Главная страница
Навигация по странице:

  • (эпидемиологиялық процесстің әрбір тармақтарына әсер ету)

  • Санитарлық-эпидемиологиялық ереже (СЭЕ)

  • АІИ алдын алу және күресу шаралары

  • Қауіпсіздіктің универсалды шаралары.

  • Қауіпсіздіктің универсалды шаралары

  • Кәсіптік инфекцияны жұқтырып алу қаупі кімде болады

  • АИТҚ жұқтырып алу қаупімен байланысты жанасулар

  • Қан және басқа потенциалды жұқпаланған биологиялық сұйықтықтар

  • Қорғанудың универсалды шаралары сақталуы керек

  • Қан арқылы жұғатын инфекцияларды жұқтырып алмау үшін сақтану керек

  • Инфекцияны жұқтырып алудан сақтану үшін орындалатын шаралар

  • Қорғаныс қондырғылары және қауіпсіз технологиялар

  • Жеке бас қорғаныс құралдары

  • Халаттар және басқа қорғаныс киімдері;(формалар)

  • Бет перделер, қорғайтын көзілдіріктер және бет- әлпетке арналған қалқандар

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница2 из 64
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

    Аурухана ішілік инфекциялардың алдын алуды бақылау шаралары мен қауіпсіздікті сақтау ережелері

    АІИ алдын алудың негізгі жолы –инфекция тізбегін жою

    (эпидемиологиялық процесстің әрбір тармақтарына әсер ету)

    Инфекция тізбегін бұзу әдістері.

    • АІИ –ға тиімді бақылау жүргізу (инфекциялық қадағалау).

    • Инфекция көзін аулақтандыру, ауруханаға жатқызу.(оңашалау)

    • Инфекция қоздырғыштарын жою (дезинфекция және стерилизация).

    • Таралу жолдарын үзу. Пациенттің функциялық жағдайын бағалау.

    • Адамның ауруға төтеп беруі қабылетін көтеру (иммунитетін).

    Кешенді эпидемиологиялық шаралар эпидемиологиялық процесстің 3 тармағына бірдей әсер етуі керек, кешенді медициналық шараларды жүргізу қажет, медициналық араласулардан болатын жарақаттар санын азайту, АІИ-ның антибиотикпен профилактикалауды қолға алу және т.б.

    Санитарлық-эпидемиологиялық ереже (СЭЕ)- бұл аурухана ішілік инфекцияның (АІИ) алдын-алу мақсатымен ауруханада жүргізілетін шаралар жиынтығы және науқастардың ауруханада болуы әрі олардың тез арада айығып кетуі үшін барынша ыңғайлы гигиеналық жағдайлардың жасалуы.

    АІИ-ның алдын –алу шаралары әрбір медициналық қызметкердің кез-келген медициналық мекемеде эпидемияға қарсы шараларды қатаң орындауымен тұжырымдалады

    Осындай көп салалы, сан қырлы жұмыстың басында, осы шараларды ұйымдастыратын, орындайтын және АІИ алдын –алу шараларының сақталуына жауап беретін мейіргер тұрады, ал мейіргердің іс- қимылдарының дұрыстығы оның білімділігіне және игерген практикалық дағдыларына байланысты болады.

    Медициналық персоналдың эпидемияға қарсы ереженің талаптарына саналы көз қараспен қарауы және оны тиянақты орындауы қызметкерлердің кәсіптік аурумен ауырып қалуының алдын алады және АІИ-ды жұқтырып алу қаупін төмендетеді, сонымен қатар пациенттердің денсаулығын сақтап қалуға септігін тигізеді.

    АІИ ның алдын алуға бағытталған медициналық мекемедегі эпидемияға қарсы шаралар, қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың таралуына себебші бола алатын обьектілерді дезинфекциялауды және медицинаға тағайындалған бұйымдарды стерилдеуді көздейді. АІИ алдын-алу үшін жұмысқа инфекциялық аурудың клиникалық белгілері байқалатын медициналық персоналдар жіберілмейді және медициналық қызметкерлерге вакцинациялауды дер кезінде жүргізу керек (В және А гепатитеріне, күлге қарсы) . АІИ ның есебіне пациенттердің ауруларынан басқа, медициналық қызметкерлердің де аурулары енеді.

