Главная страница
Навигация по странице:

  • - Іш қуысының өмірге қауіп төндірмейтін аурулары.

  • - - Іш қуысының өмірге қауіп төндіретін аурулары

  • Ішек функциясы бұзылғанда жүргізілетін мейіргерлік процесс

  • Диарея Диарея

  • Диареядан зардап шегетін пациенттің күтімі Диарея

  • Диареядан зардап шегетін пациенттің күтімі

  • Іш қатқанда көрсетілетін көмек

  • Ырықсыз дефекация (нәжісті ұстай алмау)

  • Нәжісі (зәрі)тоқтамайтын пациенттердің күтімі Мақсаты

  • Памперстерді қолдану ережесі

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница50 из 64
    1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64

    Ішінің ауруы

    Іштің ауруы көбінесе іш қуысында орналасқан органдардың кеселдерінде болады.Іш аймағының ауру сезімдерін төмендегідей түрлерге бөледі: олар перитонеалды және висцералды болады.

    - Перитонеалды ауру сезімдері кеселді процеске ішперде мен асқорыту органдарын толық жауып тұрған ішперденің көкшандыры араласқанда болады. Осындай ауру сезімдері көптеген жағдайларда тұрақты, өткір,тілген сияқты болады да, дене қалпы өзгергенде үдей түседі және іш пердесінің алдыңғы жағы қатты құрысуымен ұласады.

    - Висцералды ауру сезімдері,ас қорыту жолдарының моторлық функциясы (тарылуы,керілуі,атониясы) бұзылғанда пайда болады,да сыздап,барлық жерге жайылған түрде болады.

    Сонымен қатар іштің ауруы ас қорыту жолдарынан басқа органдардың ауруларында да пайда болуы мүмкін.Мысалы:миокард инфарктінің гастралгиялық нұсқасының бастапқы кезеңіндегі кеселдің клиникалық белгісі эпигастриялық аймақтың өткір ауру сезімімен басталады.

    Ауру сезімінің орналасқан жері зақымдалған органға нұсқап тұрады. Асқазанның және он екі елі ішектің ауруларындағы ауру сезімдері көбінесе эпигастрия аймағында орналасады және тамақ ішумен байланысты болады. «Ерте басталатын» ауру сезімдері (бірден тамақ ішкеннен соң немесе алғашқы сағат ішінде басталады) асқазанның зақымдануында (асқазанның ойық жарасында), кешігіп басталатын ауру сезімдері (тамақ ішкеннен соң 2-3 сағаттан кейін) - он екі ішек ауруларында. Ішек зақымданғанда ауру сезімдері іштің төменгі жағына орналасады, тамақ ішумен еш байланысы болмайды.

    Ауру сезімдері жеңіл ыңғайсыздық тудыратын сезімнен басталып, қатты қиналатын, шыдатпайтын ауру сезімдеріне дейін болады – шаншулар.Шаншу (греч. kolikos – ішек ауруынан зардап шегетін) – іштің толғақ тәрізді ауруы ұстамасының болуы,бұл ауру сезімдері іш қуысының патологияларында болады. Іштің ауруымен қосарласатын жағдайларды екі деңгейге бөліп қарастырады:

    - Іш қуысының өмірге қауіп төндірмейтін аурулары.Бұл ауруларда «жеңіл» - науқастар шыдай алатын,жалпы жағдайында өзгерістер байқалмайтын ауру сезімі болады.Газ түзілуі жоғарылаған (метеоризм), жүрек айнуы, кекіру сияқты болуы мүмкін.Осы бұзылулардың пайда болуына кейде науқастардың өзі де кінәлі болып қалады,мысалы:( тамақты шамадан көп жеу,алкогөлдік ішімдікті жиі қабылдау,емдәмнің бұзылуы-майлы және ащы тағамды көп жеуі) осындай белгілер болғанымен пациенттердің дене температурасы және үлкен дәреті қалыптағыдай болады.

