Главная страница
Навигация по странице:

  • Амбулаторялық -емханалық ұйымның ОЗБ-ға арналған орындары

  • Таңу материалдарын стерилдеуге дайындау және оларды стерилдеу қораптарына толтырып орналастыру

  • Таңу материалдарын дайындау

  • Таңатын, таңғыш материалдарын дайындағанда дәкенің шет шетін ішіне қарай бүгіп, қайырып бүктеп алады, бұл дәкенің майда жіптерінің жараға түсіп кетуінің алдын алады.

  • ДӘКЕ СҮРТКІЛЕРІН ДАЙЫНДАУ Көрсетілімі

  • Дайындаңыз

  • ДӘКЕ ТҮЙІРШІКТЕРІН ДАЙЫНДАУ Көрсетілімі

  • ТАМПОНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ Көрсетілімі

  • Ескерту: Тампондарды түйінді түрінде, жинап сақтайды. ТУРУНДАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ (жолақтарды) Көрсетілімі

  • Ескерту: Турундаларды орам қылып, домалақтап сақтайды.Таңу материалдарын стерилдейтін қораптарға толтырып салу Мақсаты

  • Қабылдау бөлімшесінің мейіргерлік персоналының міндеттері. Пациентті стационарға қабылдау. Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және функциялары Қабылдау бөлімі

  • ҚР Денсаулық Сақтау Министрінің № 450 3 шілде 2017 жылғы бұйрығынан жазба Қазақстан Республикасында медициналық жедел жәрдемді көрсету ережелерін бекіту туралы

  • Қабылдау бөлімінде пациенттер медициналық сұрыптауға сәйкес, жағдайлы 3 топқа бөлінеді: Бірінші топ (жасыл аймақ)

  • Үшінші топ (қызыл аймақ)

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница7 из 64
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64

    Ультрафиолетті шамдармен қамтамасыз етілген бактерицидті камералар тек, стерилді құралдарды сақтау үшін қоданылады.

    Денсаулық сақтау объектілеріндегі ОЗБ орындары:

    1. Стерилді емес көрпе- жастық сейсептерін, хирургиялық құралдарды, катетерлерді қабылдау және сақтау.

    2. Хирургиялық құралдарды бөлшектеу, жуу және кептіру.

    3. Таңу бұйымдарын дайындау және хирургиялық сейсептер мен тыстарды стерилдейтін қораптарға салу.

    4. Хирургиялық құралдардың жиынтықтарының толықтығын және орамасын тексеру.

    5. Орайтын материалдарды сақтайтын жер.

    6. Стерилдейтін орын (ол стерилді және стерилді емес аймақтардан тұрады)

    7. Бөлім меңгерушісінің кабинеті.

    8. Аға мейіргердің комнатасы.

    9. Санитарлық өткізгіш.

    10. Жинап жуатын өқралдар сақталатын орын.

    11. Жеке бас гигиенасын жүргізетін бөлме.

    12. Медперсоналдар бөлмесі.

    Амбулаторялық -емханалық ұйымның ОЗБ-ға арналған орындары:

    1. Материалдарды қабылдайтын және құралдарды дайындайтын орын.

    2. Жуатын жер.

    3. Стерилизациялайтын орын.

    4. Материалдарды сақтайтын және тарататын бөлме.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Дезинфекция: түсінігі, түрлері, әдістері,ережелері.

    2. Дезинфектанттарды қолдануға қойылатын талаптар .

    3. ММ-нің зарарсыздандыру ережесіне қандай жалпы талаптар қойылады.

    4. Дезин­фекция жасауға қолданылатын заманауи заттар.

    5. АІИ алдын алу мен бақылау жасау жұмысындағы мейіргердің атқаратын рөлі

    6. Жұқпалы қауіпсіздікті сақтау бойынша қолданылатын нормативті құжаттар.

    7. Заманауи дезинфекциялайтын заттардың сипаттамасы.

    8. Медицинаға бағытталған бұйымдарды дезинфекциялау

    9. Стерилизация алдындағы тазалаудың кезеңдерін атаңыз.

    10. Медицинаға бағытталған бұйымдарды стерилдеу алдындағы тазалаудан өткізу

    11. Медицинаға бағытталған бұйымдардың стерилдеу алдындағы тазалығының сапасын тексеру.

