Главная страница

Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


Скачать 1.87 Mb.
НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
АнкорСес дело
Дата22.05.2021
Размер1.87 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
ТипДокументы
#208296
страница5 из 64
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрінің бұйрығы

31 мамыр 2017 жыл № 357
Санитарлық ережелерді бекіту туралы


"Денсаулық сақтау обьектілеріне қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар»

Денсаулық сақтау объектілерінде қалдықтарды жинауға, зиянсыздандыруға, сақтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Медициналық қалдықтарды денсаулық сақтау обьектілерінен жинау, зиянсыздандыру, сақтау және тасымалдау қалдықтармен жұмыс істеу, денсаулық сақтау обьектісінің жетекшісімен бекітілген Бағдарламасына сәйкес жүргізіледі және ол қарастырады:

1) пайда болатын қалдықтардың құрамын кластары бойынша;

2) медициналық қалдықтарды жинау ережесін;

3) қабылданған зарарсыздандыру (зиянсыздандыру) ережелерін және қалдықтарды жоюды;

4) қалдықтармен жұмыс істеу тәртібі сызбаларын;

5)персоналды қалдықтармен жұмыс істеу барысында сақталуы керек эпидемиялық қауіпсіздіктің гигиеналық ережелеріне үйрету.

Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау обьектісінің жетекшісімен бүгінгі күнде күші бар Санитарлық ережелердің талаптарының орындалуын бақылайтын жауапты тұлға белгіленеді.

Медициналық қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын су өткізбейтін мөшектер,пакеттер,металдан және пластиктен жасалған ыдыстар, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған сиымдылықтар (ары қарай ҚЖЖК). Қалдықтардың әрбір класын жинауға аралған мөшектер, пакеттер әртүрлі түсті болуы керек, контейнерлерде, ыдыстарда белгі салынған металл және пластик ыдыстардың, аса қауіпті қалдықтарды жинайтын контейнерлердің қақпақтары тығыз жабылуы керек.

Медициналық қалдықтарды классификациялау Базелдік конвенцияға сәйкес анықталады, қауіпті қалдықтарды тасымалдау және кетіруге бақылау жүргізіледі.

Медициналық қалдықтарды жинайтын мөшектер мен пакеттер әртүрлі түсті болуы керек:

1) «А» класының қалдықтарын- қара түсті;

2) «Б» класының қалдықтарын - сары түсті;

3) «В» класының қалдықтарын - қызыл түсті;

4) «Г» класының қалдықтарын –ақ түсті;

179. «А» класына жататын медициналық қалдықтарды жинауға келесі талаптар қойылады:

1) «А» класына жататын қалдықтар бір рет және көп рет қолданылатын ыдыстарға және пакеттерге жиналады.

2) Бір рет қолданылатын пакеттер арнайы сүйрегіштерге немесе көп рет қолданылатын контейнердің ішіне орналастырылады. Қалдықтарды жинайтын ыдыстарда және сүйрегіштер де белгі салынған (жазылған) болуы керек. «Медициналық қалдықтар. «А» класы.

«Б» және «В» кластарына жататын медициналық қалдықтарды жинауға келесі талаптар қойылады:

.

  1. Б класына жататын қалдықтар бір рет қолданылатын жұмсақ

(пакеттерге) немесе қатты (су өткізбейтін) сары түсті контейнерлерге немесе сары түсті сырмен жазылған ыдыстарға жиналады

Қалдықтарды салатын қаптамалардың түрін таңдау қалдықтардың морфологиялық құрамына байланысты болады;

  1. Тесіп кететін және өткір заттар медициналық қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек су өткізбейтін және ылғалға төзімді ҚЖЖК-ге алдын–ала сұрыпталмаған және дезинфекцияланбаған түрінде жиналады;

3) инелерді алып тастауға арналған қондырғылар болған кездерде (ине алғыштары, инедеструкторлары, ине кескіштері) қолданылған инелері жоқ шприцтер бір рет қолданылатын, жұмсақ мөшектерге (пакеттерге) басқа да «Б» класына жататын, арнайы қондырғыларды зарарсыздандырылаттын медициналық қалдықтармен бірге жиналады;

4) Б класының органикалық сұйық қалдықтарын жинау үшін бір рет қолданылатын су өткізбейтін, ылғалға төзімді, олардың ауа өткізбейтіндігін қамтамасыз ететін қақпағы бар контейнерлер қолданылады.;

5) ҚЖЖК- үштен екі бөлігінен аспайтындай болып толтырылады және қақпағымен тығыз жабылады және медициналық қалдықтардың уақытша сақталатын жеріне апарылады және ол жерде үш тәуліктен асырмай сақтаады;

6) «Б» и «В» классына жататын медициналық қалдықтары бөлімшеден алып кетерде түпкілікті қаптамаға салынады, осы қалдықтар салынған бір мәрте қолданылатын орамалар (пакеттер, ҚЖЖК) сәйкес келетін белгілер салынған болуы керек: «Медициналық қалдықтар. «Б» класы немесе «В» класы деген. Бөлімшенің аты, жиналған күні, қалдықтардың жиналуына жауапты адамның аты-жөні толықтай жазылады.

«Г» класына жататын медициналық қалдықтар сәйкес келетін белгі салынған ыдыстарға, «Медициналық қалдықтар. Бөлімшенің аты, жиналған күні, қалдықтардың жиналуына жауапты адамның аты-жөні толықтай жазылады.

Арнайы қондырғыларды қолдану арқылы қалдықтарды зиянсыздандыруды ұйымдастырғанда, «Б» класының медициналық қалдықтары пайда болған жерлерінде,егер эпидемиологиялық қауіпсіздігі сақталатын болса, алдын ала зарарсыздандырылмай жиналады;

Б тобының органикалық патолого-анатомиялық және операциялық қалдықтарына (органдар мен тіндер) алдымен термиялық әдіспен зарарсыздандыру жүргізіледі.

