Главная страница
Навигация по странице:

  • Үлгінің стерилділігі: қан стерилді пробиркаға жиналады. Көк тамырдан қанды вакуумды жүйенің көмегімен алу Артықшылығы

  • Мақсаты

  • Іс-әрекет алгоритмі

  • Бақылау сұрақтары

  • Көк тамырлық катетерлермен жұмыс жасау ережелері

  • Орталық көк тамырларды катетерлеу

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница42 из 64
    1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64

    Бұраудың тиімділігінің минималды болуы:

      • бұрау пробиркаға қан келе бастағанда 1 минутқа жетер жетпес уақытта босатылады.

      • бұрау ұзақ уақыт қысып тұра бергенде қан құрамындағы калий деңгейі көтеріліп кетеді.

    1. Үлгінің стерилділігі:

      • қан стерилді пробиркаға жиналады.

    Көк тамырдан қанды вакуумды жүйенің көмегімен алу

    Артықшылығы:қауіпсіздігі,тиімділігі,алынған үлгінің бүтіндігінің және зерттеудің қайталануының кепілдемелігі,минимумды гемолиз, минимумды микроқоюланулар,қан алу уақыты және оның қосындылармен араласу уақыты ұдайы бірдей болады;қан/қосындылар қатынасы мөлшерлерінің тура, нақты болуы;бұраудың минималды тиімділігі,үлгінің залалдылығы.

    Мақсаты: диагностикалық.

    Көрсетілімі: пациентті тексеру.

    Асқынулары: гематома, тромбофлебит, сепсис.

    Қан алынатын жерлер:шынтақ бүгілісінің, білектің, қолды, сыртқы жағындағы көк тамырлар.

    Дайындаңыз:стерилді: қауіпсіздік клапанды, екі ұшы бар инені, бір мәртелік ұстағышты, вакуумды пробиркаларды, антисептикпен ылғалданған мақта түйіршіктерін /сүрткілерді, лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдарға арналған),тері антисептигін, бұрауды (вкөк тамыр манжетасын), клееңке жастықшаны, қолғаптарды, бет пердені,алжапқышты, қорғайтын көзілдірікті немесе экранды, пробироканы тасымалдайтын контейнер, «Б» тобының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК),

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз).

    2. Пациенттің аты-жөнін атап тіл қатыңыз.(Алғашқы сөйсескенде аты жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз,оның келісімін алыңыз.

    9. Лабораторияға жолдама жазыңыз.

    10. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    11. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, оларды антисептикпен өңдеңіз.

    12. Алжапқышты тағыңыз,қолғаптарды киіңіз, бет пердені тағыңыз.

    13. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданылған материалдарға арналған), Стерилді лотокқа пинцеттің көмегімен сүрткілерді,мақта түйіршіктерін салыңыз.

    14. Қан алуға арналған жүйені алыңыз.

    15. Қан алатын құралдың негізгі қондырғыларының сақталу мерзімін, орамасының саңылаусыздығын тексеріңіз.

    16. Орамасын ашыңыз.

    17. Инені алыңыз, қорғайтын колпагын шешіңіз,(екі ұшты инені қолданғанда сұр түсті қорғайтын калпагын шешіп алыңыз).

    18. Инені ине ұстатқышқа қондырыңыз оны тірелгенше бұрап бекітіңіз.

    19. Пациентті денесінің жоғарғы бөлігін киімінен босатып, отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, шынтағының астына жастықша салыңыз және қолын төмен түсіріңіз.

    20. Иықтың ортаңғы бөлігіне көк тамырлық манжетаны (бұрауды) киімінің үстіне немесе жаялыққа байлаңыз.

    21. Кәржілік артериясынан пульсті пальпациялаңыз.(пульсі соғып тұруы керек).

    22. Көк тамырды зерттеңіз. Ең жақсы толғанынын табыңыз.

    23. Пациенттен көк тамыры білеуленуі үшін, жұдырығын бірнеше рет ашып және жауып жұмыс жасауын, сосын жұдырықты қатты қысып тұруын сұраңыз.

    24. Қолғаптарды антисептикпен өңдеңіз.

    25. Иньекция орнын кезектестіріп антисептикпен ылғалданған екі мақта түйіршігімен немесе сүрткісімен өңдеңіз: алдымен бірінші түйіршікпен үлкен аймақты сүртіңіз, содан кейін екінші түйіршікпен дәл инекция жасайтын жерді мұқият өңдеңіз,үшінші антисептикпен ылғалданған түйіршікті немесе сүрткіні сол қолдың IV және V саусақтарының арасына салыңыз.

    26. Жүйені оң қолыңызға алыңыз.