    12. Азопирам байқауы, және оны жүргізу.

    13. Стерилдеу: түсінігі және әдістері

    14. Стерилдеудің түрлері: стерилдеу ережесін және сапасын бақылау түрлері.

    15. Стерилділіктің сақталу мерзімдері.

    16. ОЗБ: құрылымы және функциялары.

    17. ОЗБ-де залалсыздандырудың артықшылықтарын атаңыз.

    18. ОЗБ-де залалсыздандырудың кемшіліктерін атаңыз.

    19. Стерилділіктің сапасына бақылау қалай жүргізіледі

    20. Сапасыз залалсызданырудың себептерін атаңыз.

    Таңу материалдарын стерилдеуге дайындау және оларды стерилдеу қораптарына толтырып орналастыру

    Таңу материалдарын дайындау

    Хирургиялық практикада таңу материалдары ретінде қағаздымақтадан, вискоздан, синтетикалық маталардан,шаршыдан жасалған материалдар, жолақтар,талшықты кездемелер, жіптер (мақта, дәке, лигнин,паралонды жөкелер және т.б.) қолданылады.

    Таңатын, таңғыш материалдар – бұл жараның және басқа да бүтіндігі бұзылған тері мен тіндегі жараларды емдеуге және жараға жұқпаның жұғуының алдын алу үшін қолданылатын медициналық бұйымдар

    Таңу заттарына жататындар: сүрткілер, тампондар, түйіршіктер, турундалар, тупферлер. Олар сорғызып, сіңдіріп алатын қасиеті жоғары болатын дәкеден және мақтадан жасалады. Таңу бұйымдарын алдын ала ертерек дайындап қою өте маңызды, себебі олар көмек көрсеткенде және жедел оталар жасалғанда қолданылады.

    Таңу материалдарын дайындағанда материалды бөлме бөлінеді, оның ортасында беті пластикпен, линолеумен немесе клееңкемен қапталған кең үстел қойылады. (бұл үстел басқа мақсттарға қолданылмайды).

    Таңу материалдарын дайындамай тұрып, мейіргер үстелді дезинфекциялап алады, шаштарын медициналық тақияның астына мұқият жинап, қолдарын жуады. Пішіп, кесу үшін, дәке орамын үстелге, дәкенің әрбір телімінің көлемі 1 м болатындай етіп, 10 қабаттан жасап, жаяды да, өткір қайшымен немесе электрпышақпен қажет таңатын бұйымдардың көлемін сақтап кеседі.

    Таңатын, таңғыш материалдарын дайындағанда дәкенің шет шетін ішіне қарай бүгіп, қайырып бүктеп алады, бұл дәкенің майда жіптерінің жараға түсіп кетуінің алдын алады.

    Мейіргер таңу материалдарын таза жуылған қолдарымен, жұмыс үстелінде жасайды. Мақтадан жасалатын ем-шара кабинеттерінде жұмыс жасауға арналған бұйымдар (түйіршіктер, турундалар), медициналық дәкеден жасалған бұйымдар – таңу кабинеттерінде жұмыс жасауға бағытталған (түйіршіктер, сүрткілер) –мейіргермен жасалады. Ал емдеу бөлімшелерде әр түрлі мөлшердегі сүрткілер (кіші, орташа, үлкен), түйіршіктер, турундалар жасалады.

    Тампондар, түйіршіктер және сүрткілер қанды сүрту мақсатымен қолданылады, қанап тұрған қан тамырын саусақпен басу үшін жассалады және т. б.

    ДӘКЕ СҮРТКІЛЕРІН ДАЙЫНДАУ

    Көрсетілімі: ота, таңу жасағанда стерилді түрінде қолдану үшін, жараны құрғату мақсатында; ота жасау мезетінде ішкі органдарды өз орнында ұстап тұруы үшін; жараның шет-шетін қорғау үшін; емдік мақсатта қолдану үшін;

    Дайындаңыз: гигроскопиялық дәкені, қайшыларды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    2. Дәкені 20х25 см (кіші), 30х40 см (орташа), 60х40 см (үлкен), мөлшерлерде, өлшеп кесіңіз.