    АІИ алдын алу және күресу шаралары

    «АІИ алдын-алуының негізгісінің негізі медициналық персоналдың, өз жұмысының барлық деңгейіндегі гигиеналық мәдениеті және эпидемиологиялық тұрғыдан алғандағы дайындығы» болып табылады.

    ММ- дегі АІИ -ның алдын -алу сұрақтарын қарастырғанда 3 маңызды талаптар орындалуы керек:

    1. Инфекцияның таралып кету мүмкіндігін барынша минимумға келтіру.

    2. Инфекцияның ауруханана ішінде жұғуын болдымау.

    3. Инфекцияның медициналық мекемеден сыртқа шығуына жол бермеу, осы жолдарды жоқ қылу.

    АІИ ның алдын алуды ұымдастыру жұмыстары өз құрамына кең көлемді санитарлық –гигиеналық, эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды енгізеді:

    1. АІИ- ның алдын алу шаралары бойынша күші бар директивті құжаттардың талаптарын қатаң сақтау және орындау.

    2. Медициналық мекемелерді рационалды жоспарлау- науқастарды қабылдауды және ауруханадан шығаруды бөлек ағымды қылып ұйымдастыру, сапалы желдету жүйесінің, изоляторлардың және т.б, болуы.

    3. Ауруханаға түскен науқастарды қабылдауды және санитарлық өңдеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру (сұрыптау, фильтрдің жұмысын қадағалау, анамнезді тиянақты жинау, дене қызуы көтерілген науқастарға үй жағдайында көмек көрсету жүйесін жетілдіру).

    4. Палатаны толтыру кезінде циклдік принципті қатаң сақтау.

    5. Қызмет көрсететін персоналмен инфекцияның тасымалдануына жол бермейтін, сонымен қатар инфекцияның сырттан келіп жұғуын болдырмайтын пациенттерге күтім жүргізудің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі.

    6. Медициналық персоналдың біліктілігін арттыру (персонал инфекциалық аурулардың клиникалық белгілерін, ауру көзін, олардың таралу жолдарын білуі керек).

    7. Пациенттердің және медицина қызметкерлерінің арасынан науқастарды және қоздырғыш тасымалдаушыларды ерте анықтау, персоналға медициналық тексерулер және зерттеулер жүргізу.

    8. Іріңді-қабынулы және басқа да жұқпалы аурулармен ауыратын пациентерді анықтау және оларды оңашалау.

    9. Перзентхананың физиологиялық бөліміне түсетін, «таза» және «іріңді» хирургияға түсетін пациенттердің «ағымын» бөлектеу.

    10. Жұқпалы аурумен ауырады деген күдікті пациенттерді сәйкес бөлімдерге және палаталарға дер кезінде жатқызу.

    11. Медициналық инвазивті араласулардың және гемотрансфузияның санын қысқарту.

    12. ММ- ні бір мәрте және көп мәрте қолданылатын құралдардың қажетті санымен қамтамасыз ету.

    13. ММ –де орталық стерилдеу бөлімін (кабинетін) ұйымдастыру.

    14. Дезинфекциялайтын –стерилдейтін ережелерді дер кезінде әрі сапалы жүргізу.

    15. Тағамдық блоктың жұмыс тәртібін, тағамдық азық –түліктің өңделуін және таратылуын, азық- түлікті тасымалдауды, тамақты дайындау технологиясының сақталуын, ыдыс аяқтың дұрыс жуылуын және дезинфекциялануын қадағалау.

    16. Сауылып жиналған емшек сүтін (пастерленген), дұрыс өңдеу және сақтау.

    17. Стерилді ауаның беріліп тұруын қамтамасыз ететін ламинарлық қондырғыларды қолдану.

