Главная страница
Навигация по странице:

  • ІШ КИІМ- КЕШЕГІН АУЫСТЫРУ Мақсаты

  • Асқынулары

  • Ойылудың алдын-алу және ойылу болған пациенттің күтімі

  • Ойылудың алдын алуға бағытталған жүйеленген бағдарламаның мақсаттары

  • Ойылудың пайда болуына әкеп соқтарытын үш негізгі факторлар. Біріншій фактор – қысу, күш түсуі.

  • Қысым күшінің әсер етіп тұруы бар жағдайында, ойылудың дамуына себеп бола алатын көптеген бақа да факторлар болады атап айтқанда

  • Осыған байланысты жоғарыда келтірілген факторлар ең ауыр тиетін тұлғалар немесе төтей алмайтындар

  • Ойылудың

  • Ойылудың даму қаупін бағалайтын НОРТОН ШКАЛАСЫ

  • Физикалық жағдайы жақсы –4 орташа – 3 ауыр – 2 нашар – 1 Психикалық жағдайы

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница19 из 64
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64

    Көрсетілімі: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, ойылудың және сейсептердің ластануының алдын алу.

    Дайындаңыз: таза сейсепті, лас көрпе жастық тыстарын салатын клееңкеден тігілген мөшекті, қолғаптарды, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК-ні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    2. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    4. Таза сейсепті ұзындығынан түгел ортасына дейін валик қылып, бүктеп алыңыз.

    5. Пациенттің басын көтеріңіз және басынан жастығын алып қойыңыз.

    6. Сейсептің шет шетін матрас астынан шығарып алыңыз.

    7. Пациентті абайлап, кереуеттің шетіне қарай жылжытыңыз және оны бір бүйіріне жатқызыңыз, осы қалыпта ұстап тұрыңыз.

    8. Лас сейсептің босаған шетін, ұзынынан пациентке қарай бағыттап, жинап алыңыз (демек кереуетті бойлап).

    9. Ұзынынан бүктелген таза сейсепті кереуеттің босаған жеріне төсеңіз.

    10. Пациентті арқасына бұрыңыз, содан кейін ол таза сейсептің жартысында жатуы үшін екінші бүйіріне жатқызыңыз.

    11. Пациенттің астынан лас сейсепті алыңыз және оның орнына таза сейсептің екінші жартысын жазыңыз.

    12. Таза сейсептің қатпарларын түзетіп, тартып шығыңыз.

    13. Сейсептің шет шетін матрастың астына енгізіңіз.

    14. Пациенттің басына жастығын жастаңыз және оны көрпесімен жабыңыз.

    15. Лас сейсептерді клееңке мөшекке салыңыз, шаруашылық мейіргеріне тапсырыңыз.

    16. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ІШ КИІМ- КЕШЕГІН АУЫСТЫРУ

    Мақсаты:пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау,

    Көрсетілімі: көрпе жастық тыстарының ластануы, қатты терлеудің болуы.

    Асқынулары: пациенттің кереуеттен құлап қалуы, жалпы жағдайының нашарлауы, пациенттің терісінің мейіргердің қолдарымен жарақаттануы және оған жұқпаның жұғуы.

    Дайындаңыз: таза киімдердің кешені, лас киім кешекті салатын клееңкеден мөшекті, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК-ні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    2. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    4. Сол қолыңызды пациенттің арқасының астына енгізіңіз.

    5. Пациенттің денесінің жоғары бөлігін көтеріңіз.

    6. Лас жейдесінің етегінен ұстап, жинаңыз және оны қолтық астына және желкесіне дейін сырғытып, бүктеп әкеліңіз.

    7. Пациентті демеп тұрып, лас жейдесін басынан асырып шешіңіз.

    8. Пациентті жастығына түсіріңіз,қолдарын жейденің жеңдерінен шығарып алыңыз,(егер бір қолы жарақаттанған болса, онда жейдесін алдымен сау қолынан шешіңіз, содан кейін ауру қолынан шешіңіз).

    9. Таза жейденің жеңін қолына кигізіңіз (егер бір қолы жарақаттанған болса, онда жеңді алдымен жарақат алған қолға,содан кейін сау қолға кигізіңіз).

    10. Пациентті жастығына жатқызыңыз, жейденің кеуде жағын түсіріңіз.

