Главная страница
Навигация по странице:

  • Пациентті сүйрегішпен тасымалдау

  • Ауыр жағдайдағы пациентті сүйрегішпен тасымалдау

  • Жүре алатын пациентті, кресло-сүйрегішпен тасымалдау

  • ПАЦИЕНТТІ ЗІМБІЛМЕН ТАСЫМАЛДАУ Мақсаты

  • Дайындаңыз

  • Пациентті емдеу бөлімшесінің ішінде қауіпсіз тасымалдау Пациентті тасымалдау

  • Пациенттерді емдеу бөлімшесіне дейін тасымалдау түрлері

  • Тасымалдаудың түрлері мен әдістері Науқастарды тасымалдау

  • Балдақтармен сүйемелдеп тасымалдау

  • Қолмен көтеріп, ұстап отыру, ұстап тұру әдісімен тасымалдау

  • Зімбілмен тасымалдау техникасы

  • Науқасты тасымалдағанда берілетін нығызды бір бүйірімен жату дене қалпы

  • ПАЦИЕНТТІ СҮЙРЕГІШТЕН КӘДІМГІ КЕРЕУЕТКЕ ЖАТҚЫЗУ (3 мейіргермен орындалады) Мақсаты

  • Көрсетілімі

  • ПАЦИЕНТТІ КӘДІМГІ КЕРЕУЕТТЕН СҮЙРЕГІШКЕ АУЫСТЫРУ (3 мейіргермен орындалады) Мақсаты

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница10 из 64
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64

    Ескерту: шашты киюды және мүлдем алып тастауды өте қажет болғанда ғана жасайды.

    Пациентті бөлімшеге дейін тасымалдау

    Бөлімшеге жеткізу әдісін пациенттің жағдайына байланысты дәрігер анықтайды: зімбілмен (қолмен немесе сүйрегішпен), кресло-сүйрегішпен, қолмен көтеріп, жаяу барады.

    Пациентті сүйрегішпен тасымалдау:

    • пациентті (сүйрегішке) ауыстырыңыз (зімбілге), аяқтарын жауып қойыңыз;

    • тасымалдағанда жарақаттанып қалмауы үшін, қолдарын кеудесіне немесе ішіне қоя тұруын сұраңыз;

    • бөлімшеге оларға қалі ауыр пациент жіберілгенін хабарлаңыз;

    • пациентті оның «стационарлық науқастың медициналық картасын» алып, бөлімшеге дейін медицина қызметкері ертіп апарып салады.

    Қалі ауыр пациенттерді тасымалдаудың ең ыңғайлы, ең сенімді және аяп-ашып тасымалдау әдісі – сүйрегішпен тасымалдау. Пациент сүйрегіште ыңғайлы қалыпта болуы керек.

    Қалі ауыр пациенті немесе ес-түсі жоқ жағдайдағы пациенттерді арнайы белдіктердің немесе тұтқалардың көмегімен сенімді қылып бекітеді. Егер осы айтылғандар жоқ болса, пациентті тасымалдағанда медициналық персонал қолымен ұстап, тіреп тұрады.

    Егер сүйрегіш жоқ болса, зімбілді 2—4 бірігіп,қолмен көтереді. Нести пациентті көтеріп тасымалдағанда, абайлап, асықпай жүру керек. Баспалдақпен төмен қарай түскенде пациентті аяқтарын алдыға қарай келтіріп түсіреді, сонымен қатар зімбілдің алдыңғы жағы аздап көтеріледі, артқы жағын төмен түсіріп ұстайды. Осы жағдайда денесі горизонталды қалыпта болады. Баспалдақпен жоғары қарай пациентті басын алдыға қарай ұстап, горизонталды қалыпта көтереді.

    Жадыңызда сақтаңыз! Пациентті зімбілмен тасымалдағанда әрбір қадам бірдей болмауы керек, керісінше қысқа майда қадамдармен,аяқтарды тізеден аздап бүгіп, зімбілді бір деңгейде ұстап тұруға тырысу керек.

    Пациентті көтеріп келе жатқанда бір адам шаршағанын, күші азайғанын сезетін болса,ол осы туралы дереу айтуға міндетті, себебі шарашаған қолдың саусақтары, өзінен өзі босап кетуі мүмкін.

