Главная страница
Навигация по странице:

  • Физиологиялық бөлінулері болғанда көмек көрсету Дәрет сауыты мен зәр қабылдағышты қолдану

  • Стационарлық науқастарды көрпе, жастық тыстарымен қамтамасыз ету және сейсептерді жуу мен ауыстыру ережелері. Стационарлық науқастардың көрпе- төсек сейсептерін ауыстыру жеті күнде бір рет

  • (жиырма төрт сағаттан ұзақ емес)

  • Көрсетілімі

  • Ескерту

  • Мақсаты

  • ТІС ПРОТЕЗІНІҢ КҮТІМІ Мақсаты

  • Міндетті жағдайлар

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница16 из 64
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64

    Қол мен аяқтың күтімі

    Тырнақтарды өте абайлап, байқап алу керек, себебі осы іс әрекет тырнақ айналасындағы терінің жарақаттнуына әкеп соқтырады, ол жер тез арада жұқпаланып кетеді.

    Пациенттің тырнақтарын өте қысқа кесіп, алуға болмайды, себебі: тері жарақаттануы мүмкін. Салдану, гемиплегия бар, қант диабетімен және басқа да терінің сезімталдығын төмендететін, ауыр кеселдермен ауыратын пациенттердің тырнақтарын алғанда өте абай болған абзал.

    Шаштың күтімі

    Әрбір дені сау адам шашын күніне бірнеше рет өзі тарайды. Егер шашты дұрыстап тарамаса олар,әсіресе ұзын шаштар тез арада кірлеп, шатасып,сыртқы түрі ұқыпсызданып кетеді.Өзі жасай алмайтын пациенттің шашын мейіргер тарайды. Шаш тарағының тістері доғалданған болуы керек, олар бас терісін жарақаттап, ауырпайтын болуы керек.Ұзын шаш шатасып, қалғанда мейіргер тісі сирек тарақты қолданады. Шашты пациент отырған кезде тарау өте ыңғайлы болады.Төсек тартып жатқан пациенттің шашын тарағанда оның басын бір жағына қарай бұрып алады, содан кейін екінші жағына қарай бұрады.

    Ұзақ уақыт төсек тартып жатқан пациенттер шаштарына күтім жасауды талап етеді. Шаш арасында қайызғақ пайда болып, бит түсуінен сақ болу керек. Ер адамдардың шашын қысқа қылып алып, аптасына бір рет, гигиеналық былау жасап, шомылдырғанда жуады. Былау жасауға болмайтын пациенттердің шашын оның жалпы жағдайын ескере отырып төсегінде жуу керек. Шашы ұзын әйел адамдардың шашын күтім жүргізу едәуір қиындау болады

    Шашты шаң тозаңы мен қайызғағын кетіру үшін күнде тарап отыру керек. Бұл үшін тістері жиі тарақ қолданылады. Қысқа шаштарды түбірінен ұшына қарай тарайды, ал ұзын шаштарды аз аздан бөліп алып, ұшынан бастап, түбіріне қарай тарайды, ақырындап, жұлмай тарау керек.Сірке суына малынған тарақпен қайызғақты және шаңды жақсы кетіруге болады.Басын жуу мен тырнақтарды алуды 7 күнде бір рет жүргізеді.

    Физиологиялық бөлінулері болғанда көмек көрсету

    Дәрет сауыты мен зәр қабылдағышты қолдану

    Қалі ауыр, бірақ физиологиялық бөлінділерін өзі бақылай алатын, қатаң төсекте жату ережесіндегі пациенттерге, ішегін босату қажет болғанда дәрет ыдысын төсегіне береді, ал зәрді бөлуі қажет болғанда—зәр қабылдағыш беріледі, (ал әйел адамдар дәрет ыдысын қолданады).

    Пациентке дәрет алуларына жәрдем жасау барысында, мейіргер әрдайым ұстану қажет:

    Күтімнің негізгі принциптері:

    • Үлкен және кіші дәретін бөліп шығару кезінде пациентті оңаша қалдыру қажет болады;

    • асықтырмаңыз,бірақ ауру адамды дәрет ыдысының үстінде ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды— бұл қауіпті

    • физиологиялық бөлінділерінің максималды әрі тәуелсіз түрде орындалуына ынталандыру,мақтау

    • пациентке дәрет алғаннан кейін қолын жууға жәрдемдесіңіз, ал қажет болған жағдайларда бұт аралығын жууға көмектесіңіз

    (егер пациент өз бетімен жаай алмайтн болса, өзіңіз жасайсыз ).