Қалдықтар бейіттеріне жерлеуді қоршаған ортадағы эмиссияға рұқсаты бар мекемелер жүргізеді.

Осы топқа жататын медициналық қалдықтар жұқпалы аурулардан пайда болмаса, алдын ала зарарсыздандырылмайды,

«Б» класының медициналық қалдықтары денсаулық сақтау обьектілерінде міндетті түрде физикалық немесе химиялық әдістермен зарарсыздандырылуға жатады. Зарарсыздандырылмаған «В» класына жататын медициналық қалдықтарын мекеменің сыртына шығаруғатиым салынады.

Сұйық биологиялық медициналық қалдықтар химиялық әдіспен зарарсыздандырылғанынан (дезинфекция) кейін,жуынды су құйылатын жүйеге төгіледі.

«Б» және «В» класының медициналық қалдықтарын денсаулық сақтау мекемесінің ауласында арнайы бөлінген жері болмаса өрттеп жоюға тиым салынады.

«Б», «В», «Г» классының медициналық қалдықтарын стационарлық және бір ауысымда 50 адамдық (келіп, кеткенін санағанда) амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау объектісінде сақтау үшін, арнайы орын бөлінеді, ол орын механикалық сорылмалы желдеткіш қондырғымен,биологиялық қалдықтарды (егер болатын болса) сақтауға арналған тоңазытқыштық құралмен, сөрелермен, таразымен, медициналық қалдықтарды салып сақтауға арналған пакеттермен, контейнерлермен, ыстық және суық суы бар қол жуғышпен, ауаны тазартып тұратын қондырғылармен,қолды өңдеуге арналған антисептикпен қамтамасыз етілген болады.

Амбулаториялық-емханалық бір ауысымда 50 адамға көмек көрсете алатын (келіп, кеткенін санағанда) күші бар, денсаулық сақтау объектісінде медициналық қалдықтарды тоңазытатын қондырғылар орнатылған,биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған және қолға арналған антисептиктері бар (егер бар болатын болса) жертөлелік орындарда сақтауға болады.

Тағам қалдықтары жиырма төрт сағаттан аспайтын уақыт аралағында, зиянсыздандырылмаған «Б», класының медициналық қалдықтары тоңазытқыштарда және мұздатқыш камераларда үш тәуліктен аспайтын уақыт сақталады.

Биологиялық «Б» класының медициналық қалдықтар +5С.жоғары болмайтын температурада сақталады.

Жиналған медициналық қалдықтар тығыз қораптарға салынып, тесігі жоқ мөшектерге салынып, тартып,оралады. Жиналып қалуына байланысты арнайы мекемелермен шығарылып тасталады.

«Б» және «В» класының қауіпті медициналық қалдықтарын тасымалдау, зиянсыздандыру сәйкес келетін нормативті құжаттардың күшімен іске асырылады.

Медициналық қалдықтар шығарылып тасталғаннан кейін медициналық қалдықтарды сақтайтын орын, қолданылған құралдар және қондырғылар дезинфекцияланады.

«Д» классының радиоактивті медициналық қалдықтарымен жұмыс істеу сәйкес келетін нормативті құжаттардың күшімен іске асырылады.

Медициналық мекеменің жауапты тұлғасы,негізгі Санитарлық ережелердің 5 қосындысына сәкес, пайда болған медициналық қалдықтардың есебін күнделікті жүргізеді, бекітілген формаға сәйкес журналды толтырады.

Персонал кешенді санитарлық киімдермен және жеке бас қорғаныс бұйымдарымен қамтамасыз етіледі (халаттар, комбинезондар, қолғаптар, бет перделер, респираторлар, арнайы аяқ киімдер, алжапқыштармен, қосымша жеңдермен).

ПАЛАТАЛАРДЫ, КАБИНЕТТЕРДІ, ДӘМХАНА ЖӘНЕ БАСҚА ДА БӨЛМЕЛЕР МЕН ОРЫНДАРДЫ АҒЫМДЫ ЖИНАСТЫРУ

Мақсаты:аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу, санитарлық-эпидемияға қарсы ереженің талаптарды орындау.

Дайындаңыз:жинау мен жууға арналған, жинайтын жердің аты және жинау түрі жазылып белгі салынған жуып-жинайтын құрал жабдықтарды: 2 шелекті, кіршілерді, жуатын қол таяқты, еденге арналған шүбіректі; арнайы киімдерді: жанауға арналған халатты, бас орамалын, алжапқышты, ет пердені, резеңке қолғаптарды; бактерицидті сәулелендіргішті.

Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Арнайы киімді киіңіз: халатты, орамалды, алжапқышты, бет пердені, резеңке қолғаптарды.

  2. Жуушы ерітіндіні дайындаңыз.

  3. Жуушы ерітіндімен ылғалданған шүберекпен терезе алдын, кереуеттің жан жағын, кереует қасындағы тумбоны, жылу бергіштерді,есіктерді,қол жуғыштарды, қондырғыларды, шкафтарды сүртіңіз.

  4. Плинтустарды дезинфициялайтын ерітіндімен ылғалданған шүбірекпен сүртіп алыңы.

  5. Еденді дезинфициялайтын ерітіндімен реттілікті сақтай отырып сүртіп шығыңыз: қабырғалардан бастап бөлменің ортасына қарай,содан кейін сыртқа шығатын жерлерге, босағаға қарай сүртіп аяқтау.

  6. Бактерицидті сәулелендіргішті (сәулелендіргіштің жұмыс уақыты бөлменің көлеміне және бактерицидті қондырғының дозасына байланысты болады) 30 минутқа қосыңыз (іріңді бөлімшелерде, реанимацияда, асептикалық ережелері бар орындарда).