    Жадыңызда сақтаңыз! Тасымалдаудың кез келген әдісінде пациенттің қасындағы персонал пациентті және оның «стационарлық науқастың медициналық картасын» палаталық мейіргерге табыстайды.

    Тасымалдау кезінде пациенттің қолдары кресла-сүйрегіштің, шынтақ тіреуіштерінен салбырап қалмауын қадағалап отыру керек.

    Пациентті қолмен тасымалдау кезінде, дене биомеханикасын дұрыс ұстап тұруға тырысу қажет.

    ПАЦИЕНТТІ ТАСЫМАЛДАУ

    Бөлімшеге жеткізу әдісін пациенттің жағдайына байланысты дәрігер анықтайды: зімбілмен (қолмен немесе сүйрегішпен), кресло-сүйрегішпен, қолмен көтеріп, жаяу барады.

    Ауыр жағдайдағы пациентті сүйрегішпен тасымалдау:

    • Сүйрегішті кушеткаға перпендикулярлы қылып, оның бас жағын кушетканың аяқ жағына келтіріп қойп алыңыз

    • үш адам пациенттің қасына жақындап, бір жағына шығып тұрады: біреуі-қолын пациенттің басының және жауырынының астына жібереді, екіншісі- пациенттің сегіз көзінің және санының жоғары бөлігі астына жібереді, үшіншісі – санының ортаңғы бөлігінің және тізелерінің астына жібереді.

    • пациентті көтеріп алып, қолда ұстап тұрып, сүйрегішке қарай 90 º бұрылады.

    • Пациентті сүйрегішке жатқызады, үстін жауып қояды

    • Бөлімшеге оларға қалі ауыр пациент жіберілгені туралы хабарлайды

    • Бөлімшеге пациентпен бірге оның медициналық картасы да жіберіледі.

    Жүре алатын пациентті, кресло-сүйрегішпен тасымалдау:

    • мейіргер кресло-сүйрегішті аяқ тіреуіштерінен басып тұрып, алдыға қарай еңкейтеді

    • пациенттен кресло-сүйрегіштің аяқ тіреуіштеріне тұруын сұрайды, содан кейін оны демеп ұстап, кресло-сүйрегішке отырғызады

    • кресло-сүйрегішті түзетіп, бұрынғы қалпына келтіреді

    • тасымалдағанда пациенттің қолдары кресло-сүйрегіштің шынтақ тірегіштерінен шығып кетпеуін қадағалайды

    ПАЦИЕНТТІ ЗІМБІЛМЕН ТАСЫМАЛДАУ

    Мақсаты: пациентке тасымалдау кезінде максималды тыныштық жағдайын беру.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайы.

    Дайындаңыз: зімбілді, көрпені, жастықты, сейсептерді, клееңкені, ақ жайманы.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Зімбілге көрпені сейсепке енгізіп астына клееңке салып, төсеңіз, басына жастық жастаңыз.

    2. Пациентке тасымалдау мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, (егер пациент ес-түссіз қалыпта болса – осы деректі туысқандарына жеткізіңіз).

    3. Пациенті зімбілге басын жүретін жаққа қарай бағыттап жатқызыңыз.

    4. Зімбілді 2 немесе 4 медицина қызметкері көтереді– екі медицина қызметкері зімбілдің алдыңғы жағында, екеуі – артқы жағында, пациентке бет жағымен тұрады.

    5. Зімбілді көтеруді және түсіруді абайлап жасайды, пациентті құлатып алмау үшін оны әрдайым тек горизонталды жағдайда ұстау керек.

    6. Әр қадамды бірдей қылып, қысқа майда адымдармен зімбілді шайқап алмай, аяқтарды тізеден аздап бүгіп жүру керек.

    7. Арт жағында келе жатқан медицина қызметкерлері пациенттің жағдайын қадағалап, қарап, егер оның ес түсі анық болса (сыртқы келбетін, тыныс алуын және т.б.) сұрақ қою арқылы жағдайын біле жүреді.

    8. Баспалдақпен жоғары көтерілгенде зімбілдің бас жағын жоғары қаратады, демек пациенттің де басы жоғары болады, зімбіл горизонталды жағдайда болуы керек, оның аяқ жағы жоғарырақ көтерілген болады.