    18. Желдететін жүйенің жұмысына бақылау жүргізу.

    19. Медициналық қызметкерлердің гигиеналық талаптарды қатаң сақтауы.

    20. Персонал қол гигиенасын сақтауы керек, қолды гигиеналық деңгейде деконтоминациялау, қажет болған кездерде тері антисептигімен өңдеу.

    21. Организмнің арнайы емес қорғаныс күшін көтеретін препараттарды қолдану. (иммуномодуляторлар).

    22. Санитарлық- эпидемиологиялық ережені сақтау және медициналық персоналдың санитарлық мәдениетін көтеру.

    23. Емдік манипуляцияларды медициналық қолғаптарды, көзілдіріктерді, қорғаныс бет пердесін, бір мәрте қолданылатын медициналық киімдерді киіп орындау.

    24. РК департементімен рұқсат етілген жаңа дезинфекциялайтын заттарды қолдану.

    25. Мед.персоналдың денсаулығын қадағалау,(сонымен қатар бактерио және вирус тасымалдаушыларды анықтау мақсатымен лабораториялық зерттеулер жүргізу), бекітілген талаптарды қатаң орындау.

    26. Медициналық персоналға профилактикалық вакцинация жасау (В гепатитінен,күлден), эпидемиологиялық көрсеткіштеріне байланысты.

    27. Санитарлық эпидемияға қарсы ережені жүргізу бойынша нұсқаулықтар жүргізу және әрдайым санитарлық минимум нормативін тапсырып отыру.

    Қауіпсіздіктің универсалды шаралары.

    Медициналық мекемелерде жанасудан кейінгі профилактика, алдын –алу шаралары (ЖКП) персоналдың қан арқылы жұғатын қоздырғыштарды жұқтырып алудан сақтандыру шаралар жүйесінің негізгі бөлігі болуы керек. Ең алдымен бұл қорғаныс шаралары қауіпсіздіктің универсалды шараларын орындау дегенді білдіреді.

    Қауіпсіздіктің универсалды шаралары- бұл жұқпалы ауруларды бақылау аясындағы пациентердің және медициналық қызметкерлердің арасында қанмен және басқада биологиялық сұйықтықтармен жанасу барысында инфекцияның бір–бірінен жұқтырып алу қаупін төмендетуге бағытталған шаралар жиынтығы.

    Қан арқылы тарайтын инфекцияларды жұқтырған пациенттердің барлығын түгел анықтау мүмкін емес екендігін ескере отырып, ауруханадығы барлық пациенттерді ауру жұқтырған науқас ретінде қарастыру керек, кейбір пациенттердің «жоғары қауіпті» топқа жататындығын жеке бас білгірлігіне сеніп, өз бетіңізше анықтаудан аулақ болыңыз және олармен жұмыс жасағанда әрқашан сәйкес келетін қорғаныс шараларын қолдану қажет.

    Кәсіптік инфекцияны жұқтырып алу қаупі кімде болады:

    • медициналық қызметкерлерде:мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық мекеменің персоналдары, соның ішінде зертханалардың, жедел жәрдем бригадасының мүшелері, медициналық оқу орындарының білімгерлері;

    • қоғамдық қауіпсіздік қызметтінің жұмысшыларында: милиционерлер,түзету мекемелерінің қызметкерлері, құтқару бригадасының мүшелері, ерікті жұмысшылар және т. б. Себебі оларға қызмет бабымен қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасуға тура келеді.

    • Жұмыс бабымен өз міндеттерін орындау барысында қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасу қаупі басқа да мамандық иелерінде де болады, сондықтан қауіпсіздіктің универсалды шараларын және медициналық емес профилді мекеменің жұмысының құрамына да енгізілген болуы мүмкін.

