Главная страница
Навигация по странице:

  • (ЛЮМБАЛДЫ) ДАЙЫНДАУ Мақсаты

  • ( ПЛЕВРОЦЕНТЕЗГЕ, ТОРАКОЦЕНТЕЗГЕ) Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница40 из 64
    1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64

    Пациентті дайындау

    Кез келген басқа да медициналық манипуляциялар сияқты,плевра аймағын тесу, асқынулары болу себебінен пациенттерде қорқу сезімін тудырады. Сондықтан алдымен пациенттерді осы ем шараға психологиялық тұрғыдан дайындап,оң көзқарасын қалыптастыру қажет.Мейіргер өзін жылы жүзді ұстап, пациенттің жеке басын сыйлауы,оған тек аты мен әкесінің атын атап тіл қатуы керек.Әңгімелесу кезінде пациент осы зерттеудің не үшін жасалатынын және қандай реттілікпен жүргізілетінін анық білуі керек.Егер пациенттің ес-түсі анық болса, осы манипуляцияны жүргізуге оның келісімі жазбаша түрде алынады.

    Содан кейін премедикация,пациентті анестезияға дайындау жасалады.Оның құрамына анестезиолог-дәрігердің қарап тексеруі, медикаментоздық заттарды енгізу мысалы:эмоциялық қатты ойлануды бәсеңдетету және анестезия үшін қолданылатын заттарға болатын аллергиялық реакциялардың алдын-алу үшін ұйықтататын,транквилизаторларды, антигистаминді препараттарды енгізу кіреді. Плевра қуысын тесуге дайындау құрамына пациенттің артериаодық қысымын өлшеумен пулсін санау да енеді.

    НӘТИЖЕЛЕРІ

    Плевра қуысын тесу негізгі диагностикалау әдісі болып табылады.Оның арқасында ауруды алғашқы даму сатысында анықтап, дұрыс диагноз қоюға болады, дер кезінде тиімді ем қолданып, пациенттің айығып кетуіне қол жеткізуге болады.Емделмеген, ауыр жағдайларда, сонымен қатар, соның ішінде ішкі органдардың онкологиялық ауруларында, осы манипуляция пациенттің жағдайын едәуір жеңілдетуі мүмкін.Тек тәжірибесі мол, зерттеудің осы әдісін жақсы меңгерген дәрігердің орындауы маңызды.

    Медициналық практикада мақсаты ішкі органдарды зерттеу және олардың құрамындағы заттарды зерттеуге алу мақсатымен жүргізілетін тесулер жасалады.Оның арқасында алынған материал нақты зерттеледі және дұрыс диагноз қойылады.Сонымен қатар тесулер ауруды медициналық препараттарды тура ауырған органға енгізу әдісімен тез және тиімді ем жасауға,оның құрамындағы артық ауаны немесе суды шығаруға мүмкіндік береді.

    Жұлынды тесу (новолат. lumbar puncture, spinal puncture, белді тесу, бел омыртқасы арасына енгізу) — инені жұлынның субарахноидалды қуысына бел аймағынан енгізу.

    Жұлының (арқа-миы) сұйықтығының құрамын зерттеу мақсатымен,сонымен қатар емдік немесе анестезиологиялық мақсатпен жасалады.

    Жұлынды немесе люмбалды пункция - бұл кішіинвазивті диагностикалық ем шара,визуалдық бақылаумен жүргізіледі.

    Ем-шараға дайындау

    Ем шара алдында қан анализдері зерттеледі, олар бауырдың және бүйректің функцияларын анықтайды, қанның ұйыту жүйесі тексеріледі.

    Кейбір жағдайларда люмбалды (жұлын тесу) тесуі бас сүйегі ішіндегі қысымның жоғарылауын анықтайды,мысалы,гидроцефалия кезінде. Сондықтан пациентке зерттеу алдында КТ жасау тағайындалуы мүмкін, бұл бас миының ісінулерін немесе оның айналасында сұйықтық жиналып қалуын анықтайды.

    Дәрігерге пациент қабылдайтын дәрілік препараттардың барлығын ретпен айту керек: өсімдіктен алынғандарын, жергілікті анестетиктерге немесе құрамында йод бар контрасты заттарға болатын аллергиялық реакцияларын .