    9. Баспалдақпен төмен қарай түскенде пацинттің аяқ жағы алдыда болады,зімбілдің аяқ жағын аздап жоғары көтеру керек.

    10. Пациентті көтеріп келе жатқандардың біреуі, көтеру барысында шаршағанын сезсе,ол туралы дереу басқаларға айтуы керек, тоқтап зімбілді жерге қояды, басқа жағдайда шаршаған қол саусақтары ырықсыз әлсіреп, ашылып кетеді де зімбілді құлатып алуы мүмкін.

    Ескерту:

    • Зімбілді шайқауға, сілкіп қалуға, шұғыл бұрылуға болмайды– ол үшін көтеріп келе жатқандар бірдей қадамдап, бірдей жүруі керек;

    • Зімбілді жоғары көтеруді, төмен түсіруді абайлап, бірдей қозғалып жасау керек, зімбіл әрдайым горизонталды қалыпта болуы қадағаланады.

    Пациентті емдеу бөлімшесінің ішінде қауіпсіз тасымалдау

    Пациентті тасымалдау

    Пациентті қабылдау бөлімшесінен арнайыландырған бөлімшеге дейін жеткізу әдісін, оның жағдайның ауырлығын бағалай отырып дәрігер шешеді: зімбілмен немесе сүйрегішпен, кресло-сүйрегішпен, қолмен көтеріп, жаяу.

    Қалі ауыр науқастарды тасымалдаудың ең ыңғайлы, сенімді және аяп-ашатын әдісі -ол сүйрегішпен тасу.Пациент сүйрегіште ыңғайлы болып отыруы керек. Қалі ауыр немесе ес-түсі жоқ жағдайдағы науқастарды, мықтылап, арнайы белдіктер мен тұтқалардың көмегімен байлап бекітеді. Егер ондайлар жоқ болса, қозғалғанда пациентті бір персонал ұстап жүреді.

    Егер сүйрегіш жоқ болса, зімбілді қолмен 2—4 адам көтереді. Пациенті көтеріп тасығанда асықпай және сілкімей алып жүреді. Баспалдақпен төмен қарай жүргенде оның аяқ жағы алдыда болады, зімбілдің алды жағы аздап жоғары көтерілген, артқы жағы аздап төмендетілген. Осы кезде горизонталды қалып беріледі. Баспалдақпен жоғары қарай көтерілгенде пациенттің бас жағы алдыда болады, зімбіл горизонталды қалыпта болады.

    Назар аударыңыз! Пациентті зімбілмен тасымалдағанда көтерушілердің қадамдары бірдей болмайды, керісінше аяқтарын тізеден аздап бүгіп, қысқа қысқа қадамдармен жүреді,зімбілді бір деңгейде ұстап тұру керек.

    Пациентті көтеріп келе жатқандардың біреуі, көтеру барысында шаршағанын сезсе,ол туралы дереу басқаларға айтуы керек , себебі шаршаған саусақтар өз бетінше әлсіреп ашылып кетуі мүмкін.Во время транспортировки спрашивайте у Тасымалдаған кезде пациенттің қал жағдайын сұрап тұрады.

    Тасымалдаудың кез-келген әдісінде тасымалддаушы пациентті және оның «Медициналық картасын» палаталық мейіргерге табыстауға міндетті.

    тасымалдағанда пациенттің қолдары кресло-сүйрегіштің шынтақ тірегіштерінен шығып кетпеуін қадағалаңыз.

    Пациентті қолмен көтеріп тасымалдағанда,денені дұрыс ұстау техникасын және дұрыс дене биомеханикасын қолданыңыз.

    Пациенттерді емдеу бөлімшесіне дейін тасымалдау түрлері

    Пациентті бөлімшеге дейін тасымалдау әдісін, оның жағдайының ауырлығын бағалай отырып дәрігер шешеді: зімбілмен немесе сүйрегішпен, кресло-сүйрегішпен, немесе жағдайы қанағаттанарлық болғанда өз бетінше жаяу медицина персоналының шығарып салуымен. Дәрігер пациенттің статусына байланысты шешеді, ал (оның өзін сезінуі ескерілмейді):

    Пациенттің жағдайы болуы мүмкін:

    • өте ауыр;

    • ауыр;

    • ауырлығы орташа;

    •қанағаттанарлық.

