Главная страница
Навигация по странице:

  • ТАЛЫП ҚАЛУ Талып қалу

  • КОЛЛАПС Коллапс

  • Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылғандағы мейіргерлік процесс. Асқазанның қызметі бұзылған пациенттің негізгі проблемалары. Тәбеттің бұзылуы

  • Ауыздан жағымсыз иістің шығуы

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница48 из 64
    1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64

    Бөлінген сұйықтық


    Зәрдің бөлініп шыққан уақыты

    Бөлініп шыққан зәрдің мөлшері мл. (диурез)







    Барлығы:



    1. Есептеу парағына пациент ішкен және организміне енгізілген сұйықтықтардың мөлшерін тіркеп, жазыңыз.

    Енгізілген сұйықтықтар





    Сұйықтықты ішкен уақыты немесе сұйықтық енгізілген уақыт

    Ішкен немесе енгізілген сұйықтықтардың мөлшері







    Барлығы:




    1. Келесі күннің таңғы сағат 6ºº-де пациент есептеу парағын мейіргерге тапсырады. Ішкен

    Ішкен сұйықтығының және тәуліктік зәр мөлшерлерінің арасындағы айырмашылық организмдегі су теңгерімінің көлемін құрайды.

    Мейіргер міндетті:

    • пациент сұйықтықтарға есеп жүргізе алатынына сенімді болуға.

    • Пациент зерттеуге дейінгі 3 күн бойы диуретиктерді қабылдамағанына сенімді болуға.

    • Пациентке қалыпты жағдайда зәрмен қанша мөлшердегі сұйықтық бөлініп шығуы керектігін айтып беруге.

    • Пациентке енгізілген сұйықтық мөлшерін есептеуді оңайлату мақсатымен азық-түліктердің құрамында болатын судың болжамды пайыздық мөлшері туралы айтуға,түсіндіруге (есепке тек тағам құрамындағы судың мөлшері ғана алынбайды,сонымен қатар парентералды жолмен енгізілген сұйықтықтар да алынады).

    • Қатты азық-түліктердің құрамында 60% дан бастап, 80% -ға дейін су болуы мүмкін.

    • Бөлініп шыққан сұйықтықтың мөлшерін есептегенде, есепке тек зәр ғана алынбайды, сонымен қатар пациенттің құсығы және нәжісі де есептеледі.

    • Мейіргер тәулік ішінде енгізілген сұйықтық мөлшерін және шығарылған зәр мөлшерін есептеуге міндетті.

    • Бөлініп шыққан сұйықтықтың пайызын анықтауға (80% - сұйықтықтың бөлініп шығуының қалыпты мөлшері).

    Бөлініп шыққан зәрдің мөлшеріх100 енгізілген сұйықтықтың мөлшері

    количество введенной жидкости



    Шығару пайызы =



    • Су теңгерімінің есебін келесі формула бойынша санап шығаруға міндетті: тәулік ішінде бөлініп шыққан зәрдің жалпы мөлшерін 0,8-ге көбейту керек, (80%) = қалыпты жағдайда бөлініп шығуы керек зәрдің мөлшеріне.

    • Бөлініп шыққан сұйықтықтың мөлшерін,есептеліп шығарылған қалыпты жағдайда бөлініп шығуы керек зәрдің мөлшерімен салыстыру.

    • Егер бөлінген сұйықтық мөлшері есептеп шығарылған мөлшерден аз болса, су теңгерімі теріс деп саналады.

    • Егер бөлінген сұйықтық мөлшері есептеп шығарылған мөлшерден көп болса, су теңгерімі оң деп саналады.

    • Мейіргер су теңгерімі тіркеліп,есептелетін параққа жазуға және оған баға беруге міндетті.

    Нәтижесін бағалау:

    80% - 5-10% - қалыпты жағдайда бөліп шығарылуы (-10-15% - жылдың ыстық уақыттарында; +10-15% - жылдың суық күндерінде;

    • су теңгерімінің оң болуы (>90%) емнің тиімділігін және ісінулердің жойыла бастағанын растайды (диуретиктерге немесе жеңілдететін диеталарға берілген реакциясы);

    • су теңгерімінің теріс болуы (<70%) ісінулердің өрістей беруін немесе диуретикалық заттардың дозасының тиімсіздігін көрсетеді.

