Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарсы көрсетілімі

  • БИІКТІГІ ӨЗГЕРІП ТҰРАТЫН КЕРЕУЕТТІҢ ҮСТІНДЕ ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ «ИЫҒЫН КӨТЕРУ» ӘДІСІМЕН ЖЫЛЖЫТУ (АВСТРАЛИЯЛЫҚ КӨТЕРУ)

  • Көрсетілімі

  • ПАЦИЕНТТІ КЕҢ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫТУ (екі адаммен орындалады) Мақсаты

  • ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫТУ (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады) Мақсаты

  • ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТЕН ОРЫНДЫҚҚА (КРЕСЛО-СҮЙРЕГІШКЕ) «ИЫҚПЕН КӨТЕРУ» ӘДІСІМЕН АУЫСТЫРУ

  • Мақсаты және көрсетілімдері

  • ПАЦИЕНТТІ «БІР БҮЙІРІМЕН» ЖАТУ ҚАЛПЫНАН «АЯҚТАРЫН САЛБЫРАТЫП ОТЫРУ» ҚАЛПЫНА АУЫСТЫРУ (бір мейіргермен орындалады) Көрсетілімі

  • Дайындаңыз

  • ПАЦИЕНТТІ «ОРЫНДЫҚТА ОТЫРУ ҚАЛПЫНАН» «КЕРЕУЕТТЕ ЖАТУ» ҚАЛПЫНА АУЫСТЫРУ (бір мейіргермен орындалады) Көрсетілімі

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница13 из 64
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64

    (бір мейіргер орындайды, пациент көмектесе алады)

    Көрсетілімі: көрпе-жастық сейсептерін ауыстыру, басқа да жылжытулар алдындағы дайындалу кезеңі ретінде.

    Қарсы көрсетілімі:омыртқаның жарақаттануы,омыртқаға ота жасалғанда,эпидуралды анестезия жүргізілгенде.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

    1. Пациенттің жағдайын және айналасында орналасқандарды бағдарлаңыз. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

    1. Пациенттің горизонталды қалыпта жатқанына көз жеткізіңіз. Мейіргер тұрған жақтағы кереует тұтқасын төмен түсіріңіз.

    2. Пациенттің басын және иықтарын көтеріңіз, жастықты алып тастаңыз және оны кереуеттің бас жағына тіреп қойыңыз.

    3. Кереуеттің бас жағына тұрыңыз. Аяқтарыңызды бір-бірінен 30 см қашықтықта орналастырыңыз, тізеден бүгіңіз, алдыға қарай еңкеймеңіз.

    4. Пациенттен өзін-өзі шынтақтарынан құшақтауын сұраңыз.

    5. Бір қолыңызды пациенттің мойнының және иықтарының астына, екінші қолыңызды арқасының жоғарғы бөлігінің астына жіберіңіз.

    6. «Үш» деп санағанда, денесін қисайтыңыз және пациенттің арқасының жоғарғы бөлігін өзіңізге қарай тартыңыз.

    7. Қолдарыңыздың қалпын өзгертіңіз:бір қолыңызды белінің астына қойыңыз, біреуін санының астына қойыңыз.

    8. «Үш» деп санағанда, денесін қисайтыңыз және денесінің төменгі жағын өзіңізге қарай тартыңыз.

    9. Қолдарыңызды пациенттің тізесінің және табандарының астына қойып, «үш» деп санағанда өзіңізге қарай сүйреңіз.

    10. Пациентке басын көтеруге көмек беріп, жастығын қойыңыз. Кереует шетіндегі тұтқаны түсіріңіз. (егер олар бар болса).

    11. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    БИІКТІГІ ӨЗГЕРІП ТҰРАТЫН КЕРЕУЕТТІҢ ҮСТІНДЕ ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ «ИЫҒЫН КӨТЕРУ» ӘДІСІМЕН ЖЫЛЖЫТУ

    (АВСТРАЛИЯЛЫҚ КӨТЕРУ)

    (екі немесе одан да көп адаммен орындалады,пациент көмектесе алады)

    Көрсетілімі: пациентті кереует үстінде көтеру; кереуеттен орындыққа және керісінше ауыстыру.

    Қарсы көрсетілімі:пациент отыра алмайды; иықтарының зақымдануы немесе иықтарының, кеуде торының,арқаның жоғарғы бөлігінің қатты ауыруы.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    6. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

    7. Пациенттің жағдайын және ол тарапынан көмек беру мүмкіндігін бағалыңыз.

    8. Кереуеттің биіктігін реттеңіз.Кереуетті өз саныңыздың биіктігіне дейін түсіріңіз.Кереуеттің тежеуішін бекітіңіз.Пациентке кереуеттің шетіне қарай жылжуға алдымен аяқтарын, содан кейін бөкселерін, денесін және басын демеп көмектесіңіз.

