын қайғырып егілуі және үмітінің үзілуі.

    63. Әлеуметтіктұрғыдан өзін- өзі қамауы (оңашалануы).

    64. Бөгде адамның күтім жүргізгенін қабылдауға тура келетініне байланысты болатын қорқыныштары.

    65. АҚ көтерілуі;

    66. Тұншығу ұстамасы;

    67. Ойылудың пайда болуы;

    68. Қан кетулер (асқазаннан,өкпеден) т.с.с.



    1. Мейіргерлік араласулардың мақсатын анықтау.



    Күтім жасау жоспары





    Мақсаттарын күтілетін, нәтижелерін анықтау




    Мейіргерлік практиканың стандарттары




    Пациенттің және оның жанұя мүшелерінің араласуы



    Қысқа уақыттық




    Ұзақ уақыттық

    Мақсат қою екі себепке байланысты өті қажетті деп саналады:

    1. Жеке басқа арналған мейіргерлік араласулардың бағытын анықтау.

    2. Араласудың тиімділігінің деңгейін анықтау үшін қолдану

    Күтім жоспары түсінікті, тәжірибелі, қолдануға оңай және жеңіл өзгертілетіндей болуы керек.

    Жоспар жасағанда:

    1. Мақсаттары, күтілген нәтижелері анықталады.

    2. за пациентке күтім жүргізу шараларын таңдайды.

    3. Күтім жоспары құрастырылады.

    Существует два вида целей по времени определения:

    • Қысқа уақытқа қойылатын мақсат –1-2 аптаның ішінде қол жеткізетін мақсаттары. Мақсаттарды аурудың жедел өрістеу кезеңінде стационарда анықтайды;

    • Ұзақ уақытқа қойылатын мақсат - 2 аптадан астам, одан да ұзағырақ уақытта қол жеткізетін мақсаттар белгіленеді. Бұл шаралар аурудың қайталануының,асқынуының алдын- алуға бағытталған және реабилитация мен әлеуметтік бейімдеуге негізделген.

    Мақсаттарды жазу кезінде келесі міндетті шараларды белгілеу қажет:

    • Шаралар – іс- әрекеттер.

    • Критерийлер – күні, уақыты, мерзімі.

    • Жағдайлары –біреудің немесе бір нәрсенің көмегімен (көмекші,

    Мақсат – бұл күтілетін нәтиже, демек, мейіргер мен пациенттің белгілі бір проблема бойынша қандай көрсеткішке қол жеткізгісі келетінін белгілеу.

    Мақсаттарды белгілеуге қойылатын талаптар:

      1. Пациентке шоғырланған болуы керек.

      2. Қол жетімді, орындай алатындай болуы керек.

      3. Оларға баға бере алатындай болып қойылуы керек.

    Пациентке күтім жүргізу шарасын таңдау–Мейіргерлік араласулар (проблемаларды шешу мақсатында мейіргер қолданатын іс-әрекеттерінің тізімі) – мейіргерлік манипуляцияларды орындайды, мейіргерлік технологиялар стандарттарын қолданады.

    Стандарт (ағылш. Standard–норма)–бұл бастапқысы деп қабылданатын, үлгі, эталон, модель. Басқа іс-әрекеттерді осы көрсеткішпен салыстыра отырып орындайды. Күтімнің кері әсерлері де стандарттармен бағаланады.

    Мейіргерлік араласулардың ауқымын жоспарлау.

    Мейіргерлік араласулардың ауқымы жазбаша түрде берілген нұсқаулық түрінде беріледі, мейіргердің күтім мақсатына жету үшін орындайтын толықтай келтірілген арнайы іс- әрекетінің тізімі жазылады.

    Кезеңнің мақсаты – пациентке қажетті күтімді қамтамасыз ету, үйрету, кеңес беру. Мейіргер есте сақтауы қажет, барлық мейіргерлік араласулар мыналарға негізделген:

    1. Араласу мақсаттарын білуге;

    2. Әрбір пациентке жеке ерекше қарауға,қауіпсіздікті сақтауға;

    1. құпия сақтаушылықты қамтамасыз етуге, жеке тұлғаны сыйлауға;

    2. пациентті өзін- өзі күтуге ынталандыруға;

    Мейіргерлік араласуларды анықтауға қойылатын талаптар:

    Алдымен мейіргерлік араласулардың түрін анықтап алу қажет:

    Егер тәуелді– мейіргерлік араласу болса, іс- әрекеттері дәрігердің ем тағайындайтын парағы бойынша және оның бақылауымен жасайды; тәуелсіз – мейіргер іс- ірекеттерін өзі, өз мейіргелік құзіреттілігі аясында орындайды; өз ара тәуелді – мейіргердің іс -әрекеттері пациентке көмек көрсету үшін және күтім көрсету мақсатында басқа әріптестерімен бірігіп, ұжыммен келісіп бірге атқарады.

    1. Мейіргерлік араласуларды жоспарлау пациенттің бұзылған қажеттіліктерін қайта қалпына келтіру негізінде жасалады. Мейіргерлік араласуларды жоспарлау кезінде мейіргерлік араласулар әдісі ескерілуі керек –пациенттің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оның өмір сүруіне маңызды жайлы жағдайды қамтамасыз ету, дәрігерге дейінгі көмекті көрсету, дәрігерлік тағайындамаларды орындау негізінде құрылады.