    Кейбір кездерде пациент зәр қабылдағышты өзі қолдана алады. Осындай кездерде мейіргер міндетті: таза зәр қабылдағышпен қамтамасыз етуге, оңаша қалдыруға, содан кейін қолын жууға мүмкіндік беруге. Егер ер адам орнынан тұра алатын болса, оны тұрғызу қажет,төсегіне клееңке төсеп, оның үстіне зәр қабылдағышты қою қажет.

    Көптеген жағдайларда пациент бір адамның көмегімен дәретханаға дейін бара алады, бірақ, унитазға отыру кезінде және тұрғанда қатты қиналады. Осындай пациенттер үшін қол жуғышта қолын жуу да қауіпті болады. Пациент үшін де, мейіргер үшін де дәретханаға бару қауіпсіз болуы үшін, кең, түймесі салынатын, пациенттің беліне палатадан шықпай тұрып байланатын белдікті қолданыңыз.

    Палатадан шықпай тұрып пациенте аяқ киімін киюге, киімдерін ауыстырып алуға көмектесіңіз және ұқыптыылығына ерекше көңіл аударыңыз.

    Стационарлық науқастарды көрпе, жастық тыстарымен қамтамасыз ету және сейсептерді жуу мен ауыстыру ережелері.
    Стационарлық науқастардың көрпе- төсек сейсептерін ауыстыру жеті күнде бір рет және міндетті түрде ластануына байланысты жүргізіледі. Жаңа босанған әйелдердің көрпе-төсек сейсептері үш күнде бір мәрте ауыстырылады, іш киімдері, сүлгілері күнде ауыстырылады,

    Акушерлік стационарларда (босанатын блоктарда және жаңа туылған нәрестелерге арналған асептикалық ережедегі бөлімшелерде) бір мәрте қолданылатын, стерилді сейсептер қолданылады.

    Қолданыста болған сейсептер арнайы тығыз матадан жасалған мөшектерде,сыйымдылықтарға салынып (кленкадан, полиэтилененнен жасалған мөшектерге, қондырғы орнатылған жылжытқыштарға) жиналады. Лас сейсептерді бөлімде сұрыптауға тиым салын Бөлімшеде лас сейсептерді уақытша сақтау (жиырма төрт сағаттан ұзақ емес) санитарлық бөлмелерде, осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде беті жабық сиымдылықтарда (металлдан, пласстмассадан жасалған бөшкелерде) жүргізіледі, бұл мақсатта қолданылатын ыдыстар оңай жуылып және оңай зарарсыздандырылатын болуы керек.

    Лас сейсептермен жұмыс жасау үшін персонал ауыстырып киетін арнайы киіммен қамтамасыз етіледі.

    ады.

    Бөлімшенің таза сейсептпері осы мақсатқа бөлінген орындарда, арнайы шкафтарда сақталады. Бөлімшеде таза сейсептердің бір тәулікке жететін саны болуы міндетті. Сейсептерде және оларды сақтайтын тараларда арнайы белгі салынған болуы керек

    Ауруханалық көрпе сейсептері мен жастық тыстары тек аурухананың кір жуатын жерінде жуылуы керек.

    Алайда әртүрлі кір жуатын жерлерде де жууға болады, тек ауруханалық көрпе –жастық тыстары ауруханалық емес сейсептермен араласып кетпейтін болса ғана. Осындай жалпы кір жуатын жерде арнайы ауруханалық ақжаймаларға арналған линия болуы керек. Ал инфекциялық, іріңді-хирургиялық және патолого-анатомиялық бөлімнің ақжаймалары мен көрпе- жастық тыстары жуу алдында міндетті түрде дезинфекцияланады.

    Стационардың таза немесе лас көрпе-төсек сейсептерін осы мақсатқа арналған, арнайы көлікпен тасымалдайды. Сейсептер жабық, оралған түрде немесе арнайы белгі салынған («таза» немесе «лас») мөшектерге салынған болуы керек. Сейсептерді тасымалдайтын сыйымдылықтар немесе ыдыстар тасымалдағанда тыстардың былғанып қалуына жол беретінтей жыртық немесе тесік болмауы керек. Емдеу бөлімінінде көрпе-жастық тыстарының бір тәулікке жететін саны сақталып тұруы керек. Ақ жайманың бір тәулікке жететін саны арнайы бөлінген жерде немесе бөлімше мейіргерінің жұмыс орнындағы бұрышта (постағы арнайы шкаф сөрелерінде сақталады).

