Главная страница
Навигация по странице:

  • Азопирам байқауының нәтижесі

  • Медицинаға бағытталған бұйымдарды стерилдеу Мақсаты

  • МЕДИЦИНАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ БУ СТЕРИЛИЗАТОРЫНДА СТЕРИЛДЕУ ( автоклавта) Мақсаты

  • – 20 тәулікке дейін , сүзгіші барыныкі – 3 тәулік . МЕДИЦИНАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ АУА СТЕРИЛИЗАТОРЫНДА СТЕРИЛДЕУ (құрғақ ауа шкафында)

  • Дайындаңыз

  • 3 тәулік бойы жарамды

  • Стерилдейтін қораптарды стерилдеуге дайындау.

  • Стерилдейтін қораптарды толтыру әдістері

  • Бағытталған салу кезінде

  • ОЗБ негізгі 3аймақтан тұрады: Лас аймағы

  • ОСБ-де медициналық бұйымдардың стерилділігін қамтамасыз ететін жағдайлар

  • Стерилдеу үшін қолданылатын орамалар

  • Сүзгісі жоқ қорапта 3 тәулік сақталады , сүзгіші бар қорапта – 20 тәулік

  • 3 тәулік бойы

  • ОСБ ның стерилдейтін бөлмелері

  • ЕСКЕРТУ

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница6 из 64
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

    Жуушы ерітіндінің құрамы




    Компонентердің аттары

    Ерітіндіні дайындауға арналған компоненттердің саны

    Қолданылуы

    Жуатын зат


    Ауыз су

    5 грамм

    1 литрге дейін

    Қолмен тазалағанда қолданады

    – 27,5% сутегі асқын тотығының ерітіндісі

    Жуғыш зат

    Ауыз су

    17 мл

    5 грамм

    1 литрға дейін


    механикаландырылған (ағымды әдіс, ерштеу, ультрадыбысты қолдану)және қолмен тазалағанда



    1. Медицинаға бағытталған бұйымдарды бөлшектенген түрінде, жуатын ерітіндіге,15 минутқа, алдын ала ерітіндімен каналдарын толтырып, толық батырып қойыңыз,ыдыстың қақпағын жабыңыз.

    2. Ершпен (дәке тампонымен) жуғыш ерітіндіде әрбір затты бөлек, 0,5 минут уақытта жуыңыз, жуушы ерітіндіні құралдың каналдары арқылы өткізіңіз.

    3. Медицинаға бағытталған бұйымдарды лотокка салыңыз.

    4. Әрбір бұйымды бөлек ағынды су астында 10 минут бойы,бөлшектердің каналдарынан және қуыстарынан суды бірнеше рет өткізіп, жуыңыз.

    5. Стерилдеу алдындағы тазалаудың сапасына азопирам байқауын қолданып бағалау жасаңыз.Тексеруге бір тәулік ішінде, бір мезетте өңделген бұйымдардың, бір түрінің 1%-нан 3- данадан кем емес саны алынады.

    6. Азопирам реактивінің жұмысшы ерітіндісін дайындаңыз (жұмысшы реактивтің жарамдылық мерзімі– дайындалған мезеттен бастап 2 сағат).

    7. Жұмысшы реактивті « реактивке арналған» белгісі бар тамызғышпен медицинаға бағытталған бұйымдарға тамызыңыз ( корпусына, каналдарына және қуыстарына, биологиялық сұйықтықпен жанасатын жерлеріне).

    8. Медицинаға бағытталған бұйымды мақтаның немесе дәке сүрткінің үстінде, ағып түсетін реактивтің түсін мұқият қадағалап, ұстаңыз.

    9. Азопирамдық байқаудың нәтижесіне баға беріңіз.



    Азопирам байқауының нәтижесі


    Байқау оң болғанда реактивтің түсі өзгереді:

    Көк- күлгін түске


    Медицинаға бағытталған бұйымдарда қан қалдықтары болғанда

    Қызғылт түске


    Жуушы ерітінділердің қалдықтары қалғанда


    Күрең қоңыр түске


    Құрамында хлоры бар қышқылдар мен тот қалдығы болғанда

    Реактивтің түсі өзгерсе, реакция оң деп саналады,(түсінің тез арада, бір минуттың ішінде өзгергені ғана есепке алынады)

    Түстің боялуы бір минут өткеннен кейін болғаны есепке алынбайды

    Жасалған реакция қанға оң болып шыққанда, барлық тазаланған бұйымдар тобы қайталап өңделеді, өңдеуді жуушы ерітіндіге батырып салу кезеңінен бастау керек болады.