  7. Палатаны желдетіңіз.

  8. Жинау мен жууға арналған құралдарды дезинфекциялаңыз: шүбіректерді, қолғаптарды.

  9. Шүбіректерді ағынды сумен шайқаңызжәне кептіріңіз,оларды қатаң тек сақтауға болатын жерінде ғана сақтаңыз.

  10. Арнайы киімді шешіңіз, қолыңызды жуып кептіріңіз.

Ескерту: ағымды жинастыру күнде жүргізіледі,бір күнде 2-мәрте жуу керек, қажет болған кездерде одан да жиірек жууға болады.

ПАЛАТАЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАСТЫРУ

Мақсаты: аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу, санитарлық-эпидемияға қарсы ереженің талаптарын орындау.

Дайындаңыз: жинау мен жууға арналған, жинайтын жердің аты және жинау түрі жазылып белгі салынған құрал жабдықтарды: 3 белгі салынған шелекті,1-шелектің іші 2%-ды сабынды-содалы ерітіндімен толған және тумбоны, қабырғаларды өңдейтін дезинфекциялайтын ерітінділермен толтырылған шелектерден тұратын жинақты; ішіне тумбоны, қабырғаларды, еденді жуатын таза су құйылған 2 шелекті; қабырғаларды, еденді жуатын қол таяқты; таза шүбіректі; таза шүбіректі, щеткаларды, ерштерді, трезе жуатын су құйылған ыдысты;шашыратқышты; арнайы киімдерді: халатты, бас киімді, бет пердені,алжапқышты, резеңке қолғаптарды, резеңке аяқ киімдерді(калештер немесе етіктерді), қорғайтын көзілдіріктерді, респираторды; бактерицидті сәулелендіргішті.

Іс- әрекет алгоритмі:

  1. Палатадан пациенттерді шығырып жіберіңіз.

  2. Арнайы киімді киіңіз.

  3. Қабырғаларға, плинтустарға, панелдерге жақын келуге кедергі жасамауы үшін жихаздарды, кереуетті және қондырғыларды бөлменің ортасына қарай жылжытып алыңыз.

  4. Желдеткіштер мен фрамугаларды ашаңыз.Терезе рамаларын және әйнектерін сабынды сумен жуып алаңыз, содан кейін оларды таза жылы сумен шайқап жуыңыз.

  5. Жихаздардың, кереуеттің және қондырғлардың бетіндегі шаң тозаңдарды сүрттіп алыңыз.

  6. Қабырғалардың сырланған жерлерін жуып алыңыз,( кафельді плиткалар биіктігіне), еденді, есіктерді, төбені, плинтусты кір болған жерлері тазарғанша және жуылған жерлерге тиімді әсер ету мақсатымен жушы ерітінділермен жуып шағыңыз

  7. Төбені, қабырғаларды, терезені, терезе алдын, қондырғыларды, еденді, плинтустарады, есіктерді зарарсыздандыратын ерітіндімен сүрту әдісімен өңдеңіз.

  8. Жұмсақ жихазды, еден үстіндегі жабындыларды зарарсыздандыратын ерітіндімен ылғалдандырылған щеткамен тазартып шығыңыз.

  9. Осы бөлмелерді зарарсыздандыратын ерітіндінің қолдану әдістемесінде көрсетілген уақытқа экспозициялайды,немесе есік, тезезесін жауып қояды.

  10. Таза арнайы киімді киіңіз.

  11. Төбені,қондырғыларды, жихазды таза сумен жуып шығыңыз.

  12. Жихаздарды,керует, қондырғыларды орын орнына қойыңыз.

  13. Еденді таза сумен жуыңыз.

  14. Бактерицидті сәулелендіргішті қосыңыз: реанимация палаталарына, жұқпалы аурулар изоляторларына, асептикалық ережелер сақталатын бөлмелерге 120 минутқа қосылады, іріңді хирургия палаталарына –60 минутқа қосылады.Басқа орындар мен палаталарда кварц шамын қосу талап етілмейді.

  15. Палатаны 10-15 минут желдетіңіз.

  16. Жуып-жинайтын құралдарды зарарсыздандырыңыз да құрғатыңыз. Жұмыс бөлмесінің шкафында сақтаңыз.

  17. «Палаталарды қорытынды жинау» журналына жүргізілген қорытынды жинастыру туралы белгі жасап жазып қойыңыз.

Ескерту:

  • палаталардың қорытынды жинастырылуының кестесін бөлімшенің аға мейіргері–ай сайын құрастырады және стационардың эпидемиологымен бекітіледі.

  • Палаталық бөлімшенің, функциялық орындардың және кабинеттердің қорытынды жинастырылуы рұқсат етілген жуушы және дезинфекциялайтын заттарды қолданып жүргізіледі және айына 1 рет және қажет болған жағдайларда эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты жасалады;

  • 2% сабынды-содалы жуушы ерітінді төмендегі есеппен жасалады: 10 литр суға100 гр сода және 100 гр кір сабын; немесе арнайы рұқсат берілген есеппен: 10 литр суға жуғыш ұнтақ– 0,5% ерітіндісі; есеппен алғанда 50 гр 10 литров суға;

  • Жұмысшы зарарсыздандыратын ерітіндінің жұмсалу нормасы: сүрту әдісімен жасалатын болса өңделетін беткейлерге- 150 мл/м2, –ал шашыратып өңдеу түрінде құрайды – 300 мл/м2 өңдеудің бір түріне.

ЕМ-ШАРА КАБИНЕТІН, МАНИПУЛЯЦИЯЛЫҚ БӨЛМЕНІ ЖӘНЕ ТАҢУ КАБИНЕТІН АҒЫМДЫ ЖИНАСТЫРУ ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің талаптарын орындау.