    . Инфекциялық бөлімнің сейсептеріне арнайы, бөлек белгі салынған болуы керек. Белгі салынбаған сейсептерді бөлімде сақтауға тиым салынады.

    Матадан тігілген тараларды сейсептермен бірге жууға болады. кір жуатын әрбір процесс механикаланған болуы керек.

    Ауруханадан емделіп шыққан немесе ауруханада өліп қалған әрбір пациенттен кейін, сонымен қатар ластануына байланысты, стационардың матрацтары, жастығы, көрпелері, камералық әдіспен өңделеді.

    Ауруханалық сейсептер мен көрпе жастық тыстарының тек аурухананың кір жуатын жерінде жуылуын аурухананың бас мейіргері қадағалайды.
    КӨЗ КҮТІМІ

    Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау,қалі ауыр науқастың көзіне таңертеңгілік тазалықты жүргізу,көзге дәрілік ерітіндіні тамызу алдында.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайы, көзден бөлінулердің болуы.

    Дайындаңыз: стерилді: дәке тампондарын, лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдарға арналған), пинцетті, ундинканы,көз стаканшаларын, мензуркаларды, тамызғыштарды, фурацилин ерітіндісін 1:2000, вазелин майын, физиологиялық ерітіндіні, қолғаптарды; ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:










    1.Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2.Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.

    3.Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың, мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Көздерін қарап, тексеріңіз жағдайына баға беріңіз.

    10.Пациентті Фаулер қалпына жатқызыңыз.

    11. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    12.Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.























    1. Бір мензуркаға стерилді вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз,.




    1. Дәке тампонпондарын пинцеттің көмегімен алып, стерилді лотокка салыңыз.

    2. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына батырып ылғалдаңыз, оны аздап мензурканың қабырғасына сығыңыз.




    1. Дәке тампонын оң қолыңызға алып,бір көзін көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай бағыттап сүртіңіз – іріңді қабыршықтардың жұмсап, теріден ажырауын қамтамасыз етеді.




    1. Құрғақ тампонмен көзді дәл осы бағытта сүртіңіз – жұмсарып, босап қалған қабыршықтарды кетіру үшін.




    1. Дәке тампонын фурациллин ерітіндісіне малып алып, ылғалдап, дәл осы бағытта көзді сүртіп шығыңыз.




    1. Сүртуді 4-5 мәрте әрбірінде тампонандарды аустырып, іріңді қабыршықтар толық кеткенше жалғастырыңыз.




    1. Екінші көзді де дәл осындай әдіспен өңдеңіз.

    2. Барлық қолданыған тампондарды ластанған бұйымдарды салатын лотокқа салыңыз.




    1. Қолданыста болған тампондарды ҚЖЖК-қа салыңыз, пинцетті, мензуркаларды ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысқа салыңыз.




    1. Бет пердені,қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК-қа салыңыз.Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту: Көзді өңдеген кезде, бір тампонмен екі көзді бірдей сүртуге тиым салынады, себебі: бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.

    АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ КҮТІМІ

    Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, стоматиттің және ауыз қуысының басқа да қабынбалы ауруларының алдын алу.

    Көрсетілімі: қалі ауыр, әлсіреген, дене қызуы көтерілген, төсек тартып жатқан науқастар.

    Дайындаңыз: стерилді – 2 лотокты, 2 пинцетті,тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды, 2 шпателді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды; вазелинді, антисептикалық ерітінді құйылған флаконды, сүлгіні, суы бар стаканды, қолданған заттарды салатын лотокты, қолғаптарды, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    9. Ауыз қуысын, қызыл иектерін, тілді мұқият қарап шығыңыз.

    10. Пациентті Фаулер қалпына жатқызыңыз.

    11. Басын бір жағына бұрыңыз, мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, иек астына лоток қойыңыз.

    12. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    13. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    14. Пациенттен тістерін сығылыстыруын сұраңыз(тіс протезін сүрткімен ұстап алып тастаңыз).

    15. Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.

    16. Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданған заттарға арналған). Стерилді лотокқа дәке сүрткілерін, тампондарды пинцетпен ұстап салыңыз.

    17. Шпателмен пациенттің ұртын жылжытыңыз және антисептикалық ерітіндімен суланған дәке тампонын пинцетпен ұстап,әрбір тістің сыртқы жағын қызыл иектен бастап сүртеді. Тісті азу тістен бастап, күрек тістерге қарай, дәке тампондарын жиі ауыстырып сол жағынан өңдейді.