    Жасалған реакция синтетикалық жуғыш және дезинфекциялайтын заттарға оң болып шыққанда, тазалатын бұйымдардың барлығы қайта өңдеуден өтеді, өңдеу ағынды су астында шайқаудан басталады.

    Жасалған реакция теріс болғанда реактивтің түсі өзгермейді.

    Ескерту:

    азопирам тоңазытқышта 2- ай бойы сақталады, бөлме температурасында– 1 ай сақталады. Жұмысшы ерітінді дайындалған мезеттен бастап бір мәрте қолданылады.

    1. Медицинаға бағытталған бұйымды дистилденген сумен 0,5 минут бойы жуып шығыңыз.

    2. Медицинаға бағытталған бұйымдарды құрғақ ауа шкафында Т - 85ºС, ылғалы толық құрғағанша кептіріңіз.



    III КЕЗЕҢ Медицинаға бағытталған бұйымдарды стерилдеу

    Мақсаты:пациенттердің аурухана ішілік инфекцияны жұқтырып алуының алдын-алу және персоналдың кәсіптік инфекциямен ауырып қалуын болдырмау, барлық медицинаға бағытталған бұйымдардағы микроорганизмдер мен спораларын жою.

    Бұйымның материалына байланысты стерилдеудің әдісі және ережесі таңдап алынады

    МЕДИЦИНАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ БУ СТЕРИЛИЗАТОРЫНДА СТЕРИЛДЕУ

    ( автоклавта)

    Мақсаты: пациенттердің аурухана ішілік инфекцияны жұқтырып алуының алдын-алу және персоналдың кәсіптік инфекциямен ауырып қалуын болдырмау, барлық медицинаға бағытталған бұйымдардағы микроорганизмдер мен спораларын жою.

    Көрсетілімі:

    • 1ші ереже (негізгі) –бязден, дәкеден (таңу материалдарын, сейсептер және т.б.) 200˚С деген белгісі бар әйнекті стерилдеуге арналған;

    • 2-ші ереже (аяп-ашатын) – жұқа резеңкеден, латекстен және полимердің ерекше түрінен жасалған бұйымдар үшін.

    Дайындаңыз: автоклавты, стерилдеу алдындағы тазалау жасалған медицинаға бағытталған бұйымдарды, бикстерді (стерилдейтін қораптар), екі қабат мақтақағаздандан жасалған матаны,(бязь, шыт және т.б.), термоиндикаторлы қағаздарды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Құрғақ медицинаға бағытталған бұйымдарды мақтақағаздандан жасалған матаға ораңыз.

    2. Оралған МББ бикстерге, қатарлатып, тығыздамай салыңыз.

    3. Термоиндикаторлы қағаздарды бикстің ішкі жағына, бақылау нүктелеріне орналастырыңыз,(түбіне, ортасына, қақпақ астына).

    4. МББ салынған биксті автоклавқа, жүктеу нормасын сақтай отырып орналастырыңыз.

    5. Стерилдеңіз: 1-ші ереже - температурасы 132˚С, қысымы– 2,0 атм, уақыты - 20 минут; 2-ші ереже–температурасы 120˚С, қысымы–1,1 атм,уақыты - 45 минут.

    6. Бу стерилизаторының жұмысын бақылайтын журналды толтырыңыз.

    7. Бикстерді ашқанда және қолданғанда термоиндикаторлы қағаздардың жағдайының этолонға сәйкестігін тексеріңіз.

    Ескерту:

    • Балқу температурасына жеткенде термохимиялық индикаторлар (химические тесттер) еріп, балқып кетеді және өз түстерін өзгертеді (температуралық ереже орындалды деп саналады);

    • Оралмай стерилденген бұйымдар дереу стерилденгененен кейін қолданыла береді;

    • Биксте (стерилдеу қораптарында) стерилденген материалдардың сақталу мерзімі сүзгіші барында – 20 тәулікке дейін, сүзгіші барыныкі – 3 тәулік.

    МЕДИЦИНАҒА БАҒЫТТАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ АУА СТЕРИЛИЗАТОРЫНДА СТЕРИЛДЕУ

    (құрғақ ауа шкафында)

    Мақсаты: пациенттердің аурухана ішілік инфекцияны жұқтырып алуының алдын-алу және персоналдың кәсіптік инфекциямен ауырып қалуын болдырмау, барлық медицинаға бағытталған бұйымдардағы микроорганизмдер мен спораларын жою.