Дайындаңыз: жинау мен жууға арналған, жинайтын жердің аты және жинау түрі жазылып белгі салынған құрал жабдықтарды: шелектерді, еден мен қабырғаларды жууға арналған кіршілерді, дезинфекциялайтын және жуатын заттарды, еденді жуатын шүберекті, қол таяқты, майда ветоштарды; арнайы киімді: жинағанда киетін халатты, резеңке қолғаптарды, бет пердені; бактерицидті сәулелендіргішті, КБСУ.

Іс –әрекет алгоритмі:

Алдын алу (жұмыс басталмай тұрып) және қорытынды (жұмыс күнінің соңында) жинастыруларды жүргізу.

  1. Халатты,қолғаптарды, бет пердені киіңіз.

  2. Жихаздардың үстін, үстелдердің бетін, терезе алдын және медициналық қондырғыларды дезинфекциялайтын ерітіндімен суланған шүбірекпен сүртіп шығыңыз.

  3. Жихаздардың бетінен дезинфекциялайтын ерітіндінің қалдығын таза ағынды сумен ылғалданған шүберекпен сүртіп алыңыз.

  4. Еденді дезинфициялайтын ерітіндімен терезе алдынан бастап, есікке қарай тазалап жуыңыз.

  5. Бактерицидті сәулелендіргішті (сәулелендіргіштің жұмыс уақыты бөлменің көлеміне және бактерицидті қондырғының дозасына байланысты болады) 30 минутқа қосыңыз.

  6. Палатаны 10-15 минут желдетіңіз.

  7. Жуып-жинайтын құралдарды зарарсыздандырыңыз да құрғатыңыз. Жұмыс бөлмесінің шкафында сақтаңыз.

  8. Халатты, бет пердені, шешеңіз, қолыңызды жуыңыз.

Ағымды жинастыруды жүргізу (жұмыс күнінің барысында).

  1. Әрбір ем шара мен манипуляциядан кейін қолданылған медициналық құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа салып, батырып қойыңыз, ал таңу бұйымдарын, қолғаптарды ҚЖЖК- ге тастаңыз.

  2. Қолыңызды әрбір ем шара мен манипуляциядан кейін жуыңыз, қолғаптарды ауыстырыңыз.

  3. Биологиялық сұйықтықтар үстелдің, кушетканың үстіне тамып кеткенде, – оларды зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүбірекпен екі мәрте арасына 15 минут қалдырып сүртіңіз.

  4. Бактерицидті сәулелендіргішті (сәулелендіргіштің жұмыс уақыты бөлменің көлеміне және бактерицидті қондырғының дозасына байланысты болады) қосыңыз.

Ескерту:

Терезе әйнектерінің ішкі жағы айына 1 рет немесе ластануына байланысты сүртіліп отырылады, ал сыртқы жағы 4-6 айда 1рет сүртілуі керек, немесе ластануына байланысты.

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ БЛОКТЫҢ, ЕМ-ШАРА КАБИНЕТІНІҢ, МАНИПУЛЯЦИЯЛЫҚ БӨЛМЕНІҢ, ТАҢУ КАБИНЕТТЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАСТЫРЫЛУЫ

Мақсаты: аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің талаптарын орындау.

Дайындаңыз: арнайы киімнің екі пар жинағын (стерилді және стерилді емес), жинауға арналған белгі салынған киімдерді: халатты, тақияны немесе орамалды, клеенка алжапқышты, резеңке қолғаптарды, бет пердені, аяқ киімдерді (калештерді немесе резеңке етіктерді), бахиланы, респираторды, қорғаныс көзілдіріктерін, таза белгі салынған жинастыруға қолданатын заттар мен шүберектерді: белгі салынған еденді жууға арналған 1 қол таяқты және қабырғалар мен төбені жууға арналған. сабы ұзын тағы да бір қол таяқтар жинағын; 3 белгі салынған қабырғаларды,еденді,жихаздарды және төбені жууға арналған шелектерді; шелектерге дезинфекциялайтын ерітінді және жуушы ерітінді құйылған,ал біреуінің ішіне таза су құйылған; 2 белгі салынған еден жууға арналған шелектерді,олар зарарсыздандыратын ерітінді құйылған және біреуінді таза су бар; жылу бергіштерді және қол жетпейтін қуыстарды жууға арналған ерштердің жинағын; майда шүберектерді (таза және стерилді); еден жууға арналған белгі салынған шүберекті;шашырытқыш аппаратын; бактерицидті сәулелендіргішті,қолданылған сүрткілерді және ластанған арнайы киімдерді салатын ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты; ҚР- да қолдануға рұқсат берілген жуатын және дезинфекциялайтын ерітінділер;

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Жихаздардың және қозғалмалы қондырғылардың ішін босату керек, (журналдар, медициналық инструментттер, медикаменттер және т б.), қабырғадан жихазды,қондырғыларды бөлменің ортасына қарай, панелдерге, қабырғаларға, плинтустарға,басқа да жуылатын жерлерге және объектілерге жету оңай болуы үшін жылжытып қойыңыз немесе кабинеттің сыртына таза жерге шығарып қойыңыз.

  2. Электрқондырғыларды токтан ажыратып тастаңыз– шамдар және УК сәулелендіргішті, тоңазытқышты, оның ішін босатыңыз, контейнерге жиналып қалған медициналық қалдықтар мен қоқыстарды салып, шығарып тастаңыз.

  3. Арнайы киімді киіңіз: жеңі ұзын халатты, бет пердені (респираторды), қорғаныс көзілдіріктерін, орамалды немесе тақияны, калештерді, медициналық қолғаптарды.

  4. Жұмыс істейтін ерітінділерді дайындаңыз (оларды дайындайтын нұсқаулықтарына сәйкес жуатын және дезинфекциялайтын ерітінділер).

  5. Фрамуганы ашып қойыңыз.