    27. Тамырдың болжамды тесілетін жерінен сәл төмендеп, сол қолдың үлкен саусағымен басып, бекітіңіз.

    28. Инені және ине ұстағышты пациенттің қолымен 15 бұрыш қылып ұстаңыз. Инені қан ағымымен қатарластыра 1- 1,5 см ге тереңдікке дейін енгізіңіз.

    29. Ине ұстағышты сол қолыңызға ауыстырыңыз, ал оң қолыңызбен пробирканы ине ұстағышқа тірелгенше енгізіңіз және қан құйылуын қамтамасыз етіңіз.

    30. Қан стерилді пробиркаға құйыла бастағанда, бұрауды шешіңіз.

    31. Ине ұстағыштан жиналған қан үлгісі бар пробирканы ажыратып алыңыз.

    32. Пробирка ішіндегісін оны 8-10 мәрте бірнеше рет аударыстырып араластырыңыз,сілкімеңіз.

    33. Қанды басқа да зерттеулерге алу керек болғанда, ине ұстағышын басқа пробиркаға енгізесіз.

    34. Пробирканы қан тасымалдауға арналған контейнерге орналастырыңыз.

    35. Стерилді мақта түйіршігін/сүрткісін көк тамырдың тесілген жеріне басыңыз,инені тамырдан содан кейін ұстағыштан шығарып,ажыратыңыз.

    36. Стерилді мақта түйіршігін көк тамырдың тесілген жеріне басқаннан кейін,пациентке қолын шынтақ буынынан бүгіп,осы қалыпта 3-5 минут ұстап тұру керектігін түсіндіріңіз.Сүрткі қолданылған болса,үстінен стерилді жабысқақ пластырмен бекітіңіз.

    37. Пробиркаларды белгілеңіз.

    38. Қолданылған мақта түйіршіктерін, сүрткілерді,вакутайнерді ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    39. Қорғаныс құралдарын шешіңіз және ҚЖЖК-ге тастаңыз.

    40. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    41. Пациенттен өзін қалай сезінетінін сұраңыз.

    42. Осы манипуляцияны қанның зерттеуге алынғаны жазылатын журналға тіркеңіз және қан жиналған вакуумдық жүйелі пробирка орналастырылған контейнерді жолдамасымен лабораторияға жіберіңіз.

    Ескерту:пробирканы ине ұстағышқа тірелгенше енгізу,қанның құйылуын қамтамасыз етеді,себебі:ине резеңке мембрананы және пробирканың тығынының тежегішін тесіп өтеді.Қан пробиркаға жасалған вакуум қысымының теңелуі болғанша өтеді.Қанның пробиркаға құйылмауы–көк тамырдың екі қабырғасының бірдей тесілуін дәлелдейді, осындай жағдай болғанда инені өзіңізге қарай,(тамырдан шығармайды) пробиркаға қан құйылғанша өзіңізге қарай тарту керек.

    Пробирканы ине ұстағыштан шығарып алғанда резеңке мембрана бұрынғы қалпына келеді,де қанның ине бойымен құйылуы доғарылады.Дәрігердің тағайындамасын сәйкес әртүрлі түсті пробиркалар қолданылады.

    Бақылау сұрақтары

    1. Қанды биохимиялық зерттеулерге алғанда мейіргердің атқаратын рөлі қандай болады?

    2. Қанды зерттеуге алудың көрсетілімдерін атаңыз.

    3. Көк тамырды тесетін жерлерді көк тамырдың типтерін атаңыз.

    4. Мейіргердің және пациенттің әртүрлі көк тамырлық қанды зерттеу түрлеріне дайындалу ережелерін атап шығыңыздар.

    5. Көк тамырды тесу жасалғанда сақталатын қауіпсіздікті сақтау техникасын атаңыздар.

    6. Көк тамырдан алынған қанға жолдаманы толтыру тәртібі және анализдердің нәтижелерімен жұмыс жасау ережесі қандай болады?

    7. Көк тамырдан қанды шприцпен және вакуумды жүйемен алу техникалары немен тұжырымдалады.

    8. Көк тамырдан қан алғанда қандай асқынулар болады және олардың алдын алу шаралары.

