Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚОЛ ТЫРНАҚТАРЫН АЛУ Мақсаты

  • АЯҚ ТЫРНАҚТАРЫН АЛУ Мақсаты

  • Дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу

  • ДЕЗИНСЕКЦИЯ (Жұқпалы аурулардың және паразитарлық аурулардың тасымалдаушысы бола алатын насекомдарды, кенелерді және басқа да буын аяқтыларды, жоюға бағытталған шаралар жиынтығы )

  • Ескерту: Алдын-алатын шаралар

  • Көзін жоятын, өлтіретін шаралар

  • САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ Мақсаты

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница9 из 64
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64

    КЕУДЕ ТОРЫНЫҢ АЙНАЛЫМЫН ӨЛШЕУ

    Дайындаңыз: сантиметрлік жолақты, 70% спирт, дәке сүрткілерін.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз.

    2. Пациентке қолдарын төмен түсіріп, мейіргерге қарап тұруын сұраңыз.

    3. Сантиметрлік жолақты паиенттің кеуде торына артқы жағынан жауырындардың астыңғы бұрыштарынан,алдыңғы жағынан 4-ші қабырғаның үстімен, емшектердің ұшынан (ер дамдар үшін) немесе сүт бездерінің үстінен өткізіңіз.

    4. Кеуде торының ауқымын тыныш жағдайда, тынысты максималды ішке тарту мезетінде және тынысын толық сыртқы шығарғандақ жолақтардың ұшын түйістіріп өлшеңіз.

    5. Сантиметрлік жолақты 70%- спиртпен суланған дәке сүрткісімен екі жағын бірдей екі мәрте сүртіп дезинфекциялаңыз.

    ҚОЛ ТЫРНАҚТАРЫН АЛУ

    Мақсаты: қолдағы тырнақтарды қиып алу.

    Көрсетілімдері: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.

    Дайындаңыз: ішінде жылы су бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қол терісіне арналған кремді, қайшыны, тістеуішті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класына арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз

    2. Пациентке алдыда жасалатын ем-шараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

    3. Пациенттің алдына ішінде жылы суы бар ыдысты қойып, суға аздап, сұйық сабын қосыңыз.

    4. Пациенттің бір қолыңың саусақтарын 5 минутқа сабынды суға салып, қойыңыз.

    5. Стерилді қаптамадағы қолғаптарды дайындаңыз, орамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерінің сәйкестігін тексеріңіз. Қолғап орамасының сыртқы қабатын ашып, жайып қойыңыз.

    6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз.

    7. Пациенттің қолын сабындап жуыңыз.

    8. Судан 5-ші саусақты алып, құрғатып сүртіп, мұқият абайлап тырнағын сыртқы периметрі бойынша, теріден1-2 мм, (0,5 см) қалдырып қиып алыңыз.

    9. Судан саусақтарды бір бірден судан шығарып алып, құрғатып сүртіп, мұқият абайлап тырнақтарын қиып алыңыз, суда бір саусақ қалғанда, оған екінші қолды салыңыз. Осы іс-әрекеттерді екінші қол саусақтарына қайталаңыз.

    10. Тырнақтардың шет шетін тістеуішпен және егеуішпен өңдеңіз.

    11. Пациенттің қолына крем жағыңыз .

    1. Қолданылған құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа батырып, салыңыз, ал сүлгіні лас жаймаларды жинайтын мөшекке салыңыз, қолғаптарды шешіп, ҚЖЖК-ға тастаңыз.

    1. Қолыңызды жуып кептіріңіз.



    АЯҚ ТЫРНАҚТАРЫН АЛУ

    Мақсаты: аяқтағы тырнақтарды қиып алу..

    Көрсетілімдері: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.

    Дайындаңыз: ішінде жылы су бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, аяқ терісіне арналған кремді, қайшыны, тістеуішті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класына арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз.

    2. Пациентке алдыда жасалатын ем-шараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.

    3. Стерилді қаптамадағы қолғаптарды дайындаңыз, орамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерінің сәйкестігін тексеріңіз. Қолғап орамасының сыртқы қабатын ашып, жайып қойыңыз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз, қолғаптарды киіңіз.

    5. Пациентті кушеткаға отырғызыңыз немесе ыңғайлап жатқызыңыз.