    18. Оң жағын да тура осындай реттілікпен өңдейді.

    19. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді осындай реттілікпен алдымен сол жағын, сосын оң жағын дәке тампондарын жиі ауыстырып, өңдейді.

    20. Тілді стерилді дәке сүрткісімен орап алып, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен ұстап, абайлап тартып ауыз қуысынан шығарып алыңыз. Шпателге дәке сүртісін қабаттап орап, тіл үстіндегі қабатты (өңезді) сүртіп алыңыз да, тілді 2-3 мәрте сүрткілерді ауыстыра отырып тіл түбірінен, тіл ұшына қарай, оның жан жағын қамти отырып сүртіңіз.

    21. Дәке салфеткасын антисептикалық ерітіндімен ылғалдап, қалі ауыр пациенттің тілін түбірінен ұшына қарай өңдеп шығыңыз.

    22. Пинцетті, шпателді, тіл ұстағышты, сүрткілерді лас заттарға арналған лотокка салыңыз.

    23. Пациентке аузын шайқауға көмектесіңіз немесе ауыз қуысын алмұрт тәрізді баллоншаныңол болмаса Жане шприцімен көмегімен шайқаңыз.

    24. Ауыз бұрышын шпателмен тартыңыз және реттілікпен алдымен сол содан соң оң жағының ұрт аралықтарын, ерітіндінің орташа ағымымен шайып шығыңыз.

    25. Ауыз айналасын құрғақ сүртілермен құрғатыңыз, стерилді сүрткіге вазелинді салып,еріндерін сүртіп шығыңыз.

    26. Қолданған құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа батырыңыз, дәке сүрткілерін, тмпондарды ҚЖЖК салыңыз.

    27. Қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз

    Ескерту: ауыз қуысын шайқау манипуляциясын қалі ауыр пациенттерге жасауға болмайды, ерітіндінің тыныс алу жолдарына кетіп қалу себебінен пациенттің аяқ астынан өліп қалу қаупі бар;

      • Қалі ауыр науқастардың ауыз қуысы тістерін күніне 2 мәрте антисептикалық ерітіндімен өңдеп тұру қажет;

      • Еріндері жарылған болса, ауыз кергіш қолданылмайды.

    ТІС ПРОТЕЗІНІҢ КҮТІМІ

    Мақсаты: тіс протездерін қолдану барысында болуы мүмкін, ауыз қуысының сілемейлі қабығының, қызыл иектің қабыну процесстерінің алдын алу.

    Дайындаңыз: ауыз қуысын күтуге арналған барлық заттарды және арнайы: протезді ұстауға арналған сүрткілерді, протез салатын кесені, тіс шетенін, тіс пастасын, лотокты, қағаз сүрткілерді , «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Міндетті жағдайлар: осы процедура ауыз қуысын әрбір күту шараларын жүргізгенде жасалады.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    3. Пациенттен тіс протезін алуды сұраңыз (немесе өзіңіз алыңыз) және оны арнайы кесеге салыңыз.

    4. Қол жуғышқа тіс протезі,тіс шетені, тіс пастасы салынған кесені жақындатыңыз, сүрткілер мен сүлгіні дайындап тұрыңыз.

    5. Қол жуғыштың тұтқасын қағаз сүрткімен ұстап су құбырын ашыңыз.

    6. Тіс шетенін салқын сумен сулаңыз, оған тіс пастасын салыңыз, тіс протезін, қол жуғыштың үстінде ұстап тұрып, шетенді өзіңізден ары қарай бағытпен мұқият тазартыңыз.

    7. Тіс протезін ағынды су астында шайқаңыз.

    8. Тіс протезі салынған кесені шайқаңыз.

    9. Тіс протезін кесеге салыңыз.

    10. Қағаз сүрткінің көмегімен су құбырын жабыңыз.

    11. Пациенттен тіс протезін тағуын сұраңыз.

    12. Қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз

    Ескерту:

      • егер пациент тіс протезін өзі ала алмайтын болса, сүрткіні бірінші және екінші саусақтармен алып, тіс протезін қатты ұстап, аздап шайқайтындай қимылдар жасап, ауыз қуысынан шығарып алады да суы бар кесеге салады.

      • Протез түнгі уақытта кеседе тұруы керек

      • егер пациент тіс протезін дәл осы мезетте тақпаймын десе– протезді кесеге салып, ол толық батып тұратындай қылып су құйып қояды.
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64


    написать администратору сайта