    Бірақ та, науқастың іш аймағында өткір емес, аздаған ауру сезімінің болуы да,мұқият қарап, тексеруді талап етеді. Көптеген жағдайларда өмірге қауіп төндіретін қатерлі кеселдер жанына батпайтын, ақырын ауру сезімінен басталады, әсіресе жас балалар мен қарт адамдарда.

    - - Іш қуысының өмірге қауіп төндіретін аурулары.

    Аяқ астынан басталатын іштің қатты ауруы, жүрек айнуымен және құсумен қосарласады, дәреті болмай қалады (кейде диарея басталады), іші кебеді, іш қуысының тартылып, құрысып қалуы болады ( «іштің тақтай тәрізді болуы»), Осы жағдай «өткір іш» деген терминмен аталады.

    Іші ауырғанда,дәрігер келіп, пайда болу себебін анықтағанша ауру сезімін басатын,ішекті босаңсытатын дәрілік заттарды қолдануға,клизма жасауға,жылытқыш басуға болмайды,себебі:диагностиканы қиындатып, пациентке зиян тигізуі мүмкін. Іштің қатты ауруында жасалатын барлық емдік шараларды орындау сұрақтарын тек қана дәрігер шешеді.

    Егер пациент іші ауыратынына шағымданса,дәрігерді тез арада шақыру керек және төсегіне жатқызып, су ішуге және тамақ жеуге тиым салыңыз.

    Бақылау сұрақтары

    1. Ас қорыту органдарының қызметі бұзылғанда пайда болатын негізгі симптомдарды атаңыз.

    2. Жүрек айнуы дегеніміз не?

    3. Құсу дегеніміз не?

    4. Құсқан науқастың күтімі қандай болады?

    5. Кекіру -……

    6. Асқазан қыжылдауы - …..

    7. Тәбеттің бұзылу себептері.

    8. Асқазанды сүңгісіз жуу әдісі қалай жүргізіледі?

    9. Асқазан мен ішектен қан кеткенде қандай шаралар орындалуы керек?

    Ішек функциясы бұзылғанда жүргізілетін мейіргерлік процесс

    Ішек функциясы бұзылғанда пациенттер әртүрлі шағымдар айтады.Келесі симптомдар жиі кездеседі:ішек диспепсиясы, іш қату,метеоризм, нәжістің тоқтамауы, қара май тәрізді нәжіс, «мелена», тенезмалар.

    Диарея

    Диарея, немесе іш өтуі (греч. dia- -қозғалу, тесіп шығу, rrhoia –және ағу), - жиіленген дефекация (тәулігіне 2 мәртеден көп болады),нәжісі сұйық болады. Қалыпты жағдайда диарея ішектің жоғарылаған перистальтикасымен байланысты болады,сол себептен ішек ішіндегілер тез қозғалады және жылдам эвакуацияланады.Диареяның негізінде ішекте судың және электролиттердің сіңірілуінің төмендеуі,сұйықтықтың ішек қуысына көптеп бөлінуі және сілемейдің шамадан тыс түзілуі жатады.Егер келтірілгендерге қосымша ішек қабырғасының қабыну процесі болатын болса, нәжіс құрамында әртүрлі қоспалар араласады. Диарея зардап шегетін пациенттің күтімі,ең алдымен пациенттің денесін,көрпе төсегі мен киімдерін таза ұстаумен тұжырымдалады. Пациент унитаздың орнына,дәрет түбегін қолдануы керек, себебі бұл дәрігердің нәжісті көруін оңайлатады.Әрбір дефекациядан кейін пациенттің анусын антисептиктің әлсіз ертіндісімен жуу керек.

    Ұзаққа созылған диареяның асқынуы:электролиттерді (натрий, калий, магний және т.б.) жоғалту,организмнің сусыздануы,АҚ-ның төмендеуімен ұласады.Мейіргер пациенттің жалпы жағдайын бақылап отыруға міндетті, пулсін санау, АҚ-ны өлшеу,ішкен және бөлінген сұйықтығына есеп жүргізу, дәрет санына және түріне бақылау жасау.Пациенттің дене салмағын күнде өлшеу керек, алынған мәлімет температура парағына тіркеледі.