    6. Аяқ табандарын тобығына дейін суға 3-5 минутқа салыңыз, суға суға аздап, сұйық сабын қосыңыз.

    7. Пациенттің аяқтарын судан біртіндеп шығарыңыз. Оларды құрғатып, сүртіп, сүлгінің үстіне орнатыңыз, мұқият абайлап, арнайы тістеуіштердің немесе қайшының көмегімен тырнақтарын алыңыз.

    8. Тырнақтардың шет шетін тістеуішпен және егеуішпен өңдеңіз.

    9. Пациенттің аяқтарына крем жағыңыз.

    10. Қолданылған қайшыларды, тістеуштерді,егеуішті, ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа батырып салыңыз, ал сүлгіні лас жаймаларды жинайтын мөшекке салыңыз. Қолғаптарды шешіп, ҚЖЖК-ға тастаңыз.

    11. Қолдарыңызды жуып, сүлгімен сүртіңіз.

    Бақылау сұрақтары

    1. Стационардың қабылдау бөлімінің құрылымы.

    2. Пациенттерді ауруханаға жатқызу жолдары.

    3. Стационардың қабылдау бөлімінің функциялары.

    4. Аурухананың қабылдау бөлімінің мейіргерінің негізгі міндеттері.

    5. Стационардың қабылдау бөлімінің құжаттары.

    6. Пациентті санитарлық өңдеудің түрлері :

    • Мейіргердің толық санитарлық өңдеу жүргізуге араласуы;

    • Мейіргердің жартылай санитарлық өңдеу жүргізуге араласуы;

    Дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу

    Ауылдық жерлердің объектілеріндегі дезинсекциялық жұмыстар, алдын-ала насекомдардың бар немесе жоқ екенін тексеріп алудан,бар болса олардың түрлерін анықтаудан, шыбын-шіркей тіршілік етіп жатқан жерлерді табудан және санын анықтап бағдарлау жасап тексеріп алудан басталады. Ал негізгі бірден бір бақылау жұмыстарын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүргізеді.

    Өңдеу саны мақсаттық түрлердің биологиялық ерекшеліктеріне және экологиясына, объектілердің санитарлық жағдайларына және олардың шыбын-шіркей мен буын аяқтылармен ластану деңгейлерін анықтаудан, қолданылатын дезинфекциялайтын заттардың түрлеріне сипаттаумен анықталады.

    Өңдеуді насекомдардың ұрықтануы (ұшып шығуы) алдында немесе осы даму деңгейі аяқталып қалған мезеттерде жүргізеді.

    Ауылдық жерлердегі дезинсекциялық жұмыстардың тиімділігінің көрсеткіші деп, насекомдардан тазартылған аймақтар санының өсуін айтуға болады. Шыбындармен күресу кезінде- личинкаларының, қуыршақтарының болмауы және санының азаюы дезинсекцияның тиімділігін көрсетеді.

    Насекомдарға және басқа да буын аяқтыларға қарсы өңдеудің үш типі қолданылады:

    1. толықтай түгел өңдеу–ауылдық жерлердің дезинсекциясында насекомдардың мақсаттық түрі орналасқан, олар тіршілік етіп жатқан орындарда және осы жерлерге жақын орналасқан жерлерде жүргізіледі.

    2. Тосқауылдық өңдеу – белгілі бір жер телімі аймағының шет-шетінде қорғаныс зонасын жасаудан басталады. Қорғаныс зонасындағы белгілі бір аймақтарға буын аяқтылардың еніп кетуіне тосқауыл қою қажет болғанда жүргізіледі. Жұмыс барысында ашық станциялардағы өсімдіктер, кеміргіштердің ұялары мен індері, ашық су орындары және т. б. жерлер өңделеді. Тосқауылды зонаның көлемінің кеңдігі мақсатты түрлердің экологиясының ерекшелеіктерімен және қауіп төндіретін нозологияларымен анықталады, сонымен қатар тұрғын халықтың жылжу ының алыстығына байланысты болады.

    3. микроошақты өңдеу – жұқпалы аурулар ошағындағы және оған жақын орналасқан жерлердегі дезинсекциясын жүргізу. Таралуына буын аяқтылар қатысты болуы мүмкін жұқпалы аурулар тіркелгенде жүргізіледі.