    9. Пациентке отыруға көмектесіңіз:

    • Бір мейіргер пациентті демейді

    • екіншісі–басына жастық жастайды (немесе кереуеттің бас жағын көтереңіз).

    1. Кереуеттің екі шетінде тұрыңыз:

    • Бір-біріңізге қарап

    • Кереуетке жақын тұру

    • Мейіргерлердің иықтары пациенттің арқасының тұсында болады (тура арқасының жанында).

    • Аяқтар алшақтатылған

    • Кереуттің бас жағына жақын тұрған аяқ, жүру бағытына қарай бұрылып тұрады;

    • Аяқтарды тізелерінен

    • Арқаны түзу ұстау.

    1. Пациентке жақын жақтағы иықты, оның қолтық астына және денесіне тіреңіз.Ал осы қолдың алақандары пациенттің санының астына жіберіледі. Пациент қолдарын мейіргерлердің арқаларына қояды.

    2. Егер иықты пациенттің қолтық астына тіреу мүмкін болмаса немесе ол қолдарын мейіргер арқасына қоя алмаса, қз қолдарыңызды пациенттің денесі мен иықтарының арасына қойыңыз Осы қолдың алақаны пациенттің санының астына жібріледі.

    3. Бір қолыңызбен кереуеттің бас жағына тіреліңіз,(шынтақтан бүгілген),санының астындағы екіншісімен көмекшінің қырынан ұстаңыз, («қос қарлық алым, қармау»).

    4. «үш» деп санағанда сіз оны көтеретініңізді әріптесіңізге және пациентке ескертіп қойыңыз,(егер сіз көшбасшы болсаңыз.

    5. Өз дене салмағыңызды басқа аяққа ауыстырып,пациенттің аяқтары жағындағы аяғыңызды түзетіңіз де пациентті көтеріңіз.Тіреу болып тұрған шынтақты жазыңыз.

    6. Пациентті иықтарыңыздың көмегімен төсегінің үстінде толықтай көтеріңізде оны, төсегінің бас жағына қарай онша қашық емес жерге дейін жылжытыңыз,кереуеттің бас жағында тұрған аяқтарыңызды және тіреу болып тұрған қолыңызды бүгіп, қайтадан төсегіне түсіріңіз.

    7. Пациентті керекті қашықтыққа дейін жылжытыңыз.

    8. Пациентке төсегінде жатқанда қажетті дене қалпын беріңіз.

    9. Пациенттен төсегінде ыңғайлы және жайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

    10. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ КЕҢ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫТУ

    (екі адаммен орындалады)

    Мақсаты: пациентке физиологиялық ыңғайлы дене қалпын жасау.

    Көрсетілімі:пациент денесінің қалпын өзгерту,пациентті кереуетінде көтеру,пациентті төсектің бас жағына қарай жылжыту.

    Дайындаңыз: функциялы кереуетті, көрпе-төсек жабдықтарын.

    «австралиялық көтеру» әдісі қолданылады.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    3. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    4. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    5. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

    6. Пациенттің жағдайын және айналасындағы орналасқан заттарға бағдарлама жасаңыз.

    7. Пациентке кереуеттің шетіне қарай жылжу үшін алдымен аяқтарын, содан кейін бөкселерін, денесін және басын өзіңізге қарай тартып көмектесіңіз,

    8. Пациентке отыруға жәрдем беріңіз.

    9. Бір мейіргер пациенттің төсегінің босаған жеріне отырады, оның тізелері науқастың сандарының бойында орналасады, (алдын ала кереуетке клееңке төсеп алыңыз). Екінші мейіргер еденде « пациентті австралиялық көтеру» жасайтындайқалыпта болып тұрады .

    10. Пациентті төсегінің үстінде иықтарыңызбен, көтеріңіз және төсегінің бас жағына қарай онша алыс емес қашықтыққа жылжытыңыз.

    11. Біртіндеп пациентті қажетті төсегінің үстінде көтеріп отырып қажетті қашықтыққа дейін жылжытыңыз. Клееңкені алып тастаңыз.

    12. Пациентке жайлы дене қалпын беріңіз.

    13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТІҢ БАС ЖАҒЫНА ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫТУ

    (бір мейіргермен орындалады, пациент көмектесе алады)

    Мақсаты: пациентке физиологиялық ыңғайлы дене қалпын беру.

    Көрсетілімі: пациенттің дене қалпын өзгерту.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    2. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    3. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек. .

    4. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    5. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

    6. Пациенттің жағдайына және айналасындағы орналасқан заттарға бағдарлама жасаңыз.