    Көк тамырлық катетерлермен жұмыс жасау ережелері

    Перифериялық көк тамырларды катетерлеу
    Перифериялық көк тамырлық (веналық) катетерлер – бұл перифериялық көк тамырға қойылған қондырғылар:қан арнасына оңай жетуді қамтамасыз етеді және көк тамырға келесі манипуляциялар жасағанда қолданылады:
    • ауыз арқылы қабылдай алмайтын пациенттерге дәрілік препаратты немесе препаратты тиімді қоюлықта тез арада және дәл дозада енгізу қажет болғанда (әсіресе препарат ауыз арқылы ішілгенде өз әсерін өзгертетін болса)
    • созылмалы аурулары бар науқастарға көк тамырлық терапияны жиі қолдану қажет болғанда (мысалы:муковисцидозбен ауыратын пациенттерге антибактериалды препараттары енгізу)
    • препараттарды баяу ағыммен енгізгенде,мысалы антибиотиктерді енгізу (өндірушінің препаратты қолдану нұсқаулығына сәйкес)
    • қан қысымына инвазивті мониторинг жасағанда
    • қанды клиникалық зерттеулер үшін алғанда (қан (артериалық) құрамындағы газдар,бауыр функциясының көрсеткіштері, мочевина және электролиттерін, қан формуласын,глюкозаға төтеп беруін,ішінде дәрінің болуын (наркотиктердің) қас сары суында)
    • шұғыл көмек қажет кезде қан арнасына түсу (бір мезетте препараттарды жедел,үлкен ағыммен құйғанда көк тамырға тез түсу)
    • қан препараттарын құю
    • парентералды әдіспен тамақтандыру (құрамында липидтер бар тағамдық қоспалардан басқасын)
    • организмнің регидратациясы
    Көк тамырды таңдау:
    Алдымен дисталды көк тамырларды; ұстап көргенде жұмсақ,эластикалық тамырларды қолдану; Ірі тамырлар болатын жерлерде жасау; Тік жатқан катетердің ұзындығына сәйкес келетін көк тамырларды қолдану;«жұмысшы» қолдың тамырын пайдалану;Қолдың тері астындағы латералды және медиалды шынтақтың және білектің аралық тамырлары жиі қолданылады,келтірілген тамырларға катетер орнату мүмкіндігі жоқ болса, алақан сыртындағы, саусақ тамырлары қолданылады.

    Катетердің күнделікті күтімі
    Қондырғыны мұқият таңдап алу, катетерді қою процесіне ерекше көңіл бөлу, оған күтім жасау емнің жемісті болуына және асқынуларының алдын алуға мүмкіндік береді.Катетерді эксплуатациялау ережелерін қатаң сақтаңыз.Мұқият дайындалуға жұмсалған уақыт ешқашан зая кетпейді.
    Қойылған катетер – бұл инфекции енетін қақпа.Қондырғыны қайта қайта қолыңызбен ұстай бермеңіз.Асептиканы қатаң сақтаңыз.Тек стерилді қолғаптарды киіп жұмыс істеңіз.
    Стерилді тығындарын жиі ауыстырыңыз, ішіне инфекция жұғуы мүмкін тығынды ешқашан қайта қолданбаңыз.
    Антибиотиктерді енгізгеннен,глюкозаның қою ерітінділерін енгізгеннен,қан препараттарын құйғаннан кейін,катетерді физиологиялық ерітіндінің аздаған мөлшерімен шайып қою керек.
    Тромбоздың алдын-алу және катетердің қызмет етуін ұзарту үшін оны күндіз әрбір инфузиядан кейін физиологиялық ерітіндімен жуыңыз және соңынан гепарин ерітіндісінен жасалатын құлпыны ұмытпаңыз.
    Бекітетін таңғының жағдайын қадағалаңыз және жиі ауыстырыңыз.
    Асқынуларды ерте табу үшін тесілген жерді жиі тексеріп жүріңіз.Ісіну,қызару,жергілікті температурасының көтерілуі,катетердің өткізбеушілігі болса,сыртқа ағып жатса сонымен қатар препаратты енгізгенде ауыртатын болса дереу дәрігерге хабарлаңыз және катетерді алып тастаңыз.
    Жабысқақ пластырлы таңғыны ауыстырғанда қайшы қолдануға тиым салынады. Катетерді кесіп кетуі мүмкін, кесіліп қалған катетер қалдығы қан тамыры арнасына түсіп кету қаупі бар.

    Перифериялық көк тамырды катетерлеу–бұл көк тамырлық катетерді қою арқылы көк тамырға жету әдісі,ол ұзақ уақыт перифериялық тамыр арқылы тамыр арнасында болу үшін жасалады.

    Перифериялық көк тамырлық катетер (ПКК) – бұл қондырғы көк тамырға енгізіледі және қан ағымында тұрады.