  6. Терезелерді және терезе жақтауларын жуушы ерітіндімен жуыңыз.

  7. Жихаздың беттерін және қондырғыларды жуушы ерітіндімен сүртіп шығыңыз.

  8. Қабырғалардың сырланған жерлерін жуып алыңыз,( кафельді плиткалардың биіктігіне дейін), еденді, есіктерді, кір болған жерлері тазарғанша және жуылған жерлерге тиімді әсер ету мақсатымен жушы ерітінділермен жуып шағыңыз

  9. Дезинфекциялайтын ерітінділерді қажетті ыдысқа құйыңыз.

  10. Жихаздардың ішкі беттерін және сыртқы жақтарын, қондырғыларды, терезелерді,терезе алдын, қабырғаларды,төбелерді,есіктерді, жылытатын қондырғыларды, плинтустарды, еденді содан кейін айналып отырып шығатын есікке дейін зарарсыздандыратын ерітіндімен шашырату әдісімен жуып шығыңыз.

  11. Бөлменің қабырғаларын және қондырғыларды дезинфекциялайтын ерітінділердің бірімен суланған келесі шүбірекпен дәйектілікпен өңдеп шығыңыз:төбелерді, қабырғаларды, терезелерді, қондырғыларды, жылу бергіштерді, еденді (қол жетпейтін жерлеріне шетеніні қолданыңыз).

  12. Терезенің алдын, орталықтандырылған жылу бергіштерді және айналадағы заттарды зарасыздандыратын ерітіндімен ылғалданған шүбірекпен екі мәрте сүртіп шығыңыз.

  13. Еденді зарасыздандыратын ерітіндімен тағы да бір рет қосымша шылқылдатып сулап жуыңыз.

  14. Дезинфекциялайтын ерітіндінің экспозициялық уақытын ұстау мақсатымен бөлменің есік, терезесін жауып қою керек.

  15. Бөлмені желдетіңіз.

  16. Арнайы киімді таза киімге ауыстырыңыз.

  17. Қабырғалардан бөлмелердегі және қондырғылардан, үстел бетінен, әйнектерден таза құбыр суымен шаң-тозаңды жуыңыз және құрғақ қылып сүртіңіз.

  18. Жихаздарды және қондырғыларды орын орнына қойыңыз.

  19. Бактерицидті сәулелендіргішті 30 минутқа қосып қойыңыз.

  20. Бөлмені стационарлық ультра күлгін немесе бактерицидті шамдармен 2 сағат бойы сәулелендіріңіз (120 минут).

  21. Бөлмені 10-15 минут бойы желдетіңіз.

  22. Жинауға қолданылған құралдарды зарарсыздандырыңыз, ағынды су астында дезинфекциялайтын заттың иісі кеткенше шайқаңыз, құрғатып, арнайы сақтайтын жерге қойыңыз.

  23. Арнайы киімді шешіп, кір жуатын жерге жіберіңіз. Қолыңызды жуыңыз.

  24. Қорытынды жинастыру жүргізгендігі туралы «Қорытынды жинастыру есептеліп, тіркелетін журналға» жазыңыз. Ал «бактерицидті қондырғылардың жұмысын бақылауды сәйкес келетін құжат, журналға» жазыңыз.

  25. Қолданылған шүберектер кір жуатын жерде жуылады, кепкеннен кейін бикстерге салынып, автоклавтарда стерилденеді.

Ескерту:

  • терапиялық профилдегі емдеу орындарының қорытынды жинастырылуы (палаталары, коридорлары, медперсоналға арналған кабинеттер, көрпе-жастық тыстары сақталатын жерлер.) айына 1 рет жасалады, эпидемиологиялық көрсеткішке байланысты жасалады.

  • хирургиялық профилдегі емдеу орындарының қорытынды жинастырылуы (ем-шара кабинеттері, манипуляциялық бөлмелер, таңу кабинеті, операция жасайтын блоктар, залалсыздандыратын бөлмелер, қарап тексеру орындары, инвазивті ем шаралар кабинеті, асептикалық ережедегі жерлер, босанатын залдар, жұқпалы аурулардың бокстары, интенсивті терапия палаталары) – аптасына 1 рет бекітілген кестеге сәйкес жасалады;

  • бөлмелердің әрбір ағымды жинастырылуынан кейін после каждой текущей уборки помещений (босанатын залдар, операция жасайтын жерлер, қарап тексеру орындары, ем-шара кабинеттері, босануға дейінгі орын) бактерицидті шамды 30 минутқа қосып қою;

  • суды ластануына байланысты ауыстырады;

  • қоқыстар шығар есітің тұсына рұқсат берілген орамаға салынып жиналады, жоюға дайындайды;

  • қорытынды жинастыру кестеге сәйкес жасалады, кестені эпидемиолок-дәрігер бекітеді;

  • бөлімде қорытында жинастырудың жүргізілуіне осы бөлімнің аға мейіргері жауапты болады.

  • қорытында жинастыруды пациенттер жоқ кезде, желдеткіштерді ашып қойып жүргізеді;

  • айына 1 рет терезелердің ішкі жағы жуылады, сыртқы жағын 3 айда 1 рет жуады, ластануына байланысты жуылады.

  • Төсек-орын заттары (матрацтар, жастықтар, көрпелер) камералық әдіспен дезинфекцияланады немесе зарарсыздандыратын ерітінділермен өңделеді, – 0,5% жуушы ерітінді осы әдіспен дайындалады: 50 гр ұнтақ 10 л су қосылады немесе дезинфекциялайтын және жуатын күші бар ерітіндімен.

ДӘМХАНАНЫ, АСХАНАНЫ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖИНАСТЫРУ ЖӘНЕ ЫДЫС-АЯҚТЫ ӨҢДЕУ

Мақсаты: аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің талаптарын орындау.