    Бақылау мақсатымен тексергенде, объектілер орындарындарының біреуінен де, бір айдан астам уақыт бойы насекомдар табылмайтын болса, ол жерге «насекомдардан тазартылған жер» деген белгі қойылады. Егер осы белгілі аймақтардан насекомдардың аздаған тірі саны анықталса да, ол объекті «насекомдар тіршілік етеді» деген категорияға өткізіледі және қайталап өңдеулер жүргізіледі.

    Егер, бірен-саран насекомдар саны немесе олардың жиналып қалған топтары ғимараттардан (немесе жалғастырып салынған обьектілер) обьектінің 20 % -зынан табылса, буын аяқтылар жаулап алу саны жоғары деп саналады, осы жағдай дәлелденсе толықтай түгел өңдеу қайтадан жасалады.

    Өңдеу жұмыстарының тиімсіздігі анықталса, дезинсекция орындаушының есебінде қайталанып жүргізіледі.

    Масаларға қарсы өңдеу жұмыстары масалардың қыстау орындарынан ұшып шығар немесе алғашқы генерациясының алдында жүргізіледі, жылытылатын жертөлелік орындарда өңдеу-уландыру жұмыстары жыл бойы жүргізіледі.

    Шыбын-шіркейге қарсы күрестің негізгі шаралары, олардың жұмыртқалап, көбейетін жерлерін өңдеуден басталады. Шыбындардың личикалары мен қуыршақтарын жою мақсатымен қалдықтарды жинайтын асфальт төселген жерлерде орналасқан орындар мен қалдықтар салынатын бөшкелерді, канализация құбырларын, ларвицидтармен 30-50 см қашықтықта немесе 80 см- ге дейін қашықтықта өңдейді. Сонымен қатар шыбындырға қарсы күресу жұмыстары қоқыс жинайтын алаңдарда, малдың қиы жиналатын жерлерде жасалады.

    Жүйелі түрде жүргізілетін деларвациялық шаралар (шыбындардың личинкасымен қуыршақтарына бағытталған) улау жұмыстары көктемде басталады, себебі көктем генерацияның 1 және 2 кезеңі деп саналады және жаз бойы жалғасады. Қоқыстағы, малдың қиындағы, топырақтағы шыбындардың личинкасы мен қуыршақтарын жою үшін инсектицидтер өңделетін субстраттарға жақсы сіңіп, енуі үшін олар ерітінді, эмульсия түрінде қолданылады.

    Ашық жерлердегі шыбынның экзофильді түрлеріне қарсы өңдеу жұмыстары жергілікті тұрғын жерлерге жақын орналасқан су қоймаларында жүргізіледі, себебі ылғалды жерлерде шыбын-шіркей жұмыртқаларын көптеп салады.

    Шыбындарға қарсы жүргізілген жұмыстар мен шаралардың тиімділігін бағалау критерийлері болып, шыбындардың бөлмелік және экзофилді түрлерінің мезгілдік сан көрсеткіштерінің азаюын айтады.Мезгілдік сан көрсеткіштері қанағаттандырарлық болатын қалалардағы көрсеткіштер 1жабысқақ жолақ шыбын аулау парағында (тәулігіне), экзофилді шыбынның – 3-5 санының болуы; ауылдық жерлер үшін – 5 және 20 болуы мүмкін.

    Шыбындар санына есептеу әрбір 3-10 күн сайын, шыбындардың белсенділік кезеңіне сәйкес тәулік бойы жүргізіледі, бөлмелік орындарда ол жабысқақ жолақтың көмегімен жүргізілуі керек, оның есебі орташасын алғанда 20 квадратты метрге 1 (ары қарай – м2) болады, жұмыртқалайтын жерлерінде тордан жасалған шыбын ұстағышына түсіп қалған–шыбын санын санаумен жүргізіледі. Тиімділігі қанағаттандырарлық деп саналатын жағдайда қанаты шыққан шыбындар болмайды, ал саны жағынан алғанда 1 жабысқақ жолаққа шыбынның 1 данасы болады, (бір тәулік ішінде). Жекеше салынған үйлер тұрған жерлерде, канализация болмаған жағдайларда және ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш– 3-5 данаға дейін барады.