    7. Егер бар болса кереуеттің шетіндегі тұтқаларын түсіріңіз. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

    8. Пациенттің горизонталды жатқанына көз жеткізіңіз.Жасай алатын болса пациенттен басын көтеруін сұраңыз және абайлап басын көтеріңіз және жастығын алып тастаңыз да оны кереуеттің бас жағына тіреп қойыңыз.

    9. Аяқтарыңыздың арасын 30 см.қашықтықта орналастырыңыз, кереуеттің бас жағына жақын орналасқан аяқтың ұшын төсектің бас жағына қарай қаратады.

    10. Пациенттен тізелерін біріктіріп ұстауын сұаңыз, ал табандарын матрацқа тығыз қылып, тіреліп жатуын сұраңыз, ал қолдарын –алақандарын төмен қаратып, төсек үстіне салады.

    11. Бір қолыңызды пациенттің иықтарының астына жіберіңіз, ал екіншісін бөкселерінің астына салыңыз. Алдыға қарай еңкеймеңіз! Арқаны түзу ұстаңыз! Аяқтарыңызы тізелерінен бүгіңіз.

    12. Пациенттен төсек үстінде «үш», деп санағанда табандарымен және алақандарымен тіреліп,алдын ала демді сыртқа шығырып алып итеріліп, жылжуын сұраңыз. Немесе оған кереуеттің бас жағынан ұстап алып, «үш», деп санағанда демді сыртқа шығырып алып, өзін өзі жоғары қарй тартып қалуын сұраңыз.

    13. Аздап теңселетін қимылдар жасап, «үшке» дейін санаңыз және дене салмағын төсектің бас жағына жақын тұрған аяғыңызға салыңыз, сол жаққа қарай пациентті де жылжытыңыз.

    14. Осындай қимыл-қозғалыстарды пациентт қажетті орынға жатқанша дейін қайталаңыз.

    15. Арқаны жарақаттап алмау үшін, пациентті біртіндеп, қысқа қашықтыққа жылжыта отырып, орнына дейін апарыңыз.

    16. Пациенттің басын және иықтарын көтеріңіз және жастығын басына жастаңыз. Пациенттің ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

    17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ КЕРЕУЕТТЕН ОРЫНДЫҚҚА (КРЕСЛО-СҮЙРЕГІШКЕ) «ИЫҚПЕН КӨТЕРУ» ӘДІСІМЕН АУЫСТЫРУ

    (екі немесе одан да көп адам орындайды, пациент отыра алады, бірақ өз бетінше жылжымайды)

    Мақсаты және көрсетілімдері: күтім жүргізу,пациенттің дене қалпын өзгерту.

    Дайындаңыз: орындықты, кереуетті, төсек орын жабдықтарын.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз, өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке оның аты-жөнін айтып тіл қатыңыз, (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

    9. Пациенттің жағдайына және айналасындағы орналасқан заттарға бағдарлама жасаңыз.

    10. Орындықты кереуеттің қасына қойыңыз.

    11. Пациентке кереуеттің шетіне жақын орналасуға көмектесіңіз.Пациентті төсегінде аяқтарын еркін салбыратып отыру қалпында отығызыңыз.

    12. Пациенттің екі жағында бір-біріңізге қарап тұрыңыз. Екі мейіргер бірдей бір қолдарын пациенттің санының астына жібереді де, бірінің қолы бірі қарынан ұстау әдісімен ұстап, оның сандарына демеу жасайды (мүмкіндігінше бөкселеріне жақынырақ ұстау керек).

    13. Екі мейіргер пациенттің қолтық астына иықтарын тірейді,(қолтық асты ойысына), ал ол қолдарын мейіргерлердің арқасына қояды.

    14. Бос қолыңызды қолданыңыз, оны шынтақтан бүгіп, кереуетке пациенттің бөкселерінің артқы жағына тіреп алыңыз.

    15. Аяқтарыңызды бір-бірінен алшақ ұстаңыз, тізелнріңіз бүгілген.

    16. Бір мейіргер бұйрық береді.

    17. «үш» деп санағанда екі мейіргер бірдей тізелерін және шынтақтарын жазады, тұрады да пациентті көтереді.

    18. Бос қолыңызбен пациенттің арқасын ұстап, оны орындыққа (кресло-сүйрегішке) отырғызыңыз.

    19. Әрбір мейіргер демеген қолдарын шынтақ тірегішке немесе орындықтың отыратын жеріне қояды да, тізелері мен шынтақтарын бүгіп,пациентті орындыққа отырғызады.

    20. Пациентті екеуіңіз бірдей қимылдап, орындыққа отырғызыңыз.

    21. Орындық артқа қарай шалқаймай тұруы керек:бір мейіргер орындықтың арқасын ұстап тұрады.

    22. Пациентті орындыққа жайлы қылып отырғызыңыз.