    Ем шара жасалудан бірнеше күн бұрын аспиринді немесе басқа да қан сұйылтатын препараттарды,стероидты емес, қабынуға қарсы әсері бар заттарды алып тастайды.

    Дәрігерге қанды сұйылтатын варфарин, гепарин,клопидогрель және т.б, сонымен қатар ауру сезімін басатын және қабынуға қарсы аспиринді, ибупрофенді, напроксенді және тб дәрілерді қабылдауы туралы білгені өте маңызды.

    Дәрігерге жақын арада ауырып, айыққан аурулары туралы немесе басқа да жағдайын жеткізе білу керек.

    Ем шара жасалуы алдында 12 сағат бұрын тамақ пен су ішуді доғарады.

    Барлық дәрілерді қабылдау уақытын дәрігер анықтайды.

    Ауруханаға мүмкіндігінше туысқандарымен немесе достарымен бірге келген дұрыс, олар пациентке үйіне жетуге болысады.

    Ем шара жасалу уақытында аурухананың арнайы жейдесін кие тұрады.

    Әйелдерге емдейтін дәрігерге және рентгенологқа жүктіліктің болуы мүмкін екендігін ескерту маңызды.Жүктілік кезінде рентгендік сәулемен зерттеу жүргізілмейді,ұрыққа кері әсер көрсетеді.Дамып келе жатқан балаға рентгендік сәуленің тигізетін әсерін мүмкіндігінше төмендету керек.

    Жас балаға жасалатын ем шара кезінде дәрігердің рұқсатымен ата анасының біреуі қасында тұрады.

    ЖҰЛЫНДЫ ТЕСУДІ ЖҮРГІЗГЕНДЕГІ ШЕКТЕУЛЕР

    Жұлынды тесу кезінде ликворды жинау қиындауы мүмкін, себебі пациент организмінің дегидратациясы, сонымен қатар спиналды стенозы.

    НӘТИЖЕЛЕРІН САРАПТАУ

    Жасалған ем шараның нәтижесін дәрігерден білуге болады.

    Ем шара немесе басқа да ем аяқталғанда дәрігер пациентке динамикалық зерттеулер жасауға кеңес беруі мүмкін. Ол зерттеулерде объективті, қанды тексеру және басқа да аспаптық тексерулер жасалады. Пациент осындай зерттеулер жасалғанда дәрігермен жақын сөйлесіп, өзінде болған өзгерістерді тура айта алады.

    ЖҰЛЫНДЫ ТЕСУДІ ЖҮРГІЗУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРІ

    Артықшылықтары:

    Зерттеу аяқталғанда пациенттің организмінде ешқандай сәулелену белгісі болмайды.

    Диагностикалық мақсатпен қолданылатын рентген сәулелерінің кері әсерлері болмайды.

    Қауіп-қатері:

    Терінің бүтіндігін бұзатын кез-келген ем шара,жұқпа түсуімен қауіпті болады. Бірақ осы ем шараны орындағанда инфекцияның даму қаупі әрбір 1000 пациентті алғанда 1 инфекциялық жағдай дамиды.

    Жұлынды тесуді жасағаннан кейін (люмбалды) эпидуралды гематома дамитын қан кетуі немесе субарахноидалды қан құйылуы болуы мүмкін.

    Люмбалды тесу (спинномозговая) жұлынның бағанасының қысылып қалуымен қосарласады.Оның негізгі себебі бас миының қысымының жоғарылауы,бас миының қатерлі ісікпен зақымдануы.КТ немесе МРТ зерттеулері бас миының барлық патологиясын жұлынды тесуге дейін анықтайды.

    Рентген сәулелерінің организмге шамадан тыс әсер етуі қатерлі ісіктердің даму қаупін төндіреді.Бірақ нақты диагностикалау үшін осы кері әсерлері онша маңызды болмайды.

    ПАЦИЕНТТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖҰЛЫН ТЕСУІНЕ

    (ЛЮМБАЛДЫ) ДАЙЫНДАУ

    Мақсаты:диагностикалық (люмбальдық сұйықтықты зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді енгізу үшін және тб.).

    Көрсетілімі: менингиттер.