    3. Кесілген дәкенің шет-шетін ішіне қарай бүгіп, қайырыңыз,ұзынынан және тігінен бүктеңіз, демек:

    4. Үлкен жағының шеттерін, ұзынынан, олардың екі шеті бір біріне енуі үшін бүгіңіз;

    5. Кіші жағының шет шетін көлденеңінен, олар бір біріне жақын орналастырып бүгіңіз;

    6. Сүрткіні тура ортасынан екіге бүктеңіз.

    7. Сүрткілерді 10данадан, бірінің үстіне бірін салып, жинаңыз, оларды бір бума қылып дәке жолағымен байлыңыз.

    ДӘКЕ ТҮЙІРШІКТЕРІН ДАЙЫНДАУ

    Көрсетілімі: ота және таңу жасағанда стерилді түрінде қолдану үшін, жараны құрғату мақсатында; қанды кетіру мақсатында, қан ағып жатқан қан тамырын саусақпен басу үшін, жараның шет-шетін өңдеу үшін;

    Дайындаңыз: гигроскопиялық дәкені, қайшыларды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    2. Дәкені 6х7 см (кіші), 11х12 см (орташа), 17х17 см (үлкен), мөлшерлерде кесіңіз.

    3. Дәкенің қарама қарсы шеттерін ішіне қарай 2 см қылып,майда жіптерін жасыру үшін, бүгіңіз.

    4. Пайда болған дәке жолағын үлкен саусақты айналдырып ораңыз, немесе 2-3 – ші саусақтарға шұңқыр жасап ораңыз.

    5. Жолақты саусақтан шешіп алыңыз және екі ұшын бір-бірден реттілікпен шұңқыр ішіне қарай енгізіңіз.

    6. Пайда болған түйіршіктерді дәкеден жасалған мөшекке 50 данадан салыңыз.

    ТАМПОНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ

    Көрсетілімі: ота және таңу жасағанда стерилді түрінде қолдану үшін, қанды кетіру мақсатында, қан кетіп жатқан қан тамырын саусақпен басу үшін.

    Дайындаңыз: гигроскопиялық дәкені, қайшыларды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    2. Ұзындығы 5 метр дәкені алыңыз, ұзынынан екіге бүктеңіз. Пайда болған дәке кесіндісін көлденеңінен, ұзындығы 20, 30, 50 см қылып кесіңіз:

    Үлкен тампондарды дайындау

    • Дәке кесінділерінің шет шетін ұзынынан, ішіне қарай 5-6 см қылып және екі еселеп теңдей қылып, бүгіңіз;

    • Осы пайда болған 60х10 см жолақты екі есе қылып, көлденеңінен бүктеңіз;

    • Астыңғы жартысы, үстінгісінен 5-6 см ұзынырақ болуы керек;

    • тампонды тағы да екіге бүктеңіз, ал дәкенің төменгі қабатының бос жақтарын ота кезінде ұстауға оңай болуы үшін тампонға ораңыз.

    Орташа тампондарды дайындау

    • орташа тампонда дәл осы әдіспен жасалады, тек пайда болған жолақты қосымша көлденең жіпке қарай бүктейді және қайтадан ұзынғы жолаққа қарай бүктейді.Оны ота жасау кезінде орташа сүрткіден де жасауға болады.

    Кіші тампондарды дайындау

    • кіші тампонды, дәке сүрткінің қысқа шетін ішіне 1-2 см қарай қайырудан, содан кейін, екі рет тура ортасынан және ұзынынан бүктеу арқылы жасайды, содан кейін ұзын шеттерін бір біріне енгізіп байлау қажет.

    Ескерту:

    Тампондарды түйінді түрінде, жинап сақтайды.

    ТУРУНДАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ (жолақтарды)

    Көрсетілімі: ота, таңу жасағанда стерилді түрінде қолдану үшін.

    Дайындаңыз: ені 5 см,бинт, қайшыны

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    2. Ені 5 см және ұзындығы 40-50 см.бинтті дайындаңыз.

    3. Бинттің екі шетін ішіне қарай1-1,5 см-ге бүктеңіз, содан кейін бір біріне түйіскенше бүктей беріңіз, содан кейін тағы да бір рет, қайырмасын бекіту мақсатымен бүктеп, үстелдің шетіне салып тартыңыз. Осылай бинттен жасалған ұзын жолақ пайда болады, оны үш саусаққа орап, бос екінші ұшын саусақтар арасынан шығырып алыңыз.