    АИТҚ жұқтырып алу қаупімен байланысты жанасулар: терінің зақымдануы, ( инемен тесіп алу немесе өткір затпен кесіп алу); биологиялық сұйықтықтардың кілегейлі қабыққа немесе зақымданған теріге тамып кетуі, ұзақ уақыт (бірнеше минут және одан да ұзақ) немесе зақымданбаған кең ауқымды терінің тіндермен, қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасуы.

    Қан және басқа потенциалды жұқпаланған биологиялық сұйықтықтар:

    • Қауіпсіздіктің универсалды шаралары қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда олардың АИТВ–пен инфицирленгені тіркелген жағдайларда, соның ішінде:

    • спермамен,

    • қынап сұйықтықтарымен,

    • қан араласқаны білініп тұрған кез келген сұйықтықтармен,

    • өсінділермен немесе қоректік орталармен,

    • синовиалды, жұлын, плевра, перитониалды, перикардиалды, амниатикалық сұйықтықтармен,

    • стоматологиялық оралдық процедуралар кезіндегі сілекеймен жанасқанда қатаң сақталуы керек

    Қауіпсіздіктің универсалды шараларын сақтау қатынасты емес:

    • нәжіске,

    • мұрын бөлінділеріне

    • қақырыққа

    • терге

    • көз жасына

    • зәрге

    • құсыққа

    • сілекейге

    Қорғанудың универсалды шаралары сақталуы керек:

    • Кез –келген кесу, тілу жұмысын жасағанда (немесе басқа әдістермен алынып тасталғанда), тірі кезінде немесе аутопсия алғанда, адам тіндерімен және органдарымен жанасқанда (зақымданбаған теріден басқа);

    • Қан арқылы жұғатын инфекциялармен зарарланған эксперименталды жануарлардың тіндерімен және органдарымен жұмыс жасағанда;

    • Кез-келген биологиялық сұйықтықпен жұмыс жасағанда, егер оның қандай сұйықтық екенін анықтау қиындық тудырса;

    • Лабораториялық анализдердің барлық үлгілерін инфекция жұқтыратын материал ретінде қарастыру керек;

    Сақтанудың универсалды шаралары барлық медициналық мекемелерде барлық медициналық қызметкерлермен арқашан орындалуы керек.

    • Қан арқылы жұғатын инфекцияларды жұқтырып алмау үшін сақтану керек:

    • Лас инелерді және өткір құралдарды қолдану барысында абайламай жарақаттанудан;

    • Ауыз қуысының, көздің, мұрынның кілегейлі қабықтарына және жарақаттанған теріге қан және басқа биологиялық сұйықтықтардың тамып кетуінен;

    • Биологиялық сұйықтардың және олармен ластанған заттардың ауыз қуысының, көздің, мұрынның кілегейлі қабықтарына және жарақаттанған теріге жақын келуіне немесе тиіп кетуіне жол бермеу;

    Инфекцияны жұқтырып алудан сақтану үшін орындалатын шаралар:

    • қан арқылы тарайтын жұқпаның ауру көзі болып табылатын заттарды оқшаулау үшін қорғайтын қондырғыларды қолдану (мысалы: қолданылған инелерге және өткір заттарға арналған қатты,беті тығыз жабылатын контейнерлерді жұмыс орнында ыңғайлы орналастыру, қатты толтырылмай жаңасына ауыстырып отыру);

    • әр түрлі манипуляцияларды орындағанда қауіп- қатерлігі аз технологияларды қолдану (соның ішінде қолданылған инелерді ұстағанда,осы инелерге қалпағын кигізу, майыстыру сияқты және инелермен басқа да манипуляцияларды орындағанда);

    • жеке басқа арналған қорғаныс құралдарын қолдану,соның ішінде қолғаптарды, су өтпейтін халаттарды, бетті, көзді қорғайтын құралдарды (бет перделерді, көзілдіріктерді, экранды);

    Қорғаныс қондырғылары және қауіпсіз технологиялар

    Сақтанудың универсалды шаралары негізінде медициналық персоналды қорғайтын заттарға және қолданыста болған бұйымдармен жұмыс істеу ережелеріне ерекше көңіл бөледі.