    Көрсетілімдері:

    • 1-ші ереже (негізгі))–200˚С, деген белгісі бар әйнектен, металлдан жасалған: хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық құралдарды, соның ішінде коррозияға-төзімсіз металдарды стерилдеуге арналған.

    • 2-ші ереже (аяп-ашатын)– силиконды резеңкеден жасалған бұйымдарды,сонымен қатар кейбір аппараттармен қондырғыларды стерилдеуге арналған.

    Дайындаңыз: құрғақ ауа шкафын,термоиндикаторлы қағазды,(стерилдеу алдындағы тазалау жүргізілген) медицинаға бағытталған бұйымдарды крафт-қағазды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Құрғақ медицинаға бағытталған бұйымдарды крафт-қағазға немесе пакетке ораңыз және стерилдеу күнін жазыңыз.

    2. Оралған медицинаға бағытталған бұйымдарды құрғақ ауа шкафының торына жайып, реттеп салыңыз.

    3. Термоиндикаторларды стерилизатордың бақылау нүктеріне орналастырыңыз, құрғақ ауа шкафының есікшесін жабыңыз.

    4. Стерилидеңіз: 1-ші ереже - температурасы 180˚С уақыты - 60 минут; 2-ші ереже – температурасы 160˚С, уақыты - 150 минут.

    5. Шкафты ашып, термоиндикаторлық қағаздың жағдайын эталонға сәйкестеп тексеріңіз

    6. Орамадағы медицинаға бағытталған бұйымдарды стерилді аймақта,ары қарай қолдану үшін шығарып алыңыз.

    7. Ауа стерилизатордың жұмысын бақылауды тіркейтін журналды толтырыңыз.

    Ескерту:

    • Индикаторлық қағаздың еріп кетуі және түсінің өзгеруі, температуралық ереженің ұсталғанының белгісі;

    • крафт-қағазда оралып, стерилденген бұйымдар– 3 тәулік бойы жарамды, пакетке салынғандары – 20тәулік жарамды.

    Стерилдейтін қораптардың түрлері

    1. Корпусының бүйірінде тесіктері болады, автоклавта стерилдегенде олар арқылы бу тез арада оңай қорап ішіне енеді. Бұл тесіктер металдан жсалған жылжымалы белдікшенің көмегімен оңай ашылады және жабылады.

    2. Корпусында тесіктер бар болады.Тесіктері төбесінде және түбінде орналасады. Олардың іші фильтрмен жабылған.

    Стерилдейтін қораптарды стерилдеуге дайындау.

    1. Бөлшектерінің бүтіндігін тексереді,

    анықтайды:

    - қақпағының жабылу тығыздығын;

    - белдеушесінің жылжуын және корпустағы тесіктің белдеушедегі тесіктерге дәл келуін тексеру;

    1. белдеушені корпустың тесіктері ашық тұратын қалыпта бекітіңіз.

    2. Қораптардың ішкі жағын және сыртқы жағын 0,5 % мүсәтір спиртімен сүртіп шығыңыз.

    3. Қораптардың ішкі жағын және сыртқы жағын сүртеді және түбіне және қабырғаларын сүрткілермен немесе ақжаймамен жабады.

    Укладывают в бикс перевязочный материал и операционное белье.

    1. Материалдың стерилділігін дәлелдейтін индикаторларды салыңыз.

    2. Стерилдейтін қорапқа белгі салады.

    Стерилдейтін қораптарды толтыру әдістері

    Универсалды (кешенді)толтыру, салу

    Стерилдейтін қораптарды қатаң белгілі бір тәртіппен толтырады, күрделі емес бір операция түріне арналған заттарды бір қорапқа бөлек және ота жасағанда қолдынылатын сейсептермен, ақжаймаларды бөлек салады. Таңатын бұйымдарды тігінен секторлары бойынша, оң жағына-әртүрлі мөлшердегі сүрткілерді (30 данасын), үш мөлшердегі тампондарды (30 данасын), салады, турундалардың бір бумасын, мақта түйіршіктерін (50 данасын),гигроскопиялық мақтаны (100 г), жаққыштарды (10 данасын) бірінші қатарғаорналастырады.Екінші қатарға отаға қолданылатын сейсептерді тігінен секторлары бойынша салады: оң жағына-5 сейсепті, 10 сүлгіні, 2 бинтті,қарама қарсысына 4 халатты, 5 белбеулерді, 4 бет пердені.