    Ескерту:

    Турундаларды орам қылып, домалақтап сақтайды.

    Таңу материалдарын стерилдейтін қораптарға толтырып салу

    Мақсаты:автоклавта стерилдеу үшін толтырып салу және стерилділікті сақтау процессінде регламентелген уақыт аралығында стерилділікті сақтау.

    Дайындаңыз: дезерітінді,«бикстерге арналған» деген белгі салынған шүберектен- 2 дана, шүберектерді дезинфекциялауға арналған сиымдылықтарды, қолғаптарды, бет пердені, бикстің ішкі жағын төсеп жабуға арналған үлкен материалдан жасалған (бязден жасалған) сүрткіні, дәкеден жасалған таңу материалдары (сүрткілер,турундалар,мақта түйіршіктері және т. б.) салынған мөшектер, стерилділік индикаторларын– әрбір бикске 3 данадан, бөлімшенің, (кабинеттің), аты және бикстің ішіндегісі көрсетілген бирканы, толтырылған күні және стерилденген күні жазылған журналды, сонымен қатар бикске салынға уақыт пен күні және стерилдеуге жауапты және биксттің ішіне салатын мейіргердің қолына арналған, бос бағанасы қалтырылған журналды, стерилдейтін қораптарды,сүзгіші бар немемсе сүзгіші жоқ, әртүрлі сиымдылықтағы және әртүрлі формадағы бикстер.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз.

    2. Бикстің бүтіндігін тексеріңіз.

    3. Қолғаптарды киіңіз, бет пердені тағыңыз.

    4. Бикстің ішкі және сыртқы жағын зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған әртүрлі шүберектермен, реттілікпен 2-мәрте өңдеңіз.

    5. Зарарсыздандырған шүберекті ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа салыңыз.

    6. Қолғаптарды, бет пердені шешіңіз.

    7. Қолыңызды жуып, құрғатып сүртіңіз.

    8. Таңу материалдарын бикске биксты толтыру нормасына және толтыру түріне (бір түрлі,мақсатты және универсалды) сәйкес орналастырыңыз.

    9. Бикстің торын ашыңыз. (егер қорапта сүзгіші болмаса).

    10. Сүзгіші жоқ бикстің түбіне және ішкі қабырғаларына сүрткі төсеңіз, сүрткі бикстің биіктігінен 2/3 см салбырап тұруы керек.

    11. Бикстің түбіне (бақылау нүктелеріне) стерилділік индикаторын саыңыз.

    12. Таңу материалдарын қабат-қабат қылып салыңыз:

      • секторларына сәйкес;

      • вертикалды ( қақпағына перпендикулярлы);

      • бос қылып.

    13. Стерилділіктің индикаторын бикстің ортаңғы бөлігіне орналастырыңыз.

    14. Барлық салынған материалды бикстің сыртында салбырап тұрған сүрткінің шеттерімен жабыңыз.

    15. Стерилділік индикаторын бикстің қақпағының астына салыңыз.

    16. Бикстің қақпағын құлпылап жабу керек.

    17. Бикстің тұтқасына бирка байлаңыз.

    18. Материал салынған күнді және салуға жауапты адамның қолы қойылады.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Таңу материалдарын дайындау ережелері және оларды стерилдейтін қораптарға салу тәртібі.

    2. Дәке түйіршіктерін дайындау ережелері.

    3. Дәке тампондарын дайындау ережелері.

    4. Мақта түйіршіктерін дайындау ережелері.

    5. Дәке сүрткілерін дайындау ережелері.

    6. Турундаларды дайындау ережелері.

    Қабылдау бөлімшесінің мейіргерлік персоналының міндеттері. Пациентті стационарға қабылдау.

    Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және функциялары

    Қабылдау бөлімі—аурухананың негізгі емдік-дагностикалық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Ары қарай жүргізілетін емнің тиімді болуы, ал кейбір жағдайларда пациенттің өмірі де қабылдау бөлімшесінің медициналық персоналының кәсіптік көмегінің ұйымдастырылуына байланысты болады.

