Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АЯҒЫН ТӨСЕГІНДЕ ЖУУ Мақсаты

  • ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ Мақсаты

  • Көрсетілімі

  • ҚАЛІ АУЫР ӘЙЕЛДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ Мақсаты

  • ҚОЛТЫҚ ОЙЫСЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ Мақсаты

  • ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРЫП ТАСТАУ Мақсаты

  • ПАЦИЕНТКЕ ТӨСЕК- ОРЫН ДАЙЫНДАУ (көрпе-жастық сейсептерін ауыстыру ) Мақсаты

  • Іс-әрекет алгоритмі: Төсек-орын дайындау

  • Іс-әрекет алгоритмі: Пациент жоқ төсектің сейсептерін ауыстыру (бос төсектің)

  • ҚАЛІ АУЫР ПАЦИЕНТТІҢ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ ( КӨЛДЕНЕҢІНЕН ЖАСАЛАТЫН ӘДІС ) (екі мейіргермен орындалады)

  • Мақсаты

  • ҚАЛІ АУЫР ПАЦИЕНТТІҢ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ ( ұзынынан жасалатын әдіс)

  • Сес дело. УМК мейирбике иси (копия). Нуо казахстанско российский медицинский


    Скачать 1.87 Mb.
    НазваниеНуо казахстанско российский медицинский
    АнкорСес дело
    Дата22.05.2021
    Размер1.87 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаУМК мейирбике иси (копия).docx
    ТипДокументы
    #208296
    страница18 из 64
    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64

    Ескерту: қалі ауыр науқастардың дәрет алатын құралдары үнемі кереует астында, аласа орындықта тұрады немесе функциялық кереуеттің арнайы ұяшығында орналастырылады.

    ҚАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫҢ АЯҒЫН ТӨСЕГІНДЕ ЖУУ

    Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайда болуы.

    Дайындаңыз:клееңкені, жылы су құйылған кіршіні, сабынды, жөкені (жуынғышты), сүлгіні, қайшыны, қолғаптарды, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентпен достастық пен конфиденциалды қарым-қатынас орнатыңыз.

    9. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    10. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    11. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    12. Матрацтың аяқ жағын пациенттің беліне дейін п валик қып жинап тастаңыз.

    13. Кереует торына клееңке төсеңіз, пациенттің бөкселерін валикке келтіріп жатқызыңыз, жылы су құйылған кіршіні торға қойыңыз.

    14. Пациенттен аяқтарын тізесінен бүгуін сұраңыз.

    15. Көрпесін ашып, пациенттің аяқтарын суға салыңыз.

    16. Пациенттің аяқтарын жеке бас жөкесімен ысқылап, сабындап жуыңыз, таза сумен шайқаңыз.

    17. Аяғын сүлгімен құрғатыңыз.

    18. Тырнақтарын алыңыз (стандартын қара).

    19. Егер терісі тырналған немесе жарылған болса, өкшелеріне аяққа арналған сықпа май жағып қою керек .

    20. Жөкені және қайшыны дезинфекциялайтын ерітіндіге салыңыз.

    21. Пациенттің көрпесін жабыңыз.

    22. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ЕР АДАМНЫҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ

    Мақсаты: жыныс мүшесі аймағының тазалығын сақтау, пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау,зәр шығару жолдарының өрмелейтін инфекциясының алдын алу.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайда болуы.

    Дайындаңыз:стерилді: лотоктар (стерилді және для оқолданылған материалдар үшін), корнцангті, сүрткілерді,қолғаптарды, клеңкені, жаялықты, сабынды, дәрет түбегін,суы бар ыдысты (Тº су – 37-38ºС) немесе Эсмарх крөжкесін, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК-ні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентпен достастық пен конфиденциалды қарым-қатынас орнатыңыз- кермемен қоршап қойыңыз.

    9. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз

    10. Клееңкені оның үстіне жаялықты төсеңіз (немесе су өткізбейтін бір мәрте қолданылатын жаялықты) және қалі ауыр пациентті бөкселерінің астына дәрет түбегіе қойыңыз. (стандартын қара).

    11. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    12. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.

    13. Лотоктарды дайындаңыз(стерилді және қолданылған материалдар үшін). Стерилді лотокқа дәке сүрткілерін пинцетпен ұатап салыңыз.

    14. Пациенттен аяқтарын тізесінен бүгіп және аздап жан жаққа ажыратуын сұраңыз.

    15. Пациенттің оң жағында тұрыңыз.

    16. Сүрткіні жылы сумен ылғалдап, сығып алыңыз, (су құйғышты немесе Эсмарх крөжкесіналыңыз).

    17. Бір қолыңызбен жыныс мүшесін алып, басынан терісін төмен қарай сыдырыңыз.

    18. Жыныс мүшесінің басын айналмалы қимылдармен зәр шығаратын каналдан бастап, қасағаға қарай сүрткілерді жиі-жиі ауыстырып отырып жуыңыз, құрғатыңыз.

    19. Жыныс мүшесінің басындағы теріні табиғи қалыпқа келтітіріңіз.