    Талып қалу (греч. syncope – синкопалды жағдай) –бас миының қан айналымының жедел бұзылуынан басталатын, ес-түсін қысқа уақытқа жоғалту. Қалыпты жағдайда талып қалу,әсері күшті болатын жүйке-психикалық тітіркенулерде (қорқу, өте қатты ауру сезімінің болуы, қанның түсі), ыстық, ауасы қапа бөлмеде болғанда,өте қатты қалжырауда басталады.Есін жоғалтудың алдында бас айналуы,құлағында шуылдың пайда болуы, көзінің қарауытуы,өзін нашар сезінуі белгілері болады.Терісі мен сілемейлі қабығының бозаруы және аяқ қолының салқындауы,суық,жабысқақ тердің шығуы,АҚ-ның тез арада төмендеп кетуі, пульсінің кіші, жіп тәрізді болуы анықталады.Талып қалудың қояншық ауруының ұстамасынан бірнеше айырмашылығы болады:кіші дәретінің еріксіз шығып кетуі өте сирек болады, тыныс алуының тоқтап қалуы мен тілін қыршып алуы мүлдем болмайды.Талып қалу көбінесе пациент вертикалды дене қалпында болғанда болады да,науқас жату қалпында алғанда,бас миына қанның құйылуы жақсарады да пациенттің ес түсі тез арада жиналады.Талып қалудың ұзақтығы 20-30 секундқа созылады, содан кейін пациент бірден есін жинап алады.

    ТАЛЫП ҚАЛУ

    Талып қалубұл бас миының жеткіліксіз қан айналымының (ишемия) болуы себебінен және аяқ астынан басталатын, қысқа уақытта есін жоғалтып алу.Ол іш қуысының тамырларында қанның жиналып қалуына әсер ететін тамыр тонусының орталық жүйкелік реттелуінің бұзылуымен байланысты болады. Қан тамырлар жетіспеушіліктерінің ең жеңіл түрі.Ұзақтығы 20-40 секундқа созылады.

    Басталу себептері:психикалық жарақаттар,айрықша жан түршігулері,қатты теріс эмоциялар,ауру синдромы,қалжырау,толқу,қатты қорқу,жүрек-қан тамырларының аурулары,көп мөлшерде қан жоғалтулар,қатты ысып кеткен, ауасы тар жерде ұзақ болу,горизонталды дене қалпынан тез арада вертикалды дене қалпына ауысқанда, оталық араласулардан соң,медициналық ем-шараларды орындағаннан кейін,ауыр физикалық күш түсулерден соң және т.б.

    Симптомдары:есін жоғалту,әлсіздік,басының айналуы,құлақтың шуылдауы,көзінің қарауытуы, көзі алдында жыбырлауық «тордың пайда болуы»,жүрек айнуы.Вертикалды дене қалпында тұрған пациент аяқ астынан баяу «отыра» бастайды, (құлайды).Терісінің және сілемейлі қабықтарының тез арада бозарып кетуі, суық тер шығады, аяқ қолдары салқындайды.

    Пульсінің толтырылуы аз, кернеу күші әлсіз болады,жіп тәрізді болуы мүмкін,( перифериялық артериялардың соғуы жойылып кетуі мүмкін). Артериялық қысым төмендейді.Тыныс алуы үстіртін, сирек. Көз қарашықтары кішірейген, жарыққа беретін реакциясы әлсіз. Бұлшық ет тонусы едәуір төмендеген.

    Шұғыл көмегі:

    1. Дәрігерді шақыртыңыз.

    2. Пациентті арқасына горизонталды қалыпта,жастықсыз қатты төсекке, аяқ жағы аздап көтерілген (30-қа) кереуетке жатқызыңыз және пациенттің басын аздап төмен түсіріңіз немесе кереуеттің аяқ жағын көтеріңіз.