    ҚР Денсаулық Сақтау Министрінің № 450 3 шілде 2017 жылғы бұйрығынан жазба

    Қазақстан Республикасында медициналық жедел жәрдемді көрсету ережелерін бекіту туралы

    Стационарлық көмек көрсететін медициналық мекемелердің қабылдау бөлімдері тәулік бойы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

    Қабылдау бөлімінде екі бөлек орналасқан қабылдау ағымы болады:
    біріншісі - ауруханаға жедел жатқызу үшін
    екіншісі - ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу үшін

    Пациенттерді ауруханаға жатқызу үшін көлік еркін келетін болу керек және пациенттер қабылдау бөлімшесінің медициналық көмек көрсетілетін сәйкес (табалдырықтың болмауы, бос лифтілер, тез ашылытын немесе ашық тұратын есіктер) келетін деңгейіне дейін кіріп-шығуы оңай болуы керек. Қабылдау бөлімінің құрылымында ұйымдастырылады:

    1) тіркейтін пост тіркеу орны - диспетчерлік);
    2) пациенттерді бақылайтын пост;
    3) қарап тексеретін аймақтар, функциялық сүйрегіштерімен,медициналық сұрыптаудың нәтижесін есептеп орындап отыратын аймақ 3H –жүйесі (Tриаж – жүйе);
    4)жедел операциялық араласуларға арналған, ота жасайтын зал;
    5) манипуляциялық бөлме;

    6) қабылдау бөліміне түскен уақыттан бастап, ауруханаға жатқызатын көрсетілімдері анықталғанша және жедел көмек көрсету үшін, алдынғы диагнозы анықталғанша науқастар қысқа уақытта жата тұратын палаталар (диагностикалық палаталар);
    7) қарқынды терапия палатасы (ары қарай-ҚТП);
    8) лабораториялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық диагностика жасау және басқа да құралдық зерттеулер жасалатын аймақтар;
    9) амбулаториялық пациенттерді қарайтын аймақ;
    10) Жұқпалы ауру деген күдік тундағанда жатқызылатын изолятор палата.

    Қабылдау бөлімінде ұйымдастырылатын орындар: сұрыптау аймағы,сүйрегіштер тұратын орындар,пациентерді сүйемелдеп келген адамдарға арналған пациенттерді күтетін зал, қабылдау бөлімшесіне түскен пациенттерді санитарлық өңдейтін жер.

    Барлық қарап тексеретін аймақтар мобилді бір бірінен кереует аралық шымылдықтармен бөлінген функциялық сүйрегіштермен қамтамасыз етіледі. Сүйрегіштердің қасына мобилді диагностикалық қондырғылар орналастырылады.  

    Қабылдау бөлімінде ыңғайлы болуы үшін, мобилді, жылжымалы, портативті лабораториялық зерттеу әдістерінің аппараттары қолданылады, олар көп орын алмайды: кіші автоматты, гематологиялық анализаторлар, палатада пациенттің қасында тұрып жедел диагностика жасайтын автоматты зәр анализаторлар;  

    ҚТП-сында реанимациялық функциялық барлық қажетті реанимациялық көмек көрсетуге арналған сүйрегіштер болады.

    Қабылдау бөлімінің оталық залында жедел оталар жасалады. Жедел операциялық араласуларға арналған ота жасау залы, толығымен кез келген қиындық деңгейіндегі оталарға қажетті медициналық қондырғылар мен жабдықталған.

    Пациент қабылдау бөліміне түскенде, арнайы дайындықтан өткен мейіргер пациентке 3H- жүйесіне  (Триаж– жүйесі) сәйкес медициналық сұрыптау жасайды, соның нәтижесімен пациент қабылдау бөлімінің сәйкес келетін аймағына, дәрігерлік тексеруден өтуге бағытталады. Бір мезетте екі немесе одан да көп пациенттер түскен кезде, медициналық сұрыптауды екі немесе одан да көп персоналдар бір мезгілде жүргізе береді.

    Сұрыптау үздіксіз және ізбе-ізділікпен жүргізіледі. Бір пациенттің жағдайын бағалау процессі 60 секундтан аспайтын уақытқа жалғасады. Бағалау аяқталғаннан кейін пациенттер, зардап (шегушілер) сұрыптаудың сәйкес келетін түсімен белгіленеді, ол арнайы бирка немесе түсті жолақ,сызық болуы мүмкін.