    Объектілерде жүргізілетін дезинсекциялық шаралардың тиімділігін бақылауды мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің мамандары жүргізеді.

    Дезинсекциялық шаралардың тиімділігін анықтауды қанаты шыққан шыбын сандарын санаумен анықтайды, сонымен қатар жұмыртқалайтын жерлерден личинкалары мен қуыршақтарын да санайды. Белгілі бір тұрғылықты жердің қызмет көрсетілетін обьектілерінің 5 % есепке алынады.

    Егер өңдеу жұмыстарынан кейін бір айдың ішінде, бақылаудың барлық түрлерін жүргізгенде насекомдар табылмаса немесе ұсталмаса, жою және өлтіру шаралары тоқтатылады.

    Обьектілерде масаларға қарсы дезинсекциялық шаралардың тиімділігіне бақылау жасау, дезинсекция жасайтын заттарды қолдану әдісімен, өңделетін жердің типімен анықталады. Тиімділігі қанағаттанарлық деп саналатын көрсеткіштер кезінде, бірен-саран санының табылуы, есептеуді 20 минут бойы, «ашық қолдар әдісімен» жүргізеді.

    Личинкасына қарсы шаралардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші, қорғаныс жасалған обьектілердегі қанаты шыққан масалардың саны, өңдеу жүргізілгеннен кейін 5-7 тәулік өткенде, бір тәулік ішінде масалық имаго личинкаларының 1 м2 1 табылуы санынан аспуы керек.

    Ашық территорияда шірулерге және кенелерге қарсы шаралардың,кеміргіштердің ұяларын уландырудың тиімділігінің негізгі көрсеткішінің критерийлерін бағалауда бақылайтын аймақтың 100 % (дезинсекциядан) өңдеуден кейін, бір тәулік ішінде насекомдардың 80 % өліп қалуы, (кенелердің).

    Жертөлелік масаларға қатысты жүргізілген дезинсекцияның тиімділігінің көрсеткіші болып, өңдеуден кейін 3-5тәулік өткенде алынған бақылауда тірі масалардың болмауы немесе 1 м2 жерде 1 тірі қанаты шыққан масаның табылуы.

    Үй ішіндегі бүргелерді жою шараларының тиімділігін бағалағанда, жабысқақ (20×30 см) жолақтар қолданылады, олар еденнің 10 м2 2 парақ деп есептеледі.

    Егер бір тәулік ішінде 1 жабысқақ паарққа 2 бүргеден аспайтын саны ұсталып қалса,сч итают, насекомдар «бірен-саран» деп саналады, егер 3-тен 10-ға дейін болса – «бүрге көп», 10 –нан асатын болса – «өте көп» деп есептеледі.

    Көрпе-төсектегі қан сорғыш қандалаларды жою шараларының тиімділігін бағалағанда, олар көптеп тіршілік ететін жерлерді қарап, тексереді, қарап тексеру нәтижелерін келесі үлгіде жазады: «насекомдар бірен-саран», « насекомдар жиналып қалған», ал қан сорғыштар жоқ болса – «насекомдар табылған жоқ» деп жазады.

    Педикулезге қарсы жүргізілген дезинсекциялық шаралардың тиімділігін бағалағанда, тексеру нәтижесі қанағаттанарлық деп саналуы үшін биттер мен сіркелер мүлдем жоқ болуы керек.

    ДЕЗИНСЕКЦИЯ

    (Жұқпалы аурулардың және паразитарлық аурулардың тасымалдаушысы бола алатын насекомдарды, кенелерді және басқа да буын аяқтыларды, жоюға бағытталған шаралар жиынтығы )





    Профилактикалық дезинсекция




    Ошақты дезинсекция





    • Буын аяқтылардың, кенелердің және шыбындар санының көбеюіне және олардың қоршаған ортаның жасанды обьектілеріне енуіне жол бермеу (тұрғын үйлер мен шаруашылық жерлер)




    • трансмиссивті, жұқпалы және паразитарлық аурулардың, қышыма қотырдың ошағында,сонымен қатар ішек аурулары мен ошақта шыбын болғанда жүргізіледі;

    • эпидемиялық көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі;

    Ескерту:

    • Алдын-алатын шаралар буын аяқтылардың тіршілік етуіне және көбеюіне қолайсыз жағдайлар жасауға бағытталған, олардың үйге кіріп кетуіне және адамға шабуыл жасауына жол бермеу.