    Дайындаңыз: стерилді: сыйымдылығы (5 мл, 10 мл, 20 мл) шприцтер мен инелерді,тесетін инелерді мандренімен, пинцеттр, сүрткілерді және мақта түйіршіктерді, лотоктарды (стерилды және қолданылған материалдарға арналған), қоректік ортаны, пробиркаларды,қолғаптарды, бет пердені; манометриялық түтікті, тері антисептигі, 5%йодтың спирттік ерітіндісін, 0,5% новокаин ерітіндісін, жабысқақ пластырді,«Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз).

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(Алғашқы сөйсескенде аты жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    9. Тесуді дәрігер асептика ережесі қатаң сақталатын жағдайда орындайды.

    10. Пациентті ем-шара кабинетіне дейін шығарып салыңыз.

    11. Пациентті кушетканың шетіне таман жақындатып,оң жамбасымен, жастықсыз жатқызыңыз,басын максималды,кеудесіне қарай еңкейтіңіз, аяқтарын тізесінен барынша бүгіңіз және ішіне қарай жинаңыз(арқасы доға түрінде иілуі керек).

    12. Сол қолыңызды бок пациенттің жамбас астына енгізіңіз, оң қолыңызбен пациенттің аяқтарын арқасына берілген қалыпты сақтау мақсатымен ұстап тұрыңыз.Тесу барысында екінші көмекші пациенттің басын ұстап тұрады.

    13. Прокол делают между III және IV бел омыртқалары арасынан жасалады.

    14. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    15. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз, бет пердені тағыңыз.

    16. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданылған материалдар үшін). Стерилді лотокқа пинцеттің көмегімен сүрткілерді,мақта түйіршіктерін салыңыз.

    17. Тесетін жердің терісін 5% йод ерітіндісімен,содан кейін антисептикпен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

    18. Шприцке 0,5% новокаин ерітіндісін сорғызып алыңыз оны жұмсақ тіндердің инфильтрациялық анестезиясын жасау үшін, дәрігерге беріңіз,сосын дәрігерге лотокқа салып тесетін инені мандренімен бірге біріңіз.

    19. Жұлын сұйықтығының 10 мл мөлшерін пробиркаға жинаңыз, жолдама бланкісін толтырыңыз және клиникалық зертханаға жіберіңіз.

    20. Жұлын сұйықтығының 2-5 мл бактериологиялық зерттеуге арналған, ішінде қоректік орта бар пробиркаға жинаңыз.Жолдама бланкісін толтырыңыз және биологиялық материалды бактериологиялық зертханаға жіберіңіз.

    21. Дәрігерге ликвордың қысымын анықтайтын манометриялық түтікті беріңіз.

    22. Тесетін инені шығарып алғаннан кейін, тесілген жерді йодтың 5% спиртті ерітіндісімен өңдейді.

    23. Тесілген жерге стерилді сүрткіні салып, жабысқақ пластырмен бекітіңіз.

    24. Шприцтерді,мақта түйіршіктерін, сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз.Қолданылған құралдарды дезинфекциялайтын ерітіндіге толық батырыңыз.

    25. Қолғаптарды, бет пердені шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    26. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    27. Пациентті ішімен жатқызыңыз және сүйрегішпен палатаға дейін тасымалдаңыз.

    28. Пациентке ішімен жату қалпын беріп, жастықсыз кереуетке 2 сағатқа жатқызыңыз.

    29. Пациенттің жағдайын бір тәулік бойы қадағалаңыз.

    ПАЦИЕНТТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПЛЕВРА ҚУЫСЫН ТЕСУДІ ЖАСАУҒА ДАЙЫНДАУ

    ( ПЛЕВРОЦЕНТЕЗГЕ, ТОРАКОЦЕНТЕЗГЕ)

    Мақсаты:диагностикалық:плевралды сұйықтықтың құрамын зерттеу, қуысынан сұйықтықты шығару; емдік:қуысқа дәрілік препаратты енгізу.

    Көрсетілімі:жарақаттық гемоторакс, аяқ астынан басталатын пневмоторакс, клапанды пневмоторакс,тыныс алу жолдарының аурулары(крупозды өкпе қабынуы, плевриттер, өкпе эмпиемасы, туберкулез, өкпе рагі және т.б.).