    3. Пациентке физикалық,психикалық тыныштық орнатыңыз.

    4. Таза ауаның келуін қамтамасыз етіңіз:терезені ашыңыз, бөлмені желдетіңіз.

    5. Мойнын және кеудесін қысып тұратын киімдерінен босатыңыз.

    6. Пациенттің шекелерін,бет терісін және кеудесін қолдарыңызбен ысқылаңыз.

    7. Пациенттің бетіне және кеудесіне суық су шашыратыңыз.

    8. Пациенттің бетін алақандарыңызбен шапалақтаңыз немесе салқын суға малынған сүлгімен аздап, басыңыз.

    9. Пациенттің мұрнына мүсәтір спиртіне малынған тампонды жақындатыңыз, онымен шекелерін ысқылаңыз (пациент буымен дем алады).

    10. Ыстық шәй немесе кофе ішкізіңіз.

    11. Желке аймағына қыша қағазын басыңыз.

    12. Аяқтарына жылытқыш басыңыз және пациентті жылы көрпемен жауып қойыңыз.

    13. Пульсін және артериялық қысымын бақылаңыз.

    14. Дәрігердің тағайындамаларын орындаңыз.

    14. Пациентті зімбілмен тасымалдаңыз.

    Коллапс.Коллапс (лат. collapsus –тамыр тонусының төмендеуімен,жүректің жиырылу функциясының әлсіреуімен,АҚК азаюымен және АҚ-ның төмендеуімен көрінетін жедел тамырлық жетіспеушіліктің клиникалық көрінуі. Оны жедел қан жоғалтуда,миокард инфарктында,ортостазда, жұқпалы ауруларда (көп мәрте құсу мен диареяның салдарынан сусуздану болғанда), улануларда,антигипертензивті дәрілік заттарды жоғары дозада қабылдап қойғанда.Клиникалық көріністері талып қалуға ұқсас болғанымен, кейде ес-түсін жоғалту болмайды,пациенттің ақыл-ойы тежелген,айналасындағы құбылыстарға араласпай қалады, көз қарашықтары үлкейеді.

    Коллапс болғандада көрсетілетін көмек пациенттке горизонталды дене қалпын беруден басталады,басын төмен түсіреді,оны тудырған себепті жоюға бағытталған шараларды жасайды мысалы: қан кетуді тоқтату,жылыту және т.б., қажет болған жағдайларда дәрігердің тағайындауымен айналымдағы қан көлемін парентералды жолмен қан препараттарын немесе қан алмастырушыларды құю арқылы толықтыру,қан тамырларының тонусын жоғарылататын препараттарды енгізу.

    КОЛЛАПС

    Коллапс–артериялық қысымның шұғыл төмендеуімен және перифериялық қан айналуының бұзылуымен болатын жедел қан тамырлық жетіспеушілік.

    Себептері:көп мөлшерлі қан жоғалту,жарақаттану, миокард инфаркты, улануларда,жедел инфекциялар және жүрек соғуының реттілігінің бұзылуы.

    Коллапс ең қауіпті асқынулардың бірі деп саналады, кейде пациенттің өлімінің де себебі болуы мүмкін.

    Пациенттің сыртқы келбеті:бет-әлпеті қимыл-қозғалыссыз,терісінің түсі сұрғылт тартып, бозарған, тердің майда тамшылары пайда болдады, жабысқақ суық тер, аяқ қолы көкшіл тартып, салқындайды.Науқастың жағдайы ауыр болады;денесі былқ-сылқ етеді;ақыл-есі тежелген;жиі үстіртін тыныс алады;пульсі жиіленген;толтырылмаған;жұмсақ; АҚ төмендеген;

    Мақсаты:Тез арада АҚ-ны қалыптастыру,тамырлар тонусын жоғарылату.

    1. Толық тыныштықты қамтамасыз етіңіз,(мидағы оттегі тапшылығы азаяды).

    2. Дереу дәрігерді шақыртыңыз.

    3. Пациентті төсегіне жастықсыз горизонталды қалыпта жатқызыңыз (миға қан құйылуы жеңілдейді).