    Диареядан зардап шегетін пациенттің күтімі

    Диарея–бұл дефекация жиілігінің ұлғайуы немесе нәжістің сұйықтануы.Егер бұл процесс жиіленген болса, онда осы өзгерістер нәжістің тоқтамауы деп аталуы мүмкін.

    Ситуацияның анализі:

    1. Ауру тарихының барлық мәліметтерін,емдеу әдістерін, пациент қабылдайтын дәрілік препараттар туралы сараптап біліп алу;

    2. Дефекацияның жиілігін және түрін назарына алу, осы симптомдардың ұзақтығын анықтау;

    3. Нақты бір пациент үшін ненің қалыпты деп саналатынын біліп алу, пациентте сусызданудың қандай белгілері бар екендігін анықтау.

    Диагностикасы:

    1. Пациент ішінің пальпациясын ішек өткізбеушілігін анықтау мақсатымен жүргізу;

    2. Дәретінің түр-түсіне,санына, қалыпты көрсеткіштен ауытқу белгілеріне (қанның, іріңнің,сілемейдің, қорытылмаған тамақ қалдықтарының пайда болуы,) бақылау жүргізу; пациенттің жалпы жағдайын бақылау.

    Мейіргер пациентті тексеру нәтижесінің негізінде және қолда бар мәліметтерді қолданып пациентке жүргізілетін күтімнің жоспарын жасайды:

    1. Емдәмін өзгерту (ас мәзірінен ішекті босаңсытатын,диареяны күшейтетін тағамдарды: жас және кептірілген жемістерді,жаңғақты,жас көкөністерді,бұршақты,пиязды, майонез қосылған салаттарды,дәмдеуіш араласқан тағамдарды, алкагөлдік ішімдіктерді, кофе, жаңа дайындалған шырындарды қысқартып тастау);

    2. Тағайындалған дәрілік терапияны мұқият қарау;

    3. Нәжістің құрамындағы микроорганизмдерді зерттеуге жинау және зерттеу және олардың антибиотиктерге беретін реакциисын анықтау ( антибиотиктерге деген сезімталдығын).

    Диареядан зардап шегетін пациенттің күтімі

    Мейіргер мұқият назар аударып, қамқорлықпен, жылы жүзділік және шыдамдылық көрсетуі керек.

    1. Пациенттердің өтініштеріне тез арада жауап беру (дер кезінде дәрет түбегін беру немесе сауытқа отырғызу).

    2. Пациентті бөлек палатаға оңашалау немесе пердемен бөліп қою.

    3. Ауаны жақсы иістендіргіш заттарды қолдану.

    4. Әрбір дефекациядан кейін, анус аймағын жұмсақ шүберекпен жуу және жұмсақ шүберекпен құрғатып сүрту керек.

    5. Анус аймағының терісін арнайы қорғайтын сықпа маймен майлайды, (дәретхана қағазын және сабын қолдануға болмайды).

    6. Пациентті қарапайым мақта-матадан жасалған сейсептермен киім–кешектермен қамтамасыз етеді.

    7. Пациенттен дегидратация белгілерін іздеу,табу (дегидратация белгілері болғанда пациентке сұйықтықты ішуге кеңес беріледім 2-3л. қарақат шырынын,шиповник қайнатпасын, лимон қосылған шәй).Пациенттің тағайындалған емдәмге сәйкес тамақтануын бақылау.Дене салмағын күніне 1 рет өлшеу, алынған мәліметті температура парағына тіркеу.

    8. Пациентті дефекация кезінде, дегидратациямен күрескенде, емдәмді сақтауда) өзіне–өзі көмек көрсетуге шақыру және үйрету.