    Қарсы көрсетілімдері:жиі қан кетулердің болуы, тері аурулары(пиодермия, орайтын лишай, кеуде торының күйулері, жедел жүрек жетіспеушіліктері.

    Дайындаңыз:стерилді: мақта түйіршіктерін, дәке сүрткілерін ,т/і және т\а инъекцияларына арналған инелерді, тесу жасауға арналған, ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5 мм инені,сыйымдылығы 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, пинцеттерді, 0,5 % новокаин ерітіндісін, йодтың 5% спиртті ерітіндісін, тері антисептигін, лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдар үшін), қысқышты; жаялықтарды, клеолды, жабысқақпластырды, кеуде торын түсірген 2 рентгенограммасын, плевралды сұйықтықты жинайтын стерилді ыдысты, зертханаға жіберілетін жолдаманың бланкісін, анафилактикалық шүкке қарсы қолданылатын дәрілер жиынтығын , қолғаптарды, бет пердені,ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты,«Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз).

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(Алғашқы сөйлескенде аты жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    9. Киімі беліне дейін шешілген пациентті,бетін орындықтың арқа сүйейтін жағына қаратып отырғызыңыз,пациенттен бір қолын арқа сүйенішіне тіреуін, ал екінші қолынмен (патологиялық процесс жағындағы) басын орап ұстауын сұраңыз.

    10. Пациенттен денесін дәрігер тесу жасайтын жерге қарама-қарсы жаққа қарай аздап қисайтуын сұраңыз.

    11. Плевра қуысын тесуді тек дәрігер жасайды,мейіргер оған көмектеседі.

    12. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз, бет пердені тағыңыз.

    14. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданылған материалдар үшін). Стерилді лотокқа пинцеттің көмегімен сүрткілерді,мақта түйіршіктерін салыңыз.

    15. Тесу жасалатын жерді 5% йод ерітіндісімен,содан кейін антисептикпен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

    16. Қабырға аралық бұлшық еттердің және плевраның инфильтрациялық анестезиясын жасау үшін,дәрігерге ішінде новокаиннің 0,5% ертіндісі бар шприцті беріңіз.

    17. Тесуді VII – VIII қабырғалардың арасына, астыңғы қабырғаның үстіңгі жағында жасайды,себебі қабырғаның астыңғы жағымен қан тамырлары мен жүйке шумақтары өтеді,сондықтан қабырға аралық тамырларды зақымдап алуға болады.

    18. Дәрігер тесетін инені плевра қуысына енгізеді және қуыстағы сұйықтықты шприцпен сорғызып шығарады.

    19. Мейіргер плеврадан шыққан сұйықтықты жинайтын ыдысты ыңғайлап тосады.

    20. Шприц ішіндегі сұйықтықты лабораториялық зерттеулерге арналған стерилді ыдысқа құйыңыз (пробиркаға).

    21. Дәрігерге ішінде плевра қуысына енгізіуге арнап сорғызылған антибиотик бар шприцті беріңіз.

    22. Тесетін инені шығарып алғаннан кейін,тесілген жерді йодтың 5% спиртті ерітіндісімен өңдейді.

    23. Тесілген жерге стерилді сүрткіні салып,жабысқақ пластырмен бекітіңіз.

    24. Плевра қуысына сұйықтықтың экссудациялануын баяулату және коллапстың алдын-алу мақсатымен,кеуде торын керілген сейсеппен қысатын таңу жасап, байлаңыз.

    25. Қолданылған бір мәртелік шприцтерді,қолғаптарды,мақта түйіршіктерін, сүрткілерді ҚЖЖК-ге тастаңыз. Тесетін инені ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысқа батырыңыз.

    26. Бет пердені,қолғаптарды шешіңіз,ҚЖЖК-ге тастаңыз.Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    27. Пациентті ішімен жату қалпында палатасына дейін сүйрегішпен апарып салыңыз.

    28. Пациенттің өзін сезінуін,таңғыштың жағдайын бақылаңыз, пульсін санаңыз, АҚ өлшеңіз.

    29. Пациентке жасалған манипуляциядан кейін, 2-сағат бойы төсекте жату ережесін орындау керектігін ескертіңіз.