Дайындаңыз: белгі салынған арнайы киімді: халатты, резеңке қолғаптарды; белгі салынған жинастыратын құралдарды: шелектерді,қол таяқты,еден жуатын шүберекті,үстелді жуатын ыдысты, жөкені немесе шетенді, қол жуғышты, тағам қалдығын жинайтын сиымдылықты, жуушы заттарды, құрғақ дезинфекциялайтын затты, бактерицидті сәулелегішті, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

Ыдыс-аяқты өңдеу:

  1. Арнайы киімді киіңіз:халатты, алжапқышты, бас орамалды.

  2. Ыдыс-аяқтан тағам қалдықтарын белгі салынған, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар сиымдылыққа тастаңыз.

  3. Ыдыс-аяқты рұқсат берілген бір жуушы затпен, 50 ℃.сумен щеткамен жуыңыз.

  4. Ыдыс-аяқты зарарсыздандыратын ерітінді құйылған 2-ші қолжуғышқа батыру әдісімен зиянсыздпндырыңыз, экспозициялық уақыты қолданылатын ерітіндіге байланысты болады.

  5. 3-ші қолжуғышта 65 ℃.ағынды судың астында ыдыс аяқтарды шайыңыз.

  6. Ыдыс-аяқты арнайы сөреде немесе торда вертикалды қалыпта кептіріңіз және арнайы бөлінген жерде сақтаңыз.

Дәмхананы, асхананы ағымды жинастыру

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Арнайы киімді киіңіз.

  2. Жуушы ерітіндімен ылғалдандырылған шүберекпен терезе алдын, үстелдерді, орындықтарды, терезені сүртіп алыңыз, содан кейін ағынды сумен суланған шүберекпен тағы да бір сүртіп шығыңыз.

  3. Дезинфекциялайтын ерітіндімен реттілігін сақтай отырып, қабырғалардан бастап бөлменің ортасына қарай, содан кейін шыға беріске қарай жуыңыз.

  4. Арнайы киімді шешіңіз, қолыңызды жуыңыз.

  5. Бактерицидті сәулелендіргішті қосып қойыңыз.(сәулелендіргіштің жұмыс уақыты бөлменің көлеміне және бактерицидті қондырғының дозасына байланысты болады).

  6. Жуып-жинайтын құралдарды зарарсыздандырыңыз да құрғатыңыз. Жұмыс бөлмесінің шкафында сақтаңыз.

Ескерту:

  • Қорытынды жинастыру бекітілген кестеге сәйкес аптасына 1 рет жасалады

  • Ағымды жинастыру күнделікті, күніне 2 рет немесе қажеттілігіне байланысты жүргізіледі

  • Дәмханашыларда медициналық паспорт болуы керек.

ТУМБОЛАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАДАҒАЛАУ

Мақсаты: аурухана ішілік инфекцияның, тағамдық уланулардың алдын-алу, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің талаптарын орындау.

Дайындаңыз: резеңке қолғаптарды, шүберекті,ішінде дезинфекциялайтын ерітінді және жуушы ертінді бар ыдыстарды.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Тумболардың санитарлық жағдайын, тазалығын күнделікті тексеріңіз және ішіндегісін тексеріп,қадағалап тұрыңыз.

  2. Тумболардың сыртқы бетін күніне 2 рет дезинфекциялайтын ерітіндімен сүртіп шығыңыз.

  3. Пациентті стационардан шығарғанда тумбоның жан жағын дезинфициялайтын ерітіндімен 2 мәрте арасына 15 минут салып сүртіңіз.

  4. Тумбоны ағынды сумен ылғалдандырылған шүберекпен сүртіңіз.

  5. Тумбоның ішінде заттарды және азық-түліктен бөлек сақтаңыз. Әрқайсысын әр сөреде сақтау керек: жеке бас заттары мен гигиеналық заттарды (сабын, тіс пастасы, щеткасы және тарақты)- жоғарғы сөреде; азық түлікті- кәмпиттерді, прәндік, тосаптарды және басқа да сақталу мерзімі ұзақ тағамдарды басқа сөрелерінде ұстау керек.

ТОҢАЗЫТҚЫШТАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ҚАДАҒАЛАУ

Мақсаты: аурухана ішілік инфекцияның, тағамдық уланудың алдын-алу;

Дайындаңыз: резеңке қолғаптарды, шүберекті,ішінде дезинфекциялайтын ерітінді және жуушы ертінді бар ыдыстарды.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Тоңазытқыштардың санитарлық жағдайын және азық-түліктің сақталу мерзімін күнделікті қадағалап отырыңыз.

  2. Азық –түліктер пакеттерде және науқастардың аты-жазылған белгісібр болуы керек:пациенттің аты-жөні, палатның №, сәлемдемелердің келген уақыты.

  3. Тоңазытқыштардың температуралық ережесін күнде тексеріңіз, салқындық сақтау ережесінің көрсеткішін таңертең және кешке қарай жазып алады және арнайы журналға енгізеді. (Тоңазытқыштың температурасы +4-7 ℃ аралығында болуы керек).

  4. Тоңазытқыштың сыртына науқастар сақтауына рұқсат етілетін тағамдардың тізімі және сақтау мерзімі ілінеді.

  5. Тоңазытқыштардың мұзын еріту және тазалап жуу жұмыстарын аптасына 1 рет кестеге сәйкес жүргізіңіз.

  6. Тоңазытқышты мұзы еріген соң, 3% гидрокарбонат натрий ерітіндісімен суланған шүберекпен сүртіп шығыңыз,содан кейін 6% асханалық сірке суымен сүрту керек. (для предупреждения иерсинеоздың алдын-алу үшін).