    Пациенттің жағдайы деген ұғым, оның обьективті тексерулер нәжесіндегі көрсеткіштер екенін, ал өзін-өзі сезінуі –ол субъективті сезінулері екенін мейіргер әрдайым есінде сақтауы керек.

    Тасымалдау ерекшеліктері нақты бір клиникалық жағдаятқа байланысты болады. Сүйрегішпен жылжыту пациентке де, мейіргерге де ыңғайлы болатын әдіс. Мейіргер минималды физичкалық күш түсуін, пациент – денесінің максималды босаңсығанын сезінеді.Пациентті бөлімшеге дейін кіші мейіргер (санитарка) және (немесе) мейіргер тасымалдайды.

    Қабылдау бөлімінің кезекші мейіргері шұғыл жағдайлар бола қалғанда жаңа түскен пациент туралы, емдейтін дәрігерге немесе кезекші дәрігерге дер кезінде, тез арада жеткізіп, айтып отыруға міндетті.

    Тасымалдаудың түрлері мен әдістері

    Науқастарды тасымалдау  әртүрлі әдістермен жүргіле береді.
    Жағдайның ауырлығына байланысты және зақымдану түрі мен ауыруына байланысты зардап шегушілерді жедел жәрдем көлігіне дейін және жедел жәрдем көлігінен қабылдау бөліміне дейін тасымалайды:

    • Қолмен көтеріп;

    • жаяу;

    • балдақтармен, сүйемелдеп;

    • зімбілмен
      Жедел жәрдем көліктерінде науқастарды бас жағын немесе аяқ жағын (анықталған диагнозына байланысты) көтеріп зімбілге жатқызып немесе отырғызып тасымалдайды. Жас балаларды қолына ұстап отырады. Кез келген жағдайларда фельдшер көліктің салонында, науқастың қасында болып, оның жағдайын бақылап отырады, қажет болған кездерде көмек көрсетеді. Фельдшердің шешімімен науқастың қасында туысқандары немесе таныстары бола алады.Ал балаларды ережеге сәйкес ата аналары алып жүреді.

    Жаяу тасымалдау


    Жаяу, көлікте отыру қалпында ауыр емес соматикалық аурулармен ауыратын, қолдары жарақаттанған, хирургиялық ауруларда ауруханаға жатқызбауға болатын, зімбілмен тасымалдауды қажет етпейтін пациенттер тасымалданады.Басы айналатын және ұзақ уақыт тасымалданатын пациенттерді көлік ішінде жатқызып қояды.
    Балдақтармен сүйемелдеп тасымалдау
    Балдақтармен сүйемелдеп тізесі және табандары жарақаттанған науқастарды (тасымалдайтын иммобилизация салынғанынан кейін) ауыр емес зақымдану болған жағдайларда тасымалдайды.

    Қолмен көтеріп, ұстап отыру, ұстап тұру әдісімен тасымалдау

    Балаларды көтеріп отыру арқылы тасымалдайды, кейде ересектерді де, зімбілге жатқызу мүмкін болмаған жағдайларда осы әдіспен тасымалдайды.
    Зімбілмен тасымалдау
    Ес-түсі жоқ, шүк жағдайындағы, қалі ауыр науқастар,ми қан айналымы бұзылған жағдайдағы, жедел миокард инфаркті болғанда, босанатын әйелдер, жүктілігі асқынған жүкті әйелдер (эклампсия,үзілуі мүмкін жүктілік және т.б.), санынан жарақат алғандар (сынған, үлкен жаралар), ауырлығы ауыр немесе ауырлығы орташа хирургиялық және гинекологиялық аурулармен немесе ішкі мүшелері ауыратын, бас сүйегі мен ми жарақаттарын алғандар, күрделі жарақаттар кезінде, омыртқа бағанасының жарақатануы бар барлық науқастар зімбілмен тасымалданады).