    Мейіргерлік араласулардың құрылған жоспарын орындау





    Мейіргерлік араласулардың функциялары




    Мейіргерлік араласулардың категориялары




    Пациенттің қажеттіліктеріне көмектесу




    Күту әдістері




    Күту ережелері



    Белгіленген мақсаттарды орындау:

    • пациенттің мейіргерлік ауру тарихы;

    • жоспарды қайта түзету

    5. Мақсатқа жеткендігіне және күтілген нәтижелерге баға беру.

    Мақсаты: Мейіргерлік көмектің нәтижесін анықтау. Мейіргерлік бағалау үздіксіз жүргізіліп отырады,ол пациент ауруханадан шыққанша немесе пациент өліміне дейін ең доминантты қажеттіліктерінен басталады.

    Мейіргер мәліметтерді үнемі үздіксіз жинайды, жиналған мәліметтерді критикалық түрде талдайды, пациенттің күтімге берген реакциясын, күтім жоспарының орындалуын және көңіл бөлуді қажет ететін жаңа пайда болған проблемаларын бағалайды.

    Бағалаудың негізгі аспектілері:

    • Мақсатқа қол жеткізу;

    • Пациенттің мейіргерлік күтімге берген жауабын бағалау;

    • Белсенді іздену және жаңа проблемаларына, бұзылған қажеттіліктерін бағалау;

    Егер қойылған мақсаттарға қол жеткізілсе және қажеттілік проблемалары шешілген болса, осы проблемаларын шешуде жеткен мақсаттарын мейіргер өз жоспарында белгілейді, күнін, сағатын, минутын құжатына жазып өз қолын қояды.

    Егер, нақты проблема бойынша мейіргерлік процессте қойылған мақсатқа қол жетпесе және пациентте мейіргерлік күтімге қажеттілік сақталса,бағалауды қайтадан жасау қажет, себебі пациент жағдайының нашарлап кету себебін табу қажет. Пациенттің өзін оның проблемаларын шешуге тарту өте маңызды, сонымен қатар қайтадан жоспарлау туралы әріптестерімен кеңесіп алу да өте пайдалы болады. Нәтижесінде ең алдымен мақсат өзгеруі мүмкін, мейіргерлік араласулар жоспарына да өзгертулер енгізіледі, сөйтіп жүргізілетін күтім түрі де өзгертіледі.

    Нәтижесін бағалау – мейіргерлік күтімнің тиімділігі





    Пациенттің мейіргерлік күтімге берген жауабын бағалау:

    • жақсаруы;

    • нашарлауы;

    • жағдайы бұрынғыдай



    Іс қимылдарды мейіргер бағалайды




    Пациенттің және оның жанұя мүшелерінің пікірлері




    Іс қимылдарды мейіргер –жетекшінің пікірі





    1. Мейіргердің іс-әрекеттерінің күші бар және әлсіз жақтары.

    2. Қайта қарау, мейіргерлік жоспарға түзету енгізу.

    3. Мейіргерлік процесті құжаттау.

    Мейіргерлік процесстің құжаттары.

    Құжаттандыру пациенттің денсаулық жағдайы немесе ауруы туралы жазылатын мейіргерлік ауру тарихымен жүргізіледі. Құжаттарды толтыру уақытты талап етеді, сондықтан күрделі болмауы,жұмысқа кедергі келтірмеуі, жұмыстың қосымша түріне айналып,тағы да бір өндірістік қажеттілік (ритуал) деп бағаланбауы керек.

    Мейіргерлік процестің қажеттілігі келесі мәліметтермен түсіндіріледі: пациентке көмек көрсетуге мейіргердің еш мәліметсіз,өз сезімімен жақындауының орнына, пациенттің бұзылған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, күту көмегін көрсеткенде мейіргердің шешім қабылдаған, тұжырымдалған, мәлімет алған түрінде келетін деңгейге ауысуында. Әрине, мейіргерлік процессті кез-келген мейіргер дұрыс, әрі кәсіпті тұрғыдан түсінікті құжаттай алмайды, барлығын ойластыру қажет демек: араласу аясын, дәлдігін,қысқа әрі түсінікті түрде жазылуын. Мейіргерлік процес маңызды жұмыс,мейіргердің ойлану қабілеті мен жұмыс жағдайы, жазбаларды жүргізе білуін де талап етеді. Сол себепті оптималды ыңғайлы құжатты ойластыру қажеттілігі туындайды.

    Есте сақтау қажет, қайталанудан аулақ болу керек және мәліметтерді тіркеу жүйесін түсіну керек, бірақ соңғы сөз мейіргерлік процесске қатысушылардың барлығында қалады

    Құжаттарды жүргізу принциптері.

    Құжаттарды жүргізу принциптері.

    Сөз таңдағанда, жазуларды жазғанда нақты болу.

    Мәліметті қысқа және бір мағыналы түрде жазу.

    Тек жалпылай қабылданған қысқартуларды қолдану.

    Әрбір жазбалар алдында күні және уақыты көрсетілген болуы керек, жазбаның соңында мейіргердің қолы қойылған болуы керек.
    1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64


    написать администратору сайта