    Отандық нарықта сапалы көк тамырлық катетерлердің пайда болуынан бері, инфузиялық терапияны перифериялық тамырға қойылған көк тамырлық катетерлердің көмегімен жасау әдісі медициналық қызметкерлер мен пациенттердің арасында жақсы пікірлер тудыра бастады.Заманауи практика көрсеткендей бұрын орталық тамырды катетерлеу арқылы жасалатын көк тамырлық терапияны, перифериялық тамырларды катетерлеу арқылы жасау тиімді және қауіпсіз екен.

    Инфузиялық канюляны кең қолдануды инфузиялық терапияны қалаптасқан әдіспен,металл иненің көмегімен жасаумен салыстырғандағы артықшылықтарымен түсіндіреді - катетер тамырдан шығып кетпейді, тамыр қабырғаларын тесіп өтпейді,сөйтіп инфильтрация немесе гематома болмайды.

    Инфузиялық терапияны перифериялық көк тамырлық катетер арқылы жүргізу медициналық қызметкерлер үшінде пациенттер үшін де көптеген оң әсер береді. Әдіс сенімді және қол жетімді тамырға жетуді,дәрілік препараттардың қажетті,нақты дозасын тез арада тиімді енгізуді қамтамасыз етеді, көк тамырға қайталап түсе беруге кететін, медицина қызметкерінің уақытын үнемдейді және пациенттің психологиялық күш түсуін оңайлатады, оның белсенді болуымен қатар жайлылығын қамтамасыз етеді.

    Сонымен қатар осы қарапайым манипуляция негізгі ережелері сақталса барысы ауыр,өмірге қауіп төндіретін асқынулардың санын минималды қылады: Әдіс практикада тұрақты және үйреншікті болуы керек

    Кез келген инвазивті медициналық манипуляция сияқты,өте мұқият жасалатын күтімді қамтамасыз ету керек.

     Перифериялық көк тамырларды катерлеу көрсетілімдері.

    Көрсетілімдері:

    1.Орталық көк тамырлық катетерді қоюдың алдындағы алғашқы кезеңі.

    2. Сулы-электролитті балансты демеу және/немесе түзету.

    3. Дәрілік препараттарды пероралды әдіспен енгізу мүмкін болмағанда, оларды көк тамыр арқылы енгізетін жағдайларда.

    4. Көк тамырлық терапияның жиі курсын жасау,созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға,ұзақ уақыттық инфузиялық терапияны жасау.

    5. Организмнің регидратациясы.

    6. Препараттарды ағымды жолмен енгізу, мысалы антибиотиктерді.

    7. Шұғыл жағдайларда қан тамыры арнасына түсу.

    8. Қан препараттарын құю крови.

    9. Парентералды қоректендіру.

    10.Қанды клиникалық зерттеулерге алу.

    11. Қан қысымын инвазивті жолмен мониторингтеу.

    12. Анестезиологиялық қамтамасыз ету (наркоз, регионарлық анестезия).

    Перифериялық көк тамырларды катетерлеуге қарсы көрсетілімдер мен оған түсуге тиым салатын жағдайлар жоқ.Белгілі бір аймақтағы көк тамырды тесуге тиым салатын және орталық тамырға жетудің оңайлығын көрсететін нақты бір клиникалық жағдай болуы мүмкін.

    1. Көк тамырға түсу үшін,орталық көк тамырды таңдаудың қарсы көрсетілімдері:

    · қан тамырдың қабырғаларын тітіркендіретін ерітінділерді және дәрілік заттарды енгізу (мысалы, жоғары осмолярлық қысымды ерітінділерді);

    · көп мөлшерлі қанды және оның компоненттерін құю;

    · тез жасалатын инфузияның қажеттілігі (жылдамдығы 200 мл/мин артатын.);

    · қолдың барлық жақын орналасқан тамырлары бұрау салмай тұрып көрінбейді және пальпацияланбайды.

    2. Перифериялық көк тамырды катетеризациялау үшін басқа орынды таңдауды талап ететін қарсы көрсетілімдері:

    қолда флебиттің және жұмсақ тіндердің басқа да қабынулардың болуы;

    қолдың жақын орналасқан тамырлары бұрау салғанда көрінбейді,байқалмайды.

    Орталық көк тамырларды катетерлеу


    Реанимациялық практикада көптеген кездерді бұғана асты көк тамырын катетерлейді, сыртқы және ішкі мойындырық көк тамырларды, кей жағдайларда — сан және одан да сиректеу — шынтақ көк тамырларын катетерлейді (перифериялық көк тамырлары гиповолемияда бірігіп және босап қалады сондықтан нашар тесіледі).