    Зімбілмен тасымалдау техникасы


    Мүмкін болса зімбілге алдын-ала көрпе немесе жамылғыш төсеп қою керек, оның бір бөлігі еркін зімбілді жауып тұрса, екінші жартысы бос болып қасында жатуы керек. Зімбілге науқасты жатқызғанан соң оны осы екінші жартысымен жауып қояды. Ары қарай пациентті зімбілден түсіріп алу да оңайланады, себебі көрпенің шетінен ұстап түсіруге болады. Егер пациент зімбілге өзі жата алмайтын болса, зімбілдің аяқ жағын, кереуеттің бас жағына келтіріп қою керек, үш адам болып науқасты көтеріп зімбілге жатқызады. Күннің суық мезгілдерінде нуқастың бас киімін кигізіп, аяқтарын орап қояды. Шүк жағдайында жатқан пациентті қосымша жылыту қажет болатындығын да ұмытпаған жөн.

    Баспалдақтармен пациентті аяқтарын алдыға келтіріп түсіреді, ал жоғары қарай жүргенде басын алдыға келтіріп көтереді. Тек жедел қан кетулер мен өте төмен артериалдық қан қысымы болмаса ғана. Осы жағдайларда керісінше тасымалданады. Зімбілді пәтерге, текшелерге әкелу мүмкін болмаған жағдайда, пациентті көрпеге салып тасымалдайды. Егер ол да мүмкін болмаған жағдайларда, зімбілді кіре беріс есік алдына қояды да , пациентті қолмен көтеріп, орындыққа отырғызып, лифтпен түсіреді.

    Ес-түсі жоқ пациенттерді, құсықтарының аспирациясынан қорғану мақсатымен бір жамбасына нығызды жатқызып тасымалдайды.

    Науқасты тасымалдағанда берілетін нығызды бір бүйірімен жату дене қалпы


    Осы қалыпта басы артқа қарай шалқайтылады. Науқасты мүмкіндігінше оң жамбасымен жатқызуға тырысу керек, себебі оң бүйірімен жатқанда қан айналуының бұзылуы мен тыныс алуының қиындауы аздау болады.( тек пациенттің кеуде торының оң жағында жарақат болмаса).
    Омыртқасы жарақаттанған пациенттерді арқасымен, қатты жерге жатқызып, тасымалдайды. Ондай жағдай болмаса кәдімгі зімбілмен ішіне жатқызып тасымалдайды.Омыртқаның мойын бөлігі зақымданғанда алдымен иммобилизациялайды, содан кейін тек арқасымен жатқызып тасымалдайды. Омыртқа бағанасы зақымданған пациентті бір бүйірімен жатқызуға тиым салынады.

    Өкпе ісінуі болғанда, бронх демікпесінің ұстамасы кезінде, жүрек демікпесінде және басқа да себептерден туындаған тыныс алудың жетіспеушіліктерінде пациентті горизонталды дене қалпына жатқызуға болмайды. Олар отыру ғана қалпында тасымалданады. Осындай клиникасы бар балаларды қолға тік ұстап отыру керек.
    Жұқпалы ауруды тасымалдағаннан кейін, жедел жәрдем көлігі дезинфекцияланады. Персонал халатын ауыстыруы керек. Екі науқасты бір көлікпен тасымалдауға рұқсат, тек пациенттердің аурулары бірдей болғанда ғана беріледі, жұқпалылығы, аурудың кезеңдері ескерілуі керек.

    Жағдайы өте ауыр науқастарды тек реанимациялық бригадалардың мамандары шешеді. Тасымалдау алдында емдік шаралар толық кешенді болып жүргізіледі және ем жағдайын қалаптастыруға бағытталады.

    ПАЦИЕНТТІ СҮЙРЕГІШТЕН КӘДІМГІ КЕРЕУЕТКЕ ЖАТҚЫЗУ

    (3 мейіргермен орындалады)

    Мақсаты: пациентті ауыстырып жатқызу және пациентке тасымалдау кезінде максималды тыныштық жағдай орнату.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайы.

    Дайындаңыз: сүйрегішті, кереуетті, төсек-орын жабдықтарын.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Сүйрегішті кереуетке параллелді қылып, бас жағын кереуеттің аяқ жағына келтіріп,еденге қойыңыз.