    9. Мейіргер пациент қорқыныш сезімін және мазасыздықты сезбеуі үшін, пациент өзін жайлы және үйлестікте сезінуі үшін барлық жағдайды жасауы керек.

    Диареядан зардап шегетін пациенттерге үздіксіз күтім жасау қажет болады.

    Пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау және оған күтім жүргізетін тұлғалардың тазалығын сақтау өте маңызды:

    • Тамақ ішу алдында және ішкеннен соң, әжетханадан кейін және перианалды аймаққа күтім жасағаннан кейін қолды жуу.

    Іш қату

    Іш қату немесе констипация (лат. constipation – жиналып қалу, үйіліп кетуі), - ұзақ уақыттық (2 тәуліктен ұзақ) дәреттің болмай қалуы немесе сирек болатын бөлінуі қиындаған ішектің аз мөлшерлі нәжістен (тәулігіне 100 г/ аз),нәжістің толық шықпағандығы сезімімен бірге болатын босауы. Іш қату ішек моторикасының бұзылуымен, үлкен дәретке барғысы келетін белгінің берілуінің әлсіреуімен байланысты болады.Сонымен қатар ішек ішіндегі заттардың оның қуысында жылжуына АІЖ органикалық өзгерістері де әсер етеді.Іш қату ішек ауруларынан басқа да себептерінен болуы мүмкін.Мысалы:дұрыс тамақтанбауы себебінен немесе ашығу салдарынан, организмнің сусыздануынан және тез өсімдік торшалары жоқ, ыдырайтын . («перистальтиканың белсендірушісі»).тағамды көп жеу себебінен де болады

    Іш қатуда пациенттер ішінің кебуін және ауыр тартуын сезеді, науқастар ішегінің толық босамағандығын сезеді.Нәжістің ішек қуысында тоқтап қалуынан болатын шіріген тағамдардың организмге сіңуі, организмді уландырады,ал улану басының ауруымен, әлсіздікпен, жалпы шаршау сезімімен көрінеді.

    Іш қату

    Іш қату – бұл нәжістің ішек ішінде 48 сағаттан артық тұрып қалуы.

    Іш қатудың пайда болуының себептері әртүрлі болады.Ал егде тартқан және қартайған адамдардың іш қатуының себептері әртүрлі функциялық факторлардан болады:тез ыдырайтын өсімдік торшалары жоқ, тағамды көп жеу, ішектің моторлық қызметінің бұзылуынан (атониялық іш қатуы) немесе керісінше жуан ішектің спастикалық жағдайы (спастикалық іш қатуы).

    Мейіргер дәрігердің тағайындамарының орындалуын және пациенттің дәрігер белгілеген емдәмді сақтауына бақылау жүргізуі қажет.

    Іш қатқанда көрсетілетін көмек

    1. Дәрігердің тағайындамасы бойынша:

    - көрсетілімі бойынша және дәреті 2-күн бойы болмай қалғанда тазарту немесе басқа босаңсытатын клизманы жасау және жел шығаратын түтікті қою.

    - іш жүргізетін дәрілік препараттарды қабылдау.

    1. Тағамдық рационға келесі тағамдық заттарды енгізу қажеттілігі турады әңгіме өткізу:

    - қара слива, инжир, жидектер, қышқыл сүт тағамдары, өсімдік майын, қарақұмық ботқасын және тб.

    - тәулігіне1,5 л –дей сұйықтық қабылдау

    - пациентке ұнайтын, жағымды ас мәзірін құрастыра білу; - диетологтың кеңесін алуды ұсыну.