    11. Лас жейдені клееңкеден жасалған мөшекке салыңыз.

    12. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    Ескерту:

    Қатаң төсекте жату ережесінде жатқан пацинтке жейде- распашонка кигізіледі.

    Абайлап бір қолына кигізіңіз, содан кейін кеуде торын алдынан жауып, екінші қолын кигізіңіз. Бос қалған жейденің екі жағын пациенттің кеуде торы астына қарай бүктеп қояды. Пациенттің дене қалпын өзгертпейді.

    Бақылау сұрақтары

    1. Қалі ауыр пациенттерге гигиеналық күтім жүргізудің прициптері.

    2. Стационардың көрпе-жастық сейсептерін ауыстыру ережесі.

    3. Пациентке төсек-орын дайындау.

    4. Қалі ауыр пациенттің көрпе-жастық сейсептерін және іш киім-кешектерін ауыстыру.

    5. Лас сейсептерді жинау және тасымалдау.

    Жасап көрсетіңіз:

    1. Көз күтімі.

    2. Ауыз қуысының күтімі.

    3. Құлақты күту.

    4. Ауыз қуысының күтімі, тіс және тіс протездерінің күтімі.

    5. Қалі ауыр науқастың шашын күту.

    6. Қалі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу.

    7. Пациентті қырындыру.

    8. Дәрет ыдысы мен зәр қабылдағышты беру.

    9. Қалі ауыр ер адамның және әйелдің жыныс мүшесін жуу.

    Ойылудың алдын-алу және ойылу болған пациенттің күтімі

    Ұзақ уақыт горизонталды жағдайда болуға немесе қимылсыз отыруға мәжбір әлсіреген пациенттерде ойылу немесе жамбас тесілуі тез арада дамиды. Ойылу(decubitus) – жұмсақ тіндердің некрозы (тері мен тері асты шел май қабаты, сілемейлі қабықтар, жыныс мүшелерінің және қан тамырларының қабырғалары және т.б.), оларға ұзақ уақыт, толассыз механикалық қысым түсуі себебінен дамитын ишемияда дамиды.

    Ойылу(decubitus)қалі ауыр,әлсіреген науқастарда егер «арқасымен» жатса, (сегіз көз, жауырын аймақтары, шынтақтар, өкше, желкеде) дамиды. «бір бүйірімен» жататын болса ойылу жамбас сан және тізе буындарында пайда болады.

    Пациент ұзақ уақыт «отыру» қалпында болса ойылу құймышақ аймағында және отыратын жерлерде дамиды. Кейбір жағдайларда егер көрпесі ауыр болса– аяқ саусақтарында пайда болуы мүмкін.

    Ойылудың алдын алуға бағытталған жүйеленген бағдарламаның мақсаттары:

    Ойылудың даму қаупі бар пациенттерді анықтау,

    Пайда болуының алдын алу немесе жазылып кетуі мақсатындағы шараларды жасау

    Пациентті және/немесе оның туысқандарын алдын алу және күтім жүргізу принциптеріне үйрету.

    Ойылудың пайда болуына әкеп соқтарытын үш негізгі факторлар.

    Біріншій фактор қысу, күш түсуі.

    Денеге қысым түсуі нәтижесінде дененің тиіп тұрған жерлері мен шығып тұрған сүйектерінің (тері, бұлшық ет) тіндерінің қысылуы болады. Осы жұмсақ тіндердің қысылуы қимылдамай отыратын пациенттерде салмағы ауыр көрпе төсектің,қатты байланған таңғыштың немесе киімдердің әсерінен де,сонымен қатар аяқ киімнің қысуы мен қажауынан да қатты зақымданады.

    Екінші фактор - «кесіп тастайтын күш».