    2. Кереуеттің және сүйрегіштің тежеуіштерін бекітіп қойыңыз.

    3. Мейіргер бетін пациентке қаратып, сүйрегіш пен кереуеттің ортасында, сүйрегіштің алдында тұрады.

    4. Қолдарыңызды (шынтағына дейін) пациенттің астына жіберіңіз:

    • бір мейіргер қолдарын мойын және жауырын астына жібереді

    • екіншісі – белінің санның жоғарғы бөлігінің астына жібереді

    • үшіншісі –санның ортаңғы бөлігінің және тізе астына жібереді

    1. Пациентті бұйрықпен бір мезетте бірдей қимылдап көтеріп алыңыздар, пациентпен бірге 90 кереует бағытына қарай бұрылып, оны кереуетке жатқызыңыздар.

    2. Пациенттің ыңғайлы, жайлы жатқақына көз жеткізіңіз, оны көрпесімен жауып қойыңыз.

    3. Сүйрегішті жинап алыңыз және қолыңызды жуып кептіріңіз

    4. Қолданғанан кейін сүйрегішті дезинфекциялаңыз.

    ПАЦИЕНТТІ КӘДІМГІ КЕРЕУЕТТЕН СҮЙРЕГІШКЕ АУЫСТЫРУ

    (3 мейіргермен орындалады)

    Мақсаты: пациентті ауыстырып жатқызу және пациентке тасымалдау кезінде максималды тыныштық жағдай орнату.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайы.

    Дайындаңыз: сүйрегішті, кереуетті, төсек-орын жабдықтарын.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Сүйрегішке көрпені сейсебімен төсеңіз,үстіне клееңке мен ақжайма салыңыз.

    2. Сүйрегішті кереует шетіне (аяқ жағына) 60бұрыш қылып орналастырыңыз.

    3. Кереуеттің және сүйрегіштің тежеуіштерін бекітіп қойыңыз.

    4. Барлық 3 мейіргер кереует шетіне қатарласып тұруы керек:

    • Ең күші бар (физикалық) мейіргер– ортасында тұрады

    • Бір аяқты тізесінен бүгіп алдыға шығарып тұрыңыз,біреуін артта қалдырыңыз.

    • Қолдарыңызды (шынтағына дейін) пациенттің астына жіберіңіз:

    • бір мейіргер қолдарын мойын және жауырын астына жібереді

    • екіншісі – белінің және санның жоғарғы бөлігінің астына жібереді

    • үшіншісі –санның ортаңғы бөлігінің және тізе астына жібереді

    1. Пациентті көтеру:

    • Көшбасшының «үш» деген бұйрығы айтылғанда дене салмағын артқа қарай қойылған аяқтарыңызға салыңыз, аударыңыз;

    • Пациентті жәй ырғықты қимылдап, кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз;

    • Үзіліс жасаңыз;

    • Қайтадан айтылған «үш» деген бұйрық естілгенде, пациетті өзіңізге жақын қылып, аунатып алыңыз, оны денеге қарай қысыңыз және көтеріңіз, тізелерді ашып, арқаны түзетіңіз; (пациентті созылып тұрған қолмен көтеруге болмайды!).

    1. Сүйрегішке бетіңізбен бұрылу үшін, артқа қарай жылжыңыз:

    • Пациентті ұстап тұрған мейіргер және пациенттің аяқтарын ұстайтын мейіргер адымын үлкен қылып, бірнеше қадам жасайды

    • пациенттің басын, иықтарын және арқасын ұстаған мейіргер сүйрегішке бетімен бұрылада да–онша үлкен қадамдар жасамайды.

    1. Сүйреткішке қарай алдыға жылжыңыз:

    • «үш» деп санағанда тізелеріңізді бүгіңіз және пациентті абайлап сүйрегішке орналастырыңыз.

    1. Укройте пациентті көрпесінің бос жартысымен жауып қойыңыз.

    2. Сүйрегіштің қасында түрегеліп тұрыңыз: бір мейіргер – сүйрегіштің алдында, екіншісі арт жағында, пациентке қарап тұрады.

    Пациентті бөлімшеге дейін сүйрегіштің бас жағын алдыға қаратып,тасымалдаңыз.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   64


    написать администратору сайта