    Таңу материалдары мен оталық сейсептерді қорапқа салып болғаннан кейін, перационное белье, стерилділікті бақылау индикаторларын орналастырады, содан кейін стерилдейтін қораптың қабырғаларын жауып тұратын сейсептің бұрыштарын бірінен кейін бірін қайырып жабады.Сейсептің үстіне (бірінші қатар) 1 халат салады, оның үстіне бір белдеу, бет перделерді,дәке сүрткілерін және қолға арналған сүлгіні салады. (бұл материал оталық мейіргерге арналған, ол қолын жуғаннан кейін, қолын сүртіп, стерилді халатты киюі үшін) Осы қабаттың үстіне бақылау индикаторларын салады, содан кейін қақпағын жабады, бүйіріндегі тесіктерін ашады,бирканы байлайды, биркада стерилдеу күні және материалдың түрі жазылады.

    Стерилдейтін қораптарға Бағытталған салу кезінде оталық сейсептер мен таңу материалдары белглі бір отаға арналып салынады.

    Стерилдейтін қораптарды Бір түрлік қылып толтыру кезінде қорапқа медицинаға бағытталған бұйымдардың бір ғана түрін салу (оталық сейсептер, таңу материалдары, қолғаптар).

    Оталық сейсптерді,таңу материалдарын стерилдейтін қораптарға будың қозғалыс жасау бағытына паралельді қылып салады.

    Стерилдеу алдында резеңке қолғаптардың ішіне және сыртына сеппе ұнтақ сеуіп қояды, ұнтақ біріне жабысып қалудан қорғайды.(алдымен оларды құрғатып алу керек).

    Қолғаптардың арасына дәке немесе қағаз салады. Әрбір қолғапты бір бірден бөлек орап салу керек. Будың зиянды әсер етуін бәсеңдету мақсатымен қолғаптарды будың 1200 С 45 минут, 1, 1 атм. стерилдейді.

    ОЗБ негізгі 3аймақтан тұрады:

    1. Лас аймағы (лас материалды қабылдау, сұрыптау, закладка в дезинфекциялайтын-жуатын машинаға салу);

    2. Таза аймағы (зарарсыздандырылған және кептірілген материалды дезинфекциялайтын-жуатын машинадан шығарып алу, орау, стерилдегішке салу).

    Медициналық сейсептерді орау үшін бөлек орын бөлінген болуы керек;

    1. Стерилді аймақ (стерилді материалдың стерилдегіштен келуі және оны сақтау).

    Таза және стерилді аймақ бөлімдеріне кіру арнайы санитарлық өткізгіштер арқылы жүргізіледі.

    Қосымша бөлімшелер: экспедиция(стерилді материалды тарату), санитарлық тораптар және медициналық персоналға арналған әлеуметтік орындар.

    ОСБ-де медициналық бұйымдардың стерилділігін қамтамасыз ететін

    жағдайлар

    ОСБ да медициналық бұйымдардың стерилділігін қамтамасыз ететін

    жағдайлар болып табылады:

    1. Технологиялық процесстерді аймақтарға бөлу және бөлімдерді бір -бірінен бөліп тұратын қабырғалардың болуы.

    2. Тасымалдау ағымы бір-бірімен қарсы келмейді,қақтығыспайды стерилді медициналық бұйымдардың қайтадан контаминациялануы қаупі жойылады.

    3. Стерилдеуге дейінгі тазарту (заманауи техникалық жуатын және дезинфекциялайтын құралдарды қолданып, соның ішінде, бір бағытта ғана өңдейтін қондырғыларды қолданып) және стерилдеу (бір жаққа өтетін форвакуумды автоматты микропроцессормен басқарылатын бу стерилдегішін қолданып, ережесіне еркін бағдарлама беруге болатын стерилдеудің болуы және т.б.) 100% стерилділікті қамтамасыз етеді.

    4. Стерилдейтін камера және оның негізгі тораптары қолдану барысында коррозияға ұшырамауы үшін жоғары легирленген, тат баспайтын құрыштан жасалады.

    5. Қызмет көрсететін персоналдың кәсіптік дайындық деңгейі қолданалатын қондырғылармен жұмыс жасау талаптарына сәйкес келуі керек.

    6. Өңдеу және стерилдеу процессінің әрбір кезеңінің сапасын бақылау үшін заманауи заттарды қолдану.