    Тін бүтіндігінің бұзылуы және олардың механикалық зақымдануы қысымның тікелей емес әсер ету салдарынан дамиды. Бүтіндігінің бұзылуы тіндердің өз орнынан жылжып, немесе олардың «кесіліп» кетуінен болады. Тіннің жылжуы қауіпті өз орнынан жылжып кетуі төсекте жатқан пациент жастықтан төмен қарай сырғып кеткенде немесе керісінше төсектің бас жағына қарай қатты тартылғанда болады. Сонымен қатар мейіргерлердің және туысқандарының пациентті жылжыту техникасын өрескел бұзуы да, тінді кесетін күш болады. Осындай факторлар тіндердің өте терең қабаттарының зақымдануларын (сырғуларын) тудырады. Тіндегі сырғулар оған механикалық күштің тікелей әсер етуімен бірдей болады. Кейбір жағдайларда бұлшық ет тарамдарының және лимфа тамырларының үзіліп кетуі болып, терең жатқан ойылулардың дамуына және тіндердің зақымдануына әкеп соқтырады. Ондай жағдайларда тіннің төменгі қабаттарының зақымдануы біраз уақыт көрінбеуі мүмкін, себебі оның үстіндегі тері екі жетідей уақыт зақымданбағандай болып қала береді.

    Үшінші фактор - үйкелу «кесіп тастайтын күштің» бір компонентті болады. Ол терінің мүйізді қабатының қабыршықтанып біртіндеп бөлініп, түсіп қалуын тудырады сөйтіп, терінің беті жұқарып, теріде біртіндеп майда ойық жаралар пайда болады. Тері ылғалданғанда үйкелудің әсері қатты тиеді.Үйкелудің кері әсері зәрі тоқтамайтын, көп әрі қатты терлейтін пациенттерге, сонымен қатар су киім кигенде, немесе киімі ылғалды сіңдірмейтін болса (синтетикалық) тиеді. Осы теріге кері әсерін тигізуімен қатар, үйкелуін шақыратын факторларға төсек-орын маталары, пластмассадан жасалған орындықтар, клееңке және дер кезінде ауыстырылмаған сейсептерде жатады.

    Қалыпты жағдайларда келтірілген факторлардың біреуі де тіннің бүлінуін тудырып, ойылуға апармайды. Бірақ басқа факторлармен қосарласқанда (қозғалмау, сезімталдықтың жоғалуы, қаназдық, депрессия және т.б) олар қауіп төндіреді.

    Қысым күшінің әсер етіп тұруы бар жағдайында, ойылудың дамуына себеп бола алатын көптеген бақа да факторлар болады атап айтқанда:

    Дене салмағының шамадан тыс жеңіл немесе шамадан тыс ауыр болуы

    Терінің құрғақтығы және осының салдарынан дамитын терінің жарылулары

    Зәрдің немесе үлкен дәретінің тоқтамауы және терінің қатты ылғалдануы

    Тіннің қоректенуінің бұзылуына әкеп соқтыратын қан тамырларының аурулары

    Қаназдықтар

    Пациенттің қимыл қозғалыс жасауының шектелуі және оның тигізетін салдары:

    - пациенттің стационарға түсіп қалуы және қозғалыстар жасағанда ол үйінде үйреніп кеткен көмектің жоқ болып қалуы

    - ұйықтататын және ауру сезімін басатын дәрілік препараттарды қабылдауы

    - апатиялар және депрессиялар

    - бас миы мен жұлынның қозғалыс орталықтарының зақымдануы

    - ауру сезімдері

    - дене температурасының көтерілуі немесе төмендеуі тела

    - тамағында ақуыздың тапшылығы.

    Осыған байланысты жоғарыда келтірілген факторлар ең ауыр тиетін тұлғалар немесе төтей алмайтындар:

    Қартайып қалғандар

    Жұлыны зақымдалған пациенттер

    ұйықтататын және ауру сезімін басатын дәрілік препараттарды қабылдайтындар

    аяқ қолының жарақаттанғандар

    кахексия жағдайындағылар

    к инфекцияларға нашар төтеп беретіндер

    ақуызды тағамдарды жеткілікті мөлшерде ішпейтіндер.

    Ойылудың дамуына әкеп соқтыратын Екіншілік фактор:

    Зәр мен нәжістің тоқтамауы; ылғалды іш киімдер; пациентті жылжту техникасының қате болуы; пауциент жатқан (отырған)жерінің қатты болуы; төсек үстінде (орындықта) ұзақ уақыт отыруы; дене қалпының дұрыс болмауы; қысатын немесе кесетін күш түсуін азайтатын қондырғыларды дұрыс қолдануды білмеуі.