СТАЦИОНАР БӨЛІМШЕСІНДЕГІ: ЖУЫНАТЫН БӨЛМЕНІ, КЛИЗМА ЖАСАЙТЫН ЖЕРДІ, ӘЖЕТХАНАНЫ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖЫНЫСТЫРУ

Мақсаты: аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу, санитарлық-эпидемияға қарсы ережелердің талаптарын орындау.

Дайындаңыз: жинау мен жууға арналған, жинайтын жердің аты және жинау түрі жазылып белгі салынған құрал жабдықтарды: жуатын қол таяқтар, еден жуатын шүберектерді; арнайы киімдерді: резеңке қолғаптарды, халаттарды, бет пердені; тазалағыш заттарды, 2%-ды сабынды-содалы ерітіндіні, дезинфекциялайтын заттарды, дезинфекциялайтын ерітіндіні, ыстық суды.

Іс-әрекет алгоритмі:

Жуынатын бөлмені жинастыру

  1. Арнайы киімді киіңіз.

  2. Бөлмені жинастырыңыз:

-дезинфекциялайтын ерітіндімен суланған шүберекпен, екі мәрте сүрту немесе шашырату әдісімен;

- тазалайтын затпен шетенмен ысқылап жуу;

- ыстық сумен шайқаңыз;

  1. Резеңке кілемшелерді дезинфекциялайтын ерітіндіге экспозиция уақытын сақтап батырып салыңыз, содан кейін шайқаңыз.

  2. Кушеткадағы клеңкені дезинфекциялайтын ерітіндімен суланған шүберекпен, екі мәрте арасына 15 минут салып сүрту, соңында таза сумен шайқау керек.

  3. Еденді дезинфекциялайтын ерітіндімен жуу.

  4. Жинайтын құрал жабдықтарды,шүберектерді, қолғаптарды дезинфекциялаңыз.

  5. Киімдеріңізді ауыстырыңыз, қолыңызды жуыңыз.

Дәретхананы жинастыру.

  1. Арнайы киімді киіңіз.

  2. Унитазды шашыратып тазалау әдісімен, дезинфекциялайтын ерітіндімен екі рет өңдеңіз.

  3. Унитазды тазалайтын затпен шетенмен ысқылап жуыңыз және таза сумен шайқап жуыңыз.

  4. Еденді дезинфекциялайтын ерітіндімен жуып шығыңыз.

  5. Қадықтар мен қоқыстарды күніне үш рет, жиналып қалуына байланысты шығарып тастаңыз

  6. Жинайтын құрал жабдықтарды,шүберектерді, қолғаптарды дезинфекциялаңыз

  7. Арнайы киімдерді ауыстырыңыз, қолыңызды жуыңыз.

Клизма жасалатын орынды жинастыру.

  1. Арнайы киімді киіңіз.

  2. Кушеткадағы клеңкені дезинфекциялайтын ерітіндіге батырып қойыңыз, экспозиция уақытын сақтаңыз, содан кейін таза сумен шайқаңыз,(клеңкеге зәр, нәжіс, қақырық тамып кеткен болса, оларды қоюлығы жоғарырақ дезинфекциялайтын ерітіндіге нұсқаулығына сәйкес батырып қойыңыз).

  3. Кушеткадағы клеңкені дезинфекциялайтын ерітіндімен суланған шүберекпен, екі мәрте арасына 15 минут салып сүрту, соңында таза сумен шайқау керек.

  4. Жинайтын құрал жабдықтарды,шүберектерді, қолғаптарды дезинфекциялаңыз.

  5. Арнайы киімдерді ауыстырыңыз, қолыңызды жуыңыз.

Жинайтын құрал жабдықтарды,шүберектерді дезинфекциялау

  1. Қолданылған шүберектерді, шетендерді, шеткаларды дезинфекциялайтын ерітіндісі бар ыдысқа экспозиция уақытын сақтап, салып қойыңыз.

  2. Шүберектерді жуушы ерітіндімен жуып алыңыз.

  3. Ағынды сумен жуыңыз, шүберектерді құрғатыңыз және құрғақ түрінде белгі салынған ыдысқа салып, сақтаңыз.

  4. Ыдыстағы қолданған зарарсыздандыру ерітіндісін төгіп, ыдысты босатыңыз, жуып, құрғатыңыз.

  5. Жинауға қолданылатын қол таяқты жуушы-зарарсыздандырушы ерітіндімен жуып, таза сумен шайқаңыз.

  6. Арнайы киімдерді шешіңіз, қолыңызды жуыңыз.

  7. Белгі салынған жинайтын заттарды(жиналатын орны мен жинастыру түрі көрсетілген), әртүрлі орындарды жинайтын құралдарды бір бірінен бөлек сақтау керек.

Ескерту:

  • Жуынатын орындарды, клизма жасайтын жерлерді әрбір жасалған ем-шарадан кейін осы жерді жууға арналған деген белгісі бар құралдармен жинастырады, әжетханалар күніне 2-3 рет немесе ластануына байланысты жуылады.

  • дезинфекциялайтын ерітіндінің жұмсалу нормасы – әрбір беткейлік жердің 100 мл/м2.

Медицинаға бағытталған бұйымдарды өңдеу кезеңдері

Медицинаға бағытталған бұйымдарды өңдеу дезинфекциялаудан, стерилдеу алдындағы тазартудан және стерилдеумен тұжырымдалады.

Дезинфекция (зарарсыздандыру) патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жараның бетімен жанаспаған,терінің және сілемейлі қабықтың бүтіндігін бұзбаған,қан құюға және инъекциялық препараттарды енгізуге қолданылмаған және жұмысқа қолдану барысында организмнің табиғи қуыстарына енгізілмеген медицинаға бағытталған бұйымдар тек қана дезинфекцияланады.Содан кейін олар ағынды су астында жуылады, құрғатылады және таза зарарсыздандырылған беті жабылатын, белгі салынған,заттың аты жазылған ыдыстарда сақталады.