    Қорғаныс қондырғылары (мысалы, өткір заттарды жоюға арналған контейнерлер) жұқпаны жұқтыру қаупін төмендетеді немесе жұмыс орнындағы жұқпалы ауру көзі ретінде қауіп төндіретін кейбір құралдардың қауіптілігін азайтады. Олар жұмыс орнында инфекция жұқтырып алудан қорғау құралдарының бірінші сатысына жатады.

    Қауіпсіз технологиялар әртүрлі манипуляцияларды орындағанда инфекция жұқтырып алу қаупі минимумға келетін әдістерді ұсынады.

    Жұмыс беруші өзінің қызметкерлерін қорғайтын құралдармен қамтамасыз етуі керек және оларды қауіпсіз технологияларға үйретуі керек, бірақ оларды қолдану жауапкершілігін толықтай қызметкерлердің өзі көтереді.

    • Қан арқылы тарайтын инфекцияларды жұқтырып алуды болдырмау үшін медициналық қызметкерлер келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті:

    • қанның және басқа да биологиялық сұйықтықтардың ағып кетуіне, төгіліп қалуына және шашырап кетуіне жол бермеу,

    • қолғаптарды немесе басқа да жеке басты қорғайтын бұйымдарды шешкеннен соң дереу (немесе мүмкіндік болған мезетте) қолды ағынды сумен сабындап жуу керек;

    • қан немесе басқа жұқпалығы дәлелденген материал теріге тигенде дереу (немесе мүмкіндік болған мезетте) қолды және ластанған жерді сабындап жуу керек, ал кілегейлі қабыққа тисе,оларды бірден сумен шайқау керек.

    • Пациентпен қандай да бір мақсатпен жанасу алдында және жанасқаннан кейін қолды ағынды су астында сабындап жуу керек.Егер ағынды су жоқ болса қолға арналған антисептикалық ерітіндіні (70% спирт+ жұмсартатын қоспа) немесе антисептикалық сүрткілерді қолдану қажет, бірақ алғашқы мүмкіндік болған мезетте қолды күнделікті қолдынылатын әдіспен жуу қажет.

    • Қолданылғн инелерді қайта орнына салмау және оларға өте қажет болмаса қалпақтарын кигізбеу, ал кигізу қажет болса инемен тікелей жанасуға жол бермейтін арнайы құралдары қолдану керек немесе осыны бір қолмен ғана жасау қажет.

    • Ластанған, тілетін және өткір көп мәрте қолданылатын құралдарды бірден (немесе мүмкіндік болған мезетте) кезеңді өңдеу мақсатымен қатты, су өтпейтін (түбінен де және қабырғаларынан да), белгі салынған контейнерлерге орналастыру қажет.

    • Қолданылған өткір құралдарға арналған контейнерлерді, қолдану оңай болатындай қылып және олар төңкеріліп кетпейтіндей қылып орналастыру керек.

    • Кесетін және тесетін құралдарға арналған контейнерлерді, олардың шамадан тыс толып кетуіне жол бермей дер кезінде ауыстырып тұру қажет.

    • Биологиялық сұйықтықтардың үлгілерін герметикалық, сәйкес келетін белгісі бар контейнерге салу керек. Егер үлгілер салынған контейнер ластанған немесе зақымданған болса осы контейнерді басқа контейнерге салу керек.

    • Қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған қондырғыларды техникалық қызмет көрсету және тасымалдау алдында дезинфекциялап алады. Егер дезинфекциялау мүмкін болмаса, жолдама қағазына ластанған элементтердің аттары жазылады.

    • Барлық қолданыста болған бір мәрте қолданылатын материалдарды ылғал өтпейтін қақпағы жабылатын контейнерлерге орналастыру керек

    • Ластанған көрпе жастық тыстарымен жанасуды минимумға келтіру, оларды белгісі бар мөшекке немесе контейнерге салу; ылғалды көрпе тыстарын ылғал өткізбейтін мөшекке немесе контейнерге салып тасымалдау;

    • Қанмен немесе сұйық бөлінділермен ластанған көрпе жастық тыстарын потенциалды ауру көзі деп қарастыру керек.