    20. Жыныс мүшесінің басқа да жерлерін мұқият өңдеп шығыңыз, ұмақтың терісін, аналь тесігін және құрғатыңыз.

    21. Қолданылған сүрткілерді лас заттар жиналатын лотокқк салыңыз.

    22. Түбекті, клееңкені, жаялықты ары қарай зарарсыздандыру қажет; Сүрткілерді ҚЖЖК-ге салыңыз..

    23. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    24. Сейсептердің қатпарларын түзетіңіз, пациентті жауып қойыңыз.

    25. Кермені алып тастаңыз.

    26. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ҚАЛІ АУЫР ӘЙЕЛДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ

    Мақсаты: жыныс мүшесі аймағының тазалығын сақтау, пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, зәр шығару жолдарының өрмелейтін инфекциясының алдын алу.

    Көрсетілімі: пациенттің ауыр жағдайда болуы.

    Дайындаңыз: жылы антисептиклық ерітінді (Т-37-38ºС) құйылған су құйғышты немесе Эсмарх крөжкесін, корнцангты, Лотоктарды (стерилді және қолданылған материалдар үшін), стерилді сүрткілерді, клееңкені, түбекті, олғаптарды, ішінде дезинфициялайтын ерітіндісі бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК-ні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентпен достастық пен конфиденциалды қарым-қатынас орнатыңыз- оны кермемен қоршап қойыңыз.

    9. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз

    10. Жылы суы бар (антисептикалық ерітінді)су құйғышты немесе Эсмарх крөжкесін дайындаңыз.

    11. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    12. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Халаттың сыртынан клееке алжапқыш пен қолғаптар киіңіз.

    13. Пациенттің бөксесінің астына клееңке, жаялық (немесе су өтпейтін бір мәрте қолданылатын жалықты)төсеңіз, түбекті беріңіз. (стандартын қара).

    14. Пациентке арқасымен жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізеден бүгілген және аздап жан жаққа ажыраған болуы керек.

    15. Әйелдің оң жағында тұрыңыз, сол қолмен су құйғышты немесе Эсмарх крөжкесін ұстаңыз, дәке сүрткісін қысқан корнцангті оң қолға ұстаңыз, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшесіне құйыңыз, ал сүрткімен жоғарыдан төмен қарай жылжып, жуыңыз, (қасағадан артқы тесікке қарай). Сыртқы жыныс мүшелерін келесі реттілікпен жуыңыз: қасаға аймағы, улкен жыныс еріндері, кіші жыныс еріндері, бұт аралық және артқы тесік аймағы,әрбір жоғарыдан төмен түскен сайын сүрткіні ауыстрып отыру керек.

    16. Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін, бұт аралық теріні осы реттілікпен құрғатыңыз.

    17. Шат қыртыстарын және артқы тесік аймағын сүрткіге жағылған вазелин майымен немесе басқа затпен ойылудың алдыналу үшін майлаңыз.

    18. Қолданылған сүрткілерді лас заттар жиналатын лотокқа салыңыз.

    19. Түбекті, клееңкені алып тастаңыз, дезинфекциялаңыз; сүрткілерді ҚЖЖК-ге салыңыз.

    20. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    21. Сейсептердің қатпарларын түзетіңіз, пациентті жауып қойыңыз. Уберите ширму.

    22. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ҚОЛТЫҚ ОЙЫСЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ

    Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, қолтық асты ойысының шашын қырып тастау.

    Көрсетілімі: ота жасау алдында.

    Приготовьте:жаққышты, сұйық сабынды, қырыну құралын, жеке бас лезвиясын, қолғаптарды, сүртілерді,суды, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК-ні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз

    9. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    10. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    11. Пациенттен қолдарын алма-кезекпен жоғары көтеруін сұраңыз.

    12. Қолтық астына жаққыштың көмегімен сұйық сабын жағыңыз.

    13. Қолтық ойысының шашын абайлап, шаштың өсу бағытына сәйкес ұстараның көмегімен қырыңыз.

    14. Қолтық ойысының терісін жылы сумен жуыңыз.

    15. Теріні сүлгімен құрғағанша сүртіңіз.

    16. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРЫП ТАСТАУ

    Мақсаты пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, қасағадағы шашты қырып тастау.

    Показание: ота жасау алдында.

    Көрсетілімі: жаққышты, сұйық сабынды, қырыну құралын, жеке бас лезвиясын, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх кружкесін, дәрет ыдысын, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК-ні.




    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.

    2. Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).

    3. Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.

    4. Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.

    5. Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.

    6. Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.

    7. Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.

    8. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз

    9. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    10. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    11. Пациенте дәрет ыдысын беріңіз. ( стандартын қара).

    12. Жаққыштың көмегімен қасағаға сұйық сабын жағыңыз.

    13. Қасаға аймағындағы шашты абайлап, шаштың өсу бағытына қара жылжып, қырып тастаңыз.

    14. Пациенттің бұт аймағын жуыңыз (см. стандарт).