    • Көзін жоятын, өлтіретін шаралар жұқпаны тасымалдаушыларды даму сатысының кез келген кезеңінде жоюға бағытталған.

    ПАЦИЕНТТЕН ПЕДИКУЛЕЗ АНЫҚТАЛҒАНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН

    САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ

    Мақсаты: АІИ таралуының алдын алу, дененің шашты бөліктеріндегі биттерді, оның жұмыртқалары мен личнкаларын жою.

    Көрсетілімдері: бит пен сіркенің табылуы.

    Қарсы көрсетілімдері: тері ауруларында, 5 жасқа толмаған балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге жүргізуге тиым салынады.

    Дайындаңыз:педикулезге қарсы жинақты: медициналық халатты, орамалдарды (полиэтиленді, матадан жасалғанды), 6% сірке су ерітіндісін, тісі жиі тарақты,педикулициттердің біреуін (лосьонды «Ниттифор», «Антибит», сысабынды «Педилин»), дәке тампондарын, лупаны, қырындыратын жинақты, сейсептерді дезинфекциялайтын камераға жіберу үшін салатын мөшекті, резеңке қолғаптарды, мырышты шелектерді және оның тіреуішін, стационарнарлық науқастың медициналық картасын, жұқпалы ауру туралы хабарлау формасын (ф. №058/е), жұқпалы ауруларды тіркейтін журна (ф- 060/е).

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді,сенімді, конфиденциалды, қатынас орнатыңыз.

    2. Ем-шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

    3. Қосымша халат пен орамалды, қолғаптарды киіңіз.

    4. Пациентті (егер оның жағдайы көтерсе) клееңкемен жабылған кушеткаға немесе орындыққа отырғызыңыз. Иықтарын сүлгімен жабыңыз.

    5. Пациенттің шаштарын, педикулицидтердің бірімен суланған тампонмен, бастың шаш бөлігінің шетінен бастап, біртіндеп (жақсылап ылғалдап) өңдеп шығыңыз.

    6. Басын полиэтиленді орамалмен орап қойыңыз, оның сыртынан матадан жасалған орамалды байлаңыз, ұстау уақыты педикулицидттің түріне байланысты болады.

    7. Шашты жылы ағында сумен, содан кейін су сабынмен немесе жәй сабынмен жуыңыз. Сүлгімен құрғатыңыз.

    8. Шашты 6% сірке су ерітіндісімен өңдеңіз, басына қайтадан 20 минут уақытқа полиэтиленді орамалды, оның сыртынан матадан жасалған орамалды байлаңыз.

    9. Шашты жылы ағында сумен жуыңыз, сүлгімен құрғатыңыз.

    10. Пациенттің басын ақ қағаздың үстіне еңкейтіп ұстап, 10-15 минут бойы тісі жиі тарақпен тараңыз, тарақ тістерінің арасынан жіп өткізілген, әрі сірке суымен ылғалдандырылған.

    11. Дәке тампондарын және қағазды өрттеу үшін шелекке салыңыз.

    12. Пациенттің және мейіргердің киімдерін мөшекке салып, дезинфекциялайтын камераға жіберіңіз ал тарақ пен қайшыны ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа салыңыз.

    13. Стационарлық науқастың медициналық картасының алғашқы бетінің арнайы жеріне «Р» деген, педикулездің табылуы туралы, белгі салыңыз.Өңдеу күні мен уақытын жазып, мейіргер қол қояды.

    14. Педикулез анықталған пациента стационардың қабылдау бөлімшесіндегі жұқпалы ауруларды тіркейтін журналға ф-060/е тіркеңіз.

    15. Педикулез туралы телефонмен аудандық СЭС-ке жедел хабар беріңіз, содан кейін ф-058/у. жолдамасын толтырыңыз.

    16. Емдеу бөлімшесінде пациентті күнде қарап тексеріңіз және бит табылған кезде,санитарлық өңдеуді қайтадан жасаңыз.
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64


    написать администратору сайта