    23. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



    ПАЦИЕНТТІ «БІР БҮЙІРІМЕН» ЖАТУ ҚАЛПЫНАН «АЯҚТАРЫН САЛБЫРАТЫП ОТЫРУ» ҚАЛПЫНА АУЫСТЫРУ

    (бір мейіргермен орындалады)

    Көрсетілімі: пациенттің мәжбүрлі және енжар қалпы, ойылудың даму қаупі болғанда және алдын-алу мақсатымен пациенттің дене қалпын өзгерту.

    Дайындаңыз: функциялы және кәдімгі кереуетті.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке оның аты-жөнін айтып тіл қатыңыз, (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз.

    9. Пациенттің жағдайына және айналасындағы орналасқан заттарға бағдарлама жасаңыз.

    10. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз.

    11. Егер бар болса кереуеттің мейіргер тұрған жағындағы тұтқаларын түсіріңіз.

    12. Пациентке қарап тұрыңыз: сол қолыңызды иығының астына салыңыз, ал оң қолды – тізелерін оларды сыртқы жағынан құшақтап ұстаңыз. Аяқтарыңызды тізелерінен бүгіңіз. Еңкеймеңіз!

    13. Пациенттің аяқтарын төмен түсіріңіз де бір мезетте горизонталды тегістікте оны 90 бұрышта бұрып көтеріңіз.

    14. Пациентті отырғызыңыз,өзіңіз пациентке қарап тұрасыз және оның иығын сол қолыңызбен демеп, ал сол қолыңызбен денесін ұстап тұрасыз.

    15. Пациенттің нығыз және сенімді отырғанына көз жеткізіңіз. сидит Пациенттің арқасының астына тіреуіш қойыңыз, (жастықты және басқа да тірейтін бұйымдарды қолданыңыз).

    16. Пациентің аяқ киімдерін кигізіңіз және аяқ астына тіреуіш қойыңыз. скамейку (жаурап қалу қаупін төмендетеді және майысып кетуді болдырмайды!).

    17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТТІ «ОРЫНДЫҚТА ОТЫРУ ҚАЛПЫНАН» «КЕРЕУЕТТЕ ЖАТУ» ҚАЛПЫНА АУЫСТЫРУ

    (бір мейіргермен орындалады)

    Көрсетілімі: көмек бере алатын пациенттің орнын ауыстыру.

    Іс –әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке оның аты-жөнін айтып тіл қатыңыз, (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке ем шараның мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның айтқанды түсінетініне көз жеткізіңіз және орындауға келісімін алыңыз

    9. Пациенттің жағдайын және айналасындағы тұрған заттарды байқап, бағалап алыңыз.

    10. Кереуеттің тежеуіштерін бекітіңіз

    11. Пациентке «үш» деп санағанда сіз оған тұруға көмектесетініңізді ескертіп қойыңыз. Әрбір санағанда сіз аздап алдыға және артқа қарай теңселіп, пациенттің және мйіргердің қауіпсіздігі үшін денеңізге инерция жинап тұрасыз.

    12. «үшке» дейіе санап, аздап шайқалыңыз.

    13. «үш» деп санағанда пациентті аяғынан тік қойыңыз,(онымен бірге бір мезетте аяқ пен аяқті бірдей басып, ол санымен кереует шетіне жеткенше) жүріңіз.

    14. Тепе-теңдігін жоғалтып алу себебінен, пациенттің құлап қалу қаупінің алдын алыңыз,

    15. Пациентті кереуетіне отырғызыңыз. Пациентке қарап кереуеттің бір шетінде, бас жағына жақын жерде тұрыңыз( мейіргердің тізелері мен табандары пациенттің тізелері мен табандарын тіреп тұры керек). Аяқтарыңыздың ара қашықтығы 30 см.

    16. Кереуеттің бас жағына жақын орналасқан аяңыңызды сыртқа қарай бұрыңыз.Тізелерді бүгіңіз! Арқыңызды ұстаңыз!

    17. Пациентті денесінен құшақтаңыз, осы кезде пациенттің қолдары тізелерінде қимылдамай жатады.

    18. Пациенттің денесін өзіңізге қарай аздап еңкейтіңіз, пациентпен бірге деніңізді түзете отырып, оған орындықтан көтерілуге көмектесіңіз.

    19. Пациенттің оң жағында тұрыңыз: оң қолыңызды оның тізелерінің астына жіберіңіз, сол қолыңызбен арқасын жауырын тұсынан ұстап тұрыңыз.

    20. Пациенттің аяқтарын төсекке оның денесін өзегі төңірегінде90, қылып бұрып көтеріңіз,басын жастыққа түсіріңіз.

    21. Пациентті көрпесімен жауып қойыңыз, оның жайлы және ыңғайлы жатқанына көз жеткізіңіз.

    22. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64


    написать администратору сайта