    4. Қолдарына және аяқтарына, бел аймағына жылытқыштар басыңыз,көрпесімен жауып қойыңыз,Ыстық шәй немесе кофе беріңіз. Бұл мидағы қан айналуын жақсартады, тамырлар тонусын жоғарылатады.

    5. Оттегін ингаляциялауды бастаңыз.(ми қанмен жасы қамтамасыз етіледі).

    6. Пульсін тексеріңіз,АҚ әрбір 5 минут сайын өлшеңіз,манжетаны шешпеңіз.Алынған мәліметтерді бақылау парағына түсіріңіз.

    7. Дәрігердің тағайындамаларын орындаңыз.

    8. АҚ қалпына келгенде физикалық, психикалық тыныштық орнатыңыз.

    9. Пациенттің жағдайын үзбей қадағалаңыз.Бақылау парағына: тыныс алу жиілігін, пульсінің санын,АҚ, терісінің түсін ылғалдығын, пациенттің дене температурасын, ес түсінің жағдайын толық жазыңыз.

    10. Пациентпен коллапстың алдын алу мақсатымен, оның даму себептері туралы әңгіме өткізіңіз.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының негізгі белгілерін атаңыз.

    2. Артериялық гипертензия дегеніміз не?

    3. Артериялық гипотензия дегеніміз не?

    4. Стенокардия дегеніміз не?

    5. Қалыпты жағдайда артериялық қысым …..құрайды.

    6. Пульс дегеніміз не?

    7. Қалыпты жағдайда пульс минутына ……болады.

    8. Су теңгерімі дегеніміз не?

    9. Тәуліктік диурез дегеніміз не?

    10. Оксигенотерапия дегеніміз не?

    11. Оттегі баллонымен жұмыс жасағанда сақталатын қандай қауіпсіздік шаралары болады?

    12. Оттегін беру әдістерін атаңыз.

    13. Оттегін ылғалдау әдістерін атаңыз.

    Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылғандағы мейіргерлік процесс.

    Асқазанның қызметі бұзылған пациенттің негізгі проблемалары.

    Тәбеттің бұзылуы

    Ас қорыту жүйелерінің барлығында науқастардың тәбеті бұзылғаны байқалады. Тәбет дегеніміз (лат. appetitio – қатты ұмтылу, тілек, ынтызар) алдыда тұрған тамақты ішумен байланысты дамитын жағымды сезім.

    Тәбеттің бұзылуының келесі түрлерін бөліп қарастырады:

    - тәбеттің төмендеуі асқазанның қышқылдығының және секретін бөліп шығаруының төмендеуімен байланысты болады.Тәбеттің толық жоғалуы анорексия деп аталады.Анорексия (греч. an –жұрнақ,белгінің жойылуын білдіреді,orexis – тамақ ішкісі келуі, тәбеті).

    - Тәбеттің жоғарылауы көптеген жағдайларда асқазанның ойық жарасында, панкреатитте байқалады.Қарны ашып тұру сезімінің патологиялық күшейуі, кейде тіпті тоқтамайтын тамақ жегісі келе беру сезімі,үнемі қарны ашып тұруы булемия деп аталады.Булемия (греч. bus – өгіз, limos – ашығу; толық аудармасы – өгіздің ашығуы,орысша аналогиясы – қасқырдай ашығу).Булимия бас миының органикалық ауруларының да белгісі бола береді.

    - Тәбетінің өзгеруі (пикацизм,лат. pica–сауысқан),жеуге жарамайтын заттарды жегісі келе беретінімен ерекшеленеді (борды,утасты, көмірді және т.б). Пикацизм тағамдық орталықтың функцялық жағдайының өзгеруімен түсіндіріледі,(мысалы: жүктілік кезінде, темір тапшылық қаназдықта). Тәбетінің өзгеруінің тағы да бір нұсқасы ретінде пациенттің тағамның белгілі бір түріне деген жиіркенішті семінің пайда болуын айтады (мысалы: асқазанның қатерлі ісігінде етке және ет тағамдарын жегісі келмеуі).