    15. Қасаға аймағының терісін сүртімен құрғатыңыз.

    16. Дәрет ыдысын алып тастаңыз.

    17. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    18. Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ПАЦИЕНТКЕ ТӨСЕК- ОРЫН ДАЙЫНДАУ

    (көрпе-жастық сейсептерін ауыстыру )

    Мақсаты: төсекте жайлы қалыпта жату жағдайын жасау.

    Көрсетілімі:пациенттің стационарға түсуі.

    Дайындаңыз: функциялы немесе кәдімгі кереуетті, матрацты, матрас тысын, сейсепті, жастық тыстарын, 2 жастықты, тысы бар көрпені. клееңкені, жаялықты, лас сейсептерді салатын су өтпейтін мөшекті, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК-ні.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    Төсек-орын дайындау:

    1. Шетіндегі тұтқаларын түсіріңіз.Егер бар болса кереуеттің тежегішін бекітіңіз.

    2. Матрацтың тысын кигізіңіз.

    3. Кереуеттің торына тысы кигізілген матрацты салыңыз.

    4. Оның үстіне клееңке төсеп, оны зәрі тоқтамайтын пациенттер үшін, матрацтың ұзынына бірақ бекітіңіз.

    5. Матрац үстіне сейсеп төсеңіз, оның шеттерін матрацтың астына, бүктеліп немесе жиналып қалмауы үшін қайырып, енгізіңіз.Тігістерінің төмен жатқанына көз жеткізіңіз.

    6. Жастық тыстарын кигізіңіз, аздап ұрғылап, кереуеттің бас жағына қойыңыз.

    7. Астыңғы жастықты түзу, ал үстінгісін аздап жоғарырақ, ол кереуеттің арқылығына тірелетіндей қылып қойыңыз.

    8. Көрпеге тысын кигізіңіз, оны мұқият жазып түзулеп салыңыз.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    Пациент жоқ төсектің сейсептерін ауыстыру (бос төсектің)

    1. Қолғаптарды киіңіз.

    2. Кереуеттің тежегіштерін бекітіңіз, егер бар болса.

    3. Лас көрпе жастық сейсептерінің арасында пациенттің жеке бас заттарының болмауын тексеріңіз(тіс протезі, есту аппараты және т.б.).

    4. Лас жастық тысын, көрпе тысын және сейсеп шешіп, жинап алыңыз және қатты қылып домалақтап ораңыз да лас сейсептерге арналған өшекке салыңыз.

    5. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.

    6. Қолыңызды жуып кептіріңіз.



    ҚАЛІ АУЫР ПАЦИЕНТТІҢ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ

    ( КӨЛДЕНЕҢІНЕН ЖАСАЛАТЫН ӘДІС )

    (екі мейіргермен орындалады)

    Көлденеңінен жасалатын әдіс пациент ес-түссіз жатқанда немесе қатақ төсекте жату ережесінде болғанда қолданылады.

    Мақсаты: төсекте жайлы қалыпта жатуды қамтамасыз ету.

    Көрсетілімі: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау.

    Дайындаңыз: таза сейсепті, лас болған тыстар мен сейсептерді салатын клееңкеден тігілген мөшекті, қолғаптарды, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК-ні

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз

    2. Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз. Қолғаптарды киіңіз.

    4. Таза сейсепті көлденеңінен валик сияқты қылып, бүктеп алыңыз. Бинт тәрізді).

    5. Бір мейіргер қолын алақанын жоғары қаратып, пациенттің басының және иықтарының астына енгізеді, абайлап пациенттің денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз, жастығын алып қойыңыз.

    6. Лас сейсепті кереуеттің бас жағынан бастап валик қылып, пациенттің беліне дейін бүктеңіз,кереуеттің босаған жағына таза сейсепті төсеңіз.

    7. Таза сейсепке жастықты салыңыз және пациенттің басын қойыңыз.

    8. Жамбасын сосын пациенттің аяқтарын көтеріп,лас сейсепті жинай отырып, таза сейсепті төсеңіз.

    9. Пациенттің жамбасы мен аяқтарын кереуетке түсіріңіз,сейсептің шеттерін матрастың астына қатпарлары болмауы үшін қайырып қойыңыз. (ойылудың алдын алу ). Пациентті көрпесімен жауып қойыңыз.

    10. Лас сейсептерді клееңке мөшекке салыңыз, шаруашылық мейіргеріне тапсырыңыз.

    11. Қолғаптарды шешіңіз. ҚЖЖК-ге салыңыз.Қолыңызды жуып кептіріңіз.

    ҚАЛІ АУЫР ПАЦИЕНТТІҢ КӨРПЕ-ЖАСТЫҚ ТЫСТАРЫН АУЫСТЫРУ

    ( ұзынынан жасалатын әдіс)

    Ұзынынан жасалатын әдісті пациент төсекте жату ережесін сақтағанда және пациентке аударылуға рұқсат етілгенде жасайды.

    Мақсаты: төсекте жайлы қалыпта жатуды қамтамасыз ету.
    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64


    написать администратору сайта