    Пациенттің физиологиялық бөлінділерін шығаруы бұзылғанда пайда болатын проблемалары

    Физиологиялық

    Психологиялық

    Әлеуметтік

    Ішегін өз бетінше босату мүмкін болмағанда;

    дискомфорт, ішінің ауыр тарту сезімі;

    іштің кебуі;

    іштің ауруы;

    тәбетінің бұзылуы;

    Денсаулық туралы білімінің таяздығынан болатын қорқыныштың болуы;

    Өз жағдайы себебінен айналасындағылардан ыңғайсыздану;

    Қателі ұялу;

    Ем-шара жасау алдындағы ұялу;

    Дайын болған тамақтың сапасына сенімсіздік білдіруі

    Әлеуметтік дезадаптация;

    Өзіне өзі күтім жасау тапшылығы;

    Салауатты өмір салтының негізгі принциптері туралы білімінің тапшы болуы: рационалды тамақтану, белсенді қозғалу;ұнайтын тағамды сатып алу үшін

    материальные қиындықтарының болуы; физикалық жаттығу туралы білімді алғысы келмеуі


    Ырықсыз дефекация (нәжісті ұстай алмау)

    Ырықсыз дефекация нәжісті ұстай алмауы науқастарда дефекацияның жүйкелік реттелудің бұзылуы нәтижесінде, жүйке жүйесінің ауруларында дамиды және естен танумен қосарласатын ауруларда (инфекциялар, миға қан құйылуы және т.б.). Нәжістің тоқтамауы тік ішектің сфинктерінің қатерлі ісікті ауруларында, жарақаттануларында болуы мүмкін.

    Нәжісі (зәрі)тоқтамайтын пациенттердің күтімі

    Мақсаты: ойылудың алдын алу, ішекті босату.

    Көрсетілімі:ішек функциясының бұзылуы.

    Дайындаңыз: пинцет, сүрткілерді, клееңке, судноны, жаялықты, памперстерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациенттің төсек-орны мен киім кешектерінің тазалығын сақтау.

    2. Пациенттің сегізкөзінің астына дәрет ыдысын клееңке төсеп қойыңыз,оның шет шетіне жаялық жабылады, пациенттің денесі тиетін жерлеріне.

    3. Пациенттің сыртқы жыныс мүшелерін және анус аймағын жиі жуып тұрыңыз, жаялықпен құрғатып сүртіңіз және терісін сықпа маймен майлаңыз.

    4. Зәрі тоқтамайтын пациенттерге кешкі сағат 18-ден кейін сұйықтықтарды қабылдауға шектеу жасаңыз.

    5. Дәрет ыдысын дер кезінде босатып тұрыңыз.

    6. Шамадан тыс ылғалды болғанда (нәжісінің тоқтамауы) арнайы лыпа кигізіңіз, бұт аралығына төсеніштер, памперстер, жаялықтар қолданыңыз.



    Памперстерді қолдану ережесі

    Памперстер — бұл арнайы бір мәрте қолданылатын, зәрді сіңдіріп алатын лыпалар.Олардың екі қабаты болады: біреуі сұйықтықты сіңдіріп алады, екіншісі оның сыртқа қарай ағып кетуін болдырмайды. Памперстер оның шет шетінде орналасқан жабысқақ жолақпен бекітіледі,жабысқақ бір мәрте және көп мәрте қолданылатын болуы мүмкін.

    Жату қалпында ағып кетуді болдырмау үшін памперстерде бұт аралық жерлерінде екінші қабатты резеңке болады.Қорғаныс қабаты қағаздан немесе полимерлі материалдардан жасалады.Ішкі қабатын кейде зәрдің сұйық жағдайын гел сияқты жағдайға ауыстыратын затпен толықтырады.

    Памперстердің мөлшерлерін пациент сандарының айналымына және дене салмағына байланысты таңдайды.

    Памперсті қалай таңдау керек?

    Бірінші - памперсті таңдау алдында пациенттің саны көлемін және дене салмағын біліп алу керек.