      Тәбеті бұзылуындағы мейіргерлік араласулар:

     Күтімнің мақсаттары:

    • Тәбетін қалпына келтіру.

    Мейіргерлік араласулар:

                  Тәуелсіз араласулар:

    • Әдеттерін анықтап алу, жақсы көретін заттарын,пациенттің тамақтану ережесі мен қалыптасып кеткен түсініктерін білуге ұмтылу.

    • рационалды тамақтанудың пайдасы туралы әңгіме жүргізу

    • арнайы маманның кеңесін алу керектігін түсіндіріңіз.

    Шөлдеу

    Шөлдеу организмде су жетіспеуінің дәлеледемесі ретінде көрінеді.Ол сонымен қатар судың тіндерде іркіліп қалуында да (жүрек және бүйрек ісінулері, ішкі секреция бездерінің жұмысының бұзылуы болғанда)да шөлдеу пайда болады.Шөлдеу уақытша көрінетін белгі ретінде ауыз қуысының және жұтқыншақтың құрғап кетуінде болады,сонымен қатар олардағы ылғалдың тез арада кеуіп,құрғап кетуінде (ауыздың үнемі ашық болуына байланысты кеуіп кетуі, мұрынмен тыныс алу мүмкін болмағанда).Шөлдеу қант диабетінде және қанытсыз диабетте көрінеді.

    Шөлдеуде жүргізілетін мейіргерлік араласулар:

    Мақсаты:шөлдеу сезімін бәсеңдету

    Мейіргерлік араласулар:

    Тәуелсіз:

    • ылғалды сүрткімен еріндері мен ауыз қуысының сілемейлі қабығын ылғалдап тұру

    • ауызын сумен шайғызу,суды ауызда ұстап тұру және төгіп тастау.



    Ауыздан жағымсыз иістің шығуы

    Ауыздан жағымсыз иістің шығуының себептері:стоматит (ауыз қуысының, қызыл иектің немесе тілдің қабынуы және жаралары),тіс аралықтарында тұрып қалған немесе тіс протезіне жабысып қалған тамақ қалдықтарының, қытай пиязымен, жәй пияздың ұшпалы заттарының иістері алдымен қанға өтеді,содан кейін ауыздан шығатын демге өтеді сөйтіп себебі болуы мүмкін.Алкоголдік ішімдіктер мен темекі тарту да ауыздан жағымсыз иістің шығуының себебі бола алады.Ауыздан жағымсыз иістің шығуының себептерінің негізі ас қорытудың бұзылуы болады.Ауыз қуысын, қызыл иектің нәзік сілемейлі қабығының саулығын үнемі гигиенаны сақтау арқылы нығайту өте маңызды

    Ауыздан жағымсыз иістің шығуындағы мейіргерлік араласулар.

    Күтімнің мақсаты:жағымсыз иісті жою

    Мейіргерлік араласулар:

    Тәуелсіз араласулар:

    • пациентке кеңес беру:

    • ауыз қуысын әрбір тамақ ішкен сайын шайқап тұру

    • тісті жүйелі түрде күніне 2-мәрте тазалап тұру.

    Егер пациент тісін өз бетінше тазалай алмайтын болса,оған осы шараны орындау үшін мейіргердің көмегін алуы керектігін түсіндіру керек.

    Қалі ауыр пациенттердің ауыз қуысы мен тістерін мейіргер күніне екі мәрте антисептикалық ерітіндімен өңдеп тұруы керек, тіс аралығын тазалау мүмкін болмағанда арнайы тығызжіпті қолдануға болады.

    Асқазан қыжылдауы

    Асқазан қыжылдауы (лат. pyrosis)–төстің артындағы немесе эпигастриялық аймақтағы ауру сезімімен қосарласатын және кейде жоғары өрлеп жұтқыншаққа дейін жететін күйдіру сезімі,бұл қышқыл асқазан сөлінің өңешке түсіп кетуінен және өңештің жылтыр мускулатурасының құрысуы себебінен болады. Асқазан қыжылдауының себептері: рефлюкс-эзофагит,асқазан және он екі елі ішектің,өт шығаратын жолдардың аурулары, көкеттің өңешке арналған тесігінің жарығы болады.