Медициналық манипуляциялар барысында,жараның бетімен жанасатын, терінің және сілемейлі қабықтың бүтіндігін бұзуға,қан құюға және инъекциялық препараттарды енгізуге қолданылған, және жұмыс жасау барысында адам организмінің табиғи қуыстарына енгізілетін Медицинаға бағытталған бұйымдар қолданылғаннан кейін, алдымен зарарсыздандырылады, содан кейін ағынды құбыр суы астында жуылады, стерилдеу алдындағы тазартудан өткізіледі және стерилденеді.

Стерилдеу алдындағы тазартудан өткізілетін медицинаға бағытталған бұйымдардың (МББ) барлығы, стерилдеу алдында, бұйымдардан ақуыздың, майлы қалдықтардың және механикалық ластануларды кетіру мақсатымен, қан қалдықтарын толық жою үшін, дәрілік препараттарды және дезинфекциялайтын заттарды жуып кетіру үшін, тазаланады және өңделеді.

Стерилдеу – бұл стерилденетін материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және споралық түрлерінің жойылуын қамтамасыз ететін әдіс.Барлық, жараның бетімен жанасатын, қан немесе иньекциялық препараттар тиетін және кейбір диагностикаға қолданылатын қондырғылар,қолданылу барысында сілемейлі қабықтармен жанасатын және олардың бүтіндігін бұзып, зақымдауы мүмкін медициналық құралдар мен медицинаға бағытталған бұйымдар стерилденуі керек.

Сонымен медицинаға бағытталған бұйымдарды өңдеу үш кезеңнен тұрады:

I кезеңі – дезинфекциялау

II кезеңі – стерилдеу алдындағы тазалау

III этап – стерилдеу

I ЭТАП. Медицинаға бағытталған бұйымдарды дезинфекциялау

Мақсаты: жұқпалы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Дайындаңыз:

  • дезинфекциялайтын ерітіндіні;

  • қақпағы бар, сәйкес келетін белгі салынған және дезинфекциялйтын ерітіндісі бар 2 ыдысты;

  • 1 ыдыста құралдардағы қанды және басқа да биологиялық сұйықтықтарды жууға арналған зарарсыздандыратын ерітінді болады

  • 2 ыдыста медицинаға бағытталған бұйымдарды зарарсыздандыруға арналған дезинфекциялайтын ерітінді болады

  • бирканы

  • арнайы киімді (халатты, бет пердені, қолғаптарды)

  • қолданылған медицинаға бағытталған бұйымдарды

  • лотоктарды

Іс-әрекет алгоритмі:

  • Арнайы киімдерді киіңіз: халатты, бет пердені, қолғаптарды.

  • Дезинфекциялайтын ерітінді құйылған 2 ыдысты дайындаңыз, сыйымдылықтардың өзіне және қақпақтарына белгі салынады: белгіде заттың аты, оның қоюлығы, дайындалған күні мен уақыты жазылады, мейіргер қол қояды.

  • №1 ыдыс:

Қолданыста болған медицинаға бағытталған бұйымдардың ішкі каналдарын зарарсыздандыратын ерітіндімен толтырыңыз, осы ерітіндіні медицинаға бағытталған бұйымдардың каналдары арқылы үш мәрте сорғызу, ығыстырып шығару әдісімен өткізіңіз

  • №2 ыдыс:

медицинаға бағытталған бұйымдардың ішкі каналдардарын дезинфекциялайтын ерітіндімен толтырыңыз, оларды бөлшектенген түрінде, дезинфекциялайтын ерітіндіге экспозиция уақытын сақтап,толық батырып салыңыз

  • Ыдыстың қақпағын жабыңыз

  • Биркаға дезинфекциялаудың басталу уақытын жазып, белгілеп қойыңыз

  • дезинфекциялау уақыты біткенде медицинаға бағытталған бұйымдарды зарарсыздандыратын ерітіндіден шығарып алыңыз

  • 2 ыдыстағы медицинаға бағытталған бұйымдарды осы дезинфекциялайтын ерітіндіде 0,5 минут бойы жуыңыз

  • медицинаға бағытталған бұйымдарды лотокқа салыңыз

  • медицинаға бағытталған бұйымдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуып шайыңыз

  • қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-ге салыңыз, қолдарыңызды жуып, кептіріңіз

  • медицинаға бағытталған бұйымдарды өңделулерін жалғастыру мақсатымен орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз (ОЗБ)).

II КЕЗЕҢ. медицинаға бағытталған бұйымдарды стерилдеу алдында тазалау

Стерилдеу алдындағы тазалау ОЗБ- да жүргізіледі.

Мақсаты:

- органикалық ақуыздық, майлы және механикалық ластануды,қан қалдықтарын, дәрілік препараттарды және дезинфекциялайтын ерітіндіні кетіру;

  • медицинаға бағытталған бұйымдардың стерилдеу алдындағы тазалық сапасына бақылау жасау.

Дайындаңыз: халатты, бет пердені, қолғаптарды, жуатын ерітінді бар ыдысты, сағатты, ерштерді немесе дәке тампондарын, лотоктарды,дистилденген су құйылған ыдысты, медицинаға бағытталған бұйымдарды,азопирамның жұмысшы реактивін,тамызғышты, мақтаны, мақта-дәке тампондарын, жуғыш заттарды, 27,5% сутегі асқын тотығын.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Халатты,қолғаптары киіңіз, бет пердені тағыңыз.

  2. Жуғыш ерітіндіні 20-25ºС-ге дейін жылытыңыз.

  3. Жуғыш ерітінді дайындалған мезеттен бастап, ерітіндінің түсі өзгермесе, бір тәулік бойы жарамды болады. Жуғыш ерітіндінің түсі өзгеріп кеткенде жарамсыз деп саналып, ауыстырылады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64


написать администратору сайта