    Тиым салынады:

    • Қанмен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен жанасу мүмкін болатын жұмыс орнында тамақ ішуге, темекі шегуге, бет әлпетті бояуға, контактты линзаларды шешуге немесе киюге;

    • Қанның және басқа биологиялық сұйықтардың және тіндердің үлгілері сақталатын тоңазытқыштарда немесе басқа да орындарда тағамды және сусындарды сақтауға;

    • Тамызғышқа қанды және басқа сұйықтықтарды ауызбен соруға;

    • Әйнек сынықтарын қолмен жинауға, себебі олар биологиялық сұйықтықпен ластанған болуы мүмкін;

    • Шприцтерден қолданған инені алып қолмен майыстыруға,сындыруға, оларға калпактарын кигізуге және осындай қимылдарды ластанған басқа өткір заттармен орындауға;

    • Қолданыста болған көп мәрте қолданылатын аспаптарды контейнерден қолмен шығарып алуға, контейнерлерді қолмен ашуға, ішіндегісін қолмен төгуге;

    Жеке бас қорғаныс құралдары:

    Егер қорғаныс қондырғылары және қауіпсіз технологиялар жұмыс орнында инфекция жұқтырып алуды толық қамтамасыз ете алмайтындай болса, жұмыс беруші қызметкерлерді жеке бас қорғаныс заттарымен толық қамтамасыз етуге міндетті. Бұл қорғаныс құралдары оңай алынатын жерлерде сақталуы және тегін берілуі керек.

    • Қолғаптар;

    • Қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс жасар алдында немесе осы материалдармен ластанған беткейлермен жанасқанда және олармен жұмыс жасағанда үнемі қолғаптарды кию өте маңызды.Бір мәрте қолданылатын қолғаптарды қайталап қолдануға болмайды.

    • Халаттар және басқа қорғаныс киімдері;(формалар)

    • Барлық инфекция жұққан материалдармен жанасу мүмкін болған жағдайларда халат кию міндет. Хирургиялық колпактарды немесе тақияларды, аяқ киімнің үстінен киілетін бахиллаларды немесе арнайы бәтеңкелерді, тек өте қатты ластанған қауіпті жағдайларда ғана кию міндетті.

    • Бет перделер, қорғайтын көзілдіріктер және бет- әлпетке арналған қалқандар

    • Егер манипуляция кезінде қанның немесе басқа биологиялық сұйықтықтардың шашырап кетуі қаупі пайда болса, бет-әлпетті қорғайтын қалқанды немесе қорғайтын көзілдірікпен біріктірілген бетті және жақтарды қорғайтын пердені кию керек. Кәдімгі көзілдіріктер қан арқылы таралатын инфекциядан қажетті деңгейде қорғанысты қамтамасыз етпейді.

    • Жеке бас қорғаныс заттары жұмыс киімдерін және кәдімгі киімдерді, іш киімдерді, тері жамылғырын, көзді, ауызды және басқа да кілегейлі қабықтарды қанмен және басқа биологиялық сұйықтықтардан жұғатын инфекциялардан осы киімдерді киген уақыт аралығында ғана қорғайды.

    • Егер қорғаныс киімдеріне қан немесе басқа потенциалды инфекция жұққан биологиялық сұйықтықтар сіңіп қалса, оларды тез арада шешу керек және терінің ластанған жерлерін тез арада сумен сабындап жуу керек. Жұмыс орнынан кетпей тұрып жеке бас қорғаныс заттарын шешу керек және осы киімдерге арналған жәшікке салып жұмыс орнынан шығу керек. Қолданыста болған жеке бас қорғаныс киімдерін тазалау, жуу, қайта ретке келтіру, алмастыру және жою жауапкершілігін жұмыс беруші атқарады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64


    написать администратору сайта