    Асқазан қыжылдауындағы мейіргерлік араласулар:

    Мақсатықыжылдауды бәсеңдету

    Мейіргерлік араласулар:

    Тәуелсіз араласулар:

    • пациентке жарты кесе сүтті аздаған мөлшерлермен ішуге кеңес беріледі, минералды немесе қайнаған суды ішуге болады.

    • тамақтануы туралы кеңестер беру.

    • Тәуелді:

    • Негізгі ауруларын емдеу

    • Дәрігердің тағайындамаларын орындау.



    Ықылық

    Ықылық ату- бұл көкеттің аяқ астынан рефлекторлық түрде құрысып тырысу түрінде жиырылуы, ол демді қатты ішке тартумен және өзіне тән дыбыстың болуымен қосарласып ерекшеленеді.

    Тоқтамайтын ықылық - шұғыл көмекті қажет ететін өте ауыр жағдай.

    Қысқа уақыттық ықылық – көбінесе асқазанның тез толып кетуінен басталады, әсіресе құрғақ тағаммен.

    Өт қабының ауруларында,іш қуысына жасалған хирургиялық араласулардан кейін,ішек өткізбеушілігінде,невроздарда, ми қан айналуының бұзылуларында ұзаққа созылған ықылық болады.

    Ықылық кезіндегі мейіргерлік араласулар

    Мақсаты: ықылықты жою немесе бәсеңдету

    Мейіргерлік араласулар:

    Тәуелсіз араласулар:

    • пациентті тыныштандыру

    • ыңғайлы дене қалпын беру

    • таза ауа келуін қамтамасыз ету

    • тыныс алуын қиындатып тұрған киімдерін босату,шешу

    • пациентке бірнеше жұтым су беріңіз,тыныс алуын тоқтата тұруын сұраңыз

    Кекіру

    Кекіру (лат. eructation) – күтпеген кезде, ырықсыз ауыз арқылы,кейде дыбысы болатын асқазанда немесе өңеште жиналып қалған ауаның тез шығуы (ауамен кекіру).Кекіру кезінде ауызға асқазан ішіндегі заттардың аздаған мөлшері бірге келуі мүмкін (тағаммен кекіру).Ауамен кекіруді аэрофагияда бақылауға болады.Аэрофагия (греч. aeros – ауа, phagein – жұту, жеу,ішу) – артық ауаны жұтып алу және оны кекіру арқылы қайта шығару;осындай құбылысты тамақты тез ішкенде, АІЖ кейбір ауруларында,психикалық бұзылуларда байқауға болады.Кейбір кездерде кекіру кезінде ауызға қышқыл дәм келеді (асқазанның бөліп шығаруының күшейуінде,асқазан ойық жарасында) немесе ащы дәм (өттің он екі елі ішектен асқазанға құйылып кетуінде), шіріген жұмыртқа иісі (гастритте,ұлтабардың тарылуында).

    Жағымсыз иіс пен дәмді сезу пациентке едәуір ыңғайсыздық тудырады. Осындай симптомдар болғанда пациентке әрбір тамақ ішкеннен кейін тістерін тазалауға, аузын қайнаған сумен немесе шөптердің қайнатпасымен(жалбыз, түймедақ және т.б.) шайқауға кеңес беріледі.

       Кекіру болғандағымейіргерлік араласулар

    Күтімнің мақсаты: кекіруді жою немесе бәсеңдету

    Мейіргерлік араласулар:

    Тәуелсіз араласулар:

             Төмендегі кеңестер беріледі:

    • тағамды баяу, мұқият шайнау керек

    • тамақ ішу кезінде кітап оқымау және сөйлеспеу

    • тамақты аздаған мөлшерлермен ішу

    • тамақ ішкенен соң бірден, ұйқыға жата қалмау,

    • соңғы тамақ ішу – сағат 19-ға дейін болуы керек

    • кекіру тұрақты болғанда,(басылмаса) дәрігерге қаралу керек.
    1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64


    написать администратору сайта