    Екінші —пациенттің ұстай алмау түрін анықтап алу керек.Егер зәрдің шығуы аз аздан, бірақ жиі болатын болса,ыңғайлысы сыйымдылығы минималды, мөлшері сәйкес келетін памперсті таңдап алу.Ал пациент зәрі сирек бірақ, көп мөлшерден шығатын болса сыйымдылығы максималды памперсті таңдап алу керек.Барлық жағдайларда егер қалтасы көтерсе ең жақсысы көп рет қолданылатын және сұйықтықты гелге аударатын памперсті пайдаланған ыңғайлы болады.

    Памперстің орамасының сыртындағы нұсқаулықты мұқият оқуға кеңес беріледі — ол жерде қолдану әдісі толық көрсетіледі.Егер пациент жүретін болса памперс түрегеп тұрғанда кигізіледі, жататын пациенттерге памперс арқасында жату қалында кигізіледі.

    Памперс ыңғайлы болғанымен оны үнемі үзіліссіз қолдануға болмайды, себебі тері қатты ысып нашар тыныс алады. Сондықтан мамандар памперсті өте қажет болғанда қолдануды ұсынады.

    Сонымен қатар памперсті қолдану ауа былауларын жасаумен және гигиеналық шаралармен қатар жүруі керек.

    Метеоризм

    Метеоризм (греч. meteorismos – жоғары көтерілу) –ас қорыту жолдарындағы газдың шамадан тыс мөлшерде жиналып қалуы және олардың шығарылуының бұзылуы себебінен іштің кебуі.Метеоризм іштің толғақ ұстағандай ауруы,керілуі сезімі, ауыр тартуы. Бұл симптомдар шыққанда жойылады. Науқасты газдың жиі шығуы мазасыздайды, (тәулігіне 20 рет одан да көп), кекіру, ықылық.Ішектің көтеріңкі перистальтикасында іште дауысы қатты шығатын құрылдау пайда болады. Бұл пациентте ыңғайсыздық тудырады, ашуын шақырады.

    Метеоризмнің негізгі себептері келесідегідей болады:

    • - ішекте газдың көптеп жиналып қалуын тудыратын тағамдарды жегенде– сүт, қара нан, қырық қабат, картофел, бұршақ, фасол және тб.

    • - АІЖ аурулары –аэрофагиямен ұласатын жағдайлар, созылмалы колит, ішек дисбактериозы, панкреатит,ішек өткізбеушілігі және т.б.

    • - ішектің жартылай салдануы– іш қуысына жасалған оталардан кейін, сонымен қатар келесі барысы ауыр патологияларда: инсультта, шашырқай тамырларының тромбозында және т.б.

    Метеоризмнен зардап шегетін пациентке күтім жасау кезінде ең алдымен ем-дәмді ретке келтіріп алу қажет– ас мәзірінен ішекте газ пайда болуын жоғарылататын тағамдарды алып тастау.

    Пациенттерге дәрігердің тағайындауымен күніне 2-3 рет белсендірілген көмірдің ұнтағы немесе таблеткасы беріледі, түймедақ тұндырындысы, аскөктің қайнатпасын ішкізеді.

    Метеоризмде қолданылатын негізгі құрал– жел шығаратын түтікті қою. Сонымен қатар тазарту клизмасын да жасауға болады,ол ішектегі газбен қатар жиналып қалған нәжісті де шығарып, пациенттің жағдайын едәуір жақсартады.

    Жел шығаратын түтікті енгізу – тәуелді араласу.Оны енгізудің көрсеткіштері – ішекте газ жиналып қалуы себебінен іштің кеуіп кетуі.Іштің кебуі тамақтану ережесін бұзғанда және тамақ құрамы өзгергенде дамиды,ал қауіптісі адамның қозғалыс жасау белсенділігі төмендегенде,наркоздан кейін, наркотикалық препараттарды қолданғанда дамиды.

    Жел шығаратын түтікті енгізу мақсаттары:

    Асқазан-ішек жолдарының төменгі жағынан газды шығару.

    Іштің кебуін бәсеңдету.

    Обеспечение комфортного состояния пациенту.

    Асқазан-ішектен қан кету
    1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64


    написать администратору сайта