    Қабылдау бөлімінде пациенттер медициналық сұрыптауға сәйкес, жағдайлы 3 топқа бөлінеді:

    Бірінші топ (жасыл аймақ) – медициналық көмекті қажет етпейтін немесе онша күрделі емес медициналық көмек қажетті пациенттер және ары қарай амбулаториялық ем қабылдау мақсатымен үйлеріне жіберілетіндер. Осы топқа жоспарлы түрде жатуға келген пациенттер де енеді;

    Екінші топ (сары аймақ) – бұл қабылдау бөліміндегі кереуетте интенсивті емес немесе щұғыл шешім мен көмекті қажет етпейтін (немесе қабылдау бөлімінде бақылау жасау мақсатымен бірнеше сағатқа қалдырылған) пациенттер, сонымен қатар диагнозын нақтылау және саралау мен талдау жасау үшін қалдырылады;

    Үшінші топ (қызыл аймақ) – бұл қабылдау бөліміндегі кереуетте шұғыл және/немесе интенсивті медициналық көмек көрсетілуі қажет пациенттер.

    Үшінші топтың пациенттері реаниматолог-дәрігер реанимациялық көмек көрсететін ҚТП-на жатқызылады және жедел жәрдем мамандарымен жүргізілген ем жалғастырылады. Шұғыл оталық араласулар қажет болғанда реаниматолог көп құрамды күрделі наркозды қабылдау бөлімінің оталық залында немесе ангиография жүргізетін залында жасайды, содан кейін пациентті ары қарай оянуы үшін анестезиология, реанимация және  интенсивті терапия бөліміне дейін тасымалдайды.

    Пациент өзіне тиісті профилді бөлімшеге тек, жалпы жағдайы қалыптасқанда ғана ауыстырылады.

    Сұрыптау нәтижесінде контактті немесе жұғатын инфекция, немесе аса қауіпті жұқпалар анықталған жағдайларда, пациентті арнайы боксқа бір бірінен бөлек орналасқан бөлмелерге бақылау және жедел көмек көрсету мақсатымен жатқызады.

    Боксқа кіру арнайы жеке бас қорғаныс заттары (бір рет қолданылатын киім-кешектер кешені, бір мәрте қолданылатын бет перделер, тақиялар,бахилалар) орналасқан тамбур арқылы жүргізіледі. Бокста санитарлық тораптары бар санитарлық бөлме болады.

    Жұқпалы ауру деген күдік туғызатын пациент бокста жалпы жағдайының мониторингі жасалғанша және науқасты ары қарай емдеу тактикасы анықталғанша жатады. Пациенттердің бір мезетте бірнешеуінің немесе көп адамның бір мезгілде келуі болғанда, жұқпалы аурулар (ЖРВИ және ішек аурулары жағдайларында), пациенттерді қарап-тексеретін орынның біреуі инфекциялық бокс болып ауыстырылады.

    Пациент стационарға госпитализацияланғанда мейіргер науқастың медициналық картасын 003/у қабылданған формаға, № 907 бұйрыққа сәйкес толтырады және пациентті профилді бөлімшесіне дейін шығарып салады. Мейіргер басқа пациентке медициналық ем-шара жасап, қолы босамай жатқан кездерде, дәрігердің рұқсатымен, пациентті профилді бөлімшесіне дейін кіші мейіргерлік персонал сүйемелдеп апарады.

    Стационарға госпитализациялау үшін қажетті көрсетілімдері болмағанда қабылдау бөлімінің дәрігері пациентке, оның қабылдау бөлімінде болғандығы туралы анықтама береді, дәрігерлік анықтамада тексеру нәтижелері, дәрігерлік кеңестердің түрлері, жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері және АМСК орындары жағдайларында емделу мен тексерілуі туралы кеңестер жазылады.

    Қабылдау бөлімінің мейіргері пациент бақыланатын АМСК орындарына пациент туралы жазба хабар жібереді.

    Пациент қабылдау бөлімінен,қажетті емдік-диагностикалық шаралардың көлемін өтпей өз бетінше үйіне кетіп қалған кезде,мейіргер пациент тіркелген/бақыланатын АМСК орындарына жазба хабар жібереді.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64


    написать администратору сайта