    Бұғана асты көк тамыры 
    Көрсетілімдері:кез-келген этиологиялы шүк, себебі бұл көктамыр анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты гиповолемияда босап,бірігіп қалмайды. Сонымен қатар, бұғана асты көк тамырды қолдану пациентке жайлылықты қамтамасыз етеді және катетер тамырда ұзақ тұрғанда (бірнеше ай бойы) оған мұқият күтім жасау мүмкіндігі жақсы болады.
    • Бұғана асты көк тамырын  катетеризациялаудың кемшіліктері— высокий риск развития пневмоторакс дамуы қатерінің үлкен болуы, бұғана асты артериясын зақымдап алу қаупі және қажет болғанда қан кетуді тоқтату қиындығы ( компрессияның мүмкін болмауы).
    • Сыртқы мойылдырық көк тамыры 
    Көрсетілімдері: бұл көк тамырға жету егде тартқан адамдарда оңайлау болады, ол толық адамдар да жақсы контурирланады.Пневмоторакстың даму қаупі аздау болады.қан ұю жүйесінің қызметі бұзылғанда болатын геморрагиялық асқынуларда оны тез арада оңай және де тиімді қысуға болады.
    •Ыңғайсыздығы —пациент үшін ыңғайсыз болуы себебінен,күтім жасаудың қиын болуынан,бекітілуінің сенімсіз болуынан оны ұзақ уақыт эксплуатациялаудың мүмкін болмауы.
    • Ішкі мойылдырық көк тамыры :
    асқынулары сирек болады,әсіресе пневмоторакстың, геморрагиялық асқынулар болғанда оңай бақыланады, жүрек-өкпе реанимациясы кезінде де   катетерді қоюдың жетістікті болуы.
    • Кемшіліктері. Катетерлегенде сол жақтағы кеуделік лимфа ағымын немесе каротидті артерияны зақымдап алу мүмкіндігі.Оны бас сүйегі ішіндегі гипертензияда, гемодиализ жасағанда және трахеостомияда қолдану мүмкін болмайды. Бұл көк тамыр терең шүкте немесе гиповолемияда коллабирленген болуы мүмкін.
    • Әрбір инфузиядан кейін катетерге 0,1 мл гепарин ерітіндісі енгізіледі («гепариндіқұлпы») деп аталады, оның көмегімен катетерді бірнеше апта бойы асқынуларсыз қолдануға болады.
    • Тромбоз, флебит немесе катетерлік сепсис даму қаупі туындағанда катетерді алып тастау керек, артынан қажетті емдік шаралар жүргізіледі.
    Орталық көк тамырлық катетерлер бөлінеді:
    а) оларды қолдану уақытына қарай : - жедел(уақытша); - созылмалы (тұрақты)
    б) моделі бойынша: - бір- немесе екі қуысты; - түзу немесе майысқан;
    - дакронды манжетасымен немесе ондайы жоқ; - қосарланған дакронды манжетасымен; - антисептикпен ылғалданған (хлоргексидинмен) 
    в) катетерге арналған материал химиялық тұрғыдан инертті болуы керек, жеткілікті эластикалық, мөлдір және рентгеноконтрасты болуы мүмкін.
    г) длина катетердің ұзындығы: - оң жақтағы ішкі мойылдырықты көк тамыр үшін 15 см, - сол ішкі мойылдырықты көк тамыр – 20 см, - сан– орташа есеппен 19 см. Бұл рециркуляциюяны минимумға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Гемодиализ үшін диаметрі1,6-1,8 мм катетер қолданылады.
    Көк тамырға жетудің уақытша мүмкіндегі ретінде катетерді қолдану көрсетілімдері болып табылады:
    - жедел бүйрек жетіспеушіліктері (ЖБЖ); - препараттар шамадан тыс енгізіліп қойған науқастарға немесе улануларда; - созылмалы бүйрек жетіспеушіліктерінде (СБЖ), жедел гемодиализді бастау қажет болғанда; - қолданыста бар тамырға түсу әдістері тиімді болмайтын, тұрақты гемодиализдегі пациенттерге; - ауыр перитониттен кейін,перитониттік катетер алынып тасталғанда. 

    Катетерлеу үшін орын таңдағанда пациенттің пікірін ескерген жөн болады. сонымен қатар тесетін орынға жетудің оңайлығын және тамырдың катетерлеуге жарамдылығын да есептейді.
    Ағымды түрде немесе тамшылатып құйғанда міндетті түрде қадағалау керек: 
    • тесілген жерде ісіну болмауы керек. 
    • иненің ұшы амырдан пальпациялануы керек. 
    • науқаста енгізілген жерде күйдіру сезімі болмауы керек. 
    • науқас қолын қимылдатпауы керек себебі ине тамырдан шығып кетеді. 
    1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   64


    написать администратору сайта