    7. Орындалып жатқан технологиялық операцияларға және ОСБ сәйкес келетін аймақтарын, сәйкес келетін санитарлық ережелермен қамтамасыз ету.

    Стерилдеу үшін қолданылатын орамалар

    Стерилдеудің тиімділігі қолданылған орамаға байланысты болады.

    Ораманың негізгі функциясы–стерилді материалды микроорганизмдер ұрықтарының қайта қонуынан қорғау (реконтаминациядан).

    Стерилді материалды және стерилді орамаларды бір- бірінен бөлек қарастыруға болмайды.Қажетті орамасы болмаса стерилді материал пайдасыз болып қалады, себебі ол стерилсіз деп саналады.Құрғақ ыстық ауамен немесе орамада ылғалды материалмен стерилдеу материалдардың стерилдігін сақтап қалуға көмектеседі.

    Стерилдеу үшін орайтын материалдар сәйкес келетін стерилдейтін агенттер үшін тез өткізгіш болуы, ал жабық түрінде микроорганизмдер үшін өткізбейтін болуы және сәйкес келетін әдіспен стерилденген соң, ұзақ уақыт бүтіндігін сақтайтын болуы керек.

    Орама үшін көп мәрте қолданылатын қораптар қолданылады (бикстер), әртүрлі крафт-пакеттер, заманауи орама материалдар қолданылады.

    Құрғақ заттар орамаларда оралып стерилденеді, орамалар қағаздардардан, (крафт-пакеттер),су өтпейтін мөшектерден, екі қабат мақтаматадан жасалған материалдан жасалады.

    Стерилділікті сақтау мерзімі орамаға байланысты болады.

    Сүзгісі жоқ қорапта 3 тәулік сақталады, сүзгіші бар қорапта20 тәулік. Упаковки из екі қабат мақта қағазматадан жасалған немесе крафт-пакеттен жасалған орамалар 3 тәулік бойы стерилділігін сақтайды. Барлық орамаларға белгі салынады.

    ОСБ ның «таза» аймағында жүргізіледі

    1. Дезинфекциялайтын әрі жуатын машинадан тазартылған, дезинфекцияланған және кептірілген материалдар шығарылады.

    2. Дезинфекциялайтын әрі жуатын машинадан тазартылған, дезинфекцияланған және кептірілген материалдар шығарылады.

    3. МББ, таңу материалдарын және ақжаймалар орамасын стерилдеу қораптарына орналастыру,бязден жасалған орамаларды стерилдеуге дайындау,сонымен қатар заманауи орама материалдарын стерилдеу поцессін бақылайтын термоуақытты термо индикаторларын салатын нүктелерімен бірге толтыру.

    4. Кешенді толтырылуды бақылау және МББ орау.

    5. Таза МББ біраз уақытқа дейін сақтау мақсатымен орналастыру.


    ОСБ ның стерилдейтін бөлмелері

    1. «Стерилді емес»және «стерилді» аймақтардан тұрады.

    2. Ыстық ауа шкафы және автоклав стерилді емес аймақта орналастырылады.

    3. Оралған материалдарды стерилдеу үшін қораптарға салу жүргізіледі (ақжаймалар, таңу материалдары, МТБ).

    4. Стерилдегіштердің жұмысына бақылау жүргізіледі,стерилдеу режимінің параметрлер көрсеткіштері тексеріледі және оның тиімділігі бағаланады.

    ЕСКЕРТУ: Стерилдеу стерилдегішті жұмыста қолдану нұсқаулығында айтылған, нақты бір затты қолдану туралы көрсетілген ережелермен жүргізіледі.

    «Стерилді» аймақта жүргізіледі:

    1. Стерилдегіштерден стерилді материалдардың келіп түсуі.

    2. Стерилді материалды белгілі уақытқа дейін сақтау.

    3. Экспедиция-дайын болған стерилді материалдарды тарату.

    4. Стерилді материалдар бөлімшелерге жабық транспортты контейнерлермен, арнайы қаптарға салынып транспортты лифтпен жеткізіледі.

    5. Стерилді материалдарды сақтау мақсатымен жинау.

    ЕСКЕРТУ:

    • Таза және стерилді аймақ бөлімдеріне кіру арнайы санитарлық өткізгіштер арқылы жүргізіледі.

    • Қосымша бөлімшелер: экспедиция(стерилді материалды тарату), санитарлық тораптар және медициналық персоналға арналған әлеуметтік орындар;
    • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64


    написать администратору сайта