    30. Жиналған биологиялық материалды жолдама жазып, зерттеу лабораториясына жіберіңіз.

    Ескерту:

      • плевра қуысынан,бір мезетте мөлшері1 литрдан асып кететін сұйықтық шығарылуы болғанда,коллапстың даму қаупі арта түседі;

      • плевралық сұйықтықты лабораторияға тез арада құрамындағы ферменттер мен жасушалық элементтер бұзылып кетпей тұрғанда жеткізу керек;

      • ине плевра қуысына түскенде,бос кеңістікке түскендей сезім, «құлайтындай» әсер болады.

    ПАЦИЕНТТІ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТӨС СҮЙЕГІН ТЕСУГЕ ДАЙЫНДАУ (стерналды пункцияға)

    Мақсаты:диагностикалық:қан ауруларының диагнозын қою немесе нақтылау мақсатымен сүйек миын зерттеу.

    Көрсетілімі: қан өндіретін жүйенің аурулары.

    Қарсы көрсетілімдері:миокард инфаркті,өкпе демікпесінің ұстамасы, көлемді күюлер, тері аурулары, тромбоцитопения.

    Дайындаңыз:стерилді: лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдарға арналған), сыйымдылығы 10-20 мл шприцтерді,заттық әйнектердің 8-10 данасын, мақта және дәке сүрткілерін, корнцангті, пинцетті, қолғаптарды, бет пердені,тері антисептигін, йодтың 5% спирттік ерітіндісін, жабысқақ пластырді, стерилді таңу материалын, «Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз).

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(Алғашқы сөйсескенде аты жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    9. Төс сүйегін тесуді дәрігер, ем-шара кабинетінде жасайды.

    10. Төс сүйегі III-IV қабырға аралығы тұсынан тесіледі .

    11. Төс сүйегін тесуді тек дәрігер жасайды,мейіргер оған көмектеседі.

    12. Пациенттен ем-шара кабинетіне келуін сұраңыз.

    13. Пациенттен киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.Пациентке кереуетке арқасында жату қалпында, жастықсыз жатуға көмектесіңіз.

    14. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    15. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз, бет пердені тағыңыз.

    16. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданылған материалдар үшін). Стерилді лотокқа пинцеттің көмегімен сүрткілерді,мақта түйіршіктерін салыңыз.

    17. Пациенттің кеуде торының алдыңғы жағын йодтың 5% спиртті ерітіндісімен ылғалданған,стерилді мақта түйіршігімен бұғаналар деңгейінен бастап, эпигастрия аймағына дейін өңдеңіз, содан кейін 2-мәрте қайталап антисептикпен өңдеңіз.

    18. Төс сүйегінің ортаңғы бөлігінің жұмсақ тіндеріне, III-IV қабырға аралық деңгейде 2% новокаин ерітіндісінің мөлшері 2 мл-ге дейінгі ерітіндісімен қабаттық инфильтрациялық анестезияны жасаңыз.

    19. Дәрігерге Кассирскийдің тесу жасайтын инесін, қалқанды-шектеуішін ине ұшынан 13-15 мм қашықтығына орнатып беріңіз, содан кейін стерилді шприц беріңіз.

    20. Дәрігер төс сүйегінің сыртқы қабықшасын теседі.Қолымен иненің бос жерге түскендей болғанын сезгеннен соң,мандренді суырып алады да, инеге 20,0 мл шприцті жалғайды және оған 0,5-1 мл сүйек миын жинайды және бірден заттық әйнекке құяды.

    21. Заттық әйнектерді кептіріңіз.

    22. Тескен инені шығарып алғаннан кейін,тесілген жерді йодтың 5% спиртті ерітіндісімен немесе тері антисептигімен өңдеңіз және стерилді таңғыш салып жабысқақ пластырмен бекітіңіз.

    23. Қолданылған бір мәртелік шприцтерді, мақта түйіршіктерін, ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    24. Қолғаптарды, бет пердені шешіңіз, ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    25. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    26. Пациентті палатасына дейін шығарып салыңыз.

    27. Пациенттен өзін қалай сезінетінін сұраңыз.

    28. Кепкеннен кейін затты әйнектерді жолдама бланкісін толтырып лабораторияға жіберіңіз.
    1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64


    написать администратору сайта