    Екіншілік факторлар әрдайым мейіргерлік персоналдың көз алдында болуы керек. Ол үшін мейіргерге өте қажет болады :

    біріншіден: осы факторлардың пациентке әсер етуінің потенциалды қауіптілігін түсіне білуі,

    екіншіден ойылудың алдын-алу принциптерін және ойылуды болдырмайтын өзінің мүмкіндіктерін жақсы білуі,сонымен қатар алдын ала баға беру жүйесін меңгеруі, себебі осы дағдылары оған ойылу дамуы бойынша қауіпті қатерлі аймақтағы пациенттерді таба білуге көмек береді.

    Бүгінгі күнде ойылудың даму қауіп қатеріне сапалы түрде баға бере алатын бірнеше шкала бар.Олардың көпшілігі алғашқы рет Нортон жасаған әдістемеге негізделген, бұл әдістеме жасы егде тартқан паиенттерге мейіргерлік күтім жүргізу саласында жүргізілген алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарында мейіргерлер үшін ұсынылған болатын.

    Ватерлоо Шкаласы (J.Waterlow), мамандардың дәлелдеуі бойынша барлық категориядағы пациенттерге қолдануға болады. Бұл шкаламен жұмыс жасау өте қарапайым: пациентті берілген 10 параметр бойынша бағалайды да, алынған баллдарды қосады. Баллдар саны не ғұрлым жоғары болса, (12 асып кетсе), со ғұрлым ойылу даму каупі жоғары деп саналады.

    Нортон Шкаласы – баллдарды санау жүйесі,оның негізінде бес негізгі критерийлер болады: физикалық және психикалық жағдайы, белсенділігі, қимыл қозғалыстар жасауы және дәреттерін ұстай алмауы.

    Жалпы саны 14 және одан аз болса пациент қауіпті аймаққа жатады, жалпы саны 12 – және одан аз болса пациент қаупі өте жоғары аймаққа жатады.Баллдар саны не ғұрлым аз немесе төмен болса (14-тен аз), қаупі жоғары деп саналады.

    Нортон 16 және одан да көп балл жинаған пациенттерді, организмнің қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне әсер ететін антибактериалды терапияны ұзақ уақыт қабылдаған пациенттерді, қауіп қатері жоғарылар санына жатқызу керек деп санайды.Кейбір персоналға осы шкаланы, мейіргерлік бақылау картасымен біріктіріп қолдану ыңғайлы болады,себебі оған саналған баллдардың жалпы саны және ойылудың алдын алу бойынша жасалған мейіргерлі араласулар толық жазылады.

    Әртүрлі профилдегі ММ-нің емдеу бөлімшелерінде қолдануға ең ыңғайлы деп саналатын шкала-Ватерлооның ойылудың даму қаупін бағалайтын шкаласы.Ол өз алдына мақсат ретінде ойылудың алдын алу сұрақтары бойынша «естелік жазбалар» қалдыруды жоспарлады. Ол ұсынған карта ойылудың дамуына септігін тигізетін факторларды түсінуге,оның даму қаупіне баға беруге және адекватты түрде алдын алатын немесе емдеу шараларын жасауға көмек көрсетеді

    Ойылу– өте үлкен проблема.Ол пациенттерді және оның туысқандарын қатты мазалайды.

    Дж.Ватерлоо утверждает, что если пациент попадает в любую из перечисленных выше категорий риска, следует немедленно начинать проводить профилактические мероприятия, которые потребуют определенных умений и навыков сестринского персонала и применения профилактических и вспомогательных средств.

    Ойылудың даму қаупін бағалайтын

    НОРТОН ШКАЛАСЫ

    Физикалық жағдайы

    жақсы –4

    орташа – 3

    ауыр – 2

    нашар – 1


    Психикалық жағдайы

    Көңіл аударады – 4

    апатичді – 3

    сасқан – 2

    ступор - 1

    Белсенділігі

    жүреді– 4

    жүргенде көмек керек – 3

    отырады– 2

    жатады - 1

    Қимылдауы

    толық– 4

    шектелген– 3

    қатты шектелген – 2

    қимылдамайды- 1

    Дәретін ұстай алмауы

    жоқ – 4

    кейде – 3

    үнемі– 2

    зәрі мен нәжісінің - 1

    Балының саны
    1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64


    написать администратору сайта